Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғаудың ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе…………………………………………………………… |
6 |
1 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: жалпы сипаттамасы мен құқық реттелуі....... |
9 |
1.1 Еңбек ету бостандығы адамға
және азаматқа тән құқықтардың бірі ретінде....................... |
9 |
1.2 Еңбек саласындағы |
18 |
1.3 Еңбек саласындағы |
24 |
1.4 Қазақстан Республикасы мен шет елдердің еңбек саласындағы конституциялық құқықтар…………………………………………………... |
34 |
2 Еңбек саласындағы
конституциялық құқықтар мен
қағидаларды сот арқылы |
40 |
2.1 Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғау механизмі……………………………………………………. |
40 |
2.2 Еңбек дауларын қарау кезіндегі
тараптардың іс жүргізу құқығының ерекшеліктері…………………………………………… |
54 |
Қорытынды……………………………………………………… |
64 |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………… |
67 |
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Заман озып, өмірге нарықтық қатынастардың енуі, сан алуан меншік формаларының орнығуы, шаруашылық жүргізудің соны тәсілдері пайда болуы, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі, еңбек рыногының қалыптасуы сияқты әлеуметтік-экономикалық жаңа жағдайлар еңбек қатынастарының мазмұнына және оның субъектілерінің құқықтық жай-күйіне елеулі өзгерістер енгізді әрі, сонымен бір мезгілде, “еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар” дейтін санаттың (категория) мазмұны да түбегейлі өзгеріске ұшырады. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизацияның күшеюі жолында» деген Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетіміздің ары қарай дамуының бас сызығын былай анықтады: «Қазақстан өз азаматтарына арналған жоғары өмір стандарттарын жасап, әлемдегі нәтижелі дамитын елдердің тиісті санатына кіруі тиіс» деген болатын [1].
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында – еліміздің экономикалық және саяси дамуындағы түбегейлі жаңа кезең. Қазақстанды одан әрі жаңарту мен демократияландыруды – күн тәртібіндегі мәселе етіп қойған [2].
Мемлекеттік кәсіпорындармен қоса толып жатқан кооперативтердің, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерінің пайда болуы еңбекшілердің жаңа әлеуметтік қауымдастығын - өздері еңбек ететін кәсіпорындар алдында міндеткерлік құқығы бар, жұмыс істеуші “меншік иелерін туғызды”. Еңбекті басқаруды орталықсыздандыру мен кәсіпорындардың толық шаруашылық дербестігі жағдайында еңбекке қатысты іс-әрекеттің бұрын заңмен реттеліп келген көптеген шарттары тараптардың өзара келісуімен белгіленетін болды. Еңбек қатынастарының субъектілік құрамының кеңеюіне, меншік құқығы объектісінің еңбекке жарамдылықты мойындауына, жұмыс істеушілерді меншік қатынастарына қосуға байланысты құқықтық даму үрдісі тек азаматтық заңнаманы ғана емес, еңбек заңнамасын да елеулі түрде өзгерту қажеттігін туғызды.
Еңбек құқықтық қатынасы теңдік пен билік-бағыныстылық қатынастарының синтезінен тұрады, ал оның құрамында мүліктік те, сонымен бірге мүліктік емес те ұйымдық және іс жүргізушілік қатынастар болады. Құқықтың біте қайнасқан салалары болғандықтан еңбек құқығы мен азаматтық құқық біріне-бірі ұдайы ықпал етіп отырады. Айталық, еңбек заңнамасы азаматтық заңнаманың бірталай әдіс-амалдарын, реттеуіш тетіктерін пайдаланады; олар, мәселен, құқықтар мен міндеттерді айқындаудың баламалы сипаты, құқық қатынастары субъектілерінің еңбек шарты мен келісімін жасау кезіндегі тең жағдайы тағысын тағылар.
Өкінішке орай, экономикада болып жатқан жаңғыртулар құқықтың онымен тығыз байланысты осы саласында дәл соған барабар деңгейде көрініс таппай отыр. Еңбек заңнамасы бүгінде “Авгийдің ат қорасынан” аумайды: оның былығы мен шылығы бастан асады, заңдық үкім органдарының құқық қолданушылық практикасы әр алуан және қайшылықты, еңбек құқығының бірсыпыра қағидалары әлдеқашан ескірген, теориялық тұжырымдарының көбі дәлелдеуді және дамыта түсуді қажет етеді.
Еңбек құқықтық қатынастары саласында
елеулі проблемалар пайда болды.
Еңбек заңнамасы мен оны
Азаматтардың еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды қорғау механизмі жөніндегі соттардың ролі барған сайын артып келеді.
Азаматтардың еңбек ету
Ғылыми тұрғыдан алғанда диплом тақырыбының өзектілігі, ең алдымен, еңбек заңнамасының реформасына, еңбек құқығының жаңа тұрпатты теориясын жасау қажеттігіне байланысты. Бұл орайда әсіресе, барлық азаматтардың еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтарын реттеудің және оны сот арқылы қорғаудың теориялық және практикалық проблемаларын зерттеу қажеттігі аса зор маңызға ие болады. Кәсіпорындар алдында міндеткерлік құқығы бар жұмыскерлердің еңбек қатынастарын құқықтық реттеудегі айқын тұғырнаманың болмауы олардың еңбегіндегі құқықтық кепілдіктің деңгейін төмендетеді, құқық қолданушылық практикасында қайшылықтарға алып келеді.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Еңбек ету құқығы проблемалары бойынша бірқатар теориялық және практикалық материалдарды, монографиялық нұсқауларды, ресми құжаттарды, әр түрлі жарияланымдарды зерттеп-зерделеу нәтижесінде дипломант бұл тақырыптың алуан қырына байланысты өз топшылаулары мен тұжырымдарын ұсынды. Ол үшін қаралып отырған мәселе бойынша осыған дейін байыпты зерттеулер жүргізіп, байсалды пікір айтқан отандық және ресейлік зерттеушілердің ізденістері еңбектің арқау жіптей өзегіне алынғанын айту керек.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында айрықша мәні бар тақырыптың теориялық және практикалық проблемаларын талдауды, қолданыстағы еңбек заңнамасын және оны қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар тұжырымдауды көздеді.
Осыдан келіп, диплом жұмысында мынадай міндеттер қойылып, шешімін тапты:
- еңбек ету бостандығы адамға және азаматқа тән құқықтардың бірі ретінде зерттеу;
- еңбек саласындағы
- Қазақстан Республикасы мен
шет елдердің еңбек
- еңбек саласындағы
- еңбек дауларын қарау кезіндегі тараптардың іс жүргізу құқығының ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының объектісі. Еңбек саласына қатысты қағидалар мен құқықтарды конститкуциялық-құқықтық қатынастар арқылы қорғау және реттеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, алты бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын құрылымы зерттеудің мақсаттары мен міндеттерінен туындайды.
1 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: жалпы сипаттамасы мен құқық реттелуі
1.2 Еңбек саласындағы
Құқық теориясының, оның ішінде еңбек құқығы теориясының қазіргі даму деңгейінде құқық қағидасына деген жалпы, өзара келісілген, бір ортақ көзқарас әлі де қалыптаспаған. Кездесетін тұжырымдамаларды негізгі үш топқа бөлуге болады: біріншілері, құқық қағидасының құқық нормаларында белгіленгеніне немесе белгіленбегеніне қарамастан негізгі бастапқы идея болып қала береді дейді [11, 82б.]. Екіншілері, құқық қағидасының идея арқылы анықталуына, белгіленуіне қарсы екенін білдіреді [4, 56б.]. Ал үшінші топ зерттеушілерінің көзқарасына сәйкес, құқық қағидасы – бұл қоғамдық қатынастарды реттеудің жалпы бағыты мен мазмұнын анықтайтын, заңнамада бекітілген негізгі бастама, идея [12, 30б.].
Көзқарастардың бір-біріне сәйкес келмеуіне, олардың әртүрлі болуына қарамастан, құқық қағидалары қоғамдық қатынастарды, оның ішінде еңбек қатынастарын реттеу аясында әрекет етеді. Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидасы осындай құқық қағидаларының қатарына жатады. Бұл қағиданың барынша терең сараптамасы өткен ғасырдың 60-80 ж.ж. келеді. Кезінде С.А. Иванов жұмысшылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидасын еңбек құқығының кең түсінігі ретінде талқылай келе, оны еңбек құқығының негізгі мағынасы деңгейіне дейін жоғарылатып, көтеріп, еңбек құқығының табиғаты мен мазмұнын көрсетеді деп санаған. Бірақ мұндай көзқарас зерттеушілердің барлығының қолдауын таппады.
Қазіргі уақытта бұл қағиданы зерттеу үзінділік түрде кездеседі немесе дәл осы қағиданың даму динамикасына қатысты емес, аталмыш қағиданың кейбір жақтарына ғана, кейбір бөліктеріне қатысты. Қағиданың мәні мен маңыздылығы дамитын, өзгеретін үрдіс болып табылады, яғни ол уақыт ағымына байланысты мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістермен тығыз ара-қатынаста болады, олармен бірге өзгереді. Қазақстандық зерттеушілер жұмысшылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидасына көп көңіл бөлмеген, тек еңбек құқығының басқа мәселелеріне арналған кейбір еңбектердің бір бөлімі ретінде ғана қарастырған [13, 43б.]. Сондықтан бұл қағиданың қазіргі уақыттағы теориялық аспектілерін қарастыру өзекті болып табылады.
Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу
тетігінің мәні мен ішкі бірлігін
білдіретін ғылыми және құқықтық санат
ретіндегі еңбек құқығының
"Принцип" ұғымы (латынша ргіпсіріит - басталу, негізі) адамдардың жүріс-тұрысындағы бастау, басшы идея, негізгі ереже дегенді білдіреді.
Құқыққа (оның ішінде еңбек құқығына) қатысты алсақ қағидат орталык ұғым болады, себебі ол барлық құқыктық жүйенің негізіне алынған. Қорытып жинақталған түрінде қағидат өзі туындаған құқықтық жүйенің мәндік сипатын өзіне жинақтайды. Осыған сәйкес еңбек құқығының қағидаты негізге алынатын, бастаушы бастама, ол осы саланың жөне оның институттарының құқықтық нормаларының мәні мен ішкі үйлесімділігін білдіреді.
Қағидат (принцип), еңбек құқығы жүйесінің негізге алынатын элементі ретінде заңнамада міндетті түрде көрсетіліп, бекітілуге тиіс. Бұл жағдайда ол құқықтық қағидатқа айналады. Заң ғылымында құқық қағидаттары — құқықтың нормативтік-жетекші бастамасы деген пікір бар. Қағидатты нормативтік бекітуден бас тарту оны құқықтық сана немесе ғылыми санат саласына ауыстыруға тікелей байланысты. Құқықтық санада адам ойына баға беру элементі ғана бар (мысалы, еңбек туралы қандай да бір заң актісінің тиімділігін бағалау), ал ғылыми санат ретінде қағидат идеяларды, пікірлерді теория жүзінде іске асыру деңгейінде қалады. Бұл екі жағдайда да қағидат өз міндетін жоғалтады, себебі практика жүзінде іске аса алмайды.
Құқықтық қағидатгар дегеніміз заңда бекітілген баскарушы ережелер. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабындағы 2 тармақ осы ойымызға дәлел, онда республика қызметінің негізгі қағидаттары ез бекімін тапқан, ал "Адам және азамат" деп аталатын 24 бабында басқарушы идеялар азаматгардың еркін еңбек ету, кәсіпті және қызметгі, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайын таңдауға; өзін кемітпестен еңбегіне лайық ақы алуға, демалысты пайдалануға құқығы арқылы көрініс табады.
Азаматтардың еңбекті қолдану саласындағы негізгі құқықтарын қағидатгармен тендестіруге болмайтындығын ерекше атап өткен жөн, себебі олар саланың құқықтық жүйесін сипаттаудың әртүрлі деңгейінде тұр. Қашдаттарды азаматтардың негізгі еңбек құқығы түріңде қалыптастыру олардың өзара ерекшеліктерін жояды. Нақты субъективтік құқық, сонымен қатар, енбек қатынастарын реттеудің басқарушы ережесі де (принципі) бола алмайды. Егер қағидатгар еңбек құқығы жүйесі нормаларьшың мәндік қасиеті мен ішкі үйлесімін білдірсе, онда азаматтардың негізгі еңбек құқықтары мен олар бекітілген құқықтық нормалар сол мөннің көрініс табуының сыртқы формасы болады.
Сонымен қатар еңбек құқығының қағидатын құқықтық нормадан ажырата білу керек. Қағидат еңбек құқығы субъектілері бағытының жалпы ережесін, жалпы мақсатын ғана анықтайды, ол субъективтік құқықтардың мазмұнын, еңбек қатынастарына қатысушылардың заңи міндеттерін нақтыламайды. Құқықтық қағидаттарда құқық нормаларына тән элементтер болмайды (гипотеза, диспозиция, санкция). Сондықтан да, құқық қағидатгарының көмегімен еңбек қатынастарын толықтай ретгеу мүмкін емес. Сонымен қатар құқықтық нормалар еңбек құқығының жүйесіндегі басқарушы идеяға бағынуға және сәйкес келуге тиіс.
Еңбек құқығы қағидаттарының сипаттамасында тағы да бір маңызды жақты бөліп қараған жөн. Аталып өткендей, қағидаттар жалпы еңбек құқығы саласында жене оның кейбір институттарында құқықтық нормалардың ішкі байланыста және үйлесімділікте болатынын көрсетеді. Бұл сапада критерийлер құқықтық реттеудің мәнімен және әдістерімен қосылып еңбек құқығын ұлттық құқықтың басқа салаларынан шектеудің дербес және объективтік критерийі бола алады. Құқықтық критерийлерді еңбек құқықтарын ұлттық құқықтың басқа салаларынан бөлектеудің объективтік критерийлеріне жатқызудың теориялық жоне практикалық зор маңызы бар. Теориялық түрғьда бұл біздің еңбек құқығы саласының қалыптасу тетігі мен өзінше жұмыс істеуіне қатысты білімімізді кеңейтуге, ал практикалық тұрғыда мемлекеттік органдардың норма жасау қызметінде арнайы бағдар болуға, Қазақстан Республикасында еңбек қатынастары мен еңбек заңнамаларын реформалаудың методологиялық негізі болуға мүмкіндік береді.
Еңбек құқығы қағидаттарының қызметтік рөлін мына негізгі позициялармен сипаттауға болады:
а) қағидаттар еңбек құқығы субъектілері үшін арнайы бағдар болады, себебі олар еңбек құқығы нормаларында бекітілген жоне қатысушылар әрекетін мемлекеггің еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы құқықтық саясатын басқарушы идеяларга сай бағыттайды;
б) қағидаттар еңбек қатынастарын құқықтық ретгеу үшін бастапқы нусқа (алғашқы негіз) болып табылады. Бұл сапада қағидаттар еңбек туралы күшіндегі заңның мәні мен мазмұнын және оны қолдану практикасын алдын ала анықтайды, сондай-ақ еңбек туралы жаңа құқықтық нормалар жасағанда бұл басқарушы идеялардың жүзеге асырылу тетігін қарастыру жайында заң шығарушыға бағдар береді;
в) қағидаттар еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың құқықтық негіздеріне тұрақтылык, береді. Мұның нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайьнда маңызы зор. Еңбек ресурстарын даярлау, бөлу және тиімді пайдалану, еңбек қорғауды ұйымдастыру мен өндіріс қауіпсіздігі және еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың басқа элементтері саласындағы басқарушы идеяларды занда бекіте отырып мемлекет еңбекті басқарудың барлық тетігі үшін іргелі құқықтық негіз, еңбек қатынастарының тиянақты формаларын құруды қамтамасыз етеді;
г) қағидатгар, құқықтық реттеудің мәнімен және әдісімен бірге еңбек құқығын ұлттық құқықтың басқа салаларынан ажыратудың объективтік критерийі болады, себебі құқықтың осы саласының мәндік ерекшеліктерін білдіреді;
д) қағидаттар азаматтарға, мемлекеттік аппараттың лауазымды адамдарына және басқа қызметкерлеріне, косіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың жұмыскерлеріне тәрбиелік ықпал жасайды. Жеке еңбек шартын жасағанда тараптар құқықтық нормалардың міндеттеулерге және келісім жағдайларын ұстанады, өзін қалай ұстау ережесіне еркімен бағынады, бұл — күшіндегі заңнаманың мәнін анықтау және еңбек құқықтарының құқық нормаларына кірген қағидаттарын меңгеру деген сөз [14, 71б.].
Құқықтық қағидаттардың еңбек құқығының теориясында және заң практикасында даму алған бұл қасиеттері еңбек қатынастарын құқықтық реттеу тетігінің мәндік негізін құрайды.
Еңбекті ұйымдастыру және қолдану саласындағы қағидаттар өздерінің мазмұны, әрекет ету саласы және мақсаттық бағыты жағынан алғанда бір мағыналы емес. Олар жалпы (салааралық), салалық (еңбек құқығы) және еңбек құқығының жекелеген институттарының қағидаттары болып бөлінуі мүмкін. Қағидаттардың бұл топтары өзара байланысты, бірін бірі толықтырады, олар бірлесіп еңбекті қоғамдық ұйымдастыруды құқықтық реттеудің іргелі негізін құрайды.
Жалпы (салааралық) қағидаттар еңбекті жөне тиісінше еңбек құқығы салаларын құқықтық реттеудің базалық қағидаттары болып табылады. Оларды Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітуі олардың жалпы ортақтық сипатын білдіреді. Жалпы (салааралық) қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады: зандылық; азаматгардың құқықтарының бостандығының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы; мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу; қоғам пікірін ескеру және жариялылық; халықаралық қарым-катынас.
Заңдылықтың қағидаты дегеніміз Конституцияны, республиканың күшіндегі заңдарын сақтау, басқа адамдардың құқығын, бостандығын, ар-ожданын сыйлау жөнінде мемлекеттік органдарга, қоғамдық бірлестіктерге және азаматгарға қойылатын талап. Заң мен сот алдында барлығы бірдей. Шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, сеніміне, тұрған жеріне немесе кез-келген басқа жағдаятқа байланысты ешкім қандай да бір кемсітілушілікке ұшырауға тиіс емес (Қазақстан Республикасы Конституциясьның 14 бабы).
Құқықтық қатынастар саласында заңдылық қағидаты еңбекті ұйымдастырудың және қодданудың барлық пракгакасы негізделетін тиісті заңдық кепілдіктермен қамтамасыз етіледі.
Зандылық қағидаттарын сақтау, бірінші кезекте еңбек туралы күшіндегі кодекстің Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа мен нарықтық қатынастардың қазіргі шындық жағдайына сәйкес келуін көздейді. 2007 жылєы 15 мамырдаєы қабылданған Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы N 251 жаңа Кодексі азаматтардың еркін еңбек етуге конституциялық құқығын жүзеге асыру процесінде туындаған еңбек катынастарын, меншік түрлері мен шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық формаларының көп түрлілігі жағдайында еңбекті қоғамдық ұйымдастыру барысында толғағы жеткен проблемаларды реттеуге арналған. Лауазымды адамдардың құқықтық даярлығына жене оларды аттестациялауға ерекше мән берілуге тиіс, айта келгенде кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы зандылықтың жайы соларға байланысты [15].
Азаматтардың құқықтарының, бостандығының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы - азаматтардың, өздерінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыруда мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының алдындағы артықшылығын білдіретін қағидат. Конституцияға сәйкес (1 бап) Қазақстан Республикасы езін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады, оның жоғарғы құндылығы — адам, адам өмірі, құқығы және бостандығы. Соңғысы адамға туғаннан тән, одан ажыратуға болмайтындығы мойындалады, ол зандардың және басқа құқықтық нормативіік актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды (оның ішінде азаматтардың еңбегін ұйымдастыру және қолдану саласында).
Бұл қағидатқа сәйкес азаматгар өздерінің еңбек құқықтарын және занды мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттік органдарға және оиардың лауазымды адамдарына жүгінуге құқылы. Олар өз құзыры шеңберінде азаматтар койған мәселелерді қарауға, қажетті шара қолдануға және арызданушыға белгіленген мерзімде жауап беруге тиіс. Азаматтардың бұл құқығын зандық кепілдіктер жүйесі қамтамасыз етеді, оған лауазымды адамдардың зансыз әрекеттеріне сотқа шағымдану құқығыда кіреді.
Азаматтардьң мешекетті басқару ісіне тең құқылы қатысуының жалпы қағидатының еңбек құқығына да қатысы бар. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (33 бап) азаматтар мемлекет істерін басқаруға өздері тікелей де, өздерінің өкілдері арқылы қатысуға, сондай-ақ кез-келген мәселе бойынша, оның ішінде еңбек мәселесі бойынша мемлекетгік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық шағым-арыздар жолдауға құқылы. Азаматгар өздерінің қабілеті мен кәсіби даярлығына қарай мемлекеттік қызмет атқаруға теңдей құқыққа ие. Мемлекетгік қызметке үміткер адамға қойылатын талап тек қызметгік міндетгің сипатынан ғана туындайды, оны заң белгілейді [3].
Қоғамдық пікірді есепке алу және жариялылық - мемлекетгік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының практикалық қызметіне кез-келген формада, мысалы, баспасөздегі еңбек заңының бұзылғандығы жайындағы сын материалдар, республиканың еңбек туралы заңнамасын, еңбек қатынастарын реформалау жөнінде пікірлер немесе ғылыми ұсыныстар, т.б. білдірілген қоғамдық пікірді міндетті түрде есепке алуды талап ететін қағидат. Қазақстан Республикасының Конституциясы (5 бап) мемлекет пен жүртшылық арасындағы катынастың жалпы негіздерін анықтайды. Атап айтқаңда, мемлекетгің қоғамдық бірлесгіктердің ісіне және керісінше, қоғамдық бірлестіктердің мемлекет ісіне араласуына, мемлекет органдарының функциясын қоғамдық бірлестіктерге жүктеуге жол берілмейді.
Дегенмен, күшіндегі заңнамада
кәсіподақ сияқты қоғамдық бірлестіктердің
қызметі жүзеге асырылу үшін қажетті
негізгі шарттар мен
Қазақстан Республикасының
халықаралық аренадағы
Салааралық қағидаттар салалық құқықтық нормаларда (еңбек, азаматтық, әкімшілік және басқа құқық салалары) нақтыланады. Еңбек құқығына байланысты мына қағидаттар салалық болып саналады: еңбек шартының бостандығы, еңбек міндетінің айқындығы; еңбек құқығының бірлігі және жіктелуі; еңбек жағдайының қауіпсіздігі, еңбек ақының занда белгіленген ең төменгі мөлшерден аз болмауы; еңбек және демалыс режимінің қалыпты болуына кепілдік; еңбек тәртібінің қамтамасыз етілуі, көсіби білім алуға кепілдіктің болуы, кәсіпкерлер одағын құруға бостандық, құқықтар мен бос-тандықты занда тыйым салынбаған барлық тәсілдермен қорғауға кепілдіктің болуы [16, 38б.].
Еңбек құқығының кейбір
институттарының қағидаттары
1.3 Еңбек саласындағы
конституциялық қағидалар:
Кейде мемлекет пен құқық саласындағы мамандардың еңбек бостандығын адамның қоғамдағы барлық құқықтарымен және бостандықтарымен байланысты қағидалардың мазмұнына апарып қосатыны бар. Мәселен, Л.С.Явичтің 1976 жылы жарық көрген "құқықтың жалпы теориясы" дейтін еңбегінде осындай тұжырым бар. Бірақ мұны жеткілікті деп айта қою қиын. Еңбек бостандығы (жеке тұлғаға қатысты айтқанда) басқа да бостандықтармен байланысты, бірақ мәні жағынан оларға тең емес. Ол жеке тұлғаның басқа құқықтары мен бостандықтарының бәрінің дерлік негізгі ретінде бағалануы тиіс, сондықтан құқық қағидаларын тұжырымдай келе оны атамай кетуге болмайтыны өз алдына, тіпті атай отырып, жеке тұлғаның басқа құқықтарымен және бостандықтарымен бір қатарға да болмайды. Еңбек бостандығының басқа бостандықтардан тағы бір ерекшелігі оның субъективтік құрамында: еңбек бостандығының субъектісі еңбек адамы ғана емес, сонымен бірге еңбекшілер ассоциациясы да бола алады, құқық қағидаларын тұжырымдағанда барлық субъектілерді ескеретін тұжырымдаманы таңдап алу қажет.
Қазір қоғамдағы еңбек қатынасының негізгі түрлері еңбек құқығы мен азаматтық құқық арқылы реттеледі. Бұл салалардың әрқайсында тиісті субъектілердің еңбек бостандығын бейнелейтін өз қағидалары бар. Осы қағидалы ортақ идеялар еңбек бостандығының заңдық кепілдіктерін дамытудың салааралық қағидасын құрайды. Еңбек құқығына қарағанда азаматтық құқық тек заңдық кепілдіктерді ғана емес, еңбек бостандығының экономикалық жай-жапсарын да ескереді.
Еңбек құқығы ғылымында еңбек бостандығын білдіретін салалық қағиданың мазмұны туралы әралуан пайым бар. Бұл ретте авторлар көбінесе еңбек шартының бостандығы туралы қағиданы айтады, кейде басқа қағидалар да аталады. Біздіңше, еңбек құқығында еңбек бостандығын бейнелейтін қағида ретінде бұдан гөрі кең әрі терең мағыналы бастауды - жұмысшылардың, қызметшілердің және олардың ассоциацияларының еңбек бостандығының заңдық кепілдіктерін дамытуды айтқан жөн сияқты. Бұл қағида еңбек құқығының барлық нормаларында және олар реттейтін әлеуметтік байланыстардың бәрінде қоғамдағы еңбек бостандығының даму дәрежесіне қарай айқын көрініс табады.

- Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
- Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздіктің негізгі шаралары
- Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі.Техника қауіпсіздігі
- Ењбек аќы тµлеу ќорын жоспарлау (орман және орман парк шаруашылығының мысалында)
- Еодезический контроль осадок термического цеха автозовода
- Епiтет як художнiй засiб в сучаснiй англiйськiй мовi
- Ерекше корғалатын табиғи аймақтар
- Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
- Еңбек нарығының дамуы
- Еңбек нарығының ерекшеліктері.
- Еңбек нарығының мәні және оның экономикадағы рөлі
- Еңбек өнімділігі, мұнай және газ өнеркәсібінде оны арттыру жолдары
- Еңбек өнімділігін арттыру
- Еңбек өнімділігін жоғарылату