Еңбек өнімділігі, мұнай және газ өнеркәсібінде оны арттыру жолдары

Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым министрлігі

Ақтөбе техникалық колледжі

 

«Өнеркәсіп экономикасы, жоспарлау және өндірісті ұйымдастыру» пәні бойынша

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Еңбек өнімділігі, мұнай және газ өнеркәсібінде оны арттыру жолдары

 

 

Орындаған: 241 топ оқушысы: А. Өтегенов

Тексерген: оқытушы Елеусізова С.Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе – 2013

 

Мазмұны

Кіріспе                                                                                                                     3

І. Еңбек өнімділігі және оның мәні

1.1.Еңбек өнімділігі                                                                                                5

1.2. «Өнімділік - 2020» бағдарламасы                                                                  9

ІІ. Мұнай мен газ өнеркәсібінде  еңбек өнімділігі көрсеткіштері  және оларды анықтау ерекшеліктері                                                                                          11

ІІІ. Мұнай және газ өнеркәсібінде  еңбек өнімділігін анықтайтын факторлар және оларды арттыру жолдары                                                                            15

Қорытынды                                                                                                          19

Пайдаланған әдебиеттер                                                                                    22

 

 

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде еліміз нарықтық экономиканы дамытуға барынша күш салып келеді. Оған демократиялық жолмен жеткен жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз, қарышты қадамдарымыз куә. Бүгінде біз әлемге абыройлы, беделі биік, еңселі елге айналдық. Аз уақыт аралығында алған асуымызды, тіпті, әлемдегі экономикасы дамыған ірі елдер, халықаралық ұйым өкілдері де мойындап отыр. 
Қай ел болмасын, осыншама аз уақытта өзін әлемге мойындатса – бұл оның өзге елдермен экономикалық қарым-қатынасының жақсарғанының арқасы дер едік. Қазіргі таңда әлемдік макроэкономикалық көрсеткіштер қаржы дағдарысына қарамастан оң қарқынынан айырыла қойған жоқ. Ал осы жеткен дәрежені одан әрі жалғастыру үшін, яғни, макроэкономикалық индикаторлар жүйесінің тұрақтылығын арттыру үшін, олардың құрылымын жетілдіру үшін еліміздегі экономиканы реттеу-басқару жүйесінің екі негізгі діңгегін тиімді жүзеге асыруға тиіспіз. Таратып айтар болсақ, ұлттық экономиканың тұрақтылығымен өсу дәрежесі салалық және жергілікті елдер экономикасының жұптасуын, оған керекті көрсеткіштерінің сәйкестігін арттыра түсетін құралдар мен әдістемелерін жетілдіріп, талдау сараптау жұмыстарын дұрыс жолға түсіріп, нақты индикаторлар жүйесін жасауды талап етеді. 
Кез-келген  кәсіпорын  (фирма) өнім  өндірісін  бастамас  бұрын, ол қандай  пайда  ала-алатынын  анықтап  алады. Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері,  жұмыстары  нарық  жағдайлары  мен  өндірістік шығындар  арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары  және өткізу  (өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік  құны)  өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек  ресурстары және  басқа  да өнім  өндірісіне  және  өткізуге  шығындарды  бағалық  талдау  болып  табылады.

Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  мтериалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

Аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге  аударылған,  өзіндік  құнға  қосылғандар  оларды  өткізу  бағасында  өткеріледі. Осылайша, өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

Өзіндік  құн-өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал,

электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

Курстық  жұмыс  барсында  қарастырылатын  тақырыптар:  өндіріс  шығындары  және өнімнің  өзіндік   құныны түсініктіеріне жалпы  сипаттама; өзіндік   құнынын талдау; өнімнің  өзіндік құнын  калькуляция баптары  бойынша топтау;  өнімнің  өзіндік  құныны негізінде өнімге баға белгілеу;  өнімнің өзіндік  құнын  азайту  жолдары.

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Еңбек өнімділігі және оның мәні

1.1.Еңбек өнімділігі

Еңбек өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.[1]

[2] Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады. 
Өнімділік — осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:

ЕӨ = Өнім көлемі/Тірі еңбек шығындары

Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің' шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағыты нан өндірістік процестің тиімділігін сипаттайтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған енімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс шарттары (тапсырманың уақытында орындалуы, жұмысшылардың жарақаттарының саны және басқалар) көрсетілмейді. 
             Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар. 
             Біріншіге өнімділіктің статикалық коэффициенттері жатады.

   Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған шығындардын өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі. 
              Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті. 
Егер әңгіме ресурстардың бір түрі туралы болса (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) — бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділіктің көрсеткіші). Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткішінің формуласы:

ЕӨ = Өнім көлемі / Жанды еңбек шығындары

Бұның көп тараған формалары:

  • еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім;
  • еңбек еткен бір адамның шығарғаны.

Өнімділіктің жеке көрсеткіштері өндіріс процесінің тиімділігіне жалпы сипаттама береді, бірақ көбінесе әр түрлі бағытталған болмаса да, сонда да динамикасы ұқсамайтын. Мысалы, капитал қайтарымы темендейді, ал материал қайтарымы өседі:

Капитал қайтарымы = - Өнім көлемі / Негізгі капитал  шығындар

Материал  қайтарымы = - Өнім көлемі / Агымдагы материалдық шығындар

Көпфакторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлімінде мыналар болады:

  • ағымдағы шығындар (жұмысшы күшіне, шикізат, материалдар сатып алуға т.б.);
  • аралас бағалау (осы және басқалар).

Еңбек өнімділігінң көпфакторлық және жалпы көрсеткіштерін есептеудің бастапқы формуласының түрі:

МФ = Q / f(x)

 

немесе:

МФ = ΔМФ / МФ¤

Бұнда x — МФ көрсеткішін есептегенде есепке алынатын факторлар; 
Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі (қандайы болмасын) орын алса, онда өнімділік өседі:

  • 1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды.
  • 2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.
  • 3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.
  • 4. Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.
  • 5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.

Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады. Сондықтан, әсіресе бүгінгі жағдайда, тек өндіріс факторларын есепке алумен қанағатганбай, адам факторын да есепке алу қажет.

Еңбек өнімділігі – адамдардың өндірістік қызметінің нәтижелілігін, тиімділігін көрсететін кәсіпорын  қызметінің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Анығырақ айтсақ, жұмыс уақытының  бірлігіне шаққандағы өнім санымен  анықталатын еңбек өнімділігі, ең алдымен, еңбек ресурстарын қолдану  тиімділігін сипаттайды. Еңбек өнімділігін  кері көрсеткіш – шығарылған өнім бірлігіне шаққандағы жұмыс уақытының  шығыны – еңбек сыйымдылығы реттінде де сипаттауға болады.

Еңбек өнімділігінің өсімі  – өнімнің өзіндік құнының  төмендеуі мен өндіріс рентабельділігінің артуының негізі. Еңбек өнімділігінің  артуымен еңбекақыны дұрыс ұйымдастыру жағдайында өнім бірлігін жасауға кеткен шығындағы еңбекақы үлесі төмендейді.

Өнім өндірісінің артуымен қамсыздандырылған өнім көлемінің  кеңеюі өндірістің қысқартуларының үнемделуін де анықтайды. Бұл өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, пайданың және оның салыстырмалы көлемі – рентабельділігінің көбеюіне әкеледі. Еңбек өнімділігін арттыру бұл кезде тұрақты түрде еңбекақы өсімінің алдын алып тұру керек. Тек осы жағдайда ғана еңбек өнімділігінің өсімі өндіріс тиімділігін жақсартуды қамтамасыз етеді.

Еңбек өнімділігі мен өндіріс  тиімділігін арттыру толығымен  алғанда еңбекті ынталандыруды  толығырақ есепке алғанды талап  етеді. Кәсіпорын жұмысшыларының ынталандырудың негізгі түрі еңбекақы екендігі бәріне аян.

 

1.2.«Өнімділік - 2020» бағдарламасы.

Ақтөбе облысында өткен  жылы еңбек өнімділігі бір адамға 42,5 мың АҚШ долларын құраған.

Ақтөбе облысында индустрияландыру картасына жалпы сомасы 632,8 млрд. теңгеге бағаланатын 73 инвестициялық  жоба енгізілген. Бұл жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде он мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген. 2012 жылы 4,5 млрд. теңгенің 13 жобасы жүзеге асырылыпты.  
Бұл жұмыстар облыста өнеркәсіп өндірісінің өсіміне ықпалын тигізген. Нақтылап айтар болсақ, өнеркәсіп өндірісі жыл қорытындысы бойынша 107 пайызды құраған. Бұл – республика бойынша ілгері көрсеткіштердің бірі. 
«Облыста жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің қатарында. Осы мақсатты көздейтін «Өнімділік-2020» бағдарламасына облыс бойынша бүгінде жеті кәсіпорын қатысуға ниет танытқан. Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 2009 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, бір жұмыспен қамтылушыға 42,5 мың АҚШ долларын құрап отыр», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.  
Биылғы жылы облыста басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі оннан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Осыған орай, бірқатар кәсіпорындарды орналастыру жоспарланған индустриалды аймақ құрылысы басталды. 
Естеріңізге сала кетейік, «Өнімділік - 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Мемлекеттік бағдарламаны және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар Кеңесінің хаттамасын іске асыру шеңберінде әзірленген. 
             Бағдарламаның мақсаты еңбекті өндіруді ұлғайту жолымен экономиканың басым секторларында өндіріс кәсіпорындарының бәсекелестігін жоғарлатуы болып келеді. 
Бағдарламаны іске асыру мерзімі - 2011-2020 жылдар. 
Экономиканың жалпы өнімділігі оның айтарлықтай деңгейде бәсекеге қабілеттелеген айқындайтын фактор болып табылады. Ғылымды көп қажетсінетін өнімдер шығаратын өңдеуші салалар кәсіпорындары үлесінің ұлғаюы экономикадағы еңбек өнімділігінің деңгейін едәуір арттырады. Сондықтан мемлекетке оның өнімділігін арттыруды ынталандыру, инновациялық әзірлемелерді енгізу, қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу, тұтастай алғанда, кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңғырту өмірлік маңызды. Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және сөзсіз қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу бірінші дәрежелі міндет болып табылады. 
Бұл ретте еңбек өнімділігіне бизнестің инновациялық белсенділігі, күшті бренд, персоналдың біліктілігі, тартымды өткізу нарығына қол жеткізу, бәсекелес ортаның сапасы, өнімдер мен қызметтерді шебер жылжыта білу, өнімді немесе қызметті сату қабілеті ықпал етеді. Бұдан басқа қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу мәселелерінде менеджмент рөлі басты болып табылады.

 

ІІ. Мұнай мен  газ өнеркәсібінде еңбек өнімділігі көрсеткіштері және оларды анықтау  ерекшеліктері

Еңбек өнімділігін  өлшеу әдістері – еңбек өнімділігінің деңгейін көрсету тәсілдері. Өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің деңгейі жұмыс уақытының бір өлшеміне шаққанда өндірілген өнімнің санымен (тікелей көрсеткіш) немесе өнімнің бір өлшемін дайындауға жұмсалған жұмыс уақытының мөлшерімен (кері көрсеткіш‚ яғни еңбек сыйымдылығы) өлшенеді. Өнімді өндіруге жұмсалған еңбек шығыны адам-сағат‚ адам-күн‚ адам-ай (тоқсан‚ жыл) есебімен көрсетіледі‚ мұның өзі сағаттық‚ күндік‚ айлық (тоқсандық‚ жылдық) еңбек өнімділігі көрсеткіштеріне сай келеді‚ оның деңгейін бір жұмысшыға‚ бір жұмыскерге‚ т.б. шағып белгілеуге болады. Өнім шығару (жұмыстарды орындау) көлемінің қабылданған өлшеуіштеріне сәйкес еңбек өнімділігін өлшеу заттай‚ еңбек‚ құндық әдістеріне бөлінеді. Заттай әдісте еңбек өнімділігінің деңгейі заттай өлшеммен (т‚ м‚ дана‚ т.б.) есептелетін өнім мөлшерінің жұмыс уақытының шығынына немесе жұмыскерлердің орташа тізімдік санына қатынасымен айқындалады. Еңбек әдісінде өнімнің алуан түрлері оларды өндіруге жұмсалған еңбек шығыны бойынша өлшенеді немесе еңбек сыйымдылығының деңгейлері салғастырылады. Құндық әдісте еңбек өнімділігі орта есеппен бір қызметкерге шаққандағы немесе жұмыс уақытының белгілі бір өлшемінде дайындалған өнімнің құнымен көрсетіледі.

Өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі натуралды, құндық жағдайларда –  натуралды және еңбек көрсеткіштерінде бағаланады.

Натуралды көрсеткіш –  қарапайым және нақты, қолдану аясы шектелген. Оны бір түрлі өнім шығаратын кәсіпорындардағы еңбек  өнімділігін есептеуде қолдануға  болады.

Бір түрлі өнім шығаратын  мұнай өндіру өнеркәсібі салаларында  натуралды көрсеткіштер – бұрғы  өту метрлері, өндірілген мұнай тоннасы, уақыт бірлігіне шаққандағы бір  жұмысшының өндірген мың куб метр газы сияқтылар кеңінен қолданылады.

 

Мұндағы, - натуралды көрсеткіштегі өнімнің жиынтық көрсеткіші,

                   Ч – жұмысшылардың орташа тізімдік  саны.

Натуралды көрсеткіштердің  дәрежесі кірме факторлар арқылы бұрмаланбауында.

Өнеркәсіптің жекелеген  салаларында және кәсіпорындарда әр түрлі өнім жасауға байланысты құндық көрсеткіш қолданылады:

 

Мұндағы, Ц – өнім бірлігінің бағасы,

                  ВП – жиынтық өнім.

Құндық көрсеткіш ұқсастау мән береді, дегенмен еңбеі өнімділігінің  деңгейі мен динамикасы жөнінде  жеткілікті дәлірек мәлімет алуға  болады. Алайда өнімнің еңбек сыйымдылығының бағасының сәйкессіздігі болса, еңбек өнімділігі туралы көрініс бұрмаланады.

Жиынтық өнім бойынша еңбек  өнімділігін құндық өлшеудің көрсетілген  кемшіліктері таза немесе салыстырмалы таза өнім (яғни, жиынтық өнім алнған барлық тұтынылған материалдық шығындар, шикізат, катализаторлар, энергия, амортизация) негізінде еңбек өнімділігін  есептеу ұсыныстарын тудырады.

Еңбек шығындарының тиімділігі туралы жеткілікті нақты көрінісін  еңбек көрсеткіші береді:

 

Мұндағы, t1, t2- салыстырмалы периодтағы өнім бірлігінің еңбек сыйымдылығы.

Бұрғылаудағы (пайдаланудағы  және барлау) еңбек өнімділігі натуралды  және құндық көрсеткіштермен өлшенеді.

Натуралдық түрде (м/адам) ол белгілі бір уақыттағы жұмысшылардың  орташа тізімдік санына(Ч) шаққандағы өту көлемін (А) бөлу арқылы есептеледі:

Птр=А/Ч.

Одан басқа, бұрғылаудағы еңбек өнімділігінің арнайы натуралды  көрсеткіші деп уақыт бірлігіндегі (жыл, ай) бұрғылау бригадасына шаққандағы өту көлемі қабылданған.

Еңбек өнімділігінің құндық көрсеткіші (тенге/адамға) уақыт бірлігіндегі бір адамға есептегендегі сметалық құндағы жұмыс көлемін сипаттайды:

Птр=S/Ч,

Мұндағы, S – жасалған жұмыс  көлемінің сметалық құны.

Геологиялық барлау ұйымдарында  еңбек өнімділігін негізінен  геологиялық барлау жұмысымен айналысушы бір жұмысшыға шаққандағы сметалық бағадағы құндық көрсеткішпен өлшейді:

 

Мұндағы, q1,q2,q3,qn- өлшеудің бекітілген бірліктерінде геологиялық барлау жұмыстардың жекелеген түрлерінің көлемдері;

S1, S2, S3, Sn – геологиялық барлау жұмыстарының түрлері бойынша өлшеу бірлігінің сметалық құны, тенге.

Мұнай мен газ өндіруде еңбек өнімділігінің натуралды  және құндық көрсеткіштері қолданылады.

Алайда мұнай-газ өндіру өнеркәсібінің салаларында барлық бұл көрсеткіштер табиғи факторлардың айтарлықтай әсері нәтижесінде жұмысшылардың еңбек күштерінің  шынайы нәтижесін толығымен көрсете алмайды, өйткені өнім өндіру бойынша тең еңбек шығыны ұқсас емес соңғы нәтижелерге әкеледі. Әсіресе, мұндай жағдай мұнай өндіруге тән, яғни өнімді пласттың тозу деңгейіне қарай жұмысшылардың еңбек өнімділігі төмендейді. Пластқа әсер етуші барлық заманауи техникалық құралдар, түрлі әдістер әзірше бұл жағдайды тек баяулата алуға мүмкіндік береді.

Мұнай өндіруде  еңбек  өнімділігін бағалау үшін бір  ұңғының қызмет көрсетуінің еңбеі сыйымдылық көрсеткіші жақсы қолданылады.

Бұл көрсеткіш жекелеген  кәсіпорындар үшін қолайлы және техниканы  жетілдіру, өндірістік процестерді  автоматтандыру, еңбек пен өндіріс  ұйымдастыруды жақсартумен байланысты тірі еңбек шығындарын азайтуды көрсетеді.

Мысал. Мұнай-газ өндіру өнеркәсібінде 90 ұңғыманы 1500 жұмысшы қызмет етеді. Бұлардың әрқайсысы 1800 сағат жұмыс  істейді, онда үлестік еңбек сыйымдылығы  1500*1800/90=30 мың адам – сағатына әр ұңғыманы құрайды.

 

ІІІ. Мұнай және газ өнеркәсібінде еңбек өнімділігін  анықтайтын факторлар және оларды арттыру  жолдары.

Факторлардың төрт тобы бар:

    1. Техникалық деңгейдің артуы. Өндірістік процестің жетілдірілген техникасы мен технологиясын, механикалануы мен автоматтандырылуын енгізу.
    2. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды басқаруды жетілдіру. Негізгі өндіріс пен қосымша шаруашылық арасындағы дұрыс арақатынасты қамтамасыз етудің басқарылуы әдістері мен өндіріс құрылымын жақсарту, жұмыс уақытын жоғалтуды қысқарту, материалдық және моральдық ынталандыруды күшейту және т.б.
    3. Өндірістің көлемі мен құрылымын өзгерту.
    4. Салалық факторлар. Пайдалы қазбалардың болуының тау-геологиялық жағдайлардың өзгеруі, пайдалы қазбаларды бөліп алу тәсілдерінің өзгерісі.

Геологиялық барлау салаларында еңбек өнімділігі жұмыстардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай көрсетілген факторлар топтарына тәуелді болады.

Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің техникалық деңгейін арттыруға  өндіріске жаңа, өнімділеу бұрғылау техникасын, транспортттық құралдарды, геофизикалық аппаратураларды, бақылау-өлшеу құралдарын, іздеу мен барлаудың жаңа тәсілдерін, технологиялық процестерді, іздеу мен барлаудың әдістемесін жетілдіру және т.б. кіреді.

Бұрғылауда еңбек өнімділігі ең бастысы ұңғы құрылысы, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру бойынша жұмыстар қарқындылығына байланысты.

Мұнай мен газ өндіруде еңбек өнімділігіне әсер ететін көптеген факторлар бар, оларды екі топқа  біріктіруге болады:

    • Бұрғылардың орташа дебитін анықтайтын факторлар;
    • Өндірістік персоналдың үлестік санына әсер ететін факторлар.

Бірінші топқа табиғи геологиялық жағдайлармен, мұнай мен газ өндіруді қарқынды етудің түрлі әдістерін қолданудың технико-экономикалық факторлармен және кен орындарын жасақтау деңгейімен, жаңа техника мен технологияны ендірумен, ұңғы қорларын қолдану деңгейімен және т.б. байланысты.

Екіншісіне – еңбекті  ұйымдастыру және өндірісті басқару, механикаландыру, автоматтандыру деңгейі  жатады.

Мұнай өндіруде еңбек өнімділігін  әрі қпарайғы арттыруды жаңа ірі  кенорындарын ашу мен енгізу, беттік белсенді заттарды қосу арқылы мұнай  беру коэффициентіе көбейту, мұнайлы  пласттарға әсер етудің химиялық және термиялық әдістерді кеңінен қолдану, жоғары өнімділікті техникалық құралдармен қамсыздандыру арқылы қамтамасыз етуге болады.

Өндірістің техникалық дәрежесін көтеру

Кешендік механизация және автоматизация. Прогресивтік технология енгізу. Өнімнің конструкциясын, техникалық сипаттамаларын т.б. жетілдіру. Еңбек заттарының пайдаланылуын жақсарту немесе оларды басқалармен алмастыру.

Басқаруда еңбекпен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру

Басқару құрылымын. Басқарудағы еңбекті механизациялау және рационалдау EFҰ (HOT) енгізу. Еңбекті мөлшерлеу

Өндіріс құрылымындағы өзгерістерге сәйкес еңбек шығындарының өзгерістері

Еңбек сыйымдылығының дәрежесі әр түрлі болатын жеке өнімдер  түрлерінің үлес салмағын өсіру немесе төмендету

Адам факторы

Білім дәрежесінің өсуі, өндірістік квалификацияның өсуі, адамдардың еңбекке қатынасы


Басқа салаларда шығындардың айырмашылығын дүниеге әкелетін жағдайлар — жаңа бұйымдарды, технологияларды енгізу, ұйымдық формаларды құруға, өндіруге, дамытуға және сапалық жетілдіруге бағытталған жағдайлар енгізу, еңбек ресурстарының сапасы мен квалификациясы және т.б. жағдайлар. Өндіріс шығындарының құрылымында ресурстардың қандай түрі басым болуына байланысты салалар мына түрлерге бөлінеді: еңбек сіңіргіш, материал сіңіргіш, қуат сіңіргіш. 
Әдетте, материалдық шығындардың үлес салмағының өсуі өндірістің мамандануымен, онда кебінесе кешендік бұйымдарды пайдаланумен байланысты болады. Бүгінгі заманда, салалар масштабында, шығындардың динамикасын екі қарама-қарсы тенденциялардың сайысы белгілейді. 
Біріншісі, өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторлар:

  • тұтынудың, сондықтан өндірістің жекеленуін (индивидуалдық болуын) көздеу;
  • шығарылымдардың (шығарылатын өнімнің) ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруын, алмасуының қажеттігі;
  • НИОКР шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама т.б.

Екіншісі, тенденция жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді көздейтінімен байланысты. Қазіргі заманда, ілгері дамыған елдерде, көп өнімдер бойынша өндіріс дәрежесінің дамығаны сонша, тіпті оны одан әрі өсіру тиімді емес болып отыр. Бұл жағдайларда өндірісті сапа жағынан жетілдіру мақсатталады. Жаңа өнімдердің сапасының жоғарылауы, көбінесе, олардың бағасының осүіне емес, кемуіне, проценттеп емес, еселеп, әкеліп соғады. Ассортименттің күрделі алмасып жаңаруы әр 5-10 жылда, жаңа технологияға көшу — әр 3 жылда жүріп отырады. 
Жеке региондардың (және елдердің) орналасуының табиғи географиялық жөне демографиялық айырмашылықтары өндіріс шығындарының регионалдық (елдераралық) дифференциациясын тудырады. Бұдан көп бұрын А.Смит былай деп жазған: «Егер кейбір бөтен ел бізді кейбір тауармен, біздегі бағадан арзан бағамен қамтамасыз ете алса, онда олардан сол тауарларды біздің өндірістің артық өндірген өнеркэсіп өнімдеріне сатып алған жөн». Бұл көзқарас абсолюттік артықшылык теориясы деп аталды. Д.Рикардо өзара пайдалы сауда мен еңбектің халықаралық мамандалуының жалпы принциптерін тұжырымдаған.

 

 

Қорытынды

               Жоғарыда  аталғандай  еркін  бәсекелестік  жағдайында  кәсіпорын (фирма)  өндірген  өнімге  баға  автоматты  түрде  орнатылады.  Оған  нарықтық  баға  қалыптастыру  заңдары  әсер  етеді. Сонымен  қатар  әрбір  кәсіпкер  максимальді  мүмкін  пайда  алуға  тырысады.  Осы  жерде  Өнім  өндірісі  көлемін  өсіретін,  оның  толықтырылмаған  нарықтағы  қозғалысына  әсер  ететін  факторлардан  басқа,  осы  өнімді  өткізу  және  оның  өндірісіне  шығындарды  төмендету,  өндіріс шығындарын  төмендету  мәселесі  туындайды. 

Дәстүр  бойынша  шығындарды  азайтудың  маңызды  жолдарының  бірі  болып  өндіріс  процесінде  тұтынылатын  ресурстардың  барлық  түрлерін  тиімді  немесе  эконоиды  пайдалану:  еңбектік  және  материялдық.

Өзіндік  құнды  азайтуда  еңбек  өнімділігін  арттыру  қажет.  Еңбек  өнімділігі-еңбек  шығынының  тиімділігін  арттыру.  Бұл  өндіріс  процесінде

жұмсалған  қоғамдық  еңбектің  тиімділігі,  нәтижелілігі,  жемістілігі.  Қызметкерлердің  еңбек  өнімділігі  бір  уақыт  өлшемі  ішінде  өндірген  өнімнің  немесе  орындалған  жұмысының  көлемі (мысалы,  1  сағатта  10т  өнім  шығарады),  немесе  бір  өнімге  кеткен  уақыт  (10т  өнім  алуға  1  сағат  уақыт  жұмсады)  немесе  ұлттық  табыс  мөлшерімен  есептелінеді.

Еңбек  өнімділігі=Жиынтық  қоғамдық  өнім /  Жұмыс  атқаратындар  саны

Кәсіпорын  деңгейінде: 

Еңбек  өнімділігі=Q  (өнімнің  саны)/ Т (уақыт)

Еңбек  өнімділігін  арттыру  үшін  жұмыс  уақытын  үнемдейтін  факторларға  назар  аударылады.  1)  жұмыс  уақытын  ұтымды  пайдалану;

2)  жұмыста  кездесетін  тиімсіз  үзілістерді  азайту.  Жұмыс  уақытын  ұтымды,  үнемді  пайдалануға  техника   мен  технологияларды  жетілдіріп,  өндірісті,  еңбекті  ұйымдастыруды  жақсарту,  ал  екінші  әдіске - өндірістің  жоспардан  тыс  тоқтап  қалуын  қысқарту,  сөйтіп  үзілістерді   азайту

жолдарымен  қол  жеткізеді.

Еңбек  өнімділігінің  көрсеткіші  қызметкерлердің  материалдық  жағдайын  жақсартумен  тікелей  байланысты.  Еңбек  өнімділігі  арттқан  сайын  еңбекақы – оған  төленетін  ақы да  өсіп  отыруы  тиіс.  Жалақының  еңбек  өнімділігінің  өсу  қарқынан  кейін  қалуы  немесе  артып  кетуі  дұрыс  емес.  Бұл  қатынас  бұзылса,  ол  еңбек  өнімділігін  арттыруға  деген  материалдық  мүдделілікке  кері  әсер  етеді.

Осылайша,  өндірістің  шығындар  құрылымындағы  көп  бөлігін  еңбекақыға  шығындар  алады  (   Қазақстан  өнеркәсібінде  13 -14 % ,  дамыған  елдерде – 20 -25 % ). Сондықтанда  шығарылатын  өнімге  еңбек  сыйымдылығын  азайту,  еңбек  өнімділігін  өсіру  мәселелерінде  өндірістің  әкімшілдік  қызметтігі  персоналдың  санын  азайту  орынды  болады.

Еңбек  өнімділігін  арттыру  оны  ұйымдастыруға  да  көп  көңіл  бөлу  қажет:  жұмыс  орындарын  дайындау,  оның  толықтай  жұмыс  жасауы,  еңбектің  арттыруға  басқада  әдістерді  қолдану.

Еңбек өнімділігін  арттыру  мақсатында  Кәсіпорындарда  жұмыс  күшінің  бәсеке  қабілеттілігін,  сапасын  жоғарылату  қажеттілігі  мына  факторлармен  анықталады: 

      • Өндірістік  ресурс  ретінде  персонал  құнының  өсуі;
      • Еңбекті  тиімді  қолдануды  және  ұйымдастыруды  жаңа  әдістерді  талап  ететін  бәсекелестер  тарапынын  қысым;
      • Өндірісті  басқаруда  және  ұйымдастыруда  жаңа  әдістерді  талап  ететін  технологиялық  өзгерістер;
      • Өз  жұмысшыларының  потенциалының  өсіміне  кәсіпорын  басшыларының  әлеуметтік  жауапкершілігі;
      • Автоматтандырылған  жүйелердің  енгізілуі  және  оларды  басқаратын  жұмысшылардың  квалификациялық  деңгейінің  сәйкестілікті  талап  ету;
      • Жұмысшылардың  интелектуалдық  дайындығын  арттырудың  қажеттілігі.

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
  2. ↑ С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8
  3. ↑ С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8

 


Еңбек өнімділігі, мұнай және газ өнеркәсібінде оны арттыру жолдары