Иннавациялық менеджмент. 3

 

                                                       МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1. БӨЛІМ. БанкТІҢ ТАБЫСЫ МЕН ШЫҒЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

                НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.....................................6

     1.1. Банк табысын қалыптастыру көздері, құрамы мен құрылымы..............6

     1.2. Банктің шығындары және олардың жұмсалу бағыттары.......................11 

2. БӨЛІМ. БАНКТІҢ ТАБЫСТАРЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ  

                ӘДІСТЕМЕЛІК  НҰСҚАУЛАРЫ........................................................13

     2.1. Банктің табысы мен шығысын бақылау жүйесі......................................13

     2.2. Банк балансына қаржылық талдау жүргізудің реті және

     ұйымдастыру жүйесі.........................................................................................15                                                                  

     2.3. Банктің табысы мен шығыны деңгейін бағалау мен реттеу

    тәсілдері.............................................................................................................18 

3. БӨЛІМ. БАНКТІҢ ТАБЫСЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУ

                 МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...................................21 

      3.1. Банктің табысы мен шығындарын басқаруды жетілдіру жолдары......21                                                                      

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26

                                                                                                        

пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................29                                                           

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

        Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызы бөлін бейтін құрамдас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы – тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс.

        Банктің басты қызметі – елдегі ақша құралдарын жиыстыру және оларды тиімді түрде қайта бөлу, яғни  салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық.

       Сонымен бірге банктер ел экономикасындағы  ақша айналымының барлық құралдарның негізгі бөлігін қамтамасыз етеді, яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банктер елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, банктік емес қаржылық, мемлекеттік және халықтық, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады. Сондықтан, банктің табысы мен шығындарын басқарудағы тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін маңыздылығында болып табылады.

        Банктер   шаруашылық   өмірдің   орталығы,  барлық    экономиканың     негізгі   түйіні. Экономиканы    басқару    процесінде   банктер   негізінен   басқарудың   экономикалық   қатынастарын   көрсетеді,   ал   әр   қоғамның    экономикалық    қатынастары   ең   алдымен   мүдде   өндірістің    мақсаты,   яғни    оны    қозғаушы   фактор   болып    табылатын    әдістемелерді    пайдаланады. 

        Банктік  жүйе - нарықтық   экономиканың  ең   маңызды   және   біртұтас   құрылымдарының   бірі.   Банк   негізінен  республикада  нарықтық  қатынастың  қалыптасуына   орай   тәуекелге   бел  байлаған  белсенді  операциялар  мөлшерін  төмендету  арқылы  пассивтерді   бір   қалыпты  деңгейде   ұстап, түбінде   әрбір  кәсіпорынның ,  шаруашылықтың  тиімділігін  арттыру   бағытындағы  стратегиялық  саясат  ұстанып  отыр.  

        Банктің табыстары мен шығындарын басқару банктің белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталады және банктік жұмыстағы ең бастысы. Себебі, банктің қайта бөлуге бағытталатын ақша ресурстарының басым бөлігі (орташа 80%) – қоғамдікі, яғни ақша банктен тыс субъектілерден тартылған қаржылар. Сондықтан, қоғам ақша қаржысын сеніп тапсырған коммериялық банктердің қаржылық белсенді болуын сәйкес заңдар мен нормативті актілер арқылы қамтамасыз ететін -  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Болашақ маман ретінде осы көзқарас бойынша табыстар мен шығындарды басқару мәселесінің маңыздылығының деңгейі курстық жұмысымыздың тақырыбына  бірден – бір арқау болды.

        Сонымен қатар, соңғы  жылдары елдегі коммерциядық банктердің саны 237-ден қаір 40-қа тарта қалды. Бұның себебі еліміздегі нарықтық экономиканың дамуына сәйкес банктік қаржылық менджментте позитивті өзгерістердің болуы, яғни іщкі қаржылық басқару мен сыртқы қадағалау тетіктерінің күшеюі.

        Осы орайда, дәл осы процестерді ашу, банк табыстары мен шығындарының құрамын, құралу көздерін зерттеу, оң және теріс жағына көз жеткізу, сәйкесінше, туындайтын мәселелердің себептерін және оларды шешу жодарын іздеу курстық жұмысымыздың тақырыбына қызығушылық танытты және мақсатына айналды.

        Банктің қыметі ұдайы өзгеріп  отыратын жалпы экономикалық  және әлеуметтік- саяси жайлардың,  қаржылық нарықтағы жағдайлардың  өгеістерінің барысында жүргізіледі.  Сәйкесінше, бұл құбылыстар банктың жалпы  экономикалық белсенділігіне әр түрлі әсер етуі мүмкін.

        Қазақстан Респубдикасының «Банктер  және банктік қызмет туралы»  заңына сәйкес Қазақстанда банктер  – қаржы нарығына әр тарапты  операциялар орындайтын айрықша  хұқыққа ие әмбебап несие мекемелері. Олар әр түрлі мерзімге несие берумен, бағалы қағаздарды және шетел валюталарын сату және сатып алу, сақтаумен айналысады.

         Нарықтық экономика жағдайында  коммерциялық банктер – өз  клиенттеріне әр түрлі қызметтер  көрсететін ерекше кәсіпорын. Қазіргі кезде банктің клиенттерге ақы  негізінде көрсететін қызметтерін жүзеге асыруға байланысты жүргізілетін операциялардың дәстүрлі және нарық талабына сай дәстүрлі емес формалары көбеюде. Осыған байланысты банк қызметінің коммерциялық сипаты арта түспек. Сондықтан коммерциялық деген термин екінші деңгейдегі банктердің қандай да болмасын меншіктің формасына жататындығынан емес, олардың ақы негізінде (%-к  ставкамен – немесе комиссиондық төлеммен) клиенттерге көрсететін қызметтерінің сан алуандығымен байланысты.

          «Банк табысы мен шығының басқару» атты тақырыптағы алған курстық жұмысымызда Қазақстан Республикасының  коммерциялық банктерінің табыс мен шығынын қарастырдым. Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданған әдебиеттерден тұрады.

           Курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде алып отырған тақырыбымыздың қазіргі нарықтық экономика жағдайында өзектілігі, жұмыстың мақсаты, міндеттері, осы жұмысты жазу барысында ең негізгі қолданылған отандық және шетел авторларының оқу құралдары, мерзімді баспалар мақалалары қарастырылған.

           Бірінші бөлімде, банктердің табысынын құралу көдері, осы табыстардың құрамы мен құрылымы, банктердің шығыстары мен олардың пайда болу себептері толығымен қарастырылды.

        Екінші бөлім «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңына негізделген және де банктің табысы мен шығынын басқаруға арналған әдістемелік тәсілдер қарастырылған. Осыған қоса банк табысы мен шығынын бағалау тәсілдері толық қарастырылған.

      Үшінші бөлім коммерциялық банктердің табысы мен шығынын басқару дағы нақты мәселелер мен оларды жетілдіру жолдары қарастырылған деп айтуға болады. Коммерциялық банктер осы белгіленген операциялар арқылы жүзеге асады. Осында активті және пассивті операциялары жайлы мәліметтер қарастырылады. Соның ішінде пассивтік операциялардың: әлемдік банктің тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

         І топ – депозиттер; ІІ топ – депозиттік емес тартылған қаражаттар.

         Осы аталған екі ірі топтың әр қайсысының пайда болуы мен дамуы, жіктелуі қарастырылған. Соған қоса активті операциялар туралы (жіктелуі, терминдер және т.б.) мағлұматтар бар.

         Қорытынды бөлімінде  жалпы коммерциялық банктердің табысы мен шығынын басқару бойынша қысқаша қорытынды жазылған. Жаңағы айтылып кеткен коммерциялық банктердің табысы мен шығынының құрамы мен құрылымы, олардың қалыптасу көздері, табыс пен шығынды басқару мәселелерін өз ойыммен қорытындыладым. Бұл жалпы курстық жұмыстың түйіні деп айтуға болады.

         Қолданылған әдебиетер бөлімінде курстық жұмысты жазу барысында қолданылған отандық және шетел авторлары оқулықтарының, мерзімді баспа сөз басылымдары мақалаларының, отандық және шетелдік интернет желілерінің толықтай тізімі көрсетілген.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. БӨЛІМ.  БанкТІҢ ТАБЫСЫ МЕН ШЫҒЫСЫНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ

                НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ  ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1. Банк табысын қалыптастыру көздері, құрамы мен құрылымы

 

         Әрбір кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты пайда табу болып табылады. Бухгалтерлік есептің ең басты атқаратын қызметі-есептемеде банктің кірісінің жеткіліктігімен немесе кірісі мен шығынын белгілеу.

        Табыс - бұл шаруашылық қызметті  жүргізу нәтижесіндегі капиталдың  көбеюі, толық шығынды алып тастағандағы жалпы табыс.  
Есепшілер «бөлінбеген немесе таза кіріс» деген терминді қолданғанды жөн көреді.

       Таза кіріс =кірістер-шығындар.

         Егер де шығын кірістен көп болса, онда жабылмаған зиян туралы әңгіме қозғалады. Кіріс- активтің көбеюі немесе несиелі қарыздың азаюы формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың көбеюі. Яғни банктің өз қызметі нәтижесіндегі алған пайдасы.

         Шығын- активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың азаюы. Шығындар капиталдың азаюына да себеп болып табылады. Шығын - кірісті төмендету көзі.  
         Кірістер банктің өмір сүру құралы болып саналады. Оларсыз табыс жоқ, табыссыз банк жоқ. Кірістер негізгі және негізгі емес қызметтен болған кірістер болып бөлінеді. Кіріс пен шығынның құрылымы және табыс есебінің реті Ұлттық Банкпен анықталады. Есептің қағидалары баптарды субъектінің қаржылық есеп беруіне қосылатын процессін мойындау болып табылады.  
          Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критерийлары келесідей:

баға беруге қолданылады.

- кіріс  пен шығын анықталады (кіріс пайда  алу кезінде көзделеді, ал шығын  активтің дұрыс орналаспауында  белгіленеді).

          Келісім-шарт толық орындалған кезде ғана кірістер мойындалады. Активтер болашақ зканомикалық табысты ұстап қалмаған жағдайда шығындар мойындалады. Кірістерді мойындаудың басты критерийларының бірі- сатушы сатып алушыға тәуекелдерді және сатылған өнімнің меншіктік құқығынан сый ақының бергендігінде. Сатушы оларды өзіне қалдырса, бұл мәмлені сату деп есептеуге болмайды.

         Әрбір кірістер мен шығындардың түрлері банктің қызмет етуінің оңтайлы жүйесінің бағасы үшін жеке ашылады. Банктің қаржылық нәтижесін құру үшін кірістер мен шығындардың маңызы бойынша топтастырылады.

        Кірістер мен шығындардың баптары мыналарды қосады:

  • тауарлы-материялды құндылықтардың бағасының төмендеуі;
  • банк қызметінің өзгеруі;
  • қозғалматын мүліктің бабының шығуы;
  • ұзақ мерзімді инвестицияның шығуы;
  • орындалған операциялар;
  • соттық істер;
  • резервті тағы басқалай қабылдамау.

          Табыс – активтің көбеюі немесе несиелік қарыздың азаюы формасындағы есеп беру уақытындағы экономикалық табыстың көбеюі. Кіріс шығындарды жабу көзі болып табылады.

           Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:

  • несиелік бизнес;
  • дисконттық бизнес;
  • сақтау бизнесі;
  • банктік кепіл беру қызметі;
  • бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;
  • салымдар қабылдау және клиенттердің твапсырмасы бойынша операциялрды жүзеге асыру бизнесі;
  • басқа банктермен корреспондеттік қатынасқа негізделген бизнес.
  • дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі.

         Несиелік бизнес, екі элементтен тұрады:

  • клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) несиелер беру
  • бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру.

         Несиелік бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқса банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Несиелік бизнесте пайыз формасында табыс түседі және де банктердің ең көп кірісі осы операция түрінен құралады.

         Дисконттық бизнес- төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен – дисконт негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг ооперациясы жатады. Факторинг операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан) талап етуге құқылы. Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғары сый ақы үшін тәуекелге барады.

        Факторингтік операциядан түсетін сый ақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады. Мұндағы табыс екі элементтен тұрады:

  • сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің несиелік ресурсын пайдаланғаны үшін төленетін пайыз.
  • факторинг операциясының түріне байланысты тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып отыратын комиссиондық сый ақы. Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленетіндіктен, факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады.

         Сақтау бизнесі- банктің трасталық (сенім) және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмаларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалға, траст келісім-шарты негізінде банк клиентке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сәйкес трасталық операциялардан түсетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сый-ақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сый-ақымен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сый-ақыдан тұрады.

         Банктің кепіл беру қызметі- клиенттерге есеп айырысу үшін және несие алу үшін банктің әртүрлі формалардағы берген кепіл-хаты мен кепілдемесінен түсетін ақшалай сый-ақы түріндегі табыс әкелетін банктің қызметін сипаттайды. Егер клиент банкі үшін оның атын шығаратын клиенттердің қатарында болса, банк оған ақысыз кепіл-хатын беруі мүмкін.

         Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементтерді қамтиды:  
         1. банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару

         2. оларды нарыққа сату

         3. кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқада эмитенттердің бағалы қағаздары мен қайталама нарықтағы операциялары.

          Мұндай бизнестен түсетін табыстар келесідей көзден құралады:

         1. өзінің және басқада эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында бағамдық айымадан

         2. жекешелендіруге байланысты көрсеткен қызметі (жекешелендірілетін кәсіпорынның есебін талап етілетін стандартқа жеткізу, оның құнын бағалау, акцияларды шығару және орналастыру, реестр жүргізу) үшін комиссия .

         Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі банкке мынандай формаларда табыс алуға мүмкіндік береді:

         комиссиондық сый-ақылар:

  • шот ашқаны үшін
  • шотты жүргізгені үшін
  • белгілі бір мерзім ішінде белгіленген комиссия (ақша белгісінде)
  • айналымнан алынатын комиссия (айналымнан пайыз түрінде алу)
  • шот бойынша операциялар туралы көшірме берген үшін
  • шотты жабу үшін
  • -қолма-қол ақша беруге немесе есеп айырысуға байланысты операциларды жүргізгені үшін
  • банктің корреспондеттік қатынасы бойынша басқа банктердегі корреспондеттік шоттарындағы кредиттік қалдық үшін алатын пайызы
  • дәстүрлі емес табыс түрлері банктің лизингтік, ақпараттық, кеңес беру, валюта айырбастауға байланысты, клиенттерге оқытып-үйреткені үшін және тағы басқа алынатын табыстар. Мұндағы лизингтік операциялардан түсетін табысқа; лизингтік төлемдер, пайыздық төлем және комиссия жатады.

           Бактің барлық табысын үш топқа бөлуге болады:

  1. пайыздық табыстар;
  2. банктік қызмет көрсетуден алатын комиссиялар;
  3. басқа да табыстар (бағамдық айырма, яғни баланстық құны мен нарықтық құны арасындағы айырма, алынған айып-пұлдар, пениялар және т.с.с.).

        Пайыздық табыс комиссиялар мен ұштасуы мүмкін. Мысалға, несиелік және факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комииссияға иеленеді.  
        Несиелік пайыз – пайыздық табысьтың басты көзі ретінде банктің берген несиелері үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады.

       Несиелік пайзды мынадай белгілерге байланысты жіктеуге болады:

  • несие формасына қарай: коммерциялық, банктік, тұтыну несиелерінің пайызы және т.с.с.;
  • несиелік мекеменің түріне байланысты: Орталық Банктің есепке алу пайызы, банктік, ломбарттық;
  • несиелердің мерзіміне қарай: қысқа менрзімді несиелер бойынша пайыз, ұзақ мерзімді несиелер бойынша пайыз;
  • несиелер түріне байланысты: овердрафт, бойынша айналым құралдарына берілген несиелер, вексельдерді есепке алу, мақсатты несиелер бойынша пайызы;
  • операциялар түрлеріне қарай: несиелер бойыншаv пайыз, банкаралық несиелер бойынша пайыз, депозиттік пайыз бағалы қағаздар мен облигациялар бойынша пайыз;
  • есептеу тәсіліне қарай: жай және күрделі,v қарапайым және тура және т.б.

        Комиссия – банктік операция үшін сый-ақы, латын тілінен аударғанда «comissio» сөзі тапсырма дегенді білдіреді. Оның мөлшеріне көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны мен қажетті пайда жатады.

        Табыс көздері екіге бөлінеді:

тұрақты, оған банктік қызметтен алынатынv пайыздық және пайызсыз табыстар жатады;

тұрақсыз, оған қайталама нарықтағы бағалы қағаздар мен жасалатын операциялардан және көзге көрінбейтін операциялардан алатын табыстарды жатқызуға болады.

          Банктің кірісі ұлттық валютада есептелінеді және мыналардан тұрады:

        банктің сый-ақы алуына байланысты:

  • Ұлттық Банктегі және басқа банктердегі корреспонденттік шоттар бойынша;
  • Ұлттық Банкте орналастырылған депозиттер бойынша;
  • Ұлттық Банкте қайта қаржыландыруға жарамды жоғары өтімді бағалы қағаздар мен қазыналық міндеттемелер бойынша;
  • сатуға арналған бағалы қағаздар бойынша;
  • басқа да бағалы бағалы қағаздар бойынша;
  • басқа банктерде орналастырылған депозиттер бойынша;
  • басқа банктерге берілген несиелер бойынша;
  • клиенттерге берілген несиелер бойынша;
  • инвеститцияға салымдар және субординарлық қарыздар бойынша;
  • филиалдармен есеп айыру бойынша;
  • лизингтік, факторингтік опреациялар бойынша.

             Банктік қызмет үшін комиссиондық кірістеріне байланысты:

  • аудару операциясы бойынша;
  • бағалы қағаздарды сату, сатып алу бойынша;
  • шетел валюталарын сату, сатып алу бойынша;
  • сақтандыру операциясы бойынша;
  • трасстық операциялар бойынша;
  • кепіл беру бойынша
  • клиенттердің салымдары мен шоттарын жүргізу бойынша;
  • басқа да комисиондық кірістер
  • - бағалы қағаздар мен акциялар бойынша дивиденттер;
  • есеп кассалық қызметі үшін клиенттерден төленген төлем, клиенттерден телеграфтық, телефондық шығындар төленуі;
  • шетел валютасын сату, сатып алу немесе қайта бағалау бойынша кіріс;
  • қайта бағаланған сатуға жарамды бағалы қағаздарджы сату, сатып алу кіріс;
  • инкассация үшін төлем;
  • кәсіпорындарға, мекемелер мен банктерге көрсеткен басқа да қызметі үшін төлем;
  • банктің негізгі құралдарын және басқа да активтерін сату бойынша кіріс;
  • банк шығыны есебінен өшіріліп, орнына салынған сома;

         Осы жылда анықталған өткен кезең кірісі (өткен жылдағы қателіктерді табу):

  • кіріс түрі банктің клиентке артық төлеп жіберуінен талап етілген сый-ақылар мен комиссиялардан, қарыздардың ерте бастан үмітсіз деп жазылуынан және қарыздардың түсуінен құралады;
  • банк қызметкерінен кінәсінен болған шығындар үшін төленген айып сомасы;
  • алынған айып пұлдар, өсім-ақылар, тұрақсыздықтар және басқа да санкцияларды қолданудан түскен сомалар. Сонымен қатар есеп операцияларын жүргізудегі ережелерді бұзғаны үшін клиенттен алынған айып пұлдары да жатады;
  • банк меншігіндегі мүлікті жалғаv беруіне байланысты түскен сома. Сонымен қатар, жасалынған келісім-шарттарға сәкес факторингтік және форфейтингтік операциялардың жүзеге асырылуынан болатын түсімдер.
  • күтпеген кірістер (банктің күтпегенv жағдайдан келетін кіріс түрі);
  • банктің басқа да кірістері (бұған банктің басқа да әртүрлі кірістері жатқызылады).  
     

1.2. Банктің  шығындары және олардың жұмсалу  бағыттары 

        Банктің шығындарын банк табыстарын жіктеген үлгіге сәйкес келесі топтарға ажыратуға болады.

        Операциялық шығындарға, яғни банктің  қалыпты қызметін қамтамасыз  етумен байланысты шығындарға  жатады:

  • Пайыздық шығындар,  сырттан тартылған қаражаттар үшін банкпен төленген пайыздар, соның ішінде банк шығарған бағала қағаздар көмегімен тартылған пайыздар (алынған несиелер, қарыздар, салымдар, депозиттер);
  • Пайыздық емес шығындар- банктің барлық операцияларын жүзеге асырумен байланысты пайыздық шығындардан өзге шығындар:
  • еңбек ақы мен жұмысшыларды материаладық ынталандырумен байланысты шығындар, басқару әкімшілігін ұстап тұрумен байланысты шығындар; өкілеттік және әкімшілік шығындар;
  • банкпен төленген сыйақылар;
  • банкпен төленген айыппұлдар;
  • іске қосумен байланысты шығындар ( амортизация, негігі қорларды ағымдық жөндеумен байлансты шығындар, жалдау бойынша шығындар, жарнама, тез тозатын және төмен бағаланған заттарды сатып алу шығындары, транспорттық, пошталық, телеграфтық шығындар, іс сапар шығындары, оқу, ақпарат үшін төлемдер).
Иннавациялық менеджмент. 3