Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері

 

Мазмұны

 

Кіріспе        5                                                                                    

 

  1. Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері        7

  1.1 Еңбекақының нормативтік-заңнамалық базасы                                          7

    1.2 Еңбекақы түрлері, еңбекақы төлеудің  нысандары мен жүйелері            16

    1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық  есеп                   30

 

    1.  Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың

     аудиті                                                                                                              35

      1. Еңбекақы аудитінің мәні, негізгі мақсаттары                                              35
      2. Еңбекақы  аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын

          құру                                                                                                                  38

      1. Еңбекақы бойынша аудиторлық тексеру процедураларын

          жүргізу                                                                                                             44

     

    3 «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінде еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудитінің ерекшеліктері.                                 

      1. «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінің жалпы

            сипаттамасы                                                                                                  52

      1. Еңбекақы бойынша есеп айырысудың құжаттық рәсімделуі және   

             бухгалтерлік есебі                                                                                       57

      1. Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және

            еңбек заңдылықтарының сақталынуы                                                       61      

     

    Қорытынды                                                                                                  65

           

     

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                                                             69

     

    Қосымшалар                                                                                                71

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Кіріспе

     

            Еңбекақы - өнімнің   өзіндік құнының   негізгі   элементтерінің   бірі   болып табылады ,  сондықтан да еңбекақы  есебінің дұрыс ұйымдастырылуы  еңбек өнімділігін артуына,  өнімнің өзіндік  құнының кемуіне  және  еңбеккерлердің  өмір  деңгейінің  жақсаруына  себепші болады.

        Еңбекақы – бұл  еңбек  өлшемі  мен  тұтыну  өлшеміне  бақылау  жасауды жүзеге  асыруға  көмектесетін  маңызды  экономикалық  құрал.  Шаруашылық  субъектісінің  түріне  қарамастан  әрбір қызметкерлердің кірісі  субъект  жұмысының  түпкілікті  нәтижелерін  ескергенде,  оның   жеке  үлгісімен  анықталады  және   салықтармен  реттелінеді.  Жалақы тұтынушы  кірісінің  үлкен  бөлігін  құрайды,  сондықтан  да сұраныстың  мөлшеріне,  тауардың  тұтынысына   және   олардың     бағасына елеулі  әсер  етеді.

    Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номаиналды және шынай түрлері болады.     Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.  Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға  болатын  өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.    Жалақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.  

        Еңбекақы  бойынша   қызметкерлермен  есеп  айрысудың  есебі мен  аудитінің мақсаты – шаруашылық етуші субъектінің   еңбекақы есебін жүргізу тәртібін, бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын, сондай-ақ еңбекақы бойынша жүргізілген есеп айырысулардың   дұрыстығын   тексеру.

        Еңбекақыны  есепке алу және оның аудитін ұйымдастыру дипломдық жұмыстың өзектілігі нарық қатынастары жағдайында қызметкерлермен   еңбекақы бойынша есеп айырысу-бухгалтерлік есептің аса маңызды      бөлігі болып табылады. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңдарына сәйкес оны дұрыс ұйымдастыру өз кезегінде өнімнің өзіндік құнына өз әсерін тигізіп отырмақ.

    Еңбекақы – бұл қызметкерге бекітілген еңбек шарты бойынша орындалған жұмыс көлеміне байланысты төленетін ақы.

    2.2. Денсаулық сақтау

      Осы жылдар  бойына біз қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту үшін

    қажет нәрсенің бәрін жасадық. 2013 жылы Біртұтас ұлттық денсаулық

    сақтау жүйесін енгізу аяқталады.Біз аурудың алдын алуға шындап кірісіп,

    бастапқы медициналық-санитарлық жәрдемнің сапасын арттыруымыз

    керек.Сондықтан Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының

    денсаулық жағдайын бақылаудың ұлттық бағдарламалары кешенін енгізу

    қажет. Қазақстан үшін көліктік медицина өте көкейкесті, сондықтан

    біз оны дамытатын боламыз. Жұмылғыш медициналық кешендер-автоклиникалар с

    анын 50 бірлікке дейін жеткізу қажет. Оларды шығару Қазақстанда жүзеге

    асырылуға тиіс. Бұл шаралардың біздің мыңдаған азаматтарымыздың өмірін

    құтқарып қалатынына сенімім мол. Осы міндеттерді орындау нәтижесінде 2015 жылға қарай қазақстандықтардың өмір жасының күтілетін ұзақтығы 70 жасқа дейін,

    ал 2020 жылға қарай 72 жасқа дейін  ұлғаятын болады. Саламатты өмір

    салтын  насихаттап, барлық жерде салынған спорт базаларын

    пайдалану керек. 2015 жылға қарай350 дәрігерлік амбулаториялар,

    фельдшерлік-акушерлік  пункттержәне емханалар салынатын болады.

    Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (2011ж.28.01.)

     

     

    Дипломдық жұмыс  тақырыбының өзектілігі – еңбектің және оның төлемақысының есебі кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жүйесінде өте үлкен рөл атқаратындығы. Еңбек, оның саны мен сапасы кәсіпорынның шаруашылық қызметінде анықталынады.

    Дипломдық жұмыстың мақсаты – «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінің еңбекақы бойынша құқықтық-нормативтік базасын және оптимальді саясатын білу, сонымен қатар аудиторлық тексерулердің ұйымдастырылуы мен жүргізу әдістерін қарастыру, еңбекақыны есептеу және одан ұсталынатын ұсталымдардың (салықтардың) есебін жүргізу болып табылады.

    Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі міндеттерді орындау  керек: еңбекақы жүйесін және қалыптасқан  формаларды қарастыру, «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесіндегі еңбекақыны есептеу тәртібі. Еңбекақы есебінің аудитін  жүргізудің тәртібін жүйелендіру.

    Дипломдық жұмыстық  зерттеу объектісі «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесі болып табылады.

    Еңбек және еңбекақы –  дәл және оперативтік мәліметтерді талап ететін жұмыс орнының ең негізгі және күрделі бөлігі, онда жұмысшылар санының өзгерісі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылардың категориялары, өндірістік шығындар көрсетіледі.

    Дипломдық жұмысты жазу мақсаты еңбекақы есебін ұйымдастыру және жүргізу, еңбекақыға аудит жүргізу.

         Ғылыми жаңалығы мемлекеттік мекеме бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу нысандарының 1С: Бухгалтерияның кеңейтілген еңбекақыны есептеу жүйесі бағдарламасын енгізу; шет мемлекет тәжірибесіне негізінде жекеше еңбекақы мөлшерін тағайындау; жұмыс өтілі мен жұмыста ұтымды ұсыныс бергеніне сәйкес жалақы төлеу; «бәсеке жоқ жерде ұйқың жақсы, бірақ та өмірің нашар» демекші, қызметкерлер арасындағы бәсекелестікті арттыру; өнімділікті арттыруға ынталандыру;

    Қорғауға шығарылған ұсыныстар:

    - Еңбектің саны мен  сапасына, өндірілетін өнімнің нормасының  орындалуына, жұмыс уақытының  пайдалануына  бақылау жүргізу;

    • Шаруашылық жүргізуші субъектінің әрбір жұмысшысына еңбекақыны өз уақытында және дұрыс есептеу;
    • Еңбекақыға қатысты алғашқы құжаттарды өз уақытында және дұрыс рәсімдеу, есептелінген еңбекақыдан тиісті салықтарды ұстау;
    • Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды белгіленген мерзімде жүргізу;
    • Еңбекақы бойынша шығындарды өнімнің өзіндік құны, істелінген жұмыс, көрсетілген қызметке дәл кезінде және дұрыс қосу.

    Нарықтық экономика  жағдайында еңбекақы төлеу бойынша  көптеген өзгерістер болды, оны төлеу  жұмысшылар еңбегінің нәтижесіне ғана емес, сонымен қатар өндірістік бөлімшелердің  қызметінің тиімділігіне байланысты.

    Еңбекақы – бұл  ақшалай көлемде көрсетілген , жұмыс  беруші есебінен еңбек келісім шарты  негізінде істелінген жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін  төленетін  төлемақы.

    Мемлекеттік Мекеме өздігінен және тиісті заңдар негізінде штаттық кестені , еңбекақы формаларын, жүйелерін құрады. Мемлекеттік Мекемеде есеп жүйесінің барлық орындарында еңбек және еңбекақы есебі ең негізгі орынды алады. Еңбекақы фирмалардың, кәсіпорындардың жұмысшыларының негізгі табыстар табу көздері болып табылады. 

    Жұмысшының еңбек табыстары фирмалардың, кәсіпорындардың қызметінің соңғы нәтижесіне қосқан үлесімен анықталады. Олар салықтармен реттеледі және максималды мөлшермен шектелмейді. Қазақстан Республикасының «2010-2012 жылдардағы Республикалық бюджет туралы » заңына сәйкес еңбекақының төменгі мөлшері 2011-шы жылдың қаңтар айының 1-нен бастап 15 999 теңгені құрады.

     

     

    1. Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебінің теоретикалық негіздері

     

              1.1 Еңбекақының нормативтік-заңнамалық базасы

     

    Ұйымдардың еңбекақыға қатысты барлық есеп айырысулары нормативтік заңнамалар базасы стандарттарына, нормаларға сәйкес реттелуі тиіс. Оған жататындары: Қазақстан Республикасының Салық кодексі,  Қазақстан Республикасының  Еңбек кодексі, 15 мамыр 2007жыл № 252-III, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында  зейнеткерлікпен қамтамасыз ету туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы, 28.02.2007ж. № 234-III (2009 жылдың шілде айының 17-не толықтырулар мен өзгертулер енгізілген), «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304-I Заңы (толықтырулар мен өзгертулер 2002 жылғы 1 қыркүйектегі, 2006 жылғы 5 мамырдағы № 139, 2007 жылғы 1 желтоқсандағы ), «2010-2012 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы»  Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 219- IV Заңы, «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 Қаулысы , «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII Заңы, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006жылғы 20 ақпандағы N 110 Қаулысы, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы (өзгертулермен 10.12.2008ж).

    Салық Кодексі.

    Салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөніндегі билiк қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейдi.

    Қазақстан Республикасының салық заңдары:  
    - Қазақстан Республикасының салық заңдары Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.  
    - Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі Кодексте көзделмеген мiндет ешкiмге жүктелуге тиiс емес.  
    - Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер Кодексте белгiленген тәртiпте және жағдайларда белгіленедi;  
    - Салық Кодексімен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерiнiң арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында Кодекстiң нормалары қолданылады. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтiн нормаларды салықтық емес заңдарға енгiзуге тыйым салынады.  
    - Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен Кодекстегіден өзге ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады. 
    Салық заңдарының қолданылуы:  
    - Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiне қолданылады.  
    Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері: 
    - Қазақстан Республикасының салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптеріне негізделеді.  
    - Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс. 
    Салық салудың міндеттілігі принципі  
    Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті. 
    Салық салудың айқындығы принципі  
    Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға тиіс.

    Салық кодексінің 55-бабына сәйкес салықтардың төмендегідей түрлері белгіленген:

    - Корпоративтік табыс салығы.

    - Жеке табыс салығы.

    - Қосылған құн салығы.

    - Акциздер.

    - Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi.

    - Әлеуметтiк салық.

    - Жер салығы.

    - Көлiк құралдары салығы.

    - Мүлiк салығы.

    Бұдан басқа Салық  кодексіне сәйкес алымдардың төмендегідей түрлері белгіленген:

    - Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.

    - Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.

    - Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.

    - Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.

    - Радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.

    - Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.

    - Теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.

    - Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшiн алым.

    - Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.

    - Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.

    - Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.

    - Аукциондардан алынатын алым.

    - Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым.

    - Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.

    Салық кодексінде мемлекеттік бюджетке төменде келтірілген тізбе бойынша міндетті төлемақылар көрсетілген:

    - Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.

    - Жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы.

    - Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы.

    - Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.

    - Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы.

    - Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы.

    - Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.

    - Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы.

    - Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы.

    - Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.

    - Мемлекеттік баж.

    - Кеден төлемдерi

    - Кеден бажы.

    - Кеден алымдары.

    - Төлемақы.

    - Алымдар.

    Компания жоғарыда көрсетілген салықтардың есебін ҚР-ның Салық Кодексінде белгіленген баптар бойынша жүргізеді. 

    Еңбек Кодексі 

    Қазақстан Республикасының еңбек  туралы кодексі Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтiн, нормалары осы Кодекстің нормаларынан кем бола алмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.  
    - Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың осы Кодекстің және еңбек туралы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң алдында артықшылығы бар және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн Қазақстан Республикасының заңы шығарылуы талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, олар тiкелей қолданылады.  
    Осы Кодекстің қолданылу аясы  
    - Кодекс Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қатынастарын реттейдi.  
    - Егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің күшi Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.  
    Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құрылтайшылары немесе меншiк иелерi (толығынан немесе iшiнара) шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының еңбек туралы Кодексі қолданылады.

    Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының 
                 мақсаты мен мiндеттерi:     

     - Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тiкелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепiлдiктерiн белгiлеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады. 
          - Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің мiндеттерi еңбек қатынастары тараптары мүдделерiнiң теңгерiмiне, экономикалық өсуге қол жеткiзуге, өндiрiс тиiмдiлiгi мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажеттi құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.

    Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің  принциптерi:

    Адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуiне жол бермеу; еңбек бостандығы;    кемсiтушiлiкке, мәжбүрлi еңбекке және балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiне тыйым салу; қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай келетiн еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету; 
    өндiрiстiк қызмет нәтижелерiне қатысты алғанда қызметкердiң өмiрi мен денсаулығының басымдығы; еңбегi үшiн жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем емес, әдiлеттi сыйақыға құқығын қамтамасыз ету; тынығу құқығын қамтамасыз ету; қызметкерлердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң теңдiгi; 
    қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн бiрiгу құқығын қамтамасыз ету; әлеуметтiк әрiптестiк; еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерiн мемлекеттiк реттеу; 
    қызметкерлер өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29-шы желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі». Осы Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді және орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін айқындайды.Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    - орташа жалақы – қызметкер жалақысының сақталуына кепілдік берілетін кезең үшін жұмыс беруші есептейтін және қызметкерге төлейтін ақша қаражатының сомасы;

    - орташа күндік (сағаттық) жалақы – уақыт бірлігі (күн, сағат) үшін есептелген жалақы сомасы;

    - есеп айырысу кезеңі – төленуі тиіс ақымен (төлеммен) байланысты оқиғаның алдындағы ұзақтығы он екі күнтізбелік айға тең кезең, не қызметкер жұмыс берушіде күнтізбелік он екі күнтізбелік айдан кем жұмыс істеген болса, орташа жалақыны есептеу үшін пайдаланылатын нақты жұмыс істеген кезең;

    - оқиға – Еңбек кодексіне сәйкес орташа жалақының сақталуымен немесе төленуімен байланысты жағдайлар.

    - Орташа айлық жалақыны айқындаудың барлық жағдайлары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мереке күндері есеп кезеңінен алынып тасталады.

    - Орташа жалақыны есептеу кезінде есеп айырысу кезеңінен жұмыс істелмеген уақыт және осы кезеңде Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерге орташа жалақысы төленген немесе сақталған кездегі жұмыс істелмеген уақыт үшін есептелген сомалар алынып тасталады.

    - Ұжымдық шартта орташа жалақыны есептеу үшін қызметкерлердің жағдайын нашарлатпайтын өзге кезеңдер көзделуі мүмкін. 

    Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі: 

    - Бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі. Орташа жалақыны есептеуде қосымшаға сәйкес тұрақты сипаттағы емес төлемдер ескерілмейді.

    - Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндеріннің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.

    - Орташа күндік (сағаттық) жалақы барлық жағдайларда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісінше бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына бөлу жолымен анықталады.

    - Егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмесе, онда орташа күндік (сағаттық) жалақы жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақының сомасын осы жұмыс істеген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына тиісінше бөлу жолымен анықталады.

    - Егер есеп айырысу кезеңінде қызметкерге жалақы еспетелмеген болса, онда орташа күндік (сағаттық) жалақыны есептеу есеп айырысу кезеңінің алдындағы он екі айдағы жұмысы, не есеп айырысу кезеңінің осы жұмыс берушіде нақты жұмыс істеген уақыт кезеңі үшін есептелген жалақы сомасын жұмыс істелген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына тиісінше бөлу жолымен жүзеге асырылады.

    - Қызметкер жұмысқа орналасқан кезде оқиға орын алған жағдайда есептелген жалақы сомасы болмағанда, не оқиға алдындағы 24 ай бойы қызметкердің жалақысы болмаған жағдайда, орташа күндік (сағаттық) жалақы қызметкердің күндік (сағаттық) тарифтік ставкасын (лауазымдық жалақысын) негізге ала отырып есептеледі.

    - Жұмысты вахталық әдіспен орындайтын қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны есептеуге арналған орташа жалақы орташа сағаттық жалақыны Еңбек кодексінде белгіленген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан аспайтын, жұмыс беруші жасаған кесте бойынша еңбекке жарамсыздығы салдарынан болмаған жұмыс сағаттарының санына көбейту жолымен анықталады.

    - Лауазымдық жалақы арттырылған жағдайда орташа жалақыны есептеу арттыру коэффициентiн ескере отырып, мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

    - егер арттыру есеп айырысу кезеңінде жүргiзiлсе, арттырудың алдындағы әрбір ай үшін орташа жалақы арттыру коэффициентiн ескере отырып есептеледі;

    - егер арттыру есеп айырысу кезеңінен кейiн оқиға болғанға дейiн жүргiзiлсе, есеп айырысу кезеңі үшін орташа жалақы арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі;

    - егер арттыру оқиға кезеңiнде жүргiзiлсе, орташа жалақының бiр бөлiгi лауазымдық жалақы (ставка) арттырылған күнiнен бастап көрсетiлген кезең аяқталғанға дейiн коэффициентін ескере отырып есептеледі.

    Арттыру коэффициентi оқиға  басталған айда белгiленген лауазымдық жалақыны (ставканы) арттыруға дейiн белгiленген лауазымдық жалақыға (ставкаға) бөлу жолымен есептеледi. Қызметкерді бір лауазымнан екіншісіне ауыстырған кезде арттыру коэффициенті қолданылмайды.

    - Өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша төленетін жылдық сыйлықақыларды, сыйақыларды қоспағанда, тұрақты сипаттағы және жұмыс берушінің еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген сыйлықақылар мен еңбек нәтижелері үшін төленетін басқа да ынталандыру төлемдері орташа жалақыны есептеу кезінде есептелген уақыты бойынша қосылады.

    Жұмыс берушінің еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру жүйесінде  көзделген жұмыс қорытындысы  бойынша төленетін тоқсандық, жарты  жылдық сыйлықақылар тиісінше есеп айырысу  кезеңінің әрбір айына тиісінше 1/3, 1/6 мөлшерінде есептеледі; айлық сыйлықақылар есеп айырысу кезеңінің әрбір айы үшін біреуден аспауға тиіс.

    Ағымдағы жылда төленетін  өткен жылдың жұмыс қорытындысы  бойынша төленетін жылдық сыйлықақылар, сыйақылар орташа жалақыны есептеу  кезінде әрбір айға 1/12 мөлшерінде, өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша төленетін жылдық сыйлықақыны, сыйақыларды төлеу сәтіне дейін жүргізілген төлемдерді қайта есептеуді жүргізусіз, нақты төлеу сәтінен бастап есептеледі.

    Есеп айырысу кезеңіне сәйкес келетін уақыт жұмыспен толық  өтелмеген жағдайларда, сыйлықақылар мен тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері орташа жалақыны есептеген кезде есеп айырысу кезеңіндегі жұмыс істелген уақытқа барабар ескеріледі.

    Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесіне қосымша.  

    Тұрақты сипаттағы емес, орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін төлемдер:

    - Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі үшін өтемақы.

    - Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ жұмыс беруші белгілейтін әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер.

    - Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде қызметкерлерге төленетін сауықтыру жәрдемақысы.

    - Қызметтік іссапарға жіберілетін қызметкерлерге берілетін өтемақы.

    - Тұрақты жұмысы жол үстінде немесе жүріп-тұру сипатында не қызмет көрсететін учаскелер шегінде қызметтік сапарлармен байланысты болған жағдайларда тәулікақы орнына белгіленетін қосымша ақылар мен үстемеақылар, өтемақы төлемдері.

    - Дала жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге берілетін далалық жабдықталым.

    - Қызметкерді ұйыммен бірге басқа жерге ауыстырған кезде берілетін өтемақы.

    - Қызметкердің (жеке тұлғаның) жеке мүлкін, тараптардың келісімі негізінде жұмыс берушінің мүдделері үшін пайдаланған кезіндегі шығыстарды өтеу.

    - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес берілген арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің және басқа да жеке қорғаныш құралдарының, алғашқы дәрігерлік көмек құралдарының, жуу және зарарсыздандыру материалдарының, сүттің, емдеу-профилактикалық тамақтандырудың және басқа да құралдардың құны.

    - Қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдер (жоғалтқан жалақысы бөлігіндегі төлемдерден басқа).

    Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері