Есеп айырысу шоты. 2

Кіріспе 

   Барлық  шаруашылық жүргізіші субъектілер  өз ақша қаражаттары банкі мекемелерінің  тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы  мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.

   Ақша  қаражаттары сақтау үшін және заңды  тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары-бұл банк мен клиентер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететің әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспондентік болып бөлінеді. Корресмпонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады. Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктіқ шоттар, бірақ олар жеке және занды  тұлғаның оқшаланған бөлемшелері үшін де ашылады. Шетелдіқ валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртықы экономикалық  қызметін жүзеге асыратын және өнімнін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредивтер, чек (аванс) кітапшаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

   Есеп  айырысу шотындағы операциялар  есебі. Банктік операциялардың аудиттік тексерісі атты курстық жұмыстың тақырыбы күрделі мәселелерді қозғайды: банк пен кәсіпорындардың ақша қаражатымен  қатысты операциялары, есеп айырысу операциясы ұйымның барлық шоттарын қамтуы

   Курстық  жұмыс  барсында  қарастырылатын  тақырыптар:  есеп айырысу шотын  алу тәртібі; банк көшірмелері және оларды тексеру, өңдеу; есеп айырысу  операцияларының синтетикалық есебі, банктік операциялардың аудиттік тексерісі 
 
 

   1 Есеп айырысу шотын алу тәртібі 

     1030 «Есеп айырысу шоты» шотында  Қазақстан Республикасының елшіліктері  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі - СІМ) және басқа ұйымдар алған бюджет қаражатын есепке алу жүзеге асырылады.

     Түскен  сома мынадай жазбамен көрсетіледі: 1030 «Есеп айырысу шоты» шотының  дебеті және 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер»  шотының кредиті. Елшіліктер жүргізген  шоттар 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге  қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының тиісті қосалқы шоттарының, 3273 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешектер» және 1410 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» қосалқы шоттарының дебеті және 1030 «Есеп айырысу шоты» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі[1].

     Қазақстан ТМД елдерінің ішінде  бірінші болып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық  дамуды қамтамасыз ету, сыртқы  қолайсыз факторларға тәуелді  болмау үшін Ұлттық қор құрды.

   Бүгінгі күні ұлттық қорда 5,3 миллиард доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда, 14 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз.

   Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бугалтерлік есеп және аудит  әдістемесі Департаментінің»№4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» деп аталатын бугалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілерді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебін пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның , яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерге бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарт екінші бабында: «Заңды тұлғалар , субъектілер (банктер немесе бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғаласы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы  нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.

   Барлық  шаруашылық жүргізуші субъектілерде  өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі  құралдарды, тауарларды сатып алғанда  немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк-мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бугалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

   1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын  толық және уақытылы дер кезінде  есептеу;                                                                     

   2.  Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.  

   3. Есеп айырысу, төлеу тәртібін  бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе  фирманың ақшалай кірістері мен  шығындарын дұрыс есептеу.

   Барлық  шаруашылық жүргізуші субъектілер  өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керке.

        Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

        Корреспондеттік шоттар – банк  шоттары банктер мен ұйымдардың  кейбір операция түрлерін жүзеге  асырады.

        Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ  шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.

        Шетелдік валютадағы қаражаттардың  қолда бары мен қозғалысын  есептеу үшін субъектіге арнап  ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

        Субъект шоттарындағы қаражат  олардың иелерінің әмірі бойынша  есептен шығарылады. Субъектінің  рұқсатынсыз шоттағы қаражатты  есептен шығаруға соттың, мемлекеттік  салық қызметінің рұқсатымен  және қолданылып жүрген заңдарда  көзделген басқа жағдайларда  ғана жол берілуі мүмкін[2, 46 - 49.]. 
 
 
 
 
 
 

   2 Банк көшірмелері және оларды тексеру, өңдеу

       

        Қазақстан Республикасының аймағында  ақшаны төлеу мен аударуды  жүзеге асыруда келесі әдістерді:  қолма-қол ақшаны аударуды; төлем  тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.

        Ақшасыз есеп айырысудың негізгі  нысандары: төлем тапсырма; чек;  вексель; тапсырма-талап төлемдері;  кеден мен салық қызметінің  органдарының инкассалық жарлықтары  болып табылады.

        Төлеуші мен алушылар өзара  есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.

        Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу.  Төлем тапсырмалары онда көрсетілген  соманы бенефициардың пайдасына  ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банкалушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.

        Төлем жасаушы банкке белгіленген  нысандағы бланкілердегі төлем  тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға  қоса төлем жасаушы банктің  талап етуі бойынша салынатын  салықтың шот-фактуралары және  төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне , яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.

        Төлем тапсырмасын толтыру кезінде  келесі реквизиттері (көрсеткіштері)  көрсетіледі:

   - төлем тапсырмасының нөмірі;

   - төлем тапсырмасының жазылған  күні;

   - жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған)

   коды (ЖТК немесе ИИК) 

   - жіберуші мен бенефициардың банкі  шоттарының нөмірі;

   - бенефициардың коды (БК немесе  КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) – бұл кодтар  екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі-резиденттік белгісін, ал екіншісі-экономиканың секторын көрсетеді;

   - бенефициар-аудару жасалған ақша  кезде қаражатын алушы;

   - банк-алушы-банк атауы, аударылған  ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;

   - бенефициар банкісі-бенефициардың  пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;

   - жіберушілердің теңестірілген немесе  теңдестірілген (идентификацияланған)  банктік коды (ЖТБК немесе ИИК)  – филиаларалық айналымдарының  коды (ФАК немесе МФО);

   - төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;

   - бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды кері қайтаруда  қойылатын код;

   - валюттелген күні – ақша қаражатын  бенефициардың (алушының)

   банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының нысанымен анықталады [3].

        Төлем құжатына кез келген  жөндеудің түрін жасауға рұқсат  етілмейді.

   Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.

        Жедел мерзімді төлем мынадай  нұсқалар бойынша жүзеге асырылады:  аванстық төлем, яғни тауар  тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.

        Мерзімінен бұрын немесе мерзімі  кейінге қалдырылған төлемдер  шарттық қатынастар аясында тараптардың  қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.

        Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі  қаражатты (зейнетақы, алимент,  жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық  қаламақы) жекелеген азаматтардың  атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының  атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжатттары келіп түскеннен кейін төлейді.

         Кейбір жағдайларда жабдықтаушы сатып алушыға тиеліп жіберілген тауарлары үшін весель алуы мүмкін. Алынған вексель анықталған мерзім ішінде белгіленген соманы төлеу бойынша жазбаша міндеттемені білдіреді.

    Вексель дегеніміз –  ооынң иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялауқұралы болаотырып, вексель бағалы қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.

    Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетліген соманы төлеуді талап етуге даусыз құқық береді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады. Вексельдің жалпы түрін мына төмендегі суреттен көруге болады:

    Егер  вексель бойынша есеп айырысу бір жыл мерзім аралығында (ішінде) жүргізілетін болса, ремитент алынған вексельді баланстың актив бөлімінің өтімділігі жоғары активтер бабында көрсетуі керек. Соған сәйкес вексель беруші осы соманы өз балансының қысқа мерзімді міндеттемелер бөліміндегі берілген вексельдер бабында көрсетеді. Вексельдің өтелу мерзімі болып весельбойынша төлем жүргізілетін уақыт алынады, яғни весель қызметінің аяқталатын уақыты есептелінеді.  Әдетте вексельдер  пайдалануы барысында бір немесе бірнеше міндетті орындайды. Бұндай міндеттерге мыналарды жатқызуға болады:

  • Дебиторлық қарыздың өтелу серзімін белгіді бір уақытқа ұзарту;
  • Шот-фактураға немесе басқа да құжаттарға қарағанда дебиторлық қарыздарды нақты дәлелдеу;
  • Пайыз түрінде төлем алу үшін негіз;
  • Айналымға жіберу  мүмкіндігі.

    Бухгалтерлік  есепте весельдер сатлыған, вексельге  айырбасталған тауарлар және қызметтердің нарықтық құнымен, ақашалай баламасымен  немесе барлық ақшалай төлемдердің  ағымдағы құнымен есептелінеді. Жалпы  сомасы дегенміз бұл пайыз есептелінетін сомасы болып табылады. Ал вексель бойынша алынған төлемнің осы жалпы сомадан артығы пайыз сомасы  болып есептелінеді. Вексельдің атаулы құны вексельде көрсетліген пайыз сомаларын қоспағандағы  вексель айналымы  мерзімінң соңындағы төленуге тиісіт ақшалардың сомасы болып табылады.  Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жәй  және аударылмалы деп аталатын екі түрге бөлінеді.

    Жай вексель дегеніміз  төлем мерзімі келген  кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым  тілмен айтқанда вексель берушінің  вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді. Жай вексель борышкердің (қарызкердің) жазбаша міндеттемесі болып саналады. Вексельде оның берілген уақыты, борышкерлік міндеттемесінің сомасы, төленетін мерзімі мен орын, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты көрсетліп, борышкердің, яғни вексель берушінің қолы қойылуы керек.

    Айналым үдерісі кезінде вексель бір  адамнан екінші адамға арнайы тіркеліп жазылғаннан кейін ғана беріледі. Табыстау жазбасы вексельдің теріс жағында немесе қосымша парғында жағзылады.

    Аударылмалы вексель –  (тратта) кредитордың (транссангтың) қарызкерге (трассатқа) белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға (ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналады. Яғни оның жә вексельден ерекшілігі, аударылмалы вексельде вексель ұстаушының төлеушіге вексельде көрсетілген ақша сомасын үшініш бір адамға эмитентке төлеу туралы жазбаша бұйрығын бере алады.

    Вексельдерде  сонымен қатар пайыздық және пайыссыздық  деп екіге бөлуге болады.

    Пайыздық   вексельдердің  атаулы құнында төленетін пайыз сомасы өз алдында көрсетіледі.

    Пайыссыздық вексельдерде пайыздық сома өз алдына бөлек көрсетілмейді, бірақ ол вексельдің жалпы сомасында қарастырылады.

    Вексельдер  өздерінің түрлері бойынша коммерциялық, қаржылық және қазыналық болып үш түрге бөлінеді.

    Коммерциялық  вексельдер өнім өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдарға ол өнімді тұтынушы , яғни сатып алушы кәсіпоырндар мен ұйымдардың төлем жасау мерзімінің кешіктірілу себебіне байланысты беретін коммерциялық несиесі ретінде ресіиделеді.

    Қаржылық  вексельдер арқылы тауарлық келісімшарттарға жатпайтын әр түрлі банктер арасындағы борышкерлік қатынастар ресімделеді.

    Қазыналық вексельдер мемлекеттік қазыналық міндеттемеге жатады. Олар мемлекеттің ішкі қарыздарын өтеуіне байланысты шығарылады. Қазыналық вексельдер негізінен дисконтымен бірге номиналын шегерім жасауды  қоса алғандағы  бағасы бойынша банктерге және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарға сатылады. Ал оларды кері қарай сатып алу толық атаулы құны бойынша жүргізіледі. Қазыналық вексельдер иелерінің табысын атаулы және сату бағасы арасындағы айырмашылық құрайды. Жалпы алғандa қазыналық вексельдер иелерінің табысын атаулы және сату бағасы арасындағы аырмашылық құрайды. Жалпы алғанда қазыналық вексельдер банктер үшін  қфысқа мерзімге капитал салу нысаны болып табылады. Олар банк арқылы ақша рыногында пайдаланылады.

    Вексельдер  эмитенттер бойынша:

    Қазыналық және жекеше.

    Төлем түрлері бойынша:

    Жай және аударылмалы.

    Төлем кепілділігінің барлығына қарай:

    Қамтамасыз  етілген және қамтамасыз етілмеген.

    Төлеу тәртібі бойынша:

    Мерзім  вексель және ұсынушылық вексель болып  бөлінеді.

    Вексельдерді  толтыру мен ресімдеу белгіленген  ережені сақтауды керек етеді. Құжатта міндетті түрде вексельдік таңба, яғни вексель деген жазу жазылып оның ұсынылған күні мен орны (жері), вексельдің сомасы, пайызы, төлеу мерзімі көрсетілуі керек. Аударылмалы вексельді трасат (борышкер) акцептеу керек, ондай болмаған жағдайда трассанттың вексель бойынша ешқандай міндеттемесеі болмайды. Вексель берілген уақытынан бастап төлеу мерзіміне дейін жабдықтаушының иелігінде болуы, тауарға төлем төлеу үшін басқа заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға берілуі немесе банк мекемесінен несие алу үшін пайдалануы мүмкін. Вексельдің маңызды деректемесі болып төлем мерзімі саналынады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері вексель  бойынша төһлем мерзімдерінің сақталуын қадағалап оны бақылап отыру қажет. Вексельмен есеп айырысу есебі арнайы «Алынған вексельдер» шотында жүргізіледі. Бұл шотта сатушылардың сатып алушылар және тапсырыс берушілермен  арадағы олардан алынған вексельдер бойынша есеп айырысу операциялары жайлы ақпараттар жинақталады.

    Сатылған  тауарлар мен дайын өнімдер үшін вексельдер алынғанда:

    Дт:    1210      «Алынған вексельдер»  шоты

    Кт: 1210  «Алынуға тиісті борыштар» шоты

    Ал  вексель бойынша сатып алушылардың  борыштарының жабылуына, яғни ақша келіп  түскен мерзімінде (пайызсыз):

    Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»

    Кт:  1210 «Алынған вексельдер» шоты түріндегі  бухгалтерлік жазуы жазылады.

    Айта  кететін бір жағдай көпетген уақыттарда вексельде көрсетліген сома бойынша  пайызмөлшері жылдық мерзімге негізделеді. Мысалы: 500000 (бес жүз мың) теңгеге  алынып және оған қоса жылдық 5 (бес) пайыз көлемінде төлем төлеу көрсетліген болды деп есептейік. Осы жағдайда біздің вексель бойынша алуға тиісті сомамыздың мөлшері былай есептеледі:

    500000+500000*5%*6/12=500000+12500=512500 теңге

    Егер  осы сомадағы вексель алты айға емес тоғыз айға жазылып берілген жағдайда алынуға тиісті сома мына санға тең болады:

    500000+500000*5%*9/12=500000+18750=518570 теңге.

    Жоғарыда  қарастырылған мысалымыз бойынша  бухгалтерлік жазуларымыз келесідей  түрде жазылады:

    А) вексель алынғанда 

    Дт:  1210 Алынған вексельдер шоты                                                 500000 тг

    Кт:  1210  Алынуға тиісті борыштар шоты     500000 тг

    Ә) вексель бойынша сатып алушылардың  борыштары есептелген пайыз сомасымен  бірге өтелгенде

    Дт:  1010 Ақшалар шоты                                                    512500 тг

    Кт:  1210 Алынған вексельдер шоты    500000 тг [5, 167 - 172].

   Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем  құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады.

        Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі – депозитттермен қамтылған, ал екіншісі – қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің нөмірінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қишағынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.

        Чекті чек ұстаушы төлеуге  чек жазылған күні қабылдайды  және төлеуге қабылдаған күннің  ертеңіне чек ұстаушы арқылы  қызмет көрсететін банкке ұсынылуы  тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте , 10 күннен аспайды.

        Банк чек берушіден (немесе  чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына  болады, егер де мынадай жағдайлары  анықталса:

   - егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;

   - чектің мерзімі өтіп кетсе;

   - төлем құжаттарында жасанды жазулардың  белгілері бар болса;

   - чек әртүрлі қолмен және әртүрлі  сиямен жазылған болса;

   - чектің қорғалу деңгейі оның  талабына сай келмесе (қорғалу  деңгейі бестен кем болмауы керек);

   - чекте көрсетілген реквизиттер  қате болса;

   - чектегі қойылған қолда үлгі  ретінде қабылданған құжаттардағы  қолымен сәйкес келмесе;

   - чектің жабу сомалары жеткілікті  болмаса;

   - чектің басқа да дефектілері  бар болса.

        Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:

        біріншісі – банкте қалса; 

        екіншісі – көшірмесімен бірге  ішкі істер органдарына беріледі;

        үшіншісі – Клирингтік палатаға  беріледі;

        төртіншісі – чекті беруші  банкке беріледі.

   Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады [4, 142-144 ].  

   2.1 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу 

   Кәсіпорындар  банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі 42 " Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары " деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:

Есеп айырысу шоты. 2