Инфляция экономикалық құбылыс ретінде

                                             

                                              ЖОСПАР

 

Кіріспе

І-тарау. Инфляция экономикалық құбылыс ретінде

1.1 Қазіргі несие жүйесінің құрылымы............................................................4-7

1.2 Инфляция туралы ұғым................................................................................8-9

1.3 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.......................................................................................................10-20

ІІ-тарау. Қаржы және инфляция

2.1 Инфляцияның себептері мен салдары....................................................21-22

2.2 Инфляцияның альтернативті (баламалы) көздері.................................23-24

2.3 Инфляцияның түрлері. Филлипстің қисық сызығы..............................25-28

ІІІ-тарау. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары

3.1 Инфляцияға қарсы саясат ........................................................................29-36

3.2 Әміршілдік-әкімшілдік жүйе жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері..................................................................................................37-38

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                КІРІСПЕ

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешелік ролімен айшықталады.

Қаржы бір уақытта  қоғамның таптарға жіктелуі кезінде, мемлекеттің  дамуы мен оның ресурстарға деген  қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айрбасы  жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды.

       Қаржының  мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша  қатынастарын қамту сферасы мен  қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

        Экономикалық өмірде қаржының  сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі  әртүрлі қатысушылар қаражаттарының  қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма-қолсыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.

        Қаржы ақша қатынастарының ажырағысыз  бөлігі, ол әрқашан экономикалық  жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы  өндірістің түрлі субьектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

Қаржының  түрлі мақсатта ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары қаржы қатынастарының обьектілері болып табылады.

Ақша қаражаттары эконмоикалық өмірде, баламалы, тауар және ақша ныснадарындағы құнның тең қозғалысы ретінде  пайдаланылады. Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізінде жасалынады.

Қаржы қоғамдық өнімді бөлу мен қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде ұдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан қажетіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары, қорланымдары мен қорлары жасалып, пайдаланылады.

Қаржының қажеттігі  обьективті мән-жайдан-тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы-табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           І-тарау. Инфляция экономикалық құбылыс ретінде

                         1.1 Қазіргі несие жүйесінің құрылымы.

Қазіргі несие жүйесі ұзақ тарихи дамудың нәтижесі және ол рыноктық экономиканың талаптарына сай өзгеріп отырады. Егер институционалдық жағынан қарасақ кредит жүйесі валюта-қаржы мекемелерінің кешені,оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып,өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп,бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.

Батыс елдеріндегі бүгінгі несие  жүйесі мынадай маңызды процестердің әсерімен қалыптасты: банк капиталының  шоғырлануы мен орталықтануы, несие-финанс жүйелерінің мамандануы мен кредит жүйесінің функционалдық құрылымының күрделінуі,банк және өнеркәсіп монополиясының қосылуы мен бірігуі,банктік істердің интернационалдануы,трансұлттық банктер мен финанс топтарының пайда болуына әкелді.

Қазіргі кредиттік жүйеде мынадай  үш негізгі буын бар: орталық банк,коммерциялық банк,маманданған несие-финанс институттары.

Кредиттік жүйеде жетекшілік орынды банк атқарады,ол капитализмнің бастапқы сатысында XVIII-XIX ғасырларда коммерциялық банктерден бөлініп шықты. Тек орталық банкке ғана мемлекет ақша шығаруға (эмиссия) ерекше монопольдік құқық берді. Көптеген орталық банктер бірден мемлекеттік институттар болып құрылды (Немістің федералдық банкісі, Австралияның Резервті банкі), басқалары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекет иелігіне айналды (Франция банкісі,Англия банкісі, Жапония банкісі, Нидерланд банкісі). Бірқатары осы күнге дейін аралас мемлекеттік жеке меншік негізінде жұмыс істейді. Мысалы, АҚШ-тың Федеральдік резервтік жүйесі (1913),бұрынғы КСРО-да орталық банк – КСРО Мемлекеттік банкі болды. Қазақстанда қазір Ұлттық банк осындай роль атқарады.

Орталық банктер көптеген қызметтер  атқарады,солардың ішіндегі бастылары:

  • банкнот эмиссиясы (шығару);
  • мемлекеттік алтын-валюта резервін сақтау;
  • басқа несие беретін мекемелердің резервтік қорларын сақтау;
  • экономиканы ақша-несие арқылы реттеу;
  • коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттік мекемелерге кассалық қызмет көрсету;
  • есепшот жүргізу және ақша аудару операциялары;
  • несие беретін мекемелердің қызметіне бақылау жасау.

Коммерциялық банктер  несие жүйесінің “нервтік” орталығы болып есептеледі. Қазіргі коммерциялық банктер несие-финанс мекемелерінің әмбебап сипаттағы түрі. Ол халық пен кәсіпорындардан салымдар қабылдап,несие беріп қана қоймай,сонымен қатар клиенттерге қаржылық қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктердің операциялары пассивті (қаржыларды келтіру) және активті (қаржыны орналастыру) болып көрінеді. Бұдан басқа банкаралық,делдалдық операциялар және сенімді операцияларды (мүлікті,бағалы қағаздарды орналастыру) орындайды.

АҚШ-тың несие жүйесі бір-бірімен  келіскен бәсекелік күрес жүргізетін 13 мыңнан астам коммерциялық банктерден тұрады. Банк капиталының шоғырлануы мен орталықтану процесінің нәтижесінде  алып банктердің пайда болып,жоғары монополизациялау дәрежесіне жетті. 500 млн. долл. активі бар банктер тобы барлық банк активтерінің 75 процентіне иемденеді,бірақ олар АҚШ-тағы коммерциялық банктердің барлық санының 4,4 процентін құрайды,осылардың ішінде ең ірілерін: “Ситикон” активі 230 млрд. долл. “Чайз Манхэттен корпорейшн” (106 млрд. долл.) “Банк оф Америка” (97 млрд. долл.) және басқалары құрайды.

80-жылдардың ортасында АҚШ-тың  50 ірі банкілерінде барлық банк  активтерінің 30% және депозитттерінің 32 процентін жинақталды. Осы кезде АҚШ-тың 70 проценттен астам коммерциялық банктерінің активі – 10-нан 100 млн. долларға дейін жетті. Коммерциялық банктердің санының көп болуы клиенттерді қаржыландыру қажеттігімен,сонымен қатар банк жүйесін заң жағынан реттеудің ерекшелігімен байланысты еді. Штаттардың заң шығарушы органдары өздеріне берілген жаңа банкті тіркеу құқықтарын пайдаланып,басқа штаттар банктерінің филиалдарын ашуға рұқсат етпеді. Бірақ ірі банктердің күштілігі тек өз қолдарына актив пен депозиттерді шоғырландырудан көрініп қана қоймай,сонымен қатар кіші және орта банктерді де өз ықпалы жүретін салаға тартады. Бұл корреспонденттік байланыстар,холдингтер құру,банк акцияларының бақылау пакеттерін иемдену арқылы жүзеге асырылады. 1960-1986 жылдары холдингтер банк активіндегі үлестерін 11,1 проценттен 91,1 процентке көбейтті.

Қазіргі рыноктық экономикада зейнеткерлер қоры,сақтандыру компаниялары,өзара  қорлар,инвестициялық банктер,қарыз-сақтау ассоциацияларымен және т.б. осы  сияқты арнаулы несие қаржы институттары ерекше орын алады. Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландырған бұл институттар капиталды тиімді орналастыру және қорлану процесіне белсене қатысады. АҚШ-тың барлық маманданған несие қаржы мекемелерінің жиынтық активі коммерциялық банктердің активінен екі есе артық.

Коммерциялық несие  бағыты,мерзімі мен келісімі сомасы жөніндегі шектеулігін жоя отырып,банктік  несие-кредит қатынастарының негізгі  және басым түріне айналды. Кредиттің (несиенің) басқа көп тараған түрлеріне: шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-біріне кәсіпорындар мен ұйымдар шығарған акцияларды,облигацияларды,қатысу кредит билеттерін т.б. бағалы қағаздарды сатуы жатады. Бұл операциялар кәсіпорындарды қаржыландыру мен несие берудің (облигация,бағалы қағаздар) орталықсыздандырылған түрлері деп аталады.

Тұтыну кредиті жеке адамдарға ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін 3 жылға беріледі. Ол бөлшек сауда дүкендерінде төлемін  кейінге қалдырып тауар сату арқылы жүзеге асырылады немесе тұтыну мақсатында банктік қарыз беріледі. Тұтыну несиесін пайдаланғаны үшін,әдетте жоғары процент (30%-ке дейін) төлейді және кредитті қайтару отбасы бюджетіне үлкен салмақ салады. Ипотекалық кредит қозғалмайтын (жер,құрылыс,үй) мүліктер орнына берілетін ұзақ мерзімді қарыз. Мұндай қарызды берудің құралы банктер мен кәсіпорындар шығаратын ипотекалық облигациялар. Ипотекалық несие көбіне ауыл шаруашылығының негізгі қорларын жаңартуға пайдаланып,бұл салада капитал шоғырлануына көмектеседі.

Мемлекеттік несие-кредит қатынастарының жүйесі. Мұнда мемлекет заем беруші,ал халық пен жеке бизнес қаржыларының кредиторлары. Мемлекеттік несиенің көзі тек орталық үкімет қана емес,жергілікті өкімет органдары да шығаратын мемлекеттік заем облигациялары болып табылады. Мемлекет несиенің бұл түрін алдымен бюджет тапшылығын (дефицитін) жоюға қолданады. Мемлекеттік облигация шығару (эмиссия) және оны тарату нәтижесіндегі АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 2 трлн. доллардан асып отыр.

Халықаралық кредит-қарыз  капиталының халықаралық қатынастар саласындағы қозғалысы. Халықаралық  несие тауар немесе ақша (валюта) түрінде беріледі. Несие берушілер мен заем берушілер банктер,жеке фирмалар,мемлекет,халықаралық және аймақтық ұйымдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     1.2 Инфляция – экономикалық құбылыс ретінде.

Экономикалық құбылыс  ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен,қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – (вздутие) – қампаю,тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып,айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жйі қолданылып,кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.

Инфляцияның жалпы,әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына  және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияның  айналым процесін құнсызданған қағаз  ақшамен толтырып беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен,ол тек ақшаға тән “ғажайып” құбылыс емес. Ол – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс,оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.

Инфляцияның туындауы қаржы  мәселесіне жатқызуға болады, себебі,  инфляция мынадай қаржылық мәселелерге  тәуелді болады:

              1) Белгілі салық нормалары мен әдістердің қолданылуы

              2) Мемлекеттік шығыстардың өсуі        

              3)  Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу әдістері

              4) Мемлекеттік қарыздардың көлемінің  артуы

    Қаржылық жүйенің толық жүзеге асырылуын ақша айналымының жағдайымен және ақша қатынастарының әсерімен жүзеге асыруға болады. Мемлекеттік қаржы аясында қаржылық қатынастардың ерекшелігі, инфляцияның  туындауына әсер етуінде болып табылады. Себебі, қаржылық дағдарыс мемлекетік шығындардың артуына әкеледі. Қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық үрдіске әсер етуші ретінде орын алса, инфляцияда қаржылық қатынастарға өз әсерін тиігізеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің таза кірістерін көбейтудің қажеттігіне, салық ауырпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне әкеледі. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені, салықтық  кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейінгі  белгілі бір уақыт өткеннен кейін түседі, сондықтанда мемлекет оны алғанша құны төмендейді. Осыған ұқсас мемлекеттік қарыздың мәселелері шиеленіседі өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылғын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады. Сондықтан да  мемлекеттік қарыздың өсуі орын алады. Инфляцияны өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші қолданылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметінің белгілі бір жиынтығын сатып алу бағасы мен базалық кезеңінің бағасы арасындағы арақатынасы анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Инфляцияның  табиғаты және оның қаржымен  өзара байланысы.

Экономикалық құбылыс  ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның  шығуымен бірге пайда болды әрі  ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.

 «Инфляция» термині  (латынның inflation сөзінен шыққан –  кебіну,ісіну) ақша айналысына  қатысты ХІХ ғасырдың орта  шенінде пайда болды және АҚШ-тың  Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж) қағаз долларының («гринбергтердің») қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды,ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады.

Инфляцияның дәстүрі  ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз массасымен лықа толып кетуі,оның құнсыздануы және оның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Демек,инфляция – бұл тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы және әркелкі өсуінде көрінетін ақшаның құнсыздануы. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс үдірісінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.

Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай- күйі.

Ақшаның құнсыздануына  мына факторлар себепші болады:

айналысқа артық ақшаның  шығарылуы;

қолайсыз төмен балансы;

  үмітке сенімнің жоғалуы.

Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып,ол ақшаның құнсыздануымен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келеді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл рыноқтық шаруашылықтың түрлі сфералардағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдердегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.

Бүгінде инфляция бағаның  өсу нәтижесінде ақшаның сатып  алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емемс,сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен  де байланысты. Инфляцияға өндіріспен өткізу сферасындағы әр түрлі факторлар тудырған өндіріс үдірісінің қарама-қайшылықтары себепші болады. Инфляцияның әуелі бастағы себебі – ұлттық шаруашылықтың түрлі сфералардағы жинақтау мен тұтыну,сұраным мен ұсыным,мемлекеттік кірістері мен шығыстары,айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.

Инфляцияның ішкі және сыртқы факторлары (себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай – монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы,экономиканың циклдік дамуы,өндірістің монополиялануы,инвестициялардың теңгерімсіздігі,әлеуметтік-саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекет қаржысының дағдарысы,бюджет тапшылығы мемлекеттік борыштың өсуі,ақша эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесінің кеңеюі,ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде кредит құралдарының өскі және басқалары жатады.

Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат,энергетика,валюта дағдарыстары),басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты,алтынды,валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.

Сөйтіп,көп факторлы үдіріс ретінде инфляция – бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі.

Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып  отыру қажет, өткені инфляция құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелді  болып келеді:

белгілі бір салық  нысандары мен әдістерін қолдану;

инфляциялық сипаттағы  шараларды мемлекееттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;

мемлекееттік бюджеттің  тапшылығын жабудың әдістері;

мемлекеттік берешектің көлемі.

Жалпы қаржы жүйесінің  жұмыс істеуінің тиімділігі,оның институттары жұмысының жөнге салынғандығы ақша айналымының жылдамдығына,ақша айналысының жай-күйіне ықпал етуі мүмкін.

Ыңғайласпа материалдық  баламаны ұйғармайтын мемлекет қаржысының сферасындағы қаржылық қатынастардың  туу мүмкіндігінің негізін қалайды. Қаржы дағдарысы мемлекет шығыстарын,әсіресе өнімсіз шығыстарды көбейтудің қажеттігі бұл мүмкіндікті нақты болмысқа айналдырады.

Рыноқтық экономика  кезінде қаржы инфляциялық үдеріске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай  әсер етеді (инфляциялық үдерістерді күшейте түседі).

Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі,бұл ерекше төлейалушылық сұранымының артуына жеткізеді,сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады,ал оның кірістері,ең алдымен салықтық түсімдер қажеттіліктен артта қалып қояды. Мұның өзі сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады. Бұл белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдануды қажет етеді.

Екінші фактор – табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.

Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты). Бұл инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымын реттеуді,мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың әдістерін қарастыруды қажет етеді.

Инфляция да қаржылық қатынастарды өзгерістерге ұшыратады.

Біріншіден,инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін  жандандырады.

Екіншіден,инфляция қаржы  ресурстарын құнсыздандырады және салықтық түсімдерді арттырудың қажеттігін тудырады.

Үшіншіден,инфляциялық  үдеріс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді.

Сөйтіп,қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді,сондықтан  инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен  байланыстырып отыру қажет,өйткені  инфляция құбылысы жоғарыда баяндалған қаржылық факторларға тәуелді болып келеді (1 сызбаны қараңыз). Қаржы инфляциялық үдерістердің тездеткіші бола алатын сияқты,инфляция да қаржылық  қатынастарға әсер етеді.

Ақшаның құнсыздануы  және бағаның көтерілуі бюджет шығыстарының көбеюіне,мемлекеттің шынайы кірістерінің төмендеуіне,салық ауыртпалығының күшейту қажеттігіне,мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады,өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақытын белгілі бір межелдемелері арқылы түседі,сондықтан алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі,өйткені қарыздарды тарату үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын кредиттік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады,бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.

Қаржылық қатынастармен  инфляциялық үдерістердің бір бағытты  келеңсіз сипаты,бірін-бірі өзара толықтыра  отырып,экономикалық жүйеде келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен,инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы,ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі,ақшалай жинақтардың құнсыздануы,нақтылы пайыздың төмендеуі,экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б.

Төмен инфляция немесе оның болмауы  ұлттық шаруашылықтың түрлі деңгейлерінің  қаржылық көрсеткіштерінің жақсартатыны секілді ұқсас жағдайда қаржылық қатынастардың оң бағыттылығы инфляция деңгейі төмендетеді.

Инфляцияны бағалау  және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші -1б пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің (“рынок себебі”) белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңінің бағасы

арасындағы арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп,өткен жылдың бағалары индексіне бөлінеді,сонан соң жүзге көбейтіледі:

                                Инфляцияның қарқыны  = х 100

Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды (есе): 1990-1; 1992-2,5; 1993-30,6; 1994-22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-1,17; 1998-1,07; 1999-1,18; 2000-1,13; 2001-1,06; 2002-1,07; 2003-1,068; 2004-1,069; 2005-1,075; 2006-1,086.

Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты  жыл ішінде және одан көбірек жағдайда айына 50 пайыз (немесе аптасына 11,5 пайыз) құрса, онда мұндай деңгей әсіре инфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда  бұл деңгей 1992-1995 ж.ж. ішінде айтарлықтай асып түсті.

Соңғы жылдардың ішінде баға сферасында ең сәтті жыл 2001 жыл  болды, бұл жылы Қазақстанда инфляция деңгейі 6/4% - ға дейін төмендеді. Келесі жылдары оның деңгейін 3-5% - ға дейін  төмендетуге сәті түседі деп ұйғарылды. Алайда 2002 жылдан бастап бағалардың өсуін бәсендету үрдісі тоқтатылды. Үш жыл бойына инфляцияның іс-жүзіндегі қарқыны берілген межелдемелердің жоғарғы шегінде болды және айтарлықтай шапшаңдады (кестені қараңыз).

2006 жылы инфляция 8,4%-да қалыптасты, ол орта есеппен жылына 8,6%-ды құрады. Оның деңгейі бюджетті қаланған және 2005-2007 жылдарға арналған ақша кредит саясатының негізгі бағыттарында анықталған (орта есеппен жылына 4,9-6,5%) бастапқы болжамды көрсеткіштерден айтарлықтай асып түсті. Кейінгі болжамдарға сәйкес тұтыну бағаларының өнуін 7% - дан аспайтын деңгейде ұстап тұру ұйғарылған бұл болжамдардан да инфляция асып түсті. Инфляцияның деңгейі баяу инфляцияның ауқымдарынан едәуір жоғары (яғни жылына 3-4%), ал соңғы жылдары оның динамикасы өсуінің тұрақты үрдісі болды. Бұл тауарлар мен қызметтер турасында ұлттық валютаның құнсыздануының күшейтіп отырған үдерісін білдіреді, осыдан – зейнеткерлер мен тіркелген табысы бар халықтын басқа топтарының тұрмыс құнының өсуі, инвестицияларға ынталандырмалардың төмендеуі және кәсіпкерлердің бағаларды жоспарлауға сенбеушілігінің қалыптасуы. Ақырында мұның бәрі экономикалық өсімнің қарқындарында жағымсыз бейнеленеді.

Инфляциялық үдерістің  қуаттылығын бағалауды және инфляцияның  түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратады:

Бағалар өсуінің қарқыны  бойынша:

баяу – баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;

өршімелі –баға 100 пайыз шегіне өскенде; ақшаның затталынуы өседі;

әсіреинфляция – баға жүздеген пайызға өскенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;

бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:

теңдестірілген және теңдестірілмеген инфляция кезінде  - олардың бір-біріне ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әртүрлі үйлесімде;

болжаулық (болжап айтушылық) дәрежесіне қарай:

күтілген, болжалды және күтілмеген;

шығу немесе пайда  болу орнына қарай:

импортталынған және экспортталынған;

сондай – ақ дамудың  әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі тұқыртылған инфляцияны ажыратады.

Қаржы мен инфляцияның  өзара байланысын инфляцияның екі  типі бойынша бақылап отыруға  болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар  инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).

Бірінші жағдайда ол заңи және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады.

Екінші жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшермелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.т.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады. Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл инфляциялық шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырды, мұндай өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді.

Нарықтық экономиканың механизмі  – бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың  банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, сол өндірістің жеке салаларында ол жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның төмендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Микроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, рынокта тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік жасайды.

Инфляция экономикалық құбылыс ретінде