Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі
Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1. Инвестициялық жобалар
және олардың жіктелуінің
1.1. Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны
мен нысаны........................
1.2 Инвестициялық жобалардың жіктелуі
..............................
1.3 Инвестициялық шешімдерді
2. ҚР- дағы инвестициялық жобаларды талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық
жобалардың жүзеге асырылу барысы........................
2.2 Қазақстандағы инвестициялық
жобалар тәуекелдерінің
2.3 ҚР-дағы 2011-2013 жж. инвестицияның
бөлінуін талдау...............
3. ҚР-дағы инвестициялық жобаларды қолдауды жетілдіру жолдары
3.1 Инвестициялық жобаның көрсеткіштерін және капитал бағасын
болжамдау.....................
3.2 Қазақстандағы біріктірілген
корпорациялық құрылымдардағы
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық қатынастардың тереңдеуі және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы алдында өндіруші өнеркәсіп саласынан жоғары технологиялық экономика секторын дамытуға мүмкіндік беретін елдің инвестициялық потенциалын құру жөніндегі стратегиялық мақсат тұр. Жоғары технологиялық өндірісті дамытуға бағытталған инвестициялық саясатты қалыптастыру индустриалды-инновациялық даму қағидалары негізінде жүргізілуі қажет. Осындай мақсаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын құрды. Мұндай актуалды мәселелерді шешу сәйкес қаржылық даму институттарын құру және олардың тиімді қызмет ету механизмдерін қарастыруды талап етеді.
Сонымен қатар, қолайлы инвестициялық климатты құру қажет, ол инвестициялық салымдар көлемімен ғана емес, ең алдымен, бұл салымдардың нақты инвестициялық жобаларға құйылу тиімділігімен анықталуы тиіс. Мемлекетте қолайла инвестициялық климатты құруда мемлекеттің реттеуші қызметі өте маңызды. Мемлекет тарапынан инвестициялық жобалар үшін басымды экономика салалары анықталуы тиіс, отандық және шетел инвесторлары үшін олардың инвестициялық салымдарын қорғайтын құқықтық база құрылуы және инвестициялардың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі қамтамасыз етілуі қажет. Бұл инвестициялық жобалау механизмі негізінде жүзеге асырылады. Инвестициялық жобалау механизмінің актуалдығы экономика салаларына инвестициялар ағымын басқару, инвестицияларды талдау және дайындау процесінде бақылау жүйесін қолдану арқылы инвестициялардың тиімділігін қамтамасыз етумен анықталады.
Инвестициялық жобалау тарихы ХХ ғасырда АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде инвестициялық салымдар тиімділігін бағалауда қолданудан басталады. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық жобалаудың методикалық базасы қалыптастырылды.
Инвестициялық жоба - шаруашылық іс-шаралардың жоба-ларын қамтитын ұйымдастыру-құқықтық және есептік-қаржылық құ-жаттардың жүйесі.
Инвестициялық жоба жүйе ретінде жобаның жасалуы мен жүзеге асы-рылуын мынадай кезеңдер бойынша қарастырады:
1. Инвестициялық идеяларды
2. Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу және негіздеу, өнім мен қыз-метке деген сұранысты, ағымдағы және болжамды бағаларды, коммер-циялық тиімділіктерді зерттеу.
3. Маркетингтік зерттеу (сұраныс, ұсыныстар, нарық сегментациясы, баға, сұраныс икемділігі, маркетингтік стратегия, т.б.) өткізуді, өнім шығару бағдарламасын қалыптастыру, сметалық-қаржылық (өндіріс шығыны бағамы, капитал салымдары есебі, айналым капиталының қажеттіліктері), бюджеттік, коммерциялық, экономикалық тиімділік бағасын белгілеуді міндет ететін жобаның техникалық-экономикалық негізделуі.
4. Келісімшарттық құжаттар мен тендер саудасын дайындау.
5. Жобаның құжаттарын дайындау.
6. Құрылыс-монтаждау, реттеу жұмыстары, қызметкерлерді оқыту, келісім-шарт даярлау, өнімнің лидерлік партиясын шығару.
7. Объектіні пайдалану, экономикалық
мониторингі (өнімді серти-фикаттау,
дилерлік желі түзу, техникалық
қызмет көрсету орталығын құру,
жобаның экономикалық
Сондықтан курстық жұмыстың басты өзектілігі – Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі туралы мәліметтер жинақтай отырып, тақырыптың мәнін ашу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Инвестициялық жобалау мәселелерімен Ресей ғалымдары Канторович Л.В., Хачатуров Т.С., Шапиро В.Д. және басқалары айналысқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде инвестициялау және инвестициялық жобалау процесі жетік зерттелген. Уильям Ф. Шарп, Гордон Дж. Александр еңбектерінде бұл мәселе жан-жақты көрсетілген. Инвестициялар және Қазақстан экономикасындағы инвестициялық салымдардың ролі Аубакиров Я.А., Кошанов А.К., Баймұратов У.Б., Кенжегузин М.Б., Нұрланова Н.К., Карагусова Г., Есентүгелов А., Утебаев М.С және басқа ғалым-экономистердің еңбектерінде қарастырылған. Дегенмен, бұл еңбектер экономикалық өсу жағдайындағы инвестициялық жобалауды жетілдірудің негізгі мәселелерін ашпайды.
Отандық ғылымда инвестициялық жобалау мәселелерінің нақты және толық қарастырылмауы осы саладағы методикалық және практикалық ұсыныстарды дайындауды қажет етеді.
Зерттеудің мақсаты: Инвестициялық жобалардың негізгі мақсаты – инвестициялық қорлардың түрлерін, инвестициялық жобаның жіктелуін толық қамти отырпы, тақырыпты зерттеу.
Сонымен, жоғарыдағы курстық жұмыстың мақсаттарына байланысты мынадай міндеттерді шешу қарастырылды:
- инвестициялық жобаның мәні, мазмұны мен нысанын қарастыру;
- Инвестициялық жобадағы тәуекелдердің экономикалық тиімділігін зерттеу;
- инвестициялық шешімдерді бағалау әдістерін зерттеу;
- инвестициялық жобалар және олардың жіктелуін зерттеу.
1. Инвестициялық жобалар
және олардың жіктелуінің теори
1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны мен нысаны
Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің «Жалақы, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) еңбегінде қарастырған, онда ол салымның өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде қарастырады. Салымның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.
Инвестиция тиімділігін анықтау үшін оларды алыннған нәтижемен салыстыру керек. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске қосу болады. Ал, салымның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ.
Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз салым мөлшерімен нәтижесі бар өнімге деген салымның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз.
Инвестиция тиімділігін арттыруға былай қол жеткізіледі:
- ивестицияның техникалық құрылымын жақсарту, бұл жабдықтарға шығындар оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;
- жұмыс жасап тұрған кәсіполрында техникалық қаруландыру мен реконструкциялауға және құрылыстың салынбауында күрделі қаржының үлесінің артуы;
- жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту.
Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогрес болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігін анықтау қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы проектісін ескісімен салыстырғанда мына параметрлермен айқындалмақ: машина, станоктың қуаты мен өнімділігі, ондағы деталдарды еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдеті болып табылады.
«Инвестиция»
немістің «invesition» деген
Инвестициялар нысаны деп қаражаттарды ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда табу мақсатында салуды білдіреді. Инвестициялық қызметке банктер делдал ретінде қатысады. Банктер өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді инвестициялық саясат жасай отырып жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық саясаты инвестиция портфелін басқару бойынша стратегияны құру және іске асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының өтімділігін қамтамасыз ету бағытында портфельді және тура инвестициялардың оптималды құрылымына жетуді білдіреді. Банктың инвестициялық саясаты банктың басқармасымен жасалады. Инвестициялық саясаттың басты элементтерінің бірі – банктың валюта - қаржылық портфелін, соның ішінде инвестициялық портфелін басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады.
Инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бар өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз (процент) түріндей немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Инвестициялық жобаның қайнар көзіне - өнеркәсіп кәсіпорының (фирма) көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры, яғни мемлекеттің табыстарынан (салық, кеден салығы және т.б.) оның барлық шығындарын алып тастау. Тұтынуға кетпеген барлық ресурстар – жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға және жұмыс атқаратын тұрғындарын жабдықтауға сондай – ақ жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу – ағарту, мәдени объектілеріне бағытталған, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады. Қорлану теориясын К.Маркс «Капиталдың» бірінші томында қарастырған, онда капиталдың қорлануының мәні мен механизмін ашады, ел өз кезегінде оның органикалық құрылымын өзгертеді және жұмыссыздықты тудырады.
Инвестицияның нысаны болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция нысаны – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Инвестщиялық жоба дегеніміз - шаруашылық іс-шаралардың жоба-ларын қамтитын ұйымдастыру-құқықтық және есептік-қаржылық құ-жаттардың жүйесі.
Инвестициялық жоба жүйе ретінде жобаның жасалуы мен жүзеге асы-рылуын мынадай кезеңдер бойынша қарастырады:
1. Инвестициялық идеяларды
2. Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу және негіздеу, өнім мен қыз-метке деген сұранысты, ағымдағы және болжамды бағаларды, коммер-циялық тиімділіктерді зерттеу.
3. Маркетингтік зерттеу (сұраныс, ұсыныстар, нарық сегментациясы, баға, сұраныс икемділігі, маркетингтік стратегия, т.б.) өткізуді, өнім шығару бағдарламасын қалыптастыру, сметалық-қаржылық (өндіріс шығыны бағамы, капитал салымдары есебі, айналым капиталының қажеттіліктері), бюджеттік, коммерциялық, экономикалық тиімділік бағасын белгілеуді міндет ететін жобаның техникалық-экономикалық негізделуі.
4. Келісімшарттық құжаттар мен тендер саудасын дайындау.
5. Жобаның құжаттарын дайындау.
6. Құрылыс-монтаждау, реттеу жұмыстары, қызметкерлерді оқыту, келісім-шарт даярлау, өнімнің лидерлік партиясын шығару.
7. Объектіні пайдалану, экономикалық мониторингі (өнімді серти-фикаттау, дилерлік желі түзу, техникалық қызмет көрсету орталығын құру, жобаның экономикалық көрсеткіштерінің мониторингі).
Жаңа бұйым, жаңа техника мен технологияны, құрылыс салу, кеңейту, қайта жаңғыртуды және техникалық қайта жабдықталуды инвестиция объектісі етіп алған кәсіпорындар инвестиция субъектісі (рециплент) болып табылады. Бұл объектілер масштабына, бағытына (коммерциялыкқ әлеуметтік, т.б.) және инвестициялық циклдің сипатына қарай ажы-ратылады.
Инвестициялардың капитал түзуші (капиталды шығындар, ҒЗТКЖ, құрылысы, айналым қаражатының өсуі, қайта жаңғырту және техникалық қайта жабдықталу) және өзіндік қаржылық құралдары есебінен қаржылык активтерге тартылатын қоржындық инвестициялар (кіріс, амортизациялық аударылымдар, акцияларды сату, қаржыны холдингтермен бөлісу, т.б.), сондай-ақ, қаржылық ресурстардың инвестицияларды қаржылық салымдарға айналдыратын заемдық қаржыдан (несие, облигация, вексель), шетел инвестициясынан, бюджеттен қаржы бөлулер сияқты түрлері бар.
«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ Қазақстанның даму институты ретінде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №501 қаулысымен 2003 жылдың 30 мамырында құрылған.
«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ-ның Жалғыз акционері – «Самрук-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ.
Қордың мақсаты – перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға ықпал ету, экономиканың шикізаттық емес секторындағы жеке секторының бастамасына қаржылық көмек көрсету.
Қордың мәселелері:
- Шикізат пен материалдарды толығымен қайта өндіретін, жаңа технологияларды пайдаланып, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаратын, сонымен бірге келешегі бар ұйымдарға өндірістік қызмет көрсететін, өздерінің іс әрекеттерін өнеркәсіпте жүзеге асыратын жаңадан құрылған, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру;
- Инвестициялық жобаларды Қормен қаржыландыру арқылы экономиканың шикізат емес секторына жеке инвестицияларды ынталандыру (ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру) және осы жобаларды басқаруға қатысу;
- Қосымша, аралас өндірістерді дамытатын, отандық және шетелдік ұйымдар арасында өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі инвестициялық жобаларды бірлескен қаржыландыру арқылы шетелдегі қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігін көтеруге ықпал ету.
- Мемлекеттік бағдарламаларда айқындалған қызмет бағыттарын, сондай-ақ Сарыарқа макроөңірінің кластерлік бастама мен сауда балансы жөнінде жүргізілген зерттеулерді ескере отырып, шикізаттық емес сектордағы «Сарыарқа» ӘКК-нің инвестициялық қызметінің мынадай басымдықтары айқындалды:
- металлургия және металл өңдеу;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (ет-сүт өнімдерін қайта өңдеу, дайын өнімдерді орау және шығару);
- жеміс-көгөніс кластерін құру;
- тері өңдеу өнеркәсібі;
- жиһаз жинау және жиһаз керек-жарақтарын шығару;
- қағаз өнімдерін шығару;
- құрылыс материалдарын шығару, оның ішінде шыны массасын шығару;
- балық өнімдерін қайта өңдеу;
- логистика және жол маңындағы сервис;
- қатқыл тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және қайта жаңартылған ресурстарды пайдалану;
- туризм;
- ауыл шаруашылығы машиналарын жасау (ауыл шаруашылығы техникасын, орау машиналары мен жабдықтарды өткізу, құрастыру және оларға техникалық қызмет көрсету).
ӘКК-нің жеке инвестормен бірге жобаларға инвестицияларының жоспарлаған үлесі жобаның жалпы құнының 49 процентінен аспайтынын құрайды. Инвестициялық жобаларға қатысудың және Компанияның ықтимал әріптестерін айқындаудың негізгі өлшемдері мыналар болып табылады:
- жобадағы Компанияның үлесі;
- жобаның рентабельділік деңгейі;
- жобаның өтелу мерзімі.
Компания инвестициялық тәуекелдерді басқаруды салалық және инвестицияларды аумақтық әртараптандыру негізінде жүзеге асыру ниетінде, ол ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын арттыруға және олардың бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді. «Сарыарқа» ӘКК өзінің инвестициялық қызметінде инвестициялық жобаларды қаржыландырудың мынадай кезең-кезеңді тәсілін ұстанады:
- инвестициялық жобалар жөніндегі ақпараттарды алдын ала талдау, жинау және өңдеу;
- маркетингтік, инжинирингтік және өзге де зерттеулерді жүргізу;
- техникалық-экономикалық негіздеме (бизнес-жоспарды) дайындау;
- жоспарлы-болжамдық құжаттама әзірлеу;
- жарғылық капиталына қатысу;
- инвестицияларды бақылауды ұйымдастыру және кәсіпорынның дамуына жәрдемдесу.
Қызметтің негізгі бағыттарына және ӘКК-ні дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясының басымдықтарына негіздеме жасау үшін Компания мақсаттарының стратегиялық картасы әзірленуде, бизнестің стратегиясына қаржылық құрауыш, клиенттік құрауыш, ішкі бизнес-процестер, оқыту және дамыту тұрғысынан бағалау жүргізілуде.
Кәсіпорындағы инвестициялық жобалар туралы ақпараттар
Кесте 1. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
"АХТСП"РМК құрылған жылы |
1963ж. |
Жарғылық капиталы |
235,6 млн. теңге |
Жұмыскерлерінің саны |
540 |
"АХТСП"РМК негізгі құралдарының құны |
10904 млн. теңге ( 01.01.07 ж.) |
Өндірістік қуаты:
№ 9, 10, 4, 5 мұнай құю айлақтары. Ұзындығы 550 метрге жететін құрғақ жүк айлақтары. Бас, ақтарылмалы жүктерді және контейнерлік жүктерді ауыстырып тиейтін порттың жаңартылған өндірістік әлеуетіжылына 1,5 млн. тоннаға, мұнай құю жүктерін ауыстырып тиеу жылына 8,0 млн. тоннаға дейін жеткізілді.
Кесте 2. Тауар өнімдерінің көлемі
Мазмұны |
Өлшем бірлігі |
2011 |
2012 |
Тауар өнімдерінің көлемі |
млн. теңге |
4 447,5 |
5 174,7 |
Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс (шығындар) |
млн. теңге |
2 136,9 |
3 118,7 |
Кест е3. Ақтау портын солтүстік бағытқа кеңейту
Жобаны жүзеге асыру орны: |
Ақтау қаласы. "АХТСП"РМК (солтүстік) |
Талап етілетін инвестициялар көлемі: |
ТЭН сәйкес 32 млрд. теңге |
Қаржыландыру жағдайы: |
Тікелей инвестициялар. |
Жобаның өзін өзі өтеуі |
Бизнес-жоспарды жасау кезінде анықталады. |
Жоба бойынша жоспарланған кепілдіктер |
Үкіметтің кепілдігімен ұзақ мерзімді несие. |
Жобаның қысқаша сипаттамасы:
Жобаның мақсаты: Ақтау портының қолданыстағы порттық инфрақұрылымын кеңейту, өткізу рыногына мұнай жүктері мен экспортқа бағытталған шикізатын жеткізудің өсіп келе жатқан қажеттілігін және Қазақстанның Каспийдегі стратегиялық қатысын, сонымен бірге мемлекеттік бюджетке түсірілімдердің өсуі мен жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз ету. Бөлінген аумақта жобаны жүзеге асыру жаңа айлақтарды жобалау, құрылысын салу және қолданысқа енгізуді есепке ала отырып, 2006 жылдан 2009 жылға дейін құрылыс жұмыстарын жүргізуді қарастырады.
Инвестицияларды енгізуден келетін жоспарлы тиімділік:
Ақтау портын кеңейту мұнай жүктерін ауыстырып тиеудің жыл сайынғы көлемін 20 млн тоннаға дейін және құрғақ жүктерді 3 млн тоннаға дейін ұлғайтуды, сонымен бірге порттың Каспийдегі көшбасшылық орнын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 3-бабының 16-тармақшасына сәйкес бюджеттік инвестициялар – бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
Бюджет кодексінің келесі 17-тармақшасымен бюджеттік инвестициялық жобаға түсінік беріледі. БИЖ – бұл белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы
Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеу шеңберінде жүргізілген талдауды бағалау, және жобаны іске асырудың орындылығын айқындау үшін жүргізіледі.
Орталықта қанша жоба экономикалық
сараптамадан өткізілді?
Өткен жылы «Қазақстандық мемлекеттік-жеке
меншік әріптестік орталығы» АҚ 88 БИЖ-ға
экономикалық сараптама жүргізді. 2010 жылдың
1-тоқсанында Орталыққа экономикалық сараптамаға
47 жоба келіп түсті.
1.2 Инвестициялық жобалардың жіктелуі
Қазқстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың қаншалықты көп болуымен байланысты болып келеді. Инвестицияларды әртүрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту жағдайы бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде.
Инвестициялық жобаларды дайындай отырып, ссудалық қаражаттарды бизнеске тарту соңғы жылдары қолға алынды.
Жобалық несиелеу – бұл отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын жаңа нысаны болып табылады және оның банктік несиелеуден мынадай артықшылықтары бар:
- Инвестициялаудың стратегиясын даярлау;
- Инвестициялаудың белгілі бір уақыт аясын белгілеу;
- Инвестициялық басымдығын анықтау;
- Баламалы нұсқауларды қарастыру;
- Инвестицияның жүзеге асыру жоспарын дайындау;
- Бір уақытта бірнеше қаржыландыру көздері арқылы қаражат тарта алу.
Инвестициялық жобалар арқылы несие алу экономиканың нақты секторларын дамытуда болашақта ең негізгі құрал болатыны сөзсіз.
Инвестициялық жоба дегеніміз шектелген уақыт мерзімі ішінде белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған бір-бірімен тығыз байланысқан және үйлескен ұйымдастырушылық, техникалық және инвестициялық іс-әрекеттер жиынтығы.
Жоба белгілі бір бастапқы мәліметтері бар нәтиженің (мақсаттың) болуын талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді білдіреде.
08.01.2003 ж. ҚР «Инвестиция туралы»
Заңында инвестициялық жоба
Жобалардың табыстылығы көптеген факторларға байланысты:
- инвестициялық негіздеме деңгейінің жоғары болуы, сметалық құнын және құрылыс ұзақтығын бағалаудың сенімділігі;
- объектінің барлық функционалды талаптарға сай келуі, пайдалану шығындарын минимизациялауды қамтамасыз ету деңгейінің жоғары болуы;
- жобаны басқару жұмыстарын рационалды түрде ұйымдастыру;
- жобаның жүзеге асырылу уақытында тапсырыс берушінің жобаға өзгерістер енгізе алу мүмкіндігі.
Кесте 4. Инвестициялық жобалардың жіктелуі
Қолданылатын ресурстар көлеміне байланысты |
|
Жүзеге асу мерзіміне байланысты |
|
Ұлттық масштабына байланысты |
|
Тәуекел деңгейіне байланысты |
|
Ұйымдастыру нысанына байланысты |
|
Жобаны бағалауда және оның тиімділігін есептеуде жобалық талдаудың негізгі санаты «жобаның өмір сүру циклы» болып табылады. «Өмір сүру циклы» деп жобаның пайда болуы мен оның жойылуы кезіне дейінгі уақыт аралығын айтамыз. Жалпы алғанда жобалық цикл келесі кезеңдерден тұрады:
- инвестициялық шешім қабылдау;
- инвестициялау;
- жаңадан құрылған объектілерді пайдалануға беру.
Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі мамандарының сатаптауы бойынша жобалық цикл мына кезеңдерден тұрады:
- жобаларды таңдау (identification);
- жобаларды дайындау (preparation);
- жобаларды бағалау (appraisal);
- келіссөздер жүргізу және жобаны бекіту (negotiations and appraisal);
- жобаны жүзеге асыру және оны бақылау (implementation and control);
- жобаның нәтижелерін бақылау (evaluation).

- Инвестициялық жобаны әзірлеудің және талдаудың алдын ала кезеңі
- Инвестициялық жобаның қаржылық жүзеге асуын әзірлеу мен жобалау тетіктерін жетілдіру жолдары
- Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері
- Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу
- Инвестициялық жоба ұғымына кең түсінік бере отырып, инвестициялық жобаны бизнес жоспарлаудың басты әдістеріне тоқталу
- Инвестициялық - инновациялық саясат
- Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары
- Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және тиімділігін бағалау әдістері
- Инвестициялық жобалардың тәуекелі
- Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
- Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
- Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
- Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
- Инвестициялық жобалардың тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі