Есеп саясатының ұйымдық- техникалық аспектілері

                                                МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ..........................................................................................................3

 

1. Есеп саясатының  концептуалды негіздері................................................6

2. Есеп саясатының ұйымдық- техникалық аспектілері.............................20

3. Есеп саясатына өзгерістер енгізу жағдайлары ........................................23

4. Кәсіпорынның есеп саясаты......................................................................27

 

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүиесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық , ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

Есеп саясатының  әдістемелік  жағына кіретін элементтер осы жұмыста толық ашып көрсетіледі, атап айтсақ: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір тұрлері бойынша амортизация есептеу әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты.

Бухгалтерлік есеп принциптері  бойынша кәсіпорынның есеп саясаты -ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау , құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қортындылау жолдарын қарстыратын болса , осы курстық жұмыста әрқайсысына жеке-жеке тоқталып мәні ашып көрсетілдеді. Әрбір ұйым өз операцияларының сипатын және саясатын қарайды, оларды пайдаланушы ұйымдардың осы түрі үшін берілген түрде көруді күтеді. Мысалы, барлық ұйымдар бюджеттен басқа есеп айырысуларды қоса алғанда, корпоративтік табыс салығы үшін есеп саясатын ашып көрсетуге тиіс деп ұйғарылады. Ұйым шетел валютасында операцияларды жүзеге асырса және кеңейтілген шетелдік қызметі болса, есеп саясатында теріс және оң бағамдық айырмаларды ашып көрсету және мұндай айырмаларды хеджирлеу ұйғарылады. Шоғырландырылған қаржылық есептілікте іскерлік беделіне (гудвиллге) және азшылық үлесіне қатысты қолданылатын саясат ашып көрсетіледі.

Есеп саясатының егер ағымдағы және алдындағы кезеңдер үшін көрсетілген сома елеулі болып табылмаса  да, маңызы зор болуы мүмкін. Сол сияқты тиісті ҚЕҰС-мен қамтылған  есеп саясатын ашу орынды.

Қаржылық есептілікте  пайдаланылатын нақты есеп саясатына  қосымшада пайдаланушыларға бағалаудың негізін және іске асырудың (бастапқы құны, ағымдағы құны, әділ құны, дисконтты құны)  құндарын білу өте маңызды болып табылады.

Қаржылық есептілікте  бағалау негізінің бағалаудың бірден көп негізі пайдаланылса, мысалы, қайта  бағалауға жекелеген ұзақ мерзімді активтер ғана жатса, әрбір негіз  пайдаланылатын активтер мен міндеттемелердің санаттарын көрсету жеткілікті.

 Нақты есеп саясатын ашу туралы шешім қабылдау кезінде басшылық пайдаланушыларға операциялар мен оқиғалардың ұйымның қызметі мен қаржылық ахуалының есепті қаржылық нәтижелерінде көрсетілу тәсілін түсінуге көмектесе ме деген мәселені қарайтын болады. Ұйым қарауы тиіс есеп саясаты   дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын кірісті тануды; еншілес және тәуелді ұйымдарды қоса алғанда шоғырландыру қағидаларын;  ұйымдарды біріктіруді;  бірлескен-бақылау қызметі;  негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді тану мен амортизациялауды; заемдар бойынша шығындар мен басқа шығындарды капитализациялауды; күрделі жөндеуге мердігер шарттарын; инвестициялық меншікті; қаржылық инвестициялар мен инвестицияларды;  жалға алуды; ғылыми-зерттеу мен тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды;тауар-материалдық қорларды;  бюджетпен есеп айырысуларды, оның ішінде мерзімі өткен корпоративтік табыс салықтарын; резервтерді; зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған шығындарды; шетел валютасын қайта есептеу мен хеджирлеуді; филиалдарды мен өкілеттіктерді және олардың арасындағы шығындарды бөлу үшін негізін анықтауды; ақшаны анықтауды; субсидияларды қамтиды.

Басқа ҚЕҰС-ы көптеген басқа салаларда есеп саясатын нақты ашып көрсетуді талап етеді.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері , активтердің құнын есептеу, құжат  айналымын   қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу(инвентаризациялау),бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі , мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.

Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелері болып табылады.

Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп тұрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігін айтады.

Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама- қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болуы қажет.

Аталмыш курстық  жұмыстың мақсаты-кәсіпорында алдымен  жасалатын есеп саясатының жасалу жолдарының мәнін ашып, толыққанды сипаттама  беру болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • есеп саясатының концептуалды негіздерін;
  • есеп саясатының ұйымдық- техникалық аспектілерін;
  • есеп саясатына өзгерістер енгізу жағдайларын;
  • кәсіпорынның есеп саясатын қарастыру.

Аталмыш жұмыстың негізгі  сұрақтарына көшейік...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫ НЕГІЗДЕРІ

 

'"Есеп саясаты"  термины ресми түрде Қазақстан Республикасы бухгалтерлерінің іс тәжірибесіне, кезіндегі Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық Комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №2 қаулысымен енгізілді. Толық түрде есеп саясаты меншік түрі мен кызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық ұйымдарда міндетті түрде жасалынатын болды. Әрбір ұйым өзінің есеп саясатын қалыптастырып, мұның өзін ішкі шаруашылық ерісінде және бухгалтерлік есеп жүргізу ісінде қолданатын мүмкіндікке ие болатын болды.(1. 56-60 бб)

Есеп саясаты - деп  ұйымдарда іс-тәжірибе қолданылатын бухгалтерлік есеп объектілерін жіктеп, жүргізуге арналған өрісі кең  ішкі ережелер жүйесін айтадьц

Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі жекелеген факторларға сай жалпы бухгалтерлік есеп ережелеріне ауытқымайтын жағдайда дайындалатын есеп саясатының атқаратын ролі өте зор.

Есеп саясаты  көне бухгалтерлік есеп ережелерінің жалпы талабына сай жасалынып, мұның өзі ұйымдардың бухгалтерлік есеп жөніндегі ішкі ереже мен әдістер жүйесіне жатады.

Ұйымдар мен кәсіпорындарда жасалынып қалыптасатын есеп саясаты бухгалтерлік есеп жөніндегі принциптерден, ереже - нұсқаулардан, әдістер мен әртұрлі ішкі операциялар маңызынан құрылады. Мұның барлығы қаржылық есеп жүйесін жүйелеп тапсыру мақсатындағы шындық көрсеткіштерді дәлелдеу мақсатында іске асырылады.

Қаржылық жағдай мен мұндағы болып тұратын өзгерістерді, шаруашылық қызметінің жағдайын дәлелді түрде іске асырып, алдын-ала қойылған талаптарға жауап беру үшін ұйымдар басшылары бухгалтерлік есеп жөніндегі көпсатылы принциптер мен әдістер ішінен ең қажеттілерін таңдап, бұларды қолдану жөніндегі тұжырымдама (концепция) дайындауға міндетті.

Есеп саясатының түпкі  мақсаты - нарық пен базарлы саудаға түсетін ұтымды жолдарды анықгау, өндірісті ары қарай модернизациялау, жаңа және сапалы өнімдер өндіруге ықпал ету, қаржылық күйреу жағдайын болдырмау, материалды активтер мен басқа да құндылықтарды дұрыс бағалау мен есептен шығару, резервтік қорлар көздерін көбейту, өндірістік шығындар тиімділігін ұтымды басқару болып табылады. Түпкі мақсаттың ең дәлелдісі ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз ету.

Сондықтан, қандайда болмасын ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқарып, жұмыс істеуіне ең әуелі ұйымдардың өзі, үлес қосушы акционерлер мен қаржы салымшы инвесторлар, дайын өнімдерді сатып алушылар, несиелендірушілер мүдделі болып табылады.Тәжірибе тұрғысынан қарағанда ұйымдардың есеп саясаты ішкі есеп жүргізу варианттарын тандау құқысын толық түсіну мен игеру, негізгі және айналым қаражаттарын бағалау иропромен есептен шығару, материалды емес және материалды активтерге амортизация мен тозу сомаларын есептеу, қолданылатын қажетті синтетикалық шоттар тізімін жасау, тауарлы-материалды құндылықтарды бағалау мен сату, шығындарды реттеп басқару жөніндегі көптеген әдістер ішінен осы ұйымға тән қолданбалы әдістердің ең тиімдісін таңдай отырып, бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізу мақсаты қойылады.

Есеп жүйесін ұйымдастыру ұйымдар мен кәсіпорындарда әр тұрлі жағдайда қалыптасады, мұның үшін технологиялық бағытпен техникалық жағдайларды толық меңгеру негізінде көп вариантты есеп саясатының ішінен ең қажетті және тиімді жолдарын жасау қажеттілігі туындайды. Есеп саясатының оптималды және бір бағытты типтік варианты болмайды. Есеп саясаты негізінен қаржы есебінің өрісінде жасалынады. Алайда қаржы есебі баскарушьілық және салық есебімен тікелей байланыста болатындығын, жоне есептің бүл тұрлері арасында гармониялық үйлесімділіктің сақталуын есте сақтаған жөн. Бухгалтерлік есептің жоғарыда айтылған әрбір түрлерінің өз ерекшеліктері мен жүргізу әдістері болатындықтан, қаржылық есепті қорытындылау қызмет қолданбалы негізгі бағыттан ауытқымауы керек.

Ұйымдардың есеп саясаты бұларды басқару ерекшеліктеріне кәсіпкерлік қызметтің құқықтык нормасына, құрылтайшылық құжаттар мен жарғыға, салықтөлеу жағдайына, клиенттермен жасалған ұзақмерзімді келісім шарттарға  тағы басқа әрекеттерге де байланысты болады.

Есеп саясаты екі жағдайда - "жоғарыдан" және "төменнен" реттеледі. "Жоғарыдан" реттеу кезеңінде есеп қызметін жүргізу жөніндегі заңдар мен нормативтік актілер, сондай-ақ бекітілген бухгалтерлік есеп стандарттары, салық заңдылығы тағы басқа ресми құжаттар басшылыққа алынады. Екінші жағдайда "төменнен" реттеу кезеңінде ұйымдардағы технологиялық ерекшеліктер, салалық құрылым, табыс келтіру жолдары тағы басқа ішкі ерекшеліктер басшылыққа алынады.]Есеп саясатын қалыптастыру үшін есеп жүргізу әдістерінің ішінен, осы кәсіпорынға тән қажетті әдістер мен ережелерді таңдап алып, есеп саясатының маңызын ашуға болатындығын тағы да айта кеткен жөн.

Есеп саясатын ресмилендіру үшін осы ұйымдар мен кәсіпорындарда қолданылатын ішкі әдістемелер мен ережелерді ұсыну кезінде жалпы бухгалтерлік есеп объектілерін жүргізу жөніндегі қойылған талаптардан, принциптер мен қаржы есебінің элементтерін тану бағытынан ауытқымау керектігін түсіну қажет.

Егер жан-жақты және сапалы дайындалған, немесе қабылданған шешімдер ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз етпеген жағдайда, есеп саясатын жасаудың қажеттігі болмайды. Сондықтан есеп саясаты ұйымдар қызметінің тиімділігіне, ақша қаражатының өсуіне және іске асырылмай келген резерв көздерін ашуға тікелей әсер етеді. Мысалға, ұзак мерзімді жалға беру объектісі таза пайда мен ащіа қаражатының көбеюіне тікелей әсер ететіндігін басты бағыттың бірі деп түсінген жөн. Яғни қаржылық тұрғыдан қарағанда ұзақ мерзімге жасалған келісім-шарт бірден таза пайда келтірмегенімен, біртіндеп таза пайданың белгілі бір бөлігін қамтитындығын білген жөн. Есеп саясатын жасауға тікелей басшылык жасаушы басшылар мен атқарушы бухгалтерлер осы ұйымның таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз ететін есеп әдістерін зерттеп, колдану жолдарының ең тиімді бақытын тандауы қажет.

Кейбір жағдайларда  пайдаға салынатын салық көлемін және дивиденттік төлемдерді азайтып көрсету үшін атқарушы бухгалтерлер өнімінің өзіндік құнының құрамына орын алмаған шығындарды қосып жазып, аммортизациялық сомаларды көп түсетін таза пайда көлемін азайтуға тырысады. Мұндай жағдайда бухгалтерлік есеп жүйесі қалыптасқан сабақтастық жолдармен және белгіленген бағытпен іске асырылатын болғандыктан есеп объектісінің бір бабын азайтып, екіншісін еріксіз көбейтуге болмайды. Есеп объектісінің кез келген бабы қойылған мақсатқа және арнайы қабылданған нүсқау - ережелерге сай жүргізілетіндігін есте сақтаған жөн. Орынсыз жанама жасалған жағдай есеп жүйесіне кері әсер етеді, мұндай жағдайда экономикалық қайшылық туындайды.

Бір типтік және барлық кәсіпорындар қызметіне тән есеп саясатын жасау  мүмкін емес, мұның өзі өте қиын және болмайтын әрекет. Дей тұрғанмен есеп саясатын танып білу, мұның маңызын сапалы жасау, өз бетінше тиімді шешім қабылдау, қаржылық қорытынды есеп жасап дәйекті бағытпен қойылған бағдарды іске асырудың маңызы зор.

Есеп саясатын қалыптастыру мен іс-тәжірибеге енгізу үшін бухгалтерлік есеп принциптерін, мұның қолданбалы әдіснамаларын, салық жүйесін, қаржылық менеджментті (басқаруды) т.б. көптеген мәселелерді жоғары және терең түрде білу қажет. Нарықтық қатынастардың қыры мен сырын, ұтымды бағытын, базарлы сауда өрісін терең түрде біле білу бағытында, бас бухгалтердің атқаратын рөлі өте зор.(5. 100-105 бб)

Есеп саясатын жасаушылар мен қатысушы мамандар осы ұйымда қолданылатын бастапқы құжаттардың маңызы мен өрісін, бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспарын, активтерді бағалау, міндеттемелерді бағалап, қайтару, негізгі қүралдардың тозу нормалары мен сомаларын белгілеу, аяқгалмаған өндірісті бағалау, қүжатайналысы ережесін белгілеу, ақпараттар жүйесін өндеу технологиясын, аудиторлык тексеру мен қорытындылау әдіснамаларының маңызы мен мақсатын іс-тәжірибеде жақсы қолдана білу тиісті біліктілікті қажет етеді.

Есеп саясатын қалыптастыру үшін:

а) құрылған ұйымдар мен кәсіпорындар активтері мен міндеттемелері меншік иелері, қатысушылар мен инвесторлар, басқа да ұйымдардьщ активтері мен міндеттемелер тізімі жеке көрсетіледі. Ресми тіркелген ұйымның шаруашылық кызметі ешкімге де тәуелді емес және дербес жүргізілетіндігін (дербестік принцип) түсінген жөн.

б) ұйымдар өз жұмысын ары қарай тұрақты бағытта жалғастыра береді,бұлар ұйымды жоймайды, немесе өз қызметін қысқартпайды (үздіксіздік принцип);

в) таңдап алынып жасалған есеп саясатын бір жылдан бастап келесі 
жылдарда да сабақтастық түрде қолданыла береді (сабақтастық принципі);

г) ақшаның түсуі, немесе түспеуіне қарамастан шаруашылық қызметінің фактілері орын алған осы есепті кезеңге жатқызылып есептелінеді (сату немесе есепке жатқызу принцип).

Есеп саясатын мына төмендегі  талаптар қанағаттандыруы қажет:

а) ұйымдардың шаруашылық өміріндегі орын алған барлық фактілерді бухгалтерлік есепке толығымен тіркеу (толықтық принцип);

б) табыстар мен активтерге қарағанда пассивтерді көбейту жолдарын қадағалау және орынсыз шығындарды болдырмау жолдарын қадағалау (сақгық принцип);

в) әрбір айдың бірінші жұлдызына жасалынатын синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша айналыс пен қалдық сомалардың сай 
келушілігін, сондай-ақ бухгалтерлік қорытынды есеп көрсеткіштерінің 
синтетикалық бас шоттардағы қалдықпен бірдей болуышылығын қадағалау 
(сәйкестік принцип).

Есеп саясатын нақтылы іске асырып, мұның өзін тәжірибеде басшылыққа алу үшін осы ұйымның орналаскан мекен - жайы бойынша қызмет атқаратын салық органымен мүмкін болатын айырмашылықтарды, есеп жүйесіндегі аздаған өзгерістерді және бұларды реттеудің жолдарын келістіру қажет.

Ұйымдардағы есеп саясатын қалыптастыру үшін мына төмендегідей кезеңдік шараларды орындау қажеттігі туындайды (кезендік принцип):            есеп саясатының мақсатын, міндетін, қажеттілігін, шешімін және 
аналитикалық (жіктеуші) көрсеткіштер тізімін, бухгалтерлік есеп 
стандарттарының талабына сай жаңа әдістерді қолдану жолдарын талдап 
көрсету, есеп саясаты өрісінде шешім қабылдауға қажетті құжаттарды дайындау тағы басқа шараларды белгілеп іске асыру үшін арнайы комиссия құрылады.Комиссияның құрамына тек бухгалтерлік қызмет атқарушылар ғана емес,өндірістің технологиясын жақсы білетін, қаржыландыру мен қаржы қызметін атқарушы тәжірибелі, мамандар құқықтық қызмет бөлімі және басқада бөлімдердің кәсіби деңгейі жоғары мамандары қатыстырылады. Қажет деп танылған жағдайда басқада мамандандырылған сыртқы ұйымдардың мамандары да шақырылуы мүмкін;

- есеп саясатына тән  қажетті құжаттар, басқа да қабылданған шешімдер 
мен нормативтік құжаттар, есеп саясаты өрісіндегі объектілер тізімі, сондай- 
ақ шешілетін мәселелердің кезеңдік жолдары мен сабақтастығы анықталады;

- есеп жүргізудегі  қолданылатын әдістер мен ережелер және таңдалып 
алынған есеп саясатының әдістерін арнайы өкілетті органдармен келісу және 
бұл органдарға ресми түрде хабарлаудың тәртібі бекітіледі.

Есеп саясаты жөніндегі мәліметтер мен ақпарат негізінен қаржы есебінің маңыздылығын түсіну үшін қажет. Ұйымдардағы есеп саясатын қалыптастыру үрдісінің негізгі мақсаты - қаржы есебінің элементтері мен әдістерінің негізін ашып көрсету және салық есебі мен басқарушы есеп көрсеткіштерінің қаржылық қорытындыға әсер етушілігін түжырымдау болып табылады. Іс тәжірибе бухгалтерлік есеп жүргізу өрісінің құрамдас бөлігі болып табылатын есеп саясатының негізгі элементтері төмендегі объектілер мен есеп учаскелерінен қалыптасады:

Негізгі құралдарды бағалау, қайта бағалау және тозу (амортизациялау) әдістері.

