Есеп саясатына сипаттама

 
 
 
 

                                                  МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ.

ІІ. НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

    1. Есеп саясаты аудиті туралы түсінік
    2. Есеп саясаты  аудитіне қойылатын  талаптар.
    3. Есеп саясатының мазмұны.
    4. Есеп саясатының аудитін дайындау.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     КІРІСПЕ

      Бухгалтерлік  есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.

     Бухгалтерлік есепті жүргізу  әдістеріне шаруашылық қызмет  фактілерін топтау мен бағалау  әдістері, активтердің құнын есептеу,  құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.Есеп саясатыбұл субъект басшысының бухгалтерлік есепті жүргізіп, қаржылық есепті оның принциптері мен негіздеріне сәйкес ашу үшін қолданылатын тәсілдерінің (амалдарының) жиынтығы.

     Есеп  саясатының қалыптасу тәртібі, оның қызмет мақсаты мен аясы, ашылуы бухгалтерлік есептің №1 «Есеп саясаты  және оның ашылуы» стандартында белгіленген.

     Бұл стандарт есеп саясатының қалыптасуы жағынан меншіктің қай түріне жататына байланыссыз, барлық субъектілерге таралады, ал ашылуы жағынан өздерінің қаржылық есебін заңдылыққа, құрылтайшылық құжаттарға сәйкес, әйтпесе өз ынтасы бойынша жария ететін субъектілерге таралады. Шаруашылық субъектілері өздерінің есеп саясатын бухгалтерлік есеп стандарттарына есеп пен салық алу мәселелерін қозғайтын қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес қалыптасырылады.

     Есеп  саясатын қалыптастырып, қолдану кезінде  бухгалтерлік есептің мынадай принциптерін сақтаған жөн:

     Есептеу қаржылық есепте шаруашылық өмірінің орын алған фактілерінің нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік береді, яғни субъект қолмақол алынған немесе соның баламасын төлегенін көрсетпейді. Есептеу принципі бойынша жасалған қаржының есеп тұтынушыларды қолмақол төленген және түскен ақшаны қоса есептегендегі бұрынғы алысберіске қоса қолмақол ақшаны болашақта төлеу туралы міндеттемелер туралы ғана емес, сонымен бірге болашақта қолма қол алынатын қаржы  туралы да хабардар етеді. Сөйтіп, есептеу әдісі бойынша жүргізілген есеп кезінде шаруашылық операциялары мен оқиғаларының қаржылық тиімділігі қолмақол ақшаның түскеніне немесе төленгеніне қарамастан, олардың орын алған кезеңінде ғана мойындалады, яғни танылады. Мұның өзі шаруашылық операцияларын есеп құжаттарына қызмет көрсетілер кезеңде (шығын) немесе ол көрсетілгеннен кейінгі кезеңде (табыс) тіркеп, қаржылық есептерде көрсетуге мүмкіндік береді. Сөйтіп,  осынау табыстарды алу кезіндегі табыстар мен шығындардың өзара сәйкестілігі қамтамасыз етіледі.

     Үздіксіздік субъектінің болжамды болашақта жұмыс жасайтынын және жасай беретінін, яғни өз қызметін тоқтату немесе ықшамдау қажеттігі туралы ешқандай ойы жоқтығын білдіреді. Бұл ұғым мына жағдайда өте маңызды: яғни субъект активтерін олардың сатылу бағасы бойынша, яғни активтерді бөлекбөлек сатып, қызметті кейін тоқтатқанға дейін түсетін ақша бойынша бағаламау керек.   
Түсініктілікқаржылық есептегі берілетін ақпараттың басты сапасыоны тұтынушылардың тез түсінуі.

     Мәнділік ақпаратта ағаттық кетіп немесе теріс дерек беріліп, олар тұтынушылардың қаржылық есеп негізінде қабылдаған шешімдеріне ықпал етер болсаол мәнді деп аталады. Егер берілген (тапсырылған) есептегі жетіспейтін немесе қате кеткен кейбір цифрлар қызмет нәтижелерін түсінуге немесе қаржылық жағдайды тұжыруға ықпал ететіндей соншалық маңызды болмаса, онда мұндай қателік мәнді емес.

     Қайсы бір статьялардың мәні немесе мәнсіз екенін бағалау кезінде оның ақшалай  ауқымын ғана емес, соған қоса тиісті контексін де қарастырған жөн. Мысалы, қаржылық есептер көптеген операциялардың орындалғаны туралы ақпарат береді, оның құрылымы соларды сипаттары мен міндеттеріне қарай құрастырылу жолымен ұйымдастырылып, ықшамдалған және жүйеленген деректер түріне көрсетіледі. Мұндай жағдайда жекелеген есепте жекелеген жолдар деректерін статьяларын көрсетіп беру керек пе немесе олардың өзге де статьяларынмен одан әрі құрыстырылуын жүргізу керек пе дегенді қарастыру кезінде мәнділік өте маңызды фактор болып табылады. Ақпаратты ашып көрсету тұрғысында да: нақты операцияны ашу керек пе немесе іс-әрекетті қаржылық есепке түсіндірме хатта ашып көрсеткен жөн бе деген мәселені шешуде де мінділік маңызды фактор болып табылады.

     Мәнділік  маңыздылықпен және анықтылықпен (дұрыстық) тығыз байланысты және бұл байланыс ақпаратты мына тұрғыда ашып көрсету кезінде байқалады:

     а) бұл ақпарат тұтынушыларға қазіргі, өткендегі немесе болашақ ісқимылдарды бағалауға көмектесе ме; 
ә)  ақпарат маңызды ма; 
б)  ақпарат анықта па; 
Мәнділік сондайақ қаржылық есеп берілетін түсініктілік және дәлдікпен де байланысты. Мысалы, қаржылық есепті жасау кезінде әңгіме болып отырған деректерді оларға жақын тұрған мың немесе миллион единицаларға дөңгелете салу (қоса салу) оған үлкен дәрежеде түсініктілік береді. Мұның өзі қаржылық есепті қажетсіз нақтылықтармен күрделендіруден сақтайды. Дәлдік деңгейін пайдалану (ол тек мың немесе миллон единицаны білдіреді) мәнділік (табалдырығын) тәртібін бұзбайтындықтан да қолданылуға оңтайлы.

Мәнділік  сондай - ақ қаржылық есептің статьялары туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі шешімдерде есеп саясатын таңдау мен қолдануды қосқанда тану мен өлшеу жөніндегі шешімдерде де пайдаланылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ. НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

    1. Есеп саясаты аудиті  туралы түсінік

     Ұйымның өзінің есеп саясатын  өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтарлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтарлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:

  • Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
  • Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмысын жоспары;
  • Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
  • Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
  • Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
  • Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі (реті)
  • Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы;
  • Шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;
  • Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

     Кәсіпорының қабылдаған есеп  саясатын сол ұйымдағы бухгатерлік  есептің маңызды мәселелерінің  бірі.

     Ұйымның есеп саясатын таңдауы  мен негіздеуіне келесі негізгі  факторлар әсер етеді.

  • меншік нысанымен құқықтық-ұйымдастырушылық  нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық  акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);
  • салалық қызметтің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа);
  • Қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа);
  • салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа);
  • қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі (перспективалық) мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
  • ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
  • материалдық базасының болуы (компьтерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық- әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
  • кәсіпорындағы бухгалтерлік мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың  экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;

     Кез келген ұйымның өзінің  қызметін іске асыру үшін таңдап  бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама қайшылықсыздығы мен  орындылық талаптарына сай болу қажет.

     Көрсетілген талаптардың әрқайсының  мазмұнын қарастырайық.

     Толықтылық.Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.

     Уақыттық.Кәсіпорының шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен беруде уақытында көрініс табуы  қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.

     Сақтық.Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.

     Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.

     Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

     Маңыздылық  тұтынушыларға өткен, қазіргі және болашақтағы оқиғаларды бағалауға, олардың бұрынғы берген бағасын  мақұлдауға немесе өзгертуге көмектесе отырып шешім қабылдауда ақпарат маңызды болуға тиіс.

     Анықтық ақпарат елеуі қателіктер мен  объективсіздіктен аулақ болғанда ғана анықтық қасиетке ие болады.  
Шынайылық  және әділ көрсетуақпарат субъектісінің шаруашылық қызмет фактілерін мейлінше толық көрсетуге тиіс. Қаржылық есептер тұтынушыға субъектінің қаржылық жағдайы, операцияларының нәтижесі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы «шынайы және әділ» мағұлмат беруге тиіс. 

     Бейтараптық қаржылық есепте берілген ақпарат оның анықтығы қамтамасыз етуі үшін ағыттықтан аулақ болуы керек. Егер қаржылық есеп ақпарат таңдау арқылы немесе оны берудің формасын таңдау арқылы алдынала белгілі бір нәтижелерге жеткізетіндей шешімдер қабылдауға немесе баға беруге ықпал етсе ол бейтарап болып табыламайды.

     Сақтық (кертартпалық) бұл активтер мен  табыс артық бағаланып кетпсе үшін, беймәлімдік жағдайында баға беру қажеті үшін шешім қабылау кезіндегі  сақтық дәрежесін сақтау. Алайда сақтық, мысалы, жасырын резервтер немесе шамадан тыс қоспа қорлар жасауға немесе міндеттемелерді, әйтседе шығындарды әдейі ұлғайтып көрсетуге жол бермейді, өйткені қаржылық есеп бейтарап болмайды, сондықтан сенімділік сапасына ие бола алмайды.

     Аяқталу мәнділік пен маңыздылықты есептегенде  ақпарат толық болуға тиіс. Қателік  ақпараттың өтірік немесе теріс болуына соқтырып, ол маңыздылық мағынасы жағынан алғанда анық емес, әрі жеткіліксіз болып шығады.

     Салыстырмалық ақпарат бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы болуға тиіс. Тұтынушылар субъектісінің салыстырмалы түрдегі қаржылық жағдайын, жұмыс нәтижелері мен қаржы жағдайындағы өзгерістерді бағалау үшін қаржылық есепті салыстыру мүмкіндігіне ие болуға тиіс.

     Сабақтастық бұл есеп саясатының бір кезеннен екіншісіне жалғаса жүргізілетінін білдіреді. Субъектінің өзгеріс тенденциялары мен қаржы жағдайын, жұмысын анықтау үшін тұтынушы оның әртүрлі есеп беру кезеңдерін салыстыруға тиіс 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.  Есеп саясаты  аудитіне қойылатын  талаптар.

     Кәсіпорынның есеп саясаты сол  кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік  есеп жүйесінің тұтастығын және  оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын  қамтиды.

     Есеп саясатының әдістемелік  жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.

     Осылайша белгіленген заңға сәйкес  кез келген заңды тұлға болып  табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.

  • Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.
  • Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасы есептеу және олаврды есептеп шығару жолдары.
  • Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері.
  • Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.
  • Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі.
  • Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.
  • Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау және бағалау жолдары.
  • Материалдық қорларды бағалау әдістері.
  • Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.
  • Курстық айырманы есептеу.

     Өндірістік шығындарды есептеу  мен өнімнің өзіндік құнын  есептеу, яғни калькуляциялау  жүйесі. Өндірістің технологиялық  және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне,  өндірістік циклдің ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне,  өндірістің түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялау келесі негізгі әдістерін қолдана алады:

  • Нормативтік әдіс (нормативный),
  • өндірістік өңдеу сатысы (попередельный),
  • тапсырыстық әдіс (позаказный),

     Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі. Жанама (қосымша) шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:

  • өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге байланысты тікелей (прямые) шығындар;
  • тікелей шығындардың жалпы сомасы;
  • материалдық шығындардың сомасы;
  • сметалық мөлшерлеме;
  • өткізілген (шығарылған) өнім көлемі.

     Аяқталмаған өндірістің бағалануы.  Жаппай және сериялы өндірісте  аяқталмаған өндіріс құн бойынша бағаланады:

  • нақты немесе нормативті (жоспарланған) өндірістік құн бойынша;
  • тікелей шығындар бойынша;
  • жұмсалынған шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша.

     Өнімнің бір ғана түрін өндіретін  кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында  аяақталмаған өндіріс нақты жұмсалған  шығындар б/а есептеледі.

    «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қ.Р-ның заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдердің мазмұны мен бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммециялық құпия болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.  Есеп саясатының мазмұны.

     Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытша дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.

     Бұйрықтың құрамында есеп саясатын есеп беру жылына қабылданған барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.

     Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен ресімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізізілу мүмкін:

  • Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
  • бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;
  • жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және т.б.

     Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті  жүргізу жолдары ұйымның есеп  саясатының дайындарған кезінде  таңдалып алынады. Бұл есеп  саясаты кәсіпорынның барлық  құрылымдық бөлімшелерінде олардың  орналасқан орындарына қарамастан  қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және   тәуелді     серіктестерінің   және   тағы   басқа  бөлімшелерінің   өзіндік

бухгалтерлік  есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа  есеп саясатын тағдауына құқығы жоқ.                                  - 8 –

     Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерінің есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.

     Ұйымдардың түсініктеме жазуларына (пояснительная записка) жыл бойы  орындалған жұмыстар бойынша  жасалынған қаржылық талдаудың  мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.

Қолданылып  жүрген стандарттар мен салық салу жүйесіне бағдар ұстаған шаруашылық жүргізуші субъект нарықтық экономика жағдайында есеп пен салық саясатын қалыптастырады. 
Есеп саясаты–бұл бухгалтерлік және салық есебін жүргізу әдістерінің, принциптерінің, ережелер мен процедураларының жиынтығы және солардың негізінде қаржылық есеп беру.
 
 

    1. Есеп  саясатының аудитін дайындау.

   Есеп  саясатының қалыптасу тіртібі, оның мақсаты мен қызмет аясы, оның ашылуы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссия бекіткен  «Есеп саясаты және оның ашылуы» туралы №1 бухгалтерлік есеп стандартында белгіленген. 
Қазақстан Республикасының  экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінде есеп саясатын қалыптастырудың екі деңгейі пайда болады: оның бірі–ауқымды  
(глобальный, жалпы мемлекеттік), екіншісі–жергілікті (локальный). 
Есеп саясатын мыналар белгілейді:

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы жөніндегі департаменті, ҚР-ның бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы, ұлттық статистика агенттігі, Қаржы министрлігі, Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Экономика министрлігі, ҚР- ның Ұлттық банкі, ҚР–ның Аудиторлар палатасы, Салалық министрліктер, Акционерлік қоғамдар ж .б.

   Бұл органдар өз құзіреттерінің шегінде  әртүрлі ережелер, нұсқаулар және басқа да нормантивтік құжаттар шығарады, осылардың бәрі қосыла келе есеп саясатын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

   Шаруашылық  жүргізуші субъектілер есеп, салық  салу және қаржылық есеп мәселелерін  қозғайтын ұлттық бухгалтерлік сатндарттарға, қолданылып жүрген заңдылықтарға сүйене отырп өзінің есеп саясатын қалыптастырады.

   Есеп  саясаты бухгалтерік есеп пен  салық салудың ағымдағы, сондай–ақ  болашақтағы міндеттерін жүзеге асыратындай шешімдер белгілеуге тиіс.

   Есеп  саясатын қалыптастырып, пайдалану  барысынада бухгалтерлік есептің мынадай принциптерін сақтаған жөн:

  • Есептеу. Табыс–нақтылы қолға келген сәтте басталады, ал шығын да солай, шығарылған сәтінен есептелінеді, яғни ақша қаражатының түскен немесе төленген сәтінен емсе, пайда болған сәтінен. Есептеу әдісінің артықшылығы сол–ол субъектінің шынайы қаржылық жағдайы мен қызметін неғұрлым дұрыс көрсетеді.
  • Үздіксіз қызмет. Субъект алдағы уақытта да жұмысын жалғастыра береді және онда өз қызметін тоқтату немесе елеулі түрде қысқарту ниеті болмайды, демек міндеттеме белгіленген мерзім мен тәртіп бойынша өтелінеді.
  • Мәнділік. Бір жағынан, егер ақпарат болжамдық жөнінен құнды болса, онда шешім қабылдау нәтижесіне ықпал ету мүмкіндігін білдіреді. Екінші жағынан, ақпарат бұдан бұрындары күтілген үмінттің қаншалықты дұрыс болғаны туралы бірдеңелер біледі. Ақпараттың тұтынушыға дер уақытында түсуі өте маңызды. Егер ақпарат керек уақытында табылмаса, оның ешқандай маңызы болмайды. Ақпараттың мәнділігі оны алуға жұсалған шығыннан жоғары тұруға тиіс. Міне, алынған ақпартты тиімділігі бойынша анықтайтын өлшем осы.
  • Түсініктілік. Қаржылық есептен туындайтын ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуға тиіс. Есепті түсінікті түрде берудің формасы оның заң бекіткен сатандартты мазмұны мен форматына бйланысты.
  • Дұрыстығы. Ақпарат дұрыс болуға тиіс, яғни елеулі қателіктер мен ағаттықтарға жол бермейді, өйткен оған тұтынушылар сенуге тиіс.
  • Шынайы және әсірелеусіз ұғыныс. Шынайлылық–мынадай шаруашылық процесстерімен сәйкестілік дәрежесі: тексерілуі және оның дәлелдену мүмкіндігі. Есеп ақпаратты белгілі бір шығын топтың мүддесін білдірмеуге тиіс, яғни ол әсерлеусіз, әрі бейтарап болуы керек.
  • Бейтараптылық. Қаржылық есеп арқылы берілетін ақпарат әрқашан бейтарап, әрі сенімді болу үшін үстірттіктен адал болуға тиіс.
  • Сақтық. Ол шаруашылық жағдайы әлі беймәлім күйде тұрғанда шешім қабылдауға сақтықпен қарауды білдіреді, яғни активтер мен табыс артықтау, ал міндеттеме немесе шығындар кем бағаланбау керек. Мысалы, ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайыра бағалау сол кезеңнің табысы емес, төленбеген қосымша капитал болып табылады. Демек, қаржы–шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте жүзеге асырылған қаржылық инвестициядан түскен табыс қана көрсетіледі. Ал аталмыш қайра бағалау тек оларды жүзеге асыру сәтінде ғана табыс деп танылады.
  • Салыстырмалылық. Ақпарат бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы болуға тиіс. Есеп саясаты бойынша қабылданған методология мен таңдап алынған есеп процедуралры оларға өзгеріс енгізілгені туралы және жаңа пинцип неге арты саналғаны туралы тұтынушыларға хабарланып, түсінік берілгенше өзгермеуге тиіс.
  • Тиянақтылық. Қаржылық есеп ақпараты үзіліп қалуға немесе қате түсінік беруге тиіс емес. Мұның арты қандай да бір шешімнің қабылдануына ықпал етуі мүмкін. Әрине, толық ақпаратсыз ахуалы аңдап отыру мүмкін емес, яғни егер ақпарат аяқталағн, тиянақталған болмаса.
  • Сабақтастық. Субъект өзі тандап алған есеп саясатын бір есепті кезеңнен екінші есепті кезеңге сабақтастыра қолданады.
 

  Аталған  принциптерді  сақтамау шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайын бұрмалып көрсетеді. Есептік ақпарат пен активтер мен міндеттемелердің статьяларын бағалауда бұрмалауға жол берген, есептік деректерді әдейі теріс көрсеткен басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершілікке тартылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

- 9 - 

                    Пайдаланған әдебиеттер 

    1. Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов

      Бухгалтерлік есеп теориясы және  негіздері

      Алматы  2006 жыл 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

- 10 -

Есеп саясатына сипаттама