Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін ұсталымдар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық колледжі
Бастаубай Багдат
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін ұсталымдар.»
5В012000 - «мамандық аты жазылады»
Алматы 2015
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық колледжі
«Қорғауға жіберілді»
«Экономика» кафедрасының
меңгерушісі__________________А
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін ұсталымдар.»
5В012000 - «мамандық аты жазылады»
Орындаған: Бастаубай Багдат
Ғылыми жетекшісі:
т.ғ.к. доцент Алмухамбетов С.С.
АЛМАТЫ 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1. ЕҢБЕКАҚЫ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ.
1.1. Еңбекақы және еңбекақы
түрлері.......................
1.2. Еңбекақы формалары және
жүйелері......................
1.3. Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен
шегерілетін
ұсталымдар түрлері............
2. ЕҢБЕКАҚЫДАН ҰСТАЛЫНАТЫН ҰСТАЛЫМДАР ЖӘНЕ АУДАРМА
ЕСЕБІ.
2.1. Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың аналитикалық есебі...................... 13
3. ЕҢБЕКАҚЫНЫ ТАЛДАУ........................
3.1. Еңбек өнімділігін талдау........................
3.2. Еңбекақы қорын талдау........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есеп-тің рөлі мен мәні артуда.Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге,негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап бәсекелес субъектіні айқындауға сондай-ақ субъектігердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы уақытылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты ақсаттары болып табылады.
Бухгалтерлік есеп
–экономикалық бөлім
––Жалақы мен зейнетақы төлемеу деген болмайды бұл өткен уақыт құбылысына айналады.
––Қоғамымыздың барынша мұқтаж топтары ішінде 150мың адам кіші кредиттердің көмегімен және 3,5миллионнан аса адам.
––Барлық өнімділігі төмен және шығынмен істейтін зауыттар банкроттық жосығынан өткізіледі.
––Зейнетақы реформасын нысаналы түрде жүргізе беретін боламыз.
––Өз қаржы секторымыздың реформасын тәмамдап құнды қагаздар нарығын іске қосамыз.
Жалпы осы курстық жұмысымның басты мақсаты –еңбекақы түсінігін анықтай отырып,одан ұсталатын аударымдар мен ұсталымдар есебін ұйымдастыру. Бұл жұмыс арқылы бірінші бөлімде еңбекақының экономикалық мәнің, жіктелуін,нысаналарын қарастырдым,ал екінші,яғни негізгі бөлімде осы курстық жұмысымның тақырыбын қарастырып,оның мәнін, яғни есебін аштым.
1. ЕҢБЕКАҚЫ –
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ
1.1. Еңбекақы және еңбекақы түрлері.
Еңбек және еңбекақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару үшін Қажет ‘Қазақстан Республикасы Еңбек туралы’’ Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті құқықтық актілермен еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдық келісім-шартпен реттеледі.
Кәсіпорын дербес болғанымен заңға сәйкес штат кестесі формалары және еңбекақы сыйақы жүйесі белгіленеді.Әрбір қызметкердің еңбекақылық табысы кәсіпорын қызметінің түпкілікті қорытындысына байланысты , оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталады. Ол салықпен реттеледі және ең жоғары көлеміне шектеу қойылмайды.
Еңбекақы мөлшерін жұмыс берушінің өзі белгілейді және жұмыс беруші белгіленген еңбекақы мөлшері Қазақстан Республикасының Заңында белгілен-ген (‘‘Қазақстан Республикасының Еңбек туралы ’’Заңының 71-бабы)ең аз ша-мадағы еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы керек. Жалпы еңбекақы дегеніміз–қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгіленгін еңбек шарты және мансап инструкциясына байланысты төлем Еңбекақы негізгі және қосымша түрге бөлінеді. Негізгі дегеніміз–бұл қызметкерлерге нақты жұсыс пен өтеген уақыты үшін орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалау мен қызметақы бойынша есептелетін еңбекақы.
а)жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар қызметақы кесімді бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша есептелінген еңбекақы.
ә)қызметпен өткерген жылдар үшін үстеме.
б)жұмыс жағдайының
өзгеруіне байланысты
в)кесімді алушыларға
үдемелі бағалаулар бойынша
г)ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйлық ақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар қосымшалар.
ғ)мерзімнен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы.
д)түндегі жұмыс үшін ақы төлеу.
е)жұмысшының кінәсі жоқ бос тұрып қалуға төлеу.
Мерзімнен тыс жұмыс үшін ақы. Мерзімнен тыс деп белгіленген уақыт ұзақтығынан тыс уақытта орындаған жұмысты есептейді. Істеген күніне қарай еңбекақы алатын жұмыскерлер және мерзімнен тыс жұмыстан ақыны алғашқы екі сағаттар үшін екі есе мөлшерде төленеді. Мезгілден тыс жұмыс уақыты бір тәулікке әр жұмысшыға екі сағаттан артық болмауы керек. Аса зиянды және аса қауіпті еңбек жағдайында мезгілден тыс жұмысқа тиым салынады . Мезгілден тыс жұмыстың еңбекақысы бір жарым күндік еңбекақы мөлшерінен кем болмауы, сонымен қатар, тиісті құжаттармен рәсімделуі керек.
Бос тұрып қалмау уақытының төлемақысы.
‘Қазақстан Республикасы Еңбек туралы ’Заңының 74-бабына сәйкес бос тұрып қалған жұмыс уақыты төлемақысының тәртібі мен шарттары жеке еңбек немесе ұжымдық келісім-шарттарында анықталады. Жұмысшының кінәсінен болған бос тұрып қалыу уақытыны төлемақы берілмейді.
Бос тұрып қалу–жұмысшы
жұмыс орнында табылса да
Демалыс уақыты үшін төлемақы. Жеке еңбек келісім шарты бойынша жұмыс істеушіге жұмыс орны мен орташа еңбекақысын сақтайтын жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына байланысты кепілдік беріледі. Еңбек демалысының төлемақысы оның басталуы күнтізбедегідей бойынша үш күн қалғанда беріледі. ‘Қазақстан Республикасы-Республикасының Еңбек туралы ’Заңының 60-бабы, 3-тармағына сәйкес ''Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы басқасы жеке категориядағы қызметкерлерге арналған нормативті құқық актілерінде жеке еңбек келісім шартында немесе ұжымдық келісім шартында және жұмыс берушінің актілерінде қарастырылмаған болса қызметкерге күнтізбедегі 18күнінен кем болмайтын уақытка беріледі’’.
Мереке күндердегі еңбекақы. Барлық қызметкерлерге мереке күндерінде істегег сағаттарына қарай төленеді. Жұмыс ауысым сағаты мареке күндеріне дәл келсе мереке күндерінде істелінген сағаттарға екі есе мөлшерде төленеде (0-ден 24сағатқа дейін)
Түнгі уақыттағы жұмыс үшін еңбекақы.
Түнгі уақыт кешкі 22сағаттан бастап таңғы 6-ға дейін созылады. Бүкіл жұмысының 50%-тегіс түнгі алмасуға келсе, онда ло түнгі уақытта жұмыс істеген болып саналады. Ондай еңбеккерлерге жарты тарифтік мөлшерлеменің деңгейінде қосымша еңбекақы төлемі жасалады.
Енді екінші түріне тоқталатын болсақ бұл қосымша еңбекақы түрі.
Қосымша –бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес есептелетін еңбекақы Қосымша еңбекақы түрлері.
а)балаларын тамақтандырушы аналардың жұмысындағы үзіліс уақытына төлем
ә)жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем
б)мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем
в)негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем
г)пайданылмаған демасыс үшін өтемақы
д)шыққанда берілетін жәрдемақы
Қызметкерлерге еңбекақыдан басқа әлументтік сақтандыру қаражаттар есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніңдегі жәрдемақыны алады. Негізгі және қосымша еңбекақылар қорын құрайды. Еңбекақы қорының құрамына еңбекақының барлық түрлері әртүрлі сыйақылар, үстемелер қосымшалар заңға сәйкес жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда ақшалай немесе натуралды нысанда есептелген жеке әлументтік жеңілдіктер қосылады.
1.2. Еңбекақы формалары және жүйелері.
Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыру механизмі жұмысшы күшінің еңбекақыға айналу процесін бейнелейді. Бұл оның осы заманғы нарықтық шындыққа қаншалықты дәрежеде жанасатыны өзінің негізгі функцияларында еңбекақының соншалықты орындалуына байланысты. Еңбекақының қабылдаған осы үлгісі мен оны нақты және нақты емес түрінде есептеу тәсілі еңбекті бағалау мен нәтижесінің өзара байланысын көрсетеді, жай және күрделі қызмет істейтін әртүрлі категориядағы қызметкерлердің төлемдеріндегі қажетті үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Еңбекті ұйымдастыру және олардың төлемі жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы қарым қатынасқа ықпалын тигізеді.
“Қазақстан
Республикасы Еңбек туралы”Заңн
Жұмысшының
еңбекақысы орындалған
Еңбекақының формалары мен жүйелері еңбек және халықты әлументтік қорғау министірлігінің 15.05.2000ж №111-п “Қызметкерге еңбекақыны төлеу мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныс”Бұйрығынды белгіленген жұмыскерлерге еңбекақы есептеудің әртүрлі тәсілін анықтайды. Олар өндіріс жағдайы мен жұмыс жасайтын жеке құрам категориясына байланасты яғни Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997жылдың 16-шы қаңтарында тіркелген №244тіркелімі және Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикалық агенттігінің 1996 ж 19-шы желтоқсандағы № 50 қаулысында бекітілген жалданып жұмыс жасаушылардың сан және еңбекақы статистикасы бойынша нұсқаулықтың 5 бөліміне сәйкес жұмысшылар және қызметкерлер тобына жататындар. Кәсіпорындағы шаруашылық етуші субъект еңбекақы жүйесін дербес таңдайды.Ұйымдардағы еңбекақы жүйесі ұжымдық келісім шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен анықталады. Жұмыскерлердың еңбегі мерзімдік еңбекақымен кесімді еңбекақымен немесе басқа еңбекақы жүйелері бойынша төленеді. Төлем жеке және ұжымдық еңбектің нәтижелері үшін берілуі мүмкін.Еңбекақының негізгі екі түрі бар
–Мерзімді (негізгі-жұмысшының бір сағатына қойылатын тарифтік мөлшерлеме немесе қызмет ақы және жұмыс істелген уақыт)
–Кесімді (негізгі-жұмыс көлемі және орындалған бірліктерін бағалау)
Мерзімді еңбекақы –тарифтік мөлшерлеме бойынша немесе жұмыс істелген уақыт үшін төленеді. Мерзімдік ақы мынадай жағдайларда төленеді.
–жұмысшы өнім шығарылымын арттыруға тікелей ықпал ете алмағанда
–кесімді бағалауды анықтауға қажетті өнімділіктің толық көрсеткіші болмағанда
–жұмыс уақытын пайдалануға қатаң басқару ұйымдастырылып жасалған
жұмыс уақытыны нақты қатаң бақылау жүргізілгенде
–жұмысшыларды дұрыс тарифтендіргенде яғни разряды бар жұмысшының
орындаған жұмыс біліктілігіне сәйкес келгенде
–қызметкерлердің еңбекақысы үшін
Мерзімді еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтауға мүмкін емес болып есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмыскерлер мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген. Мысалы автоматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жұмыскерлер мен қызметкерлерге ұжымның басшыларына қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне тағы басқаларға Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар.
1.жай мерзімді
2.мерзімді сыйақы
Мерзімді сыйақылар–жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифта немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне санына сапасына және т.б көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады. Жай мерзімді-жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақы тына тарифта немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.Кесімді еңбекақы–жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғандажұмысшылар қызметкерлерге тиісті еңбекақы олардың өндірген өнімнің көлемін немесе саның тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған ,яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға-белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп есептелінеді.Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті яғни қажет болатын адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады.Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын өндіретін өнімнің санымен немесе көлемімен анықталады.Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар.
–тікелей кесімді
–кесімді сыйлық ақы
–үдемелі кесімді
–аккордтық
–жанама кесімді
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің іс теген жұмысшының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері–бұл құжатта көрсетілген өндірілген өнімнің саның сол өнімнің бір данасына қарастырылған, яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.Кәсіпорында жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді саны мен сапалық жағынан артығымен орындағаны өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды отындар мен энергияларды үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді.Ұйымдарда немесе олардың бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.
Кәсіпорында жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны еңбекақы есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем –өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да күрделі ауыр болып саналатын опе рациялар менақы есептеу көбінесе құрылыс салушы ұйымдарда жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер саның қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді. Халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы кәсіпорындарда жұмысшы лар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі –жаңама кесімді жүйесі болып табылады .Бұл жүйе бойынша қосымша еңбекақы шаруа-шылықтың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес оларға қызмет ететін көмекші өндіріс жұмысшыларына төленеді яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы станоктардың жабдықтардың тағы да басқа құралдардың тоқтамай жұмыс істеп белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьға операторға және жөндейтін және оларда жұмысқа дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді. Мерзімді еңбекақыны есептеу. Мерзімді еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта істе-ген жұмысына есептелетін қосымша төлем мерзімнен тыс уақытта істеген жұ-мысына есептелетін қосымша төлем демалыс немесе мейрам күніне төленетін төлемдер жұмыстың ауырлығы мен зияндылығына төленетін қосымша төлем өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер біреудің орнына жұмысты атқар-ғаны үшін төленетін төлем тағы басқа төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегендігіне есептелетін төлемдер жатады. Халқаралық шаруашылықтың әртүрлі салаларындағы ұйымдарда қызметкерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойғы қызмет атқарған уақытқа есептелді. Негізінде мерзімдік еңбекақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне күнтізбелік ай күн немесе сағат алынады. Егер тұтақты еңбекақы алатын жұмыскерлер мен қызметкерлер толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе кәсіпорынның басшысы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді. Егер ай сайын тұрақты мөлшерде еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер есепті айда бірнеше күн жұмысқа немесе қызметке келе алмай қалған болса онда оларға төленуге тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы мен қызметкердің толық ай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмыс күндерінің санына бөліп алынған нәтижені яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбекақы сомасын сол айдағы жұмысшының немесе қызметкердің жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады. Мысалы сәуір айында 22жұмыс күні бар айына11000теңге тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы сол айдағы 15күн жұмыс істеп 4күн ауырып қалған және 3күн қоғамдық жұмыс атқарды делік. Жұмысшылар мен қызметкерлердің ауырып қалған күніне жәрдемақы бюджеттен (әлументтік қордан)төленеді.
Бұл соманы анықтау үшін бір айға белгіленген тұрақты еңбекақы мөлшерін яғни (11000/22)Содан кейіегі алынған нәтижені (500теңгеге) жұмыс істеген және қоғамдық жұмыс атқарған күндері сандарының қосындысына көбейтеміз.
Бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген мысалымызда жұмысшының сәуір айында
тиісті мерзімді еңбекақы сомасы 9000 болады (500*(15+3))=9000теңге
Кесімді еңбекақы есептеу.
Кәсіпорында кесімді еңбекақы төлеу жүйесі бойынша жұмысшылар мен қыз-меткерлерге төленетін еңбекақы олардың өндірген өнімді істеген жұмысының атқарған қызметінің саны мен көлемі жайлы жазылған алғашқы құжаттар бойынша есептеледі.Ол үшін алғашқы құжаттардакөрсетілген өндіріс шығарған өнімдер мен істелген жұмыстардың және дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы басқа операциялардың жалпы саны мен көлемі олардың бір данасын жасап шығаруға өндіруге белгіленген бағаға көбейту.
Ұйымдарда тапсырысты жеке адам орындағанда яғни операция немесе өнім өндіру басынан аяғына дейін бір жұмысшы немсе жұмысшылардың қолынан өтетін жағдайда мұндай әдісті қолдану ыңғайлы болып табылады. Кесімді еңбекақы жұмыскерлер мен қызметкерлердің бригада бойынша істеген жұмы-сына төленетін жағдайда жоғарыда аталған құжаттарға әр жұмысшы мен қыз-меткердің жұмыс істеген уақыты мамандық дәрежесі бригада болып өндірген өнім мен істелген жұмысының көлемі мен саны және олардың бір данасын өндіруге берілген бағасы көрсетіліп жазылады. Жалпы бригада бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстың саны мен көлемін көбейту арқылы сол бригада мүшелерінің еңбекақысын есептеп шығарады .
Бригаданың жалпы табысы ондағы жұмысшылар мен қызметкерлердің ара-сында олардың мамандық дәрежесіне және жұмыс істеген уақытына сәйкес бөлінеді. Ол алдымен барлық бригада мүшелерінің жұмысқа қатысқан уақыты (ай,күн сағат) табылады .Содан соң жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сәйкес тариф бойынша бір сағатқа белгіленген еңбекақы мөлшері олардың жұмыс істеген сағаттарының санына көбейтеміз. Осының нәтижесінде бригада мүшелерінің әрқайсысының тариф бойынша есептелген еңбекақының жалпы сомасы есептелінеді. Алғашқы құжаттар бойынша есептелген бригада мүшелеріне тиісті еңбекақы сомасының жоғары көрсетілген тариф бойынша есептелген еңбекақының жалпы сомасының қосындысына қатынасы қосымша табыс коэфиценті болып табылады. Одан кесім тариф бойынша жұмысшылар немесе қызметкерлердің әрқайсысына есептелген еңбекақы сомасы осы коэфицентке көбейтіліп әр жұмысшының немесе қызметкердің орындаған жұмысы немесе өндірілген өнімнің саны меноның мамандық дәрежесіне байланысты еңбекақысы есептелінеді.
Мысалы құрамында алты жұмысшы жұмыс істейтін бригаданың сәуір айында өндірген өнім мен істелген жұмысына тиісті еңбекақы қоры 62669тг 60тиын құрайды делік .Бұл жағдайда осы бригадағы әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері олардың мамандық дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына сай былайша есептеліп шығарылады. Қосымша табыс коэффиценті бұл мысалымызда 26теңге (жиырма алты ) , (он )тиынға тең болып отыр (яғни алты бағана он төрт бағана немесе 62669 теңгеге 13тиын = 26теңге 10тиын
1.3. Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен шегерілетін
ұсталымдар түрлері.
Кәсіпорын бухгалтериясы тек еңбекақыны жәрдемақыны және тағы басқа әртүрлі төлемдерді есептеп қана қоймайды сондай-ақ еңбекақыдан ұстауды және аударуды жүзеге асырады.
Заңға сәйкес қызметкерлердің еңбекақысынан төмендегі ұсталымдарды жүзеге асырады.
–жеке табыс салығы-еңбекақының салық объектісін иемденген мемлекеттік салық
–бұрынғы аванс бойынша берешекті жабу сондай-ақ дұрыс есеп айырысудың салдарынан болатын қызметкерге артық төленген соманы қайтару
–жинақтаушы зейнетақы қорына аударады
–субъектінің қызметкерге келтірген материалдық залалдың орнын толтыру
–бір қатар айып пұл түрлерін өндіріп алу
–атқару құжаты бойынша-кәмелет жасына толмаған балалар немесе еңбекке жарамсыз ата-аналар үшін алимент өндіріп алу
–кредитке сатылған тауар үшін
–өнім ақауы үшін
Жалпы салық дегеніміз–ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады.Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады
Жеке табыс салығын ұстау.
Жеке табыс салығын ұстау 2001жылдың12- ші маусымдағы №210-II Қазақстан Республикасы “Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы ” кодексінің негізінде жүргізіледі.
Табыс салығы есептелген
және ең аз мөлшердегі
Қазақстан Республикасы “Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы” кодексінде табыс салығының салық объектісіне жылдын жиынтық табыспен қарастырылған шегерулер арасындағы айырмашылық ретінде есептелген салық салық табысы жатады.
Еңбек төлеу түрінде алынған табысқа мыналар жатады.
1)қызметкерлер өткізген
тауар мен қызмет құны және
бұл тауарлар мен қызметті
сатып алу бағасы немесе
2)жұмыс берушінің шешімі бойынша өзіне борышқор қызметкерлерінің қарыз
немесе міндеттеме сомасын есептеп шығаруы
3)жұмыс берушінің оның
қызметіне қатысы жоқ
4)жеке тұлғадан ұсталатын табыс салығы шотына жұмыс берушінің төлейтін
сомасы
Жылдық жиынтық табысқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен қызметкердің тәулік нормасы шегінде төленетін іс сапар төлем сомасы кірмейді.
Іс сапар өнімдік шығындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен норма шегінде шегеріледі.
Жеке тұлға салықтың жыл ағымында алынған табыстың әр айы үшін Салық кодексінің 152-бабына орай бір айлық есеп айырысу көрсеткіші көмегінде шегеруге құқы бар.
Жұмыс берушінің
таза табыс есебінен алынған
кәсіпорын қызметімен қатысы
жоқ кәсіпорын
Жеке және әлументтік салықтардың мөлшерлемелері Қазакстан Республикасы Қаржы министрлігіндегі Салық комитетінің 7.11.2003ж №445 “Жеке еңбек салығын есептеу және ұстау және әлументтік салықты және Қазақстан Республикасы Салық кодексі 145 бабын есептеу тәртібі туралы ”Бұйрығымен бекітілген МРП971*12ай=11652 11652*15=17478
Жинақтаушы зейнетақы қорына аударым.
Азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға сәйкес жүзеге асы-рылады. Кәсіпорын зейнетақы төлем көзі болып табылатын еңбекақыдан бел-гіленген көлемде аударуды жүзеге асырады .Әр қызметкерге Әлеуметтік жеке код беріледі. Ол мыналарда пайдаланылады қызметкерлер шотындағы шоғырланбалы қаражаттарға есеп жүргізу жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы шотының және жеке зейнетақы шотының есебін жүргізу әр лушыға өзінің зейнетақылық төлемдерін бақылауға мүмкіндік тудырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29121999 жылы бекіткен №1671 есептеу ұстау және міндетті зейнетақы қорына аудару тәртібі Қаулысын сәйкес міндетті зейнетақы жарнасын ұстау және төлеу қызметкердің ай сайынғы табысының 10 процент мөлшерінде жүргізіледі Мұнда қызметкердің ай сайынғы табысы ең аз деңгейдегі бір айлық еңбекақының 75 еселенген мөлшерінен аспау керек. Ұсталынған міндетті зейнетақы жарнасы жинақтаушы зейнетақы қорына келесі айдың табысын төлеу үшін айдың 15ші күніне дейін аударылады.
Жарнаны аударуды агент қолма-қол ақшасыз төлем жолымен жүргізіледі. Жарнаны аудару барысында банкте әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша жеке тұлғалар тізімі жазылған екі немесе үш дана төлем тапсырысы беріледі. Онда жұмыскерлердің әлеуметтік коды ,аты – жөні, әкесінің аты, туған күні, аударуға жататын жарна сомасы мен кезеңі жазылған.Төлем тапсыр масы мен тізімнің бірінші данасы банкте қалады,ал қабылданғаны туралы банктің белгісі қойылған төлем тапсырмасы мен тізімнің екінші данасы агентке қайтарылады.

- Еңбекақы есебі
- Еңбекақы есебі
- Еңбекақы және еңбекақы есебі
- Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі
- Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі
- Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі
- Еңбекақының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары
- Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің аудиті
- Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің аудиті
- Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі
- Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі
- Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың талдамалық және топтамалық есебі
- Еңбек ақы бойынша өндірістік шығындар есебі
- Еңбек ақы бойынша өндірістік шығындар есебі