Мұнда бүтіндей тозып, жарамсыз болған негізгі кұралдарды қайта бағалау мен есептен шығару жөніндегі қолданылатын әдістер ішінен осы ұйымға тән ыңғайлы әдісті тандап, тәжірибеде колдану жолы анықталады. Бухгалтерлік есеп мәліметі бойынша бастапкы құнын түгелімен өндіріске, қызмет көрсетуге жұмсап тауысқан, әйткенмен де әлі де пайдалану мүмкіндігі бар негізгі құралдарды қайта бағалау, немесе бұларды айырбастау үшін қолданылатын әдісті ашып көрсету қажет. Бағаланған негізгі құралдар сомасы тозу (амортизациялык) соманы және салық салу базасының (кондырма) сомасын көбейтеді. Құны жағынан түгелімен тозуға ұшыраған негізгі құралдарды бағалау мен қайта бағалау үшін: ағымдағы бағамен бағалау, бұларды жою жөніндегі бағалау әдістерінің бірі көрсетіледі. Негізгі құралдарды қайта бағалап, кіріске алу үшін индекстік және тікелей бағалау әдістерінің бірі қолданылады. Қайта бағалаудың нәтижесінде кұны көбейген негізгі кұралдардың сомасы баланстың актив жағындағы соманы көбейтіп, мүліктер құны нақтылы мүмкіндікке қарай жаңадан бағаланады. Осылайша құны жоғарылаған негізгі құралдар қайтадан тозуға ұшырайды да, есепті кезеңдегі шығындар сомасын көбейтіп, мұның есесіне таза табыс көлемін азайтады, валюта баланс сомасы да көбейеді.(3. 137-141 бб)

Негізгі құралдар объектілерінің құнын төмендетіп бағалаудың нәтижесінде есепті кезеңдегі шығындар сомасы азайтылып валюта баланс сомасы да азаяды. Мұның өзі салық салушылық базаға да әсер етеді.

Жалпы негізгі құралдар бойынша тозу (амортизация) сомасын есептеу әдістері; бір қалыпты тозу сызықты, өндірістік, бастапқы кұнын шапшаңдатып есептен шығару, құнын төмендетіп қалдықтау және куммулятивтік әдістерден қалыптасады. Негізгі құралдардың тозуын есептеуге арналған әдістердің қандайы болмасын есепті кезең шығындарын көбейтуге (өндірістік шығындар мен кеңездік шығындарды) және табыс көлемін азайту үшін қолданылады.

Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу резервтерін жасау есебінің әдісі, негізінен екі жолмен: жөндеу жұмысы аяталғанға дейінгі жұмсалған шығындар "Алдағы кезең шығындары" шотында жинақталып, жөндеу жұмысы аяқталғаннан соң, жинақталған мұндай шығындар жалпы шығындар есебін жүргізуші шоттарға аударылып жазылады. Екінші әдіс бойынша негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындары өнімнің өзіндік құнына (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) және кезеңдік шығындар құрамын тікелей жазылады. Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындары резервінің қалдық сомасы, осы есепті кезеңнен келесі есепті кезеңге көшіру нәтижесінде жалпы шығындар сомасын көбейтіп, осы жылдағы таза табыс сомасы, басқа да жылдардағы жасалған резерв сомасының есебінен азайатындығын білген жөн.

Материалды  емес активтер және бұлардың амортизациясы

Материалды  емес активтер және бұларды пайдалану мерзімі нақтылы объектілер бойынша тиісті нормативтік құжаттар мен осы объектілер мазмұнын жетік білетін мамандардың қатысуымен анықталады. Егер материалды емес активтерді пайдалану мерзімін нақтылы анықтау мүмкіндігіболмаған жағдайда тиісті нормативтік құжаттарға сай 10 жыл мерзім белгіленеді. Материалды емес объектілер өрісін амортизацияесептеу екі тұрлі әдіспен жүзеге асырылады. Біріншісі, - түзу сызықты бірқалыпты, екіншісі - өндірілген өнімдер (жұмыстар, қьізметтер) көлеміне пропорционалды түрде амортизация есептеу әдісі.

Инвестицияларды бағалау  әдістері мен есебі

 Бұл тарау бойынша есеп саясатын жасау үшін инфестицияларды бағалау:

1) Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды бағалау үшін 
инвестациялардың ағымдағы құнының осы күнгі ең төменгі дәрежесі алынады. 
Инвестицияларды ағымдағы құнымен бағалау құнды қағаздар нарығының 
бағасына сай тұрақты түрде инвестициялар құнын баланста реттеп отыруға 
негізделген.

Баланс бойынша қысқа мерзімді инвестициялар құнын реттеу кезеңінде ұйымдардың табысы мен шығындары нәтижесі өзгеріп отырады, немесе реттеу нәтижесінің сомасы табыстар мен шығындар көлеміне әсер етеді. Инвестицияларды сатып алу және ағымдағы құнынан ең төменгі бағамен бағалау әдісі құнды қағаздар курсының кенеттен төмендеуіне карай шеккен барлық зиянды тіркеуге негізделген. Ал құнды қағаздар курсының жоғарылауы нәтижесінде түскен табыс есепке алынбайды. Мұндай табыс инвестициялар сату кезінде ағымдағы құнның сатып алу құнынан артық болған жағдайда ғана шығындар мен табыстардың өзгеруіне әсер етеді.

2) Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды бағалау әдісі, бұларды сатып алу бағасымен және сату мен ағымдағы құнының ең төменгі дәрежесімен бағаланады. Инвестицияларды сатып алу бағасымен бағалау да баланстық құн өзгеріссіз қалдырылып, сатып алудағы жұмсалған нақтылы шығындар сомасымен бағаланады. Инвестицияларды қайта бағалау әдісімен бағалау есепте тұрған инвестициялар құнын ағымдағы (нарықтық) құнға келтіру мақсатында әр кезеңде құны өзгеріске түскен жекелеген инвестициялық объектілер бойынша бағалау жүргізуге негізделген.

Тауарлы - материалды босалқыларды (құндылықтарды) бағалау әдістері

Іс-тәжірибеде қолданылып келе жатқан бухгалтерлік есеп ережелері мен принциптеріне қарай ұйымдар, тауарлы - материалды босалқыларды бағалауына және қайта бағалауына көптеген әдістерді қолдануына болады.

Тауарлы-материалды құндылықтарды босалқылар нақтылы өзіндік құнымен, есепті бағамен, орташа өлшенген құнмен, ФИФО әдістерімен бағаланады.

Тауарлы-материалды қорларды нақтылы өзіндік құнымен бағалау бұларды сатып алудағы және дайындаудағы жұмсалған нақтылы шығындар сомасымен бағаланады.

Босалқыларды  есепті бағамен бағалау белгілі  кезеңде анықталған (орын алған) баға көлемімен бағаланады. Есепті баға әр кезде қайта қаралып, корректураланады. Есепті бағамен бағаланған тауарлы-материалды босалқылар өндірістік процестің (үрдістің) болашақтағы шығындары болып табылады.

Орташа өлшенген құнымен бағалау босалқылардың орта бағасын есептеу арқылы сатауға түскен, немесе сатуға түсетін босалқылардың құны шығарылады. Орта құнмен бағалау барлық босалқылар құнын, бұлардың санына бөлу әдісімен шығарылады.

ФИФО әдісі бойынша  тауарлы - материалды босалқылардың  бірінші тобының түскені бірінші сатылады, немесе бұрында түскен тауарлы-материалды босалқылар ерте сатылады.

Сонымен қатар тауарларды бөлшек саудада бағалау үшін есепке алынған тауарларды (шоттардағы), бұларды сатуға дейін нақгылы сатып алуға жұмсалған шығындар сомасымен есептей тұрады.

Өндірістік шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Өндірістік шығындар және өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін таңдап қолдану ұйымдардың технологиялық және ұйымдық құрылым ерекшеліктеріне байланысты. Мұндағы әдістер өндірістік өзіндік құнды қалыптастыру мен калькуляциялау жүйесіндегі сабақгастық әрекеттерді және қолданбалы принциптерді сипаттауға арналған.(7. 121-123 бб)

Өндірістік шығындар мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің көптараған әдістеріне:

- процесстік

- тапсырыстық

- нормативтік әдістер  жатады.

