Есеп саясатының ұйымдық техникалық аспектілері
Жоспар
Кіріспе……………………………………………………………
1-бөлім. Ұйымдардың есеп саясаты ………………………………………4-23
1.1. Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар………...4-6
1.2 Есеп саясатын қалыптастыру …………………………………………….6-23
2-бөлім. Есеп саясатының ұйымдық техникалық аспектілері ……...24-27
2.1. Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері …………..24-25
2.2. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары ………………………...25-27
Қорытынды ………………………………………………………………….28-
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………………..31
Қосымшалар …………………………………………………
Кіріспе
Қазақстандық бухгалтерлік
есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині
кезіндегі Қазақстан
Кейіннен Қазақстан
Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда; біріншісі - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың белгілеген есеп саясаты, екіншісі -ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады. Ендігі жерде біздер ұйымдарда жасалынып, қалыптасатын ұйымдардың ішкі есеп саясатының мәселелерін қарастырамыз.
Есеп саясаты деп қандай мазмұнды түсінеміз?
Халықаралық қаржылық есеп стандартында (ХҚЕС) есеп саясаты; «Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі ережелер мен тәжірибе» деп анықталған.
Қазақстандық 30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі стандарттың 2-ші тарауында: «Есеп саясаты деп -Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп, бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есептің типтік счеттар жоспарының талаптарына және ұйымдар қызметін жүргізу ерекшеліктеріне сай бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп жасау үшін ұйымдардың қабылдаған принциптерін, негіздерді, ережелер мен тәжірибені айтады», - делінген.
Ары қарай осы стандарттың
19-шы бабында: «Ұйымдарда бухгалтерлік
есеп стандарттары (БЕС) қабылданбаған
жағдайда ұйым басшылары қорытынды
есеп ақпараттарын пайдаланушыларды қамтамасыз
ету мақсатында, ішкі есеп саясатын
жасау мақсатында өз жағдайлары мен
ойларын енгізуіне болады»
Осы заманғы нарықтық экономика жағдайында шаруашылык операцияларының түрлері әр түрлі ықпалдастық жағдайда болады.
Елімізде көптеген типтегі ұйымдардың әр кайсысы әр түрлі экономикалық факторларға тап болады. Әр түрлі типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыларға байланысты әрбір ұйым өзінің алға қойған мақсат-мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінщ түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудщ тәртібі, ақпараттарды өңдеу т.б. ерекшеліктерін зерделеуі керек. Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды.
Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.
Сонымен есеп саясаты деп — ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты каржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.
Сондықтан әрбір ұйымда бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жүйесінің қандай жолдармен жетілдірілетінін біліп түсіну үшін бүған әсер етуші факторларды зерделей білу қажет.
Жоғарыда қойылған талаптарға
сай, біздер, мейлі студенттер. мейлі
атқарушы бухгалтерлер, есеп саясатының
мазмұны мен мақсатын, мұндағы
шешілетін мәселелерді
Есеп саясатының мазмұны
белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің
басқару процесін қандай дәрежедегі
тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның
қаржы жағдайы мен мұның
1Бөлім. Ұйымдардың есеп саясаты
- Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
Бухгалтерлік
есеп принциптері бойынша
Бухгалтерлік
есепті жүргізу әдістеріне
Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және практика.
Есептік бағалаудағы өзгеріс – бұл активтің немесе міндеттемелердің баланстық құнын немесе активті кезең-кезеңмен тұтынудың активтердің және міндеттемелердің ағымдағы жай-күйін бағалау салдарынан болатын, сондай-ақ оларға байланысты күтілетін болашақ пайдалар мен міндеттерге байланысты өлшемін түзету. Есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер жаңа ақпарат алу немесе жаңа міндеттемелердің басталу нәтижесі болып табылады және тиісінше қателерді түзету болып табылмайды.
Ұйымның өзінің
есеп саясатын өндеу
- Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
- Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмысын жоспары;
- Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
- Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
- Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
- Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі (реті)
- Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы;
- Шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;
- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгатерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп
саясатын таңдауы мен
- меншік нысанымен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);
- салалық қызметтің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа);
- Қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа);
- салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа);
- қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі (перспективалық) мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
- ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
- материалдық базасының болуы (компьтерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық- әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
- кәсіпорындағы бухгалтерлік мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;
Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.
Көрсетілген
талаптардың әрқайсының
Толықтылық.Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.
Уақыттық.Кәсіпорының шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.
Сақтық.Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.
Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.
Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.
1.2. Есеп саясатын қалыптастыру
Есеп саясатының тиімді
бағытын қалыптастыру үшін
Есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіне тән қойылған талаптар мен принциптерге жауап беруді қамтамасыз етуі керек.
Осы кезеңдегі нарықтық қатынастар,
меншіктік экономика және кәсіпкерлік
процестің дамуына сай
Сенімділік пен толықтылық
терминдері бірінің маңызын бірі
сипаттайтын кең ұғымдағы терминдер.
Яғни осы терминдерді негізге
ала отырып, тәжірибеде қолданылатын
есеп әдістері мен критерийлерді
бухгалтерлік есеп саясаты шеңберінде
жақсы қолдану керектігі
- мазмұны мен мәніне қарай есеп саясаты тәжірибеде қандай дәрежеде қолданылатындығын;
- есеп саясатын қалыптастыруда әр түрлі варианттардың іске асырылуын және қандай әдістерді қолдану керектігінде білулері қажет.
Есеп саясатын қалыптастыру процесінде бухгалтерлер белгілі авторлардың және ресми органдардың жариялаған арнайы оқулықтарын, мақалаларды, әдістемелік құжаттар мен материалдарға жүгінуі керек.
Сонымен қатар бухгалтерлер
білімі мен кәсіби деңгейі жоғары
дәрежеде танылған басқа бухгалтерлердің
іс-тәжірибесін, сондай-ақ есеп саясатын
қалыптастыруға жақсы негіз болатын
бұған дейін жарияланған
Есеп саясатын жасаушы мамандар есеп саясатының негізгі элементтерін, бастапқы құжаттардың мазмұны мен ерекшеліктерін, бухгалтерлік есеп счеттарының типтік жоспарын, активтер мен міндеттемелерді бағалаудың әдістерін, амортизация есептеу тәртібін, мүліктерді түгендеу, аяқталмаған өндірісті бағалау, құжат айналысы ережесін, ақпараттарды өңдеу технологиясын т.б. көптеген бухгалтерлік есеп -өрісіндегі мәселелерді зерделей білуі керек.
Есеп саясатын қалыптастыру барысында мына төмендегі базистік принциптер маңызын басшылыққа алу керек:
а) осы ұйымның активтері мен міндеттемелері меншік иелерінің активтері мен міндеттемелерінен (үлес қосушылар, инвесторлар) дербес жүргізілетіндігін (дербестік принцип);
б) ұйым өз қызметін белгісіз уақытқа дейін үздіксіз жалғастыра беретіндігін, осы ұйымның жуық арада жойылмайтындығын және ұйым өз қызметі көлемін қысқартпайтындығын (үздіксіздік принцип);
в) таңдалып алынған есеп саясаты бір жылдан келесі жылдарға сабақтастықпен қолданылына беретіндігін (сабақтастык принцип);
г) дайын өнімдерді сатудан түскен немесе түсетін ақшалардың қашан түсетіндігі уақытына қарамастан сатылған өнімдер сатып алушыларға жөнелтілген кезде түскен табыс түрінде осы жылы керсетілетіндігін (сату принципі).
Ұйымдар есеп саясатын ыңғайлы
қалыптастыру мақсатында активтер, меншікті
капитал және міндеттемелер мына
төмендегіше топтастырылуы
- бухгалтерлік есептің счеттар жоспарына қарай материалды емес активтер мен олардың амортизациясы, негізгі құралдар мен олардың тозуы, айналыс сыртындағы активтерге салынған табыстық инвестициялар сабақтастығы бойынша;
- бухгалтерлік баланс құрамындағы активтік баптардың, яғни өтімділік дәрежесінің жоғарылауына қарай айқындалған материалды емес активтер, тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, берешектер қарызы сабақтастығы бойынша;
- активті қаражаттар көздерінің пайда болуына қарай (меншікті капитал, міндеттемелер) арнайы сабақтастық принципі бойынша.
Ұйымдар есеп саясатын жасауға ыңғайлы және икемді басқа да топтастыру әдістерін қолдануға болады.
Жоғарыда айтылған мәселелер
мен ұсыныстар мазмүны
Ұйымдардың есеп саясаты мына төмендегі принциптерді сақтау арқылы қамтамасыз етіледі:
а) шаруашылық өрісіндегі фактілерді бухгалтерлік есеп жүйесіне толығымен тіркеу (толықтық принцип);
б) пассивтердің азаймайтындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жасырын резервтер құру жолдарын болдырмау (сақтық принципі);
в) әрбір айдың біріне қарай аналитикалық счеттар айналымы мен қалдығы синтетикалық счеттардағы осындай мәліметтермен сай келуі, сондай-ақ бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтерінің синтетикалық және аналитикалық счеттардағы мәліметтермен бірдейлігі (тепе-теңдік принцип).
Есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйымдар төмендегі факторларды есепке алуы керек:
- меншіктің түрі, шаруашылық
қызметінің ұйымдық және
- ұйымның көлемі және
технологиялық ерекшеліктері (
- шаруашылық өрісі;
- кадрлармен қамту (инженер-
- салық салу және салық есебі ерекшеліктері;
- есептеу техникалары
мен бағдарламалармен қамту
- өнімдерді сату принципі (базардағы жағдай, баға қалыптастырудың бостандығы, өтеушілік пен сатып алушылардың өтімділік сипаты).
Есеп саясатын тәжірибеде қолдану мен қалыптастыру барысында ұйымдар құқылы тұлғалар ретінде өздері тіркелген жердегі салық органдарымен келісті жағдайда болуы керек.
Егер ұйымдар қызметінің нәтижесін шығару кезінде есеп мәліметтерінің кейбір объектілерінде ауытқушылық оқиғалар болса, есеп жүйесін жүргізу кезінде өзгерістер енгізілсе, бұларды реттеу мен дұрыс жолға қоюдың тәртібі есеп саясатын қабылдаушы органдарға хабарланады.
Есеп саясатын қалыптастыру процесі - қаржылық қорытынды есепке, басқарушылық және салық есебіне тән барлық бухгалтерлік есеп элементтер мазмұнын сабақтастық жолдармен ашып көрсетуге, сондай-ақ ұйымдардың қаржы нәтижесі көлемін арттырып отыруға арналған.
Есеп саясатын жасау алдында
ұйымдардың міндет атқарушы бухгалтерлері
осы кезеңде басшылыққа алынған
және өз қызметін атқарудың негізін
құраушы ресми заң актілері мен
нормативтік базаларды
Сонымен есеп саясатын қалыптастыру процесінде ұйымдар өз таңдауы бойынша және нақтылы жағ

- Есеп саясатының ұйымдық- техникалық аспектілері
- Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
- Есеп сдандарт
- Есептеу бөлімі. Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау
- Есептеу бөлімі. Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау
- Есептеу бөлімі. Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау
- Есептеуіш техникадан есеп беру
- Есеп және аудит сабағынан практикалық есеп
- Есеп саясаты
- Есеп саясаты
- Есеп саясаты
- Есеп саясатына сипаттама
- Есеп саясатының аудиті
- Есеп саясатының өзгеріске түсуі