Еңбек өнімділігін арттыру

Мазмұны 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………..................................…..3

       

1  ӨНДІРІС   ШЫҒЫНДАРЫ  ЖӘНЕ  ӨЗІНДІК   ҚҰН

1.1.    Кәсіпорын  шығындары түсінігі  және  олардың  түрлері....................…....4

1.2    Өнімнің   өзіндік  құнының  қалыптасуы  және мәні….........……...............8 

2.  ӨНІМНІҢ   ӨЗІНДІК  ҚҰНЫН  ТАЛДАУ

2.1  Өзіндік  құнды жоспарлау және өнімді  өндіру шығындарының   

      жіктелуі.....................………………………………………………..................14

2.2 Өнімнің   өзіндік  құнын  талдау……………………………..........….............17

2.3. Өнімнің өзіндік  құнының  бағаны  анықтаудағы   рөлі…........................….20 

3. ӨНІМНІҢ   ӨЗІНДІК  ҚҰНЫН  АЗАЙТУ  ЖОЛДАРЫ  

3.1. Еңбек   өнімділігін  арттыру…………………………………....................….22

3.2. Өндіріс   процесінде  қолданылатын  шығындарды  азайту.........................23 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………….......……………......……...26

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…….....…………………….....….…27 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                               

       КІРІСПЕ 

       Тақараптың  өзектілігі. Кез-келген  кәсіпорын  (фирма) өнім  өндірісін  бастамас  бұрын, ол қандай  пайда  ала-алатынын  анықтап  алады. Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері,  жұмыстары  нарық  жағдайлары  мен  өндірістік шығындар  арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары  және өткізу  (өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік  құны)  өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек  ресурстары және  басқа  да өнім  өндірісіне  және  өткізуге  шығындарды  бағалық  талдау  болып  табылады.

      Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  мтериалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

      Аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге  аударылған,  өзіндік  құнға  қосылғандар  оларды  өткізу  бағасында  өткеріледі. Осылайша, өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

      Өзіндік  құн-өнім  өндіруге  жұмсалған  барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал,

электр  энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші,  ол  әрбір өнімге  жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

       Курстық  жұмыстың  мақсаты: өзіндік құнның экономикалық негізін ашу және төмендәту факторларын анықтау.

       Мақсатты  орындау үшін келесі міндеттер қойылды:

       -өнімнің  өзіндік құнын қалыптасуын және  мәнін ашу;

       -өзіндік  өзіндік құнынның жіктелуін беру;

       -өзіндік  өзіндік құнынның бағаны анықтаудағы  алатын орнын анықтау;

       -өзіндік  өзіндік құнынның азайту жолдарын ұсыну.

       Курстық  жұмыс  барсында  қарастырылатын  тақырыптар:  өндіріс  шығындары  және өнімнің  өзіндік   құныны түсініктіеріне жалпы  сипаттама; өзіндік   құнынын талдау; өнімнің өзіндік  құнын  калькуляция баптары бойынша  топтау;  өнімнің  өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу;  өнімнің өзіндік  құнын  азайту  жолдары. 
 
 
 
 
 

      1 ӨНДІРІС  ШЫҒЫНДАРЫ  ЖӘНЕ  ӨЗІНДІК  ҚҰН 

          1.1.    Кәсіпорын шығындары  түсінігі  және  олардың түрлері

      Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері  нарық  жағдайлары  мен  шығындар  арқылы анықталады. Өнім  көлемінің  өзгеруі  фирмалардың  ұсынатын  тауарлардың  мөлшері  және  оның  бағасымен  байланысты.  Өндірістің  шығындары  бухгалтерлік  және  экономикалық  шығындар  болып  бөлінеді. Бухгалтерлік  шығындар  бұл  өнімнің  өзіндік  құнының  құрамына  кіретін  нақты  шығындар.  Бұлар  шикізат,  материалдар,  жалақы,  амортизация,  салықтар  және  т.б.  Экономикалық  шығындарға  барлық  шығындар  жатады.  Соның  ішінде  кәсіпорынның (фирма)  өз  меншігіндегі  сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз  шығындар.  Сонымен экономикалық  шығындар – бухгалерлік және  балама шығындардан тұрады.

                        Бухгалтерлік  шығындар = нақты   шығындар.

    Экономикалық  шығындар = бухгалтерлік  шығындар + балама шығындар

      Қысқа  мерзім  кезеңінде  өндірістің  жалпы,  тұрақты  және айнымалы  шығындары  анықталады. 

      Жалпы  шығындар (ТС) – бұл  өндіріске  кеткен  барлық  шығындар  және  тұрақты, айнымалы  шығындардан  тұрады.

                                             ТС = ҒС + VС                          (1)

      Тұрақты  шығындар (ҒС) - өнім шығару  көлемінің  өзгеруіне  байланысты  өзгермейтін  шығындар. Бұларға  салықтар,  жалға  беру,  төлемдер,  сақтандыру,  амортизация  және  т.б.

      Айнымалы  шығындар (VС) – бұлар  өнім  көлемі  өзгерсе  бірге  өзгеретін  шығындар.  Олар  шикізатқа,  жалақыға,  энегияға,  транпортқа,  материалдарға  кеткен  шығындар.

      Өндірістік  шығындарды  талдағанда  жалпы  шығындармен  қатар  орташа  және  шекті  шығындарды  талдаймыз. Өндірістің  орташа  жалпы шығындары (АТС) өнімнің  бір  данасын  шығаруға  кеткен  жалпы  шығындарды  көрсетеді.  Бұл  шығын  өнеркәіпте басқаруға  көмектеседі.  Бұл  шығын  арқылы  бір  өнім  өндіргенде  келеін  пайданы  табамыз.

АТС(АС) =ТС/Q                        (2)

      Орташа  жалпы  шығындарды (АТС) 2 түрге  бөлуге  болады (АҒС).

      а)  орташа  тұрақты  шығындар: АҒС=ҒС/ Q

          б)  орташа  айнымалы  шығындар: АVС=VС/ Q

      Өндірістің  шекті  шығыны (МС)  жалпы  шығындардың өзгеруіне өнім  көлемінің өзгеру  қатынасына  тең болады  және  өнімнің қосымша данасын шығарғандағы  кететін қосымша шығындарды  көрсетеді.

МС= ТС/ Q               (3)

      Өнім  шығару  көлемі  өскен  кезде  тұрақты  шығындар  (ҒС) өзгермейді. Сондықтан  жалпы  шығындардың  (ТС) өсуі  айнымалы  шығындардың  (VС) өсуіне  тең  болады.

МС= VС/ Q                  (4)

         Әр түрлі өндіріс  саласы бойынша өнімді өндіру үдерісінде шығындар пайда болады, бұйымды жасау сипатына, жасалған қызметке, технология мен еңбекті ұйымдастыруына байланысты әр түрлі экономикалық маңызы бар шығындардан тұрады. Сондықтан өзінің сандық және сапалық жағынан әр түрлі саланың кәсіпорындарында ғана емес, бір саланың ішіндегі кәсіпорында өзіндік құн бірдей емес.Осындай жағдайда жоспарлау, есептеу, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын талдаудың барлық талабына сай келетін барлық шығындарды саралау қажеттілігі туындап отырады. Әр түрлі кәсіпорындарда өндірілетін біртекті өнімдерге кеткен шығындарды салыстыру үшін, жоспарлаудың әр түрлі сатысында жеке түрлерінің арасындағы шығындардың қатынасын анықтау үшін, сонымен қатар кәсіпорын ішіндегі есепті ендіру үшін шығындарды саралау қажет болады.

   Кәсіпорын бойынша өзіндік құнды есептеу  кезінде шығындардың экономикалық элементтері бойынша оларды саралау қолданылады. Экономикалық элементтері бойынша шығындар дегеніміз қай жерде және не мақсатпен жұмсалғанына байланысты болмайтын біртекті шығындар түрі. /2/

   Саралаудың  мәні - өндіріс үдерісінде кейбір шығындар түрінің атқарымдық рөліне негізделген экономикалық біртектілігі бойынша сипатына шек қою болып саналады.

 Шығындарды саралау төмендегі түрде жүргізіледі:

  • материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтардың құнын шегеріп тастағанда);
  • еңбекақыға кеткен шығындар;
  • әлеуметтік салықтарға аударымдар;
  • негізгі қорлардың амортизациясы;
  • басқа да шығындар.

   Экономикалық  элементтері бойынша шығындарды саралау өндіріске қажетті шығындардың сметасын жасауға негіз болады, оның көмегімен өндірістің жұмысы талданылады, оның ішінде өндірістің техникалық деңгейі, еңбексыйымдылығы, еңбек өнімділігі анықталады; кәсіпорынның негізгі және айнымалы қорларға деген қажеттілігі белгіленеді[1, 247б.].

   Бірак экономикалық элементтер бойынша шығындарды саралау өнім бірлігінің өзіндік құнын және кәсіпорынның жекеленген бөлімшелерінің шығын мөлшерін анықтауға мүмкіндік бермейді. Бұл үшін баптары бойынша калькуляциялау атты шығындарды басқаша саралау колданылады. Бұл саралаудің мәні шығындардың мақсатты пайдалануы мен пайда болған орны бойынша шектеу болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорын шығындары өндірістің міндетіне қарай топтастырылады, бір түрлі шығындар әр түрлі пайдалануы мүмкін. Сонымен, отын технологиялық  мақсатқа, одан басқа жылыту үшін де қолдануы мүмкін, яғни шығындар белгілі бір өнімді шығарумен ғана емес, басқа да мақсаттарда пайдалануы мүмкін. Тап осылайша электроэнергияны да бөлшектеуге болады. Кәсіпорын бойынша еңбекақы негізгі өндіріс жұмыскерлерінің еңбекақысы, көмекші жұмыскерлердің, цехтың және басқару персоналының еңбекақысы болып бөлінуі мүмкін.

   Калькуляцияның  баптары бойынша шығындарды саралау  өзінің ерекшеліктеріне байланысты әрбір өндіріс саласында бір-бірінен айырмашылықтары болуы мүмкін. Сонда да болса қазіргі кезде төменгі баптар бойынша жіктеледі:

   -шикізат пен материалдар;

   -қайтарылатын қалдықтар (шегеріліп тасталады);

   -сатып алынған бұйымдар, жартылай өңделген өнімдер және сыртқы мекемелердің өндірістік сипаттағы қызметтері;

   -технологиялық мақсатта қолданатын отын мен энергия;

   -өндіріс жұмыскерлеріның еңбекақысы;

   -әлеуметтік салыққа аударымдар;

   -үстеме шығындар;

   -жалпы және әкімшілік шығындар;

   -тауарлы-материалдық қорларды өткізу жөніндегі шығындар;

   -пайыздарды төлеу жөніндегі шығындар.

   Шығындарды  баптар  бойынша саралау  пайда  болған орны және әрбір өнім түрлеріне жұмсалған шығындарды бақылап отыруға мүмкіндік береді. Одан басқа, анықталған калькуляциялық бірлікпен шығын мөлшерінің қатынасын анықтауға болады. Шығындардың баптары бойынша өзіндік құнды толық дәлелдеу шығындарды әр түрлі талдамалық топтастыру аркылы жүзеге асырылады. Белгілі бір сипаты бойынша барлық жиынтық шығындарға жүйелі шектеу қоятын жоғарыда көрсетілген саралаулардан бұның бір айырмашылығы - ондай мақсатты алдына қоймайды. Калькуляциялық баптардың көмегімен барлық шығындар екіге бөлінеді, әрқайсысы топтасудың негізі болатын нышанға қатысы бар екенін көрсетеді.

   Фирманың  шаруашылық  қызмет  процесінде  өндірістік  тұрақты  шығындар  құрылымында  қалдық  және  старттық  шығындар  туады[1, 248б.].

      Қалдық  шығындар-өнімді  өткізу  мен  өндірістің  тоқтауымен  болатын  тұрақты  шығындардың  бөлігі. Неғұрлымшаруашылық  қызметінің  тоқтау  уақыт  ұзақ  болған  болған  сайын,  соғұрлым  қалдық  шығыннның  көлемі  аз. Бұл жағдайда  фирмада  жұмысшы  күшін  жалдау мен  ғимараттарды  жалға  беру  туралы  түрлі  шарттар мен келісімдерден құтылу  мүмкіндіктері пайда болады.

      Старттық  шығындар-өндірісті  қайта  қосумен  және  өнімді  өткізумен  байланысты  туатын  тұрақты  шығындардың  бөлігі.    

     Кез-келген  кәсіпорын  (фима) өнім  өндірісін  бастамас  бұрын, ол қандай  пайда  ала-алатынын  анықтап  алады.

     Кәсіпорын  табысы  2  түрлі  көрсеткішке  тәуелді  болады:  өнім  бағасы  және  оның  өндірісіне  шығындар.  Нарықтағы  өнім  бағасы  сұраным  мен ұсыным  өзара  байланысының  нәтижесі  болып  табылады.  Нарықтық   баға   қалыптастыру   заңдарының    әсерінен   еркін   бәсеке  жағ-

дайында  өндіруші  немесе  тұтынушы  қалауына  сәйкес  жоғары  немесе  төмен  болмайды, ол  автоматтты  түрде  орнатылады.  Өнім  өндірісіне  шығындар-өндіріс  шығындары  басқаша  түрде  болады.  Олар  тұтынылатын еңбектік немесе  материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің  ұйымдастырылуына  және  басқа факторларға байланысты  өсуі  немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші  шығындарды  азайтудың көптеген  көздерін  қарастырады, ол  оны   өзінің  тиімді  басқару  қабілетімен  жүзеге асыра  алады.

      Жалпы түрде өндіріс шығындары  және өткізу  (өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік  құны)  өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және  басқа да өнім  өндірісіне  және  өткізуге  шығындарды  бағалық тадау болып табылады.

      Өндіріс  шығындарына  және  өнім  өткізуге  төмендегілерге  байланысты  шығындар  қосылады:

  • ұдайы  өнім  өндірісі, белгіленген технология  деңгейінде өндірістің  ұйымдастырылуы;
  • табиғи шикізаттарды  қолдану;
  • өндірісті дайындау  және  үйрену;
  • өндірісті ұйымдастыру мен  технологияны  жетілдіру, сонымен  қатар  өнім сапасын жақсарту, оның  сапалығын  арттыру, ұзақ  тұтыну  және  басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды  емес сипаттағы шығындар);
  • рационалдау және құрастыру,  тәжірибиелік  жұмыстарын  жүргізу, моделдер  мен  нұсқаларды  дайындау  және  тексеру,  авторлық  сыйақы  төлеу  және  т.б;
  • өндірістік  процеске  қызмет  ету; өндірісті  шикізат, материал, жанармай,  энергия, құрал-саймандар  және  басқада еңбек  құралдары  және  заттарымен  қамтамасыз  ету,  негізгі  өндірістік  қорларды  жұмысқа   қабілетті   жағдайда  ұстау,  санитарлы-гигие-

 налық   талаптарға  сәйкес жұмыс  жасау;

  • қалыпты  еңбек  жағдайын  және  техника  қауісіздігін  қамтамасыз  ету;
  • өндірісті  басқару: кәсіпорынның  басқару  аппараты  қызметкерлерінің, фирма  және  оның  құрылымдық  бөлімшелерін, іс-сапарларын қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық  қызметімен  байланысты  өкілеттілік шығындар  және  т.б.
  • кадрларды  дайындау  және  қайта  дайындау;
  • мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес әлеуметтік  сақтандыруға  аударымдар.       

      Әрине, фирманың, кәсіпорын  қызметінің  нәтижесі (табыс  және  шығын) өнім өткізуден  (жұмыс және қызмет  көрсету) фирманың, кәсіпорынның  негізгі  құралдары  және  басқа да мүліктерін өткізуге  байланысты  емес  операциялардан  түсім, осы   операциялар  бойынша  шығындар  сомасының  азаюының  қаржылық  нәтижесінен  құралады [2,308б.]. 
 
 

    1.  Өнімнің  өзіндік  құнының  қалыптасуы  және мәні.

   Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  мтериалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

      Аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге  аударылған,  өзіндік  құнға  қосылғандар  оларды  өткізу  бағасында  өткеріледі. Осылайша, өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

      Өзіндік  құн-өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал,

электр  энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

   Шығындарды  талдамалық топтастырудың көптеген түрлері бар, солардың ішінде негізгілері төмендегідей: 

  1. Шығындардың пайда болу орны бойынша өндірістік және кезең шығындары (коммерциялық) болып бөлінеді. Өнімді жасаумен тікелей байланысты шығындар өндірістік шығындардың қатарына жатады. Дайын өнімді сатумен байланысты  шығындар коммерциялық шығындар деп  аталады. Бұл кез келген кәсіпорнында міндетті түрде болатын айналыс шығындары. Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар 
    екіге бөлінеді: көліктік және өткізу шығындары. Дайын өнімді тасымалдау өндіріс үдерісінің жалғасы болып табылады және оның құрамына өнімді тиеуге, түсіруге кеткен шығындар және 
    тасымалдау тарифтері кіреді. Өткізу шығындары буып-түю және сорттау үшін, дайын өнімді сақтау үшін, қызметкерлердің еңбекақысына, іс-сапарына кеткен шығындарынан тұрады.

       Өндірістік  және кезең шығындары өнімнің  толық өзіндік құнын көрсетеді.

  1. Мақсатқа сәйкестігі бойынша шығындар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Өндіріс жағдайында қажеттілігі дәлелденген және мақсатқа сай келген 
    шығындарды өндірістік деп атайды. Технологияның және өндірісті ұйымдастыру кемшіліктерімен, ақаулы өнім шығарғаннан келген және т.б. шығындар өндірістік емес шығындар қатарына жатады.
  2. Әр түрлі өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша шығындар тікелей және жанама шығындар деп екіге бөлінеді. Мұндай бөлу тек екі немесе онан да көп өнім шығаратын кәсіпорындарда қолданылады, солай болғандықтан біркелкі  өнім  шығаратын  кәсіпорында шығындардың барлығы тура шығындар деп аталады[3,278б.].

   Тікелей шығындар деп экономика жағынан  біртекті шығындарды атаймыз, олар негізделген мөлшер мен нормативке сәйкес өнімнің нақты түрінің өзіндік құнына тікелей жатқызылады. Оларға жататындар: шикізат пен негізгі материалдарға, тасымалдау-дайындауға, технологиялық мақсатқа жұмсалатын отын мен энергияға, өндірістік жұмыскерлердің еңбекақысына, әлеуметтік салықтарға кететін шығындар.

   Жанама  шығындар деп жеке бұйымдарды өндіргенде олардың тікелей құрамына қатысты нышанын анықтау мүмкін болмайтын жағдайдағы шығындарды айтамыз, себебі олар өнімнің бірнеше түрін жасаумен немесе жөңдеудің неше түрлі сатысынан өтеді. Оларды кешенге топтастырады, сонан кейін қандай да бір шартты негізге сүйене отырып, нақты белгілі бір бұйымның өзіндік құнына парапар бөліп таратады.

Жанама  шығындарға мыналар жатады:

- негізгі   өндірістік   құралдарды   жұмысқа   қабілетті жағдайда ұстап тұру шығындары (техникалық байқау және күтуге қажетті орташа, ағымдық және күрделі жөңдеулерге кететін шығындар);

- қосалқы өндірістік персоналдың еңбекақысы, өндірістік нәтижелер үшін ол жұмыскерлерге сыйақы, ынталандыратын төлемдер мен өтемақылар;

- бекітілген   мөлшерлер   бойынша  қосалқы   өндірісте жұмыс  істейтін жұмыскерлердің еңбекақы  шығындарынан әлеуметтік салыққа төлемдері;

-  санитарлық-гигиеналық   мөлшерлердің   орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шығындар, соның ішінде медициналық мекемелерге субъектінің территориясында медпункттер ұйымдастыру үшін, субъектінің берген ғимараты мен құрал-саймандарын күтіп ұстау шығындары, өндірісте тәртіп пен тазалық сақтау, өртке қарсы және қарауыл күзетін және субъектінің техникалық пайдалану,  оның  іс-әрекетін  қадағалау және бақылау ережелерінде көзделген өзге де арнайы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету шығындары;

-  өндіріс  ерекшеліктеріне байланысты және  тиісті заңдарда көзделген бірқалыпты еңбек шарттарын және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету шығындары;

   -  өндірістік қорларды жалға алғаны үшін төлемақы;

   -  өндірістік қызметпен байланысты іс-сапар шығындары;

   -  тоқтап қалудан пайда болған  зияндар, сондай-ақ басқа да  өндірістік шығындар мен жоғалтулар.

   4. Өндіріс көлемінің өзгерісіне қатысты шығындары айнымалы және шартты-тұрақты (парапарлы,  парапарсыз) деп бөлінеді. Өндіріс көлемі өскен сайын шығынның кейбіреуі көбейеді де, ал басқалары өзгеріссіз қалады немесе өте аз өзгереді, осындай байланысты осы топтастырумен көрсетуге болады.

   Айнымалы  шығындар өндіріс көлемінің өзгеруіне  белгілі бір түрде тура байланысты болады. Оған жататындар: шикізатқа, технологиялық мақсатқа жұмсалған отын мен энергияға, өндірістік жұмыскерлерге төленген еңбекақы және одан төленетін әлеуметтік салынтарға деген шығындар.

   Шартты-тұрақты  шығындар шамасы өндіріс көлемінен  өзгермейтін немесе өте аз өзгеретін шығындар. Әдетте, бұл шығындар өнімдерді жасауда тікелей байланысты болмайды және өндіріске қызмет ету және басқаруға қажетті шығындар түрінде көрінеді. Оған жататындар - үстемелі және кезең шығындары. Шартты-тұрақты шығындар белгілі бір шекке дейін ғана тұрақты болуы мүмкін. Өндірілген өнімнің көлемі айтарлықтай көбейгенде немесе азайғанда олар да өзгереді.

   Шығындарды  бұлай топтастыру өндірістік қуатты, еңбек және материалдық ресурстарды  пайдаланудағы және оған кететін шығындардың байланысын айқындауға мүмкіндік береді, өндірілетін өнімнің көлемі мен шығындардың оңтайлы арақатынасын анықтауға болады.

   5. Экономикалық мағынасына қарай шығындар негізгі және үстемелі деп бөлінеді[3,279б.].

       Негізгі шығындарға өнімді жасаудың технологиялық үдерісіне тікелей байланысты және басқарудың деңгейіне және ұйымдастыру нысанына тәуелсіз болмайтын шығындарды жатқызамыз. Бұл шығындар шикізатқа, материалдарға, технологиялық отын мен энергияға, әлеуметтік салықтарды қосқандағы өндіріс жұмыскерлерінің еңбекақысына, машина мен құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтуге кеткен және т.б. шығындарды атаймыз.

Үстемелі  шығындар өнімді жасаудағы технологиялық  үдеріске тікелей байланысты болмайды, ал ол өндірісті ұйымдастыру, басқару және қызмет көрсету жұмыстарының белгілі бір шарттарына байланысты пайда болады. Сондықтан оларға жататындар: негізгі және қосалқы өндірістерге қызмет көрсету үшін пайдаланған материалдар мен қызметтер; негізгі және қосалқы өндірістерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейтін өндірістік (цехтық) персоналдың еңбекақысы және одан алынатын әлеуметтік салықтар; амортизациялық аударымдар; өнімді өткізуге қажетті шығындар; өнімді өткізу шығындары, әкімшілік шығындары; қаржыландыру шығындары.

   Үстемелі  шығындар өнімнің өзіндік құнын  төмендетудің маңызды көзі болып саналады.

   Шығындарды  негізгі және үстемелі деп топтастыру шығындарды тікелей және жанама түрі бойынша топтастырумен бірдей деп  санауға болмайды және де экономикалық әдебиеттерде кездесетін негізгі шығындарды тікелей шығындармен, ал үстемелі шығындарды жанама шығындармен теңестіруді дәлелденген деп айтуға болмайды.

   6. Экономикалық біртектілігіне қарай қарапайым және күрделі деп бөлінеді.

   Қарапайым (біртекті) шығындар - бір экономикалық элементтен тұратын шығындар, оларға жататындар: шикізатқа, материалдарға, технологиялық отын мен энергияға, әлеуметтік салықтарды қосқандағы өндіріс жұмыскерлерінің еңбекақысына кететін шығындар.

       Күрделі (кешенді) шығындар - бірдей мақсатты мәні бар бірнеше әр текті экономикалық элементтерден тұратын шығындар. Оған жататындар: машина мен кұрал-жабдықтарды пайдалану мен күтуге кеткен, үстемелі шығындар, өнімді өткізу шығындары, әкімшілік шығындары; қаржыландыру шығындары.

      Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып  өнімнің  өзіндік  құн  болып саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің  ақшалай нысандағы шығындар  жиынтығын құрайды және  барлық  өндіріс тиімділігін анықтайды.

      Өзіндік  құнның  экономикалық  міндеті-жұмсалған  шығындардың  орнын  толтыру  және  соның   негізінде  өндірістің  барлық  элементтерін  қайта  өндіру: өндірістік  қорлар  және  жұмыс  күші. Осы  жерде  кәсіпорынның   өзіндік  құнның   негзгі  элементі  болып  амортизация, яғни  шығындалған  материалдық  ресурстар  құны, еңбекақы-ол  шығындардың  бөлімдері  болып  табылады.  Сонымен  қатар  кәсіпорын да  басқа  да шығындарды  жүзеге  асырады: өз  жұмысшыларына сыйақылар төлейді, банк  несиелеріне  пайыз  төлейді, әлеуметтік  объектілерді  ұстайды,  бюджеттік  емес  қорларға  аудрымдар  жүргізеді-бұл шығыстар  кәсіпорынның  қосымша  шығыстарын  құрайды.

      Өнекәсіптің дамуының бөлек  кезеңдерінде бұл  шығындардың  орнын  толтыру көздері  өзгеріп  отырады. Олар  өнімнің  өзіндік құнына қосылса немесе  кәсіпорын қолында қалатын табыс  есебінен  іске асырылады немесе бюджет есебінен өткеріліп отырған. Осылайша,  өнімнің  өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамына әрдайым өзгеріп  отырады. Бұл  өзгерістердің  басты мақсаты-қазіргі кезеңдегі орныққан  өндірістік қатынастардың  дамуын  қамтамасыз  ету, оларды  толтыру  көздері бойынша шығындарды шектеу-өнімнің  өзіндік құны  немесе  пайда.

Еңбек өнімділігін арттыру