Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі. 2

Экономика,бизнес және құқық колледжі

Қазтұтынуодағы Қарағанды  Экономикалық Университет

 

               
                 0705002 мамандығы бойынша «Бухгалтерлік есеп» пәні
                                 КУРСТЫҚ  ЖҰМЫС

 

Тақырып: Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі.

 

 

 

 

                                                   Орындаған: Рысбеков Б.Б.

                                                    Группа: Бух – 37 (к).

                                            Тексерген:  Өмірбаева З.М.

 

 

 

 

 

 

 

                                        Қарағанды 2007 жыл

 

                                         Мазмұны

Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------3

Бөлім 1. Еңбекақы және еңбекақы төлемінің жүйесі.-------------------------4

1.1 Еңбекақының  түрлері мен нысаны-----------------------------------------4-7

1.2 Еңбекақының  формалары---------------------------------------------------8-16

Бөлім 2. Еңбекақыны есептеу есебі.---------------------------------------------17

2.1 Еңбекақы есептеу есебі---------------------------------------------------17-23

2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын  ұсталымдар есебі. ----------------------24- 32

 2.3 Қызметкерлермен есептесудің синтетикалық есебі.---------------33-40

Қорытынды---------------------------------------------------------------------------41

        Пайдаланылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------------42

Қосымшалар-----------------------------------------------------------------------

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             

 

                                            Жоспар:

Кіріспе

Бөлім 1. Еңбекақы және еңбекақы төлемінің жүйесі.

1.1 Еңбекақының түрлері мен нысаны.

1.2 Еңбекақының формалары

Бөлім 2. Еңбекақыны есептеу есебі.

2.1 Еңбекақы есептеу есебі

2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар есебі.

 2.3 Қызметкерлермен есептесудің синтетикалық есебі.

Қорытынды

        Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

 

 

 

 

                                         

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Кіріспе.

 

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен  есептесудің есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, өйткені осы саланы әлде боса жетілдіру  керек. Қазіргі таңда  біздің инфляция болған жағдайымызға келсек  мәз емес. Мен бір мәселені көтергім келеді ол  - қызметкерлермен есептесу мәселесі болып табылады. Дегенмен мысалға алсақ, Қырылыс компания жұмыскерлердің алдыңда берешек болып қалуы, Астана қаласында осындай жайт алып отыр. Тағыда бір жайт ол шетел компаниялардың біздің жұмыскерлерге жалақыны төмен беріп, ал өздерінің жұмыскерлеріне одан жоғары берілуі менің жанылды  ашытады. Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес жалақы берілуі тиіс. Ол үшін мемлекет тарапынан кішкене болсын көмек болуы тиіс. Осы жоғары оқу орындарынан шығатын түлектерге жұмыспен қамтылса немесе осылардың алатын жалақысына көңіл бөлсе деймін. Өйткені қаншама біздің құрдастарымыз қаңғы үстінде және де олардың өз мамандығы бойынша жұмысқа тұруы екі талай. Бұл курстық жұмысымның мақсаты І бөлімінде еңбекақы  туралы түсінік бере отырып, оның түрлеріне тоқталамын,  ал ІІ бөлімінде  Еңбекақы есебін көрсете отырып,  кәсіпорын басшысының әрбір жұмысшысына жалақыны уақтылы және дұрыс есептеу; еңбек ақы қорын және жұмыс уақытының  пайдалануында жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің     саны мен сапасын бақылау;бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақының сомасын  белгілеу;белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу; жалақы бойынша шығындарды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   Бөлім 1.Еңбекақы және еңбекақы төлемінің жүйесі.

                          1.1 Еңбекақының түрлері мен нысаны.

