Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі. 2
Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I бөлім КӘСІПОРЫНҒА ҚЫСҚАША МІНЕЗДЕМЕ
II бөлім ЕҢБЕКАҚЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
2. 1 Еңбекақы және еңбекақы түрлері.
2. 2 Еңбекақы формалары және жүйелері.
2. 3 Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын
ұсталымдар мен аударымдар түрлері.
III бөлім Еңбекақыдан ұсталымдар мен аударымдар
есебі.
2.1 Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың
аналитикалық есебі.
2.2 Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың
синтетикалық есебі.
III бөлім Кәсіпорын ``Жол-Өткен``ЖШС №1бөлім
цех бойынша жұмыскерлердің еңбекақысынан
ұсталымдар мен
аударымдар есебінің жүргізілуі
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп – дүние жүзіндегі кез келген қызметтің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.Қоғамның даму барысында бухгалтер үш түрлі міндет атқарады: 1) есепті барынша ақпаратты әрі дәл жасау; 2) оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу; 3) шаруашылық өмірдегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу;
«Бухгалтер» деген сөз немістің «бас кітап ұстаушы» деген мағынадан туған.Бухгалтерлік есепті халықаралық стандартқа, оның талаптарына сай келетін,дей етіп жүргізу – оны ұйымдастырудың және қалыптастырудың маңызы зор.Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады.Бұл Қазақстан Республикасының «бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы» заңдарымен, бухгалтерлік есеп беру стандарттарымен, сондай – ақ ұйымның есеп саясатымен реттелетін кәсіпорындар мен ұйымдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап, қорыту жүйесі.Есеп қатаң түрде әрі жазба тек арнайы рәсімделген құжат негізінде жүргізіледі.Бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның күмәнсіз сенімділігін, шыншылдығын арттырады.Субьектілердің меншігі шаруашылық құралдардың және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады.Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің обьектілері деп аталады.Бухгалтерлік есептің обьектілеріне мына процесстер жатады:
1) қамтамасыз ету (снабжение);
2) өндірістік (производство);
3) өткізу (реализация);
Өткізу – мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері өткізу жөніндегі шығындар, орындалатын жұмыстар, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.
Бухгалтерлік есептің мақсаты – барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына бақылау жасау.
Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты – кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске асырылады. Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін ұлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау әдістерін кеңінен қолдана отырып, кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленді. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүйене отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды құжаттары мен мәліметтеріне қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:
- болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;
- ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;
- қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақытылы беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық-ақпараттық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне қарай ұйымдастырылады. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын (инвесторларды), несие берушілерді (банк немесе банктен тыс мекемелер) және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындардың ақпаратын пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның қаржылық есебіне сүйенеді. Негізінен кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттық мәліметін пайдаланушыларды төмендегідей екі топқа бөліп қарастырады:
- ішкі пайдаланушылар;
- сырқы пайдаланушылар
Ішкі пайдаланушылар осы кәсіпорында қызмет атқаратын тұлғалар, ал сыртқы пайдаланушыларға осы кәсіпорында қызмет атқармайтын, бірақ оның қаржылық жағдайына қызығушылығы бар заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады.Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір тәсілдер мен әдістер бойынша есептейтін, өлшейтің және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе.Ол кәсіпорындардың жұмысын толығымен бақылап, басқару үшін бағытты бағдар беріп, алдағы жұмысты жоспарлап және сонымен қатар сол ұйымның болашақта атқаратын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті болып табылады.Сондықтан бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты, негізгісі болып табылады. Қазақстан Республикасының «бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы» заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды; қаржылық есеп беру мен оның пайдаланатындығы және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай – ақ ұйымның құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуді міндеттейді.Көп жағдайда бухгалтерлер мен есепшілердің арасындағы айырмашылықтарды білмеу салдарынан бұл екеуін шатастырып алу мүмкіндігі бар.Бұлар іс тәжірибесінде өз қызметтері барысында бірін – бірі ауыстырып отыратындығы рас.Бірақ, есепшінің негізгі міндеті – шаруашылық операцияларды тіркеу, бухгалтерлік – ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңдеп, оған экономикалық талдау жасап, оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу – бухгалтердің міндеті.
Кәсіпорындар
мен ұйымдардағы болатын барлық
үдерістерді алдымен бақылап, орындалатын
жұмыстар мен атқаратын қызметтердің
нәтижесінде өндірілетін
Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару, сондай – ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады.Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін асыру арқылы меншік заңдылығ мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сәйкес іске асырылады.
Бухгалтерлік
есептің ақпараттық мәліметтері
мен көрсеткіштеріне сүйене отырып,
экономикалық талдау кестелері жасалады.Сонымен
қатар бухгалтер есеп жұмыстарының
қорытынды құжаттары мен
Бухгалтерлік
есептің негізгі мақсаты –
ұйымның өз экономикалық және саяси
жағдайларына тән шаруашылық қызметтерін
тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпараттық
мәліметтермен қамтамасыз ету.
II. ЕҢБЕКАҚЫ
ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ
Шаруашылық
үдерістері ( процесстері ) жабдықтау,
өндіру және сату деп алдыңғы тарауларда
айтып өткен болсақ, осы өнім өндіру
үшін қажеттілер еңбек заттары, еңбек
құралдары, сондай – ақ жұмысшы күші екендігі
белгілі. Тауарлық – материалдық қорлардың
есебін қарастырғанда еңбек заттарының,
негізгі құралдардың есебін қарастырғанда
еңбек құралдарының есебі қалай жүргізілетіндігіне
тоқталып өткен болатынбыз. Ал кез – келген
кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды
орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың
еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген
еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай
кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің
бірі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің
бірі б.т. қызметкерлер мен еңбекақы бойынша
есеп айырылысу тақырыбы өз алдына бөлек
тарау болып қарастырылатындығы осыдан.
Еңбек
пен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері.
- Өндірілетін өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау.
- Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау.
- Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау.
- Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау.
- Жұмысшы және қызметкерлермен уақытылы дұрыс есеп айырысу.
- Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу.
- Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру.
Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:
-
Еңбектің өнімділігі мен
-
Еңбек пен өндірісті
-
Еңбекақы төлеудің сыйлық беру
жүйесімен басқа да түрлерін
жұмыстағы жетістіктермен
-
Еңбек және еңбекақы есептеуде
осы күнгі талаптарға сай
Жұмысшылар
мен қызметкерлердің
құрамы мен жұмыс
уақытын пайдалану
есебі.
Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөлінеді.
Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа бөлінеді:
- Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері.
- Өнеркәсіптік ұйымның балансындағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың жұмысшы-қызметкерлері.
Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер деп екіге бөлінеді.Есеп берген кезде қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтар болып бөлінеді.
Қызметкерлер тобы басшылар,мамандар және тағы басқа топтарға бөлінеді.
Басшылар
қатарына - президент,ректор,директор,
Мамандар қатарына – инженер,техникалық қызметтегі адамдар және тағы басқалары жатады.
Басқа
да қызметкерлер қатарына –
құжаттарды дайындайтын,есеп және бақылау
жұмысын жүргізетін,шаруашылық қызметтерін
атқаратын бухгалтерлер,менеджер,агроном,
Бухгалтерлік есепте жұмысшы қызметкерлердің саны мен олардың жұмыс істеген уақытын есепке алуға тура келеді. Шаруашылық субъектісіндегі қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың «тізімдегі саны»- деп аталады.
Мекемедегі жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдік саны- жұмысқа жаңа адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады. Еңбек есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақыты есебінен тұрады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі- мекемедегі мамандар бөлімінде (кадрлар бөлімі) жүргізіледі. Мамандар бөлімінде алғашқы мынадай есеп құжаттары пайдаланылады:
1. Жұмысқа алу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-1;
2. Басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-5;
3. Демалыс берілуі жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-6;
4.
Жұмыстан шығарылуы жайлы
Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге мекеменің мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады.
Еңбек кітапшасы- мамандар бөлімінде сақталынып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары, сондай-ақ ескертулері, сөгістері және тағы басқа деректер жазылады.
Жұмысқа
алу жайлы хат негізінде
Жұмыс
істелінген уақыт
есебі
Жұмыс
істелінген уақыт көрсеткіші, жұмысшылар
мен қызметкерлер- дің еңбекақысын
жұмыс істеген уақытына қарай
есептеуге, оларға өндірілген өнімнің
өнімділігін есептеуге және жұмысшылар
мен қызметкерлердің
Үлгілі түрі №12 табель- еңбекақы жайлы есептік мәліметтерді есептегіш машиналарға санауға арналған.
Үлгілі түрі №13 табель- тек қана жұмыс істеген уақытты есептеп санауға арналған.
Үлгілі түрі №14 табель- тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы қызметкерлердің жұмыс істеген уақытын есептеуге арналған.
Бұл табельдер ұйым, мекеме яғни шаруашылық субъектісінің әр құрылымының өкілдері бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалуына байланысты белгіленген шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғаны туралы құжаттары осы табельге қосымша тіркелінеді.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің демалысқа шығуы, іс сапарында болуы, жұмысқа себепсіз кешігуі және тағы басқа жағдайлар табельде тиісті белгіленген әріптік белгімен көрсетіледі.
Мысалы:
- іс сапарындағы жұмысшы қызметкерлер үшін - і
- демалыстағы жұмысшы қызметкерлер үшін – д
- жұмыстан себепсіз кешіккен жұмысшылар үшін – с
тағы да басқа белгілер қолданылады.
Табельде жұмысшылар мен қызметкерлердің тек қана жұмысқа келген немесе жұмысқа келмеген күнін белгілеп қана қоймай, олардың жұмысқа кешіккенін, мерзімінен тыс жұмыс істеген уақытын, жұмыс істеудің белгіленген уақытын және тағы басқа себептерді есептеу үшін белгілер қойылады.
Бұл ретте шартты белгінің қасына белгіленген жұмыс уақытынан ауытқулар жазылады. Жұмыс істелінуге тиісті уақытынан ауытқыған уақыты табельге бұрыннан арналған алғашқы құжаттарға жазылуы керек.
Мысалы: жұмысшылар мен қызметкерлердің мерзімнен тыс жұмыс істегеніне ай бойына немесе басқа да есептелінетін уақытына арналған ведомость толтырылады. Мекемедегі тоқтап қалған жұмысқа төленетін еңбекақы жұмыстың тоқтап қалуы туралы жазылған қағаздың негізінде есептелінеді. Табельдегі толтыруға негіз болатын жоғарыда айтылған құжаттар табельдер мен бірге бухгалтерияға тапсырылуы қажет. Табельдер мен оларға негіз болған алғашқы құжаттар еңбекақы есептеуге және жұмысшы-қызметкерлердің жұмыс істеген уақытын есептеу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар цехтар мен бөлімшелер бойынша жинақталған деректер жұмыс уақытының балансын жасауға, нақтылы жұмыс істелінген уақыты жайлы статистикалық есеп беруге пайдаланылады. Бұл көрсеткіштер еңбектің өнімділігін анықтап жұмыс уақытының пайдалану нәтижесін анықтау үшін де қажет болып табылады.
Саны
ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлерге
есептелген айлық еңбекақы қоының сомасын
сол ұйымда негізгі қызметті атқаратын
жұмысшылар мен қызметкерлердің есепті
айдағы орташа еңбекақысына бөлу арқылы
анықталады.
Мейрам күнінің алдындағы қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы есептеу.
Халық
шаруашылығы салаларындағы субъектілерде
мейрам күнінің алдындағы жұмыс күні бір
сағатқа қысқартылады. Бұл күні жұмыс
істеген жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақылары
былайша төленеді. Мекемеде еңбекақының
кесімді түрі белгіленген жұмысшы-қызметкерлерге
өндіріп шығарған өнімдері, сондай-ақ
атқарған қызметінің саны мен көлеміне
байланысты белгіленген мөлшерде ғана
еңбекақы есептелініп төленеді. Ал мекемеде
еңбекақының мерзімді түрі бойынша еңбекақы
төленіп жүрген жұмысшы-қызметкерлерге
бұл, яғни қысқартылған жұмыс күні үшін
толық жұмыс күніне белгіленген мөлшердегідей
еңбекақы төленуі тиіс.
Түнгі
уақытта істеген
немесе атқарған жұмыс
үшін төленетін төлем.
Мекемеде кешкі сағат 22.00- ден ертеңгі, яғни таңғы 6.00- сағатқа дейін істеуге белгіленген жұмыс уақыты түнгі уақыттағы атқарылған жұмыс уақыты болып есептелінеді. Жұмысшы-қызметкерлерге бұл уақыт аралығында жұмыс істегені үшін көтеріңкі мөлшерде, яғни қосымша еңбекақы төленеді. Еңбекақының кесімді түрі мекемедегі қызметкердің түнгі уақыттағы атқарған қызметінің істеген жұмысының әрбір сағатына жұмысшының мамандық дәрежесі бойынша тарифте белгіленген еңбекақысының 25% (пайызы) мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Ал өнеркәсіптік шаруашылық субъектісінде мерзімді еңбекақы алатын жұмысшы түнгі уақытта жұмыс істеген уақытының әрбір сағатына тариф бойынша белгіленген бір сағаттық еңбекақының 20% мөлшерінде қосымша төлем алады. Халық шаруашылығының басқа салаларында жұмыс істейтін жұмысшылар түнгі уақыттағы жұмысына төленетін қосымша төлем мөлшері түнгі уақыттағы жұмыс істеген әрбір сағатына мынадай тәртіппен есептелініп төленеді.
Түнгі жұмыс уақыты бір сағатқа қысқартылған мекемеде жұмысшыларға төленетін еңбекақы ұжымдық шартта қаралған көлемде, бірақ зыңда қаралған мөлшерден кем емес мөлшерде өленеді.
Мерзімді
еңбекақы алатын жұмысшыларға жеті сағаттық
жұмыс күнінде түнде істеген әрбір сағатына
сағаттық тарифтің 7/6 бөлігінен, ал алты
сағаттық жұмыс күнінде түнде істеген
әрбір сағатына сағаттық тарифтің 6/5 бөлігінен
кем емес мөлшерде қосымша еңбекақы төленеді.
Жұмысшы-қызметкерлердің мерзімнен тыс уақытта істелетін жұмыстарына төленетін төлем.
Халық
шаруашылық салаларында нақтылы
жұмыс уақыты белгіленген шаруашылық
субъектісінде жұмысшылардың
Мекемедегі
кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар
мерзімнен тыс уақытта істеген
жұмыстарының алғашқы екі сағатына сол
уақытта атқарған жұмысына тиісті еңбекақының
50 % (пайызы), ал одан кейінгі сағаттарына
100 % мөлшерінде
Орындалған
жұмыс уақытының есебі.
Орындалған
жұмыс уақытының көрсеткіші, жұмысшылар
мен қызметкерлердің
Табельдерде кәсіпорынның әр құрылымының өкілдері бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғанына байланысты белгіленген шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғаны туралы құжаттары осы табельге қосымша тіркеледі. Жұмысшылар мен қызметкерлердің демалысқа шығуы, іссапарда болуы, жұмысқа себепсіз кешігуі және тағы басқа жағдайлар табельде тиісті белгіленген белгімен көрсетіледі.
Ол үшін әріптік, мысалы:
-і - іс–сапарындағы жұмысшы–қызметкерлер үшін
- д - демалыстағы жұмысшы–қызметкерлер үшін
-с
-жұмыстан себепсіз кешіккен жұмысшылар
үшін
және тағы да басқа белгілер қолданылады.
Табельде жұмысшылар мен қызметкерлердің тек қана жұмысқа келген немесе жұмысқа келмеген күнін белгілеп қана қоймай, олардың жұмысқа кешіккенін, мерзімінен тыс жұмыс істеген уақытын және тағы басқа себептерді есептеу үшін белгілер қойылады.
Табельдер
мен оларға негіз болған алғашқы
құжаттар еңбекақы есептеуге және жұмысшы
қызметкерлердің жұмыс істеген
уақытын есептеу үшін пайдаланады.
Сонымен қатар цехтар мен бөлімшелер бойынша
жинақталған деректер жұмыс уақытының
баласын жасауға, нақтылы жұмыс істелген
уақыты жайлы статистикалық есеп беруге
пайдаланады. Бұл көрсеткіштер еңбектің
өнімділігін анықтау үшін ғана емес, сонымен
қатар жұмыс уақытының пайдалану нәтижесінде
анықтау үшін де қажет б.т.
4.1
Еңбекақы және тариф
жүйелері
Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:
- тарифтік кесте;
- тарифтік еңбекақы мөлшері;
- тарифтік мамандық анықтамалары.
Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай оларға тариф бойынша әр түрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді.

- Еңбекақының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары
- Еңбек ақының мәні
- Еңбек ақының теориялық негізі
- Еңбек ақының тоериялық негізі
- Еңбек ақының формалары және жүйелері
- Еңбек ақының экономикалық мәні
- Еңбекақының экономикалық мәні
- Еңбек ақы бойынша өндірістік шығындар есебі
- Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін ұсталымдар
- Еңбекақы есебі
- Еңбекақы есебі
- Еңбекақы және еңбекақы есебі
- Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі
- Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі