Инвестициялық жобалар. 5

1. Банк  қызметінің негізгі көрсеткіштері

1.1. Инвестициялық жобалар.

Банктің негізгі міндеттерінің  бірі экономиканы диверсификациялауға, оның шикізаттық бағытталуынан шегінуге жағдай жасайтын жобаларды қаржыландыру болып табылады (Қойылған мақсаттарға  қол жеткізу үшін Үкімет мамандандырылған даму институттарын құрды). Банк Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын, сондай-ақ бірқатар салалық және мемлекеттік бағдарламаларды  жүзеге асыру бойынша негізгі  даму институттарының бірі болып  табылады.

Банк қызмет еткен  күннен бастап Банктің 996,8 млн. АҚШ доллары  қатысуымен жалпы сомасы 2 105,2 млн. АҚШ  долларын құрайтын, 49 инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мақұлдады, оның ішінде 2006 жылы Банктің 449,5 млн. АҚШ доллары қатысуымен жалпы сомасы 933,4 млн. АҚШ долларын құрайтын 13 инвестициялық жобаны мақұлдаған еді.

2007 жылғы 1 қаңтарда  Банктің қызмет етуінің басынан  бастап мақұлданған инвестициялық  жобаларды игеру 425,6 млн. АҚШ  долларын құрады, соның ішінде 2006 жылы - жыл басынан 30% ұлғайып, 98,7 млн. АҚШ долларды құрады.

Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру кезеңінде  мақұлданған 38 инвестициялық жоба ішінен:

15 жоба экспортқа бағытталған жоба категориясына жатады;

7 жоба өндірістік және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған; - 6 жоба өнеркәсіптің басқа салаларында бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға бағытталған;

5 жоба Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шегінде құрылыс материалдарының өндірісін кеңейтуге бағытталған;

4 жоба Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы шегінде инфрақұрылымдық жобалардың құрылысына тиісті;

1 жоба Банктің сыртқы нарықтарға шығуына бағытталған.

Қазақстан аумағының  кешенді дамуы және олардың Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының іске асырылуына тартылуы мақсатында Банк Қазақстанның барлық аймақтарында несиелеуді жүзеге асырады. Аймақтық құрылымдағы ең үлкен үлестік салмағы Маңғыстау (16%) және Қызылорда облыстарына (15%), сонымен қатар аймақаралық жобаларға тиісті (3 сур.).

3-сур.

Банктің облыстар бойынша  несиелеу көлемінің біркелкі болмауының объективті себептері бар. Айталық, көмірсутекті шикізатқа бай Атырау облысында, өндіру салаларында маманданған  бірқатар өнеркәсіптік облыстарда (Қарағанды, Павлодар және басқа) несиелеудің шағын  көлемі тікелей шетелдік инвестициялардың үлкен көлемімен өтеледі, бұл  инвестициялар соңғы жылдары  дәстүрлі түрде нақ осы аймақтарға түсіп отырады.

Сондықтан, Банктің  Солтүстік Қазақстан облысындағы  мәнді жобаларды қаржыландыруы  маңызды, бұл облыста, сонымен қатар  кедей халықтың үлесі салыстырмалы жоғары, бірақ халықтың көп қоныстануы мен өсімімен ерекшеленетін Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында инвестициялардың, соның ішінде тікелей  инвестициялардың ең төмен көлемі байқалды. Банктің қатысуымен инвестициялық  сипаты жоғары емес Жамбыл облысында  да инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру осы аймақтағы өнеркәсіптің дамуын ынталандыруға мүмкіндік  береді.

Осылайша, өндірістерді нақ осы облыстарда құра отырып, Банк аймақтық әлеуметтік-экономикалық диспропорцияның жойылуына жағдай жасайды. Банк қатысатын қаржыландыруға мақұлданған инвестициялық жобалардың салалық құрылымы көлік және байланыс (18%), электр энергиясын, газ бен суды өндіру және тарату (13,2%), тоқыма және тігін өнеркәсібі (7,4%), басқа металл емес минералдық өнімдерді шығару (27,7%), машиналарды және жабдықтарды шығару (4,3%) және тамақ өнеркәсібі (5,3%), химия өнеркәсібі (4,7%), кокс, мұнай өнімдері мен ядролық материалдар өндірісі (2%), целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, баспа ісі (8,4%), ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы (1,6%), көп салалы жобалар (6,1%), электр жабдығын, электрондық және оптикалық жабдықты шығару (1,1%), металлургия өнеркәсібі (0,1%) секілді экономиканың мәнді секторлары жатады (4 сур).

4-сур.

1.1. Инвестициялық жобалар.

Жалғасы

• Көлік және байланыс

Еліміздің индустриалдық-инновациялық даму стратегиясында өнеркәсіптің және экономиканың басқа салаларының  бәсекеге қабілеттілігі көбіне өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның даму жағдайына байланысты екені белгіленген.

Көлік саласындағы  басты міндет көлік инфрақұрылымы  дамудың шектеуші факторына айналатындай жағдайды болдырмау мақсатында, еліміздің  экономикалық өсуінің жоғары қарқынына  сәйкес жүк және жолаушы ағындарын  кеңейтуді және жетілдіруді қамтамасыз ету болып табылады. Басқа маңызды  міндет елдің көлік әлеуетін максималды дамыту болып табылады.

Банк инвестицияларының  едәуір бөлігі (18%) көлік және байланыс саласына тиісті, бұл салалар Қазақстан  Республикасының көліктік транзиттік әлеуетінің дамуына, қазақстандық өнім экспортының ілгері жылжуына және кеңеюіне әсерін тигізеді, және олар капитал  сыйымды болып табылады.

Мысалдардың бірі ретінде  солтүстік бағыттағы Ақтау Теңіз Халықаралық Сауда Портын кеңейту бойынша инвестициялық жобасын келтіруге болады. Осы жобаны іске асыру Каспий маңындағы басқа порттарға бәсекеге түсуге қабілетті, бүкіл қазіргі заманғы талаптарға сай келетін ірі теңіз портын құруға, сауда кеме жүзуін нығайтуға және Ұлттық флотты дамыту бағдарламасын жоспарлы түрде жүзеге асыруға, экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдардың тұрақты өрлеуіне, сыртқы экономикалық қызметті кеңейтуге жағдай жасайды. Бұл Қазақстан экономикасының ілеспелі салалары үшін мультипликативтік әсерді қамтамасыз етеді, көлік-логистика саласындағы басқа жобалардың жүзеге асырылуына ықпалын тигізеді.

Бұдан басқа іске асырылған "Түпқараған шығанағында теңіз операцияларын қолдау базасын дамыту шегіндегі айлақтың, жол алаңының құрылысы" инвестициялық жобасы айрықша қызығушылық тудырады. Жобаны іске асыру мұнайды барлау және өндіру бойынша теңіз операциясын жағалаулық қолдауды қамтамасыз етті, сол арқылы мемлекеттің Каспий аймағындағы мұнай өндіруші компаниялар саясатына ықпал етуінің қосымша құралы пайда болды.

Екінші кезеңде теңіз операцияларын қолдау флотын салу және оған ие болу жоспарланып отыр. Бұл кезеңді жүзеге асыру ұлттық теңіз сауда флотын қажетті түрді және сыныпты қазіргі заманғы кемелермен жабдықтауға, Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру бойынша теңіз операцияларын іске асыруға қабілетті қосалқы флоттың құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңа объектілерді салуға жағдай жасайды (жасанды аралдар және олардың үстіне мұнай инфрақұрылымын салу), бұл Каспий шельфінің қазақстандық секторындағы жобаларды іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, Банк ең шапшаң дамитын және болашағы бар  телекоммуникация саласында "Транстелеком" АҚ жобасын қаржыландырды. Қазақстанның екі ірі қаласы Астана - Алматы учаскесінде талшықты-оптикалық байланысты құру жобасын жүзеге асыру осы екі қала арасында ақпаратпен телебайланыс арқылы алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді, алдыңғы қатарлы және прогрессивті байланыс құралдарын дамытуға әсерін тигізеді және олардың отандық бизнес және халық үшін максималды қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

• Электр энергиясын, газ бен суды өндіру және тарату

Өткізілетін реформаларды қолдау және салаларды онан ары дамыту үшін Қазақстан Республикасының  Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясында энергия өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорындардың жабдығын жаңарту  мақсатында инвестицияларды ұлғайту  қажеттілігі қарастырылады.

Электр энергиясын өндіру және тарату бойынша ең капитал  сыйымды инвестициялық жобалар  үлесі Банк қаржыландыратын жобалардың жалпы көлемінің 13,2% құрайды.

Банк Еуропа Қайта  Құру және Даму Банкімен бірлесіп, Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі электр желісінің құрылысы инвестициялық жобасын қаржыландырады ("KEGOC" АҚ). Бұл жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының электрэнергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға, елдің оңтүстік аймақтарындағы тарифтердің тұрақтануына, елдің оңтүстік өңірінің тұтынушыларын электржабдықтаудың сенімділігін және үздіксіздігін жоғарылатуға, мұнай бағаларының өсуімен байланысты тәуекелді төмендетуге жағдай жасайды. Осы инвестициялық жобаны іске асыру энергиясы артық солтүстік аймақтардан энергиясы жеткіліксіз оңтүстік өңірлерге электр энергиясының жеткізілу көлемін жоғарылатуға мүмкіндік береді, сонымен бірге электр энергиясын шектес мемлекеттерден тасымалдау жөнінен республиканың транзиттік әлеуетін ұлғайтуға жағдай тудырады.

Қазақстанның оңтүстігіндегі электр энергиясының тапшылығын ескере отырып, Банк "Южполиметалл" АҚ ТЭЦ-1 қайта құру бойынша жобаны қаржыландыруды бастады, оны іске асыру өндірілетін  жылу және электр энергиясының көлемін  ұлғайтуға, және бұл ресурстарды  заңды тұлғаларға және жақын орналасқан халыққа жеткізіп тұруға жағдай жасайды.

Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі электр энергиясының тапшылығы  мәселесін шешетін тағы бір жоба қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан Шарын өзенінде Мойнақ ГЭС-ның құрылысы инвестициялық жобасы болып табылады. Жобаның негізгі мақсаты электр энергиясын өндіру және оны Оңтүстік Қазақстан аймағында ең жоғары салмақты көтеру режимінде энергия жүйесіне жеткізу.

• Өңдеу өнеркәсібі

Өңдеу өнеркәсібін  қаржыландыру үлесі Банктің қаржыландыруға мақұлдаған барлық жобалар көлемінің 63,6% құрайды.

o Тоқыма және тігін өнеркәсібі

Елде құрылып жатқан тоқыма кластерін инвестициялауды  Банк бірқатар мақта шала өңделген өнімін бастапқы өңдеу және сатып  алу, дайын өнімді экспорттау бойынша  жобаларды қаржыландыра отырып, мақта  өңдеу өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін дамыту және қолдаудан бастады. Содан кейін қосымша құнның жоғары деңгейін алумен мақтаны терең өңдеу  бойынша инвестициялық жобалар  құрылымдандырылды.

Сөйтіп, Банктің қатысуымен "Ютекс" АҚ толық өндірістік циклды құрумен байланысты жобасы іске асырылады (Шымкент қ.), мақта талшығын әрекеттегі мақта тазартатын зауытта өндіруден  бастап, одан иірілген мақта жібін  жасаумен аяқталады.

"Меланж" АҚ (Шымкент  қ.) "Мақта маталарын шығару  бойынша тігін және бояу-әрлеу  өндірісін қайта құру" жобасы  қаржыландырылып, пайдалануға енгізілді.  Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде  мақтаны ең терең өңдейтін  ірі тоқыма және дайын матаның  көптеген түрлерін шығару өндірісі  ұйымдастырылды (4 қайта өңдеу), ол  ең жаңа жоғары технологиялық  жабдықпен жабдықталған. Сол арқылы, мақта-тоқыма кластерінде қосымша  құн тізбегін толық қамтуға  қол жеткізілді.

Оңтүстік Қазақстан  облысындағы мақтаны терең өңдеудің технологиялық тізбегін аяқтау мақсатында, Банк "Ютекс" АҚ тігін өндірісін  ұйымдастыру бойынша жобасын  жүзеге асыруға қатысады, осы жоба бойынша толық көлемде құрал-жабдықтың  жабдықталуы және жинақталуы жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта компания қазақстандық өнімді әлемдік нарықта  дүние жүзіне белгілі сауда белгісімен өткізу бойынша шаралар өткізуде.

Банк, Қазақстанға Rieter (Швейцария) және LTG фирмасының (салқындату жүйелері) жіп иіруші және тігін  жабдығының ірі әлемдік өндірушісін  және жабдықтаушысын тарта отырып, Оңтүстік Қазақстан облысында технопаркты  құрды. "Ютекс" АҚ ұсынған технопарк  аумағында: техникалық қызмет, технологиялық  оқыту, иіруші эксперименталдық фабриканы  құру, өндірісті жобалау, электрондық  компоненттерді жөндеу, сондай-ақ басқа  сервистік фирмалардың өкілдіктерін ашу ұйымдастырылады. Қазақстан  осы тәрізді орталықтар ашылған  әлемдегі бесінші мемлекет болады (Түркия, Қытай Халық Республикасы, Үндістан және Пәкістан).

Бұдан басқа, "Нимэкс-Текстиль" АҚ жібек маталары комбинатында тоқыма өнеркәсібін қалпына  келтіру және кеңейту  бойынша жоба қаржыландырылады (Өскемен  қаласы), оны 20071.1. Инвестициялық жобалар.

Жалғасы

• Басқа металдық емес минералдық өнімдерді шығару

Банк құрылыс индустриясының қажетті жоғары сапалы құрылыс материалдарын  шығаратын жобаларын инвестициялық  несиелеуді жүзеге асырады.

Оларға Астана қаласындағы  ұялық бетоннан үй құрылысы бұйымдарын шығару зауыты ("Экотон+" АҚ), Астана және Ақтөбеде жүзеге асырылған шыны-пластикалық  құбырлардың өндірісін құру бойынша  жобалар ("Амитех Карасай Пайп" ЖШС, "Хобас Пайпс Казахстан" ЖШС) жатады.

Осы инвестициялық  жобаларды іске асыру отандық  құрылыс индустриясының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді және болашақта  құрылыс материалдарын жақын  мемлекеттер нарықтарына шығару бойынша әлеуетті мүмкіндік береді.

Банк биылғы жылы бірталай ірі инвестициялық жобалардың бірін  мақұлдады, бұл - Қызылорда қаласында ("Пилкингтон KZ" ЖШС) шыны табағын  өндіру бойынша зауыт салу.

Инвестициялық жобаның  мақсаты Қазақстан Республикасында  әлемдік стандарттарға сәйкес келетін  шыны табағын және одан істелінген бұйымдардың қазіргі заманғы  өндірісін ұйымдастыру. Осы жобаны іске асыру ұлттық шыны өнеркәсібін  құруды қамтамасыз етеді, техникалық тәжірибені, қазіргі заманғы технологияларды  пайдалану жолымен және стратегиялық серіктестің бәсекеге қабілетті  өнім өндірісіне қатысуы арқылы құрылыс  секторының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, енгізілетін  шыны өндірісі басқа салалардың дамуы  үшін мультипликативтік әсер береді (электр изоляторлары, шыны блоктары, шыны талшықты жіптер және т.б. сияқты қосымша  құны бар өнімдерді шығару). Зауыт  өнімі ішкі нарықта, Орталық Азия елдерінде және Ресейдің Сібір аймақтарында қажет болады, сонымен қатар ол Батыс Қытайға шығарылуы мүмкін.

Стратегиялық инвестор ретінде Pilkington plc, Ұлыбритания компаниясы таңдалды. "Pilkington" компаниясының  жобаға қатысуы (Ұлыбритания) келесі себептермен  кесімделген: қажетті технологиялық  және қаржылық мүмкіндіктерге ие болу; әлемдік нарықтағы бедел және осы тәріздес жобаларды іске асырудағы  тәжірибенің бар болуы, сонымен  қатар шыны өнімін флоат әдісімен өндіру үшін лицензияның (патенттің) бар  болуы.

Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру тарапынан "Silicium Kazakhstan" ЖШС жобасының  ел үшін маңызды стратегиялық мәні бар. "Металдық кремний өндіретін  зауыттың құрылысы" жобасы іске асыру  Қазақстан және аймақтар экономикасының дамуына:

- әлемдік стандарттарға  сай келетін экспортқа бағытталған  қазақстандық өнімнің өндірісін  қамтамасыз ету арқылы;

- Қазақстанда өнім  өндірісінің толық технологиялық  тізбегін құруға жәрдемдесу (шикізат  Қазақстанда өңделуі үшін пайдаланылады)  арқылы жағдай жасайды.

Сонымен қатар 2006 жылы Банк "Казақцемент" ЖШС жобасын  мақұлдады, ол 2005-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында құрылыс  материалдары, бұйымдары және конструкциялары  өнеркәсібін дамыту бағдарламасына, Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік пәтер-үй құрылысын  дамыту бағдарламасына, сонымен бірге  Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының негізгі басымдылықтарына сәйкес келеді. Бұл жоба (Шығыс-Қазақстан облысында  өнімділігі жылына 1 млн. тоннадан асатын цемент зауытын салу) цементті алдыңғы  қатарлы технология бойынша шығаруды қарастырады, ол бір уақытта үнемділікті  және жоғары экологиялық стандарттарға  сәйкестікті қамтамасыз етеді.

• Химия өнеркәсібі

Банк осы салада "Казхимволокно" ЖШС жобасын  мақұлдады, оның мақсаты "ARNIX" мета-арамид жібінің өндірісін жаңарту және іске қосу, оның жылына 1500 тонна көлеміндегі  жоғары термотұрақты сипаты бар. Мета-арамид өнімі бұл - жылуға төзімділік, өртенбеу, термотұрақтылық, жоғары химиялық және радиациялық беріктігі және т.б. айырмалық физикалық-химиялық сипаттар кешені бар талшықтар, жіптер немесе талшықты-қабықшалы байланыстырушы материалдар.

Сонымен қатар Банк "Биохим" өндірістік кешенін құру жобасын қаржыландырады, оның шегінде  жоғары октандық экологиялық отын биоприсадкасын шығаратын өнеркәсіптік кешеннің құрылысы аяқталды.

• Машиналарды және жабдықты шығару

Дизель қозғалтқыштарының  өндірісін қалпына келтіру "Агромашхолдинг" ААҚ жобасы (Қостанай қ.) Қазақстандағы  ұлттық ауыл шаруашылық машиналарын  жасаудың дамуына және қалыптасуына жағдай жасап, салада жоғары технологиялардың енгізілуіне, аймақ халқының жұмыс  бастылығының өсуіне әкеледі.

"Южполиметалл өнеркәсіп  корпорациясы" "Бағыт ауыстырудың  реновациясы және жасалуы"  АҚ жобасы (Кентау қ.) елдің жағдайларына  лайықталған жаңа технологияларды  қолдана отырып, Қазақстанның өнімдегі  ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыруға  бағытталған. Жобаны іске асыру  нәтижесінде жаңа жұмыс орындары  құрылып, аймақтың әлеуметтік  мәселелерін шешуге мүмкіндік  береді.

 жылы пайдалануға  енгізу жоспарланып отыр.

Тамақ өнеркәсібі

Банктың тамақ өнеркәсібіндегі  жаңа жоғары технологиялық өндірістерді қаржыландыру мысалы "Vita" АҚ майды  дақылдар тұқымдарын терең өңдеу  бойынша зауыт салу жобасы болып  табылады. Жоба тамақ өнімін алу  үшін өндіріс инфрақұрылымын құруды және кейін сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілетті жаңа өнім түрлерін шығару үшін сояны тереңдетіп өңдеуді болжап отыр. Қазақстан үшін жаңа өңдеу  өндірісін құрудан басқа жобаны іске асыру егіс даласының ұлғаюына және сәйкесінше сояны өсірумен айналысатын  ауылды жердегі халық санының  өсуіне әкеледі.

Инвестициялық жобалардың тамақ өнеркәсібінде жүзеге асуы бәсекеге қабілетті тауарлы өнімнің  халықаралық нарықтарға шығуына  жағдай жасайды.

• Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және баспа ісі

Банк бәсекеге қабілетті  салалар үшін Қазақстанда бұрын  болмаған немесе дамымаған жүйе құрушы кәсіпорындардың ашылуын қаржыландырады.

Бұл салада "Іле  қатырма-қағаз комбинаты" АҚ, қатырма-қағаз  өнімін шығару және өңдеу комбинатының құрылысы бойынша инвестициялық  жобасы іске асырылып жатыр, сонымен  қатар Банк "Қазақстан Қағазы" АҚ, әрі қазақстандық, әрі аймақтағы  басқа елдер нарығы үшін қағаз  орамасын шығару бойынша инвестициялық  жобасын қаржыландырды.

• Металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдарын шығару

Банк металлургия  саласының инвестициялық несиелеуін жүзеге асырады, ол Қазақстандағы машина жасаудың қазіргі заманғы жоғары сапалы өнімін шығару үшін негіз құрады.

Осылайша Банк Павлодар қаласында құрышты үздіксіз құйып, кейін ыстық деформациялау әдісімен дөңгелек прокат өндірісін құруды қаржыландырды.

• Кокс, мұнай өнімдерінің өндірісі

Қазақстанның шикізаттық емес салаларының дамуы үшін елде өндірілетін көмірсутекті шикізатты  өңдеу әрі елдің ішкі қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін, әрі өңдеу өнімін сыртқы нарықтарға жеткізу үшін маңызды  мәнге ие болып отыр.

• Электр, электрондық және оптикалық жабдықты шығару

Банк Қазақстанда  экспортқа бағытталған және әлемдік  нарықта жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге қабілетті жаңа жоғары технологиялық өндірістерді қаржыландыруға айрықша көңіл бөледі.

Осы тәрізді жобалардың мысалы "Казэнергокабель" АҚ, телефон  желілерін, жылу XLPE изоляциясымен бірге  күш беретін кабельді шығаруды игерумен қатар кабель-өткізгіштік өнімнің  өндірісін кеңейту бойынша жобасы болып табылады. Жоба шегінде кабель-өткізгіштік  өнімнің жаңа түрлерін шығаратын  өндіріс құрылу үстінде (телефон  кабельдері және желілері, тігілген полиэтиленнен  жасалған изоляциясы бар күш беретін  кабель (XLPE изоляциясы).

Банк сонымен бірге  Ақтөбе қаласында рентген аппараттар өндірісін модернизациялау жобасын  қаржыландырады, ол елдегі құрал-жабдықты шығару саласының дамып отырғанын  айқын дәлелдейді.

• Ауыл шаруашылығы

Банк ауыл шаруашылығы  саласының дамуына айрықша көңіл  бөледі, оның дамуы елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің стратегиялық бағыты болып табылады.

Бұл салада Банк мысал  үшін Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан  облыстарының астық өндірушілеріне ауыл шаруашылық техникасының лизинг негізінде берілуін, сонымен қатар  астықты өңдеу және өндіріске  Ақмола облысының қосымша шабындығын тарту бойынша жаңа қуаттарды  құруды қаржыландырды.

• Банктің таяу шетел нарықтарына шығуы шегіндегі жобалары

ИИДС шегінде Банктің  республика аумағынан шығуы қарастырылған. Банк инвестициялық жобалар бойынша  шетелде жүзеге асыруға ұсынылатын нақты өтінімдерді қарастыру  жұмысына кірісті.

Атап айтқанда, биылғы жылы "Газ терминалының Керчь  қаласындағы құрылысы, Украина" инвестициялық  жобасы қаржыландыруға мақұлданды. Жобаның  негізгі мақсаты сұйытылған көмірсутекті газды (СКГ) қайта тиеу бойынша қызмет көрсету. Осы терминалдың құрылысы СКГ құнындағы көлік құраушысын елеулі қысқартатын болады. Жобаның  жүзеге асуы Қазақстанның экспорттық әлеуетін жоғарылатып, Қазақстаннан және Ресейден Еуропаға және Жерорта теңізі елдеріне СКГ тасымалдаудың жаңа балама бағытын құруға мүмкіндік  береді.

1.2. Экспорт операциялары

Банк функцияларының бірі экспорт операцияларын қаржыландыру болып табылады. Банктің қазақстандық тауар өндірушілерінің экспортын  қаржыландыру жалпы алғанда елдің  экспорттық әлеуетін күшейтуге жағдай жасайды, бұл ұлттық экономиканың диверсификациясы кезінде маңызды роль атқарады.

Банк қызметінің басынан  бастап қаржыландыруға 615,8 млн. АҚШ  доллары сомасына, Банктің 253,1 млн. АҚШ  доллары қатысуымен 51 экспорттық операция, соның ішінде 2006 жылы 176,9 млн. АҚШ  доллары сомасына Банктің несиелеу көлемі 53,7 млн. АҚШ доллары сомасына 13 экспорттық операция мақұлданды.

Банктің қатысуымен экспорттық операциялар елдің 10 аймағында жүзеге асырылады. Бұдан басқа, қазақстандық тауар өндірушілері аймақаралық  және шетелдік жобаларды іске асырады. Ең үлкен үлес аймақаралық жобаларға (29%), Оңтүстік Қазақстанға (20%), Ақмола облысына тиісті (14%) (5-сур.).

Экспорттық операцияларды  қаржыландыру кездегі ең үлкен үлес заңды түрде елдің экспортқа  бағытталған өнім өндірісінде потенциалы өте жоғары аймақтарына тиісті.

5-сур.

Банктың қаржыландыратын  операциялары бойынша экспорттық өнімді негізгі импорттаушы елдер:

- ТМД елдері - Ресей  Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғыз  Республикасы, Украина, Грузия, Әзірбайжан,

- қиыр шет елдері - Ұлыбритания, АҚШ, Австрия, Испания,  Италия, Бельгия, Ирландия, Швеция, Түркия, Сауд Аравиясы, Мысыр, Иордания, ҚХР,  Нидерланды, Латвия (6-сур.).

6-сур.

1.3. Агенттік қызмет  көрсету

Банк республикалық  және жергілікті қайтарылма негізде  қаржыландырылатын инвестициялық  жобаларға қызмет көрсету бойынша  Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерекше агенті, сонымен қатар мемлекет кепілдік берген қарыздар арқылы қаржыландырылатын  жобалар агенті болып табылады. Банк ел экономикасына маңызы бар жобаларға  инфрақұрылым, көлік, әуе-ғарыш салаларында  қызмет көрсетеді (7-сур.).

7-сур.

2007 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша 13 жобаға қызмет  көрсетіледі - 10 мемлекет кепілдік  берген қарыздар арқылы қаржыландырылады  және 3 үкіметтік қарыздар және  жалпы сомасы 772 млн. АҚШ долл. балама бюджеттік несие арқылы  қаржыландырылады. Бұл жобалар іс  жүзінде елдің бүкіл өңірлерінде  жүзеге асырылады (8-сур.).

8-сур.

1.4. Шеттен алып пайдалану

Банк қызметінің қолданыстағы заңнамамен анықталатын ерекшелігі мен шектеулерінің болуына орай, қарыз қаражаты инвестициялық жобалар  үшін несиелеудің жалғыз көзі болып  табылады.

Банк несиелік операцияларын  қорландыру базасы инвестициялық жобаларды  және экспорттық операцияларды несиелеудің  негізгі шарттарын (ставкалар, мерзімдер) анықтайды.

Банктің қызмет етуінен  бастап барлығы 728 млн. астам АҚШ  доллары сомасына қарыз тартылды, соның ішінде 2006 жылы Банк қарыз  келісім-шарттарына қол қойды, және 215 млн. АҚШ доллары сомасына балама еурооблигацияларды орналастырды (9-сур.).

9-сур.

Тәуекелді азайту мақсатында Банк меншікті капиталының қарыз  капиталына 1:2 ара қатысын ұстанады. Бұл саясат Банкке екінші деңгейлі банктер арасында ең ұтымды қарыз  қаражаттарын тартуға және несиелеу көлемінің өсіміне барабар қорландыру базасын қамтамасыз етуге мүмкіндік  береді (10-сур.).

10-сур.

1.5. Инвестициялық портфель

Жалпы инвестициялық  портфельдің активтер көлемі 2006 жыл  ішінде 13 409,5 млн. теңгеге ұлғайды  және 2006 жылдың соңындағы жағдай бойынша 102 968,4 млн. теңге құрады.

Инвестициялық портфель құрылымындағы (11-сур.) мемлекеттік  құнды қағаздардың үлесі 16,5% төмендеді, корпоративтік қағаздар және депозиттік портфель үлесі, корреспондент шоттарындағы қаражат 13,39% және сәйкесінше 3,16% артты.

11-сур.

Банктің инвестициялық  портфелі активтерінің өсуіне орай Банк қаражатты анағұрлым сапалы басқаруға  көшті. Айталық, 2006 жылы инвестициялық  портфельдің активтерінің бір бөлігін  сенімді басқаруға тапсыру бойынша  жұмыс басталды.

1.6. "ҚДБ-Лизинг" АҚ "Қазақстан  Даму Банкі"  АҚ еншілес ұйымы.

Қызметтің салалық, немесе географиялық жағынан анағұрлым  тереңдетілген мамандануынан ілеспелі немесе негізгі қызметпен байланысты бағыттарды маманданған бөлімшелерге және еншілес ұйымдарға бөлу арқылы нәтиже алу мақсатында, 2005 жылы Банктің 100%-дық қатысуымен "ҚДБ-Лизинг" АҚ еншілес лизинг компаниясы құрылды. "ҚДБ-Лизинг" АҚ лизинг қызметін жүзеге асырудағы ішкі және сыртқы нарықтардағы негізгі салалық инвестициялық  басымдылықтары бұл - Банктің Меморандумында анықталған және "ҚДБ-Лизинг" АҚ акционерлер  жалпы жиналысының шешімімен  анықталатын басымдылықтар, яғни өңдеу  өнеркәсібінің, өндірістік және көлік  инфрақұрылымының инвестициялық жобаларын  қаржыландыру болып табылады.

Бұл ретте "ҚДБ-Лизинг" АҚ 1 000 000АҚШ долларына және одан жоғары сомаға лизинг мәмілелерін жүзеге асырады, егер "БРК-Лизинг" АҚ акционерлері жалпы жиналысының шешімімен  басқа шарт қарастырылмаса, лизинг мерзімі 20 жылға дейін жетеді, сыйақы ставкасы отандық кәсіпорындар үшін тартымды болып табылады, осы шартта жабдықты сатып алу, жеткізу, кедендік рәсімдеу мәселелерін компания өз мойынына алады.

Инвестициялық жобалар. 5