Есеп бөлімі
Мазмұны
Кіріспе
1. Әдебиетке шолу
2. Негізгі бөлім
2.1 Құс азықтандыру мөлшері мен мерзімдік азық үлесі
2.2
Аса қолдыныла бермейтін
2.3 Павлодар құстарына арналған азықтар
2.4 Құс рациондарындағы қуат көздері
2.5 Азық сапасына қойылатын талаптар
2.6 Азықтарды азықтандыруға әзірлеу
3. Есеп бөлімі
Қорытынды
Қолданған
әдебиеттер тізімі
- Әдебиетке шолу
Қазіргі уақытта құс үшін мынандай витаминдер нормаланады: А, Д3, Е,К(майда ерітетін), В тобындағы витаминдерден – тиамин, пиридоксин, пантотенді және фолилі қышқылдар, холин, биотин мен В12 витамині. Рационға кіретін азық құрамындағы А витаминінің немесе каротиннің мөлшерін басқадай витаминдер анықтайды, әлбетте оларды құстың тек бірқалыпты тіршілігін ғана емес, сонымен бірге оның жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін ұсынылған нормаларға сәйкес рационға қосады. Сонымен бірге құс рационына азықты қорытуға әсер ететін ферменттер, кейбір аурулардың алдын-ала стандарттарын емдік препаратар, құстың стрессалық жағдайының бетін қайтаратын транвилизвторлар, антибиотиктер қосылады. Кейде барлық қажетті микроқосымшалар мелассасымен немесе басқадай заттармен араластырылады, сөйтіп белгілі бір мөлшерде құс рационына енгізілетін премикстер деп аталатын қоспа дайындалады. Қазіргі уақытта құрама жем өндіру кеңінен дамыған, олардың рецептерін ғылыми-зерттеу институттары белгілейді. Құрама жемді ұнтақталған немесе түйіршіктелген түрінде дайындайды.
Құстарды құрғақ құрама жеммен азықтандыру азықтарды дайындауды толығымен механикаландырылып, автоматты азықтандырғыштарды қолдануға мүмкіндік береді, мұның өзі еңбек шығынын едәуір қысқартады. Азықтандырудың мұндай тәсілі кезінде құсты жоғары сапалы концентратты азықтармен, микроэлементтермен, витаминді препараттармен және басқадай құрғақ қосымшалармен толық қамтамасыз ету қажет. Құрама жем күніне бір рет немесе 2-4 күнде бір рет таратылады.
Құрғақ ұнтақталған және түйіршіктелген құрама жеммен азықтандыру қоректік заттарды, микроэлементтер мен витаминдерді, жақсы пайдалануға, сондай-ақ азықтандыру кезінде азық ысырабын айтуға игі ықпал етеді.
Құрғақ құрама жеммен және дәнмен азықтандыру шаруашыықта өндірілетін дәнді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге протеин, минералды заттар мен витаминдер мөлшері молайтылған құрама жем қолданылады. Өйткені рационның дәнді бөлігінде олар жетіспейді.
Құрама
жеммен азықтандыру: құрғақ құрама же
автоазықтандырғыштарда ұдайы тұрады,
дәнді таңертең және түнде береді, сонымен
бірге үгінді дымқыл қоспалар (пісірілген
картоппен, сақталған тамыр түйнектермен,
көкшөппен, қаймағы айырылмаған сүтпен
және басқадай азықтармен араластырылған
құрама жем) қолданылады. Дымқыл қоспалармен
күніне 1-3 рет құс оларды әр берген сайын
жарты – бір сағатта жей алатындай мөлшерде
азықтандырылады. [1]
2.1
Құс азықтандыру мөлшері
мен мерзімдік азық
үлесі
Құстың тәуліктік азығындағы қоректік зат пен оның қуаттылығына қажеттілігі, өз тіршілігіне және өнім беру қабілетіне байланысты.
Жалпы, аталған заттардың мөлшері құстың генетикалық ерекшелігіне, жасына, тірілей салмағына және жақсы азықтандырып, күтіп-бағуына тікелей қатысты.
Әрине, құс азықтандырғанда, оларды керек заттармен толывқ қанағаттандыру үшін дайындалған жемнің негізгі құрамына және оның қоректілік қабілетіне өте қатты көңіл бөліну керек.
Құсқа дайындалған жемді негізінен екі түрге бөлуге болады. Біріншісіне – жем құрамында мал өнімдерінің қалдықтары көбірегін (яғни 4-5%), ал, екіншісіне – аздауын (2%) жатқызады.
Негізінде, бұл мал өнімдері қалдықтары ретінде, сүйек пен еттен дайындалған ұлпаларды (ұн) қолданады. Бірінші рецепте жем құрамына дәнді дақылдар ретінде жүгері, бидай немесе арпа кіреді. Жүгері-бұршақ құрамам жемінің 30-40% жүгеріден, 10-15% бұршақ күнжарасынан тұрады.
Бидайлық құрама жемнің 40% бидай және 10 %-дан артығы жүгері болып келеді.
Протеині көп жем ретінде күнбағыс күнжарасы мен ет-сүйек-қауырсын ұлпасы көбірек қолданылады.
Арпа құрама жемінің 30%-дан көбі арпа, ал 10% кейде жүгері болады, кейде болмайды.
Протеин көзі ретінде әлгінде аталған күнжара мен ұлпа пайдаланылады. Мал өнімдері қалдықтары жоқ немесе өте аз (2 түрлі құрама жемге жүгері, бидай және арпа пайдаланылады).
Құрамдары әртүрлі, бірақ жалпы қоректік заты мен қуат көлемі бірдей құрама жем құс өнімділігіне әрқалай әсер етеді. Оның үстіне 1 өлшем өндіруге қоректік зат шығыны да бірдей болмайды. Себебі жемнің қоректік заттарының қорытылуы мен сіңімділігі де әртүрлі. Сондықтан нашара қорытылатын қоспалары бар жем құрамына биологиялық белсенді зат қосу керек.
Егер де өндіріс жағдайында құстың жем жеуі төмендесе, онда тәуліктік азық құрамының қоректілігін күшейту керек.
«Құс жетпеген қоректік заттын жемді неғұрлым көп жесе, соғұрлым жақсы толықтырады» - деген ұғым – теріс ұғым.
Оның үстіне тәуліктік жем мөлшерін 10 %- дан артық көбейткен, өзін-өзі ақтамай, өнімніің өзіндік құнын арттырды.
Құстың салмағы, жұмыртқалағыштығы, жем жеуі қаншалықты жақсы қадағаланса, соншалықты дер кезінде құрама жем қоректілігіне өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік туады.
Бірінші және екінші айналымдағы (күрігін басқаннан кейін) жұмыртқалауында жемнің қоректік зат мөлшері бірдей болады және олардың тәуліктік жем мөлшері тірілей салмақтарына және өнімділіктеріне қарай белгіленеді.
Жан-жақты теңестірілген толық тәуліктік азық үлесінде (рацонында) құрама жеммен барлық құс түрін азықтандырудың әр басқа грамм есебімен жобалап алған мөлшерлері кестеде берілген. [1]
Алмасу қуатын мөлшерлеую. Құсты дұрыс азықтандыру үшін және жем мөлшерін есептегенде оның қоректілік қуатына қарау керек. Негізгі қуат көзі – дәнді дақылдар мен майлар.
Жем
құрамының қуаттылығын
Жем құрамындағы қоректі заттар арқылы құс өз ағзасына қажет күш-қуат ала алатын болуы керек. Ол құс ағзасының сіңіру қабілетіне және қоректілік қуат беретін заттардың мөлшеріне байланысты болып келеді.
Жемнің қуаттылығы Джоульмен (Дж) өлшенеді. Бір термохимиялық калория 4,184 Дж-ға тең.
Біздің бұл еңбегімізде жемнің қуаттылық мөлшері және құсқа алмасу қуатының қажеттілігі килоджоуль (КДж) менн килокалорияда (ккал) беріліп отыр. Құстың қуатқа деген жалпы қажеттілік мөлшері, оның тіршілігіне, қозғалысына, өнім беруіне шығындылатын қуаттардың қосындысынан шығады.
Құстың қуатқа қажеттілігін оның 1 кг тірілей салмағына есептеп шығару қабылданған.
Теориялық және тәжірибелік есептерді құстың тірілей салмағын (ТС) 0,75 дәреже санына (кг 0,75) көбейтіп, зат алмасу шамасын табу арқылы шығарады. Барлық жылы қанды жануарлардың өз тіршілігіне қажет қуат мөлшері 1 кг зат алмасу шамасына орта есеппен 293 КДж (70 ккал) жұмасалатындығы дәлелденген.
Оны
таза қуатқа (энергияға) жатқызып, мына
формуламен анықтайды:
ТЭ
= 293 КДж х ТС (кг 0,75)
Мұндағы:
ТЭ – таза энергия; ТС – тірілей салмағы.
Құс денесінде зат алмасу процесі тез жүретіндігіне және дене қызуының сүтқоректілерге қарағанда жоғары екендігіне байланысты, олар тек тіршілік етуінің өзіне алмасатын қуатты (энергияны) көбірек керек етеді.
Таза қуатқа қарағанда алмасатын қуат құсқа 18% артығырақ керек, яғни таза қуат алмасатын қуаттың 82%-ын құрайды. Алмасатын қуаттың көлемі 1 кг тірілей салмағына шаққанда құс жасына байланысты. Мысалы тауық балапанында ол 30-35 КДж-ге (7-8 ккал) тең, л сақаларында 6-12 КДж-ден (1,5-3,0 ккал) аспайды. 1 дана жұмыртқаға мекиен 360 КДж (86 ккал) жұмсайды.
Құс тіршілігіне қажет алмасатын қуатты Скот формуласымен есептеп шығарады:
ТЭ
= 347 КДж х ТС (кг 0,75)
Мұндағы:
ТЭ – таза энергия; ТС – тірілей салмағы.
Мысалы тірілей салмағы 1,75 кг (ауыспалы салмағы 1,52 кг) тауықтың таза энергияға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 527 КДж (347 КДж х 1,52) немесе 126 ккал/күн керек.
Таза энергия алмасатын қуаттың 82%-ын құрайтын болғандықтан алмасатын қуаттын өзі 644 КДж немесе 154 ккал/күн болады.
Тауықтың қозғалу мүмкіндігіне қарай торда бағылатынына алмасатын қуатты 37%, ал жерде (еденде) бағылатынына – 50% өсіреді. Сондықтан торда ұстайтын тауықтарға 882 КДж (221 ккал) жалпы алмасатын қуат, ал еденде бағылатындарына – 996 КДж (230 ккал) керек.
Ал олардан өнім өндіру үшін тағы да қосымша қуат көзі керек болады. 1 дана жұмыртқа өндіру үшін тауыққа 360 КДж (86 ккал) қажет.
Қорыта айтқанда тауық тіршілігіне, жүріс-тұрысына және жұмыртқа өндіруіне торда ұстаған тауықтың әр басына тәулігіне 1242 КДж (296 ккал), ал еденде бағылғандарына – 1326 КДж (315 ккал) алмасатын қуат жұмсалады. [1]
Амин қышқылдарын мөлшерлеу. Құсқа арналған тәуліктік азық үлесінің құрамындағы алмасатын қуаттың тиімді деңгейі өте қажет көрсеткіш. Себебі құстың протеин мен амин қышқылдарын қабылдап, түгел пайдалануы сол қуат деңгейіне байланысты.
Құстың амин қышқылдарын пайдалануы, олардың жеммен келіп түсетін құрамына байланысты. Негізінде құсқа керек амин қышқылдары мөлшерінің 40-45%-ы ауыстырылмайтын, ал 55-60%-ы ауыстырылатындарымен қамтамасыз етіледі.
Амин қышқылдарымен қамтамасыз етілсе, протеин де жеткілікті болады. Сондықтан протеиннің құралуы ауыспайтын аминқышқылдарының мөлшеріне байланысты болады. Негізінде мал өнімдері қалдықтарынан дайындалған мал азығы құрамында ауыспайтын амин қышқылдары көп болады, ал өсімдік азықтарының кейбіреулерінде ғана кездеседі. Мал өнімдерінің қалдықтарынан дайындалған жем бағаларының қымбаттауына қарай құсқа құрама жемді көбіне өсімдік өнімдерінен дайындайды. Өсімдік өнімдері протеиннің сапасын жоғарылату үшін синтетикалық амин қышқылдарымен толықтырылады.
Құстың жүгері және бұршақтұқымдас азықтардан тұратын тәуліктік азық үлесінің құрамына метионин амин қышқылын қосады. Құстың бидай-арпа және жүгері-күнбағыстан тұратын жем түрлерінде үнемі метионин мен лизин (сутегін тотықтырады) жетіспейді. Лизин және метионин құстың өсуіне тікелей әсер етеді. Оның үстіне лизин амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын бірнеше гормондардың құрамына кіреді. Тез пайдаланылатын көмірсутектері жетіспеген жағдайда глюкоза мен кетондық органикалық заттар алуға лизиннің ауысып отыратын қабілеті бар. Осындай өзгерістер құс ашыған кезде оған керек энергияның (қуаттың) көзі болып табылады. Сонымен қатар лизин – май алмасу процесіндегі керек карнитиннің қалыптасуына қажет ең басты зат. Кейбір жемдерде лизин 15-20%-ға дейін жетіспейді. Сондықтан оның орнын толықтыру жолдарын үнемі шешіп отыру керек. Әйтпесе құстан қажет мөлшерде, генетикалық мүмкіншілігіне қарай, дұрыс өнім ала алмайсыз.
Таза немесе бос лизин өте жоғары сутартқыш зат. Сондықтан оның пайда болу тұз қышқылымен реакцияға түсуіне байланысты. Оның ең соңғы пайда болатын заты құстың 80% лизин беретін монохлоргидрит.
98% (98 x 80): 100= 78,4%, яғни 1 кг препаратта 784 г таза лизин бар деген сөз.
Протеин жетіспеген құс рациондарында (тәуліктік азық үлесінде) треонин, аргинин, триптофан, валин сияқты амин қышқылдарының да жетіспеуі мүмкін. Сондықтан олардың қорытылатын көлемін керек мөлшерде тәуліктік азық үлесінің құрамына қосу керек.
Теориялық және тәжірибелік жолмен мекиен тауықтың күніне әр 1 кг тірілей салмағына 1,56 протеин немесе 250 мл азот, 0,15 күкірт бар амин қышқылдарын, 0,05 лизин жұмсайтыны дәлелденді.
1
г салмақ қосу үшін рта
Амин
қышқылдарының мөлшерін анықтап, тұрақтатқанда
олардың витаминдермен «қарым-
Мысалы, құрама жемде никотин қышқылы да аз болса құстың триптофанға деген қажеті өседі. Себебі құс ағзасында никотинамил қалыптасуына триптофан қажет. [2]
Кальций және фосфорды мөлшерлеу. Құрама жемнің негізгі қоспаларындағы кальций, фосфор, натрий құс қажетін физиологиялық тұрғыдан толық қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан әр уақыттта микро және макроэлементтер бар қоспалар беріп отырады.
Әсіресе өсіп келе жатқан ет бағытындағы құсқа кальций (Са) және фосфор (Р) жетіспейді.
Олардың тезірек өсуіне бағытталған сұрыптау нәтижесінде құс сүйегінің өсу жылдамдығы бұлшық еттерінің өсуінен әлдеқайда төмен болып қалған.
Құс сүйектерінің өсу жылдмадығын тездетіп, аяқатрындағы кемістіктерді азайту үшін рациондағы кальций мен фосфордың мөлшері балапандарға жеткілікті, олардың ара қатынасы 2:1 болуы керек (яғни 1,2 г Са және 0,6 г Р). Негізінде жем құрамына бұл элементтерді минералдық қоспа ретінде қосып отырады. Са (кальций) көзі ретінде бақалшық, әк, тас пайдаланылуда. Жем құрамында бор 3%-дан артық болса, жем дәмін нашарлатады да, желінуі төмендейді.
Жетіспеген фосфорды азықтық фосфат беру жолымен толтыруға болады. Құс азықтандырғанда кальций және фосфоры бар, фтордан тазаланған кальций фосфаты беріледі.
Құс шаруашылығында пайдаланатын фосфор көзі оның пайдаланылу мөлшеріне әрі жеңілдігіне қарай, мына ретпен орналасады: алдымен монокальций (біркальций), дикальций (екікальций) фосфаттарында – 100%, одан кейін балық ұнында – 98%, содан соң сүйек ұны - 96%, ет-сүйек ұны және азықтық ашытқыда -90%, үшкальций фосфатта - 86%, күнжаралар мен шөп ұнында - 50%, дәнді дақылдарда - 36%. [4]
Витаминдер мен микроэлменттерді мөлшерлеу. Витаминдер мен микроэлементтер құс үшін өте қажет заттар қатарына жатады. Егер ол құс ағзасында жетіспесе, құстың өсуі төмендейді, жұмыртқалағыштығы азаяды, ауруға қарсыласу қабілеті нашарлайды, зат алмасу процесі бұзылады.
Рациондағы А витамині мөлшерінің өсуі тауықтың жұмыртқалағыштығына әсерін тигізбегенмен, жұмыртқаның инкубациялық сапасын жақсартады. Сондықтан құсқа А витаминінің жеткілікті екенін білу үшін, оның жұмыртқадағы мөлшерін анықтаса жеткілікті. 1 г сарыуызда 6-10 мкг А витамині болу керек.
Сақа құстарға Д3 витаминінің жеткілікті екендігін жұмыртқа қабығының қалыңдығына қарап білуге болады. Мысалы, тауық жұмыртқа қабығының қалыңдығы 330 нм, күркетауық жұмырқасы қабығының қалыңдығы – 460 нм, үйректің бұл көрсеткіші – 380 нм.
Құс ағзасындағы минерал алмасуын сүйектегі күл, кальций, фосфор мөлшеріне қарап бағалайды. Үйрек, тауық, күркетауықтардың ортан жілігінде 54-62% күл, 20-25% кальций, 8-12% фосфор болады. Бұлардың мөлшерлері 15-20% азайып кетсе, ол құстың минералдық азықпен Д3 витаминін жеткіліксіз қабылдайтындығын көрсетеді.
А және Д витаминдерінің мөлшері халықаралық өлшеммен (ХӨ), ал қалғандары микрограммен немесе милиграммен өлшенеді. Бұлардың жалпы мөлшерін анықтау үшін, 1 ХӨ осы витаминнің 0,3 мкг –ына (ретинол) немесе 0,344 мкг А –ацетат витаминіне не болмаса 0,566 мкг А –пальмитат витаминіне тең болу керек.
Сондай –ақ 1 ХӨ -де А витамині 1 кг каротиноидке немесе 0,6 млг в –каротинге тең болады.
Д2 немесе Д3 витаминінің 1 ХӨ 0,025 мкг, ал 1 мкг–ы 40 ХӨ -ге тең. Д3 витаминінің күштілігі Д2 витаминінен 30 рет жоғары.
Е витаминінің 1 ХӨ осы элементтің 1мг –на тең.
Құрама жемді микроэлементтермен толықтыру үшін оған есептеу коэффициентін пайдаланып, микроэлемент тұздарын қосады. [4]
Ферменттер пайдалану. Құсқа жануарлар қалдықтарынан дайындалған мал азығының жетіспеуіне орай, өсімдіктен дайындалған, құрамында целлюлоза мен көмірсутегі көп жемді көбірек береді. құс жейтін жүгері, арпа, сұлы, бидай, кебекте бета глюкан бар. Оларды құс тиімді пайдланбайды.
Жемде қиын ыдырайтын қоспалар 5 пайыздан 25 пайызға дейін болғанда ( балапанға арпа - 10%, тауыққа - 25%, қарабидай - 5%, күнбағыс күнжарасы - 10%, сұлы т.б. қоспалар) ферменттер қосу керек.
Ферменттік қоспалардың (премикс) пайдалылығы, егер ол арпаның құрамында болса, құс жемді қорытқан кезде ерекше байқалады. Сондықтан премикстер мен кейбір ферменттік препараттарды жемге біртіндеп қосу керек.
Көпшілік ферменттік препараттардың тез әсер ететін қабілеті жоғары болғандықтан жемге аз –аздан қосады.
Ферменттік
препараттардың жемге қосу мөлшерін
анықтар алдында құрама жем құрамын
мұқият анықтап алған жөн. Жем құрамында
өте қиын ыдырайтын қоспалар мөлшері аз
болса, препаратты да өте аз қосады. Ал
егер жем құрамында қиын ыдырайтын қоспалар
көп болса, онда тұқымдық балапанның салмағын,
бройлердің өсу жылдамдығын, мекиен –тауықтың
жұмыртқалағыштығын қатал қадағалап отыруға
тура келеді.
2.2 Антибиотиктерді мөлшерлеу және пайдалану
Әлем құс өсірушілері антибиотикті жаңа әдіспен пайдаланады. Олардың әсер етуі де әртүрлі.
Мәселен біреулері ағзаның сақтау қабілетін күшейтеді, ал енді біреулері өсімталдығын арттырады, қорыта айтқанда құс өнімділігін арттырып, бір мөлшер өнімге жұмсалатын жем шығынын азайтады.
Құсқа тотыққан майлары көп азық қоспаларын берсе, олардың өнімділігіне, көбею қасиетіне, денсаулығына теріс әсер етеді. Соның әсерінен тауық балапаны аурушаң болып, жүйке қызметтері бұзылады, тауық эмбриондары азғындайды, тауықтың бауыры ауруға шалдығып,май бса бастайды.
Сондықтан да майларды тотығудан қорғайтын май еріткіш витаминдерді сақтау үшін кейбір құс жемдеріне және құрама жемдерге тотықсыздандырғыштар қосу керек.
Мұндай заттар кез келген уақытта майдың тотығуы нәтижесінде пайда болған өнімдермен байланысуы мүмкін. Оның үстіне бос қалған қадықтармен де (радикалдармен) реакцияға түсіп, соның нәтижесінде жемінің тотығу процесі тоқтайды.
Тотықсыздандырғыштардың табиғи және синтетикалық (қолдан дайындалған) түрлері болады.
Оның табиғи түріне токоферолдар жатады.
Кейбір жем түрлерін пайдалану. Құрама жем дайындағанда дақылдардан ең алдымен жүгері мен бидайдан бастау керек. Егер бұршақ өңдеуден алынатын күнжара, ұн мөлшері, яғни уреазаның әсерлі қызметі 0,1-0,4 рН-тан ауытқып кетсе, онда оның мөлшерін азайтады.
Глюкозинолат және эрука қышқылы құрамында күнжара көп. Сондықтан лны өте аз пайдаланған жөн.
Мал қалдықтарынан дайындалған мал азығының сапасын (микроб саны т.б.), сондай-ақ балық, ет, ет-сүйек, қан ұндарындағы майдың тотығуы белгіленген мөлшерден асып кетпес үшін үнемі қадағалап отыру керек.
Бройлерге беретін жемді түйіршіктеген дұрыс. Тауыққа да бидай-арпадан дайындалған құрама жемді түйіршіктеп беруге болады. Жемді құсқа мөлшерлеп бергенде құрама жемнің сапасын арттыратын әдістің ең қолайлысы – оны ашыту. Сол кезде ашытқыда құнды протеиннің мөлшері 1,5-2 есе, В тобындағы витаминдер 3,7 рет өседі. Ашытылған жеммен құсты екі апта үзіліс жасап, күніне бір-ақ рет азықтандыруға болады. Дәнді дақылдарды құрама жемге қосқанға дейін, құстың жақсы қорытуы үшін майдалап (тартып) берген дұрыс.
Жем оған шаң түсіп, ұсақ топырақтар араласпаса ғана өте жоғары сапалы болады. Сондықтан да жем тартқанда желпіп алу керек. Сонда әлгіндей шаң, шөп-шалаңдар ұшып кетеді.
Сақа
құстарға дәнді дақылдардың
Майдаланған
дәндерді жемнің басқа қоспаларымен араластырып
берген дұрыс.
2.3 Павлодар құстарына арналған азықтар
Дәнді азықтар. Олар құс рационының негізгі бөлігін құрайды. Оның құрамында көп мөлшерде көміртегілер, оның ішінде 70 пайызға дейін крахмал болады. Сондықтан олар рацион қуатының басты қайнар көзнің қызметін атқарады. Бұршақты дақылдардың дәнінде протеин көп болады. (18-20 пайыз). Әйтсе де жарма және бұршақты дақылдардың протеинінде лизин, метионин сияқты алмастырылмайтын амин қышқылдары жетіспейді. Осыған байланысты дәнді азыққа қосымша жануар тектес азықтар, сондай-ақ синтетикалық амин қышқылдары пайдаланылады. Дәнді дақылдардың минералды заттары негізінде фосфор қышқылы мен калиден тұрады. Дәндерде, ең бастысы олардың қауыздарында, В тобындағы кейбір витаминдер, өркендерінде В2 витамині, ал жүгернің сары түсті сорттарында және тарыда – коротин (А провитамині) болады. Дәннің қоректік бағасы түріне, сортына, дақылына және ол өсетін топыраққа, оның химиялық құрамына байланысты.
Жүгері – құс үшін ең жақсы дәнді азықтардың бірі, онда клетчатканың шамалы (сұлыдағыдан 6 есе кем) мен көптеген көміртектері болады. Шикі протеин мен қуат мөлшері жөнінен ол дәннің барлық түрінен басым түседі. Бірақ жүгері протеинінде құс организміне қажетті амин қышқылдары бола бермейді. Сондықтан азықтандыру кезінде оны жануар тектес азық рационына міндетті түрде қосып, амин қышқылдары бойынша оны теңестіру керек.
Арпа – құс үшін жақсы азық. Оның сапасы дән мен қабықшаның беріктілігіне байланысты. Егер дән ұсақ және онда қауыздар көп болса, онда оны қауыздардан тазартып барып құсты азықтандырады. 30 тәулікке дейінгі балапанның антитрипсин мөлшері болатындықтан арпаны жақсы сіңіре алмайтынын есте ұстау керек.
Тарыда каротин көп болады. Балапанды ақталған тарымен (қауызынан тазартылған тары) азықтандырады, бірақ азғантай мөлшерде ғана, өйткені тары халық тағамына пайдаланылады.
Бидай – бағалы жоғары калориялық азық, онымен барлық түрдегі және барлық жастағы құстарды азықтандыруға болады. Адам тұтынуға қолайсыз бидайды құсты азықтандыруға пайдаланады.
Сұлы – амин қышқылды құрамы мен диеталық қасиеттері бойынша жақсы азық. Оның қоректілігі дәндегі қауыздардың мөлшеріне байланысты: олар неғұрлым аз болса, ол соғұрлым жағымды болады. Ұсақ дәндерде қауыздар 40 пайызға дейін жетеді, сондықтан балапанда қауыздардан тазартылған сұлымен азықтандырады.
Қарақұмық
– жарма дақылдардың
Ересек
құстардың рационына
Қытай бұршақ (соя) өсімдік тектес протеинді бағалы азық. Амин қышқылдарының мөлшері жөнінен ол жануар тектес берекелі протеинге жақындай түседі. Құсты қытай бұршақ дәнімен антиферментті азықтарды залалсыздандырып, азық протеиндерін сіңіруді әлсірететін термиялық өңдеуден өткізгеннен кейін барып азықтандыруға болады. Құсты әлбетте қытай бұршақ күнжарасымен немесе шротпен азықтандырады.
Бұршақ, мал азығы бұршақтар - өсімдік тектес протеиннің қайнар көздері. Ас бұршақта 20 пайызға дейін және одан да көп шикі протеин болады, ол лизинге бай келеді, сөйтіп ол осы алмастырылмайтын амин қышқылының көзі ретінде дән араластырылған азық қоспасына пайдалануы мүмкін.
Техникалық өндірістің қалдықтары. Олар құсты азықтандыруда олардың зор мәні бар. Өйткені олардың кейбіріне (күнжара, шрот) көп мөлшерде пртеин мен май, басқадай азықтарда (ашытқы, балық майы) витаминдер көп болады.
Бидай кебектерінде фосфор мен В тобының витаминдері жеткілікті болады.
Қытай бұршақ күнжаралары мен шроттары, амин қышқылды құрама бойынша жануар тектес протеинге жақындай түседі.

- Есеп және аудит мамандығы Экономика пән-әдістемелік бірлестік
- Есеп және аудит сабағынан практикалық есеп
- Есеп саясаты
- Есеп саясаты
- Есеп саясаты
- Есеп саясатына сипаттама
- Есеп саясатының аудиті
- Ерусалим
- ЕС в системе европейской безопасности
- Есенин и фольклор
- Есенин. Фольклор
- Есеп айырысу шоттарының аудиті
- Есеп айырысу шоты
- Есеп айырысу шоты