Инвестиция және оның түрлері



 

 

 

 

Аннотация


 

 

         Курстық жұмыстың тақырыбы: «Инвестиция және оның түрлері». Бұл жұмыста –инвестиция жайлы түсінік, олардың түрлері және Қазақстан Республикасының инвестициясы жобалары  қарастырылды. Инвестиция жайлы және оларды жасаушы инвесторлар жайы келтірілген.

         Курсттық жұмыс 25 бет комьютерлік тексте берілген, 1 сурет, 4 сызба нұсқа, 1 кесте және 11 түрлі әдебиет қолданылған.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны


 

Кіріспе ……………………………………………………………………………5

І  Инвестиция…………………………………………………………………….7

 

ІІ  Инвестиция түрлері…………………………………………………………...9

 

ІІІ Инвестиция қызметі………………………………………………………….14

 

ІҮ Қазақстан Республикасындағы  инвестиция………………………………...21

 

Қорытынды ………………………………………………………………………25

 

Қосымша…………………………………………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

         Адамзат қоғамының дамуының қазіргі кезең қиын да күрделі мәселелердің шешімі-ұтымды ұлтаралық экономикалық байланыстар орнату. Қазіргі таңда әлемдегі көптеген елдер арасында экономикалық байланыстар барған сайын күшейіп, әлемдік экономикалық жүйесі қалыптасып келеді. Нарықтық экономикаға қарай қозғалу әлемдік экономика жүйесіне қосылу көрінісі. Әлемдік нарық-жай ғана тауарлардың экспорты мен импорты ғана емес, бұл ақпараттар ағыны, білім, ғылыми-техникалық идеялар, өзара қызмет көрсету шектері арқылы қозғалу, бірлескен жобаларды өмірге әкелу. Соның нәтижесінде әр түрлі экономикасының ықпалдастыққа бағыт алып, жақындасуы.

         Сыртқы экономикалық қарым-қатынастар әлемдік экономиканы қалыптастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың кеңеюі өнеркәсіптің қалыптасуымен байланысты. Әлемдік нарық-бұл халықаралық еңбек бөлінісіне, халықаралық саудаға қатысатын жекелеген мемлекеттердің бір-бірімен байланысты әрі өзара әрекеттестіктегі ұлттық нарықтың жиынтығы. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы мелекеттер арасындағы сауда, өндірістік, ғылыми-техникалық, ол экономикалық ресурстардың айырбасына, бірлескен экономикалық қызметке алып келеді.

         Қазіргі мемлекеттердің көпшілігі икемді сыртқы сауда саясатын жүргізеді. Экономикалық қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі бұл-ғылыми-техникалық байланыс. Ғылыми-техникалық байлыныстың негізгі нысандарының бірі-еркін экономикалық зоналар. Бұл елдердің еркін кәсіпкерлікке ерекше қолайлы шарттар жасалған шектеулі ауданы. Мұндай шарттарға жататындар:

-жеңілдетілген кеден  және сауда тәртібі;

-тауарларды, еңбек ресурстарын,  капиталды ауыстырудағы үлкен  еркіндік;

-салық салудағы жеңілдікті  тәртібі;

-инвестиция тарту  мүмкіндіктері.

         Еркін экономикалық зонадағы  негізгі шартың бірі-инвестиция. Пайда, не түрлі табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығы саласына: кәсіпорындарға (өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа т.б.) күрделі қаржының, капиталдардың ұзақ мерзімге жұмсалуы. Бұл көбінесе акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарға және мемлекеттік заемдерды сатып алу немесе күрделі қаржы жұмсау арқылы іске асырылады. Инвестиция (лат. Investire-киіндіру)-капиталды көбейту мақсатында субъект иеленетін актив; өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту, пайда алу немесе басқа да түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен жасалынатын жобалар. Инвестиция -лизинг келісімшартын жасасқан сәттен бастап, қаржы лизингі құралдарын қосқандағы мүліктің барлық түрі (жеке қолданысқа арналған тауарлардан басқа), сонымен қатар, заңдық тұлғалардың жарғылық капиталына инвестордың салатын оларға деген құқығы немесе кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын тіркелген активтердің өсуі. Бағалы қағаздар нарығына сәйкес инвестиция деген- акциялар, облигациялар және т. б. қаржы құралдарын алуды білдіреді.

         Инвестиция ұғымы- күрделі қаржы. Жаңадан өндірістік және өндірістік емес негізгі қор жасауға немесе оның бұрынғыларын бүгінгі күннің талабына сай қайта құруға жұмсалған шығындардың жиынтығы және күрделі құрылыстарға бөлінген қаржылар. Инвестициялар-ұлттық шаруашылықтың әр түрлі саласындағы кәсіпорындарында ұзақ мерзімді капитал салымдары. Меншік нысандарына қарай инвестициялар мынадай түрлерге бөлінеді: жеке және мемлекеттік. Жеке инвестициялар толықтай табыс алу міндетіне бағытталған, ал мемлекеттік инвестициялар экономиканың дамуын реттеу  мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін. Жеке саламдарды қаржыландыру көздері ретінде акциялар, облигациялар және басқа да құнды қағаздар сатудан алынған, сондай-ақ ұзақ мерзімді кредиттер мен займдар түріндегі, құралдардан тыс таралған компанияның өзіндік қаражаты (бөлінбеген табыс, көбіне амортизациялық және басқа да қорлар). Мемлекеттік инвестициялар салықтар, мемлекеттік кәсіпорындардың табыстары, ақша эмиссиясы есебінен не үкіметтің ішкі және сыртқы заемдерін шығару жолымен қаржыландырады.

         Инвестор-шешім қабылдайтын, өзіндік,  қарыз және өзге де тартылған  мүліктік және зияткерлік құндылықтарын  инвестициялық жобаға салатын  заңды немесе жеке тұлға. Ол салымшы ретінде, кридитор ретінде де бола алады, өз бетінше инвестициялардың көлемін, бағытын, тиімділігін айқындайды. Инвестиция- пайда табу мақсатында бағалы қағаздарға иелік ету және өндіріске және өнімнің нақты түрін өткізуге тікелей салынатын, акциялардың бақылау пакетіне иелік жасау. Сонымен инвестиция экономикада сұранысты қанағаттандыруға бағытталған капитал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.  ИНВЕСТИЦИЯ

         Инвестиция-өндірістегі құрал-жабдықтардың қорлануына, материалдық заттарды көбейтуге, экономикадағы капиталдың запасын көбейтуге жұмсалған шығындар.

         Инвестициялық саясат-мемлекет өз экономикасының дамуына және халықтың экономикалық әл-ауқатының жақсаруына байланысты жүргізетін саясат. Инвестициялық саясат дегеніміз-халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатында ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған соммаға келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарықтардыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат халық тұтыну бұйымдарын көбірек өндіруге, сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

         Инвестиция деңгейі қоғамның  ұлттық табысының көлеміне ықпал  етеді, ұлттық экономиканың көптеген  макро-пропорциялары инвестиция  қозғалысына тәуелді. Кейнсиандық  теория бойынша инвестиция мен  жинақ ахуалы  (яғни көзі немесе инвестиция резервуары) әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.

         Ел аумағындағы инвестициялар  (күрделі қаржы) ұлғаймалы ұдайы  өндіріс процесін анықтайды. Жаңа  кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу,  жол салу соларға байланысты  жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді. Инвестиция жұмыспен қамту көлеміне де ықпал етеді. Жұмыспен алғашқы қамту инвестициялар ұзақ мерзім тұрғысынан ұлғаймалы ұдайы өндірісті жандандырады, жаңа инвестициялар мен жаңа жұмыс орындарын ашады да ұлттық табыс ұлғаяды.

         Инвестиция-шаруашылық объектісінің, аймақ, ел ішінде, олардан сырт жерлерде өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту, пайда алу, басқа да түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен ұзақ мерзімдік жұмсалымның көлемін, құрылымы мен бағыттарын айқындайтын шаруашылық шешімдердің жүйесі.

         Инвестиция-бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнның артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез-келген құрал. Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:

  1. Инвестициялардың түрлері
  2. Ақша құралдарын салу обьктілері
  3. Инвестицияландыруға қатысу сипаты
  4. Инвестицияландыру кезеңі
  5. Меншік түрлері
  6. Инвестордың қатысуы түрлері
  7. Тәуекел дәрежесі
  8. Ұдайы өндіріс түрлері

 

(Сызба нұсқа 1) Инвестиция рөлі

 



 


                                                                       

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ

        Инвестиция көзі-жинақ. Инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Инвестицияның бағыттары:

  • Жаңа өндіріс ғимараттары құрылысын салу;
  • Жаңа техника және технология, жаңа жабдықтар сатып алу;
  • Шикізат пен материалдарды қосымша алу;
  • Әлеуметтік нысаны және пәтер құрылысына;

Осы бағыттарға байланысты:

-негізгі капитал инвестициясы;

-товарлы-материалдық  қорлар инвестициясы,

-адам капиталы инвестициясы болып бөлінеді.

Инвестиция негізгі  екі бағытта пайдалынады:

  1. Нақты инвестиция-материалдық активтерге қаржы жұмсау.
  2. Қаржылық инвестиция-құнды қағаздарға қаржы жұмсау.

         Инвестициялар мына төмендегі  белгілерге байланысты бөлінеді.

І. Құрылымы бойынша:

а) Жалпы инвестициялар-жаңа (немесе ауыстыруға) негізгі капиталға жұмсалған капитал мөлшері. Ескі жабдықтардың орнын басуға кеткен шығындар (амортизация)+ өндірісті ұлғайтуға кеткен инвестиция өсуі.

б) Таза инвестициялар-ауыстырылған негізгі капиталдан аммортизация құнын шегергеннен кейінгі жұмсалған капитал. Егер таза инвестиция мөлшері тұрақты болса, экономика өседі, дамиды. Егер таза инвестиция нольдік мөлшерді құраса (жалпы шығынмен амортизация тең болса), онда экономика статика шамасында болады. Егер таза инвестиция теріс мөлшерді құраса (жалпы шығын амортизациядан төмен), онда іскерлік белсенділіктің төмендеуін көрсетеді.

         ІІ. Тарту тәсілі бойынша

а) Ішкі (отандық)

б) Сыртқы (шетелдік)

         ІІІ. Инвестициялау мерзімі бойынша

а) Қысқа мерзімді (бір жылға дейін)

б) Ұзақ мерзімді (бір жылдан көп)

 

 

         ІҮ. Тәуекелділік дәрежесі бойынша

Тәуекелді инвестициялар-инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным обьектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шешеалмау болып табылады.

Тәуекесізі инвестициялар-бірқатар мемлкеттер қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпті деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады.

Төменгі тәуекелді (сенімді)- Тәуекелді капитал салымын білдіру мақсатында қолданылатын термин. Мұндай инвестициялау технологиялық жаңа енгізілімді жүзеге асырудың негізгі үлгілерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерліктің аталған түрі көп жағдайда перспективасы кепілдікке алынбаған, үлкен тәуекелдіклікке ие жоғары ғылымдық және технологиялық салада ғылыми зерттеулер қорытындыларын коммерциялизациялауға тән.

         Ү. Инвестициялау нышандары бойынша:

а) Кәсіпорынның негізгі қорына жұмсалатын инвестициялар-ғимарат құрылыстары, ірі көлемді құрылыстар, құрал-жабдықтар үшін;

б) Тұрғын үй құрылысына инвестициялар;

в) Сақтық қор инвестициялары;

         ҮІ. Субъектілер бойынша-мемлекеттік жекеменшік және сыртқы кәсіпкерлік инвестициялардың екі түрі болады (орналасу тәсілі бойынша):

а) Тікелей инвестиция- өндіріске және өнімнің нақты түрін өткізуге тікелей салынатын, акциялардың бақылау пакетіне иелік жасауды қамтамасыз ететін инвестициялар.

б) Портфельдік инвестициялар-пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация және басқа құнды қағаздарды сатып алу үшін жұмсалған инвестициялар. Алайда ол инвестор тарапынан аталған бағалы қағаздарды шығарған мекемені басқару немесе бақылауды қарастырмайды. Капитал қайтарымы жөніндегі тәуекелділік делдалға қарайды. Мысалы Қазақстандағы портфелдік инвестиция-өзекті мәселелердің бірі. Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногындағы негізгі субъектілер-қаржы институттары, олар бағалы қағаздар портфелін қалыптастырып қана қоймай, оны тиімді басқаруға қадамдар жасауда. Қазақстандағы портфелдік инвестицияның сақтандыру компаниялардағы процесіне тоқталсақ. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін басқару процесін Қаржылық қадағалау агентігі жүзеге асырады. Қаржылық қадағалау агентігі активтерді инвестициялау нормативтеріне енгізген өзгерістеріне сәйкес, төмендегі халықаралық қаржылық ұйымдар шығарған бағалы қағаздарға өзінің активтерін орналастыра алады:

  • Халықаралық қайта құру және даму банкі;
  • Еуропалық қайта құру және даму банкі;
  • Америкалық даму банкі;
  • Халықаралық есептесу банкі;
  • Азиялық даму банкі;
  • Африкалық даму банкі;
  • Халықаралық қаржылық корпарация;
  • Ислам даму банкі;
  • Еуропалық инвестициялық банкі;

Инвестициялық портфельді басқарудың екі негізгі әдісі  бар: активті және пассивті. Басқарудың активті үлгісі сақтандыру компанияларының инвестициялық мақсаттарына жауап беретін қаржы құралдарын тез арада табу және мұқият зерттеу, сондай-ақ портфельдің құрамына кіретін қор құралдары құрамының тез арада өзгеруі ретінде көрінеді.

Инвестициялық портфельді пассивті басқару ұзақ мерзімге есептелінген, тәуекел деңгейі алдын-ала анықталған, диверсификациялық портфельді орналастырудан тұрады. Мұндай әдіс тек нарықтың жеткілікті деңгейіндегі тиімді және жоғары сапалы бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген уақытта ғана жүзеге асырылады. Портфельдің қызмет етуінің ары қарай жалғасуы қор нарығындағы процестердің тұрақтылығын болжайды.

Қазақстандағы сақтандыру компаниялары үшін инвестициялық портфельді басқарудың отандық қор нарығы кодировкалаудың  жедел өзгеруімен, процестердің динамикалылығымен, тәуекелдің жоғары деңгейімен түсіндіріледі. Сақтандыру компаниялары үшін олар тиімді ететін портфельді басқарудың активті үлгісі сай келеді.

Инвестициялық жобалардың негізгі түрлері:

  1. Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Ұқсас қондырғылардың бірнеше түрлері бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдеу керек болса, көпбаламалылық пайда болуы мүмкін.
  2. ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты-жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін қолдану, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түр әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені техникалық мағынада неғұрлым жетілдірілген қондырғы қаржылық жағынан неғұрлым тиімді бола бермейді.
  3. Өнім шығарудағы арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғары деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаны коммерциялық орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесемен және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келу-келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.
  4. Жаңа өнімді шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлеген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап өткен жөн.
  5. Экологиялық жүгі бар жобалар. Инвестициялық жобалау барысында экологиялық талдау жасау аса қажетті элемент болып табылады. Экологиялық жүгі бар жобалар өзінің табиғаты бойынша қоршаған ортаны ластауымен әрқашан байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады. Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен дәлелдеуді қажет ететін негізгі дилемма екі түрі бар: капиталдық шығындарды көбейте отырып, қондырғының аса жетілген және қымбат түрін қолдану немесе ағымдағы шығындарды көбейте отырып, аса қымбат емес қондырғыны қолдану.
  6. Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т.б. қамтиды.

         Инвестициялардың түрлерін топтау:

-ақша құарлдары, салымдар, акциялар, пайлар және т.б. құнды  қағаздар

-жылжымайтын және  жылжымалы мүлік

-авторлық құқықпен  тәжірибемен және т.б. интелектуалдық  құндылықтармен байланысты мүліктік  құқықтар

-жерді, суду, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқықтары және т.б. мүліктік құқықтар

-қандай да бір өндірісті ұйымдастыруға қажетті техникалық, құжат, дағды, өндірістік тәжіририбе ретінде рәсімделген техникалық,  технологиялық коммерциялық сауаттылық.

         Құралдардың салыну абьектілер бойынша инвестициялар бөлінеді:

-нақты инвестициялар  немесе құралдарды материалдарды  активтерге салынуы, яғни нақты  инвестициялар-кәчіпорынның негізгі  және айналыс кпиталын қалыптастыратын  материалды және материалды емес  активтерге салынатын салым. Материалды активтер-ғимараттарға, станоктарға, қосыша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;

-материалды емес активтер-литцензиялардың,  потенттердің, тауар белгісінің  құны, жарнамаға және кадрларға  дайындауға кеткен шығындар;

-қаржылық инвестициялар немес түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы-депозиттер, құнды қағаздар, банктік салымдар;

         Меншікті түрлер бойынша инвестициялар мына түрлерге бөлеміз:

-азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанынлағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары,

-мемлекеттік, ол түрлі  деңгейіндегі кәсіпорындар мен  мекемелердің бюджет көздерінен  қаржыландырылады;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ.  ИНВЕСТИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ

         Инвестиция әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады. Жаңа кәсіпорындар, үй тұрғызу, жол салу, жаңа жұмыс орнын салу инвестициялық процестерге тәуелді.

Инвестиция-бұл табыс  алу мақсатында елдің ішіндегі жеке салаларға және шетке ұзақ мерзімге мемлекеттік және капитал салымдарын айтамыз. Инвестициялық сұраныс факторлары:

-табыс мөлшерінің  күтімі;

-банкілік процент  ставкасы;

Бұл жердегі тәуелділік табыс мөлшерінің күтімі жоғары болса, онда инвестиция өседі. Проценттік ставка-бұл  фирманың қарызға ақша капиталын  алғанда төлейтін бағасы. Егер табыстың мөлшер күтімі (мысалы 10% ) процент ставкасын (айталық 7%) болса, онда инвестициялау табысты болады және керісінше. Инвестицияға сұраныс тәуелділігі, процент мөлшеріне кері пропорционалды.

(Сызба нұсқа 2)  Инвестицияға сұраныс тәуелділігі

          Процент ставка


                                                  Инвестицияға сұраныс қисығы


 

 

 


                                        инвестиция

 

         Инвестицияға сұраныс қисығына  басқа да факторлар ықпал етеді.

А) инвестицияның табыс күтімінің өсіруге әкелетін фактор қисықты оңға ауытқытуы (инвестицияға сұраныс өседі).

Б) инвестициялық табыс  күтімін төмендетуге әкелетін фактор, ол қисықты солға ауытқытуы (инвестицияға сұраныс төмендейді). Бұл факторларға  жатады: жабдықты пайдалануға кеткен шығын кәсіпкерлерге салық, инфляция т.б. Сондықтан ағымдық инвестицияны базистік жылдың инвестициясымен салыстырғанда «нақты инвестициялар» пайдалынады.

         Инвестициялық табыс-инвестициялау нәтижесінде алынған ақша. Инвестициялық табысты жеке инвесторлар өздерінің қаражатын инвестициялаған кезде, сондай-ақ институционалдық инвесторлар жеке инвесторларға тиесілі жинақталған қаражатты инвестициялаған кезде алуы мүмкін.

         Инвестициялық қоржын-мамандандырылған компанияның меншігіндегі немесе басқаруындағы қаржы құралдарының алуан түрлерінің жиынтығы. Инвестициялық қоржын қандай да бір тұлға өзінің қаражатын инвестициялау мен тәуекелдіктерді әртараптандыру мақсатында оларды бағалы қағаздардың әр түрлеріне және басқа да қаржы құралдарына инвестициялаған жағдайда қалыптасады. Бұл қоржынды аталған қаражаттың меншік иесінің өзі немесе меншік иесінің тапсырмасы бойынша басқарушы компания қалыптастыруы мүмкін.

         Инвестициялық пай- қорды құрайтын, мүлік құқығына деген оның иесінің үлесін куәландыратын атаулы бағалы қағаз. Пай құжатттық емес үлгіде жүзеге асырылады. Клиенттің пай иесі екендігін алынған пайлар мөлшері көрсетілетін тәуелсіз тіркеуші тарапынан берілген реестр көшірмесі дәлелдейді. Инвестицялық пай Басқарушы компаниядан өз иесінің мына жағдайларды талап етуіне мүмкіндік береді:

- қорды басқаруға  тиісті;

- сенім басқармасынан  төлемақы (жабық ПИҚтар);

- пай ұстанушылардың  жалпы отырысына қатысу (жабық  ПИҚтар);

- сатып алу үшін пайды ұсыну;

Өзге бағалы қағаздар түрі секілді инвестициялық  пайларларды сыйға тартуға, мұраға қалдыруға, кепілдікке қоюға, сатуға болады.

         Инвестициялар-активтердің бір түрі, инвестицияланған капиталдың немесе басқада табыс табу мақсатымен субьект ие болған обьектілер (мысалы, коммерциялық есебі нәтижесінде проценттерді, роялтиді, дивиденттерді, жал төлемін, табысты).

         Басқа жақтағы тысқары ұйымдардың  құнды қағаздарға, мемлекеттік және  жергілікті қағаздардың проценттік  облигацияларына, салымдар, басқа  да заңды және жеке тұлғаларға  берілген қарыздар қаржылық инвестициялар болып саналады.

         Инвестициялар деп-экономика салаларына  капитал түрінде салыным жұмсалатын  шығындарының жиынтығын айтамыз.

        Инвестиция аудиті мақсаты-шаруашылық жүргізуші субьекті қолданатын құқықтық-нормативтік актілер, инвестиция есебі бойынша операцияларға салық салу мен есеп әдістемесіне сәйкес белгілеу болып табылады. Инвестиция аудитінің мақсаты:      

  • Шаруашылық жүргізуші субьектілер активтерін инвестицияларға жатқызылуы дұрыстығын тексеру;
  • Инвестиция есебінде оларды тиісті жіктеу белгілері бойынша шектеу;
  • Инвестицияларды есепке қойғанда олардың құнын құрудың жүйелі бақылауы;
  • Инвестицияларға байланысты опрациялары есебінің дұрыстығын тексеру;
  • Инвестициялардың синтетикалық және аналитикалық есептерді жүргізу жағдайын бақылау;
  • Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте шаруашылық операцияларын көрсетудің толықтылығы мен дұрыстығын бағалау;
  • Инвестицияларды түендеу мен олардың нәтижелерінің бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуін бақылау;
  • Инвестициямен байланысты операциялар бойынша салықтық заңнама талаптарының толық сақталуы;

Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндеттері:

-жоба мақсаттарының көзқарастарына  неғұрлым сәйкес келетін технологияларды  анықтау;

-жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;

-жобаның іске асуы мен жоспарлаудың  потенциалды мүмкіндіктерін тексеру;

Техникалық талдауды, кәсіпорындардың жеке сарапшылары  тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді.

         Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы мыналардан негізделген:

  1. кәсіпорын қызметінің соңғы 3 (дұрысы 5 жыл) жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау.
  2. инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорындарының қаржылық жағдайына талдау жасау.
  3. негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.
  4. инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен қша ағымдарын болжамдау.
  5. инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.

          Жобаның  қаржы бөлімі мыналарды  қамтиды:

-жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық  қажеттіліктерін анықтау;

-инвестициялық қажеттіліктердің  қайнар көздерін белгілеу (және  ары қарай ізденіс);

-инвестициялық жобаны іске асыру  үшін таратылған капиталдың құнын  бағалау;

-жобаны іске асыру есебінен  түсетін пайда мен ақша ағымдарын  болжау,

-жоба көрсеткіштерінің  тиімділігінің бағасы;

         Кәсіпорынның инвестициялық қызметі-кәсіпорынның  шаруашылық қызметінде маңызды  роль атқаратын және өзіне  тән заңдылықтарымен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие обьективті  процесс. Инвестицияны жүзеге  асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып табылады.

Инвестицияны жүзеге асыратын тұлғаларға тоқталсақ бұлар:

         Инвестор-инвестицияларды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға, бағалы қағаздарды сатып алушы. Жеке инвестор -пайда табу мақсатында өз қаражатын бағалы қағаздарға салатын жеке тұлға. Жеке инвесторлар бағалы қағаздарға инветицияны өз бетінше салады немесе бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары -брокерлер не портфельді басқарушылар қызметін қолданады.

         Институционалдық  инвесторлар-бұл өздерінің меншікті қаражатын емес, өздеріне ұсақ және орташа инвесторлар сеніп тапсырған қаражатты құятын мамандандырылған кәсіпқой ұйымдар болып табылады. Орташа және ұсақ инвесторлардың қаражатын инвестицияларды жүзеге асыру мақсатында тартатын заңды тұлға. Өзіне жекеменшік инвесторлардың қаражатын қабылдап, оны қаржы құралдарына құю мақсатында жинақтайтын компания. Қызметінің осындай тәсімінің арқасында институционалдық инвесторлар ірі инвесторлардың қатарына жатады, бұл оларға қаражатын барынша табысты әрі тартымды жобаларға құюына мүмкіндік береді. Шағын капиталды тек бір компанияның акцияларын иелену үшін немесе аз ғана компаниялардың бағалы қағаздарына шоғырландыру үшін ғана пайдалануға болатындықтан, мұндай инвестициялар жоғары тәуекелдікпен қатар жүреді. Сонымен қатар акциялардың шағын пакеттерін сатып алған кезде транзакциялық шығындардың үлесі артады. Осыған байланысты инвесторлардың көпшілігі акцияларды тиісті қаржы институттары арқылы иеленгенді артық көреді. Бұл үлеспұлдық инвестициялық қорлар, зейнетақы қорлары немесе сақтандыру компаниялары болуы мүмкін. Институционалдық инвесторлар түрлі компаниялардың акционерлеріне айналғаннан кейін өзінше бір институционалдық акционерлер болып табылады. Әдетте мұндай институционалдық акционерлер селқос рөл атқарып, басқа акцияларды иеленушілермен бірдей дәл сондай құқықтарды иеленсе де, өздері акционерлері болып табылатын компанияларда басқарушылық шешімдер қабылдауға қатысудан қалыс қалады. Олардың қызметінің мәні сол, - өздерінің салымшыларының орасан зор қаражатын жинап алып, мұндай компаниялар акциялары аса жоғары бағаланатын және үлкен табыс әкелетін көптеген ұлтаралық компаниялардың ірі пакеттерін сатып алып, сол табысты барлық салымшыларға бөле алады. Институционалдық инвесторлардың мысалы ретінде жинақтаушы зейнетақы қорларын, үлеспұлдық инвестициялық қорларды және т.б. келтіруге болады. Институционалдық инвестор — Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, инвестицияларды жүзеге асыру мақсатында қаражат тартатын заңдық тұлға.

Инвестиция және оның түрлері