Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің аудиті
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Еңбек ақының теориялық негізі
1.1 Еңбек ақы
есептеу түрлері мен жүйелер...
2. Жұмыскерлер мен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі
2.1 Жұмыскерлердің құрамы
мен жұмыс уақытының есебі.........................
2.2 Еңбек ақы бойынша
есеп айырысудың аналитикалық
және синтетикалық есебі.......
2.3 Жұмыскерлерге
есептелген еңбек ақыдан
аударымдар....................
- Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің аудиті
3.1 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың
аудиті........................
3.2 Жұмысшы қызметкерлерге еңбек
ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау........................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер.................... .............................. .............................. ......28
Қосымша
Кіріспе
Экономикалық нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйымның басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартына сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде ол шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.
Еңбекті қалыптастыру барысында жалақы жетекші орын алады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыскерлернің жалақылары ақшалай көріністегі ұлттық табысты жеке тұтыну қорындағы олардың үлесі болып табылады. Біздің елде еңбекақы төлеу екі жақты функцияны атқарады: бір жағынан жұмыскердің табысының негізгі көзі және олардың өмірлік деңгейін көтеру, басқа жағынан - өндірістік тиімділігін арттыру болып табылады.
Елдің әлеуметті және экономикалық дамуындағы өзгерістеріне сәйкес нарықтық шаруашылықта шаруашылықтану жүйесіне ауысу жағдайында еңбекақы төлеу салаларының саясаты да және жұмыскерлердің әлеуметтік қорғауда жеке қолдауы да өзгереді. Осы саясаттың жүзеге асырылуы бойынша мемлекеттің көптеген функциялары тікелей кәсіпорынға беріледі, яғни өз еріктерімен еңбекақының мөлшері мен жүйесін, оның нәтижесін материалды ынталандыруды бекітеді.
Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориялары, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Нарықтық қатынасқа көшу ақшалай табысты алудың жаңа көздерін туғызады, кәсіпорын мүлігіне еңбек ұжымының мүшелеріне салымдар мен акциялар бойынша төлемдерді аударылған (дивиденттер, пайыздар) сомалар болып табылады.
Сөйтіп, әрбір жұмыскердің еңбек табысы жеке үлесі бойынша анықталады, кәсіпорыннның жұмыстарының соңғы қорытындысын қосқанда, салықтармен реттеледі және максималды салықпен шектелмейді.
Еңбек есебі мен еңбекақы бойынша есеп айырысу кәсіпорындағы барлық есеп жүйесіндегі ең ірі және маңызды саласы болып табылады.
Жаңа шаруашылықтанудың шарттарындағы
маңызды міндеттер мыналар: еңбекке
ақы төлеу бойынша кәсіпорын персоналдармен
есептесудің белгіленген мерзімінде орындау,
жалақыға аударылған сомалардың өнімдердің
өзіндік құнына дұрыс қосылуы және дер
кезінде, басшылық үшін жалақы төлемі
мен еңбек бойынша көрсеткіштерді біріктіріп,
жинау және қажетті есеп беруді құру, сондай-ақ
зейнеткерлік қорлармен есептесу.
Кәсіпорынның тиімді дамуы үшін бақылауға рационалды жүйені жетілдіруі керек, басқарушылық және ақпараттық жүйені құрып, ішкі аудиттің орны мен ролін анықтау қажет. Бұл фирма жетекшілеріне буындарды, кәсіпорындарды тиімді басқауға көмектеседі.
Еңбекке ақы төлеу бойынша қызметкерлермен
есептесудің есебі мен аудиті
бухгалтерлік есеп аспектілерінде
ең маңыздылардың бірі, сондай-ақ бұл
шығындар кәіпорында үлкен орынға ие.
Сондықтан да бұл шығындарға
арнап ішкі бақылауды үлкейту керек.
Осы тақырыпты таңдап алудағы негізгі міндеттер:
еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып, жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
Бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;
Ұйымның әрбір жұмысшысына жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу:
Белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
Жалақы бойынша шығынды өнімнің,
жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына
дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» заңының 5 –бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті-құқықтық актілермен реттеледі. Ал еңбекақы мөлшері «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 71 –бабына сәйкес ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен аз болмауы керек.
Бұл курстық жұмысының мақсаты – зерттеу объектісі ретінде алынған еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып талдап оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады.
1. Еңбек ақының теориялық негізі
1.1 Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелері
Еңбекке қарай бөлудің нақтылы нысандары еңбек ақы және жалақы арқылы жүзеге асады. Жалақы еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі бөлігі. Еңбек төлемінің әр алуан нысандарында және жүйелерінде есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібін қарастырсақ, олар мынандай жүйелерде болады.
Кесімді еңбек ақы - жұмысшы қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруде еңбек уақытын қысқарту мақсатында қолданылады.
Еңбек ақының кесімді-сыйлықтық жүйесі - өндірілген өнімнің (жұмыстың) санына төленетін төлемнен өзгеде жұмысшыға белгіленген сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін (өндірістік жоспарларды, нормаланған тапсырмаларды өндірім нормаларын орындағаны үшін және асыра орындағаны өнім сапасын арттырғаны үшін шикізаттарды, материалдарды, отындарды үнемдегені үшін жабдықтың техникалық жұмыс режимін сақтағаны үшін) сыйлық төлейді.
Еңбек ақының аккордтық жүйесі – бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек ақысын жұмыс көлемінің орындалуы бойынша анықтайды, онда нормаланған тапсырма (уақыт, өндірім нормалары) және баға алдын-ала анықталған. Еңбек ақының бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригаданы, бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімін қысқартуда олардың материалдық ынталылығын күшейту мақсатымен қолданылады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт өндірім нормалары) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда осындай жұмыстар үшін қолданылатын нормаланған тапсырмалармен бағаларды шығарып белгілейді.
Еңбек ақының бұл жүйесі бойынша тапсырма мерзімдерінің қысқартылғаны үшін сыйлық беру тәртібін енгізуге болады.
Қарапайым мерзімді еңбек
ақы. Еңбек төлемін сағаттық, күндік,
айлық, тарифтік төлем мөлшері немесе
айлық еңбек ақы бойынша
Еңбек ақының мерзімдік - сыйлықтық жүйесі – бұл жүйеде еңбек төлемін еңбек ақының қарапайым мерзімдік жүйесіндегідей жасайды, бірақ жұмыс істеп жүргендер сыйлықты белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін алады.
Жалпы жұмысшы қызметкерлерге есептелетін еңбек ақы негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Негізгі төлем – қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін істелген жұмыстардың немесе берілген баға немесе айлық еңбек ақы бойынша өндірілген өнімнің саны мен сапасы үшін есептелген еңбек ақысы
Қосымша төлем – еңбек туралы заңға сәйкес қызметкерлерге кәсіпорында жұмыс істелген уақыты үшін есептелетін еңбек ақысы. Оған кезекті демалыстар төлемі, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді және т.б. орындалғаны үшін берілетін төлемдер, түнгі немесе мерзімнен тыс уақыттарда істегені үшін төленетін төлемдер, және т.б жатқызылады. Экономиканың барлық салаларындағы және меншіктің барлық түрлеріндегі шаруашылық субъектілеріндегі еңбек төлемінің негізінен тарифтік төлем мөлшері алынады. Олар қызметкерлердің мамандық топтары бойынша сараланған. Экономиканың барлық салаларындағы қызметкерлердің бірыңғай тарифтік кестені құруға тарифтік төлем мөлшерін және қызмет орындарының айлық еңбек ақыларын есептеуге тұтастай республика бойынша заң жүзінде белгіленген жалақының ең аз мөлшері негіз болып табылады.
Ақшалай еңбек ақы – еңбек ақысының қолданыстағы жүйесіне сәйкес есептелген сомалар.
Заттай еңбек ақы- төлем ретінде заттай берілген өнімнің құны, тегін немесе төмендетілген бағамен тамақтандыру, қызметкерлерге берілетін немесе қоғамдық жолаушылар тасымалының үшін қосалқы шаруашылықтардан бөлінетін өнімнің жұмыстың және көрсетілген қызметтік баға айырмашылығына орнын толтыру және т.б.
Еңбек ақының құрамына
қызметкерлердің дивиденттер мен
проценттер түріндегі табыстары
енгізілмейді. Сондай-ақ ҚР-сының «Еңбек
туралы» конституцияға негізделеді
және осы Заң мен қызметкерлердің
жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын
реттейтін нормалары осы Заңның нормаларынан
кем бола алмайтын өзге де нормативтік
құқықтық актілерден тұрады. Егер конституцияда
заңда және Қазақстан Республикасы бекіткен
халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе
осы Заңның күші ҚР-сының аумағында еңбек
қызметін жүзеге асыратын шетелдіктерге
және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
Және де әркімнің де өзінің еңбек құқықтарын
іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Егер
де шет ел азаматтары және азаматтығы
жоқ адамдар өздерінің еңбек қатынастарын
ҚР-сының аумағында жүзеге асырса және
заңда конституцияда, ҚР бекіткен халықаралық
шарттарда басқаша көзделмесе еңбек қатынасына
қатысушыларға мемлекеттің араласуын
шектеп көптеген бостандықтар беріледі.
Еңбекке қатысатын жас мөлшері, яғни жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасауға жол беріледі. Ал жұмысқа қабылдаудың ең
төменгі шегі ата-анасының біреуінің келісімімен 14 жастан басталады.
Сондай-ақ табиғи және климат жағдайларына байланысты бүкіл күнтізбелік жылдан немесе айдан аспайтын белгілі бір кезең (маусым) ішінде жұмыс атқаратын қызметкерлер маусымдық қызмкеткерлер болып танылады. Мұндай қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ белгіленбейді. Сондай-ақ жұмыс беруші мен өзінің материалдарымен және өзіндегі немесе жұмыс беруші бөлетін немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды құрал-саймандармен тетіктерін пайдалана отырып жұмысты үйінде өз еңбегімен орындау туралы жеке шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге жатады.
Қызметкерлердің өзге де санаттарының еңбек қатынастарын реттеуге осы заңға және қызметкерлердің жекелеген санаттарының айқындайтын өзге де заң актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіпорындағы еңбек ақыны ұйымдастыру үнемі өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен атап айтқанда тарифтік жүйемен еңбекті нормалаумен және еңбек ақы төлеудің түрлерімен анықталады. Тарифтік жүйе еңбекті сапасына қарай бағалауға, нормалау жұмсалған еңбек төлемін есепке алуға ал тәртібін анықтауға мүмкіндік береді. Тарифтік жүйе жұмысшыларға еңбек ақыны ұйымдастырудың негізгі ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар жұмысшылардың біліктілігіне еңбек ақы төлеу түрлері мен маңызына тәуелді түрде құрылады.
Тарифтік жүйеге мыналар кіреді:
- Бір күнге немесе бір сағатқа
төленетін еңбек ақыны анықтайтын
тарифтік ставка
- Әртүрлі жұмыстармен
біліктілігімен разрядтары арсында
еңбек ақының қатынасын көрсететін
тарифтік сетка
- Тарифтік сеткаға сәйкес жұмыс пен жұмысшының разрядтарын анықтауға болатын тарифтік біліктілік анықталады.
Қарапайым жұмыстарды орындау 1-ші разрядты жұмысшының тарифтік ставкасы бойынша төленеді. Басқа разрядтағы жұмысшылардың ставкасы бұл көлемінен олардың еңбек біліктілігін деңгейіне былайша айтқанда тағайындалған тарифтік разрядқа немесе белгіленген тарифтік разряд әрбір өндірістік операцияға әрбір жұмысқы тағайындалады. Сондықтан тарифтік ставка орындау уақыт нормасын есепке ала отырып кесімді бағаларды есептеуге пайдаланады.
Кәсіпорындар
еңбек ақы төлеу түрлерімен жүйелерін
тарифтік ставкаларымен окладтарымен
жүйесін құрудың негізі болып
ҚР Үкіметі белгіленген «Ең төменгі
еңбек ақы» есептеледі. Анығырақ айтқанда
заң негізінде белгіленген орташа
айлық жұмыс уақытының ұзақтығы
мен ең төменгі еңбек ақыдан барып
1 разрядтың сағаттық тарифтік ставкасының
ең төменгі мөлшері және орташа айдағы
жалақы уақыты тарифтік ставканың ең төменгі
мөлшерімен есептеледі. Тарифтік кестеде
тарифтік еңбек ақының кесімді және мерзімді
еңбек ақы деп аталатын еңбек ақының түрлері
бойынша есептелетін жұмысшы қызметкерлерге
қарастырған тарифтік еңбек ақы мөлшері
1 сағатқа белгіленеді. Ол уақыт мөлшеріне
немесе өндірілетін өнім көлеміне және
орындалатын жұмыс көлеміне қарай бағасын
анықтауға пайдаланады.
Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша 1 сағатқа белгіленген еңбек ақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне немесе орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады.
*Еңбекақы әдетте, уақыт бірлігі үшін ақшалай бірлікте көрсетіледі (көбінесе, күн, апта немесе ай).
Бір жағынан, еңбекақы нарықтағы сұраныстың және ұсыныстың қатынасы арқылы анықталады. Екінші жағынан, қызметкерлердің еңбекақысы еңбекті жүзеге асыруға қатысты қызметкердің шығындарын көрсетуі керек.
Еңбекақы екіге бөлініп төленуі мүмкін: аванс және еңбекақының қалдығы.
Еңбекақыны белгілеу кезінде келесі көрсеткіштерді есепке алу керек: АЕК - айлық есептік көрсеткіш және ЕТЕ - ең төменгі еңбекақы.
2014 жылдың қаңтарынан бастап АЕК – 1852 теңгені, ал ЕТЕ – 19966 теңгені құрайды.
*ДАМУ кітабы 131-132 бет
2. Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп
айырысудың есебі.
2.1 Жұмыскерлердің
құрамы мен жұмыс
уақытының eceбi.
Еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімнің өзіндік құнын төмендетіп оның сапасын арттыруға еңбек тәртібін нығайтуға еңбекақы есебі біршама септігін тигізеді. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлер жұмысқа қабылданып және жұмыстан босатылып жатады, олардың саны өзгеріп отырады, жұмыс бабына қарай ауыстырулар болып тұрады. Кәсіпорындарда қызметкерлер құрамының есебін кадрлар бөлімі жүргізеді. Олар бүкіл кәсіпорындағы оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің саны мен өзгеру себептері, жынысы, жас мөлшері категориялары, кәсіптері, қызмет орындары, мамандықтары, біліктілігі, жұмыс стажы, білім және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорындағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың тізімдегі саны деп аталады.
Жұмысқа қандай мерзімге қабылдағанына қарай қызметкерлер тұрақты, уақытша және маусымдық болып бөлінеді. Жұмыстың бітер мерзімі көрсетілмей қабылданғандар тұрақты қызметкерлерге екі ай мөлшерден белгілі бір мерзімге немесе белгісіз мерзімінен, бірақ екі айдан аспайтын уақытқа сондай-ақ (ауруына, бала тууға байланысты алған демалысқа орай) заңдарға сәйкес қызмет орны сақталатын жұмысы жоқ қызметкерлердің мерзімді жұмысқа қабылданғандар уақытша қызметкерлерге: маусымдық жұмыстар істеу кезінде қабылданғандар маусымдық қызметкерлерге жатады.
Қызметкерлердің өндірістік шаруашылық қызметке қатысуына қарай кәсіпорындағы қызметкерлер: өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік қызметкерлерге негізінен өндірістік қызметпен шұғылданатын қызметкерлерді жатқызады. Өндірістік емес қызметкерлерге тұрғын үй коммуналдық шаруашылықпен шұғылданатын кәсіпорынға қатысты мәдени тұрмыстық және оқу орындарына еңбек ететін қызметкерлер көлік саудадағы тағы басқа қызметкерлерді жатқызады.
Кәсіпорындағы қызмет істеп жүргендерді тізімдік және тізімдік емес қызметкерлер деп бөледі. Тізімдік қызметкерлерге кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша 1 күннен артық мерзімге, ал қызметінің қалған түрлері бойынша кем дегенде 5 күн мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты маусымдық және уақытша қызметкерлерде енгізеді. Қызметкерлер тобы мынадай категорияларға бөлінеді: басшылар мамандар және осы топқа жататын басқа да қызметкерлер. Жұмысшыларды өндіріс процесінде қатысуына қарай өнім дайындаумен жұмыс істеумен және қызмет көрсетумен тікелей шұғылданатын негізгі жұмысшылар деп және негізгі цехтарда қосалқы жұмыстар атқаратын немесе қосалқы өндірісте жұмыс істейтін қосалқы жұмысшылар болып бөлінеді.
Қызметке алынған адамға табельдік номер беріліп жеке карточкасын ашады. Бұл жеке карточкада жұмыс істейтін қызметі жалақысы, табельдік номері және жұмыстағы қозғалысы көрсетіледі. Сонымен қатар бұл карточкада еңбек ақы бойынша есеп айырысулар да көрсетіледі. Кәсіпорындағы орташа қызметкерлердің орташа санын анықтау үшін олардың күнделікті сандық есебін жүргізеді. Ол үшін қызметкерлердің тізімдік санын жұмысшылардың жұмысқа алынғаны басқа жұмысқы ауысқандығы, жұмыстан шығарылғаны бұйрықтар негізінде дәлелденіп отырады.
Есеп беретін кәсіпорынның жұмысшы қызметкерлерін орташа саны сол алдағы әрбір календарлық күндегі жұмысшы қызметкерлердің тізімдегі санын қосып (1-31 күн аралығындағы) мейрам немесе жұмыс істемейтін демалыс күндерін қоса алғандағы қосынды санды календерлық күн санына бөлу арқылы алынады. Сондай-ақ басқа жұмыс істемейтін күндердегі қызметкерлердің тізімдік саны сол күннің алдындағы жұмыс күннің мәліметіне сәйкес алынады.
Қызметкерлер мен жұмысшыларына
еңбек ақы әркімнің білім немесе
мамандық дәрежесіне қарай куәландыратын
алғашқы құжаттардың бірнеше үлгісі бар.
Олардың қай үлгісін қандай жағдайда қолдану
керектігін қолданылатын еңбек ақы төлеудің
үлгісіне қарай белгіленеді.
Мысалы, жұмыс уақыты бойынша төленетін еңбек ақыны 03 үлгідегі «Жұмыс уақытын есептеу» табелі негізінде есептейді. Қызметкерлердің категориялар бойынша табельде алфавит бойынша реттік номері, санына қарай жүргізіледі. Табельді есептеу бухгалтериясының бухгалтері толтырады. Онда жұмыс істеушілердің аты-жөні табельдік номері мамандық қызметі көрсетіледі. Бұл табельдерде кәсіпорындағы әрбір құрылымның өкілдері бойынша қызметкерлердің жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғаны және т.б жағдайларға сәйкес тиісті шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Жұмысшы қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғандығына берілген құжаттар осы табельге қосымша тіркеледі. Қызметкерлердің демалысқа шығуы, уақытша жұмысқа жарамай қалғандығы жұмысқа себепсіз кешігуі және т.б жағдайлар табедьде тиісті белгілермен көрсетіледі. Мысалы: Демалыстағы қызметкерлер үшін – О, ауырған күндері – Б, іс-сапарда болған күндері – К, себепсіз жұмысқа келмеген күндері – П, т.с. сияқты белгіленеді.
Жалпы табельді кәсіпорында еңбек
өнімділігін анықтап жұмыс уақытын
пайдалануды жақсарту үшін кәсіпорында
кеңінен қолданылады. қызметкерлеріне
істеген уақытына тұрақты жалақы төленеді.
Мұндай жағдайда әр айдағы жұмыс уақытының
санына қарамай жұмыс уақытының санына
қарамай жұмыс күндері толық есептелінсе
белгіленген тұрақты жалақы толық есептелінеді.
Егер жұмыс күндері толық есептелінбесе,
белгіленген тұрақты жалақы мөлшері сол
айдағы жұмыс күндерінің жалпы санына
бөліп күндік орта табысы анықталады да
оны сол айдағы істеген жұмыс күндеріне
көбейту арқылы есептейді. Істеген уақытша
мерзімі бойынша төленетін жағдайда әр
қызметкердің істеген жұмыс күннің (жұмыс
сағатына) санына белгіленген күнді сағаттық
тарифтік төлеу бағасына көбейту арқылы
еңбек ақы мөлшері анықталады. Еңбек ақы
төлеуді есептеуде бекітілген тарифтік
ставкаларда (жалақыны) өндіру нормаларын
жұмыскерді әртүрлі категорияларына еңбек
ақы төлеудің ережелерін басқа да басшылыққа
немесе нұсқау материалдарды басшылыққа
алу қажет.
Жалақы – еңбек үшін оның күрделілігіне саны емес, сапасына сәйкес төленетін сый ақы немесе табыс.
Орташа жалақы дегеніміз – қызметкерлердің өткен уақыт ішінде алған нақты жалақысынан есептелген еңбек ақы төлемінің мөлшері деп түсінеміз. ҚР-дағы еңбек туралы заңда орташа жалақы есептеп шығарудың әртүрлі ережелері пайдаланады, сол бойынша мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыт үшін басқа жұмысқа ауысқан кезде донорлық міндеттерді орындаған уақыт үшін, жұмыстан шығарылған кезде жәрдем ақы ретінде жұмыстан амалсыз қалған уақыт үшін, кезекті және қосымша демалыс уақыттары үшін, пайдаланылмаған демалыс үшін, өтем ретінде оқуға демалыс уақыты үшін, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдем ақы ретінде төлемдер төленеді. Орташа жалақыны есептеп шығарудың негізінде қызметкерлер өзінің негізгі жұмысын жалғастырып істеп берген жағдайда қанша жалақы алатын болса орташа жалақыны да сол мөлшерде анықтау мақсаты сақталады. Ай сайын өзгермейтін тұрақты мерзімдік төлем алып тұратын қызметкерлер үшін орташа жалақы белгіленген айлық сол ақыдан анықталады. Еңбек төлем ай сайын өзгеріп тұратын қызметкерлерге орташа жалақы төленер айдың алдындағы календарлық 12 ай бойынша есептеледі. Ал демалыс үшін төленетін төлем қызметкерлерге (календарлық емес) жұмыс жылында бір рет беріледі. Демалыс жұмысқа қабылданған күннен бастап есептеледі. Қызметкер сол кәсіпорында 11 ай үзіліссіз жұмыс істегенннен кейін демалыс алуға құқылы демалыстың ұзақтығы жұмыс істеп жүргендердің әртүрлі категориялар бойынша ұжымдық шартқа және ережелерге сәйкес белгіленеді. Демалыс төлемін 12 календарлық айдағы жалақы есебінен осы кезеңге тиесілі белгіленген үстемелермен қосымша ақыларды және сыйлықтық орташа мөлшерлік ескере отырып төленеді.
Демалыс уақыты дегеніміз- қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты. Орташа жалақы есебінен жұмысқа уақытша жарамсыздық брйынша берілетін жәрдем ақылар да енгізіледі. Қызметкерлердің уақытша жатамсыздық бойынша берілетін жәрдем ақылары төленеді. Ол төлемдер былай есептеледі. Еңбекке жарамсыз парағы бойынша ол қанша күн жұмыстан босатылғанын есептеу керек. Мысалы 20 /2 2003 жылдың 23/2 2004 ауырған қызметкер 3 күн ауырған. Оның орташа еңбек ақысын табу керек.
12 айдың еңбек ақының жиыны 519058 тг құрайды. 12 айда істеген сағаттың жиыны 1664 сағат
Орташа еңбек ақысы= 519058/1664 = 311,93 тг
Ол қызметкер бір күнде 8 сағат жұмыс істейді 8* 311,93 = 2495
Орташа еңбек ақы – 2495
2495*3 күн = 7485тг
Қызметкердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына төленетін төлем (7485 теңге) «Республикалық бюджет» туралы белгіленген заңға сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспауы қажет 7485*10 = 74850 теңге.
Басшы қызметкерлерге
мамандарға және басқа қызметкерлерге
сыйлық бергенде, яғни бұл категорияларға
сыйлық кәсіпорын шаруашылық қызметінің
негізгі нәтижелері үшін беріледі.
Сыйлықтарды жазу үшін – басқару
аппаратының басшы қызметкерлеріне
бухгалтерлік және статистикалық есеп
деректері, өндірістік бөліністер, цехтар
мен учаскелер қызметінің қызметекерлеріне
бухгалтерлік есептердің жедел есептің
және лабораториялық бақылаудың деректер
негіз болып табылады.
Қызметкердің
негізгі құқықтары мен міндеттеріне
жұмыс беруші мен «Еңбек туралы» заңда
белгіленген тәртіппен және жеке еңбек
шартын жасауға, өзгертуге, тек еңбегі
үшін қандай да болсын кемітусіз тең ақы
алуға, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына
сай келетін еңбек жағдайларына кәсіптік
одақтарға немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерге
өз еркімен мүше болуға өзінің еңбек міндеттерін
атқаруға байланысты денсаулығына немес
мүлкіне келтірілген зиянды кепілдіктер
мен төлем ақылар алуға еңбек дауларын
талаптардың келісуімен немесе сол тәртібімен
шешуге, жұмыс берушіден жеке еңбек шартында
тараптың атынан өкілдік ететін лауазымды
адамдардың өкілеттілігін растауды талап
етуге, ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің
актілерімен танысуға өзінің кәсіби біліктілігін
арттыруға құқығы бар.
2.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі.
Жұмыс берушінің актілері – жұмыс берушінің (жұмыс берушілер өкілінің) шығаратын актілері (бұйрықтары, өкімдері, нұсқаулықтары, ішкі еңбек тәртібінің ережелері).
Жеке еңбек шарты – қызметкерле р
мен жұмыс берушінің арасында жазбаша
нысанда жасалатын екі жақты келісім ол
бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін
атқара отырып белгілі бір мамандық біліктілік
немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға
міндеттенеді. Ал жұмыс беруші қызметкерге
жалақысын және заңдар мен тараптардың
келісіміне көзделген өзге де ақшалай
төлемдері уақытында және толық көлемінде
төлеуге еңбек туралы заңдар мен ұжымдық
шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз
етуге міндеттенеді.
Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады. Кемінде екі дана етіп жасалады және оған екі жақтың тараптары қол қояды. Жеке еңбек шартының бір данасы тараптар қол қойғаннан кейін қызметкерге беріледі. Жеке еңбек шартын жасасу үшін жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды жеке басының куәлігін (төл құжатын) әлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куәлікті, зейнетақы шартын, он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлігін білім немесе кәсіби даярлығы туралы құжатты және заңдарда көзделген өзге де құжаттарды талап етуге құқылы. Жұмысқа жаңадан қабылдандарды «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен» (№ е-1 үлгі) құжаттайды. Кадрлар бөлімінің қызметкері мұны барлық қызметкерлерге толтыртады. Кадрлар бөлімінің бастығы немесе жұмысқа қабылдауға жауапты адам бұрыштама қойған бұйрықтың жобасын қажетті жағдайларда, келіссөз жүргізуге жолдама және жұмыс жағдайларымен таныстыру үшін құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін рұқсат қағаз болып табылады. Құрылымдық бөлімше бастығы оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды, бұйрық жобасының сыртқы жағында жолданушы қандай разряд бойынша немесе қандай айлық жалақымен қандай жұмысқа қабылдануына болатындығы көрсетіледі. Осында сынақ мерзімінің ұзақтығы да көрсетіледі. Жұмысқа алу туралы бұйрықтың жобасында кәсіпкердің айлық жалақысы белгіленіп бос тұрған қызмет орнын және штат кестесі бойынша белгіленетін айлық ақыны растау үшін кәсіпорынның тиісті қызметкері бұрыштама қояды. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде жеке карточка толтырады, жұмысқа қабылданғаны туралы еңбек кітапшасын белгілейді, ал бухгалтерия дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.
Еңбек төлемі бойынша
есеп айырысуды әртүрлі кәсіпорындарда
мынадай құжаттар жүргізеді. Есеп айырысу
төлеу тізімдемесінде оны саны мен
қатар жалақы беру үшін де пайдаланады:
есеп айырысу тізімдемесінде және жеке
толтырылған төлеу тізімдемесінде; әрбір
жұмысшыға жасалған еңбек төлемінің арнайы
есеп айырысуларына (бөлек парақтарда)
жыл бойы пайдаланатын кітапқа тігілген
есеп айырысу тізімдемелерінде.
Есеп айырысу төлеу тізімдемесі – жиынтық құжат онда есептеген еңбек төлемінің барлық түрі және жұмыс істеп жүргендерге берілген басқа да төлемдер сондай-ақ күші бар заңдарға сәйкес жасалған ұсталымдар мен шегерімдер жинақталған. Онда еңбек төлемі жөніндегі есеп айырысу деректері негізінде жасалады. Тізімдемеде қызметкерлердің тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын, олардың табельдік номері мен қызмет органдары, разрядтарын немесе айлық ақыларын көрсетеді. Оған кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды. Тізімдеменің «Есептелді» деген бөліміне құжаттардан кесімді мерзімнен тыс және т.б. төлемдер бойынша есептелген сомалар енгізіледі. «Ұсталынады және есепке алынады» деген бөлімінде табыс салығының сомасы, сондай-ақ атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалар; кескеге сатылған тауарлар үшін есепке алынған сомалар еңбек төлемінің есебіне кіретін аванстар және басқа да ұсталымдар есепке алынғандар мен берілімдер жазылады. Салықты өткен айдың жалақысынан ұстайды. Айдың аяғында тізімдемеде әрбір жұмысшыға берілуге тиісті соманы есептеп тізімдемені баланстайды.

- Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі
- Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі
- Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың талдамалық және топтамалық есебі
- Еңбек ақы бойынша өндірістік шығындар есебі
- Еңбек ақы бойынша өндірістік шығындар есебі
- Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін ұсталымдар
- Еңбекақы есебі
- Еңбекақы
- Еңбекақы аудиті
- Еңбекақы бойынша есеп айырысу
- Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары
- Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және еңбек заңдылықтарының сақталынуы
- Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері
- Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің аудиті