Еңбек және еңбекақы есебі  – бұл жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығындары, жұмыс  беруші мен жұмысшылардың арасындағы қарымқатынас т.б. күрделі жұмыстардың бірі болып табылады. Шаруашылық үдерістері (процестері) жабдыктау, өндіру және сату деп алдыңғы тарауларда айтып өткен болсақ, осы өнім өндіру үшін қажеттілер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай-ақ жұмысшы күші екендігі белгілі. Тауарлык-материалдық қорлардың есебін қарастырғанда еңбек заттарының, негізгі құралдардың есебін қарастырғанда еңбек құралдарының есебі қалай жүргізілетіндігіне тоқталып өткен болатынбыз. Ал кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып табылатын қызметкерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу мәселесінде өзі бөлек болып қарастырылатындығы осыдан. 

Еңбек және оған ақы төлеу  есебінің негізгі міндеттеріне жатады:

     - еңбек  ақы қорын және жұмыс уақытының   пайдалануында жұмыс мөлшерінің  орындалуын, еңбектің     саны мен сапасын бақылау;

     - бастапқы  құжаттарды уақтылы және дұрыс  рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақының  сомасын  белгілеу;

      -кәсіпорын  басшысының әрбір жұмысшысына  жалақыны уақтылы және дұрыс  есептеу;

     - белгіленген  мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;

    - жалақы бойынша  шығындарды өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы  қосу.

Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақы төлеу, жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау және қорғау саласындағы саясат түбірінен өзгереді. Аталмыш саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттің көптеген міндеттері (функциялары) тікелей еңбек ақы төлеудің формалары, жүйелері мен мөлшерін, сондай-ақ оның нәтижелерін материалдық ынталандыруды дербес белгілейтін ұйымдарға беріледі. Мемлекет, жұмыс берушілерге еңбек ақы төлеу мөлшерін еркін түрде айқындауға құқық бере отырып, бұрын қолданылып келген еңбек ақының ең жоғары мөлшерін шектеуден бас тартты. Сонымен бір мезгілде, жалданбалы еңбекті әлеуметтік қорғау үшін мемлекет ең төменгі еңбек ақыны заңдық тұрғыдан бекіту жолымен оны төлеудің төменгі деңгейін белгілейді.

Жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынасы, сондай-ақ еңбек ақыны мөлшерлеу мен төлеу мәселелері «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. 

Әрбір азаматтың қандай да бір құқығын  шектеусіз және Қазақстан Республикасының  заңдылықтарымен белгіленген ең аз еңбек ақы мөлшерінен төмен  емес түрде, еңбегі үшін сыйақы алу  құқығы Қазақстан республикасы азаматтары мен адамдардың негізгі құқықтарының бірі болып саналады. (Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңының 4-бабы).

Еңбек және еңбекақы деректері (факты,данные) өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. Еңбек және еңбекақы «ҚР –сы Еңбек туралы» заңымен реттеледі, кейіннен № 251 15.05.2007ж. бекітілген Еңбек кодексі ( екі бөлімнен,6 бөлімшеден- оның ішінде  40бабтар қарстырылған) бұл Заң азаматтардың ҚР-сындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын реттейді, 12 тараудан құрылған:

   І тарау –   Жалпы ережелер

   ІІ тарау –  Жеке еңбек шарты

   ІІІ тарау –  Ұжымдық  шарт

   ІVтарау - Жекеленген  категориялық қызметкерлердің еңбек қатынастарының реттелуі

    V тарау-    Жұмыс уақыты

   VІ               Демалыс уақыты

   VІІ              Еңбекті нормалау және жалақы

   VІІІ            Жұмысшыларға кепілдеме және  өтемақылық төлемдер

    ІХ              Жеке еңбек шарттың  материалдық  жауапкершілігі

    Х            Қызметкерлерге көтерме ақылар мен жазалау шараларды қолдану

    ХІ              Еңбек даулары

    ХІІ             Осы  заңның сақтауына бақылау

Аталған Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс  беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатысы нормативті құқықтық актілермен, еңбек заңына  сәйкес бекітілген ұжымдық келісімшартпен реттеледі.

Кәсіпорын дербес (самостоятельный) болғанмен  заңға сәйкес штат кестесі, формалары  және еңбекақы, сыйлықақы жүйесін  белгілейді.

Еңбекақыны жұмысберуші  өзі белгілегенбен  «ҚР –сы  Еңбек туралы» заңының 71 бабына сәйкес ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы керек. Қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары  «ҚР –сы Еңбек туралы» заңында қарастырылған.   Кәсіпорында еңбек және еңбекақы төлемі тізімдік құрам бойынша ұйымдастырылады. Тізімдік құрам кәсіпорындағы қызметкермен жұмысшылардың тізімі.  Кәсіпорындардың қатысына қарай жұмысшылар да екі категорияға бөлінеді: өндірістік шаруашылыққа қатысты және өндірістік емесжұмысшылар болып. Бірінші катергорияға негізгі өндірістегі жұмысшылар жатады, екіншіге басқа салалардың жұмысшылары (комуналды шаруашылық, мәдениет, тұрмыс, оқу, автокөлік, денсаулық т.б.)

Кәсіпорында жұмысқа  түруына қарай  тізімді және тізімнен тыс жұмысшылар болып бөлінеді. Біріншіге  бір күннен артық осы кәсіпорында  үнемі жұмысқа, уақытша және маусым ды жұмысқа алынғандар жатады, ал екіншіге  5 күннен аз (не менее) жұмыс істегендер. Бұдан басқа келісім шарт бойынша (подряд) жұмыс істегендер бұл кәсіпорынның қызметкерлері болып есептелмейтіндер болады.

Жұмыс істеуіне қарай кәсіпорында  қызметкерлер және жұмысшылар болып бөлінеді. Жұмысшылар – материалды берекені (благо)құрумен шұғылданатын тұлғалар. Ал, қызметкерлер :

       Басшылар –  бастық және басқарушылар (управляющие);

       Бас мамандар  – бас бухгалтер, бастықтың  орынбасарлары, бөлім бастықтары;

       Мамандар – салалар бойынша жұмыс орындаушылар.

Жұмысшының еңбегі кәсіпорында  еңбекақымен бағаланады және ол оның  материалдық берекесін қамтамасыз етеді. 

«ҚР –сы Еңбек туралы»  заңының 70-бабына сәйкес жұмыс беруші жеке еңбек келсім шарт, ұжымдық  келісім шарт бойынша еңбекақы төлеуге міндетті.Еңбекақы – қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгілген еңбек шарты бойынша төлем. Еңбекақы негізгі еңбекақы және қосымша еңбекақы түрлеріне бөлінеді. Біріншіге нақты жұмыс істеген уақытқа, істелген жұмыстың саны мен сапасына, тарифтік сетка бойынша төлемдер, ставкалар, кесімді расценкалар бойынша, сыйақылар, мерзімнен тыс мезгілде істеген үшін, түнгі мезгіл үшін, жетекшілік үшін, қызметкердің кінәсіз жұмыстың түрып қалғандығы т.б. жатады. Екіншіге – заң бойынша жұмыс істемеген  уақытқа есептелген еңбекақы: негізгі және қосымша демалыс күндергі ақы, пайдаланбаған демалыс үшін өтемақылар, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындауға кеткен жұмыс уақытының төлемақысы, уақытша еңбекке жарамсіздіктің төлемақысы, жұмысқа жасы жетпеген балардың  ақысы, әлеуметтік төлемдер, жұмыстан шығу бойынша ақылар т.б. жатады  Кәсіпорында бастапқы құжат болып әрбір жұмысқа қабылданған жұмысшыға категориясына қарай карточка ашылады(Ф. № Т 2), (Ф. №Т-н). Ал, жұмыс уақытының есебін бақылау үшін табель жүргізіледі, еңбек ақы есептеу үшін (Ф. № Т-12), (Ф. № Т-13) есеп айырысу – төлем ведомосы, атқарылған жұмыстың жүктелімі(наряд), бағдарлық (маршрутный) құжат, өнімдік туралы рапорты немесе актісі және басқада есептік әдістері мен формалар қолданылады.

 Табель 1 дана болып  бөлім  меңгерушісімен немесе мастер  мен жасалады, бастықпен бекітіліп  бухгалтерияға тапсырылады. Жұмыста  болған болмаған жағдайлары табельмен  тексеріліп отырылады. Кәсіпорынның  тізімді жұмысшылары кадрлі бөлімшесінде жүргізіледі. Еңбек есептемелерде  осы бөліммен де  бақылау жасалады.

Еңбекақы есептемелері есептік-төлем  ведомостінде жасалады, жұмысқа шығу табельмен тарифтік ставкалар бойынша. Осы ведомостьте  еңбекақыдан  жасалатын ұсталымдар көрсетіледі, содан кейін қолға берілетін ақша төлем ведомостқа көшіріліп төленеді.

Кезекті демалысқа шыққан қызметкерге  кадр бөлімі қызметкердің өтініші бойынша  бұйырық шығарып, онда демалысқа  шығатын мерзімдерін, демалыста  болатын уақытын және жұмысқа  шығатын мерзімдерін көрсетеді. Уақытша жұмысқа жарәмсіз болған жұмыскер жұмыс орнына емханадан ауырған мерзімдері көрсетілген қағазын тапсыруға міндетті, осы мерзімнің төлемдері тапсырған қағазы бойынша есептеледі. Жұмыскер іссапарда болған мерзімдеріне кадр бөлімі бұйырық шығарып іссапарлық күәлігін береді. Осы мерзімге жұмыскерге іссапарлық шығындарға төлем жасалады және еңбекақысы есептеледі. Жұмыс уақыты мерзімде апатты жағдайлар немесе жұмыскердің денсаулығына зиян келген болса кәсіпорын ұйымымен қоса комиссия құрылып жардемақылар төлену үшін актілер жасалады.

Түнгі мерзімде немесе мере күндері  жұмысқа шақырылса кәсіпорын  басшысы бұйырық шығарып шақырады.

Сонымен қатар еңбек  пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды  одан әрі жетілдіру үшін мынадай  жағдайлар қажет:

1. Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін үлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.

2. Еңбек     пен     өндірісті     басқарудағы     ғылыми     жолмен басқарудың типтелген прогрестік құрылымын қолдану.

3. Еңбекақы  төлеудің  сыйлық  беру  жүйесімен  басқа  да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.

4. Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

                          1.2 Еңбекақының формалары

 

             Негізгі еңбекақы

Кәсіпорнда нақты жұмыс  істеген мерзім үшін төленеді

Қосымша еңбекақы

Кәсіпорында жұмыс істемеген  мерзім үшін төленеді


 

1.Мерзімдік  еңбекақы жұмыс істеген мерзімде

белгіленген тарифтік ставка бойынша төленеді




              – жай мерзімдік

    • мерзімдік сыйлықақы 

2. Кесімді еңбекақы шығарылған өнімнің санына бір штук өнімнің   расценкасын қатыстыру бойынша төленеді




тікелей кесімді;

    • үдемелі кесімді;
    • кесімді сыйлықақы;
    • жанама кесімді;
    • акордты.          

 

 

Еңбекақы төлемдердің  негізгі екі формасы бар :

Мерзімдік еңбекақы (негізгі- жұмыстың бір сағатына қойылатын  тарифтік мөлшерлеме);

Кесімді еңбекақы (негізгі- жұмыс көлемі және оның орындалған бірліктерін бағалау).

Мерзімдік еңбекақы тарифтік мөлшерлеме бойынша немесе  жұмыс істелген уақыт үшін төленеді.

Мерзімді еңбекақы есептелу үшін  жұмыс істелген мерзімге табель тапсырылу керек.

Кесімді еңбекақыға табельден  басқа наряд тапсырылады, нарядта  шығарылған бұйымның немесе жасалған жұмыстың көлемі көрсетіледі. Қосымша еңбекақы орташа еңбекақы бойынша есептеледі. Демалыс күндерінің және уақытша жұмысқа жәрамсыз болған күндерінің және  пайдаланбаған демалыс күндерінің ақысы орташа  бір күннің еңбекақысы бойынша есептеледі. Орташа бір күннің еңбекақысын анықтау үшін өткен 12 ай мерзімнің ақысы немесе нақты жұмыс істеген мерзімнің ақысы есепке алынады. Есептік мерзімде  (12 айда) есептелген еңбекақы 12-ге немесе нақты жұмыс істелген мерзімге бөлінеді және орташа  айлық күнтізбелік күнге бөлінеді. Демалыс күндердің еңбекақысын есептеу үшін негізгі құжат болып қызметкердің өтініші, кәсіпорын басшысының бұйрығы болады, уақытша жұмысқа жарәмсіз күндердің ақысын есептеу үшін негізгі құжат болып есмхананың парағы (больничный лист) болады. Орташа күндік еңбекақыны есептеуде өткен мерзімдегі жұмыс күндері ескеріледі. Бұл  ақыны төлемінде салық кодексі бойынша қойылған шектелуі бар. Толығымен есептеп болғаннан кейін төлем жасауда 10 АЕК асырмау керек, бұл шектелу босану жағдайларда ескерілмейді.

Мерзімдік-жай ақы- тарифтік мөлшерлемені немесе қызметкердің қызметықысын және жасалған жұмыс уақытының санын қолдану арқылы анықталады.Тәжірибеде бұл еңбекақыны есептелуінің 3 тәсілі бар: сағаттық, бір күндік, бір айлық . 21 разрядтты коэффициенттер колданылады, қызметкердің категориясына қарай.

  Мысалы : Мерзімдік ақы алатын 6—разрядтағы жұмысшы сағаттық тариф ставкасы   76 тенге болған кезде 182 сағат жұмыс істеген болса. Жалақы сомасын есептеуі болады :

            182 х 76 =13732 тг.

Егер жұмыскер айды толықтай істесе, онда жалақысының мөлшері қызмет – ақы мөлшеріне сәйкес келеді.

Егер жұмыскер сол айдағы жұмыс календерінде толықтай жұмыс істемесе, онда жалақы нақты  жұмыс істелген уақытқа қарай  есептен шығарылады.

     Мысалы: Қызметақысы 11300, қызметкер есептік айдағы 23 жұмыс күнтізбелік күнінің 20 күнінде жұмыс істеген.

         Айдың орташа күндік жалақысы: 11300:23=491.30тг.

 Қызметкердің  жалақысы нақты істеген күніне 491.30 х 20 =9826тг. қүрайды.

  Кәсіпорын ұжымына: Кәсіпорында 100 адам жұмыс істейді, оның 80-і жұмысшы да, ал 20-сы қызметкерлер. Отыз қызметкерге еңбекақы, олардың мамандығы мен атқаратын міндеттеріне байланысты белгіленген:

10 адам - 9 разряд;

8 адам – 11 разряд;

3адам -  14 разряд;

5 адам – 16 разряд;

2 адам – 19 разряд;

2 адам – 21 разряд.

Әр түрлі  разряд бойынша қызметкерлердің  айлық еңбек ақыларын есептеу  үшін мына формуланы қолданамыз:

Айлық

 Ұйымының                                                     разрядтық тарифтік

                    =             разрядтық         х         коэффициент (бірынғай тарифтік

еңбекақы              ставкасы                     сеткаға сәйкестік, разряды бойынша)

2007 жылы бекітілген  ең төмен еңбек ақы 9752тенгені құрады. Сонда кәсіпорын жұмыс режімі жұмысына 5 күн (өткен айдағы жұмыс күні 21), 14 разряд бойынша 3 қызметкер өткен айда 18 күн жұмыс істеген.

Сонда өткен  айдың еңбекакысы былайша есептеледі:

9 разряд бойынша = 9752 х 1.78 х 10 = 173586,60

11 разряд бойынша = 9752 х 2.05 х 8 = 159932,80

14 разряд бойынша = 9752 х 2.55 = 45 900, бірақ 14 разряд бойынша 3 адам, ай ішінде толық жұмыс істемеген сондықтан олардың еңбекакылары былайша есептеледі:

= (18 000 х 2.55) : 21 х 18 х 3 = 63945,26

16 разряд бойынша = 9752 х 2. 95 х 5 = 143842

19 разряд бойынша  = 9752 х 3.67 х 2 = 71579,70

21 разряд бойынша  = 9752 х 4.24 х 2 = 82697

Қызметкерлердің айлық мерзімді еңбекақысы = 695583,36тг.

 Мысалы : Қызметкердің  еңбеақысы 34000тг., айдың жұмыс  күні 22күн, ол 20қызмет істеді :

34000:22х20= 30909,09тг., екінші әдіс бойынша жұмысына 30% сыйақы бұйырық бойынша :

30909,09 х 30:100=9272,72тг., айлығы (30909,09+9272,72) = 40181,81тг.

Еңбекке мерзімдік  сыйлықақы- жұмыс істеген уақытының еңбекақысына жұмыстың нәтижесіне қарай сыйлықақы төлемі қарастырылады.

Жалақыны есептеу жұмыс  уақытын пайдалануды есепке алу табелінің негізінде жұргізіледі. Мерзімдік ақы алатын жұмысшының жалақы сомасы нақты жұмыс  істелген сағаттардың сағаттық тарифтік ставкасына көбейтіп анықталады оған кәсіпорынның ережесі бойынша белгіленген сыйақының пайызы немесе сомасы қосылады.

Мысалы: жұмысшының жалақысы тариф бойынша 14400теңге. Учаске бойынша жоспар орындалған үшін еңбекақыға 30% сыйақы төленеді. Сонда 14400 х 30% = 4320тг. + 14400 =  18720тг.   

Кәсіпорында қызметкердің тарифтік ставкасы қызмет істеген мерзіміне  қарай жылда қарастырылып отырады.

             Кесімді еңбекақы.

Бұл форманың мынадай  түрлері болады:

   тікелей (жәй)  кесімді ақы, үдемелі (ілгершіл - прогрессивті), кесімді сыйақы, жанама (косвенная) кесімді ақы, аккордты.

  1. Тікелей кесімді ақы дайындалған өнімнің саны мен бірлігі үшін белгіленген бағалауға (расценка)  тәуелді болады.

Дайындалған өнімнің  санына арналған белгіленген бағаларға  көбейту жолымен анықталады.

      Мысал: Кесімді ақы алатын жұмысшыға бірлігі 250.46тг. бағаланатын 30 бөлшекті әзірлеу тапсырылды. Жалақысы 30х25046 = 751380 жұмысшылардың жалақысы бригаданың, учаскенің жұмыс нәтижесі бойынша анықталады. Бағалаулар жеке (әрбір кәсіпкер) және кешенді (ұжымдық) болуы мұмкін.

Кешендік бағалауды  қолданған кезде бригаданың кесімді  табысы анықталады. Ол бригада мөшелерінің арасында жалақы тарифіне пара – пар бөлінеді. (жұмысшы разрядының тарифтік ставкасын нақты жұмыспен істелген сағаттарға көбейту арқылы).

2.Үдемелі-  кесімді еңбекақы жалақы өнімдердің жоспарлы саны үшін –өнімді нормадан тыс өндерген үшін – үдемелі өсу бағасы бойынша есептеледі. Басқаша ілгерішіл – кесімді жүйе  деп атайды  нормадан тыс шығарған өнімі ұшін кесімді ақы алатын жұмысшыларды ынталандыруға қолданады. өндірістік тапсырма шегінде шығарылған өнім ұшін төлем тікелей кесемді бағалаулар бойынша жұргізіледі. Тапсырмадан тыс өнім үшін –жаңа бағалаулар бойынша немесе үдемелі төлем 2еседен аспау керек.

Мысалы 12 разрыдты жұмыскер  жоспарын 118 % орындады, оның кесімді еңбекақысы 16800, кәсіпорынның ережесіне сәйкес шығарылған өнім жоспардан тыс 105 пайыздан асса 1,5 есе төленеді, біздің жағдайда жұмыскердің еңбекақысы болады: 16800+ (16800+ (118 – 105): 118)х 0,5=17725,42тг.

 

      Мысалы: Құрамында 3-ші, 5-ші, 6-шы разрядты 3 адам бар. Кесімді ақы алушы жұмысшылар бригадасы әрқайсысы 804040 = тенгеден бағаланған екі машинаны жинайды. Ахметов 80 сағат жұмыс істеген (4 разряд),Ким 60 сағ. (5разряд), Петров 70 сағ.(3 разряд)

1.Бригаданының  жалақысы 804040 х 2маш.= 1608080

2.Тариф бойынша  жалақысы: Ахметовтікі  80 х 100 = 8000тг.,

                                                    Кимдікі         60 х 80 =4800тг.,

                                                    Петровтікі     70 х 56 =3920тг.,

3.Нақты жалақы  бөлу коэффиценті 1608050 : (8000+4800+3920) = 0.96, 

4.Айлық жалақысы: Ахметов 8000 х 0.96 = 7680тг.;

                                    Ким 4800 х 0.96 = 4608тг.;

                                    Петров 3920 х 0.96 = 3763тг.

                                   Жиыны: 16051,20тг.

2.Үдемелі- кесімді еңбекақы жалақы өнімдердің жоспарлы саны үшін –өнімді нормадан тыс өндерген үшін – үдемелі өсу бағасы бойынша есептеледі. Басқаша ілгерішіл – кесімді жүйе  деп атайды  нормадан тыс шығарған өнімі ұшін кесімді ақы алатын жұмысшыларды ынталандыруға қолданады. өндірістік тапсырма шегінде шығарылған өнім ұшін төлем тікелей кесемді бағалаулар бойынша жұргізіледі. Тапсырмадан тыс өнім үшін –жаңа бағалаулар бойынша немесе үдемелі  төлем 2еседен аспау керек.

Мысалы 12 разрыдты жұмыскер  жоспарын 118 % орындады, оның кесімді еңбекақысы 16800, кәсіпорынның ережесіне сәйкес шығарылған өнім жоспардан тыс 105 пайыздан асса 1,5 есе төленеді, біздің жағдайда жұмыскердің еңбекақысы болады: 16800+ (16800+ (118 – 105): 118)х 0,5=17725,42тг.

3.Сыйлықақы  кесімді еңбекақы жүйесінде жұмысшының жалақысы нақты өнімділік үшін есептелетін негізгі (тікелей) кесімді бағалау бойынша еңбекақыдан құралады және белгіленген сыйлықақы көрсеткіштерін (өндірістік жоспарды, нормаланған тапсырманы және өнімділік нормасын орындау және асыра орындау; өнімнің сапасын көтеру; шикізатты, отынды, энергияны, материалды үнемдеу; жабдықтау  жұмысының технологиялық тәртіптемесін (режимін) сақтағаны үшін есептелетін сыйлықақы төленеді.

Мысалы: 10разрядты жұмыскер 120бұйым шығарды, оған берілген тапсырма 100бұйым. Бір шығарылған бұйымға төлем 50тг., нормадан  тыс орындалған  әр % екі % -қ кесімді еңбекақы төленеді. Сонда :

1.Нақты шығарылған  бұйымға (50тг.х 120бүйымға) = 6000тг.

2. нормадан  тыс орындалғанға (6000 х 40% : 100%) = 2400тг.

Барлығы 6000 + 2400 = 8400тг.

4.Жанама – кесімді  еңбекақыда қосалқы және басқа өндірістегі жұмысшылардың еңбекақы көлемі олардың негізгі өндіріс жұмысшыларына қызмет етуге жұмысқа жанама әсерін тигізетін еңбек нәтижесіне байланысты есептеледі. Жанама- кесімді жұйеде қызмет көрсетуші жұмысшылардың жалақы мөлшері осы жұмысшылар қызмет көрсеткен негізгі өндірістік жұмысшылар еңбегінің тұпкілікті нәтижесіне тікелей тәуелді болады. Бұл орайда жанама – кесімдік бағалау қызмет көрсетуші жұмысшылардың тарифтік жалақысының негізгі жұмысшылар жоспарлаған өнім шығарылымының санына қатынасы ретінде анықталады.

Мысал:Жөндеуші жұмысшы Кимнің жалақысы тариф бойынша 14400теңге. Учаске бойынша жоспарланған шығарылым (өндірістік тапсырма)1000бірлік. Механикалық цехтың жұмысшы Ким қызмет көрсеткен станокта 1200 бірлік әзірленген. Жанама – кесімді бағалау – 14400/1000 = 14,40тенге.Кимнің жалақысы – 1200х14.40 = 17280теңге.

Мысалы: жұмыскер- наладчиктің (тоқыма цехтың бригадасына  қызметететін) тариф бойынша 10 000тг. Тоқыма цехтың өнім өндіру нормасы 500мың метр, ал ай ішінде цех 580мың метр өнім өндірді.

Сонда наладчиктің  еңбекақысы  10 000х (580000:500000) = 11600тг.

5. Аккордық еңбеақы – бұл жүйеде, бригады жұмысшыларына мерзімі белгіленген тапсырманы орындалсы бойынша еңбекақы төленеді, ал белгіленген мерзімнен бұрын орындалса сыйықы есептеледі (тапсырылған жұмысқа белгіленген мерзім бойынша есептеледі),(жұмыс көлемінің біткеніне карамастай еңбекақы төлемі жасала береді).Бригададағы әр жұмысшыға өз тиісті разряды, істелген сағаты бойынша еңбекақы есептеледі.

Мысалы: Бригадада 4 адам, келісім шарт бойынша жұмыс көлемін 240 сағатта орындады. Осы жасалған жұмыс үшін 214 795тг. бөлінді. Сонда :

 

        Жұмысшылардың аты- жөні

Сағаттық тарифтік ставка ,(тг)

Жұмыс істеген сағаты

Бакеев Н.

120

60

Кисилёв К .

100

50

Ахметов Т.

Жахин Н .

150

160

70

60


 Есептелетін еңбекақы:

1. Бригаданың тарифтік еңбеақысы  :

Бакеев Н.           120 тг.  х 60 час. = 7200 тг.

Кисилёв К.        100 тг.   х 50 час. = 5000 тг.

Ахметов Т.        150 тг. х 70 час = 10500 тг.

Жахин Н.           160 тг.  х 60 час = 9600 тг.

                                    Барлығы        32300 тг.

2.Нақты есептелген еңбекақының бөліну  еселеуіші:

    214795 тг. ( кесімді еңбекақы ) : 32300 тг. (тарифтік еңбекақы ) = 6,65

3. Бригаданың нақты  есептелген еңбекақысы:

Жұмысшылардың аты-жөні

 тариф бойынша еңбекақы (тг)

еселеуіш 

Нақты есептелген еңбекақы (тг)

Бакеев Н.

7200

6,65

47880,0

Кисилёв К.

5000

6,65

33250,0

Ахметов Т.

Жахин Н.

10500

9600

32300

6,65

6,65

69825,0

63840,0б

214795,0




 

Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі. 2