Еңбек нарығы және аймақтағы жұмысбастылықты басқару

ҚР Білім  және Ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Экономика факультеті

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

Тақырыбы: Еңбек нарығы және аймақтағы  жұмысбастылықты басқару

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Қарақұлова А.Б.

мжб-41қ.

Тексерген: Хасенова К.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2013ж.

МАЗМҰНЫ:

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

1 ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ  РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    1. Еңбек нарығы және жұмысбастылықтың маңызы мен экономикалық мазмұны..............................................................................................................5
    2. Жұмысбастылықты реттеудің негізгі принциптері мен механизмдері......11

 

  1. ҚР-ДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    1. Еңбек нарығының дамуына талдау................................................................17
    2. Аймақтағы еңбек нарығы және жұмысбастылық саясаты(Қызылорда облысы мысалында)........................................................................................20

 

  1. ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ЫРЫҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
    1. Жұмысбастылықты реттеу аясындағы мәселелерді шешу жолдары.........24
    2. Жұмыспен қамту бойынша 2020 жылға болжам.........................................26

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Адам капиталын  дамыту үшiн лайықты еңбекке қол  жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар.

Мемлекет басшысы  бiрнеше рет атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.

Елбасының тапсырмасымен  еліміздің еңбек нарығындағы  қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек  әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік  беретін бұрын - соңды болмаған «Жұмыспен  қамту - 2020» бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге  жетуіне әсерін тигізуде.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 27 қаңтар 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған  «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»  атты Жолдауында бірінші басымдық –  Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы болып белгіленді.

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу  Қазақстан  Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының  бірі болып табылады.  Жұмыспен лайықты  қамтуды қамтамасыз ету – халықты  әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және  іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың  артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың  басты құралы.

 Тұрғындар жұмысбастылығы азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі.

Қоғамның дамуы  тұрғысынан алғанда қоғамдақ өндірістегі  жұмысбастылық негізгі болып  табылады. Ол қоғамның экономикалық потенциалымен  қатар, тұтастай тұрғындардың өмір сапасы мен денгейін және жеке азаматтардың жақсы тұрмысын сипаттайды.

Еңбек нарығындағы  бұл түсініктердің қандай мәні бар?

Біріншіден, олар ұлттық табысты құруға қатысатын қоғамдық еңбек потенциалын неғұрлым дәл анықтауға мүмкіндік береді;

Екіншіден, олар еңбек  потенциалының көлемін және оның елдің және оның аймақтардағы қолданылуын  неғұрлым дәл болжауға мүмкіндік  береді;

Үшіншіден, әлеуметтік саясатты жасауға, басымдықтарды анықтауға, әлеуметтік бағдарламаны қалыптастыруға, оны қаржыландыру көздерін анықтауға  және жүзеге асыру шарттарын жасауға  жағдай жасалады.

Курстық жұмыстың басты мақсаты экономикалық әдебиеттерді қолдана отырып теориялық тұрғыда еңбек нарығы және аймақтағы жұмысбастылықты басқару ерекшеліктерін, артықшылықтарын және қазіргі жағдайын талдау. Сонымен қатар еңбек нарығын жетілдіруге ұсыныстар енгізу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Еңбек нарығы және жұмысбастылық терминінің мәнін ашу;
  • Қазақстандағы еңбек нарығының даму ерекшеліктеріне, ағымдық жағдайға талдау жасау;
  • Аталған міндетке сай барлық мәліметтерді сараптай отырып, қорытынды ой түю.

Жұмысбастылық саясатының сұрақтарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы  мәнін анықтап алу керек.

Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық – тұрғындардың қоғамдық немесе өнімді ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте жұмыс  істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға  жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа  алып келеді.

Әлеуметтік тұрғыдан жұмысбастылық жалпы білім беретін арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып-қағу, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу арқылы көрініс табады.

Еңбек нарығын реттеу тек жұмыспен қамту аясын ғана емес, сонымен бірге, қоғамның экономикалық жүйесінің барлық элементтерін қамтитын шаралардың күрделі жүйесін білдіреді. Еңбек нарығындағы басты мәселелердің бірі болып саналатын жұмыспен қамту  және жұмыссыздықты азайту жөнінде  түрлі көзқарастардың болуы бірқатар бағыттар мен мектептердің шығуына  әкелді. Нарыққа өтудің бастапқы кезеңдерінде барлық посткеңестік мемлекеттерде  «таза капитализмді» орнату тұжырымдамасы  үстемдік етсе, қазіргі кезеңде мемлекеттің  араласуы, атап айтқанда, жұмыссыздық  пен жұмыспен қамту мәселелеріне мемлекеттік реттеудің қажеттілігін мойындайтын тұжырымдар орнығуда.

Курстық жұмыстың тақырыбы осы мақсатқа арналып, мазмұны негізгі  бөлімдерде тереңірек ашылмақ.

Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен және 6 бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Еңбек нарығы және жұмысбастылық маңызы мен экономикалық мазмұны

 

Әлеуметтік-нарықтық экономиканың және экономикалық саясаттың  басты назардағы теориялық және практикалық мәселелерінің бірі халықтың жұмысбастылық мәселесі болып  табылады.  Біздің елдегі және де көптеген дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі қалыптасқан жағдайлардың ерекшелігі бұл мәселенің бірден бір ғаламдық әлеуметтік-экономикалық мәселе екендігін және ол солай блып қалатындығын айқын көрсетіп отыр. Көптеген адамдар үшін еңбектегі іс-әрекеті барлық өмірі сабақтасатын бір «өмірдің өзегі» ретінде жүреді. Жұмыспен индивидтің материалдық жағдайы, оның қоғамдағы орны, өзінің еңбектік потенциалын ашу мүмкіндігі және т.б. байланысты болып келеді. Бұл өз кезегінде еңбектегі іс-әрекетінің әлеуметтік-психологиялық аспектісі болып табылады.

Бірақ оның экономикалық аспектісі маңызды екенін ұмытпау  керек. Адам, кәсіби-біліктілік дайындық процесінде қоғамдық қажетті деңгейге жеткен жұмыс күшінің бірлігі ретінде және жиынтық жұмысшы күшінің құрамында әрекет ете отырып өндірістің жеке факторы болып табылады. Алайда, қазіргі экономикалық ғылым адам факторын тек өндірістік ресурс ретінде қарастырған маркстік теориядан алшақтауы қажет. Өйткені адам - өзінің экономикалық мүдделері бар шаруашылық субъектісі болып табылады. Осы мүдделерді жүзеге асыра отырып үй шаруашылығы экономикалық өмірдің барлық көрсеткіштерінің динамикасына әсер етеді.Қазіргі экономикадағы жұмысшы күшінің ұдайы өндірісі экономикалық іс-әрекеттің барлық субъектілерінің мүдделерін біріктіреді – кәсіпкерлерді, мемлекетті және жұмысшы күшінің иегерінің өзі.

Әлеуметтік маңыздылығы  жағынан жұмысбастылықты ең жоғары құндылыққа жатқызуға болады. Оның анықтамасы және мәселесі қазіргі кезде  экономикалық әдебиеттерде өте маңызды  орынды алады. Көп жағдайда оны өндірістік көзқарас тұрғысынан қарастырады. Бұл  тұста экономист-ғалым А.Э.Котлярдың  жұмысбастылыққа берген түсініктемесі  өте орынды болып келеді, яғни «жұмыс орындарын қамтамасыз ету бойынша  және шаруашылық іс-әрекетте қатысуына  қарай болатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі» деп көрсетеді. Жұмысбастылық процесі, бір мезгілде жұмысшы күші және жұмыс орындары сатылатын және сатылып алынатын еңбек нарығында жүреді (жұмыс беруші жұмыс орындарын ұсынады, ал жұмысшы күшінің иегері өзінің еңбекке қабілеттілігін ұсынады). Яғни жұмысшы күшінің және жұмыс орындарының нарықтары халықтың жұмысбастылық формасында жалдамалы еңбекпен бірігеді. Сонымен «...халықтың жұмысбастылығы дегеніміз адамдардың еңбектік іс-әрекетке тартылу шаралары, олардың еңбектегі қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесі, жұмыс орындарымен қамтамасыз етілулері» деп білеміз.

Жұмысбастылықты анықтаудың екі негізгі белгісі бар. Бір жағынан ол жұмыстың өзінің болуы, екінші жағынан – ол одан түсетін табыс (ақшалай немесе натуралдық түрде). Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде қабылданған ереже бойынша жұмысбастылық түрлерінің жіктемесінің негізіне табыс түрлері енгізілген (ХЕҰ әдіснамасы бойынша, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) -  1919 жылы Версаль бейбітшілік келісім шартына сәйкес Ұлттар лигасында автономды ұйым ретінде құрылған. 1946 жылдан БҰҰ құрылтайшысы болды. Қазіргі күнде құрамына 160 мемлекет кіреді). Мысалы, жалақы немесе төлем ақы алу үшін жұмыс түрін ажыратады, сондай-ақ пайда алу үшін (дивиденд, пайыз, рента және т.б.) іс-әрекеттерді бөліп көрсетеді. Соңғысы азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамту категориясын көрсетеді.[2]

Әкімшілік-әміршілдік экономика тұсында барлық еңбекке  қабілетті халықтың жаппай жұмысбасты болуының идеологиясы басым болды. Онда бір жағынан, мемлекетпен кепілденген  жұмысқа тұрғызу болды, ал екінші жағынан – қоғамның барлық еңбекке  қабілетті мүшелерін әр түрлі  жазалау шараларын (әкімшіліктік айып-пұлдар салу және қоғамдық келемеждеу жолымен) қолдана отырып жатып-ішер арамтамақ  деп кіна тағумен қорқыта отырып еңбектік іс-әрекетке мәжбүрлеу жүрді. «Жаппай» жұмысбастылықтың болуы жұмыссыздықтың жоқ екендігін паш етуге мүмкіндік  берді, оны социалистік қоғамға  жат, капитализмнің серігі және әлеуметтік қиянат деп білді. Ал шын мәніне келетін  болсақ, жаппай жұмысбастылық принципін  жүзеге асыру еңбек ресурстарын  ұтымсыз (тиімсіз) пайдалануға, жасырын  жұмыссыздықтың (ресми түрде жұмысбасты, бірақ табыс алмайтындар) болуына  әкелді. Жалақының теңгерілген жүйесінің  болуы, яғни экономикалық қызығушылықтың және де шаруашылықтың барлық деңгейлерінде  өндірістік қызметтің тиімді нәтижелері үшін жауапкершіліктің болмауы, жалпы  экономикалық қатынастардың жүйесінің  өзі толық жұмысбастылыққа жетуді жоққа шығарды және де экономиканы  тұтастай тиімсіздікке әкелді.

Еңбек нарығы - бұл ерекше тауар – жұмыс күшін сату және сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы; еңбекті жалақыға айырбастау механизмі орындалатын  нарық. Еңбек нарығында жұмыс  күшіне және еңбек қызметтеріне сұраныс  пен ұсыныс және оған деген баға қалыптасады. Еңбек нарығының негізгі  субъектілері ретінде кәсіпкерлер-ірі  монополистер, шағын және орта бизнесмендер, мемлекет, жекелеген жұмыскерлер  және олардың ассоциациялары (кәсіподақтар) қарастырылады. Еңбек нарығында  қалыптасатын бағалар жұмыс күшінің  ақшалай нысандағы құны болып  табылатын жалақы мөлшерлемелері ретінде  сипатталады. Еңбек нарығының динамикасы оның негізгі екі элементінің  арақатынасына, яғни: жұмыс күшіне деген  нарықтық сұраныс пен жұмыс күшінің  нарықтық ұсынысына тәуелді болып  табылады.

Еңбек нарығының экономикалық және әлеуметтік деген екі негізгі қызметі бар. Экономикалық қызметі еңбекке қабілетті халықтың ұдайы өндірісінің тиімді үрдістерін қамтамасыз етуден көрінеді, ал әлеуметтік қызметі жұмыскерлердің және олардың отбасыларының өмір сүру сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етумен сипатталады.

Жұмыс күші – бұл адамның  еңбекке деген қабілеттілігі; адамдардың игіліктерді өндіру үрдісіндегі  физикалық және ой қабілеттіліктерінің  жиынты-ғы; елдегі жұмыскерлердің жалпы  саны; жұмыспен қамтылған мен жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздар) халықтың бір  бөлігі.

Жұмыссыздық – бұл еңбек  ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артып кетуі; еңбекке жарамды  халықтың жұмыс таба алмауы немесе жұмыспен қамтылмауы. Еңбек нарығында  тепе-теңдік орын алғанда экономикада  толық жұмысбастылық қалыптасады. Бірақ ақпараттың жетілмегендігінен  еңбекке қабілетті халықтың белгілі  бір бөлігі жұмыс таппай қалады.

Макроэкономикада 16 жастан бастап және одан жоғары жастағы  халықты мынадай екі топқа  бөліп қарастырады:

1) экономикалық белсенді  халық (бұл топқа жұмыс күші  жатады, ол өз кезегінде жұмыспен  қамтылғандар және жұмыссыздар  болып бөлінеді);

2) экономикалық белсенді  емес халық (бұлар жұмыс күші  құрамына кірмейтін оқушылар, зейнеткерлер, т.б.).

Жұмыссыздықтың негізгі  көрсеткіші болып жұмыссыздық деңгейі  табылады, ол жұмыссыздар санының  жұмыс күшінің жалпы санына (жұмыс  істейтіндер мен жұмыс істемейтіндер  санының сомасына) қатынасы арқылы анықталады және пайыздық көрсеткішке  ие болады:

  немесе, 

мұндағы, u – жұмыссыздық  деңгейі, U - жұмыссыздар саны, L –  жұмыс күші, E – жұмыспен қамтылғандар саны.

Еңбек нарығында  жұмыссыздықтың мынадай негізгі  үш түрі орын алады:

1) фрикциондық жұмыссыздық  – адамдардың әртүрлі өмір  кезеңдерін-де бір жұмыс орнынан  басқа бір жұмыс орнына тұрақты  түрде ауысып отыруына байланысты  туындайтын қысқа мерзімдегі  еркін жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың  бұл түрі жұмыс іздеумен және  оны күтумен байланысты. Азаматтардың  кәсіби біліктілігі мен жеке  талғамдарына сәйкес келетін  жұмыс орындарын іздеу белгілі  бір уақытты талап етеді. Мұндай  жағдайда, бос жұмыс орындары  және оған лайық азаматтар  туралы ақпараттар жетілмеген  болып табылады. Жұмыскерлердің  территориялық жағынан орын ауыстыруы  да белгілі уақытты талап етеді.  Жұмыс күшінің бір бөлігі кәсіби  мүдделерінің, тұрғылықты мекен-жайларының  өзгеруімен және басқа да себептердің  болуы-мен байланысты өз қалауы  бойынша жұмыстан шығып кетіп  отырады. Сондай-ақ, жұмыс орнын  бірінші рет іздеп жүрген азаматтар  да жұмыссыздықтың осы категориясына  кіреді. Мысалы, оқу бітіріп диплом  алған жас маман иесі өз  біліктілігін іске асыру үшін  аса қолайлы жұмыс орнын іздеуі  мүмкін. Фрикциондық жұмыссыздыққа  тап болған азаматтар жұмысқа деген қабілетті-ліктерін еш жоғалтпай оны кез-келген уақытта еңбек нарығында іске асыра алады. Еңбек нарығының үнемі өзгеріп отыруына орай және адамдардың жұмыспен қамтылғандар категориясынан жұмыссыздар категориясына үнемі ағылуынан және керісінше ағылуынан жұмыссыздықтың бұл түрінен құтылуға болмайды.

2) құрылымдық жұмыссыздық  – еңбек ұсынысы мен еңбекке  деген сұраныстың сәйкес келмеуінен  пайда болатын мәжбүрлі ұзақ  мерзімді жұмыс-сыздық. Жұмыссыздықтың  бұл түрі өндірістегі технологиялық  алға жылжулармен байланысты  және осыған сәйкес жұмыс күшіне  деген сұраныстың құрылымы өзгереді. Бұл жұмыссыздық мамандықтары  «ескірген» немесе ғылыми-техникалық  прогресстің дамуына байланысты  экономикаға қажеті шамалы болып  табылатын азаматтардың арасынан  көрініс табады. Құрылымдық жұмыссыздыққа  тап болған азаматтар өз еңбек  қызметтерін «дайын» күйінде  еңбек нарығына ұсына алмайды  және жаңа жұмыс орындарына  орналасу үшін кәсіби қайта  даярлаудан өтулері қажет. Қайта  даярлаудан өту үшін аса көп  уақыт кетеді және көбінесе  мемлекет тарапынан қосымша шығындар  жұмсауды талап етеді. 

3) циклдік жұмыссыздық  – өндіріс деңгейінің құлдырауынан  немесе жиынтық сұраныстың жалпы  төмендеуіне байланысты кез-келген  мамандық бойынша жұмыс таба  алмаудан орын алатын жаппай  жұмыссыздықтың аса ауыр түрі. Жұмыссыздықтың бұл түрі жұмыссыздықтың  нақты деңгейінің табиғи деңгейінен  ауытқуымен байланысты. Экономикалық  құлдырау кезеңінде циклдік жұмыссыздық  фрикциондық жұмыссыздық пен  құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады,  ал экономикалық өсу (өрлеу)  кезеңдерінде циклдік жұмыссыздық  жоғалады.

Бірақ, еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайында  болғанда да фрикциондық  және құрылымдық жұмыссыздықтың деңгейі  орын алады. Ал циклдік жұмыссыздық  болса құлдырау кезеңдерінде орын алады  да, соның салдарынан жұмысбастылық  жиынтық сұраныс пен жиынтық  ұсыныстың тепе-теңсіздігінен қысқарады. Циклдік жұмыссыздықтың орын алуы күрделі  макроэкономикалық мәселеге айналады, макроэкономикалық тұрақсыздықты  туындатады, ресурстардың толық қамтылмауын  болдырады. .[4]

ХХ ғасырдың 60-шы жылдары  американдық экономистер, Нобель сыйлығының лауреаттары Милтон Фридмен мен Эдмунд Фелпс «толық жұмысбастылық» және «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деген ұғымдарды енгізді.

Толық жұмысбастылық –  бұл жұмыс күшінің жалпы санында 5,5%  және 6,5% мөлшерінде жұмыспен қамтылмағандардың  үлесін сақтап тұру, яғни бұл жағдай тек циклдік жұмыссыздық болмағанда ғана орын алады. Бұл көрсеткіштер әр елде әртүрлі болуы мүмкін, бірақ  толық жұмысбастылықты жұмыс  күшінің 100% жұмыс істеуі деп айтуға болмайды.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі  – бұл әлеуетті ЖІӨ-ге сәйкес келетін  толық жұмысбастылық кезіндегі  жұмыссыздық деңгейі. Жұмыссыздықтың табиғи (теңгерімді) деңгейі фрикицондық  және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең. Шетелдік тәжірибеде жұмыссыздықтың табиғи деңгейін басқаша «NAIRU» деп атайды.

«NAIRU» (Non-Accelerations-Infliacion Rate of Unemployment) түсінігі – бұл инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыссыздықтың деңгейі  немесе инфляцияны тұрақтандыратын  жұмыссыздықтың қалыпты деңгейі. Жұмыссыз-дықтың табиғи деңгейін ресми бағалау алғаш  рет АҚШ-та 1960-жылдары жүргізілді және оның шамасы 4%-ды құрады. Кейіннен Р.Рейган, Б.Клинтон және Дж.Буш әкімшіліктерінің орын алған саясаттары нәтижесінде  оның шамасы 6,5%-ға дейін өзгерді. Дегенмен, жоғарыда аталып өткендей, көптеген экономистердің айтуынша, әртүрлі елдерде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі-нің шамасы тәжірибе жүзінде 7%-дан 20%-ға дейінгі аралықта жүруі мүмкін.

Жұмыссыздық пен өнім көлемі арасындағы өзара байланыс Оукен  заңы деп аталады. Оукен заңына сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейі өзінің табиғи деңгейінен 1%-ға өссе, онда нақты  ЖІӨ деңгейі әлеуетті ЖІӨ-ге қарағанда 2,5%-ға қысқарады. Ал 2,5% Оукен коэффициенті деп аталады. Оукен заңы игіліктер  нарығы мен еңбек нарығы арасындағы өзара байланысты сипаттайды. Оукен  заңы мынадай формуламен жазылады:

Y* – Y / Y* = γ (u – u*),

мұндағы, Y* - толық жұмысбастылық  жағдайындағы өндірістің әлеуетті көлемі; Y – ұлттық өндірістің нақты көлемі; u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі; u* - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; γ – Оукен коэффициенті. Осы-ның нәтижесінде өндіріс көлемінің жұмыссыздықтың нақты деңгейіне тәуелді екендігін байқауға болады.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне  бірқатар факторлар әсер етеді:

а) демографиялық факторлар;

ә) елде бекітілген жалақының  төменгі деңгейі;

б) кәсіподақтардың ықпалы және т.б.

Табиғи жұмыссыздықтың өзгеруі  ЖІӨ-нің әлеуетті деңгейінің өзгеруімен тығыз байланысты болғандықтан бұл  мемлекет саясатының басты мәселесі болып табылады.

Жұмыссыздықтың экономикалық және экономикалық емес салдарлары бар, олар жеке және қоғамдық деңгейде көрініс  табады.

Жұмыссыздықтың экономикалық емес салдарлары – бұл жұмысты  жоғалтудың психологиялық, әлеуметтік және саяси салдарлары.

Жұмыссыздықтың экономикалық салдарлары табысты немесе табыстың белгілі бір бөлігін (яғни, ағымдық  табыстың төмендеуінен) жоғалтудан, сонымен  қатар, біліктілікті жоғалтудан (әсіресе, жаңа мамандық иелері үшін) көрінеді және сондықтанда болашақта жалақысы жоғары беделді жұмыс орнын табу мүмкіндігі төмендеуі мүмкін.

Жұмыссыздықтың осындай  экономикалық және экономикалық емес зардаптарының болуы еңбек нарығына мемлекеттің араласуын әрдайым  талап етеді. Мемлекет еңбек нарығын  реттеуде мақсатты бағытталған саналы түрдегі экономикалық саясатты жүргізеді. Ол ұлттық деңгейде еңбек қатынастарын (жұмыс күнінің ұзақтылығы, жұмысқа жалдау және жұмыстан босату тәртібі, еңбек қауіпсіздігі, ең төменгі жалақы деңгейі, демалыс күндерін және еңбек демалыстарын ұйымдастыру, т.б.) реттейтін заңдылық жүйесін әзірлейді.

Еңбек нарығын реттеудің  негізгі мақсаттарын мыналар  жатады:

  • толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету, бұл жерде жұмыссыздық-тың «табиғи» деңгейін сақтай отырып циклдік жұмыссыздықты бол-дырмау;
  • экономикалық дамудың ішкі және сыртқы өзгерістеріне тез бейімделе алатын «икемді еңбек нарығын» қалыптастыру, бұл жерде жұмыс істеуге ынталы әрбір азамат өзінің қабілетіне қарай жұмыс орнын таба алуы тиіс.

Еңбек нарығын  мемлекеттік реттеудің мынадай  бағыттарын атауға болады:

  1. Еңбек ресурстарын жұмыспен қамтудың санын арттыруды ынталандыру және мемлекеттік секторда жұмыс орындарының санын ұлғайту бойынша бағдарламалар.
  2. Жұмыскерлерді даярлау және қайта даярлау бойынша бағдарламалар.
  3. Жұмыскерлерді жалдауға қолдау көрсету бойынша бағдарламалар.
  4. Жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру бойынша бағдарламалар (жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар).

Еңбек нарығын мемлекеттік  реттеудің алғашқы үш бағытында  мемлекеттің саясаты белсенді, ал соңғы төртінші бағытында мемлекеттің  саясаты енжар болып табылады. .[3]

Белсенді саясат әрқашанда  толық жұмысбстылыққа қол жеткізуге  бағытталады және дамыған елдерде  еңбек нарығының басым бағыттарына  жатады.

Белсенді саясат кезінде атқарылатын іс-шаралар:

  • экономикаға инвестициялардың құйылуын мемлекеттік ынталандыру, бұл шара жаңа жұмыс орындарының ашылуына көмектеседі;
  • құрылымдық жұмыссыздыққа тап болғандарды қайта оқыту және олардың өз біліктілігін арттыруына жағдай жасау;
  • еңбекпен қамту орталықтарын, еңбек биржаларын ашу және оларды дамыту, бұл шара фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықты төмендету мақсатында бос жұмыс орындары туралы ақпараттармен қамтамасыз етуге жағдай жасайды;
  • жеке немесе отбасылық бизнесті қолдау, бұл шара дамыған елдерде халықты жұмыспен қамтудың аса маңызды әдісі болып саналады;
  • жастар мен мүгедектер сияқты халықтың ерекше топтарына жұмыс берушілердің жұмыс орындарын тауып беруі үшін мемлекеттің салықтық және заңдық шаралар арқылы ынталандыруы;
  • қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
  • жұмыс табу үшін қажет болғанда тұрғылықты мекен-жайын ауысты-руына көмектесу;
  • халықаралық еңбек миграциясымен байланысты жұмысбастылық мәселесін шешуде халықаралық ынтымақтастық шараларын жүргізу;
  • білім беру, медицина, коммуналдық шаруашылық, қоғамдық ғимараттарды тұрғызу сияқты мемлекеттік сектор салаларында жұмыс орындарын ұйымдастыру.

Енжар саясат кезінде мемлекет еңбек нарығында жұмыссыз қалғандарды  мемлекеттік қолдау және оларды әлеуметтік қорғау шараларын жасайды. Мұндай жағдайда жұмыссыз азаматтарға келесідей  кепілдемелер беріледі:

  • материалдық көмек, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер түрінде әлеуметтік қолдауды іске асыру;
  • тегін медициналық қызмет көрсету.

Дамыған едерде жұмыссыздарға  қаржылай көмек беру жұмыссыздық  бойынша сақтандыру жүйесі негізінде  жүзеге асырылады және сол арқылы жұмыссыздардың өмірлік ең төменгі  шығындарын қамтамасыз етеді.

Жоғарыда аталып өткендей, еңбек нарығын реттеуде маңызды  орынды еңбек биржалары алады. Осыған да жеке тоқталып кетуге болады.

Еңбек биржасы – бұл  жұмыс күшін сату және сатып алуды  жүзеге асыратын жұмыскерлер мен  кәсіпкерлер арасында делдалдық  қызметтер көрсететін ұйымдар болып  табылады. Бұлар жұмыссыздықты түгел  жоя алмаса да, жұмысқа орналастыру  және жұмыскерлерді жалдау үрдісінің  дұрыс ұйымдастырылуына және тиімді жүзеге асуына мүмкіндік береді.

 

    1.  Жұмысбастылықты реттеудің негізгі принциптері мен механизмдері

 

Нарықтық экономика  жағдайында қоғамда әрбір еңбек  етем деген адамға мүмкіндіктер кепілдене  отырып жұмысбастылықтың түрін және формасын еркін таңдауға болады деген  идеология басым екендігін көреміз. Халықтың жұмысбастылығы – экономикалық бетбұрыстар кезеңінде, әсіресе экономикалық жүйенің ауысуы бір мезгілде жүретін елдерде күрделі, әрі айқын емес болып келетін динамикалық процесс. Қазіргі экономикалық жүйеде пайдалы қызмет ретіндегі жұмыспен қамту түсінігіне деген көзқарас ең алдымен Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңында берілген: "Жұмыспен қамту - азаматтардың, Қазақстан Республикасы Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне қайшы келмейтін жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі". Ал «Ресей Федерациясының халқын жұмыспен қамту туралы» Заңда былай деп көрсетілген: «жұмыспен қамту – бұл азаматтардың заңға қайшы келмейтін және де оларға жалақы, еңбек табысын әкелетін, жеке және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты қызметі».

Негізінен жұмыспен қамтылған халыққа жалдамалы  жұмыспен айналысушылар, оқушылар, әскери қызметтегілермен қатар өзін-өзі  жұмыспен қамтушы және кәсіпкерлікпен айналысушы азаматтар да жатқызылады. Бұл жердегі меңзеліп отырған пайдалы қызмет түрі деген жұмысбастылықтың табыс көзі екендігін көрсетеді. Жұмысбастылық түсінігіне экономикалық теориядағы негізгі экономикалық мектептердің өкілдері де көптеген анықтамалар береді, сол себепті де бұл экономикалық категорияның теориялық жағын қарастырып көрелік. Классикалық политэкономияның пайда болуы кәсіпкерлік қызметтің, сауда, ақша айналысы, оның сауда операцияларына тарауымен қатар, өнеркәсіпте және өндіріске түгелдей енуімен тығыз байланысты. Экономикалық теорияның атасы саналатын классикалық мектептің ең көрнекті өкілдері ағылшын экономистері У.Петти, А.Смит және Д.Рикардо. Олардың барлығы да өз дәрежесінде және де жекелей тұрғыда негізгі теориялардың бірі - еңбек құн теориясының негізін қалаушылар болып табылады.

Еңбек нарығы және аймақтағы жұмысбастылықты басқару