Интелектуалды меншік
Кіріспе......................
1.
Интеллектуалдың меншік және оның объектілері...................
2. Авторлық құқық.........................
3. Айрықша құқық
және меншiк құқығы........................
4. Интеллектуалдық
меншік объектілеріне құқықтың пайда
болу негіздері.....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиет.......................
Кіріспе
Интелектуалды
меншіктілік құқығы, тіркеу мен
толтыру тәртібі Қазақстан
Интелектуалдық меншіктілік - әр түрлі салалардағы (өндірістік, ғылыми, әдеби, көркем) интелектуалдық қызметтің және өнімнің индивидуализация құралдарына теңесу, орындалған жұмыспен қызмет көрсету (тауарлық белгі, тауардың шығарылу орнының атауы) нәтижесіндегі айрықша құқық.
Авторлық құқық – автордың жеке мүліктік және мүліктік емес құқығы.
Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды.
Туындыға
деген авторлық құқық туынды жасалған
материалдық объектiнi меншiктену
құқығымен байланысты емес.
Қандай да болсын материалдық объектiге
меншiк құқығын немесе иелену құқығын
беру, осы Заңда көрсетiлген жағдайларды
қоспағанда, осы объектiде көрсетiлген
туындыға авторлық құқықтың берiлуiне
әкеп соқпайды.
1. Интеллектуалдың меншік және оның объектілері
Күнделікті өмірімізде біз «интеллектуалдық меншік» немесе «интеллектуалдық меншік құқығы» деген сөздерді жиі болмаса да естіп жатамыз. Егер бұл сөздерге ден қойып көңіл аударар болсақ, оның мәні тереңде жатканын аңғарамыз. Интеллектуалдық ментттіктің нақты аныңтамасы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда берілмесе де Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 125-бабында көрсетілгендей: «Осы кодексте белгіленген реттер мен тәртіп бойыніиа азаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызме тінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметі өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет кәрсету белгісі және т. б. ) ерекше құқығы танылады». Мұны біз заңдық тұрғыда бекітілген интеллектуалдық меншіктің анықтамасы ретінде қабылдаймыз.
Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуан түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
• интеллектуалдық қызметтің туындылары;
• ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
• өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер;
• фирмалық атаулар;
• тауарлық белгілері және т. б.
Объектілерді интеллектуалдык шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастырут болады.
Жоғарыда
көрсетілген интеллектуалдық
Интеллектуалдық
меншік құқығы объектілерінің екінші
тобы азаматтық айналымға
Питер Пэн туралы ертегінің жас батыры — Вендидің есімі ойдан құрастырылған. Шығарма жарық көрген соң, аталған есім кең тарап кетті, бірақ бұған дейін Англияда ондай есім болмаған. Жас өспірімдер П.Пэн туралы ертегінің авторы Джеймс Барриді өзінің досы ретінде танып, Маргарет Хенли есімді бір қыз оны «досым» деп атағанда ағылшынша «френди» орнына «венди» сөзі шығады, себебі ол қыз кейбір дыбыстарды айта алмаған. Сол кезден бастап жаңа есім пайда болады.
1929 жылы Барри өзінің «Питер Пэн» ертегісінің авторлық құқығын Лондонның қалалық балалар ауруханасына береді, аталмыш аурухана аталған құқықты үшінші тұлғаларға беруден түскен пайдаға медициналық зерттеулер мен ауруханаға түрлі құрап жабдықтар сатып алады.
Интеллектуалдық
шығармашылық қызмет нәтижелерiнiң
авторлары осы нәтижелерге
Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесiнiң авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және оған шығармашылық еңбегiмен интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiн жасаған адам ғана ие бола алады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы жалпы ережелер қолданылады.
Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар (авторлық құқық объектiлерi). Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды бiлдiру әдiсi мен нысанына қарамастан қолданылады.
Интеллектуалдық
меншiк құқығының
интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;
азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне:
ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;
өнертабыс, пайдалы үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер;
селекциялық жетiстiктер;
интегралдық микросызба топологиялары;
ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау);
Азаматтық айналымға қатысушыларды,тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына:
фирмалық атаулар;
тауарлық белгiлер (қызмет көрсету белгiлерi);
тауарлар шығарылатын жерлердiң атаулары (шығатын жерiн көрсету);
Кодексте
және заң актiлерiнде көзделген
реттерде азаматтық айналымға
Интеллектуалдық
меншiк объектiлерiне құқықтың
пайда болу негiздерi. Интеллектуалдық
меншiк объектiлерiне құқық оларды құру
фактiсiнiң күшiмен не Кодексте немесе өзге
де заң актiлерiнде көзделген жағдайлар
мен тәртiп бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк
органның құқықтық қорғауды беруi нәтижесiнен
туындайды.
Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар.
Интеллектуалдық
шығармашылық қызмет нәтижелерiнiң
авторлары осы нәтижелерге
Жеке мүлiктiк емес құқықтар, оның мүлiктiк құқығына қарамастан, авторға тиесiлi болады және оның мүлiктiк құқығы басқа тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық қызметiнiң нәтижелерiне ауысқан жағдайда өзiнде сақталып қалады.
Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына (бұдан әрi - дараландыру құралдары) арналған құқық иелерi осы құралдарға қатысты мүлiктiк құқықтарға ие болады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесiнiң авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және оған шығармашылық еңбегiмен интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiн жасаған адам ғана ие бола алады.
Авторлық құқықты иелiктен айыруға және басқа адамға беруге болмайды.
Егер нәтиже екi немесе одан да көп адамның бiрлескен авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып танылады. Тұтастай алғанда туындының тең авторлары болып танылатын адамдар тобы интеллектуалдық меншiктiң жекелеген объектiлерiне қатысты заң актiлерiмен шектелуi мүмкiн.
Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне айрықша құқықтар.
Интеллектуалдық шығармашылық меншiк объектiсiн оның иесiнiң өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады.
Айрықша
құқық объектiсiн басқа
Интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқықты иеленушi, егер ол осы Кодекстiң және өзге де заң актiлерiнiң ережелерiне қайшы келмесе, осы құқықты басқа адамға толық немесе iшiнара беруге, интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалануға рұқсат етуге және оны өзгедей түрде пайдалануға құқылы.
Айрықша құқықтарды шектеуге, осы құқықтарды жарамсыз деп тануға және оларды тоқтатуға (жоюға) осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, шектер мен тәртiп бойынша жол берiледi.
Айрықша құқықтардың басқа адамға ауысуы. Егер Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқықтарды олардың құқық иелерi шарт бойынша толық немесе iшiнара басқа адамға беруi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен және заңды тұлғаның - құқық иесiнiң қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде ауысады.
Айрықша құқықтардың берiлуi авторлық құқық пен өзге мүлiктiк емес құқықтардың жүзеге асуын шектемеуге тиiс. Мұндай құқықтарды беру немесе шектеу туралы шарттың талаптары жарамсыз болады.
Басқа адамға оның қолданылуы кезеңiнде шектеулi уақытқа айрықша құқық берудi көздейтiн шартқа лицензиялық шарт туралы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 966-бабы).
Лицензиялық шарт:
Лицензиялық
шарт бойынша интеллектуалдық
Лицензиялық шартта лицензиатқа:
1)
интеллектуалдық меншiк
2)
интеллектуалдық меншiк
3)
интеллектуалдық меншiк
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензия жай (ерекше емес) деп ұйғарылады.
Лицензиаттың интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалану құқығын басқа адамға беруi туралы шарт қосалқы лицензиялық шарт болып танылады. Лицензиат қосалқы лицензиялық шартты тек лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасауға құқылы.
Лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың iс-әрекетi үшiн, егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат жауапты болады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiн жасау және пайдалану туралы шарт.
Автор шарт бойынша туындыны, өнертабысты немесе интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң өзге де нәтижесiн жасау және өзiнiң жұмыс берушiсi болып табылмайтын тапсырысшыға оны пайдаланудың айрықша құқығын беруге өзiне мiндеттеме алуы мүмкiн.
Шарттың белгiлi бiр түрдегi не белгiлi бiр саладағы интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiн жасауға автордың құқығын шектейтiн талаптары жарамсыз болады.
3. Айрықша құқық және меншiк құқығы
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына, мұндай нәтиже немесе дараландыру құралы көрсетiлген материалдық объектiге меншiк құқығына қарамастан, айрықша құқық қолданылады.
Интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқық осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген мерзiм iшiнде қолданылады.
Заң актiлерiнде мұндай мерзiмдi ұзартудың мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне жеке мүлiктiк емес құқық мерзiмсiз қолданылады. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда айрықша құқықтың қолданылуы оны белгiлi бiр уақыт iшiнде қолданбаудың салдарынан тоқтатылуы мүмкiн.
Айрықша құқықтарды қорғау Кодекстiң 9-бабында көзделген әдiстермен жүзеге асырылады. Айрықша құқықтарды қорғау:
1)
пайдалану арқылы айрықша
2)
жiберiлген кемшiлiктер туралы, оған
бұзылған құқықтың кiмге
3)
заң актiлерiнде көзделген
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы жалпы ережелер қолданылады (Кодекстiң 20-тарауы).
Авторлық құқық. Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар (авторлық құқық объектiлерi). Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды бiлдiру әдiсi мен нысанына қарамастан қолданылады. Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, басып шығарылған, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiкке көрсетiлген), сондай-ақ халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бiр объективтi нысанда:
1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);
2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк алдында орындау және т.б.);
3) дыбыс немесе бейне жазу (механикалық, цифрлық, магниттi, оптикалық және т.б.);
4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және т.б.);
5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель, макет, құрылыс және т.б.);
6) өзге де нысандарда қолданылады.
Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң жеке өздерiне қолданылмайды.
Авторлық құқық объектiлерiнiң түрлерi. Авторлық құқық объектiлерi мыналар болып табылады: әдеби туындылар; драмалық және музыкалық-драмалық туындылар; сценарийлiк туындылар; хореография және пантомима туындылары; мәтiндi немесе мәтiнсiз музыкалық туындылар; аудио-бейне туындылар, радио туындылар; кескiндеме, мүсiн, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерiнiң туындылары; қолданбалы өнер туындылары; сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары; фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдiстермен алынған туындылар; географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендiрмелер мен үш өлшемдi туындылар; ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар; өзге де туындылар.
ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау кез келген тiлде және кез келген нысанда көрсетiле алатын, оларға негiзгi мәтiндi және объектiлiк кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне қолданылады.
Авторлық құқық объектiлерiне, сондай-ақ: туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйiндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да қайта өңделiмдерi); жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да iрiктелу және (немесе) материалдардың орналасуы бойынша шығармашылық еңбек нәтижесi болып саналатын құрастырылған туындылар жатады.
Туынды және құрастырылған шығармалар оларға негiз болған немесе олар қамтыған шығармалардың авторлық құқық объектiлерi болу-болмауына қарамастан авторлық құқықпен қорғалады.
Авторлық құқық объектiлерi болып табылмайтын туындылар. Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылмайды:
- ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң шығару, әкiмшiлiк, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары; мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлер);
-халық шығармашылығының туындылары; ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактiлер туралы хабарлар.
4. Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтың пайда болу негіздері
Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық Интеллектуалдық меншік объектілерін кұру фактісі және тәртіп бойынша өкілетті мемлекеттік органның құқықтық қорғауды і беруі нөтижесінен туындайды.
Суретші сурет салды, автор кітап жазды. Бұл жердегі сурет пен интеллектуалдық меншік құқығы негізінде заңды дәлел болып табылады.
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне байланысты мүліктік емес (абыройын қорғау құқытғы, т.б.) және мүліктік (басу, жалға беру, т.б.) құқықтар болуы мүмкін. Бұл жерде интеллектуалдық меншік субъектісін екіге бөліп қарастыруға болады: автормен объектіге құқығы бар иеленуші. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің авторларына жеке мүліктік емес және мүліктік құқыктар да тиесілі болады. Мүліктік құқығын басқа адамдарға берген жағдайда да авторда жеке мүліктік емес құқықтар әр уақытта сақталады. Тауарлық белгілердің иегерлеріне тек мүліктік кұқықтар ғана тиесілі.
Интеллектуалдық
меншік объектілеріне қатысты
• Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқық иесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады.
Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану лицензиялық шарт арқылы жүзеге асырылады.
• Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиар) екінші тарал (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді.
Ресми құжаттардың, мемлекеттiк рәмiздер менбелгiлердiң жобаларына құқық. Ресми құжаттардың, мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлердiң жобаларына авторлық құқыққа жобаларды жасаған адам (жасаушы) ие болады. Ресми құжаттардың, рәмiздер мен белгiлердiң жобаларын жасаушылар, егер оны жасауға тапсырма берушi оған тыйым салмаса, ондай жобаларды жариялауға құқылы. Жобаны жариялаған жағдайда оны жасаушылар өз есiмiн көрсетуге құқылы. Жобаны, жасаушының келiсiмiнсiз, егер бұл жобаны автор жарияласа немесе тиiстi органға жiберсе, оны ресми құжат дайындау үшiн құзыреттi органның пайдалануы мүмкiн. Ресми құжаттарды, мемлекеттiк рәмiздердi немесе белгiлердi жобаның негiзiнде дайындаған кезде оған ресми құжатты, мемлекеттiк рәмiздi немесе белгiнi дайындауды жүзеге асырушы орган өз қалауы бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзуi мүмкiн.
Құзыреттi орган жобаны қабылдағаннан кейiн ол әзiрлеушiнiң есiмi көрсетiлмей-ақ және авторлық сыйақы төленбестен пайдаланылуы мүмкiн.
Авторлық құқықты қорғау белгiсi. Айрықша авторлық құқық иесi өз құқықтары туралы мәлiмдеу үшiн туындының әрбiр данасына салынған және үш элементтен:
-қоршауға алынған латынша "С" әрпiнен;
- айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан);
- туындының бiрiншi
жарияланған жылынан тұратын
авторлық құқықты қорғау
Егер өзге дәлел болмаса,
Туынды авторының мынадай жеке мүлiктiк емес құқықтары болады:
1) туынды авторы
ретiнде танылу және оны
2) туындыны өз атынан, бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен пайдалану құқығы (авторлық атқа құқық);
3) өз туындысына
өзгерiстер мен толықтырулар
Автордың келiсiмiнсiз оның туындысын шығарғанда безендiрулер, алғысөздер, соңғысөздер, түсiнiктемелер немесе қандай да болсын түсiндiрмелер беруге тыйым салынады.
Автор қайтыс болғаннан кейiн оның туындысын қол сұғушылықтан қорғауды өсиетте көрсетiлген адам, ал мұндай нұсқау болмаған жағдайда - автордың мұрагерлерi, сондай-ақ заң актiлерiне сәйкес авторлық құқықтарды қорғау жүктелген тұлғалар жүзеге асырады.
4) белгiсiз тұлғалар тобының туындыны ашуға рұқсат құқығы (халыққа жария ету құқығы).
Автор туындыны халыққа тарату туралы бұрын қабылдаған шешiмiнен бас тартуға құқылы (керi қайтарып алу құқығы), бұл жағдайда жоғалтылған пайдасын қоса алғанда, пайдаланушыға осындай шешiм арқылы келтiрiлген залал өтелуi керек. Егер туынды халыққа жария болып кетсе, автор оны керi қайтарып алатыны туралы көпшiлiкке хабарлауға мiндеттi. Бұл орайда ол туындының бұрын әзiрленген даналарын өз есебiнен айналыстан алып тастауға құқылы.
Осы тармақтың ережелерi қызметтiк туындыларға қолданылмайды.
Автордың бiреумен келiсiмi немесе автордың жеке мүлiктiк емес құқықтарын жүзеге асырудан бас тартуы туралы арызы жарамсыз болады.
Автордың мүлiктiк құқықтары. Авторға туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға айрықша құқықтар берiледi.
Туындыны сақтауға беру. Туындылардың қолжазбаларын, материалдық негiздегi басқа туындыларды, оның iшiнде машинкаға басылғандарын сақтауға беру, егер осылайша сақтауға беру әркiмнiң кiруiне ашық қоймада (депозитарийде) жүргiзiлсе және депозитариймен жасалған шарт бойынша кез келген адамның туынды данасын алуына жол берiлсе, туындыны пайдалану деп танылады.

- Интелектуальная готовность детей к обучению в школе
- Интелектуальная собственность
- Интелектуальная собственность
- Интелектуальная собственность
- Интелектуальная собственность в инновационной деятельности
- Интелектуальная собственность,как объект гражданского права
- Интелектуальные системы
- Интегрированные структуры международного бизнеса
- Интегрированные уроки
- Интегрированные уроки изобразительного искусства и развития речи в начальной школе
- Интегрированные цепи поставок в управлении бизнес-процессами (на примере ОГУП «Печать»)
- Интегрированный подход как средство активизации творческого мышления обучающихся на уроках изобразительного искусства в начально
- Интегрированный урок по истории
- Интегрирующий множитель