Инвестиция және оны есепке алудың теорилық неігіздері

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың тақырыбы «40 (IAS) Инвестициялық жылжымайтын мүлік» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .

Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар  мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы  бөлу арқылы үлгі көрсетуде...”, деп  айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық  жобалардың маңызы зор.

Курстық жұмыстың мақсаты  І бөлімінде инвестиция туралы түсінік  бере отырып, оның түрлеріне тоқталамын, II бөлімінде Инвестиция есебінің әдістері: үлестік қатысу әдісі, сатып алу  құны әдістерінің қолданылуын қарастырамын, ал ІІI бөлімінде қаржылық инвестиция есебін көрсете отырып, қысқа мерзімді инвестицияның ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның  қайта бағалауын анықтау, есеп беруде инвестицияны ашып көрсету болып  табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері: инвестиция түсінігі және жіктелуі, есепке алу міндетін анықтау, халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарының ақпаратын ашып көрсету, инвестиция есебінің әдістері: үлестік қатысу әдісі, сатып алу құны әдісінің қолданылуын талдау, қаржылық инвестиция есебінің бағалануы және қайта бағалануы анықтау .

Үлестік қатысу әдісі - бұл  әдіс бойынша инвестиция сатып алған  кезде сатып алынған күні бойынша  есептелінген, кейін тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активіндегі  өзгерістерді инвестордың үлесінің мойындалуына қарай оның, яғни инвестицияның  құны өсіп немесе кеміп отырады.

Құн әдісі — инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік әдіс.

Қаржылық инвестиция – ол акция, облигация және басқа да құнды қағаздар мен банктегі депозиттерге салынған салымдар.

Олар қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып  танылады.

Қаржылық инвистициялардын есебі ХҚЕС сәйкес №32 «Қаржылық  құралдар: танылып және ақпарат беру», №39 «Қаржылық құралдар: мойындауы  және бағалануы», және №2 ҰҚЕС стандартында қарастырылған.

Қаржылық инвистициялардың ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 1 және 2 бөлімдерінде 1100-1150, 2000-2040 шоттар қарастырылған

 

  1. Инвестиция және оны есепке алудың теорилық неігіздері

 

1.1 Инвестиция түсінігі  және жіктелуі, есепке алу міндеті

 

Инвестициялар деп өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы  шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын  айтады.

Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз бүгінгі күні қолда  бар ақшаны, мүлікті және басқа  да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта  пайыз түрінде немесе басқадай үлкен  кәсіпкерлік табыс табу болып  табылады.

Бұл жоғарыда айтылған процеспен  екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі-уақыт, ал екіншісі-тәуекелділік (тәуекелге бару). Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

Инвестицияның көзі болып  жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған  бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын  болсақ, инвестиция көзі-жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субьектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі  қаржыландыру немесе ол үшін сырттан  несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу  түрлері бойынша инвестициялар  нақты және қаржылық инвестиция болып  екі түрге бөлінеді.

Нақты инвестиция дегеніміз  – шаруашылық субьектісіндегі белгілі  бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын  салымдар   болып табылады.

Қаржылық инвестициялар  — бұл субъектінің табыс алу  мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын баска да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ак, қаржылық инвестицияға пайдаланбай  тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Каржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (кұнды) кағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) кағаздар екі  топка бөлінеді — ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Акшалай  бағалы қағаздарды алған кезде акшалай  қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинак  сертификаттар және т.б. жатады. Осы  бағалы қағаздар бойынша табыс бір  мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдык (атаулы) кұнынан  төмен бағаға сатып алудың есебінен калыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, кысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уакытқа) беріледі.

Инвестиция мыналарға  бөлінеді:

  • үлестік – жай және артықшылықты акциялар ;
  • борышқорлық –облигациялар, қазыналы вексель, депозиттік сертификаттар және т.б.

Инвестиция көздері:

а) жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі );

ә) амортизацияның қорлануы (накапливаемая амортизация);

б) кредиттік ресурстар.

Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:

1.Жұмсау мерзімі бойынша:

  • қысқа мерзімді –бір жылға дейін иемдену мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы);
  • ұзақ мерзімді –бір жылдан көп иемдену мерзімі;
  • мерзімсіз инвестициялар.

Ұзақ мерзімді және мерзімсіз  инвестициялар- бұл қосымша пайда  алу мақсатында немесе құнды қағаздары  сатып алынатын компанияға ықпал  етуге ие болу мақсатында немесе бұл  салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсамалы әлдеқайда пайдалы  болғандықтан қаражатты орналастыру.

2. Тағайындалуы бойынша:

  • қаржылық-құнды қағаздарға жұмсау;
  • нақты (мүліктік жұмсау)- субьектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.

3. Шығу тегі бойынша-  бірінші, екінші.

4. Болу формасы бойынша-  құжаттық, құжатсыз.

5. Ұлттық тегі бойынша-  отандық, шетелдік.

6. Қолдану түрі бойынша-инвестициялық  (капиталдық), инвестициялық емес.

7. Иемдену қатары бойынша-  жеке, жалпы.

8. Шығарылым формасы бойынша-  эмиссиондық, эмиссиондық емес.

9. Меншік формасы бойынша-  мемлекеттік, корпоративтік.

10. Айналыс сипаты бойынша-  нарықтық, нарықтық емес.

11. Тәуекелдік деңгейі  бойынша- аз тәуекелдікпен, мүмкін  үлкен тәуекелдікпен.

Тәуекелдік түрлерін мынаған  бөлуге болады:

  • капиталды тәуекелдік – бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелдік, инвестор өзінің инвестициясын ысырапсыз қайтара алмайтын, толық босатып ала алмайтын тәуекелдік;
  • уақытша тәуекелдік- міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы инвестицияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелділік;
  • заңдық өзгерістер тәуекелділігі- шығын мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін тәуекелдік;
  • өтімділік тәуекелділігі(риск ликвидности)- инвестицияны өткізу барсындағы болуы мүмкін ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
  • нарықтық тәуекелдік- нарықтың жалпы құлдырауы мен байланысты инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
  • кредиттік және іскерлік тәуекелдік- борыштық құнды қағаздар шығарушы (эмитент) негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге жағдайын болдырмайтын тәуекелдік;
  • пайыздық тәуекелдік- нарықтағы пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;
  • валюталық тәуекелдік- шет елдік валютадағы инвестициямен байланысты тәуекелдік.

12. Қолма-қол табыс бойынша-  табыстық, табыссыз.

13. Қаражатты жұмсау формасы  бойынша:

  • борыштық – құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция;
  • иелі үлестік (владельческие долевые)- нарықты субьектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ (еншілес және тәуелді компаниялардағы инвестиция) мүліктегі үлес;
  • жеке жобалар (кенішті игеру).

14. Экономикалық мәні (құқық  түрі) бойынша- мүліктік, міндеттік.

15. Халықаралық стандарт  бойынша бухгалтерлік есепте  инвестиция мыналарға бөлінеді:

  • №28 ХҚЕС «Қаумдастырылған компанияларға берілген инвестицияларды есепке алу»;
  • №32 ХҚЕС «Қаржы құралдары – ақпаратты ашу және беру»;
  • №39 ХҚЕС « Қаржы құралдарды: тану  және бағалау»;
  • № 40 ХҚЕС  «Жылжымайтын мүлік инвестициясы».

Бұған қоса, инвестиция мыналарға  бөлінеді:

  • тікелей- басқа субьектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар;
  • портфельдік- субьект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы;
  • венчурлік (тәуекелшіл) - жаңадан пайда болған субьектілердегі (мұнай және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар) тәуекелді және тез өтелімді инвестициялық салым ақшалар.   

 

1.2Инвестицияны есепке  алудағы нормативтік құжаттардың  қолданылуы.

 

Қазақстан Республикасының  Заңы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732  
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24. Бұл заң 5 тараудан тұрады

1 тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. Бухгалтерлік  есепке алу жүйесi, бухгалтерлiк  құжаттама және iшкi бақылау

3-тарау. Қаржылық есеп  берудің элементтерiн бағалау  мен есепке алу

5 тарау. Қорытынды ережелер

1 бап. Осы заңның қолданылу  аясы 

1. Осы Заңның күші міндетті  мемлекеттік тіркелуге жататын  жеке кәсіпкерлерге (бұдан әрі  - кәсіпкерлерге), Қазақстан Республикасының  резиденттері болып табылатын  заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының  аумағында тіркелген резидент  еместердің филиалдары мен өкілдіктеріне  (бұдан әрі-ұйымдарына)қолданылады.  
2. Кәсіпкерлер мен ұйымдар осы Заңға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi өзге де нормативтiк құқықтық актiлеріне, бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге және қаржылық есеп берудi жасауға міндетті.  
Ескерту. 1-баптың 2-тармағы өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен.

Ескерту. 1-бап өзгерді - Қазақстан  Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы N 329 Заңымен.

Осы Жарлық 1996 жылғы 1 қаңтардан  бастап күшiне енеді.

 

1.3. Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

 

28 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар

 

1.  28 IAS стандарты қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестицияларды есепке алу үшін қолданылуға тиіс. Алайда ол: тәуекелді капиталы бар ұйымдар,немесе инвестициялық сақтандыру қорларын қосқанда, өзара қорлар, пайы бар инвестициялық қорлар және осы секілді кәсіпорындар қауымдасқан ұйымдарға салған инвестицияларға қолданылмауы тиіс, олар бастапқы танудан кейін пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша көрсетіледі немесе саудаға арналған ретінде жіктеледі және олар жөнінде 39-«Қаржы құралдары – тану және бағалау» ХҚЕС-на сәйкес есеп беріледі. Мұндай инвестициялар осы өзгерістер орын алған кезеңдегі пайда және шығын бойынша танылған әділ құндағы өзгерістермен бірге 39 (ХҚЕС-на сәйкес әділ құн бойынша бағалануға тиіс. Осындай инвестицияны иеленетін кәсіпорын 37тармағы талап еткен ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

28 IAS стандартында терминдер төменде аталған мағыналарда пайдаланылады:

Қауымдасқан ұйым - инвестордың  елеулі ықпалы бар және ол не еншілес  кәсіпорын, не инвестордың бірлескен  қызметтегі азшылық үлесі болып  табылмайтын ұйым, оның ішінде серіктестік  сияқты корпорацияланбаған ұйым.

Шоғырландырылған қаржы  есептілігі – топтың біртұтас экономикалық ұйым дайындағандай болып ұсынылатын  қаржы есептілігі.

Бақылау – ұйымның қаржылық және операциялық саясатын оның қызметінен пайда алатындай етіп басқару  мүмкіндігі.

Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі - соған сәйкес инвестициялар  бастапқыда өзіндік құны бойынша  ескеріледі де, ал содан соң инвестициялар  объектісінің таза активтеріндегі инвестор үлесі алынғаннан кейін болған өзгерісіне түзетілетін бухгалтерлік есепке алу  әдісі. Инвестордың пайдасына немесе залалына оның инвестициялар объектісінің пайдалары мен залалдарындағы үлесі  кіреді.

Бірлескен бақылау шарт бойынша  экономикалық қызметке бақылауды бөлуді білдіреді және мұндай қызметпен  байланысты стратегиялық қаржылық және операциялық шешімдер олардың арасында бақылау бөлінген тараптардың (кәсіпкерлердің) ортақ келісімін талап ететін жағдайларда ғана орын алады.

Жеке қаржы есептілігі – бас ұйым, қауымдасқан ұйымның  инвесторы немесе бірлесіп бақыланатын  ұйымның кәсіпкері ұсынатын есептілік, мұнда инвестицияларды есепке алу  есептілікте ұсынылатын нәтижелердің және инвестициялар объектілерінің таза активтерінің негізінде емес, тікелей қатысу үлесі негізінде  жүргізіледі.

Елеулі ықпал - инвестициялар  объектісінің қаржылық және операциялық  қызметі бойынша шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігі, бірақ осындай  саясатты жеке өзі немесе бірлесіп бақылау емес .

Еншілес ұйым – басқа  ұйым (бас ұйым деп аталатын) бақылайтын ұйым, оның ішінде серіктестік сияқты корпорацияланбаған ұйым.

39 IAS Халықаралық  қаржы есептілігінің стандарты

Қаржы құралдары - тану және бағала

 

39 IAS тандарттың мақсаты қаржы активтерін, қаржы міндеттемелерін және қаржылық емес активтерді сатып алу немесе сату туралы кейбір шарттарды тану және бағалау қағидаттарын белгілеуден тұрады. Қаржы құралдары туралы ақпаратты ұсынуға арналған талаптар 32-«Қаржы құралдары – ақпаратты ашу және беру» IAS Халықаралық стандартында жазылған. Қаржы құралдары туралы ақпаратты ашып көрсетуге арналған талаптар 7-«Қаржы құралдары - ашып көрсету» IFRS Халықаралық стандартында жазылған.

39 IAS стандартты барлық ұйым, мыналарды қоспағанда, қаржы құралдарының барлық түріне қолдануы тиіс:  еншілес ұйымдардағы, қауымдасқан ұйымдардағы және бірлескен қызметтегі 27-«Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі» IAS немесе 28-«Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар» IAS немесе 31-«Бірлескен қызметке қатысу» IAS Халықаралық стандарттарына сәйкес есепке алынатын қатысу үлестерін. Сонымен қатар, ұйымдар осы Стандартты еншілес ұйымдарға, қауымдасқан ұйымдарға немесе бірлескен қызметке 27 IAS, 28 IAS немесе 31 IAS Халықаралық стандарттарына сай 39 IAS стандартына сәйкес есепке алынатын қатысу үлестерін қолдануға міндетті. Ұйымдар сондай-ақ осы Стандартты еншілес ұйымдарға, қауымдасқан ұйымдарға немесе бірлескен қызметке қатысу үлесінен туынды құралдарына, осы туынды құрал 32 IAS Халықаралық стандарттағы ұйымның үлестік құралының анықтамасына сәйкес келетін жағдайларды қоспағанда, қолдануға міндетті; 17-«Жалдау» IAS қолданылатын жалдау шарттары бойынша құқықтар мен міндеттемелерді. Дегенмен: жалдау бойынша жалға беруші таныған дебиторлық берешек осы Стандарттың тану туралы және құнсыздану туралы ережелерін қолданудың ықпалында болса (15-37, 58, 59, 63-65-параграфтарды және А қосымшасының AG36-AG52 және AG84-AG93-параграфтарын қараңыз); жалдау бойынша жалға алушы таныған кредиторлық берешек осы Стандартты тануды тоқтатуға қатысты бөлігінде қолданудың ықпалында болса (39-42-параграфтарды және А қосымшасының AG57-AG63-параграфтарын қараңыз); жалдау шарттарына енгізілген туынды құралдар осы Стандарттың енгізілген туынды құралдары туралы ережелерін қолдануға сай келсе (10-13-параграфтарды және А қосымшасының AG27-AG33-параграфтарын қараңыз); 19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» IAS Халықаралық стандарты қолданылатын қызметкерлерге сыйақы бағдарламалары бойынша жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттемелерін;  кәсіпорын шығарған 32 (IFRS) ХҚЕС-тағы үлестік құралдар анықтамасына сай (купондар мен опциондарды қосқанда) немесе 32 (IFRS) ХҚЕС-тың тармақтарына сәйкес үлестік құралдар ретінде жіктелуі талап етілетін қаржылық құралдар. Алайда, осындай үлестік құралдардың иесі осы Стандартты сол құралдарға егер олар жоғарыдағы тармақшасындағы ерекшелікке сай болмаса қолдануы тиіс эмитенттің 9-параграфтағы қаржы кепілдіктері шартының анықтамасына сай келетін сақтандыру шарты бойынша немесе дискрециялық қатысу құқығы болғандықтан 4 IFRS қолдану саласындағы шарт бойынша туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін. Сонымен бірге, осы Стандартты 4 IFRS қолдану саласындағы шартқа енгізілген туынды құралға қолдануға болады, егер осындай туынды құралдың өзі 4 IFRS қолдану сай келетін шарт болып табылмаса (10-13-параграфтарды және А қосымшасының AG27-AG33-параграфтарын қараңыз). Сонымен қатар, егер қаржы кепілдіктері шарттарының эмитенті бұрын екіұшты емес түрде осындай шарттарды сақтандыру шарттары деп есептейтінін және сақтандыру шарттары қолданылатын есепке алу рәсімдерін пайдаланғанын мәлімдесе, ол осы Стандартты немесе 4 IFRS-ты осындай шарттарды сақтандыру шарттарына қолдануды таңдауға құқылы (AG4 және AG4А-параграфтарын қараңыз). Эмитент осындай таңдауды әрбір жеке алынған шартқа қатысты жасай алады, бірақ бірде оны жасай отырып, ол одан бас тартуға құқылы емес; кәсіпорындар біріктірілген кезде сатып алушы ұйым және сатушы арасында сатып алынатын ұйымды сатып алу немесе сату туралы белгілі бір болашақ күнге жасалған шарттарды; 4-параграфта жазылғандарды қоспағанда, несие туралы келісімдерді. Несие туралы келісімнің эмитенті 37 IАS-ты осы Стандартты қолдану саласында болмайтын несие туралы келісімдерге де қолдануы тиіс. Дегенмен несие туралы барлық келісім осы Стандарттың тануды тоқтатуға қатысты ережелерін қолданудың ықпалында болады (15-42-параграфтарды және А қосымшасының AG36-AG63 - параграфтарын қараңыз); 39 IAS стандартынат қолданылатын 5-7-параграфтарын қолдану саласындағы келісім-шарттарды қоспағанда, 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS Халықаралық стандарты қолданылатын үлестік құралдар негізіндегі төлемдермен мәмілелер бойынша қаржы құралдарын, келісім-шарттарды және міндеттемелерді; ұйым 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IАS сәйкес бағалау міндеттемелері ретінде таныған не ол үшін неғұрлым ерте кезеңдердің бірінде ол 37 IАS сәйкес бағалау міндеттемесін таныған міндеттемені өтеу үшін ұйым жүргізуге міндетті болатын шығындарды өтеу үшін төлемдерге құқықтарын.

 

32 IAS Халықаралық қаржы  есептілігінің стандарты

Қаржы құралдары – ақпаратты  ашу және беру

 

32 IAS стандартының мақсаты қаржы құралдарын міндеттеме немесе капитал ретінде ұсыну, сондай-ақ қаржы активтер мен қаржы міндеттемелерін өзара есепке алу принциптерін белгілеу болып табылады. Ол эмитент тұрғысынан қаржы активтерінің, қаржы міндеттемелерінің және үлестік құралдардың санаттары бойынша қаржы құралдарының жіктемесіне; тиісті қатысу үлестерінің, диивдендтердің, пайдалар мен залалдардың жіктемесіне; сондай-ақ қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін біріне-бірін қарсы есепке алу керек болатын жағдайларға қолданылады. 32 IAS стандартмен белгіленген принциптер 39-«Қаржы құралдары – тану және бағалау» IAS Халықаралық стандартында қалыптастырылған қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін тану және бағалау принциптерін, сондай-ақ 7-«Қаржы құралдары – ашып көрсету» IFRS сәйкес оларды туралы ақпараттарды ашып көрсетулерді толықтырады.

32 IAS стандарты: 27-«Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі» (IAS)ХҚЕС, 28-«Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар» (IAS)ХҚЕС және 31-«Бірлескен қызметке қатысу» (IAS) ХҚЕС-тарына сәйкес есеп берілетін еншілес ұйымдардағы қауымдастырылған ұйымдардағы және бірлескен қызметтердегі қатысу үлестерін қоспағанда, қаржы құралдарының барлық түрлеріне ұйымдардың бәрі қолдануы тиіс. Алайда, кейбір жағдайларда 27 (IAS)ХҚЕС, 28 (IAS)ХҚЕС, 31 (IAS)ХҚЕС-тары ұйымға 39 (IAS)ХҚЕС-ын қолданып еншілес ұйымдағы, қауымдастырылған ұйымдағы және бірлескен кәсіпорныдардағы қатысу үлесі жөнінде есеп беруіне рұқсат береді; осындай жағдайларда кәсіпорындар 32 IAS стандартының талаптарын қолдануы тиіс. Сонымен қоса, кәіспорындар 32 IAS стандарты еншілес ұйымдардағы, қауымдастырылған ұйымдардағы және бірлескен кәіспорындардағы қатысу үлестеріне байланысты барлық туынды құралдарға қолдану тиіс. 19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» IAS Халықаралық стандарты қолданылатын қызметкерлерге берілетін сыйақы бағдарламасы бойынша жұмыс берушілердің құқықтарын және міндеттемелерін қоспағанда; 4-«Сақтандыру шарттары» IFRS анықтамасына сәйкес сақтандыру шарттарын қоспағанда. Алайда, 39 IAS Халықаралық стандарты ұйымға есептеуде шарттарды бөлек көрсетуге жүктесе, 32 IAS сақтандыру шарттарына кіріктірілегн туынды құралдарға қатысты қолданылады. Соған қоса, эмитент 32 IAS қаржылық кепілдік шарттары сияқты шарттарды тану және бағалау кезінде 39 IAS-ты қолданса, осы шартқа  қатысты қолданылуы тиіс, бірақ егер 4 IFRS параграфына сәйкес ол осылардың танылуы және бағалануы үшін дәл 4 IFRS-ты таңдаса, 4 IFRS қолданылуы тиіс. 4 IFRS қолдану аясындағы қаржы құралдарын қоспағанда, себебі олардың құрамында дискрециялық қатысу құқығы бар. Осы құралдардың эмитенті қаржы міндеттемелерінің және үлестік құралдардың арасындағы айырмашылыққа қатысты 32 IAS 15-32 және AG25-AG35-параграфтардың осы құқықтарына қолданудан босатылды. Алайда, бұл құралдар 32 IAS  стандартты барлық басқа талаптардың ықпалына ұшырайды. Соған қоса, 32 IAS осы құралдарға кіріктірілген туынды құралдарға қатысты қолданылады (19-IAS қараңыз). 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS Халықаралық стандарты қолданылатын үлестік құралдар негізіндегі төлемдері бар мәміле бойынша қаржы құралдарын, келісім-шарттарды және міндеттемелерді, мыналарды: 32 IAS стандарт қолданылатын 8-10-параграфтарының әрекет аясындағы шарттарды қоспағанда, сатып алынған, сатылған, шығарылған немесе қызметкерлерге берілетін акцияларға жоспарларды ұсынумен, қызметкерлердің акцияларды сатып алу жоспарларымен және үлестік құралдар негізінде төлемдер туралы басқа да мәмілелермен байланысты өтелген қазынашылық акцияларға қатысты қолданылуы тиісті 32 IAS стандартының 33 және 34-параграфтарды қоспағанда.

 

40 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

Инвестициялық жылжымайтын мүлік

 

40 (IAS) стандартының мақсаты инвестициялық жылжымайтын мүлік есебінің тәртібін және ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын тиісті талаптарды белгілеу болып табылады. 40 (IAS) инвестициялық жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты тану, бағалау және ашып көрсету кезінде қолданылады. 40 (IAS), басқалармен қатар, қаржылық жал ретінде ескерілетін жалдау шарты бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлікке жалгердің қаржы есептілігінде бағалауға және операциялық жалдау шарты бойынша жалгерге берілген жылжымайтын мүлікке инвестицияларды жалға берушінің қаржы есептілігінде бағалауға қолданылады. 40 (IAS) стандартта 17 Жалдау (IAS) ХҚЕС реттелген мәселелер қаралмайды, оның ішінде: жалгерлікті қаржылық немесе операциялық жалгерлікке жүйелеу; инвестициялық жылжымайтын мүлік объектілерін жалға өткізуден алынған кірісті тану (18 Табыс (IAS) ХҚЕС-да қараңыз); операциялық жал ретінде ескерілетін жалдау шарты бойынша жалға алушының иелігіндегі жылжымайтын мүлікті оның қаржы есептілігіндегі бағалау; қаржылық жалгерлікке берілген таза инвестицияларды жалға берушінің қаржы есептілігінде бағалау; кері жалгерлікпен сату жөніндегі операциялардың есебі; қаржылық және операциялық жалгерлік туралы ақпаратты ашып көрсету қаралмайды. 40 (IAS) ауыл шаруашылық қызметке жататын биологиялық активтерге (41 Ауылшаруашылығы (IAS) ХҚЕС қараңыз);  пайдалы қазбаларға және мұнай, табиғи газ және сол сияқты қалпына келтірілмейтін ресурстар секілді пайдалы қазбалардың қорларына құқықтарға қолданылмайды. Осы Стандартта мынадай терминдер төменде көрсетілген мәнінде пайдаланылады:

Баланстық құн – актив баланста танылатын сома.

Өзіндік құн – төленген ақша қаражаттарының немесе олардың баламаларының сомасы немесе оны немесе ғимаратты сатып алу кезінде активті сатып алу мақсатында берілген басқа өтемнің әділ құны немесе мұны қолдануға болса, басқа ХҚЕС, мысалы, 2 Акцияларға негізделген төлем (IFRS)  нақты талаптарына сәйкес бастапқы тану кезіндегі осы активке жатқызылған сома.

Әділ құн - бұл осындай операцияны жасағысы келетін, жақсы хабардар, тәуелсіз тараптардың арасында актив айырбасталуы мүмкін сома.

Инвестициялық жылжымайтын  мүлік - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, не сол да, басқасы да), жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да, басқасын да алу мақсатымен, бірақ: тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде пайдалану үшін емес, әкімшілік мақсаттар үшін емес; немесе әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес.

Иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік, тауарлар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде немесе әкімшілік мақсаттарға пайдалануға арналған.

Жалгер операциялық  жалгерлік бойынша иелік ететін жылжымайтын мүлік, мұндай жылжымайтын мүлік барлық қалған жағдайларда инвестициялық жылжымайтын мүлік ұғымына сай келсе және жалгер  активті тану үшін 33-55-тармақтарда баяндалған әділ құн бойынша есеп моделін пайдаланса, инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктеле және есепте көрсетіле алады. Жіктеудің мұндай нұсқасы объектілік негізде мүмкін болады. Алайда операциялық жалгерлік шарты бойынша жалгердің иелігінде тұрған жылжымайтын мүліктің бір осындай объектісі үшін жіктеудің осы нұсқасы таңдап алынса, инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелетін бүкіл жылжымайтын мүлік әділ құн бойынша есеп моделін пайдалану арқылы ескерілуі тиіс. Егер жіктеудің осы нұсқасы таңдап алынса, онда бұлайша жіктелген жылжымайтын мүлік бойынша 74-78-тармақтарда талап етілетін ақпарат ашып көрсетіледі.

Инвестициялық жылжымайтын  мүлік жалгерлік төлем немесе капитал құнының өсуінен кірістер, не соны да, басқасын да алуға арналған. Сондықтан инвестициялық жылжымайтын  мүлік түсетін ақшалай тасқындар, әдетте, ұйымның қалған активтерімен байланысты болмайды. Бұл инвестициялық жылжымайтын мүлікті иеленуші орналасқан жылжымайтын мүліктен өзгешелендіреді. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру немесе жеткізу (немесе мүлікті әкімшілік мақсаттарда пайдалану) мүлікке ғана емес, өндіру немесе жеткізу процесінде пайдаланылатын басқа активтерге де жатпайтын ақшалай қаражаттарды туғызады. 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар (IAS) ХҚЕС иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті көрсету үшін қолданылады.

Ивестициялық жылжымайтын мүлік мысалдары төменде келтірілген: әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сату үшін емес, ұзақ мерзімді болашақта капитал құнының өсуінен пайда алуға арналған жер; әрі қарай арналу мақсаты әзірше анықталмаған жер. (Егер ұйым жерді иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдаланатыны немесе әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сататыны туралы шешім қабылдамаған ретте, жер капитал құнының өсімін алуға арналған деп есептеледі); ұйымның меншігіндегі (немесе қаржылық жалдау шарты бойынша есеп беретін ұйымның қарауындағы) және операциялық жалгерліктің бір немесе бірнеше шарттары бойынша жалға берілген ғимарат; және қазір бос тұрған, бірақ операциялық жалгерліктің бір немесе бірнеше шарттары бойынша  жалға беруге арналған ғимарат, болашақта инвестициялық меншік ретінде қолдану үшін құрылысы жүріп жатқан немесе жасалып жатқан жылжымайтын мүлік.

Әрі қарай инвестициялық  жылжымайтын мүлік болып табылмайтын, осы Стандарттың ережелері қолданылмайтын баптардың мысалдары келтірілген: әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында сатуға арналған немесе құрылысы салынып жатқан немесе сату мақсатымен қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік (2 Босалқылар (IAS) ХҚЕС қараңыз); мысалы, таяу болашақта сатуға немесе қайта құрып, қайта сатуға ғана арналған жылжымайтын мүлік; үшінші тұлғалардың тапсыруы бойынша салынып жатқан немесе қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік (11 Құрылысқа жасалған келісімшарттар (IAS) ХҚЕС  қараңыз); иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік (16 (IAS) ХҚЕС қараңыз), оның ішінде (басқаларымен қоса) иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде одан әрі пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік; қайта құрып, кейіннен иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік; ұйымның қызметкерлері тұратын жылжымайтын мүлік (қызметкерлер нарықтық мөлшерлеме бойынша жалгерлік ақы төлейтін-төлемейтініне қарамастан), сондай-ақ иеленуші орналасқан және істен шығаруға арналған жылжымайтын мүлік; Қаржылық жалдау шарты бойынша басқа ұйымға жалға берілген жылжымайтын мүлік. Жекелеген реттерде жылжымайтын мүлік объектісінің бір бөлігі - жалгерлік ақы алу немесе капитал құнының өсімін алу үшін, ал екінші бөлігі тауарлар өндіру немесе жеткізу, қызметтер көрсету үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін. Егер объектінің аталған бөліктерін бір-біріне тәуелсіз сату мүмкін болса (немесе бір-біріне тәуелсіз қаржылық жалгерлікке беру), ұйым объектінің көрсетілген бөліктерін жеке-жеке ескереді. Ал егер объектінің бөліктерін жеке-жеке сатуға болмаса, осы объектінің аз ғана бөлігі тауар өндіруге немесе жеткізуге, қызмет көрсетуге немесе әкімшілік мақсаттарға арналған болса ғана, объект инвестициялық жылжымайтын мүлік деп есептеледі. Кейбір жағдайларда ұйым ұйымға тиесілі жылжымайтын мүлікті жалға алушыларға қосымша қызмет көрсетеді. Ұйым, көрсетілетін қызметтер барлық мәміленің салыстырмалы түрде аз ғана бөлігін құраған жағдайда, осы жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде қарастырады. Кеңсе үйінің иесі жалға алушыларға осы үйді күзету және ағымдағы пайдалану жөнінде қызмет көрсететін жағдай жоғарыда айтылғанның мысалы болып табылады. Басқа жағдайларда көрсетілетін қызметтер неғұрлым маңызды болады. Мысалы, егер ұйым қонақ үйге иелік етіп, оны басқаратын болса, онда тұрғындарға көрсетілетін қызметтер тұтастай келісім үшін маңызды болып табылады. Сөйтіп, иеленуші басқаратын қонақ үй инвестициялық жылжымайтын мүлік емес, иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті білдіреді. Кейде қосымша қызмет көрсетулер жылжымайтын мүлікті инвестициялық жылжымайтын мүлікке жатқызуға болмайтындай соншалықты елеулі болатын-болмайтынын анықтау қиын. Мысалы, қонақ үйдің иесі кейде жекелеген міндеттерді орындауды басқару шарты бойынша үшінші тарапқа береді. Ондай шарттардың талаптары алуан түрлі болады. Бір жағынан, иеленуші нақты түрде енжар инвестор жағдайында болуы мүмкін. Екінші жағынан, иеленуші бөтен ұйымға жекелеген жедел басқару міндеттерін бере алады, бұл жағдайда ол қонақ үйге байланысты ақшалай тасқындардың өзгеру тәуекелін одан әрі көтере береді. Объект инвестициялық жылжымайтын мүлік анықтамасына сәйкес келетінін анықтау үшін, кәсіптік пікірге сүйену қажет. Ұйым инвестициялық жылжымайтын мүлік анықтамасына және 7-13-тармақтарда айтылған ұсынымдарға сәйкес кәсіптік пікірді жүйелі түрде пайдалану үшін белгілі бір өлшемдер әзірлейді. 75(с)-тармақ ұйым, жіктеу болатын жағдайларда, осы өлшемді ашып көрсетуді талап етеді. Кейде ұйым өзінің бас кәсіпорны немесе сол топтағы басқа да еншілес кәсіпорны жалға алған және орналасқан жылжымайтын мүлікке ие болады. Мұндай жылжымайтын мүлік шоғырландырылған қаржы есептілігінде инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде көрсетілмейді, өйткені барлық топтың көзқарасы бойынша, осы объект иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік болып табылады. Алайда, жеке алынған меншіктенуші-ұйымның көзқарасы бойынша, объект, егер ол 5-тармақтағы анықтаманы қанағаттандыратын болса, жылжымайтын мүлікке инвестиция болып табылады. Сондықтан жалға беруші өзінің жеке қаржы есептілігінде аталған жылжымайтын мүлікті инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде көрсетеді.

Инвестиция және оны есепке алудың теорилық неігіздері