Еңбек нарығы және оның түрлері
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Еңбек нарығының экономикалық ресурс ретіндегі теориялық негіздері
1.1 Еңбек нарығының мәні, қызмет
ету еркешеліктері.............
1.2 Еңбек нарығының негізгі
1.3 Еңбек нарығының қазіргі
түрлері, үлгілері және
шетелдік
тәжірибесі....................
2 Еңбек нарығының
қазіргі экономикалық
2.1 ОҚО демографиялық
жағдайын талдау………………………………………
2.2 ОҚО еңбек нарығының
негізгі көрсеткіштерін талдау…
2.3 Еңбек нарығының кадрлық қамтамасыз етілуін талдау……………………..28
3 Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары
3.1 Еңбек нарығын реттеу
және тиімді қолдану
3.2 ОҚО жас еңбек ресурстарын жұмыспен қамтуда мемелекеттік қолдау
шараларының бағыттары………………………………………………………
Қорытынды………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………..................
Кіріспе
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату - сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті дамыту керек екендігі айтылған болатын.
Дамыған және дамушы елдердің
тәжірибесін үйренуде жүйелік және
нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы
еңбек нарығын реттеудің
Еңбек нарығының басты құрамдастары – еңбекке деген жиынтықты сұраныс пен еңбектің жиынтықты ұсынысы. Олар қиылыса отырып, еңбекке деген негізі қанағаттандырылған сұранысты (бос жұмыс орындарын толтыру) қалыптастырады, сонымен қатар әр уақытта қанағаттандырылмаған еңбектің ұсынысы (жұмыссыздық) мен еңбекке деген сұраныс (бос жұмыс орындары) сақталынады. Бұл құрамдастар өз бірлігінде жиынтықты еңбек нарығының сиымдылығын анықтайды.
Еңбек нарығының негізін
қалаушы сипаттамасы
ОҚО облысында еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеру, облыстың экономкалық және т.б. ерекшеліктеріне байланысты ауқымды және күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселелерді облыстық экономика мен еңбек нарығының байланыстылығын жүйелі түрде зерттеп, тиімді саясат арқылы шешу теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмыстарын қажет етеді.
Еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік
және жинақталған тәжірибелік
Жұмыстың мақсаты ОҚО облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Зерттеу мақсатына, еңбек нарығын дамытудың ерекшеліктеріне сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
-еңбек нарығы мен
халықты жұмыспен қамтудың
-еңбек нарығын реттеудің
қызмет ету тетіктерін және
әлеуметтік – экономикалық
-облыстағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын қарастыру;
- ОҚО облысындағы еңбек
нарығының қазіргі жағдайына
талдау жасап, тиімділік
-облыстағы халықты
жұмыспен қамтудың облыстық
1 Еңбек нарығының экономикалық ресурс ретіндегі
теориялық негіздері
1.1 Еңбек нарығының мәні, қызмет ету еркешеліктері
Еңбек нарығының пайда
болуы жұмыскердің еркіндігімен
Еңбек нарығының басты құрамдастары – еңбекке деген жиынтықты сұраныс пен еңбектің жиынтықты ұсынысы. Олар қиылыса отырып, еңбекке деген негізі қанағаттандырылған сұранысты (бос жұмыс орындарын толтыру) қалыптастырады, сонымен қатар әр уақытта қанағаттандырылмаған еңбектің ұсынысы (жұмыссыздық) мен еңбекке деген сұраныс (бос жұмыс орындары) сақталынады. Бұл құрамдастар өз бірлігінде жиынтықты еңбек нарығының сиымдылығын анықтайды.
Еңбек нарығының әрекет етуінің негізіне басқа да өндірістік факторлар нарықтарындағыдай, тұтынушылық тауарлар мен қызмет көрсетулер нарықтарының әрекет ету механизмдерінің негізіндегі принциптер жатады. Сұраныс пен ұсынысты талдау осы және басқа да нарықтарды зерттеудің негізгі әдістері болып табылады. Бірақ, еңбек нарығы әрекет етуінде өзінің ерекшеліктері бар. Ол жұмысшы күші тауарының үдайы өндірісінің сипаттамасы мен ерекшеліктеріне байланысты. Бұл ерекшеліктер 1 суретте көрсетілген.
Осылайша, еңбек нарығы
әлеуметтік-экономикалық
1 cурет. Еңбек нарығының қалыптасу ерекшеліктері
Ескерту: Сүрет пайдаланылған әдибиет көздері негізінде авторлармен жасалған
«Еңбек нарығы» және «жұмысшы күші» түсініктері көп жағдайда теңестіріліп, синоним ретінде пайдаланылады. Бірақ, көптеген зерттеушілер жұмысшы күшінің нарығы еңбек нарығының құрамдас бөлігі ғана, ал нарықтың өзі екі нарықтың – жұмысшы күші және жұмыс орындары нарықтарының жиынтығы деп санайды
«Жұмысшы күшінің нарығы» түсінігі біздің ойымызша барынша кең және еңбек етуге жарамды барлық халықты қамтиды. Еңбек процессінде адам өзінің еңбекке деген қабілеттілігінің бәрін, яғни өзінің жұмыс күшін пайдаланады. Бірақ, еңбек процессіне әрбір адам қатыса бермейді. Халықтың айтарлықтай бөлігі өзінің еңбекке деген потенциалды қабілеттілігін жүзеге асыра бермейді. Сонымен қатар, еңбек процессіне қатысушы жұмысшы күші шектеулі уақыт қана еңбек етеді, көп бөлігі адамның басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалады. Міне, сондықтан біз «жұмысшы күшінің нарығы» және «еңбек нарығы» терминдерінің әр түрлі мағынасы бар деп есептейміз. Егер «жұмысшы күшінің нарығы» оның еңбек және оқу процессіне тікелей қатысуына байланыссыз барлық еңбек потенциалын қамтитын болса, онда «еңбек нарығы» онда тек экономикалық белсенді (еңбекпен айналысатындар мен жұмыссыздар) халықтың қатысуын білдіреді. Өз кезегінде «жұмысшы күші» түсінігі еңбек нарығының қалыптасуының өзіндік теориялық потенциалы бола тұрып, сәйкесінше функционалдық жүктемеге жауапты және демографиялық аспектіге ие болады. «Еңбек ресурстары», «еңбек күшінің нарығы» және «еңбек нарығы» түсініктерінің негізгі айырмашылығы, экономикалық қызметтің негізінде еңбек ету, еңбектің жатқандығын білдіреді. Осыған байланысты еңбек нарығында жұмысшы күші, еңбек ресурстары сатылмайды, адамның нақты еңбек етуге деген қабілеті сатылады. Дегенмен еңбекті өндіріс факторы ретінде қарастыру керек.
Өз кезегінде еңбек нарығы ешқандай жасына байланысты шектеусіз халықтың тек қана экономикалық белсенді бөлігін қамтиды. Оған қатысушылардың саны жұмысшы күшінің санынан әлдеқайда төмен.
Еңбек нарығының негізін
қалаушы сипаттамасы
Экономиканы тұрақтандыру жоспарында монетаризм тұрақтандырушы бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Еңбек нарығы үшін осы тектес бағдарламалардың типтік мысалдары: мемлекеттік әлеуметтік шығындардың, субсидиялардың қысқартылуы, еңбек ақы өсімінің шектелуі.
Бүгінгі таңда неоклассикалық көзқарастар экономикалық теорияда басым болып отыр. Еңбек нарығының казіргі заманғы неоклассикалық моделі – бұл В. Парето-Д.Хикстің шекті пайдалылық теориясы және П.Хейненің ұтымды күтулер теориясымен толықтырылған, классикалық түрдегі еңбек нарығының моделі. Берілген модель идеалды деп есептеледі және оны неоклассиктер қолдайды. Бірақ, олардың ойлары бойынша еңбек нарығындағы экономикалық саясаттың мақсаты сұраныс пен ұсыныс механизмінің жұмыс істеуіне кедергі келтіретін себептерді мүмкіндігінше болдырмау. Осыдан шығатын маңызды мақсат еңбек нарығының барынша икемділігіне қол жеткізу – еңбек ақы мен пайдаланатын еңбек санының өзгеруінің есебінен нарықты шұғыл қолдау қабілетінің бар болуы.
Еңбек нарығының әрекет етуін талдау барысында батыстық мамандар жеке тұлғаның мінез-құлқындағы психологиялық мотивтерге көңіл бөледі. П. Хейне айтқандай, жұмысқа орналасу шығындары сияқты одан бас тартудың шығындары да әртүрлі адамдар үшін біліктілік бұл, еңбек өтілі, жасы, жанұя алдындағы міндеті, табыстың басқа да көздері, құнды бағыттары, сол адамның қандай да біреудің ойын бағалайтын көзқарастары сияқты факторларға байланысты әр түрлі болады/.
Жаңалықтапқыштардың, ғалымдардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің, инженерлердің, өндірісті ұйымдастырушылардың, кәсіпкерлердің еңбектері шығармашылық түрге жатады. Шығармашылықтың жоғарғы белгісі ретінде өнер болып саналады, себебі онда қайталану болмайды және осы өрістегі шығармашылық өнімі сонымен бірге жеке бастың, авкестенің тұлғасының бейнесі болып табылады. Қазіргі экономикада шығармашылық элементер маңыздылығының бір белгісі ретінде жұмыскердің жалпы табысындағы қаламақы түрінде түсетін еңбекақы үлесі болуы мүмкін. Бұл аспектіде шын бәсекелестік пен құқықтық мемлекет жағдайында қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлердің пайдасы авторлық қаламақы түрінде болады.
Сонымен, еңбек ресурстары- жеке кәсіпорын, халық шаруашылығының өрісі немесе оның территориялық бірлік ауқымында қоғамдық өндіріске қатысатын жеке жұмыскерлердің жиынтығы. Еңбек нарығы жұмыскерді өндіріс құралдарынан, ең бастысы жерден, айыру кезінде пайда болды. Алайда, заң түрінде еркін болғанымен, өндіріс құралдарынсыз ол өмір сүруге қаражатсыз қалды. Аштан өліп қалмау үшін, ол өзінің еңбекке қабілеттілігін немесе жұмыс күшін сатуға мәжбүр болды. Осылайша нарыққа жаңа ат берген жаңа тауар пайда болды. Алайда жаңа тауар және жаңа нарық атауы бойынша зерттеушілер арасында келіспеушілік орын алды. Ғаламат ағылшын экономистері, саяси экономканың классиктері А.Смит және Д. Рикардо қарастырып отырған нарықта тауар еңбек, «еңбек өзінің табиғи және нарықтық бағасына ие» деп санады. Осындай пікірді қазіргі уақытта экономиклық ойлардың неоклассикалық өкілдері ұстануда.
ХІХ ғасырда ғаламат неміс экономисі, философ және әлеуметтанушы К. Маркс «Капитал» еңбегінде нағыз тауар еңбек емес, жұмыс күші - еңбекке қабілеттілік болып табылатыны көрсетті. Осыдан кейбір экономистер еңбек нарығы деп атаса, К. Маркс ілімінің ізбасарлары жұмыс күшінің нарығы деп атады. Кеңестік экономикалық әдебиеттерде соңғы терминді көпшілік қабылданған болатын.
Отандық экономикалық әдебиетте радикалды экономикалық реформалар кезінде, аталған нарықты қалай дұрыс айтуға болады деген сұрақ бойынша пікірталас қайта басталды. «Еңбек нарығы» немесе «еңбек күшінің нарығы». Онда қандай тауар сатылады? Сонымен бірге экономикалық әдебиеттерде (шетел және отандық) «еңбек ресурстарының нарығы» және «еңбек қызметінің нарығы» терминдері пайда болды. Көп жағдайда аталған барлық терминдер синоним ретінде қолданылды. Сонымен бірге олардың әрқайсысы әр түрлі экономикалық мағына беретінін аңғару қиын емес еді. Олардың негізінде жатқан «еңбек күші, еңбек», «еңбектік қызмет», «еңбек ресурстары» тең емес. Сонымен, жұмыс күші – бұл еңбекке деген қабілеттілік; еңбек – адамның қажеттілігін қанағаттандыратын, табиғат затын өнімге айналдыруға бағытталған мақсатты қызмет. Еңбектік қызмет – бұл термин «еңбек» терминіне жақын, алайда қызметтің бұл түрі қажеттілікті жүзеге асыру барысында қолданылатынын көрсетеді, яғни игілікті заттай түрде емес, қызмет түрінде - мысалы: оқу, ем алу, көлік, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б. түрінде көрінеді. Еңбек ресурстары – бұл еңбекті жүзеге асыру үшін дене күші және рухани қабілеттерге ие болатын халықтың бір бөлігі. Біздің елде еңбек заңына байланысты ерлер 16-63, жас аралығында, әйелдер – 16-58 жас аралығында еңбекке қабілетті, І,ІІ топтағы мүгедектерді қоспағандағы, адамдарды айтамыз. Шын мәнінде оған жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер мен жасөспірімдер (16 жасқа дейінгі) де кіреді.
Егер сату-сатып алу нысаны болып табылатын тауарды анығырақ бөліп алсақ, аталған проблеманы дұрыс шешуге болады. Қазір отандық экономикалық әдебиетте екі көзқарас басым. Біріншісі тауар шығаруға әлеуетті еңбекке қабілеттіліктер – жұмыскер күші болып табылады десе, екіншісі тауар деп еңбекті санайды. Бірақ оның жақтастары, еңбекті мақсатты қызмет үдерісінде тауар ретінде қарастыру қиын екенін түсіне отырып, тауар ретінде «әлеуетті еңбекті» санайды.
Қазіргі адам өзінің көптеген қабілеттеріне ие бола отырып, еңбек үдерісінде олардың барлығын қолдана бермейді. Еңбек нарығы, біріншіден, еңбек күшіне сұранысымен, екіншіден адам қабілеттерінің бір бөлігін қолданумен, үшіншіден жұмыс күшін қолдану уақытымен, төртіншіден жаңа пайда болған құнды қайта бөлумен байланысты әлеуметтік-еңбектік қатынастарды көрсетеді. Тек осы жағдайда ғана еңбек нарығы, еңбек ресурстарының нарығы, еңбек қызметтерінің нарығы, жұмыскер күшінің нарығы терминдерін синоним ретінде пайдалануға болатын, өзара тең ұғымдар ретінде пайдалануға болады. Сонымен бірге «еңбек нарығы» термині әлемдік экономикалық әдебиеттерде кең етек алғанын атап өту керек.
Сонымен, еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін пайдалану мен жалға алу шарттары бойынша сатып алушы мен сатушы арасындағы әлеуметтік-еңбектік қатынастардың жиынтығы. Аталған жиынтықтың негізін білдіретін, орталық қатынас ретінде жұмыс күшінің өмірлік қаражаттарға айырбастау арқылы қатынас орнатылады. Бұл қатынастың іске асуы жұмыс күші ретіндегі тауары мен өмірлік қаражаттарға сұраныс – ұсыныс тетігі негізінде жүзеге асады.
Нарыктық қатынастар жүйесінде еңбек ресурстары маңызды орынға ие. Бұл нарықта мемлекеттік ұйым және жеке ұйымдардағы жұмыс берушілер мен еңбекке қабілетті тұрғындардың мүдделері түйіседі. Еңбек нарығының тетіктері арқылы тұрғындардың жұмысбастылық деңгейі және еңбекақысы анықталады. Тұрғындардың жұмысбастылығы, оның ұлғайымы өндірістің қажетті жағдайын қалыптастырады.
Тұрғындардың өмір сүру
деңгейі мамандарды іріктеу, дайындау
және қайта дайындау, оларды жұмысқа
орналастыру мен материалдық
көмекке кететін қоғам
Еңбек нарығы - бұл жұмыс
күшін адамның еңбек ету
Экономикада тұрақты түрде үнемі экономикалық өсім бола бермейді. Кейде экономикалық тұрақсыздық, яғни жумыссыздық, инфляция, өндіріс деңгейінің төмендеуі, бағаның өсуі орын алады. Еңбек нарығында жұмыссыздық айқын білінеді.
Жұмыссыздық - қоғамдағы аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшылық. Егер жұмыс күшінің ұсынысы сұраныстан көп болса, онда жұмыссыздық көбейеді деген ұғым бар. Жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір шамасы болады. Егер жұмыссыздар сол шамадан асып кетсе, онда нарықтық экономикаға зардабын тигізеді, ал кажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Нарық экономикасы сөзсіз жұмыссыздыққа алып келеді. Себебі нарық экономикасына жұмысқа қабілеті бар қызметкерлер ғана қажет.
Халықты жұмыспен қамту
өте өткір проблеманың бірі болып
отыр. Оның түп негізі елімізде жаңа
жұмыс орындарын кұрудың
Қазақстанда еңбек нарығы енді қалыптасып келеді, сондай-ақ онда көптеген құрамдасы жоқ. Ол өзіне жұмыс күші қозғалысын бақылау қызметін жүктейді. Халықтың жұмыспен қамтуды өсірудің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру қажет.
Дамыған елдерде соңғы
20-25 ж. ішінде жұмыссыздық деңгейі
айтарлықтай өсіп отыр (8-12%), бұл өз
кезегінде біліктілігі жоқ
Көптеген дамушы және
дамыған елдердегі тәжірибе кейнсиандық
теорияның нәтижесін
Бұрынғы өндірісті реттеу
жүйесінен бас тарту
Қазақстандағы еңбек нарығының басты мәселесінің бірі және әлеуметтік мәнге ие болатын мәселе жасырын жұмыссыздық немесе толық емес жұмысбастылық. Ол өндірістегі еңбек өнімділігінің төмендігіне, әр түрлі экономикалық және қаржылық жағдайлармен байланысты болып отыр. Еске түсіретін болсақ 1998 жылы Қазақстандағы жасырын жұмыссыздық деңгейі 3,2% болды. Ресми емес жұмысбастылық әлеуметтік амортизатор рөлін атқарып, халықтың өмір сүру деңгейін төмен көрсетуге себеп болып отыр. Сонымен қатар ол әлеуметтік және құқықтық қорғау шеңберін кеңейтіп, қылмысты құбылыстардың орын алуына жағдай жасап отыр. Осыған байланысты қарсылық және құқықтық саясат көптеген кәсіпорындардың екі жақты бухгалтерия жүргізуіне институттық орта құрумен жағдай күрделене түсу нәтижесінде жалпы еңбек қатынастарының жүйесі еңбек туралы заңға бағынбайтындай және өзіндік жеке мөлшерлермен реттеліп, ол көп жагдайда қылымысты жағдайлармен сипатталады. Бұл жұмыстың жағдайын айтарлықтай нашарлатып отыр және еңбек нарығын қылмысты топтардың басқаруына жол ашып отыр. Бұл жағдай көптеген өндірістердің уақытша тоқтап, ондағы жұмыскерлердің мәжбүрлі түрде демалысқа шығуымен және еңбекпен қамтамасыз етілмегендіктен елден мәжбүрлі миграциясын тудырып отыр. Осылайша, жұмыс күшін біртіндеп босату, артық жұмыс орындарын сақтау, оның екінші реті, бейресми түрлерін азайту Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу үлгісін сипаттайды. Ол экономика және қоғамның реакциясы ретінде және өтпелі кезеңде әлеуметтік және экономикалық тиімділік арасындағы байланысты тұрақтандыруға, экономиканың қайта құрылуы мен адам әлеуетін сақтаудың қажеттілігін қамтамасыз ететін институттардың жоқтығымен сипатталады.
Егер жұмысты жоғалту өндірістің циклдық төмендеуінің нәтижесінде орын алған болса, онда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы тиімді деп саналар еді. Бірақ жеткілікті жұмыс орынның болмауы жүйелі трансформациямен байланысты болса, оған жаңа тиімді шаралар қолдану керек болады.
Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз - азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі - деп, ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап көрсетілген.
Жұмысбастылық саясатының сұрактарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономиакалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек.
Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық - тұрғындардың қоғамдық өнімді немесе ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте - жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді.
Әлеуметтік тұрғыдан, жұмысбастылықтың мынадай түрлері бар: жалпы білім беретін және арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қкызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып - күту, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу.
Еңбек нарығы бойынша қызметтердің ерекшеліктерінің екінші тобы тауар болатын жұмыс күшінің ерекшеліктеріне байланысты. Олардың арасынан келесілерді атап айтуға болады:
- тауар түріндегі жұмыс күшінің иесінен ажыраспауы. Еңбек нарығында сатып алушы белгілі бір уақыт арасында жұмыс күшін пайдалануға құқық алады. Алайда сатып алушы жұмыскердің құқығын бұзбауы тиіс. Оларды бұзғаны үшін жұмыс беруші заң бойынша жауап беруі мүмкін. Онымен бірге, жұмыскердің кәсіпорынға деген ниеті түзу болуға тиісті, оның жоғалуынан кәсіпорын экономикалық зардап шегуі мүмкін. Жұмыскер ереже бойынша жұмыс атқара отырып, қайтарымы әртүрлі жұмыс істеуі мүмкін.
-кәсіподақ, жұмыс берушілер бірлестігі, тармақтанған заңнама жүйелері, әлеуметтік – экономикалық бағдарламалар сияқты әртүрлі институттық құрылымдардың көптігімен байланысты, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы қатынастарды белгілеу тәртібінің қажеттілігі;
-ұжымдық келісім шарттан
жеке келісім-шартқа өту
-мәміленің ақшалық
емес жағын көрсететін
1.2 Еңбек нарығының
негізгі құрамдастары және
әрекетті
Еңбек нарығының кез келген жүйе секілді өз құрылымы болады. Ол әртүрлі елдерде біртекті элементтерге ие болса да, сонымен бірге біршама өзгешеліктері болуы мүмкін. Нарық құрылымын талдаудың мақсаттарына байланысты оны әртүрлі көрсеткіштер бойынша жүргізуге болады. Алайда, ең алдымен, қай елге қатысы болмасын және басқа да ерекшіліктеріне байланыссыз еңбек нарығының құрылымын анықтау қажет. Оны қазіргі өркениетті еңбек нарығының қызметі үшін қажетті маңызды құрамдастар бойынша жасауға болады:
- нарық субъектілері;
- заң мөлшерлері, экономикалық бағдарламалар, үш жақты келісімдер және ұжымдық келісімдер;
- нарық тетіктері (жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестік);
- жұмыссыздық және соған байланысты әлеуметтік төлемдер;
- еңбек нарығының инфрақұрылымы;
- қызметтің балама басқа түрлері.
Еңбек нарығының субъектілері. Еңбек нарығының субъектілеріне жалдамалы қызметкерлер, жұмыс берушілер және мемлекет жатады.
Жалдамалы жұмыскерлер – еңбек нарығының ең көп тараған субъектілер бөлігі. Олардың өндіріс құралдары жоқ, өздерінің жұмысқа қабілеттілігін басқаға сату арқылы өмір сүретін адамдарды жатқызамыз. Олардың әл-ауқаты өзінің жұмыс күшін қаншалықты ұтымды сата алатындығына байланысты – келісім – шарт жасасу, жұмыс алуға байланысты болады. Жұмыс беруші мен жұмыскердің экономикалық теңсіздік жағдайында, жалдамалы жұмыскерлер өздерінің құқықтарын қорғайтын кәсіби ұйым құру арқылы ғана біршама әділ еңбекақыға қол жеткізе алады .Батыс елдерінде өз құқықтары үшін күресте жалдамалы жұмыскерлер жұмыс берушілер мен мемлекет тарапынан біршама жеңілдіктерге қол жеткізді, ең алдымен еңбекақыны жоғарылату және жұмыс күні ұзақтығын қысқарту, жұмыс жағдайын жақсатру және т.б. қол жеткізді. Алайда ХХ ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде бірқатар елдерде, әсіресе АҚШ-та кәсіподақтардың дәрежесі мен олардың қызметі біршама әлсіреді.
Қазақстанда кәсіподақтар
әлсіз, олар ең маңызды
Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлер өз құқықтарын жұмыс беруші және мемлекет алдында дәлелдеп беруді толық білмейді.
Жұмыс берушілер. Оларға жеке жұмыс жасайтын және тұрақты түрде бір немесе бірнеше адамдарды жалдайтын адамдарды айтамыз. Жұмыс істеп жүрген халықтың құрамында жұмыс берушілердің үлесі аз, 10 % пайыздан аспайды, статистика жұмыспен қамтылғандар ішінді бұл топтың ңақты көлемін бермей отыр. Жұмыс берушілерге өндіріс құралдарының иелері, кәсіпорын иелері, ірі акционерлік қоғамы мен мемлекеттік кәсіпорындардағы жалдамалы басқарушылыр жатады. Олардың біліміне, кәсіпкерлік қабілетіне, кәсіпорынның тиімді қызметі, елдің экономикалық өмірі, стагнация немесе экономикалық өсу, инновациялық негізде өндірістік өсуіне байланысты.

- Еңбек нарығы: ҚР-да қалыптасу ерекшеліктері мен проблемалары
- Еңбек нарығын жетілдіру
- Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
- Еңбек нарығының дамуы
- Еңбек нарығының ерекшеліктері.
- Еңбек нарығының мәні және оның экономикадағы рөлі
- Еңбек өнімділігі, мұнай және газ өнеркәсібінде оны арттыру жолдары
- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы
- Еңбек нарығы және аймақтағы жұмысбастылықты басқару
- Еңбек нарығы және жалақы теориясы
- Еңбек нарығы және жұмыссыздық