Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

Мазмұны

 

Кіріспе..........................................................................................................................4

1 Технологиялық  бөлім

1.1Ұн зауытының майдалау  бөлімін жобалауға берілген бастапқы

мәліметтер....................................................................................................................6

1.2Астықтың сапалық сипаттамасы...........................................................................6

1.3Ұн тарту партиясын  есептеу................................................................................10

1.4Астықтың ерекшеліктерін  зерттеп майдалау процесстерінің  технологиялық схемасының сипаттамасы.........................................................................................12

1.5Ұн тарту зауытының  майдалау бөлімінің технологиялық схемасы бойынша жабдықтарды есептеу және таңдау..........................................................................16

1.6 Майдалау бөліміндегі  астықтың қозғалысының коммуникациясы...............22

2 Құрылыс бөлімі

2.1 Ұн тарту зауытының  майдалау бөліміндегі жабдықтардың қабаттарда үйлесімді орналасуы..................................................................................................25

2.2 Ұн тарту зауытының  майдалау бөлімінің құрылыс параметрлерін анықтау.......................................................................................................................28

2.3 Жобаланатын өндіріс  ғимарат құрылысының жалпы сипаттамасы...............31

3 Энергетикалық  бөлім

3.1 Ұн тарту зауытының  майдалау бөлімінің электр жабдықтары және электр энергиясымен қамтамасыз ету.................................................................................36

3.2 Электрқозғалтқыштың қажетті  және берілген қуатын есептеу......................38

3.3 Өнім алуға жұмсалатын  электрэнергиясының шығынын есептеу.................39

4 Еңбекті қорғау  және техника қауіпсіздігі

4.1 Өндірісте еңбек қорғаудың  маңызы..................................................................41

4.2 Ұн тарту зауытының  майдалау бөліміндегі жабдықтарды жөндеу және оларға қызмет көрсету кезіндегі техника қауіпсіздігі...........................................42

4.3 Өндірістік санитария  және қоршаған ортаны қорғау......................................43

4.4 Өндірістік жарықтандыру..................................................................................45

4.5 Өндірістік шаң.....................................................................................................45

4.6 Өндірістік  ғимараттың микроклиматы.............................................................45

4.7 Өндірістік  шу.......................................................................................................46

Қорытынды................................................................................................................47

Қолданылған әдебиеттер..........................................................................................48

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін  сақтау және өңдеу технологиясы –  бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін  алғашқы рет өңдеу, қайта өңдеу  және оны сақтау жөніндегі ғылым.

Қазіргі кезде, Қазақстанда  технологиялық ғылыми мекемелер мен жоғарғы оқу орындары, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын тексеретін зертханалар бар. Әр алуан шикізаттың сапасына сорттық және оны өсіру жағдайының әсері туралы мәліметтерді студенттер өсімдік шаруашылығы, агрохимия, селекция, егіншілік және тағы басқа пәндердің курсынан алады. Астық сапасына жинағаннан кейінгі өңдеудің және өнімді сақтаудың әсерін ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы, оларды мемлекеттік мөлшерлеу принципі, сондай-ақ әр түрлі өнеркәсіптердің шикізаттарға қоятын талаптары кешенді түрде толық қарастырылады.

Ауыл шаруашылық мамандарын осы курстан өнімнің тұтынушы бағасы жөнінде түсінік алған  соң, соны ескеріп, халықтың қажетіне сай  өнімді өндіруді жоғары тиімділікпен ұйымдастыра алады.

Қазіргі уақытта ғылым  мен техника біршама жақсы  дамығанымен сақтау кезінде жыл  сайын астық шығыны 10-15%, көкөніс  пен картоп – 20-30%, ал кей жылдары 40-50% жетеді.

Сонымен бірге ауыл шаруашылығының өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы күрделі іс. Болашақ ауыл шаруашылық мамандарына өсімдік шаруашылығында азық-түлік сапасын арттыруға және өнімді сақтаған кезде шығынның аса көп болмау жолдарын табуға көмектеседі.

Қазақстанда астық, тұқым  және олардан өндірілетін өнімдер  селекциялық станцияларда, әр түрлі  шаруашылықтарда, элеваторларда, астық  қабылдау жерлерде, ұн, жарма, құрама жем, нан зауыттарында, макарон фабрикаларында, өсімдік майы, крахмал өндіру, сыра қайнату, спирт зауыттарында сақталады.

Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құраушы элементі ұн және жарма өнеркәсібі болғандықтан, оны  дамыту және жаңарту үкімет алдында  маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі  кезде үкімет өз алдына ұн және жарма  өнеркәсібінің техника – өндірістік және техника – қайта жандандыру базаларын  дамыту, қосымша өндірістік қуаттарды енгізуге, енгізілген капиталды  тиімді пайдалану, құрылыстық өндірісті  экономикалық ынталандыру сияқты мақсаттар  қоюда. Жаңа өнеркісіптік кешендерді құрумен  қатар ескі ұн және жарма зауыттарын қайта жобалап салу да жоспарлануда.

Бұл мәселелерді шешу көбінесе жоғары мамандырылған технологтарға жүктеледі. Технологтардың өндірістік өнеркәсіптерді дұрыс жобалауынан оған бөлінген қаражатты қаншалықты дұрыс игергенін көресетеді. Жаңа өнеркісіптерді және қайта жандандырылатын өнеркісптерді жобалау жаңа ғылыми – техникалық жетістіктер, технологиялық процесстер және өндірістік процесстерді автоматтандыру, оған қоса қолданыстағы кәсіптердің тәжірибесі негізінде  жүргізіледі.

Дақыл дәндерінен ұн, жарма  және құрама жем алу технологиясы -  бірімен бірі тығыз байланысқан  астықты тазалап тартуға арналған дайындау, ұнтақтау, майдалау, мөлшерлеу, араластыру және қаптау сияқты негізгі  жүйелерден тұрады.

Дайындалған астықты  ұнға айналдыру тәсілдері мынадай  оперциялардан тұрады: жармалау жүйесіндегі  дәнді жармалау, ұнтақталған заттарды түйіршіктерінің ірілігіне қарай  бөлу, елек пен желдеткішті қолданып жарманы кебегінен айыру, таза жарманы  ұнтақтап ұнаға айналдыру, сортқа бөлу, сапасын тексеру, байыту, қаптау.

Ұн өндірудің технологиялық  жүйелерінің құндылығы астық  пен электр энергиясын тиімді пайдалануы арқылы бағаланады. Мұнда ұн сапасы да ескеріледі. Ұн, жарма және құрама жем шығаруға, астықты үнемді пайдалануға  дәннің технологиялық жүйелердің құамы  және олардың жұмыс істеу ырғақтығы, сондай – ақ технологиялық және тасымалдау жүйелерінің түрі де әсер етеді.

Дәнді ұнға айналдырудың технологиялық  жүйелері, дәннің және дайын азық –  түлік құрамының физикалық, химиялық, биологиялық, т.б. көптеген қасиеттері тығыз байланысты.

Нарықтық экономика кезінде  ұн, жарма және құрама жем өндіру салаларында, осы өнімдерді өндіретін  кіші шағын кәсіпорындар саны жедел  өсіп дамуда. Бірақ бұл зауыттар Кеңес үкіметі кезінен қалған технологиямен қолданатындықтан, дайын  өнім сапасы айтарлықтай жоғары болмайды. Сондықтан соңғы кездері жаңа технологиялар мен жабдықтар  енгізілуде, оған мысал, заманауи сегізбілікті станоктар, біріктірілген сепараторлар  және т.б. жаңа қондырғылар шығарылып  жасалуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Технологиялық бөлім

1.1 Жобалауға арналған бастапқы берілгендер

 

Ұн зауытының өнімділігі – 110 т/тәул;

Дәнді дақыл түрі – жұмсақ бидай;

Ұн тарту түрі – сортты;

Дайын өнім түрі – 85 % - қ наубайханалық ұны

Ұн зауытының бөлімі – майдалау.

 

 

    1.  Астықтың сапалық сипаттамасы

 

Бидай – адам баласы ежелден  пайдаланып келе жатқан ең негізгі  дақыл. Ол жер шарында кең тараған, қазір барлық егіліп жүрген ауыл шаруашылық дақылдарының ішінде бірінші орын алады. Бидайдың мұндай кең тарауына, тек  соның ғана химиялық құрамында болатын, сумен қосылып клейковинаға айналатын  ақуыздардың болуы. Осының арқасында  бидайдың ұнынан нан, макарон сияқты тағамдар пайдалануға болады. Бидай  ұнынан пісірілген нан дәмді, басқа  дақылдардың ұнынан пісірілген нанға  қарағанда өте сіңімді болады.

Бидайдың тағамдық қасиеттеріне байланысты олардан жоғары аса бағалы ұн алады. Ұнның шығымына және сапасына дәннің химиялық құрамы мен техологиялық қасиеттері, ал бұл қасиеттер дәннің сорттық ерекшеліктеріне, оның  өсіп – өнген ортасына, топырақтың құрамы мен ауа райына байланысты өзгеріп  отырады.

Астықтың технологиялық  қасиеттері – дәннің барлық физикалық, химиялық қасиеттері мен сапасын, оның ұнға айналу кезіндегі сипаттамасын, ұнның жалпы шығымын және оның сапасын айтады, сондай – ақ энергия  шығыны жатады.

Бидайды тиімді пайдалану  үшін технологиялық қасиеттерін  әрдайым анықтап тұру керек. Бидай  эндоспермнің шынылылғына, түріне (жұмсақ және қатты), жаздық немесе күздік нысандарына, дәннің түсіне (қызыл және ақ), ал қара бидай құрылысына, өндірілетін аумағына қарай типке бөлінеді.

Астықты қабылдау және ұн тартуға  дайындау кезіндерінде бидайдың күшіне едәуір көңіл бөледі. Өйткені күшті  бидайдан сапалы және наубайханалық  қасиеттері жоғары ұн алуға болады. Наубайханалық күшіне қарай жұмсақ бидай күшті, орташа және әлсіз деп  үш топқа бөлінеді.

Күшті бидайдан алынған ұннан  қамыр илегенде ол суды көп сіңіреді. Осы қамырдан пісірілген нан сапалы, көлемі үлкен болады. Ол ашып жетілу үшін көп уақытты қажет етеді, нанның қабығы жұқа болады.

Күші орташа бидайдан да наубайханалық сапасы жақсы ұн алуға  болады.

Күші әлсіз бидай ұнының наубайханалық қасиетін жақсарту үшін күшті бадайдың ұнын қосу керек.

Дәнің шынылығы мен басқа  көптеген қасиеттері оның наубайханалық  сапасын бағалайтын көрсеткіштер. Дәннің шынылығымен оның проценттік мөлшері  бидайдың сортты ұн тартуға жарамдылығын және ұн тартқанда жүретін процесстердің  ырғағын ретімен анықтайды.

Дәннің ұн  тартуға  әсер ететін көрсеткіштер дәнді ұнтақтап, ұнға айналдыру кезінде ұнның  шығымы мен сапасына, электр энергиясының шығынына үлкен әсер етеді.

Дәннің шынылығы. Бидайдың технологиялық қасиеттері, ең алдымен  бидай ұнының қиыршық болып келуі, оның шығымдылығының жоғары болуы бидай  дәнінің шынылығына байланысты. Бидай  дәнінің эндоспермінің ұлпаларының  өзара байланысы әр түрлі болуына  байланысты әр дән екі түрлі құрылымда  болады. Шынылығы жылтыр және ұн тәрізді  ақ құрылымдар. Кейде ол екеуінің арасындағы жартылай шынылықты түрі де кездеседі.

Эндосперм шынылығы немесе ұн тәріздес болуы оның құрамындағы  крахмал түйіршіктерінің формасына, орналасқан орнына, құрамына, санына және ақуыздық заттардың санына байланысты болады. Мұның бәрі бидайдың ботаникалық  түріне, сортына байланысты өзгеріп  тұрады.

Дәннің ірілігі және біркелкілігі. Біркелкілік деп астық қоспаларының ішіндегі барлық дәннің бірдей ірілігі, ылғалдылығы, тазалығы, түсі, химиялық құрамы және тағы да басқа көрсеткіштері  бойынша біркелкі болуын айтады. Біркелкілік  астықтың ылғалдылығын анықтауда ерекше орын алады. Егер бірнеше кішігірім  партиялардың ылғалдылығы біркелкі болса, оларды бір бірімен қоса беруге болады. Егер астықтың үлкен тазартылған  және құрғатылған партиясына аздап  болса да ылғалдылығы жоғары астық  қосылып кетсе, сол арада белсенді аймақ пайда болып, астықтың қыза бастауына себепші болады. Ылғалдылығы  жоғары астықтың тыныс алу процесі  жиілеп, жылу бөліне бастайды да, біраз  уақыттан соң өзінен-өзі қызу процесі  басталып кетеді. Өндіріс орындарында  бидайды тиісті елеуіштерден елеп, біркелкіліктің процентін табады. Содан  кейін әр елеуіштен өтпей қалған массаны немесе екі елеуіште қалған дәндердің массаларының қлсындылары  арқылы бағаланады.

Мың дәннің массасы. Мың дәннің массасын анықтау көбінесе тұқымға  арналған астықтың сапасын тексергенде  қолданылады. Бұл оның эндосперміндегі қоректік заттар қорының көп екенін, дәннің толықтығын көрсетеді. Дән ірі болған сайын оның эндоспермі мен қабыршақтарының арасындағы қатынас өсе береді.

Бұл көрсеткіш дәннің ірілігін, біркелкілігін көрсетеді. Сондықтан  оны дәннің ұнға айналу қасиетінің көрсеткіші деп есептейді. Егер мың  дәннің салмағы жоғары болса, онда одан алынатын сапалы ұнның түсімі де көп  болады.

Дәннің тығыздығы. Тығыздық көрсеткіші дәннің сапасының салыстырмалы көрсеткішінің бірі. Толық піскен толған дәнінің ішіндегі химиялық заттар өзара тығыз орналасады да, оның орташа тығыздығы жоғары болады. Егер астықтың ішінде әр түрлі жеңіл немесе ауыр қосындылар болса, оларды да осы  қасиеттерінің айырмашылықтарын пайдаланып бөліп алуға болады. Астықты қоймаға  құйғанда өздігінен жіктелуі мүмкін. Бұл оның жақсы сақталуына әсерін тигізеді.

Дәннің тығыздығына оның химиялық құрамынан басқа оның ұлпаларының  арасында ауаның болуы, шынылығы, ылғалдылығы  және басқа да көптеген жағдайлар  өздерінің ықпалын тигізеді.

Дәннің күлділігі. Бұл  көрсеткіш дәннің құрамындағы минералдық заттардың мөлшерін көрсетеді. Дәнде  минералдық заттар әр түрлі орналасады. Көбінесе олар дәннің алейрон қабатында, қабыршақтарында, тұқым бүршігінде орналасады, ал эндоспермде олардың  мөлшері аз болады. Бұл заттар дәнді  ұнтақтаған кезде қабыршақпен бірге  кебекке шығып кетеді де ұнның  күлділігі төмендейді. Сондықтан  ұнның сапасын оның күлділігі  арқылы бақылайды. Бұл тек жорамал  баға болып есептеледі.

Дәннің наубайханалық  қасиеттерін бағалайтын көрсеткіштер. Олар дәннің технологиялық қасиеттерін  бағалауға керекті көрсеткіштердің  ішіндегі, ерекше маңыздысы. Олардың  ең маңыздысы сағыз мөлшері мен  сапасы. Дәннің сағызы нәруыздың суға ерімейтін бөлшектерінен тұрады. Оның құрамында нәруызбен мықты  байланысқан аздаған крахмал, май  және басқа заттар бар. Сағыз көбіне нәруыздан тұратын болғандықтан ұнның мөлшері мен сапасы сағыздың мөлшері мен сапасымен байланысты болады. Сағыздылықтың сапасы да құбылмалы  көрсеткіш. Ол бидай сортының ерекшелігіне, ауа-райы мен жер жағдайларына, астықты  қабылдау, тазалау, сақтау ережелерінің ерекшеліктеріне және тағы да басқа  көптеген ұйымдастыру шаруашылық әрекеттеріне байланысты.

Дәннің сапасын білу үшін сағыздылығы бойынша үш топқа  бөледі:

1. Сағыздылығы өте қатты, серпімді, ақ түсті, созылмалдылығы орташа.

2. Сағыздылығы орташа, серпімді, созылмалдылығы орташа немесе ұзын.

3. Сағыздылығы төмен,  созылмайтын, үгітілгішғ, қоңыр түсті.

Сағыздықтан басқа наубайханалық  қасиеттерін бағалайтын қамыр ашығында газ шығару мүмкіндігі және қамырдың физикалық қасиеттері ескеріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3  Ұн тарту   партиясын есептеу

Ұн зауытының бірқалыпты жұмысының дәнді пайдалану дәрежесін  төмендету үшін ұнның сапасын  түсіру үшін, астық қорын тиімді пайдалану үшін элеваторда ұн тарту  партиялары құрылады. Бұл ұн тартулар ұн зауытының үздіксіз жұмысын он тәулікке қамтамасыз етеді.

Астық қабылдау пункттеріне  әр түрлі партияларын, әр түрлі типтті, сортты астық келіп түседі. Түскен астықтың әрбір партия жеке өңдеген  кезде алынатын ұн партия сапасы әр түрлі, сондықтан ұн тарту партияларын  құру нәтижесінде ұн зауытының тұрақты  жұмысын және алынатын ұн сапасының  бір деңгейде қалыптасады.

Технологиялық қасиеттері төмендейді, дәнді сапасы жақсы дәнімен араластыру кезінде қалыпты сападағы ұнды алуға  болады.  Жаңа жиналған бидайды өткен жылғы бидаймен араластырып пайдаланған жөн. Технологиялық қасиеттері әр түрлі астықты бөлек бөлек сақтаған дұрыс. Мысалы: бидайдың I, III, IV типтері (жұмсақ) бөлек орналастырады.

  • Натурасы бойынша:
  • 750 г/л-дан жоғары;
  • 700-750 г/л;
  • 700 г/л-дан төмен;
  • Ылғалдылығы бойынша:
  • дымқыл;
  • орташа;
  • Өңдеген дәннің мөлшері бойынша;
  • Қалдықтарының мөлшері бойынша;
  • Шынылығы бойынша;
  • Сағыздылығының мөлшері мен сапасы бойынша;

Астықтың келесі түрлері  орналастырылады:

  • ылғалдылығы (айырмашылығы 1,5 % аспау керек);
  • төмен күлділікті дән мен жоғары күлділікті дән;
  • шынылығы әр түрлі (50-60% алу үшін);
  • сағыздылық көрсеткіштері бойынша әр түрлі дән;

Өнімділігі төмен ұн зауыттарында сапа көрсеткіштері әр түрлі болатын  партияларды бөлек ағынымен бөледі. Бұл ағындағы бөктіру бункерлерінен  кейін біріктіреді.

Ұн тарту партияларын  келесі көрсеткіштері бойынша есептейді:

  • шынылығы;
  • ылғалдылығы;
  • күлділігі;
  • сағыздылық мөлшері;

Ұн партиясын бірнеше  әртүрлі компоненттер құрайды. Көбінесе қоспада  екі компонент кездеседі, кейде олардың саны үш немесе төртке жетеді. Партия құрамын әрбір компоненттің мөлшерін есептеу арқылы анықтайды. Компоненттерді араластыру барысында олар біртекті қоспа түзуі тиіс. Әрбір компоненттің мөлшерін орта мәні арқылы анықтайды. Ұн тарту партиясын құру үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қоспаның сапа көрсеткішінің орта мәнін анықтайды. Ұн тарту технологиясында бұл көрсеткішті анықтағанда, әдетте, өндірістік қоймалардағы астықтың мөлшеріне, оның сапасы мен қоймадағы астықтың біркелкі пайдаланылуын есепке алады. Астықты шынылығы бойынша араластырғанда, оның орта мәнінің шынылығы 50% жетсе, қанағаттанарлық нәтиже деп есептейді. Шикі желімділігінің мөлшері бойынша араластырғанда нан шығымының оптималды мәніне немесе  астық желімділігінің сапасы 2 топтан кем болмауына қол жеткізеді.

Екінші кезеңде астық  партиясының массасын анықтайды. Мұны есептегенде технологиялық және наубайханалық қасиеттері жоғары оптималды астық мөлшерінің болуына басты назар аударады. Үшінші кезеңде қажетті есептеулерді жүргізеді, екі компонентті қоспаны есептеуге қажетті бастапқы мәліметтер: м - ұн тарту партиясының астық массасы; х - араластыру жүргізілетін астық сапасының орта мәні. Шынылығы 30% ұн тарту қоспасын құру қажет.  Осыған орай астық қоймаларынан жұмсақ бидайдың келесі сорттарын аламыз:

  • Вятка-2, шынылығы 35% (1-құрамалы бөлігі);
  • Харьковтік 55,шынылығы 33% (2 құрамалы):
  • Онохой, шынылығы 31% (3 құрамалы ).

Есептеудің негізі келесі ережеге негізделеді: әрбір партиядағы астық мөлшерінің,жеке партияның  шынылығының өзгерісіне қатынасына кері пропорционал етіп аламыз.

 

Есептеу элементтері

Құрама бөліктері

1

2

3

1

Шынылығы,%

33

31

27

2

Араластыру кезінде 
шынылықтың өзгерісі,%:

1 және 2 құрама бөлік

 

35-30=5

 

33-30=3

 

-

 

1 және 3құрама бөлік

35-30=5

-

31-30=1

3

Құрама бөлік болған жағдайдағы қоспадағы компоненттердің есептік  арақатынасы

1және 2

1 және 3

 

 

 

5

5

 

 

 

3

-

 

 

 

-

1

4

Қоспадағы әрбір құрама бөліктің есептік арақатынасы

5+5=10

3

1

5

Ұн тарту қоспасындағы құрама бөліктердің қосындысы

10+3+1=14


 

Қоспадағы әрбір құрама бөліктің массасын анықтау үшін келесі формуланы  пайдаланамыз.

 

 

Қажетті көрсеткіштерді орнына қою арқылы келесі шамаларды аламыз:

                      Q1=100*10/14=71,43%

                      Q2=100*3/14=21,43%

                      Q3=100*1/14=7,14%

 

 

1.4  Астықтың  ерекшеліктерін зерттеп, өңдеуге  майдалау процестерінің технологиялық  схемасының сипаттамасы

 

Диірмендерде дәнді ұнтақтау үшін білікті станоктар қолданылады. Ол екі бөлімнен тұрады. Әр бөлімінде  бірінен – бірі қарама – қарсы, әр түрлі жыламдықпен айналып  тұратын цилиндрлік біліктер орналасқан. Цилиндрдердің үстіне оның ұзын бойына арнайлы станокпен тістер жасалған. Ол тістердің бір жағы жайпақ, екінші жағы өткір  бұрыштардан тұрады. Бұл екеуінің арасында өткірлік бұрыш  шығады. Екі білік біріне – бірі қарсы бағытта айналғанда олардың  тістері бірімен  - бірі өткір  тістері немесе жайпақ бұрыштары  арқылы айқасады да дәнді үгітеді.

Көбіне жылдам айналатын  біліктің жылдамдығы 6 м/с–ке  тең  болуы керек. Егер ұнтақтау кезінде  дәннен және оның бөлшектерінен ірі  қиыршықтар алу керек болса, оны  жармалау дейді де жармалайтын станокты елегімен бірге жармалау жүйесі деп  атайды. Бірімен- бірі жалғаса орналасқан бірнеше жүйені – жармалау жүйесі деп атайды. Жармалау жүйелерін – I ж.ж., II ж.ж., III ж.ж., т.б. яғни рим сандарымен белгілейді. Егер жармалау жүйесінен  алынған қиыршықтар ұнтақтап ұнға айналдыру мақсаты қойылса, оны ұнтақтау жүйесі деп атайды. Оның құамына бірнеше (2-12) жүйе кіреді. Ұнтақтау жүйерлерін – 1 ұ.ж., 2 ұ.ж., 3 ұ.ж., т.б, яғни араб сандарымен белгіленеді. Ұн жүйесінің құрамына білік станогымен қатар, ұнталған бөлшектерді сорттайтын елеуші тобы (рассевтер) кіреді.

Ұнталған өнімдерді ірілігі  бойынша бөлу негізгі процесстердің  бірі.

Білікті станоктарда ұнтақтау нәтижесінде ірілігі бойынша  әр түрлі заттар пайда болады. Осыған байланысты сорттау оперцияларының жұмысы қиындайды. Егер елеуші машиналарына біркелкі өнімдер түссе, онда олардың  жұмыс тиімділігі  жоғары болады. Елеп бөлу операциясының жұмыс тиімділігін  арттыру үшін еленетін өнімдерді  алдын ала фракцияларға бөлген өте  тиімді.

Майдаланған заттарды бөлу үшін саңылауы әр түрлі елеуіштер  – рассевтер қолданылады.

Електерді металл сым, капрон, жібек, жібек капронды және снтектикалы  материалдардан тоқиды. Синтетикалық материалдар: капрон, нейлон, поиамидтер.

Ұнтақтауда сапасы және ірілігі  бойынша әр түрлі аралық өнімдер  алынады. Осы өнімдерді ірілігі  бойынша бөлу үшін тиісті електер  қолданылады.

Аралық өнімдердің жіктелуі:

  • Жармалар: - ірі;

                          - орта;

                           - ұсақ;

  • Жармашық:  - қатты;

                             - жұмсақ;

  • Ұн.

 

 Ұнтақталған заттарды  ірілігі бойынша бөлу үшін  рассевтер қолданылады. Рассевтерде  және олардан алынатын өнімдерге  байланысты, олардың елену қозғалысы  әр түрлі болады. Осыдан сорттаудың  бірізділік, параллель және құрастырылған  технологиялық схемалары келіп  шығады.

Сызбанұсқаларды құрастыруды  арқылы рассевтің бірнеше схемаларын жасайды. Қазіргі технологиялық  процесс бойынша ұнтақталған  өнімдер бірнеше рет сорттауды  қажет етеді. Мысалы, көп сортты ұн тартуда алғашқы жармалау жүйелерінде  мейлінше көбірек жармалармен жармашықтарды  алуды қарастырады. Ол үшін дәнді  білікті станоктарда майдалап рассевтерде  елейді. Ұнтақтау процессіндегі мақсат – осы алынған жармалармен  жармашықтарды ұнтақтап ұн алу. Сондықтан сорттау процесін құрастыруда айырмашылықтары болады. Технологиялық процесттің этаптарында рассевтің әр түрлі схемаларын қолданылады. Рассевтің технологиялық схемасы електреді құрастыруға және олардың, орналасу ретіне байланысты.

Қазіргі кезде өнімдерді  сорттау үшін ЗРШ – 4М және Р3-БРБ  типті рассевтер қолданылады. ЗРШ  – 4М типт рассевтің төрт, ал Р3-БРБ  рассевінің жиырмадан астам схемалары  болады. БРБ рассевінің ерекшелігі технологиялық схемасының ір түрлі  болуында.

Рассевтің бірінші схемасынан  6 модификацияны жасайды, оларды бидайдан сортты ұн тартуда жармалау процесінде аралық өнімдерді сорттауда қолданады. Осы схема арқылы ірілігі бойынша  өнім алынады.

2-типтің 13 нұсқасы технологиялық  схемалары болады. Елеу барысында  төрт ағым алынады – екеуі  ірі сырғымалар және екі өтім  болады. Бұл схемалар ұнтақтау, сорттау  және қырғылау процестерінде  қолданылады.

Р3-БРБ рассевінің типінен  екі технологиялық схеманы құрайды, оларды ұнты тексеруде қолданады: сырғыма  және екі өтім алынады.

Жармалау жүйесінен алынған  жармалардың сапасы ауалы електі қолданып жақсартуды талап етеді. Өйткені, оның құрамындағы сапасы әр түрлі  заттардан: таза қабыршақтардан арылған  эндоспермнен және бос қабыршақтардан тұрады. Олардың мөлшері біркелкі болғанымен ауалық қасиеттері әр түрлі. Сондықтан ауалы електі қолданғанда, жеңіл бос қабыршақтар желмен ұшып кетеді, ал ауыр, таза, қабыршақтарынан  арылған эндосперм електен өтіп, ажарлау жүйесіне түседі. Оны қабыршақтардан тазаланып, ұнтақтау жүйесіне жіберіледі.

Қырғыма жүйесіне түсетін  жармалардың бетінде эндосперммен тығыз байланысқан қабыршақтар  болады. Олардан ажырату үшін жармаларды ажарлау жүйесінің білікті станогына  түсіреді. Онда жарманың бетін біліктер тісімен қырып, қабыршақтарынан  ажыратады. Содан кейін қайтадан ауалы – елекке жіберіп, қабыршақтарынан  желдің көмегімен тазалайды, таза жармалар ұнтақтау жүйесіне түседі. Бұл алынатын ұнның сапасын жақсартып, сапалы ұнның шығымын көбейтуге мүмкіндік  тудырады. Қырғылау жүйесі 4 – 5 жүйеден  тұрады. Олардың біреуі сырғыма заттарды тазалауға арналған. Оған басқа ажарлағыштардан  алынатын сырғымалар және ауалы електен  алынатын сырғымалар түседі. Қырғылау жүйесі ауалы елек жүйесімен тығыз  байланысты. Өйткені екеуінің де міндеті  – жарманың күлділігін азайтып, сапасын  жақсарту. Қырғылау жүйесінде жоғары ұнтақтау ретін қояды. Өйткені, одан аз ұн алуға тырысады. Ұнның шығымы әр жүйеде 10 -15% жарма мен жармашықтардың мөлшері  70 – 80% болуы керек.

Қырғылау жүйелеріне жармалау жүйесінен алынған және желді  елек жүйесінде тазаланған жармалар түседі. Қабығынан ажыратылған жармалар ауалы елекке қайтадан тазалауға  жіберіледі, күлділігі төмен жармашықтар  жоғары сортты ұнға ұнтақтау үшін бірніші  және екінші ұнтақтау жүйелеріне түседі. Сондықтан одан алынатын жармашықтарды 1 – сорт  ұн алу үшін 4 – ұнтақтау жүйесіне жібереді.

Барлық жүйелерден ұн алу  үшін  № 46к – 49к капрон електерін  қолданады.

Ұнтақтау жүйесі дәнді  ұн тартудағы соңғы операция болып  есептеледі. Оның негізгі  міндеті  – тазалап дайындалған ұсақ жарма  мен жармашықтарды ұнтақтап, ұнға айналдыру. Негізінен ұнтақтау жүйесінің  құрамы 8 -10 ұнтақтау жүйелерінен  және  1 - 2 – сырғымалы жүйелерден тұрады.

Әр түрлі сападағы, әр түрлі ассортименттегі ұнды өндіру үшін түрлі ұн тартулар қолданылады.

Ұн тарту дәнді ұнға өндеу кезіндегі технологиялық  процесстің және операцияладың өзара  байланысты түрде белгілі бір  тізбек бойынша жүргізу. Әрбір ұн тарту белгілі бір құрылымда  болып, бірнеше кезеңдерден және жүйелерден құрылады. Біркелкі өнімді бір машинада немесе бірнеше машиналардан тұратын топта өңдеуді жүйе деп  атайды.

Қазіргі диірмендегі қарабидайдың обдирлі ұн алудың технологиялық процесі қиын емес. Олар IV-V жармалау жүйесі мен 1-2 ұнтақтау жүйелерінен тұрады. I, II, III, IV жармалау жүйелеріндегі білікті станоктардан кейін майдаланған өнімді қосымша өңдеу үшін бичті машиналарды қолданылады.

V жармалау жүйесінен шыққан  майдаланған сырғыма өнімін үгіту  үшін БВУ маркалы бичті машинасын  қолданылады. Ірі өнімді I, II жармалау  жүйелерінде бөліп алады. 1-ұнтақтау  жүйесіне I, II жармалау жүйелерінің  сырғымасы келіп түседі. Бұл ұн  тарту технологиялық процесінде 1 см-ге келетін тістер саны  ережеге сәйкес келесідей қабылданады:

Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі