Ењбек аќы тµлеу ќорын жоспарлау (орман және орман парк шаруашылығының мысалында)

     Кіріспе

     Орман шaруaшылығын бaсқaру – әрбір жұмыс істейтін өнeркәсіптің кез-келген жұмысындa қaрқындылықты көрсeтeтін фактор болып табылады. Орман дайындау шаруашылықтары ағымдағы ағаш өсімін пайдалану бойынша орман өнеркәсіптік шаруашылығы бағытындағы кәсіпорындар.

     Орман шаруашылығын басқару органдарының басты мақсаты –ормандардың ұлттық байлығын ұқыпты сақтау және көбейту болып табылады.

     Жалпы орман ресурстары мен қызметтерін  нарықтық ресурстар және қоғамдық игіліктер  деп екі категорияға бөлуге болады. Нарықтық ресурстар- сүректен, орманның технологиялық, азықтық ресурстарынан, сондай-ақ өнеркәсіптік ауқымда пайдалану кезеңде тамақ, дәрілік, су ресурстарынан тұрады. Осылайша, орман барлық ресурстардың біріңғай өндіріс базасы болып табылады. Сонымен қатар орманның әрбір ресурсының өзінің ұдайы өндіріс ерекшеліктері болады. Орман қорының нақты аумағындағы орман ресурстарын пайдалану орманның көп мақсатты мәнін ескере отырып, басқаруға теңгермешілік тәсілді талап етеді, көпресурсты орман пайдалану, шаруашылықтың дәстүрлі, кейде бәсекелестік мақсаттарын тиімді үйлестіру проблемасын алға қояды.

     Ормандарды  пайдалану және ұдайы өндіру саласындағы  экономикалық қатынастар орман басқару  процесінде құрылады. Орман басқару  кең  мағынада өзара байланысты саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар  жүйесін білдіреді. Олар қоғам дамуының сатысында шектелген экономикалық ресурстарды есепке ала отырып, орман шаруашылығының алдына қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді.

     Орманды тиімді пайдалануда орман ресурстарын экологиялық және қаржылық-экономикалық жағдайларына сәйкес шаруашылық айналымға қосу деп түсінеді. Бұл іс жүзінде шарттарды сақтай отырып, орман пайдалану түрлерін мүмкіндігінше жоғарлатуды білдіреді. Олардың ішіндегі рентабельді емес түрлерін бірден жою, сондай-ақ ресустардың пайдаланылмайтын түрлерін игеру және қайта өңдеу тиімділігін жоғарлату бойынша экономикалық негіздеуді жүргізеді. Тиімді орманды пайдалануға қол жеткізу проблемаларын қаржылық нәтижелерімен, орман пайдалануға нарықтық қатынастарды өзара енгізумен байланысты қарастырады.

     Ормандарды  басқару бойынша өзіндік қаражаттарын жұмылдыру көлемінің болжамдық  есептеулерін жүргізу барысында  барлық көздер, соның ішінде пайдаланудың қосалқы және басқа да түрлері  есебінен түскен түсімдер ескерілді. Осы  есептеулер негізінде өзіндік қаражаттарының болжамдық құрылымы және оны оңтайландыру мүмкіндіктері туралы қорытындылар жасалды. Тиімді орман пайдалануды  басқару механизмінің негізі ретінде  таңдау орман шаруашылығын реформалаудың  негізгі проблемаларын жинақтайды.

     Орман шаруашылық мекемелерін басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін құрудың негізі бағытын таңдауға себепші болды. Орманшаруашылық мекемелерін басқару механизімінің проблемаларын зерттеу олардың экономикасының негізі даму бағыттарын теориялық талдауға негізделеді.

     Орман шаруашылық мекемелерінің қызметін экономикалық басқару механизмдерін құру мәселелерін қарастыру барысында оның қызмет ету мақсаты келесіде анықталды: орман мекемелерінің қаржылық тұрақтылығын орман қоры учаскелерін пайдаланудың нарықтық құқықтарын белсендету және қаржылық қайтарымдылығының өсу есебінен жоғарлату. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында басқару механизмінің қағидалары мен міндеттерін теориялық талдау оның орманшаруашылық мекемелері үшін ерекшеліктерін анықтау қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, орман шаруашылығын жүргізудің негізгі қағидаларын, соның ішінде орман мекемелерінде тиімді орманды пайдалануға жету қажеттілігін есепке алу қажет.

     Орман шаруашылық мекемелерін басқарудың ұйымдастырушылық - экономикалық механизмін құруды зерттеуде өзіндік қаражаттарды жұмылдыру мәселесін толық және ұқыпты қарастыру қажет. Сонымен, орман шаруашылығының, орман өнеркәсібінің, орман пайдаланудың ғылыми даму тұжырымдамалары нақты орман экономикалық жағдайлары үшін экономиканың орман секторындағы шаруашылық механизмінің даму тенденциялары мен заңдылықтары үшін орман мекемелерінің ұйымдастырушылық формаларының теориялық негізін құрайды. Орман басқару жүйесі ормандарды мемлекеттік басқаруды, экономикалық қызмет түрі ретінде орман шаруашылығын басқаруды қамтиды. 

     1.Климаты 

     Павлодар  облысын халық әсемдеп Павлодардың  Ертіс өңірі деп атайды. Бұл  жазық дала, жекелей аласа таулар, орманды дала және шөлейтті жерлер. Мұнда Сібірдің суық қысы және Орта Азияның жазы бар. Өлкенің жерін  Ертіс өзені кесіп өтеді, бұл  жерде ол сырттан ешбір саланы қосып алмайды. Мұнда үлкенді-кішілі 1200 көл бар, оның 100-не жуығы тұщы көлдер. Табиғат Павлодар өңіріне  өзінің дархан байлықтарын сыйлады. Облыстың қойнауларында таскөмір мен  қоңыр көмір, полиметалл және мыс  рудалары, құм, саз, тұз бар.

     Павлодар  облысының рельефі, басқа территориялар  сияқты ұзақ жылдар бойындағы жердің ішкі және сыртқы күштердің өзара  қақтығысуынан қалыптасқан. Облыс  территориясының көп бөлігі Батыс  Сібір жазығының оңтүстік жағалауына қарай орналасқан, ол солтүстік шығысқа қарай аздап еңкіштеу және жергілікті еңкіштік Ертіс өзенінің аңғарына қарай келген. Облыстың оңтүстік батысына қарағайдың ұсақ шоқыларының солтүстік бөлігі енеді. Осы ірі рельеф формасының ішінен кішірек провинцияларды бөліп алуға болады.

     Орманның  ұсақ шоқылы территориясын екі провинцияға бөледі: оңтүстік батыс және оңтүстік.

Қазақтың  ұсақ шоқыларының оңтүстік провинциясы  Май ауданының территориясына кіреді. Тау шоқыларының рельефі тек  тоникалық көтерілулер кезінде  пайда болған. Солтүстік жағалау  бөлігінің орташа биіктігі 200-300м.

Павлодар  облысының климкатының қалыптасуына территорияның терең континентальды жағдайда орналасуы, күн радиациясының  молдығы, ауа циркуляциясының жылдамдығы, жер бетінің біркелкі жазық далалы болып келуі әсер етеді. Мұның  барлығы салыстырмалы климат жағдайының біркелкілігінен тек қана негіз  айырмашылық солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа созылып жатуында. Облыстың тек оңтүстік батыс бөлігінің  климатында біршама рельефтің әсері  байқалады. Кейбір аудандардың климатына  бірқатар табиғи факторлар әсер етеді: микроклиматтың ерекшелігі, ормандардың  жойылуы, су қоймалары, сол сияқты адамның  шаруашылыққа әсері (ормандарды отау, егістік далаларды қорғайтын  ағаш егу, жасанды су қоймаларын жасау).

Облыс климатына әсер ететін күн жылуының жер бетіне түсу мөлшері: күн көзінің  шағылысу уақыты 2300-2400 сағ. Горизонт үстіндегі  тал түскі сызығы 60-тан /22 маусымда/12-22 желтоқсанда/.

Маусымда  күннің ұзақтығы 17 сағат, желтоқсанда 7 сағатты құрайды.

Облыс маңында орташа жылдық температура 1ºС-3ºС, солтүстікте 0ºС, орта бөлікте  – 1,8ºС, ал оңтүстікте 2,6ºС (1кесте). Нағыз  жылы айдың орташа жылдық температурасы  – шілдеде 19ºС-тан 21,3ºС дейін ауытқиды, ал басқа күндерде күн ыстық 40ºС-ке дейін, тіпті Оңтүстік Қазақстандағы  сияқты болады. Максималдық температура 42ºС болып тіркелген. 

Кесте 1 – Орташа айлық және жылдық температура, ºС

Стан

циялар

Айлар жыл
I II III IV V VI VII VIII IX X XI XII
Михайловка -19.4 -18.7 -12.1 0.1 11.2 17.5 19.9 17.4 11.3 2.1 -8.8 -16.6 0,3
Шарбақты -18.4 -18.0 -11.8 1.3 12.1 18.7 20.9 18.6 12.0 2.5 -8.2 -15.8 1,2
Павлодар -17.8 -17.4 -10.6 2.4 13.3 19.1 21.4 18.9 12.2 3.0 -7.4 -15.0 1,8
Семиярка -17.1 -17.1 -10.3 3.2 12.8 19.7 22.1 19.9 13.3 3.9 -6.4 -13.9 2,6
Баянаул -13.3 -13.0 -8.1 3.5 11.7 18.5 21.1 18.3 12.0 3.5 -5.9 -11.6 3,2
 

Нағыз суық айдың температурасы қаңтарда  облыс территориясында -17ºС-тан -18,1ºС, ал нағыз аязды күндерде температура - -47ºС болып тіркелген. Сонымен, орташа жылдық амплитуда 38ºС-тан 40ºС-қа жеткен.

Тәулік  ішінде температураның айырмашылығы үлкен. Көктемде, тіпті жылы күнннен кейін  де, қатқақ суық және керісінше болуы  мүмкін. Әсіресе көктемде және күзгі  салқынмен жылы температурада күрт өзгерістер байқалады.

Вегетациялық  кезең 5С-тан сәуірдің үшінші онкүндігінен басталады да қазанның алғашқы онкүндігіндегі аяқталады. Оның ауытқу ұзақтығы солтүстікте 167 күннен, оңтүстікте 178 күнге дейін  созылады. Бірақ аязсыз кезең аз. Ол 109 күннен 130 күнге дейін созылады.

Облыстың  климатының құрылымы ауа массасының үш типі қатысады. Материктің құрылуына  қоңыржай еңдіктің континтальдық ауасы  үстемдік етеді, сондықтан қыста  ол күшті суынады, ал жазда керісінше, ол өте қызады. Бұл қысқы кезде  ашық суық ауа райы және ыстық құрғақ жазды анықтайды. Қыста мұнда  Сібір антициклоны басып кіріде, ашық аязда ауа басым болады.Сібір  антициклонының ұшығы белгілі атпен  – «Войков өсі» облыстың оңтүстік бөлігінің үстінен өтеді, қысқы  уақытта оңтүстік батыс желдер басым  болады. Қоңыржай еңдікте Атлант мұхитынан  циклон түрінде басып кіретін  ауа массасының рөлі зор. Қыста олар жылылықты әкеледі, бұлыңғыр күні қар  жауады, ал жазда салқын найзағай жарқылдап, нөсер жауын-шашын әкеледі.

Жылы  кезде Орта Азияның шөлдерінен Павлодар облысына тропикалық ыстық Тұран  ауасының массасы өтіп кетеді, ол ыстық  құрғақ кездерде құрғақ аңызғақ желмен шан борандарды әкеледі.

Жылдың  суық жартысында оңтүстік-батыс желдері  басым болады, оның қысты қайталуы (43%), күзде ерекше (37%)-ке жетеді. Жылы кезде желдердің тарауы бағыт  бойынша салыстырғанда біркелкі, бірақ солтүстік-батыс желдер басым. Желдің орташа жыламдығы 4-4,5 м/с. Жыл  мезгілінің ауысу кезінде көктемде және күзде (әсіресе солтүстік облыстарда жиірек) болады.

Атмосфералық  жауын-шашын мөлшері солтүстікте  жылына 200-300мм шамасында, оңтүстікте 194мм-ге дейін ауытқиды. Баянаул тауларында олар 340мм құрайды. Жылына орташа 110-130 күнге дейін жауын-шашынның болуы байқалады, 2-3 айда барлығы 5мм және керісінше, 1 тәулікте 105мм жауған кез де болған. 

     2.Жауын-шашын.

Атмосфералық  жауын-шашын жыл бойында біркелкі тарамайды. Оның көп бөлігі жылы кезде  сәуірден қазанға дейін өсімдіктердің  өсуі үшін қолайлы кезінде жауады. Жазғы максималды жауын-шашын күрт өзгереді: шілде-тамыз бойы жауын  жылдық жауынның жартысындай мөлшерде жауады. Күзде жауын-шашын көктемге қарағанда біраз көбірек жауады. Қыста жауын-шашын мөлшері аздау, бірақ жиналған қар жоғарыдан  су ағып кетуге, топырақтың мол дымқылдығы және жер астындағы сулар басты  себеп болады. Ауаның жылдық орташа салыстырмалы ылғалдылығы 69%.

Жыл сайын  жауын-шашын мөлшері күшті ауытқиды, ылғалдылық пен қуаңшылықтың кезектесіп отыруына тура келеді. Құрғақшылық  жылдары шілде кезіндегі жауынның кешігуі ауылшаруашылық мәдени өсімдіктері  мен жасанды азықтың шөптесін өсімдіктердің өнімін төмендетуге  әкеп соғады.

Облыстың  қара жамылғысының жатуы 150-160 күнге  созылады. Дегенмен облыстың солтүстігінде  қар 143-195 күн жатқан кездері де болған, ал оңтүстікте 130-165 күнге созылады. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның  бірінші жартысының соңында, солтүстікте  қарашаның ортасында облыстың басқа  бөліктерінде болған. Басқа жылдары  қар ертерек қыркүйектің соңында  түскен. Қар жамылғысының биіктігі 25см.

Топырақтың  мұздану тереңдігі 70-125см. Орташа мұздану  тереңдігі 100-110см құрайды.

Жылына 11-24 күндей қарлы боран болады. Қатты  желдер қарды алыс қашықтыққа ығыстырып, далаға жалаңаштайды және күрт қалың  қар түсіп, төңірегіне бөгет жасайды. Сондықтан облыста ерекше қар  тоқтату қажет, далаға ағаш отырғызып  егін алқаптарын қорғау керек. Қар тоқтату  тек топырақты ылғандыру үшін ғана қажет емес, сол сияқты жерді  тоңазудан да сақтау қажет. Қыста  аз түскен қар 2 метрге дейінгі жерді  қатырады да, күзгі және көктемгі егістіктерге зиянын тигізеді. Қысқы кезеннің ерекше сипаты қыстың бірінші жартысының екінші жартысынан біраз жылы болуында. Күшті  аяз бен қатар жылыну температурасының 1-2ºС-қа көтерілгені байқалады. Кейде  қыста тұман, қырау, тайғақ болады. Тайғақ жол қатынасына, ауыл шаруашылығына  ауыртпалық әкеледі.

Орташа  тәуліктік температура 0ºС жоғары болып  айқындалса, ол көктемнің басы болып  есептеледі. Ол әдетте наурыздың соңында, немесе сәуірдің басында болады. Көктем облыста ерте басталады. Бұл кезде  қардың еруі жолда ғана емес, егіс алқаптарында да байқалады. Қардың еруі 1 сәуірде  бітеді. Орташа тәуліктік температура 0-ден  жоғары. Ауаның тез жылуы  атмосфералық жауын-шашынның түспеуі көктем кезінде қуаңшылыққа әкеп соғады. Сондықтан міндетті түрде топырақтың ылғалдылығын дұрыс жинақтап, сақтап пайдалану керек.

Ерте  көктемде, жерде әлі өсімдік шықпай тұрып, жел күшті көтеріліп, жел  эрозиясы пайда болады, топырақ шашырап, оның құнарлығы төмендейді. Көктемде ауа-райы тұрақсыз, әсіресе наурыз-сәуір  айларында. Бұл кезде суық пен  жылылық арасында күрес жүреді. Алғашқы  көктем наурыз айының ауасы ауыспалы болғандықтан, «ызаланған ай» деп  аталған.

Павлодардың жазы ыстық, желі құрғақ. Халық бірінші  жазғы ай маусымды жылдың шырайы деп  атайды. Маусым барлық территорияларға  тән – бұл орташа тәуліктік  ауаның температурасы 15ºС көшу кезеңі. Маусым мен қыркүйекте жоғарғы температура  тұрады. Максималды жауын-шашын мөлшері  шілде мен тамыз, бірақ көп  бөлігі булануға ұшырайды. Жазда күн  күркірейді және нөсер, бұршақты жауын  жауады. Солтүстік-батыс желдері 3-4 м/с жылдамдықпен соғады және құйынды, шаңды дауыл болады.

Шілде ыстық, бірақ кешке қарай ыстықтық төмендейді. Тамызда температура  шілдемен салыстырғанда төмендейді және түнде салқындайды. Таңертен тұманды  шық, күздің жақындап келе жатқаны сезіледі.

Күз қысқа, салқын және кейде жауынды, суық ерте түсе бастайды. Тамыздан қыркүйекке қарай  температураның түсуі күшейе береді, қыркүйекте орташа айлық температура 12-14ºС, қазанда 2-4ºС. Күзде жауын-шашынның мөлшері аздығымен (35-55мм) сипатталады. Күннің қысқара бастағаны, түннің ұзақтығы байқалады. Қыркүйекпен қазанда  жел соғады, батыстан сіркіреп жауын-шашын  әкеледі, бірақ қыркүйекте күннің көзі шығып, ауа жылынып, температура  түнде шамалы төмендейді. Бұл кезеңді  халық: «Әйелдер жазы» деп атайды. Қазанда облыстың солтүстік территориясына суық ауа массасы кіреді, алғашқы  қар түсуі байқалады.

Жер асты суларының жоғары қарай атқылап  шығуынан тұз жақын жатқан минералды  суларынан топырақтың жоғарғы горизонтына  шығады. Тұзы жердің бетіне жиналатын  нағыз тұзды топырақты - сор топырақ  дейміз.

Жазық жер беті сордың ақ дақтарымен шұбарланған. Солар сортаң жерлердің жер асты суларының деңгейінің төмен түскен жерлерінде жиі кездеседі. Осындай  қабаты шайылып төмендейді де, кейбір тереңдікте жиналады. Батыстағы көктерек – қайың түбіндегі шоқтарда артық  дымқылдықтың болуына әрі қарай  топырақты шаюдан сортаңдар солодилерге  айналады. Осы топырақтың жоғарғы  горизонты кремнеземмен байытылып, оларға ақ бояу түсін береді.

Облыстың  солтүстігіде қара топырақ дамыған  ол климаттың қолайлығына байланысты салыстырмалы өсімдік жамылғысына  қарашірік құрылуына себебін  тигізеді. Қара шіріктің құрамы 5-7%. Ол жоғарғы горизонтта топыраққа қою  бояу береді, қалыңдығы 60-80см жетеді. Бұл  топырақ біршама жоғарғы өніммен  ерекшеленеді.

Оңтүстікке  қарай қара топырақты белдеу екі  белдеу астына – қою каштан және ашық каштанды топыраққа ауысады. Оларға тұздылық қасиеті тән. Қою қаштанды топырақ подзонасы құрғақ далалы ауданды алып жатыр. Ашық каштанды подзона  шөлді дала ауданын алып жатыр. Қою  қаштанды топырақ егістік қабатта 3-4% гумустың қалыңдығы18-20см. Ашық сарғылт  топырақ онша үлкен емес, 2-3% гумустың құрамымен айырмашылық жасайды. Горизонтта гумустың қалындығы 12-15см.

     Ерекше  топырақтың құрамын құрайтын шабындық топырағы Ертістің жайылымы, облыс  төңірегін:

-каштанды топырақ;

-шабындық;

-шабынды – қара топырақ;

-жайылымды шабындық;

-шабынды – батпақты деп бөледі.

     Шабындық  топырақтың құрылуына 2-3м тереңдікте жатқан жер асты суларының маңызы бар. Топырақтың құрылуы сулану режиміне, жер асты суларының минералдау сипатына, сол сияқты топырақ құраушы жыныстардың  ерекшелігі мен өсімдіктеріне байланысты болады. Осы факторлардың қатынасына байланысты шабындық топырағының бір  типі құралады.

     Шабындық  жайылым топырағының айырмашылығы жоғарғы горизонт топырағының лай  болуы, мал азығының базасын дамыту үшін мүмкіндік жасайды.

     Жер игерушілер қара топырақты және қою  сары топырақты пайдаланады. Бірақ  қатаң, күрт континентальді климат жер  шаруашылығының жұмысын қиындатады. Сондықтан бәрінен бұрын топырақта  суды сақтау, жинау туралы кешенді  жұмыстар жүргізу керек.

     Горизонттың жоғарғы жағы, жыртылған жерлерін тозандату қара топырақта 97%-ке жетеде, қою сарғылт  каштан топырақта 98%, яғни бұл топырақтар іс жүзінде ауыл шаруашылығында қолдануға құрылымсыз болды. Күшті тозаңдану құрылымы мен топырақтың механикалық құрамы эрозия процестерінің пайда болуына  әсер етеді. Оған облыстың көптеген табиғат  аудандары жатады. Демек, топырақтың құрамын жақсарту, жел эрозиясына қарсы шара күрес жүргізу керек. Соған байланысты кешенді суландыру  жұмысы топырақты қорғау, егінді егуді  алмастыру, эрозияға қарсы топырақты  өндеу жұмыстары жүргізіледі.

     Жердің  көптеген көлемі суландыруды, тұзды  азайтуды, сортандарды жоюды керек  етеді (гипстандыру). Топырақ та суды ұстап қалу үшін қар тоқтату жұмысы жүргізіледі.

Топырақтың  құнарлығын жоғарылату үшін тыңайту  қажет, зиянкестермен, аурулармен күресу үшін химиялық қорғану амалдарын  қолданады.Шаруашылық әрекеттерінен  бұзылған жерді өңдеу (рекультивациялау) керек.

     Жердің  солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқанына  қарамастан облыстың барлық территориясы бірдей – топырақ белдеуінің маңында  каштан топырақта орналасқан. Территорияның  үлкен бөлігін – қоңыр топырақты  белдеу алып жатыр, тек солтүстік  шетіне қарай қара топырақ белдеу, оңтүстік – шығыс белдеуінде топырақты  ашық каштан. Горизонттың жоғарғы  жағы жыртылған жерлерін тозаңдату  қара топырақта 97% жетеді.

     Жердің  көптеген көлемі суландуыруды, тұзды  азайтуды керек етеді.Топырақта  суды ұстап қалу үшін қар тоқтату  жұмысы жүргізіледі.Топырақтың құнарлығын көтеру үшін тыңайту қажет, зиянкестермен, аурулармен күресу үшін химиялық қорғану  амалдарын қорғанады.

     Орманның  өсу жағдайына әсер  ететін факторлардың ішінен ең маңыздысы климат болып  табылады. Бұл аймақтың климаты континентті, яғни ыстық құрғақ жазбен, жоғары температуралы  қары аз қатты қыспен сипатталады.Оның климатының қалыптасуына территоряның терең континентальды жағдайда орналасу, күн радиациясының молдылығы , ауа  циркуляциясының жылдамдығы, жер  бетінің біркелкі жазық далалы болып  келуі әсер етеді.

Климатына әсер ететін күн жылуының жер бетіне түсу мөлшері. Күн көзінің шағылысу уақыты  - 2300 – 2400 сағат.

     Мауысымда күннің ұзақығы – 17 сағат, желтоқсанда 7 сағатты құрайды.Оның маңында орташа жылдық температура 1 С – 3 С, солтүстікте 0С, орта бөлікте – 1,8 С, ал оңтүстікте  - 2,6С. Нағыз жылы айдың орташа айлық  температурасы шілдеде 19 С – тан 21,3 С – қа ауытқиды. Нағыз суық айдың температурасы қаңтарда.