Өнімдер өндірудегі шығындар екі вариантты әдістер; жартылай фабрикатты және жартылай фабрикатсыз болып ажыратылады.

Өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялау үшін төмендегі:

- тікелей  есептеу;

- коэффициенттік;

- аралас;

- нормативтік;

-шығындарды сомалау (жинақгау) әдістер қолданылады. 
Жанама шығындарды бөліп тарату әдістеріне:

- еңбек шығындарына  қарай пропорционалды бөлу;

- тікелей шығындарға  қарай пропорционалды бөлу;

- өндірістік жұмысшылардың жүмсаған адам - сағатының санына кдрай 
пропорционалды бөлу;

 Аяқталмаған өндірісті бағалау әдістеріне:

- шығындардың  тікелей баптары бойынша;

- материалды шығындар құны бойынша;

- өндірістік өзіндік құнының нормативтік (жоспарлы) сомасы бойынша;

- шартты бірлік әдісі бойынша;

- басқада әдістерді қолдануға болады.

Процесстік әдіс деп - шығындарды біртекті өнімдерге таратып бөлу жүйесін айтады. Көптеген (қаптаған) өндірістегі өндеу процесінің бірнеше стадияларына жатқызылған шығындарды таратуда осы әдіске жатады.

Тапсырыстық әдіс деп - технологиялық  мақсатқа жұмсалған материалдар, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы және жалпы өндірістік шығындарды нақтылы өндірілген өнімдер (немесе өнімдер тобы) сомасымен теңестіруді айтады.

Нормативтік әдіс деп - жұмсалған шығындарды, жіберілген материалдарды жоспарлау және нормалау жұмыстарын айтады. Нормалар негізінде шығындарды жоспарлау ұйымдардың алға қойған мақсатын шешуге әсер етеді.

Жартылай фабрикатты әдіспен өндірілген өнімнің бір  өлшемін калькуляциялау арқылы аяқталмаған  өнімдердің бағасы әрбір өнім өндіру стадиялары бойынша шығарады. Жартылай фабрикатты әдіс бойынша өнім өндірудегі әрбір өңдеу стадиялары бойынша жартылай фабрикаттардың сандық өлшемін шығаруға болады.

Өндірілген өнімдердің бір өлшемін калькуляциялау әдістері өнімнің өзіндік құнын есептеу әдіснамасын қолдану арқылы ажыратылады. Әрбір калькуляциялау әдісі өнімнің бір өлшемінің бағасын есептеп шығару жолының күрделігіне және алынған нәтиженің нақтылық дәрежесіне байланысты.

Өндірілген өнімнің  бір өлшемін тікелей есептеу  әдісі арқылы шығару үшін жұмсалған шығындарды өндірілген өнімдердің натуралды санына бөледі.

Коэффициенттік әдіс бойынша өндірілген өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын шығару үшін арнайы коэффициенттер мен бөліп - тарату жөніндегі базалық есептеу (есеп айырысулар) қолданылады.

Аралас әдіс нормативтік  калькуляция есептеу және нормадан ауытқудың айырым есебін шығаруға негізделген.

Шығындарды сомалау  әдісі арқылы өндірілген өнімнің өзіндік құнын шығару үшін жекелеген калькуляциялық нәтижелердің сомаларын деталдар, узелдер, стадиялар бойынша анықтайды.

Жанама шығындарды бөліп  тарату әдісі есептелген калькуляциялардың нақтылығын және бөлінетін жанама шығындардың калькуляциялау объектілеріне тікелей жақын байланысты екендігін камтамасыз етуге арналған. Жанама шығындарды нақты және дұрыс тарату үшін, бөліп таратудың алгашқы базасы қабылданады. Сондай-ақ қабылданған тарату базасы өндірістік үрдістің типіне және шығарылатын өнімдердің тұрлеріне байланысты болады.

Есеп саясатының ұйымдық- техникалық аспектілері