Информатика пәнінің даму тарихы. 2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы:  Информатика пәнінің даму тарихы

 

 

 

 

 

Орындаған: 5В011100 - Информатика     

                                  мамандығы, 5 жылдық 4-курс студенті

                                                                                Алиева Шынар

                                                                     Тексерген:  К.З. Халықова

 

 

 

 

 

Алматы, 2013 жыл

 

                          ЖОСПАР

     Кіріспе

     Негізгі бөлім

1. Дербес компьютердің алғашқы сериясының пайда болуы.

2. Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.

3. Есептеуіш техниканың даму тарихы.

4. Жаңа ақпараттық технологиялар.

 

     Қорытынды.

     Пайдаланған  әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1.    1975 ж АҚШ-та дербес компьютердің алғаш сериясының пайда болуы адам әрекетінің барлық облысында революциялық көтерілістің пайда болуына себеп тудырды.

Алғашқы дербес компьютерлер бөлек бөліктерден әр түрлі ЭЕМ-дерді  құрастыратын мүмкіндікпен қамтамасыздандыратын электронды блок түрінде құрылды. Осындай  жинақтар үлкен жетістікпен әуесқой-электронщиктерде қолданылды. Бірақ 1981 ж. блоктық-модульдік  құрастырылған түрде шығарылатын  болды. Бұл машиналар есептеу  техникасын және программалауды игермеген  қолданушыларға эксплуатацияда қарапайым  және арзан болды. ДЭЕМ микроЭЕМ класына жатады және жеке қолданылатын машина болып табылады. Бұл әр-түрлі профилді мамандардың еңбегінде жеке қолданылатын   жалпы және әмбебап құрал.     ДЭЕМ  қолданушымен автономды жұмысқа арналған сұхбат түрдегі құрал болып табылады.

Дербес компьютерде жалпылама  және әмбебап қолданылуда келесі қасиеттер болу керек:

- жеке қолданушыға аз  бағамен берілуі қажет;

- қоршаған ортаға арнайы  шартқа талапсыз эксплуатацияның  автономдығы болу қажет;

- әр-түрлі басқару ортасында,  ғылымда, білімде қолданылуында  архитектураның қаттылығы және  адаптивтілігі болады;

- операциялық жүйенің   біріңғайлығы және программалық  қамсыздандырудың  қолданушымен  арнайы дайындықтың болмауы;   жұмыстың жоғары әсері ( 5000 с  жұмыс кері қайтты).

Бұл компьютердің категориясы 20 жылдың ішінде ерекше даму болып табылды. Осындай компьютер бір жұмысты алмастыра алады.  Ережеге сәйкес бір компьютермен бір адам жұмыс істейді.

Өзінің аздаған өлшемімен  және жоғары емес бағасымен дербес компьютерлер көп емес өнімді қажет  етеді. Қазіргі кездегі дербес компьютердің модельдері үлкен ЭЕМ-дер 70-жылдарда шықты. 

Әсіресе 1995 жылы Интернеттің  дамуымен  компьютерлер кеңінен  тарала бастады. Дербес компьютерлер бүкіл  әлемдік желіде ғылыми, анықтамалы, білімдік, мәдени және ойын ақпараттарымен жұмыс істеуде қолданылатын болды. Дербес компьютерлер сонымен қатар, қашықтықтан оқудың күндізгі және сырттай  бөлімдерін әр-түрлі пәнде, құралда  оқу процесін автоматтандыруға ұйымдастыратын құрал болды.

    Осы уақытта  көбіне танымал ағылшын фирмасы  IBM (International Business Machine) болды — машиналарды шығару корпорациясы бизнеске айналды.   1964 ж. магниттік лентада мәтінді сақтайтын  жады блогы мен принтері бар алғашқы мәтіндік процессорды шығарды. Ленталардың айналуымен принтер мәтінді басып шығарды. 1981 ж. бұл фирма алғашқы және қолайлы 16-разрядты дербес үлгісін шығарды. Дәл осы модель РС (дербес компьютер) атағын алды және дәл осы этаптан ІВМ дербес ЭЕМ-ді шығаруда белгілі болды. 1983ж. жылы   1984 ж. IBM-нің жаңа модельдері пайда болды, әлемде компьютерді шығару  стандартпен PC XT (Extended Technology) және PC AT (Advanced Technology) болды.

Дербес компьютерлерді шығарудың негізгі этаптары:

1975 ж. — алғашқы компьютер MITS, Altair-8800 фирмасымен шығарылды (Micro Instrumentation Telemetry Systems)

1976 ж. — С. Возняк және С. Джобе, компьютер «Apple»;

1977 ж. — С. Возняк және С. Джобе, компьютер «Apple-II»;

1979 ж. —IBM фирмасы басқа фирмаларда жасалғанды қолданып, дербес компьютерді жасауды бастады;

1981 ж. — Intel 8088 процессорымен IBM фирмасынан РС компьютерінің сериясы шығарылды; 

1983 ж. — алғашқы IBM PC XT дербес компьютері қатты дискімен шығарылды ІВМ-нің базалық модельдерінен әр түрлі фирмалармен еркін модельдеу этапы басталды;

1984 ж. — Intel 80286 процессорымен IBM PC AT  сериясынан жасап шығарылды;

1986 ж. — Intel 80386 процессорының базасында ДК құрылды;

1990 ж. — Intel 486 DX/25 процессорымен компьютерлердің сериялық шығарылуы басталды;

1993 ж. — Intel Pentium процессорының базасында компьютерлердің шығарылуы басталды;

1995 ж. — ММХ технологиясымен орындалатын, Intel Pentium процессорының базасында компьютер сатуға шығарылды;

1996  ж. — Intel Pentium II процессорының шығарылу жаңа дәуірі басталды;

1998 ж. — Intel Pentium III процессорымен ДК сатуға шығарылды;

2000 ж. — Intel Pentium IV пайда болды.

 

 

   2.  Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.

Информатика компьютер, компьютерлік жүйе және желілермен генетикалық байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды туғызуы, сақтауы және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми қөзқарасқа мүмкіндік пен қажеттілікті туғызады. Бұл ерекшелік көбінесе информатиканы компьютермен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы деген жалған түсінікті тудырады. Шындығында қазіргі замандағы информатика — өте көлемді, динамикалы, эмпирикалық материалдарды жинақтау және  ойдан өткізу кезеңін кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған ғылым. Қазіргі замандағы информатиканы 1978 жылы Халықаралық информатика конгресінде төмендегідей түрде анықтады:

Информатика ұғымы ақпараттарды өңдеу жүйелерін құру, жасау, қолдану және материалды – техникалық қызмет етумен байланысты облыстарды қамтиды, мұнда машиналар, жабдықтар, математикалық жасақтама, ұйымдастырушалық аспектілері, сонымен қатар, өндірістік, коммерциялық, әкімшіліктік және әлеуметтік әсер ету кешені де енеді.

Екінші бір көзқарас бойынша, информатика – жаңа білім алу мақсатында есептеу техникасының көмегімен жинақталған білімді сипаттау, беру, интерпретациялау, формальдау және қолдану туралы ғылым.

Кең мағынада, информатика – ақпараттық іс-әрекет, ақпараттық үрдістер және олардың адам-машина жүйелерінде ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым.

Жоғарыда берілген жалпы анықтамалардан информатиканың тек қана «таза ғылым» ғана емес екендігін, ал оның маңызды ерекшеліктерінің бірі – адамзат қызметінің барлық салаларында: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, саудада, қаржы аумағында, медицинада және т.б. кең колданылуы, яғни технологиялық, қолданбалық, практикалық аспектісінің маңыздылығын көреміз.

Кейбір батыс Европа елдерінде және АҚШ-да бұл ғылымға басқа термин қолданылады – «Computer science» (компьютерлік ғылым).

Ғылым тұрғысынан информатиканың пәні – ақпараттық үрдістерге (бұл ұғымның кең мағынасында) тән жалпы заңдылықтарды зерттеу.

Информатиканың негізгі зерттеу объектісі қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады. Дәлдеп айтсақ, бұл – ақпаратты жинау, өндеу, беру және қолданудың арнайы технологиясына сүйенген автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар (АТ). Ақпараттық технологиялар – ақпараттық ресурстарды (АР) қолдану үрдістерінің ауырлығын төмендету, АР сенімділігі мен оперативтігін арттыру мақсатымен ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және бейнелеуді қамтамасыз ететін, технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер, өндірістік үрдістер мен программа-техникалық құралдардың жиынтығы. Ақпараттық технологиялар материалды-техникалық қорлар, математикалық, программалық тұрғыдан қарастырылады.

Информатика ақпараттық жүйелер мен технологиялардың құру мен өмір сүруінің мазмұны мен мағыналық аспектісін олардың мәні, әлеуметтік үлесі, пайдалылығы, қоғамдық жүйелердегі алатын арны, радикальды прогресс пен қоғамның сапасы жоғары жаңа тарихи кезеңге көшіру факторы екендігімен тығыз байланыстыра отырып зерттейді. Ақпараттық технологиялар қазіргі қоғамда білімнің ақпараттық ресурсқа (АР) айналуының, тиімді қолданудың жаңа құралы, дамытушы факторы болып табылады. Ақпараттық ресурс адамзаттың негізгі ресурсына, қазіргі замандағы өркениеттің бас құндылығына айналды. Сонымен қатар, АР рөлі, өмір сүру механизмдері, қолданудың әлеуметтік салдарына  байланысты күрделі мәселелер туды.

Информатиканың іргелі ғылым тұрғысынан пәнін төмендегідей ұғымдар құрады:

- ақпараттық ресурстар, олардың мәні, өмір сұру заңдары, қоғамның басқа ресурстарымен әсерлесу механизмдері, әлеуметтік прогресске  көрсететін әсері. Ақпараттық ресурс білім мен ақпараттың симбиозы түрінде алынады. Информатика АР-ды қоғамда алу, беру және қолданудың заңдарын зерттейтін ғылым тұрғысынан ақпараттық үрдістерді нығайтуға, АР қолдануға негізделген ЭЕМ-ді және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді (АЖ) қолданудың теориялық негіздерін құрайды.

Практикалық(қолданбалы) информатика тұрғысынан пәндік аумақты келесі ұғымдар анықтайды:

-  есетеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;

-  есептеу техникасы құралдарының программалық жасақтамасы;

-  аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесуі;

-  адамның аппараттық және программалық жасақтамалармен әсерлесу құралдары;

Информатиканың алдына қойылатын  міндеттерді анықтау үшін оның қалыптасқан  ғылымдар жүйесіндегі алатын орны маңызды  рөл атқарады  . Информатиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны оның күрделі, кешенді, ғылыми-жаратылыстану пән екендігін көрсетеді.

Информатика профильдік емес пән мамандықтарында зерттеуге қоятын негізгі міндеттер:

-  ақпарат, ақпарат құрылымы мен қасиеттері, оны алу сақтау, өңдеу және жеткізу әдістері туралы іргелі ұғымдарды беру;

-  АР-тың қоғамды ақпараттандыру үрдісіндегі рөлін анықтау;

-  есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс тәсілдері мен әдістерін жүйелендіру;

Ал информатика негізгі  профильдік пән болып есептелетін ғылыми-жаратылыстану және техникалық бағыттағы мамандықтар үшін зерттеуге қойылатын негізгі міндеттер:

- информатика мен есептеу техникасының базалық ұғымдары мен заңдылықтарын;

- информатиканың пәндік аймағы мен негізгі әдістерін;

- информатиканың даму тарихын;

- ақпаратты өндеуді автоматтандыруға негізделген жүйелерді құру тәсілдері мен әдістерін;

- аппараттық және программалық жасақтамаларды басқау тәсілдері мен әдістерін;

- компьютерлік программаларды құру тәсілдері, әдістері мен құралдарын;

- ақпараттарды қорғау тәсілдерін жалпылау, қорғау әдістері мен құралдарын құру;

- ақпараттық үрдістердің жасанды және басқару жүйелеріндегі жүру заңдылықтарын беру және қолдану іскерлігіне үйрету болып табылады.

Кез келген пәнді меңгеру оның негізгі ұғымдары мен категорияларын анықтаудан басталады. Информатиканың негізгі базалық ұғымы болып (математикадағы «нүкте» сияқты) ақпарат ұғымы табылады. Ақпарат, сонымен қатар, жалпы ғылыми категория қатарына жатады, әр ғылым саласында (философия, кибернетика, т.с.с.) өзіндік көзқараспен және тәсілдермен түсіндіріледі.

Ақпараттың ең негізгі  ерекшелігі – ол бар адамға интуитивті түсінікті, екінші жағынан оның ғылыми дәл анықтамасын беру мүмкін емес, сондықтан ақпарат туралы ұғым қолданылады. «Ақпарат» термині латынның «informatio» - түсініктеме, баяндама, хабар басу деген сөзінен шыққан.

Ақпарат ұғымын бірнеше тұрғыдан анықтап көрейік. «Кең мағынада» философиялық тұрғыдан, ақпарат – біздің санамызбен қабылданатын, ақиқат өмірдің белгілі бір объектілері, үрдістері мен құбылыстарының қасиеттері мен қатынастарының бейнелері. Есептеу техникасы тұрғысынан, ақпарат ұғымы оның жадында сақталатын, қажеттігіне байланысты өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.

Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашан мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған, аяқ-қол саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар –абак, есепшот, арифмометр арнаулы математикалық кестелер шығарыла бастады. Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40 жылдарында, ядролық физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей араласуын талап ете бастады. Мысалы. «Манхеттен жобасын» (АҚШ-тағы атом бомбасн жасау) іске асыру кезінде есептеу жұмыстарына 600 адам қатысты, олардың бірсыпырасы тікелей есептеумен айналысып, қалғандары сол жұмыстың дұрыстығын тексеріп отырды.

ХХ ғасырдың ортасында  информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі электрондық  техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.

Электроника табыстары нәтижесінде  жасалған техникалық аспаптар электрондық  есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады. 

1946 жылы алғаш пайда  болған ЭЕМ-дер электрондық шамдар  негізінде жұмыс істейтін, үлкен  залдарда орналасқан, көлемді электрондық  жабдықтар болатын. Бірақ 1948 жылдың  өзінде-ақ элекрондық шамдар шағын  электрондық аспаптармен- тразисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталғаны-мен, көлемі жүз есеге дейін төмендеді.

70 жылдар соңында интегралдық  схемалардан немесе чиптерден  жасалған мини - ЭЕМ-дер шыға бастады. Осындай микропрессорлардың (біріктірілген интегралдық схемадан – БИС элементерінен тұратын) шығуы дербес компьютерлер заманы басталғанының алғашқы белгісі болды.

Алғашқы есептеу жұмыстарын автоматтандыруға арналған ЭЕМ–дер күннен күнге артып келе жатқан информация ағынымен жұмыс істеуге ыңғайлы құрал болып шықты.

Бастапқы кезеңде ЭЕМ-дерде  тек арнайы үйретілген адамдар ғана жұмыс істеді, бірақ онша дайындығы  жоқ адамдардың компьютерді пайдалану  мұқтаждығы маман еместерге арналған машина жасау қажеттігін тудырды.

70 жылдардың басында «тұрмыстық»  ( үйдегі ) компьютерлер деп аталған микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын, тек ойнау үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланылды. 70 жылдар ортасында тұрмыстық компьютерлердің етек алғаны сондай, оларды сусын шығаратын фирмалар да (Соса СоІа) жасай бастады.

Дегенмен, микрокомпьютерлер  дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы ІВМ фирмасы жасаған, кейіннен «дербес компьютер» деп аталған шағын компьютердің шығуы болды.

Сол уақыттан бастап осы атау шағын компьютерлер тобының жалпы аты есебінде тұрақталып қалды.

Компьютерлік жүйелер

ІВМ фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік (есептеу) жүйелер  төрт негізгі құрамнан тұрады:

1) шығарылатын есепті, орындалатын  жұмысты мәселе ретінде қойып, соның нәтижесін алатын адам;

2) аппараттық жасақтама  (Наrdware);

3) мәліметтер файлы;

4) компьютердің программалық  жасақтамасы (Software).

Компьютерлік жүйелер  ұғымын немесе мәліметтерді өңдеу жүйелерін  осы төрт комбинацияны – машиналарды, мәліметтерді, программаларды және адамды – біріктіре қарастыру кезінде қолданады.

Компьютерлік жүйелерді пайдалану

Жұмыс өнімділігі. Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандағы сияқты, компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі жұмыс өнімділігін арттыру болып саналады.

Егер компьютерде есеп-қисап жасау, мәліметтерді өңдеу немесе құжаттарды қағазға басып алу істеріне пайдаланса-ңыз, сіз бір сағатта көптеген істерді тындырасыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын шебер адам бір минутта 60-тан 80 сөзге дейін немесе 6-8 жолға дейін мәтін басатын болса, орташа мүмкіндікті компьютер минутына 1200 жол баса алады. Демек, бір компьютер 150-200 адамды алмастыра алады деген сөз.

Мәліметтерді өңдеу жылдамдығы. Компьютерді пайдаланудағы екінші себеп мәліметтерді үлкен жылдам-дықпен өңдеу болып саналады. Дайындығы мол маман адам минутына 250 сөз оқып шыға алатын болса, компьютер 1000 000 сөз оқи алады екен. Мысалы, Чикаго қаласының телефон анықтамалығы 788 000 адамдар атауынан, ал адрестер мен телефон нөмірлерін қоссақ, 32 000 000 жол информациядан тұрады екен. Минутына 250 сөз оқитын адам осы анықтамалықты оқып шығу үшін 250 сағат уақыт жібереді. Ал, орта мүмкіндікті компьютер оны 30 секундқа жетпейтін уақытта оқып шыға алады. Сол себепті телефон станцияларында, анықтамалық іздеу қызметтерінде ЭЕМ кеңінен қолданылады.

Дәлдік пен ұқыптылық. Компьютерлік жүйелерді пайдаланудағы үшінші себеп – олардың дәлдігі мен ұқыптылығында жатыр. Егер біз компьютерге нақты мәліметтер беріп, оларды өңдеудің дұрыс жолдарын көрсетсек, ол әрқашанда қатесіз нәтижелер береді. Кейде компьютер қате нәтиже берді деп айтады. Мұндайда компьютердің қателеспейтінін, қатенің себебі мәліметтердің оған дұрыс берілмегендігінен немесе осы мақсатқа арналған мәліметтерді өңдеу алгоритмнің қате болғаны екенін ашып айту қажет.

Аппараттық жабдықтар

Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та, олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:

1. Орталық процессор;

2. Енгізу құрылғысы;

3. Есте сақтау құрылғысы;

4. Шығару құрылғысы.

Орталық процессор барлық, есептеу және информация өңдеу істерін  орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық схемалар жиынынан тұрады.

Енгізу құрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.

Есте сақтау құрылғысы  программаларды, мәліметтер-ді және жұмыс  нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған.

Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады. 

Дербес компьютер

Дербес компьютер –  пайдаланушының жұмыс орнында не үйінде жұмыс құралы ретінде пайдаланатын шағын электронды есептеуіш машиналар. Дербес компьютерлер пайдалануға ыңғайлы, қарапайым, жұмысының сенімділігі жоғары, арзан болып келеді әрі оларда қолданылатын бағдарламалық жабдықтар тез игеріледі. Сондықтан олардың қызметтің алуан түрлі саласында кеңінен қолданылу мүмкіндігі бар. «Дербес компьютерлер» термині, көбінесе АҚШ-тағы ІВМ (International Buziness Machines) фирмасы жасап шығарған компьютерлерге қатысты айтылады. Дербес компьютерлер мынадай негізгі бөліктен тұрады: 1 – шұғыл жұмыс істейтін және бір жақты жады бар процессор (жүйелік блок), 2 – дисплей, 3 – пернетақта (клавиатура), 4 – курсорды жылжытқыш құрал (тышқан тәрізді қолтетік), 5 – динамиктер (дыбыс зорайтқыш), 6 – жазу құрылғысы (принтер). Оқуға арналған дербес компьютерлер құрылғылары мен бағдарламалық құралдары білім алуға, үйренуге бағытталған. Мамандандырылған дербес компьютерлер қызметкерлердің жұмыс орны ретінде пайдаланып, жергілікті есептеу желілерінде және қашықтан мәлімет өңдеуге қолданылады. Олар әртүрлі деректерді жазылған әуендермен дыбыстарды, мәтіндерді, жылжымалы бейнелерді, суреттермен сызбаларды өңдей алады. Интернет желісімен байланысып, деректерді электрондық пошта арқылы тасымалдай алады. Шағын дербес компью-терлер – көлікпен, қолмен алып жүруге ыңғайлы, мөлшері 300х200 мм, массасы 3кг шамасында, ішкі қоректену батареясы бар, перне-тақтасы шағын дисплейлі компьютер-лер тобы. Олардың мүмкіндіктері үстелге қойылатын кәдімгі дербес компьютерлермен бірдей болады. Кеңседе пайдалануға арналған дербес компьютерлер – үстелге орналастырылатын компьютерлер тобы. Олар кеңсе жұмысын автоматтандыруға бағытталған және мәтін теруге, түзетуге және қағаз басып алуға, сондай-ақ деректер базасын жүргізіп, іс-қағаздарын даярлауға өте ыңғайлы. 

3.  Есептеуіш техниканың даму тарихы ең алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек,есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және логарифм кестесін жариялады. Ал 1761 жылы ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын. Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болған электронды калькуляторлар оларды қолданудан ығыстырды. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдың машинасында көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.   

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазіргі қолданыста жүрген калькуляторлардың негізін салды. Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады. Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған программа бойынша адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын құрылғылар жасау болды. Алғашқы программалық басқарылатын есептеу машинасын құрастыру идеясын 1821 жылы ағылшын математигі Чарльз Беббидж өзінің аналитикалық машинасында ұсынған болатын. Беббидждің аналитикалық машинасы – ақпаратты өңдеп қана қоймай, оны жадында сақтап, адамның тікелей араласуынсыз алдын-ала жазылған программамен жұмыс істейтін алғашқы әмбебап құрылғы болатын. Бұл машинада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі құраушылар: бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандармен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғы, берілген программа бойынша есептеу барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы, деректерді енгізу мен оларды басып шығару құрылғылары болды. Басқару программасы перфокарта деп аталған қатырма қағаздардағы тесіктердің көмегімен кодталды. Бэббидждің идеясы өз уақытынан озық еді. Оның машинасы өте күрделі құрылғы болғандықтан, ол кездегі техникалық мүмкіндік мұны жүзеге асыра алмады. Беббидждің машинасы 1860 жылдары ғана құрастырылып іске қосылған болатын. Осы машинаға қажетті программаны 1846 жылы ағылшынның әйгілі ақыны Джордж Байронның қызы Ада Лавлейс жазды. Сондықтан Ада Лавлейсті алғашқы программалаушы десе де болады. ХХ ғасырда электронды-есептеуіш машиналардың (ЭЕМ) пайда болуына байланысты есептеуіш техника бұрын болмаған жылдамдықпен қарыштап дамып, айналдырған 50 жылдың ішінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Сондықтан электронды-есептеуіш машиналардың даму кезеңін белгілі бір кезеңдерге бөлу қалыптасқан. І кезең (1945-1955 жылдар) ХХ ғасырдың бірінші жартысы радиотехниканың қарыштап дамыған кезеңі болатын. Сол кездегі радиоқабылдағыштар электронды-вакуумды шамдармен жұмыс істейтін. Алғашқы электрондық-есептеуіш машиналарды құрастыру үшін осындай электронды-вакуумды шамдар қолданылды. 

Қазақ елінде информатика  пән ретінде 1985-86 жылдардан бері оқытылып келеді. Сол кездегі дара оқулық – А.П.Ершовтың «Информатика және есептеуіш техника негіздері» болған еді.  

  Бүгінде информатика пәні тек компьютермен жұмыс жасауды үйретумен ғана шектелмей, әмбебаптық сипатқа ие бола бастады. Информатика өзінің басты зерттеу нысаны ретінде есептеу теориясы мен жасанды интеллект, алгоритмдер, мәліметтер құрылымы, қолданушы интерфейсі және программалау тілдері мәселелерін қарастырады. Математикалық логика басты мәнге ие. Бірнеше қолданбалы салалары бар. Атап айтқанда, биоинформатика, хемоинформатика, экономикалық информатика, геоинформатика, бизнес-информатика.

«Информатика» оқу пәні ретінде  Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың  бірі болып табылады.

Информатика курсы білім  алушыларға осы курсты оқыту  саласындағы  іргелі білімдердің жеткілікті деңгейдегі толық көлемін беруді, оқушылардың  ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, ақпараттық қоғам өміріндегі информатиканың ролі туралы түсінігін  қалыптастыру және жалпыадамзаттық  құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық  көзқарасына алғышарт болып табылатын  әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі  мәселелерді шешуде алған білімін  шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

Мектеп информатикасының мазмұнын дамыту келешегі оқушылардың  ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру бағытында  информатиканың ғылыми зерттеу объектісінің кеңеюімен  байланысты.

Информатика пәні оқушыларда әлемдік ақпараттық бейнені қалыптастыру мен  компьютерлік техниканы және ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытудың  теориялық негізі болып  табылады. Ақпараттық-коммуникациялық  құралдарының жеделдетіп дамуына байланысты сәйкес қолданбалы программалық құралдар, офистік программалар және т.б. өзгерістерін ескере отырып, құрылады. Олардың көпшілігі  информатиканы жоғарғы сыныптарда оқытудың мазмұнында ерекше мәнге ие. Сонымен бірге бұл мәселелерді  ерте жастан бастап үйрету де қарастырылуда.

Мектептің білім мазмұнында информатиканы  оқытудың жалпы мақсаттарын бөліп алуға болады:

– ақпараттық қоғам жағдайында оқушыларды жан-жақты даярлау;

– ақпараттық қоғам мен технологиялардың мүмкіндігіне  бейімделген оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;

– информатиканың ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану сияқты  іргелі ұғымдарын  оқушыларға  меңгерту;

Информатика пәнінің даму тарихы. 2