Инвестициялық қоржын

     Мазмұны 

Кіріспе..........................................................................................................................3 

І Коммерциялық банктің инвестициялық қоржынын басқарудың  

    экономикалық мәні және қажеттілігі ...............................................................5

1.1 Коммерциялық    банктерде  инвестициялық  қоржынды             

      қалыптастырудың рөлі мен тәртібі .....................................................................5

    1. Инвестициялық қоржынның диверсификациясы...............................................9
 

ІІ Екінші деңгейлі банктерде инвестициялық қоржынды басқару..............12

2.1 Инвестициялық  тәуекелдер және оларды басқару  әдістері.............................12

2.2 Инвестициялық  қоржынның табыстылығы және оның депозиттік

      сыйақымен байланысы («КазИнвестБанк» АҚ мысалында)...........................20 

III Коммерциялық банктерде инвестициялық қоржынды  басқаруды     

     жетілдіру жолдары ............................................................................................26 

Қорытынды .............................................................................................................34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................36 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кіріспе 

     Қазақстан Республикасының алдындағы міндеттері, алға қойған мақсаты болып әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру, әлемдік кеңестікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу болып табылады. Банк ісі көзқарасы тұрғысынан қарағанда, инвестицияның мағынасы туралы түсіндірілгенде үшінші жақтан бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге қаржының салынуын айтуға болады.Инвестиция салудың мақсаты - ұзақ мерзімге қаржы қорының ағымын қамтамасыз ету. Коммерциялық банктің инвестициясы екінші резервке қосылмайтын бағалы қағаздардан тұрады. Екінші резервтер, бұлар - қолма-қол ақшаға теңестірілген активтер. Нарықтың өтемпаздығы мен кез келген табыстан тәуелсіз инвестициялық бағалы қағаздар жабылғанға дейін резервтер санатына көшеді. Тұтастай алғанда инвестициялар бір-біріне қарама-қайшы екі мақсатты көздейді, олар - табыс пен өтемпаздық. Бүл мақсаттарды теңестіруге қол жеткізу банк үлкен күш салуын және инвестиция саласында дәл саясат жүргізу мен банк балансының өтемпаздығын талап етеді. Салымдардың жабылуы мен банктің өтемпаздығын қайта жандандыру үшін несиелерге сұраныстың көбеюіне байланысты екінші резерв жетпей қалған жағдайда оның орнын аз уақыттың ішінде толтыру қажет. Егер толтыруды жүзеге асыра алмай қалған жағдайда, мысалы депозиттер сертификатын пайдалану жолымен немесе инвестиция қоржынынан бағалы қағаздарды сату қажет болады. Мұндай сату қаржы рыногы тарылған жағдайда, пайыздық мөлшерлеме жоғары болғанда және бағалы қағаздарға сұраныс төмендеген кезеңде қажет болады.    

       Инвестициялар басқа салымдардан түсетін табыстар (оның ішінде кредиттік) тәрізді, сондай табыс түсіруі тиіс. Сонымен бірге инвестициялар - тез арада қолма-қол ақшаға айнала алатын банк активтері.

     Банктің инвестициялық саясатының мақсаттарын  анықтайтын табыс пен өтемпаздықтың  сұранысы осының негізгі факторлары болып табылады. Сөйтіп, банктің инвестициялық саясаты активтердің өтемпаздығы мен инвестицияның табыстылығын қанағаттандыруды теңестіруге бағытталған. Инвестициялық саясатта бағалы қағаздарды жабу мерзімінің белгілі бір кұрылымын алдын ала қарастыру керек. Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың,мекемелердің, халықтың және басқа да банктердің қаражаттарын салым ( депозит) түрінде тартады. Банктер тартатын қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі болып табылады. Олардың негізгі түрлері – банктердің клиенттермен жұмыс істеу барысындағы тартқан қаражаттары (депозиттер) және банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерін шығару жолымен жинақтаған қаражаттары (депозит және жинақ сертификаттары ) болып табылады. Банктің пассивтік операцияларды жүзеге асыру барысындағы ресурстық базасын қалыптастыруы оның активтік операцияларына қатысты маңызды рөл атқарады.Банктік ресурстың негізгі бөлігі банктің инвестициялық операцияларды жүргізуінен қалыптасатыны белгілі. Оның қызметінің тұрақтылығы инвестициялық операцияларын тиімді жүргізуіне байланысты.Осыған байланысты ресурстық потенциалды өсіру және пассивтерді тиімді басқару арқылы оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері өзекті мәселеге айналды.

       Курстық жұмыстың өзектілігі – Қазақстан Республикасындағы инвестициялар, инвестициямен байланысты операциялар және инвестициялық қоржынды басқаруға байланысты зерттеу жүргізу, оны жетілдіру жолдарын анықтау. Осының барлығы курстық жұмыстың тақырыбын талдауға әсер етті.

       Жұмысты жазу барысындағы зерттеудің жаңалығы – Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің жүзеге асырып жатқан инвестициялық операцияларының кейбір шарттары толықтыруды қажет ететіндігінің анықталуы. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге негізделгенде инвестициялық қоржынның сапасын әрі қарай жетілдіру арқылы инвестициялық базаны көбейтуге болатындығы айқындалды.

       Банктің ең негізгі мақсаты  - максималды табыс табу болып  табылады, ол банктің мобилизацияланған  ақша ресурстарын неғұрлым тиімді  орналастырып, пайдалану арқылы жүзеге асады. Инвестициялық қоржынды басқару банктің сырттан тартылған қаражаттарды орналастырудың тиімді жолдарын тиімді пайдаланумен байланысты. Қазіргі уақытта коммерциялық банктер сырттан тартылған қаражаттарды орналастырған кезде тек нарықтық критерийлерге, яғни өтімділікке, табыстылыққа және тәуекелділікке негізделеді. Бұл өз кезегінде банктің инвестициялық қоржынына әсер етеді.

     Курстық жұмыстың мақсаты - банктің инвестициялық қоржынның теориясы мен практикасына талдау жүргізу, инвестициялық қоржынды басқару түрлерін, әдістерін анықтау және бағалау және олардың ішінен ең тиімдісін таңдау болып табылады.

     Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер  қойылады:

     - банктің инвестициялық қоржынының  мәні мен түрлері және  ерекшеліктері;

     - коммерциялық банктер инвестиция жасайтын қаржы инструменттері;

     - инвестициялық қоржынның табыстылығына  талдау және оның депозиттік  сыйақымен байланысы; 

     - инвестициялық саясаттың банктердегі қолданылуын талдау;

     - коммерциялық банктерде инвестициялық қоржынды басқаруды жетілдіру жолдары;

     - ҚР –ның инвестиция нарығын  жетілдіру жолдарын ұсыну.

        Курстық жұмыстың міндеті -  банктердің инвестиялық саясатын, операциялары мен инвестициялық қоржынды толық зерттеу, жүргізілген зерттеуді статистикалық мәліметтермен толықтыру, қорытындысына зерттелген тақырыпқа қатысты өз ойымды жазып қорытындылау.

     Курстық жұмыстың құрылымына тоқталсақ, онда Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

      

      

 

      I Коммерциялық банктің инвестициялық қоржынын басқарудың экономикалық мәні және қажеттілігі 

     1.1 Коммерциялық банктерде инвестициялық  портфельді қалыптастырудың рөлі мен тәртібі 

     Қаржылық  инвестиция - пайда табу мақсаты мен құнды қағаздар түріндегі активтерді алу. Бұл салымдар - құнды қағаздар қоржынын қалыптастыруға бағытталады.

       Инвестициялар венчурлық, тікелей,  қоржынды, аннуитет түрінде болады:

     • венчурлық инвестиция - жаңа технологияға шағын фирмалардың жаңартпашылықтарын қаржыландыруға қажетті тәуекел капиталды салуын айтады.

     • тікелей инвестиция - берілген шаруашылық субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу үшін жарғылық капиталға ақша жұмсау.

     • қоржынды инвестиция - қоржынды қалыптастырумен байланысты және бағалы қағаздарды, активтерді алу. Қоржынға бағалы қағаздар немесе әртүрлі инвестициялық құндылықтар (акция, облигация, жинақ және депозиттік сертификаттар, сақтандыру полюсі) кіреді.

     • аннуитет - инвесторға белгілі бір уақыт аралығында тұрақты табыс әкелуші инвестиция. Бұлар негізінен сақтандыру және зейнетақылық қорға қаржы салу.

       Инвестициялық қоржын жоспарлауды, бағалауды, инвестициялық қызметтің соңғы нәтижелерін бағалауға нарық қорындағы әртүрлі секторлардағы жұмыстарды бақылауды орындайды.

       Инвестициялық қызметтің түрлері  бойынша былай бөлінеді:

     ־ нақты инвестициялық қоржын;

     ־ бағалы қағаздардың қаржылық инвестициялық қоржыны 

       (инвестициялық қоржын)

     ־ басқа да қаржылық инвестициялық қоржын (банктік депозиттер,

       депозиттік сертификаттар)

     ־ айналым қаржысындағы инвестициялық қоржын.

       Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестициялық қоржынның құрылымын оңтайландырудан тұрады.

     Бағалы  қағаздар нарығында коммерциялық банктердің инвестициялық шешімдерін қабылдау процесі - бұл бағалы қағаздар қоржынының қалыптасуы, жоспарлау, бағалы қағаздар қоржынының құрылымын реттеу және талдау, қоржын өтімділігін сақтай отырып өз алдына қойған мақсатына қоржынды басқара отырып жету, шығындарды азайту және тәуекелге жол бермеу.

       Инвестициялық қоржынды қалыптастыру келесі сатылардан тұрады:

     - жеке меншік стратегияны қалыптастыру  және талдау.

     - инвестициялық саясатты анықтау.

     - нарық комплексін талдау.

     - бастапқы қоржынның қайта құрылуы.

       Инвестицияның ең керекті сатысы стратегияны таңдау болып табылады.

     - Тұрақты құн стратегиясы.

       Бұл жалпы қоржынды басқару кезінде қоржынның құны бірқалыпты деңгейде ұсталып тұрады. Себебі, табыс көбейіп кетсе артығын шығарып тастайды, ал шығын көбейіп кетсе кересінше қаржымен толықтырып тұрады.

     - Тұрақты қоржын стратегиясы

       Осы стратегия кезінде қоржынның иесі белгілі бір уақытқа дейін басқа қоржындар арасында бірқалыпты деңгейде арақатынасты ұстап отырады. Пропорция бекітілетін қоржынның құрылымы бірнеше белгілері бойынша анықталуы мүмкін. Мысалы, бағалы қағаздардың тәуекелінің дейгейі, бағалы қағаздардың түрлері, бағалы қағаздардың салалық немесе аудандық салаға енуі. Нарықтық бағаның бағалы қағаздарға қозғалысы нәтижесінде арақатынас бұзылады, банк бағалы қағаздарды сатады, ал сатылған ақша құралдарына үлесі түскен бағалы қағаздарды сатып алады.

     - Өзгермелі пропорция стратегиясы.

       Бағалы қағаздардың қиын стратегиясы,  қоржындар арасындағы әртүрлі бекітілген арақатынаспен аяқталады. Мысалға, егерде инвестор осы стратегияны таңдаса онда ол тәуекелге ұшырауы мүмкін. Қоржын пропорциясында болған өзгерістер ары қарай да бола береді.Басқаша айтқанда, егерде қоржында акция үлесі облигациямен салыстырғанда тез өссе, онда инвестор жылдам өсу қарқынын есептей отырып акцияны көбейтеді.

     - Агрессивті стратегия.

       Бұл жағдайда салымның табыстылығы  жоғары және тәуекелі де жоғары  болуы мүмкін.Салымның объектісі  болып акция, жоғары табыс әкелетін  облигациялар және де басқа  тәуекелі жоғары активтер.

     - Теңдестірілген стратегия.

       Бұл жағдайда тәуекелі жоғары және тәуекелі төмен активтердің бірқалыпты бөлінуі. Егерде кездейсоқ жағдайлар болған жағдайда екінші реттегі нарықта аз шығындалып жүзеге асырады.

     - Консервативті стратегия.

       Бағалы қағаздардың сенімділігіне ерекше көңіл бөле отырып, тәуекелдің ең төменгі деңгейіне ие. Инвестициялық стратегия негізінде жеке меншік инвестициялық саясат қалыптасады.

       Сонымен инвестициялық саясат келесілерге негізделеді:

     - инвестициялық қоржын тиімділігінің жинағының анықталуы әрбір күтілетін жоғары табыс үшін тәуекел деңгейі төмен болып келеді.

     - берілген банктің инвестициялық қоржыны үшін ең жақсысын таңдау.

     - нарықта инвестициялық жаңа инструменттердің пайда болуы биржадағы сияқты активті қатысу, сондай – ақ биржадан тыс нарықта да жақсы жұмыс істеу.

     - мемлекетте инвестициялық саясаттың банкте экономикалық жағдайының сәйкес келуі.

       Инвестициялық қоржынның бірнеше мынадай ерекшеліктері бар:

     - егер банк несиелік қоржынды қалыптастыру барысында нақты

активтерге  немесе өндіріске инвестиция жұмсаса, ал инвестициялық қоржынды қалыптастыру барысында қаржылық активтерге инвестиция жұмсайды

     - банктің инвестициялық қоржыны негізінен әртүрлі мақсатта қалыптастырылады

     - табыс табу мақсатында (тұрақты табыс, тұрақсыз табыс, спекулятивті табыс)

     - басқа бір заңды тұлғаның капиталына қатыса отырып бақылау жүргізу мақсатында (еншілес құрылымның акционерлік капиталы)

     - өтімділігін реттеу мақсатында

     - банктік тәуекелдердің щоғырлану дәрежесін төмендету мақсатында

     - инвестициялық қоржын негізінен делдал арқылы қалыптасады

       Инвестициялық қоржынның бірнеше түрлері болады. Ол мынаған байланысты:

     - инвестициялық қоржын құрамындағы қаржы инструменттерінің табыс деңгейіне;

     - инвестициялық қоржынның құрамындағы қаржы инструменттерінің эмитенттерінің сипатына;

     - банктердің өзінің инвестициялық қоржынды қалыптастырудағы негізгі мақсатына;

       Міне осыларды есептей отырып, инвестициялық қоржынның мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:

     - спекулятивтік табыстың инвестиция  қоржыны

     - бірқалыпты табыстың инвестициялық  қоржыны

     - венчурлық немесе агрессиялық табыстың инвестициялық қоржыны

     - туынды қаржы инструменттерінің  инвестициялық қоржыны.

       Инвестициялық табысты қалыптастыру  мақсаты бойынша инвестициялық  қоржынды негізгі екі топқа бөледі:

     - табыс қоржыны

     - өсім қоржыны

       Табыс қоржыны - ағымдағы кезеңде инвестициялық табыс деңгейін максималдау дәрежесі бойынша ұзақ мерзімге капиталды инвестициялау өсіміне тәуелді қалыптастыру. Басқаша айтқанда инвестициялық шығынды жеткілікті мөлшерде шығара отырып, табыс алу, яғни келешекте осы шығындар инвестициялық табысты жоғарғы мөлшерде алуын қамтамасыз етеді.

       Бірқалыпты табыс әкелетін қоржын - ол мүмкіншілігі жоғары бағалы қағаздардың арқасында қалыптасады. Сол сияқты минималды тәуекел деңгейінде де орташа табыс әкеледі.

       Табыс әкелетін қағаздардың қоржыны - ол корпорацияның табысы жоғары облигациялардан, бағалы қағаздардан тұрады. Сондай - ақ тәуекелдің орташа деңгейі кезінде жоғары табыс әкеледі.

       Өсім қоржыны - келешектегі ұзақ мерзімде капиталды инвестициялау дәрежесін максималдап, ағымдағы кезеңге инвестициялық табыстың қалыптасу деңгейіне тәуелсіз қалыптастыру. Басқаша айтқанда кәсіпорынның нарықтық құнының жоғарғы дәрежесін қалыптастыру. Сондай – ақ ұзақ мерзімдегі қаржылық инвестицияның мөлшері әрқашанда қысқа мерзімдіге қарағанда жоғары болады.

     Селективті  өсім қоржыны - ол капиталдың максималды өсіміне бағытталып берілген қоржынның құрамына жас тез дамып келе жатқан компаниялардың акциялары кіреді. Берілген қоржында инвестиция тәуекелдікке тез ұшырауы мүмкін. Бірақта ол ең жоғарғы табыс әкеледі.

       Консервативті өсім қоржыны - ол барлық берілген қоржындардың тәуекелінің ең төменгі деңгейде болып есептеледі. Яғни тәуекелділік деңгейі ең төменгі деңгейдегі болып есептеледі. Сондай – ақ тәуекелділік деңгейі ең төменгі дәрежеде құрамына - ең танымал компаниялар, акциясы өте көп компаниялардың курстық құны біркелкі тұрақты дәрежеде өседі. Қоржынның құрамы көп уақытқа дейін тұрақты болып келеді және ол капиталдың сақталуына мақсатталған.

       Орташа өсу қоржыны - инвестициялық құрылымның селективті қоржыны және консервативті өсімінің ортасы алынған. Берілген қоржынға бағалы қағаздар, қаржылық құралдар кіреді. Бұл жерде капиталдың орташа өсімі және салымның орташа тәуекелі қамтамасыз етілген. Сенімділік бағалы қағаздардың консервативті өсімімен қамтамасыз етілген, ал табыстылық - бағалы қағаздардың селективті өсімімен қамтамасыз етілген. Берілген пқоржынның типі көп тараған модельдің бірі және инвесторлардың алдында беделі жоғары, тәуекелге онша бара бермейді. Сондай-ақ оның құрамына бағалы қағаздар басқа инвестициялық құралдармен кіруі мүмкін. Сонымен тағы да бір қоржынды, яғни өсім және табыс қоржынын қарастырамыз. Берілген қоржынның қалыптасуы қор нарығындағы мүмкін болатын шығындардың болдырмау негізінде орындалады. Мысалы, курстың құны түскен кезде сол сияқты төменгі дивиденттік немесе проценттік төлемдер сияқты. Қаржылық активтердің бір бөлігі яғни берілген қоржынның құрамының бір бөлігі иесіне капитал құнының өсімін, ал екінші бір бөлігі - табыс әкеледі. Егерде бір бөлігі жоғалып кетсе, екінші бір бөлігінің жоғарылауына әкеледі.

       Екі жақты мәні бар қоржын - берілген қоржынның құрамына бағалы қағаздар кіреді. Бұл өзінің иесіне салынған капиталдың өсуінің арқасында үлкен табыс әкеледі.

     Инвестициялық қоржынды қалыптастыру активтерді диверсификациялау қажеттілігі арқылы, өтімділікті реттеу арқылы, табыстылықты қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.Клиенттер бағалы қағаздарды Қаржы Министрлігінің және ҚР-ң Ұлттық Банкінде жүргізілген аукциондардан бірінші ретті нарықта иелене алады. 
 
 
 
 
 
 
 

1.2 Инвестициялық қоржынның диверсификациясы 

     Банк  ісінде инвестициялар деген ұғымның  мағынасына : салыстырмалы ұзақ мерзім кезеңінде үшінші тұлғалардың бағалы қағаздарына қаражаттарды салумен  байланысты болады. Инвестициялау келесі мақсатты көздейді, яғни ұзақ мерзім көлемінде ақша қаражаттарының ағымын қамтамасыз ету болып табылады.

     Банкте  бағалы қағаздарды төрт түрлі категорияға  бөледі.

     - сатуға арналған бағалы қағаздар

     - сатуға жарамды бағалы қағаздар

     - капиталға инвестиция жұмсау  мақсатында бағалы қағаздарды  иемдену

     - өтеуге дейінгі ұсталынған бағалы  қағаздар.

       Өтеуге дейінгі ұсталынатын бағалы  қағаздар өз кезегінде бірнеше  түрге бөлінеді:

     - пайда табу мақсаты үшін иемденген  бағалы қағаздар

     - хеджирлеу мақсатында қолданылатын  бағалы қағаздар

       Банк балансында пайда табу мақсаты үшін иемденген бағалы қағаздардың номиналды құны ғана есептеледі, ал оларға қайта бағалау жүргізілмейді. Номиналды құн мен иемдену құны арасындағы айырмашылық тек сыйақы немесе жеңілдік түрінде есептеледі.Өтеуге дейінгі бағалы қағаздар бойынша ай сайын амортизация сыйлығы немесе жеңілдіктер жүргізіледі.Элемент бағалы қағаздарды берілген мерзімде өтейді немесе эмиссия және бағалы қағаз шартымен келісілген уақытта өтейді.

       Хеджирлеу мақсатында қолданылатын  бағалы қағаздар және өтеуге  дейінгі ұсталынатын бағалы қағаздар және хеджирлеу обьектісін қолданылатын әдістеріне сәйкес есептеледі. Егерде хеджирлеу нарықтың құнмен қайта бағаланбаса онда бағалы қағаз номиналды құнмен есептеледі және қайта бағаланбайды.

       Егер хеджирлеу обьектісі ай  сайын нарықтық құн бойынша қайта бағаланатын болса, нәтижесінде одан түскен пайда немесе шығын банктің табыс және шығыс есебіне кіреді.Сондай - ақ қайта бағаланатын бағалы қағаздардың пайдасы немесе шығыны да табыс пен шығыс есебіне кіреді.

       Сатуға арналған бағалы қағаздар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • бағалы қағаздардың тіркелген табысы
  • бағалы қағаздардың тіркелмеген табысы

     Сатуға  жарамды бағалы қағаздар Банк балансында нарықтық бағамен есептеледі.Бірақта  бұл жерде сыйлық соммасын және бағалы қағаздың өз бағасын айыра білу қажет.

       Бағалы қағаз бойынша сыйлық  және бағалы қағазды қайта  бағалау әрбір айдың соңғы  күнінде жүргізіледі. Тіркелмеген  табыс әкелетін бағалы қағаз  бойынша табысы бағалы қағаздар  элементінің дивидендтің көлемі  бойынша шешім шығарғаннан кейін  жүргізіледі.

       Капиталға инвестиция жұмсау  мақсатында бағалы қағаздарды  иемдену, сатып алу тек Қазақстан  Республикасының заңды актілеріне  сәйкес орындалады.

  • ассоциацияланған компанияларға инвестиция салу
  • субординациялық қарызға инвестиция салу.

       Капиталға инвестиция жұмсау мақсатында иемденген бағалы қағаздардың тіркелген және тіркелмеген табысы бойынша бірінші ретті құнмен есептеледі.Бағалы қағаз элементінің заңды тұлғаның жоғарғы органының шешімі бойынша ғана бағалы қағаз құнына өзгеріс енгізе алады, яғни бағалы қағазды қайта бағалайды.Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция құнының төмендеуі уақытша шығын болып табылады. Мемлекеттік бағалы қағаздардың есебі қағида мен әдіске байланысты орындалады.Ұлттық Банктің мемлекеттік бағалы қағаздар есебі бойынша нормативті құжаттар қарастырылған.

       Банк қызметіне келесідей операциялар  жатады:

    • бағалы қағаз клиенттермен келісім шарттың орындалуына бақылау жүргізу
    • бағалы қағазды есептеу және клиенттердің ақшасын сақтау
    • атаулы бағалы қағаздарды есептеу
    • бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы ретінде қызметін орындау
    • бағалы қағаз клиенттерімен келісім шарт бойынша төлем агентігінің қызметін орындау
    • бағалы қағазды және клиенттің ақшасын алу және аудару бойынша бұйрығын орындау
    • бағалы қағаз бойынша табыс алу және оны клиенттің шотына есепке алу
    • клиенттің элементтінен алған ақпаратты хабарлау
    • клиенттің бұйрығы бойынша ақшаны төлеу

         Банк  клиенттің активтерін ДЕПО шоттарында сақтауды қамтамасыз

     етеді.Клиенттің  талабы бойынша банк келесідей ақпараттарға сараптама жүргізеді:

     - бағалы қағаз қоржыны және клиенттің ақшасы бойынша

     - бағалы қағаздың Орталық Депозитарий  клиенттің активі бойынша

       Банк бағалы қағаздарды, клиенттің  бағалы қағазынан бөлек ақшасын  және Банктің өзінің ақшасын  есептейді.

       Банктің Орталық депозитарии  қызмет көрсету төлемі және  активтермен келісім шарт қызметі бойынша шығындары Банктің шығыстары болып табылады.

       Кастодиандық қызмет үшін сыйлық  және Орталық депозитарии бойынша қызмет көрсеткен төлемін өтеу Банктің табысына есепке алынады.

       Банктің зейнетақы активтерін  басқару бойынша компаниясы және қоры болып келесідей ақпаратты иеленушілер болып табылады:

     - ДЕПО шоты бойынша

     - зейнетақы активтерінің қозғалысы

     - инвестициялық табыс соммасы

     - екінші деңгейлі банктердің депозиттің  шотының соммасын атап өту  немесе басқа банктердің депозиттік шотынан алынған.

     - бағалы қағаздарды сатқаннан  түскен соммасы

     - комиссиялық сыйақы соммасы

       Қоржынды басқару бойынша қызметіне қойылатын талаптар:

      -бағалы қағаздар қоржынын басқару бойынша қызметінің орындалуына нотариалды куәландырылған лицензияны талап ету

      -өзін - өзі реттеуші ұйымның мүшесі  басқарушы болып табылатын ереженің  көшірмесі

  • соңғы жылдарға есеп беру
  • өкілетті органмен жүргізілетін басқарушының қызметін тексеретін

     актілердің  соңғы 12 айдың көшірмесі

  • келісім шарт жасасу кезінде клиент үшін маңызы бар құжаттар
  • қоржынды басқару қызметінің орындалуына тәртіп орнатып шарттарды бекітетін өкілетті органдардың нормативтік - құқықтық актілері мен Ереженің көшірмесі
Инвестициялық қоржын