Инвестициялық жобалардың мәні және маңызы
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Курстық жұмыстың мақсаты – кез - келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды басқару жүйесін талдау және инвестициялық қызметін жүзеге асыру мәселелерін шешу және оңтайландыру бағыттары мен жетілдіру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Инвестициялық жобаларды басқарудың теориялық аспектілерін қарастыру;
- Шетел инвестицияларын рөлі және олардың қызметтерін талдау;
- Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды басқару мәселелерін және жетілдіру жолдарын талдау.
1
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ
- Инвестициялық жобалардың мәні және маңызы
Инвестиция – дегеніміз экономиканың әр түрлі саласына, оны сақтау және көбейту мақсатында салынатын ұзақ- мерзімді капитал салымы. Инвестициялық қызметінің түпкі мақсаты- пайда табу және экономиканың дамуына ықпал ету болып табылады.
Инвестицияның объекті бойынша - 2 түрін ажыратуға болады: нақты және қаржылық. Сонымен қатар инвестицияларды инвестициялық процесске қатысуына қарай тікелей және жанама деп бөледі.
Инвестициялық
жобалау дегеніміз техника –
экономикалық негізі бар (сызулар, түсіндермелі
хаттар, инвестициялық жобаның бизнес-
Жоба – бұл техникалық материалдар(сызба, есептер, жаңа құрылған гимараттардың макеті, құрлыстар т.б) белгілі бір құжаттардың алдын-ала тексті.
Ең алдымен өндірістік бағытта инвестициялық жобаны өндеу ұзақ мерзім уақыт бойы жүзеге асады- идеядан бастап материалдық деңгейге дейін.
Инвестициялық жобаны нарыктық көрсеткіштердің көмегімен тиімді бағалау үшін жұмыстын басталуы мен аякталуын нақты білу керек. Зертеуші, ғалым үшін жобаның басталуы идеяның туындауы болса, бизнесмендер үшін- алғашқы ақша қаражатты жобаны жүзеге асыру үшін салу болып табылады.
Жобаны қаржыландыратын инвесторларды процестің жасалуы емес, оны өткізуден алатын табыс қызықтырады. Ал жобаны жүзеге асыратын мекемелер үшін – жүмыстың аякталуы. Кейбір жобалар үшін жұмыстың аякталуы – қаржыландырудың тоқтатылуынан, объектіні пайдалануға шығару, жобалық қуаттылықты толығымен игеру болады.
Жобамен жұмыс істеу мезгілінің басталуы мен аяқталуы құжатты түрде негізделу керек.
Жобаның
басталу кезінен өтімділік
Инвестициялық циклды 3 топқа бөлуге болады. Оның әркайсысының өз мақсаттары мен міндеттері бар:
- нвестицияға дейінгі- бастапқы зерттеулерден инвестициялық жобаны қабылдау шешіміне дейін, яғни соңғы зерттеулерге дейін
- ивестиция кезеңі- келісім- шарт жасау кезеңі
- өндірістік- кәсіпорынның немесе объектінің шаруашылық қарекет ету кезеңі.
Инвестициялауға дейінгі және инвестициялау кезіндегі этаптар инвестициялық жобалау облысына кіреді. Ал өндірістік кезең арнайы жүргізуші кезеңдер ( өндірістік мекеме және еңбек күші, болжау, қаржыландыру, талдау т.б) облысына кіреді.
Жобаның алғашкы кезінде күтпеген жағдайларды ескеруге болады. Ол үшін ең экономикалық жолдарды табу, жобаның өтімділігін бағалау, оның бизнес - жоспарын құру. Бірақ, уакытында тоқтау деген принципке сүйене жүру керек, яғни жұмыстың басында тиімсіз жобадан бас тартқан жөн.
Екінші инвестициялық кезенде жоба мыналарды енгізеді:
- жобалық кәсіпорынды таңдау;
- жобалық сызуларды және модельді объектілерді дайындау;
- жобалық және құрлыстық жұмыстын алдын – ала жоспары;
- деталдық жоспарлау және спцификация;
- құрлыстық орындардын сызбасы.
Осы кезеңде бас мердігер және субмердігер тағайындалады. Мердігерлер мен жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін қыска мерзімді зайымдар аңыкталады.
Инвестициялық
кезеңде орындалған көп нұсқаулы
есептер нақты жобаны, оның техникасын
және жабдықтарды анықтауға
Жобалау үрдісін 2 кезеңге бөлуге болады: жоба алдындағы; нақты жобалау.
Жобалау алдындағы кезең инвестиция салудың алғы шарттарын жасайды. Дәл осы кезеңде жобаның өміршеңділігі мен инвестициялық тартымдылығы қалана басталады. Жобалау алдындағы кезең зерттеулері нақты инвестициялық жобаның толық сипаттайды. Инвестициялық жобаның өмірлік циклін бұл кезеңде дәл анықтау мүмкіндігі қиынға соғады.
Барлық жалпы көрсеткіштер жиынның технкалық және ұйымдастырушылық тиімділігін сипаттайтын, келесі топтарды қарастыруға болады:
- Еңбек өнімділігінің, еңбекақы қоры жоғарылауы;
- Материал қайтарымдылығының өсуі (материалдар шығынын азайту);
- Негізгі қор қайтарымдылығын көтеру;
- Айналым коэффициентінің артуы;
- Өнім көлемін жоғарылату;
- Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі;
- Қаржылық тұрақтылық жағдайын көрсеткіштерін жоғарылату;
Инвестициялық мүмкіншіліктерді қолданудың экономикалық тиімділігі барлық материалдық салаларға ортақ. Әдістік ұсыныстар іс-шараларының кешені ғылыми-техникалық прогресті үдетуге бағытталған.
Жобалау үрдісіндесінде болашақ объектінің негізгі мәселелері шешіледі. Олар: өз белгілеуіне сәйкестілігі; прогресті пайдалану талаптары; қысқа мерзім ішінде аз ғана еңбек күшін, материалды және ақша қаражатты пайдалануда.
Тәжірибеде
кәсіпорынның жобасын жасау, өндеу
кезінде мынандай бөлімдерді өзіне
енгізеді: түсіндірмелі хат, техника -
экономикалық бөлім, бас жоспар, енбек
күші, құрлыстық бөлім, өндірісті баскару
жүйесі, сметалық құжаттар.
- Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар
Республиканың
әлеуметтік – экономикалық дамуын
басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне
көшу осы процестің басты
Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:
- Жоспарлау;
- Бағдарламалау;
- Бюджетті дайындау;
- Орындау;
Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек.
Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет.
Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет:
- бюджет орындалатын , макроэкономикалық жағдай;
-
инвестициялар бойынша
Егер
инвестициялық жобаларды жүзеге
асыру бюджеттік мекемелерінің
міндеті болып табылса, инвестициялық
жобаларды қауіпке жиі қойса,
әсіресе қаражатты артық
Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау келесілерден тұрады:
-
инвестициялық қызметті
- жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу;
- ҚР-ның мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.
Мемлекеттік
тікелей қолдаудың ортақ
- жаңа технологияларды және ноу - хау енгізу,
-
жоғары сапалы тауарлар мен
қызмет көрсетуге ішкі
- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру;
-
экспортқа бейімделген және
- менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу және жаңа жұмыс орындарын құру;
- жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;
- өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны жақсарту.
Басқару
процесі үшін инвестициялық жобаларды
жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар
жүйесі басты мәнге ие.
2
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық
жобаларды басқару жүйесін талдау
2.1
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық
қызметті басқару ерекшелігі
Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді:
-
инвестицияларды мемлекеттік
-
жеке инвестициялық жобаларды
басқару – бұл қазіргі заман
талаптарына сай әдістер мен
басқару техникасын қолдану
-
жеке кәсіпорынның
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқарудың бірінші кезеңі – бұл елдегі инвестициялық жағдайды талдау.
Екінші кезең – кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын ескере отырып, оның инвестициялық қызметінің нақты бағыттарын анықтау.
Келесі кезең, яғни инвестициялар салудың нақты объектілерін таңдау, инвестициялық нарықтағы ұсынысты талдаудан басталады. Содан кейін кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарына және экономикалық стратегиясына сәйкес келетін жекелеген инвестициялық жобалар таңдап алынады. Барлық таңдап алынған инвестициялық объектілер олардың экономикалық тиімділігі жағынан талдауға алынады. Осы талдаудың қорытындысы бойынша инвестициялық жобалар экономикалық тиімділігі (табыстылығы) бойынша сараланып, солардың ішінен неғұрлым үлкен табыс алып келетін жобалар таңдап алынады.
Инвестицияларды басқарудың келесі кезеңі – инвестициялардың өтімділігін анықтау. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпорындар жекелеген инвестициялық объектілер бойынша инвестициялық жағдайдың өзгеруі нәтижесінде болжамдалған табыс мөлшері күрт төмендеп кетуі мүмкін екендігін ескерулері қажет. Сондықтан да барлық өзгерістерді жан-жақты қадағалап, инвестициялық бағдарламадан шығып кету және капиталды қайта инвестициялау туралы шешімдерді қажет уақытында қабылдай білу керек. Осындай жағдайлардың пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, әрбір инвестициялық объект бойынша алдын - ала инвестициялардың өтімділігін бағалап, солардың ішінен өтімділік деңгейі жоғары бағаланатын инвестицияларды жүзеге асырған абзал.
Инвестицияларды басқарудың тағы да бір өте маңызды кезеңі – инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау және оларды қаржыландыру көздерін іздестіру болып табылады. Бұл кезеңде кәсіпорынның жоспарлы бағыттары бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруға қажетті қаржылық ресурстардың жалпы көлемі анықталады. Инвестициялық ресурстарға деген мұқтаждықтарға сүйене отырып, оларды қаржыландыру көздері анықталады. Кәсіпорынның меншікті қаражаттары жетіспейтін жағдайда шеттен қаражаттар тарту туралы шешім қабылданады.
Жоғарыда
аталған шаралардың барлығын жүзеге
асырған соң кәсіпорынның инвестициялық
қоржыны қалыптасады. Инвестициялық қоржын
кәсіпорынның барлық инвестициялық жобаларының
жиынтығы болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың қорытынды
кезеңі – инвестициялық тәуекелдерді
басқару болып табылады. Бұл кезеңде алдымен
кәсіпорын барлық инвестициялық объектілер
бойынша кездесуі мүмкін тәуекелдерді
анықтап алып, содан кейін осы тәуекелдерді
мүмкіндігінше азайтуға байланысты шаралар
қолданылады.
2.2 Қазақстан Республикасындағы шетел
инвестицияларының рөлі және қызметтері
Шетел
капиталын тарту және оны пайдаланудың
тиімділігін көтеру, мемлекеттің
ұлттық мүдделері мен шетел
Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер.
Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.
Дефольт
себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік
несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын
инвестициялық жобалар
Басым инвестициялық жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі – таңдаудың нақты белгілері мен қарапайым бағыт - бағдардың жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық, ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде.
Мүмкін
боларлық дефольттарға жол бермеу үшін
қаржылық, әкімшілік, құқықтық сипаттағы
шаралар жиынтығын қолдану
Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бөлігі жан - жақты бағалаудан өткен тиянақты таңдалып алынған және дайындалған нақты жобаларды жүзеге асыру үшін қарызды алу маңыздылығын ескере отырып, шетелдік несиелерді конкурстық негізде таңдау болып табылады. Қарыздар мен несиелердің басым көпшілігі нақты жобаларды қаржыландыру үшін тартылуы тиіс: кен орындарын игеру, шағын кәсіпорындарды, білім және денсаулық сақтау жүйесін дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту, т.с.с. Мұндай бағыт республика экономикасын дамытуға жол ашатын тиімді жобаларға қорлар салымын қамтамасыз етіп, қарыз қорларын өтеу үшін оның нақты мүмкіндіктерін жоғарлатады.
Осымен байланысты банктік және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ұсынылатын инвестициялық жобаларға алдын - ала сараптама жасау қажет. Мұндай сараптама негізінде жобалардың техника - технологиялық, бағалық және құқықтық жағына толықтырулар енгізілуі тиіс. Маркетингтік зерттеулер жүргізілуі тиіс: шикізат көлемі және жеткізетін көздері, қажетті мамандар және жұмысшылар саны, өткізу нарығының мүмкіншілігін бағалау.
Содан
кейін жобаның негізгі
Жобаның экономикалық аспектілерінің сапалық және сандық талдауы жобаны таңдау мен оған сараптама жасаудың негізгі белгісі болып табылады. Мемлекет дамуының мақсаттарын жүзеге асыруға салынатын жобаны бағалауға бағытталуы тиіс: экономиканы көтеру, халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек өнімділігін жоғарлатуға бағытталатын бағдарламаны жүзеге асыру есебінен әлеуметтік іс - шаралар жүргізу, жұмыс орындарын ашу, жергілікті ресуртарды қолдану, кадрларды оқыту, қоршаған ортаны жақсарту.
Жобаны мемлекеттік кепілдемемен қолдаушылық пен басымдыққа ие жобалар тізіміне енгізу үшін оларды таңдауда, келесі өлшемдер де ескерілуі керек: кәсіпорын, аймақ, республиканың сыртқы қарыз көлемі, Қазақстан Республикасы кепілдемесінің шегі, мүмкін боларлық қосымша қаржыландыру көлемі, ерекше және тұрақты құқықтық базаны құру мүмкіндіктерінің болуы. Сонымен қатар, сыртқы қарызды өтеу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында, қарыз алушы кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық қызметіне күрделі тексеріс жүргізу қажет.
Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бір бөлігі - шетелдік кредиторлардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау және шетелдік несиені тартудың мақсатын қарастыру негізінде конкурстық таңдаудың болуы.
Шетелдік
несиелер бойынша шешім қабылдауда,
министрліктер мен
Дефольттардың алдын - алу үшін жалпы макроэкономикалық жағдаймен (инфляция деңгейі, ТМД елдерімен өзара есеп айырысу мәселесін шешу, өндірісті тұрақтандыру) қамтамасыз ету қажет, құқықтық базаның тұрақтылығы, қарыз алушы кәсіпорындардың жабылу немесе қайтақұрылу жағдайында, Қазақстан Республикасы кепілдемесі аясында тартылған шетелдік несиелер бойынша міндеттемелерді беру механизмін құру керек. Мемлекеттік тізімге енген басым инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, тұрақты түрде несиелерді игеру мен қарызды мерзімді өтеу мониторингін жүргізуді талап етеді.
Қазақстан
экономикасына әлемдік
Қазіргі таңда Қазақстанда бірлескен сақтандыру компанияларын құруға жол ашатын және "Казахинстрах” монополиясын шектейтін заңнамалық актілер қабылданған. Сақтандыру заңнамасына сәйкес, сақтандыру бойынша мемлекеттік компания "Казахинстрах” Қазақстанда шетел инвестицияларын сақтандыратын жалғыз компания болғандықтан, инвесторларға еркін түрде сақтандыру компаниясын таңдауға тиым салынған.
Шетел инвестицияларын сақтандырудың мүмкіндіктерін рационалды қолдану үшін халықаралық сақтандыру компаниясы немесе "ОПИК жеке инвестициялар” типтес шетел корпорациясы бойынша "American International Group” (AIG) корпорацияларының қатысуымен, саяси және коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру бойынша бірлескен қорларды мақсатты түрде құру қажет. Бұл корпорация АҚШ - тың ірі саудалық және өнеркәсіптік тәуекелдерді сақтандырушы және ірі әлемдік диверсификациялық сақтандыру тобы.
Қазақстан
экономикасының басым салаларына шетел
капиталын тартуды ынталандыру үшін қаржылық
- несиелік, салықтық ұмтылыстар мен қаржылық
емес әдістерді қолдану қажет. Соңғысына
шетел капиталының қызмет етуіне жалпы
қолайлы орта құру, қажетті өндіріс факторларымен,
ақпаратпен, басқару қызметтерімен, көліктің,
байланыстың әр түрінің, банктік қызмет
көрсетудің дамуын қамтамасыз ете отырып,
нарықтық инфрақұрылымның басқа да эмитенттерін
құру қажет.
2.3
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық
қызметтің мәселелері
Ең
алдымен аса маңызды екі
- біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне нарықтық механизм әсер ете алмайды; сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет;
- екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің иенвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай – ақ, болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.
Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат - макроэкономикалық; салық және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі болып табылады.
Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құралымына да әсер етеді. Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі - макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер табылады. Республикамыздың жағдайында салалық құрылымның тиімді жағдайын анықтау – экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.
Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.

- Инвестициялық жобалардың мәні және маңызы
- Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны
- Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және тиімділігін бағалау әдістері
- Инвестициялық жобалардың тәуекелі
- Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
- Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
- Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
- Инвестициялық жоба, құрылымы мен өмірлік циклі
- Инвестициялық жобалар
- Инвестициялық жобалар
- Инвестициялық жобалар
- Инвестициялық жобалар
- Инвестициялық жобалар
- Инвестициялық жобаларды қаржыландыру