ЖОСПАР
Кіріспе ...................................................................................................................3
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫҢ
ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ
1.1.Инвестицияларды орналастыру
процессі мен оның мәні .............................5
1.2. Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің
негізгі міндеттері …...............................................................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫҢ ФАКТОРЛАРЫ
МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстанның инвестициялық
климаты және шетелдік инвестицияның
орналасуы .............................................................................................................11
2.2 Қазақстан Республикасындағы
шетел инвестициясының келіп
түсуін және қолдану тиімділігін
талдау ..................................................................................23
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БОЛАШАҚҚА
ӘСЕРІ .....................................................................................................................29
Қорытынды ......................................................................................................39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
әдебиет КӨЗДЕРІ .......................................................41
Кіріспе
Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi
бойынша, инвестициялар кез-келген
елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы
ретiнде қарастырылады. Қазақстан халқына
ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030”
Жолдауында республика экономикасына
инвестицияларды тарту маңызды стратегиялық
мәселе ретiнде қарастырылған/2/.
Инвестицияларды
экономикаға тарту iшкi жинақтардың
және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен
құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың
жоғарылауына, импорттың төмендеуiне,
тауарлық тапшылықтың қысқаруына
және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн
жоғарылатуға көмектеседi.
Жалпы қазiргi
кезде адамдар экономикаға салынған
инвестициялардың нақты тиiмiдiлiгiн көруi
тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа
өндiрiстердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi
артуы үшiн жағдайдың жақсаруынан танылады.Осыған
орай Қазақстанда инвестиция саласын
одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.
Бүгінгі таңда
Қазақстан Республикасы өз аймағы
бойынша саяси-экономикалық маңызды
мәселелерді шешуде жетекші орынға
ие болып отыр.
Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық
рекформалардағы жетістіктер, табиғи
және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің
еліміздің іргетасы болып табылады.
Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін,
шетелдік инвесторларды елдің экономикасына
тарту стратегиялық мақсаттардың бірі
болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен
жүзеге асырған өркенниетті елдердің
тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның
экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын
көтеруге үлкен септігін тигізетінін
айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту
жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері
арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік
жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе
негізінде бағыт-бағдарын айқындауда.
Қазіргі таңда шетелдік инвестицияларды
елдің экономикасына жаңа әдіс-тәсілмен
тарту мәселесі алға шығуда. Ол- дегеніміз
көлемнен сапаға өту саясатын ұстану
болып табылады.
Қазақстанның
қазіргі кездегі экономикасы
үшін инвестиция өте маңызды
рөл атқарады десек те болады,
яғни казіргі уақыттағы өнеркәсіптік-экономикалық
дағдарыстан шығуға көмектеседі
деп білеміз. Өнімділіктің негізгі
құралы ретінде инвестициялық
әрекет экономикалық ортаға жаңа
элементтер енгізетін әрекетке
ие. Бұл кәсіпорын шеңберінде
өнім өндіруде ұтымдылықты қамтамасыз
етуге, ресурстарды тиімді пайдалануға
және әрине өзіміз айтып өткендей
экономикалық дамуға әкеледі.
Бір жағынан еркін кәсіпкерлік
ортаны құру жене тұтынушылардың
сұранысын ақтау өз бетінше
әрекеттер жасауға әкеліп тірейді,
яғни технологиялық жаңалықтарды
енізіп, іске қосу керек.
Қазақстан Республикасы
Президентінің халыққа 01.03.2006 жылғы жолдауында
былай делінген: «Біз ндустриалды-инновация
стратегиясын жүзеге асыруды бастадық,
бұл экономиканың әртараптануы, яғни болашаққа
арналған бағдарлама»\3\.
Дамудың қазіргі
кезеңінде Қазақстанда экономикалық
реформалардың негізгі бағыты
ретінде жоғары экономикалық
өсу қарқындарын қамтамасыз етуге
және экономика тиімділігін жоғарлатуға
бағытталған мемлекеттің инвестициялық
саясатын дайындау мен іске
асыру болып отыр.
Инвестициялық
жобалар бойынша жеңілдіктер
мен преференциялар беру экономика
дамуына әсер ететін маңызды
мемлекеттік тұтқалардың бірі
болып табылады.
Соңғы жылдары
өңдеуші салалардағы, ауыл шаруышылығындағы
ұзақ және қысқа мерзімді сипаттағы
инвестициялық жобаларға қаржы
ресурстарын бағыттауға және
халық тұрмысының әлеуметтік
проблемаларын шешуге мүмкіндік
беретін, 2/3 бюджеттік түсімдерді
қамтамасыз ететін, экспортты шикізаттық
салалардың даму арқасында, инвестициялық
арнаға отандық капиталдың біртіндеп
қайтарылу үрдісі байқалады.
Курстық жұмыстың
мақсаты - Қазақстанның инвестициялық
ахуалын талдап, кәсіпорынның инвестициялық
жобасын жүзеге асырудың теориялық
және әдістемелік негiздерiн зерттеу,
инвестициялық саясаттың тиiмдiлiгiн
талдау және инвестициялық саясатты
жетiлдiру жолдарын қарастыру
болып табылады.
Курстық жұмысты орындау
барысында алдыма келесiдей мiндеттер
ұсынамын:
- Инвестицияның экономикалық мәнiн және оның экономиканың тиiмдi дамуындағы қажеттiлiгiн аанықтау;
- Инвестициялық саясаттың iске асу заңдылықтарын және оған әсер ететiн факторларды қарастыру;
- Осы инвестициялық саясатты iске асырудағы корпорациялырдың инвестициялық iс-әрекетiнiң маңыздылығын көрсету;
- Шетелдік инвестицияларды ұлттық экономикада тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажеттіліктері.
- Қазақстандағы қазіргі инвестициялық жағдайдың мәселелері мен даму барысына тоқталу;
- Елiмiздiң мұнай және газ саласы бойынша қызмет етiп отырған корпорациялардың инвестициялық саясатының қажет болып отырған негiзгi бағыттарын ұсыну болып табылады.
Зерттеудің методологиялық
негіздеріне Қазақстан Республикасы
заңдары, Президент жолдаулары, статистика
мәліметтері, теориялық бөлімінде шетелдік
және отандық ғалым-экономистерді және
мамандардың ой-пікірлері мен еңбектері
қолданылады.
1.Мемлекеттің инвестициялық климаттың
экономикадағы ролі.
1.1.Инвестицияларды
орналастыру процессі мен оның
мәні.
“Инвестиция"
терминінің бірнеше мағынасы бар. Ол
біршама қаржылық нәтижелерді ескеріп
акция немесе облигациялар сатып алуды
білдіреді; белгілі бір тауарды өндіру
мен сатуға талап етілетін нақты активтерді,
мысалы машиналарды білдіреді.
Инвестиция-бұл капиталдың сақталуын
немесе құнының өсуін және
ол бойынша оң табыс алуды
қамтамасыз ететін капиталды
орналастыру әдісі. Бос ақша
қаражаттары- инвестиция емес, себебі
қолма-қол ақшаның құндылығы инфляциямен
“жеп” қойылуы мүмкін және
олар табысты алуды қамтамасыз
ете алмайды. Егер,сол ақша
қаражаттарының сомасын банктін
жинақтаушы шотына орналастырсақ,
онда оларды инвестиция деп
атауға болады, себебі шот белгілі
бір табысқа кепіл береді.
Инвестициялық процесті талдаулар
таза инвестициялардың артқы
Ж.Ұ.Ө-ң мультипликативті өсуін
басқаратынын көрсетеді. Басқаша
айтқанда,инвестициялық ақшалар
– бұл “қуаттылығы жоғарылатылған
“ ақшалар.Мұның баламалы әсеріне
мемлекеттік шығындардың өсуі
де әкеледі.
Кез келген экономикалық инвестициялық
ортасы негізгі болып табылады
және елдің экономикалық өсуін
анықтайды, ал инвестициялық саясат
экономикалық саясаттың приоритетті
сферасы болып табылады.
Капиталды орналастырудың түрлі
нысандары бар.Олар бірқатар факторлармен
айқындалады: бағалы қағаздарға
және жылжымайтын мүлікке; қарыздық
міндеттемелерге; акция және опциондарға;аз
немесе көп тәуекелмен;қысқа немесе
ұзақ мерзімге;тікелей және жанама.
Бағалы
қағаздар және мүліктік салымдар.
Бағалы қағаздар немесе қор
құндылықтары-бұл кез келген біреудің
қарыз міндеттемелерін көрсететін
немесе меншік иесі ретінде
компаниядағы үлесін сату немесе
сатып алу құқығын қамтамасыз
ететін ақша салымдарының құралы.
Мүліктік салымдар-бұл компанияның
нақты активтеріне немесе жеке
нақты мүлікке салымдар.
Нақты активтер-бұл жер,құрылыстар
және жермен тұрақты ‘’байланыстырылғандардың’’барлығы.
Нақты жеке мүлік-бұл алтын,
антиквариат,өнер өндірісі және
басқа да коллекциялық заттар.
Тікелей және жанама инвестициялар.
Тікелей инвестиция – бұл қор
немесе мүліктік құндылықтар
түріндегі активтерге талаптартарды
инвестор тікелей иеленетін капитал
салымы.
Жанама инвестиция – бұл портфельге
қаражат салу,басқаша айтқанда
бағалы қағаздардың,не мүліктік
құндылықтардың жиыны. Мысалы,инвестор
әртүрлі фирмалар шығарған бағалы
қағаздардың диверсификацияланған
жиынын көрсететін өзара байланысты
қордан акция сатып ала алады.Осы
сатып алудан кейін,инвестор жеке алынған
компаниялардың активтеріне талаптарды
емес, ал портфельдегі үлеске ие болады.
Облигация,акция және опциондар.
Ережеге сәйкес, инвестициялар не
кредиторлардың мүддесімен,не капиталға
меншік иесі ретінде қатысуымен
байланысты. Қарыздық бағалы қағаздар
мүліктік емес активтерге салымдар
ретінде пайыз (%) түрінде табыс
алу құқығына айырбасқа берілген
қаражаттарды және белгіленген
уақытта қарыз сомасын қайтаруға
қарыз алушының міндеттемесін
білдіріді. Инвестор қарыздық
қаржы инструменттерін сатып
алған кезде, мысалы облигацияны
айналысқа шығарғанды несиелейді
және келісім шарттың аяқталуында
қарыздың бастапқы сомсын қайтаруға
міндетті болатын келісілген
уақыт ішінде бекітілген пайыздарды
төлеу міндеттемесін алады.
Капиталға қатысу немесе үлестік
салымдар - бұл уақыт шектеулерімен
байланысты емес белгілі бір
компанияның немесе мүлкінің
иесінің үлесі. Негізінде инвестор
акция деп аталатын бағалы
қағаздарды сатып ала отырып
компания каиталына қатысу құқығын
иеленеді.Опциондар қарыздық инструменттерге
де,үлестікке де жатпайды; бұл
инвесторларға басқа бағалы қағаздарды
немесе келісілген мерзім аяқталғанша
алдын – ала белгіленген баға
бойынша активті ссатып алуға
құқық беретін бағалы қағаз.
Жоғары тәуекелді және аз тәуекелді
инвестициялар.
Кейде инвестицияларды тәуекел
деңгейі бойынша бөледі. ’’Тәуекел’’
термині жағымсыз нәтиже алу
мүмкіндігін білдіреді.
Тәуекелі төмен инвестицилар- бұл
белгілі бір табыс алу тұрғысынан
қауіпсіз деп есептелетін салымдар.
Тәуекелі жоғары инвестициялар-
бұл белгілі бір табыс алу
кепілі тұрғысынан спекулятивті
болып есептелетін салымдар.
Спекуляция- бұл қаржы инструменттерінің
құнымен табыстылығы болашақта
анықталған болатын қаржы инструменттерін
сату және сатып алу операциясы.
Инвестициялыық процестің құрылымы.
Жалпы,
инвестициялық процесс- бұл ақша
ұсынушылар мен сұранушылар арасындағы
механизм.Екі жақ әдетте,қаржы
институттарында немесе қаржы
нарығында кездеседі.Қаржы институттарын
– банк және қарыз жинақтаушы
ассоциациялар сияқты ұйымдар,әдетте,
алдымен салымдар алады,содан
соң ақшаларды кредитке береді,басқаша
айтқанда инвестициялайды.Қаржы
нарықтары – бұл қор биржасы
сияқты делдалдар көмегімен келісімдер
жасау үшін қаржы ресурстарын
ұсынушылар мен іздеушілерді
мемлекеттің ағымдағы қажеттіліктері
табылады.
Жалпы,мемлекет
– бұл ақша қаражаттарын таза
тұтынушы,яғни ол ақша қаражаттарын
бергенге қарағанда көп пайдаланады.
Компаниялар.
Көптеген
компаниялар (типіне тәуелсіз) өз
қызметін қолдау үшін күрделі
қаражаттарды қажет етеді.Мемлекетке
ұқсас компаниялар,жалпы таза
ақша қаражаттарын сатып алушылар
болып табылады.
Жеке
тұлғалар
Жеке
тұлғалар инвестициялық процеске
әр түрлі әдістермен ақшаларды
жеткізе алады,мысалы,ақшаларды
жинақтаушы шоттарға орналастыру,акция
және облигациялар сатып алу,сақтандыру
полистерін сатып алу,әр түрлі
мүліктерді сатып алу.
Жеке тұлғалар – ақшаларды
таза жабдықтаушылар;басқаша айтқанда,олар
инвестициялық процеске ақшаны
алғанға қарағанда көп береді.
Инвестициялау.
Инвестициялау деп – ақшаларды
олрдың құндылығын арттыру немесе
оң табыс алу мақсатында арнайы
таңдалған қаржы инструменттері
арқылы орналастыру процесін
айтамыз. Бұл қызмет үлкен экономикалық
маңызға ие, ол логикалық кезекті
әректтерді орындай алады, ал
оның нәтижесі табыс алу болып
табылады.
Инвестициялардан табыс немесе
пайда 2 негізгі нысанның біреуінен
алынуы мүмкін: ағымдағы табыс
немесе салынған қаражаттардың
құнының өсімі ретінде.Мысалы,банктің
жинақтаушы шотына орналастырылған
ақшалар немесе бос жер учаскесін
сатып алуға салынған ақшалар.(оның
табысы жерді сатып алу мен
сату уақыты арасында учаске
құнының өсімі түрінде болады).
Инвестицияларды қаржыландыру көздері
Инвестициялық белсенділік экономиканың
дамуының маңызды жағдайы, құрылымдық
қайта құруларды жүзеге асырулардың,
бәсекелестіктің нығайуының маңызды
жағдайы болып табылады.
Әлемнің әрбір елі инвестициялық
кризистен өз жолдарымен шығады.Қалыптасқан
инвестициялық саясат сол елдің
не басқа елдің нақты қаржылық
- өндірістік мүмкіндіктерін есепке
алуы тиіс.
Толық және дамыған инвестициялық
бағдарлама инвестициялау көздерінің
барлық жиынының ‘’жұмысын’’
кіріктіруі қажет.Инвестициялық
көздер мен экономикалық даму
арасындағы өзара байланыс жүйелі
түрде келесідей көрсетілуі мүмкін.
Инвестициялау көздерінің жалпы
құрылымын қарастырайық.
Экономикалық теорияда инвестиция
көздерінің сыныптамасы оның
негізіндегі белгілермен ерекшеленеді.Егер,көздердің
негізгі арналымынан қарастырсақ,ұлғайтылған
инвестициялық шығыстарды ескірген
құрал – жабдықтарды алмастыруға
бағытталған амортизациялар және
физикалық капиталды кеңейтетін,
яғни экономикалық өсімге әсер
ететін таза инвестицияларға
бөлуге болады.
Инвестицияны қаржыландырудың ішкі
көздері.
Жоғарыда айтқандай,ішкі көздердің
бірі болып жинақтар табылады.Ел
масштабында,жинақтардың жалпы деңгейі
тұрғындардың, ұйымдардың және үкіметтің
жинақ деңгейіне тәуелді.
Елдегі жинақтардың көлемі елдегі
инвестициялар көлеміне әсер
етеді. Инвестициялар болашақта
бүкіл экономикалық өндірістік
қуатын арттыратын негізгі қорлардың
сатып алу шығыстарын көрсетеді.
Қоғам өзінің ағымдағы табыстарының
бір бөлігін жинақтаса, бұл
өндірістің бір бөлігі тұтынуға
емес,инвестицияға бағытталғандығын
көрсетеді.
Инвестицияның сыртқы көздері.
Қазіргі уақытта,сыртқы көздерден
қаржыландырылатын шетел инвестицияларына
көп көңіл бөлінеді.Оларға жеке
тікелей және портфельді инвестициялар,сондай
– ақ шетел несиелері мен
қарыздары жатады.
Қазір инвестиция түріндегі шетел
капиталына үлкен үміт артылуда.
Бұл, жол берілетін көлемде
шетел валютасының біріктіретін
механизм. Қаржы нарықтарының бірнеше
түрлері бар:акция нарығы,облигация
нарығы, опциондар нарығы.
Суретте инвестициялық процесті
көрсететін диограмма келтірілген.
Диаграммадан көрініп тұрғандай,ақша
ресурстарын беруші тұлғалар
қаржы институттары арқылы,қаржы
нарықтары арқылы немесе тікелей
ақша ресурстарын сұранушы тұлғаларға
бере алады.Қаржы нарығының қысқа
мерзімді секторы – ақша нарығы,
ұзақ мерзімді секторы – капитал
нарығы,оның ішінде қор биржасы
деп аталады.
Қаржылық мекемелер
Банктер
Қарыз жиеақтаушы ассоциациялар
Жинақтаушы банктер
Кредиттік бірлестіктер
Сақтандыру компаниялары
Зейнетақы қорлары
Капитал
Капитал
Жабдықтаушылар
Тікелей келісімдер Тұтынушылары
Қаржы нарығы
Ақша нарығы (қысқа мерзімді)
Капитал нарығы(ұзақ мерзімді)
Көрініп тұрғандай қаржы мекемелері
бір уақытта қаржы рыноктарының
жұмысына қатысады және қаражат
берушілер мен сұранушылар арасында
делдал болып қатысады.
Инвестициялық процесс қатысушылары.
Мемлекет.
Әрбір атқарушы билік деңгейіне
өз қызметін қаржыландыруға ауқымды
ақша сомалары талап етіледі.Әдетте,мұндай
жобалар әртүрлі ұзақ мерзімді
міндеттемелер – облигациялар
шығару арқылы қаржыландырылады.
Ақшаға сұраныстың басқа көзі
болып құйылуы ұлттық экономиканы
сауықтыруға әрекет жасайды. Екіншіден,
қазір интеграция кезінде, шетел
инвестициялары ұлттық мемлекеттердің
жақындасуының бір құралы болып
табылады.
Қазіргі уақытта, екі негізгі
ұйымдар даму деңгейі төмен
нлдерге, соның ішінде Қазақстанға
да, қаржылық қаражаттар салады.
Олар – Халықаралық Валюта
Қоры және Халықаралық Даму
Банкі.Бірақ, бұл халықаралық
ұйымдар ‘’приоритетті’’ салаларын
қаржыландырады, мысалы, ауыл шаруашылығы.
Қазақстан қазір іс – жүзінде барлық салаларды
қаржыландыруды қажет етеді.
Қазіргі кезде, кәсіпорынды концессия
көмегімен шетел иелігіне беру
жолымен Қазақстан өндірістік
процесті қалпына келтіру әдісін
дамытуда. Ережеге сәйкес,бұл кәсіпорындар
металлургиялық, тау – кен өндірісі,және
тау – кен өңдеуші салаларға
жатады. Бірақ,қазір,ұлттық экономикаға
жағымды әсер етеді.
1.2.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы
шетел инвесторлары Кеңесінің негізгі
міндеттері.
Қазақстан
Республикасы Президенті жанындағы Шетел
инвесторлары Кеңесі (ШИК) Мемлекет басшысының
№3985 1998 ж 30 маусымындағы жарлығымен құрылды.
Ондағы мақсат Қазақстандағы жұмыс жасайтын
инвесторлармен тікелей келіссөз жүргізуде,
сондай– ақ инвестициялық
Қызметпен байланысты
проблемалық мәселелерді жедел
шешуді қамтамасыз ету.
Кеңес – ақылдасушылық – консультативтік
орган болып табылады.ШИК–н Қазақстан
Республикасының Президенті басқарады.
Ол оның қызметін басқарады,
сонымен қатар нұсқаманы бекітеді
жене Кеңес отырысында өкілеттік
етеді.
Кеңес құрамына Қазақстан Республикасынан
Премьер – Министр,Ұлттық Банк
Төрағасы, Сыртқы істер Министрі,
Индустрия және сауда Министрі,экономика
және бюджетті жоспарлау Министрі,Қаржы
Министрі, Индустрия және сауда
Министрлігінің инвестиция жөніндегі
Комитет Төрағасы және шетел
инвесторларының жолдауын қарау
жөніндегі ведомстволық комиссияның
төрағасы кіреді.
Кеңес құрамына шетел жағынан
халықаралық қаржылық ұйымдардың
және шетел компанияларының бірінші
басқарушыларының белгілі бір
саны кіреді.
Кеңес отырысында оның құрамына
кірмейтін компаниялар мен ұйымдардың
өкілдері шақырылуы мүмкін. ШИК
шегінде 5 бірлескен жұмыс топтары
қызмет етеді – салық салу,
заңнама, шетел инвесторларының
ағымдағы қызметі, Қ.Р. инвестициялық
беделдік арттыру және мұнай
газ секторы мәселелері бойынша.
Кеңестік қызмет органы мен
қызметінің негізгі координатор
болып Қ.Р. индустрия және
сауда Министрлігінің инвестиция
жөніндегі Комитет табылады.’’Шетел
Инвесторларының Қазақстандық Кеңесі’’
Ассоциациясы шетел жағынан координатор
болып табылады.Комитет, мүмкіндігінше,
өндірістік және шетел инвесторларының
іскерлік ассоциациясы,мемлекеттер
өкілдіктерінің(Қазақстан Республикасында
тіркелген ). ‘’Шетел Инвесторларының
Қазақстандық Кеңесі ‘’Ассоциациясымен
келісіп ұсыныстарды ескере отырып
Кеңестің шетелдік мүшелерінің
1/3 құамын өзгерту жөнінде ұсынымдарды
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына бере алады.
Кеңес отырысы жылына бір немесе
екі рет жүргізіледі.Оның құрылған
мезетінен бастап мемлекет басшысының
төрағалық етуімен 13 пленарлы
отырысы өтті:1998ж 25 қыркүйек, 1999ж
2маусым,1999ж 3 желтоқсан, 2003ж 8 желтоқсан,
2004ж 13маусым,2004ж 15желтоқсан,2005ж 05 щілде,
2005ж 06 желтоқсан, 2006ж 05 маусым, 2007ж 4 маусым,
2007ж 10 желтоқсан және 2008ж 17 маусым.
Бұдан басқа, Кеңестің ағымдағы
отырысы жиі болады және жұмысшы
топтардың кездесулері ұйымдастырылады.
Кеңестің пленарлы және ағымдағы
отырыстарының қорытындысы бойынша
Қазақстан Республикасында инвестициялық
климатты жетілдіру бойынша министірліктер
мен ведомстволарға тапсырыспен
қаулылық шешімдер қабылданады.
Қазақстан Республикасының Президенті
жанындағы шетел инвесторлары
Кеңесінің негізгі міндеттері
мыналар табылады:
1.Инвестициялық қызмет мәселелерін
реттейтін заңнамаларды жетілдіру
бойынша ұсынымдарды және сонымен
қатар халықаралық маңызға ие
Қазақстан Республикасының ірі
инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын
жүзеге асыруымен байланысты
мәселелер бойынша ұсынымдарды
Қазақстан Республикасы Президентіне
қарауға беру.
2.Инвестициялық климатты, сондай–ақ
Қазақстан Республикасы экономикасына
шетел инвестицияларын тарту
стратегияларын жақсарту бойынша
ұсынымдар жасауға.
3.Әлемдік экономикалық процестерге
елдің экономикасының интеграциясы
бойынша ұсыныстар жасау.
Кеңес отырыстарында мәселелердің
кең спектрі талқыланады, оның
ішінде:
- Қазақстан Республикасының инвестициялық беделдік арттыру
- Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- Салық салу және салық әкімшілігі жүйесін жақсарту
- Заң шығару процесінің айқындылығын арттыру
- Шетел жұмысшы күшінің елге келуін лицензиялау
- Инвестициялық пікірталастың келіспеушіліктерін жою және сотсыз шешу
- Көрші елдермен тарифтік саясаттың координациясы және транспорттық тарифтер.
- Шетел компанияларының басты буындарының келуі мен кетуі процедураларының жеңілдету.
- Бюрократия және сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- Инвестицияларды саяси және жиі болатын тәуекелдерден сақтандыру.
2
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық
климаттың факторлары мен қазіргі жағдайы
2.1
Қазақстанның инвестициялық климаты
және шетелдік инвестицияның орналасуы
Қазақстан
Республикасының экономикасына
шетелдiк инвестицияларды тарту және
оларды тиiмдi пайдалану Қазақстанның
шет елдермен өзара тиiмдi экономикалық
қарым-қатынастардың негiзгi бағыттарының
бiрi болып табылады.
Шетелдiк
инвестицияларды тарту Қазақстан
экономикасының өндiрiстiк құрылымын
жақсартуға, жаңа жоғары технологиялы
өндiрiстi құруға, көптеген кәсiпорындарды
технологиялық қайта жабдықтандыруға,
iшкi нарықты отандық сапалы таруалармен
толтыруға, республиканың бiлiктi мамандар
әлеуетiн тиiмдi пайдалануға, сонымен
бiрге шетелдiк елдерге экспорт
көлемiн ұлғайтуға жағдайлар тудырады.
/31, 27 б/
Бұл iс-шара
Қазақстанның iрi өнеркәсiптiк дамыған
елдермен тығыз iскерлiк экономикалық
қарым-қатынастар орнатуға, Қазақстан
экономикасына шетелдiк инвестициялардың
құйылуына, қолайлы инвестициялық
ахуалды қалыптастыруға мүмкiндiк
бередi. Қазiр Қазақстан ТМД елдерi
арасында шетелдiк инвестициялар
үшiн ең тартымды елдердiң бiрi болып
саналады.
Қазақстан
Республикасының бүгiнгi әлемнiң
экономикалық шаруашылығы күннен-күнге
күрделене түскен таңдағы мемлекет
ретiндегi орны оның рыноктық қатынастағы
дамушы ел деп танылуы болып табылады.
Рыноктық қатынастардың дамуы ұлттық
экономикамыздың елiмiз өз егемендiгiн
алғаннан бастап осы уақытқа дейiн
даму үстiнде. Рыноктық қатынастардың
тиiмдi қызмет етуi барлық қоғамдағы
шаруашылық қызметтердiң тиiмдi қызмет
етуiн қамтамасыз етiп отырады.
Бәсеке
жалпы экономикалық құндылықтар
мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi
құралы болып табылады. Бәсекелiк
рынокта қызмет етушi фирмалар мен
кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына
бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды
пайдалану арқылы ғылыми-техникалық
прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және
қосымша шығындарды азайта отырып,
сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн
арттыруға ынталы болады.
Осылайша
әрбiр кәсiпкердiң бәсеке
қабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк
экономикалық рынокта ұлттық экономиканың
бәсекеқабiлеттiлiгi артады. Өндірістің
тиімділігін арттыруда тағы да бір маңызды
құрал, қаржыны ұтымды пайдаланудың негізгі
көзі инвестиция болып табылады. /10/
Тарихта
қандай мемлекет болмасын бүгінгі таңда
халықаралық инвестициялық істесуге
барады және шетелдік инвестицияларды
тартуға ынталы болып келеді. Өйткені
экономикалық заңдылық бойынша өздігімен
тұйықталған экономика ешқашан
тиімді экономикалық дамуды қамтамасыз
ете алмайды.