     Вегетациялық  кезең 5 С – да сәуірдің үшінші онкүндігінен басталады да, қазанның алғашқы онкүндігінде аяқталады.

     Атмосфералық  жауын – шашын мөлшері жылына 200 – 300 мм шамасында ауытқиды.. Жауын – шашын жыл бойында біркелкі тарамайды.Ауаның жылдық орташа салыстырмалы ылғалдылығы 69 %. Қар жамылғысының жатуы 150 – 160 күнге созылады. 

1.4 Қаржы құралдарының  қажеттілігі

     Шығындарды  жабудың негізгі көзі республикалық  бюджеттің қаражаты және шектеулі шаруашылық қызметінен алынған қаражат болып табылады.

     2009-2013 ж бюджеттік қаржыландыру жоспарының  шығындары мынадай (3 қосымшада қарастырылады).    Олардың ішінен:                              

-Еңбек  ақылар                                                                       2468161
-Орман  екпелерінің жұмыстары 739529
-Өрттке  қарсы шарала                                                           644902
-Шектеулі  шаруашылық қызметі бойынша шығында  және кірістер (4 қосымшада)                                                                                     1346124
-Шектеулі  шаруашылық қызметтерінен қызмет  көрсетулер мен жұмыстардың тізімі 5 қосымшада орналасқан. 837942

                   

       

1 – Кесте 2010 жылға МОТР «Ертіс орманы» ММ шектеулі шаруашылық қызметінен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) іске асырудан кірістердің және шығындардың Жоспары

Қызмет  көрсетулер кодтар атауы
Функционалдық топ 10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, аса ерекше қорғалатын аумақтар, қоршаған ортаны және аңшылық  шаруашылығын қорғау, жер қатынастары
Функционалдық топтама 05 Қоршаған ортаны қорғау
Бюджеттік бағдарламалардың администраторы 212 Қазақстан Республикасының  ауыл шаруашылық министірлігі
Бағдарлама 040 Аса ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың дамуын және сақталуын  қамтамасыз ету
Тауарлардың(жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) түрлері 15 Шектеулі шаруашылық қызметінің табыстары, соның ішінде: 1)сувенирлік өнімдерді өңдіруден; 2)аралық пайдалану кесулерінен және басқа  кесулердің тауарларын, оларды өндіруден  алынған сүректердің өнімдерін  іске асырудан; 3) орманды жанама пайдаланудан және оны өңдеу өнімдерінен; 4) өнімдерді  өңдіру және шектеулі шаруашылық, туристік, үзілістік мақсаттарды жеке және заңды тұлғалармен қоса қызмет туралы жасалатын шарт бойынша қызмет көрсетулер.

 

  2 – Кесте  Кірістер мен шығындар

Көрсеткіштер коды Тоқсан  бойынша соммасы жиынтығы
І ІІ ІІІ ІV
1 2 3 4 5 6 7
Кірістердің барлығы     72262,2 85075,4 71335,5 228673,3
Жылдың  басында қаражаттың қалдықтары            

 

  2-ші  кестенің жалғасы

1 2 3 4 5 6 7
Үстіміздегі жылдың түсімдері     72262,2 85075,4 71335,7 228673,3
Барлық шығын     72262,2 85075,4 71335,7 228673,3
Тағам өнімдерін сатып алу 131   400     400
Киім  және басқа пішіндік және арнайы киім кешектер тігу және сатып алу 134   2000 2000   4000
Басқа тауарларды сатып алу 139   3807 3806 3806 11419
Коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеу 141   834 2963 2963 676
Байланыс  қызмет көрсетулерді төлеу 142   600 500 400 1500
Ғимарат жалдауды төлеу 147   960 960 960 2880
Басқа қызмет көрсетулер және жұмыстар 149   31579,4 38762,2 27574 97915,6
Басқа ағымдағы шығындар 159   22894 22483,6 22456,2 67833,8
Негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып  алу 411   9187,8 13600 13176,5 35964,3
Ењбек аќы тµлеу ќорын жоспарлау (орман және орман парк шаруашылығының мысалында)