Инвестициялық жобалар. 3
КІРІСПЕ.......................
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ
ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН
БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ......................
1.1 Инвестициялық
жобалардың мәні, мазмұны.......................
1.2 Инвестициялық
жобалардың тиімділігін
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
2.1 Қазақстан республикасындағы
компаниялардың инвестициялық
стратегиясындағы кездесетін
2.2 Қазақстан Республикасындағы
компаниялардың инвестициялық
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
КІРІСПЕ
Бұл
курстық жұмыстың тақырыбы «
Кәсіпорынның инвестициялық
стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға
бағыттау қажет және қазіргі кездегі
инвестициялық жобалар мен
Бұл тақырыптың өзектілігі – неғұрлым стратегияның дұрыс жолға қойылуы компания үшін де кәсіпорын үшін де тиімділігін арттырады, өндіріске ықпал жасайды. Сонымен қатар компания бірлігіне, ұйымшылдығына, мәртебесіне әсер етеді.
Инвестициялық стратегияның мақсаты – белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғылырды ауыстыру.
Бұл курстық жұмыстың міндеті – бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы компаниясының негізгі мәселелерді негізге ала отырып компания үшін дұрыс және тиімді стратегия құру, инвестициялық тарту көздерін қалыптастыру, оның орналастыру үшін түбегейлі мәселе болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы, яғни кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде, Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және тиімділігін бағалау әдістері.
Екінші бөлімде, Қазақстан
Республикасындағы компаниялардың
инвестициялық стратегиясын қалыптастыру
ерекшеліктері және ондағы
кездесетін негізгі мәселелер.
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
- Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны
Халықаралық тәжірибеде кәсіпорының даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Жобаларды әдет бойынша тактикалық
және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының
қатарына меншік түрінің өзгерісін(арендалық
кәсіпорынды, акционерлік қоғамды,
жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды
құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі(
Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Кәсіпорынның нақты бір
жобаға қатысты инвестициялық
іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық
цикл түрінде қалыптасады және ол
циклдың келесі
кезеңдерге ие.
1.Жобаның тұжырымдалуы. Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса,онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
2.Жобаны дайындау. Жобаның бизнес - идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды және т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдеу алуға және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.
3. Жобаны сараптау. Жобаны жүзеге
асыру алдында оның білікті сараптамасы
– жобаның өмірлік циклына аса қажетті
саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен
стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын
болса, онда инвестордың өзі сараптама
жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны
іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін
жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді
бір консалтингтік фирмаға
ақшасының кейбір
бөлігін
жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен
өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
4. Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.
5.Нәтижелерді бағалау.
Бұл жобаның соңында, сондай-
Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға және типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері мынадай:
1.Тұрақты масштабтағы
бизнестің табиғи жалғасуы ретінде
ескірген қондырғыларды
2.Ағымдағы өндірістік
шығындарды азайту мақсатында
қондырғыларды ауыстыру. Осындай
жобалардың мақсаты – жұмыс істеп
жатқан қондырғының орнына неғұрлым
жетілгенін қолдану, бірақ онысы
моральдық тозған қондырғыға қарағанда
салыстырмалы түрде тиімділігі
азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені техникалық мағынада неғұрлым тиімді бола бермейді.
3. Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңеуті. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келе-келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.
4. Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңеуту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлнген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап кеткен жөн.
5. Экологиялық жүгі бар жобалар. Инвестициялық жобалау барысында экологиялық талдау жасау аса қажетті элемент болып табылады. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады. Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен дәлелдеуді қажет ететін негізгі дилемма – жобалардың қай түріне назар аудару керек: 1) капиталдық шығындарды көбейте отырып, қондырғының аса жетілген және қымбат түрін қолдану немесе 2) ағымдағы шығындарды көбейте отыры, аса қымбат емес қондырғыны қолдану.
6. Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т.с.с. қамтиды. Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы
жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдан ала кезеңінің мазмұнын құрайды. Батыстық жобаларды талдау тәжірибесінде әдетте төмендегі критерийларді қолданады:
- саланың пісіп – жетілуі;
- кәсіпорынның бәсекеге жарамдылығы.
Саланың пісіп-жетілуін оны даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп жетілді. Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның бәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын қолданады: басым, мықты, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын. Кәсіпорынның пісіп- жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді.
Жобаны талдаудың алдан ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы нақты «торға» жататындығын білдіреді.
Талдаудың алдын ала кезеңі
уақыт бойынша ұзақ болмауы
керек
- стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында саланың пісіп-жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу керек;
- егер кәсіпорынның басқарушылары талдауға назар аудармаса, онда стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге келмеуі мүмкін.
Жобаның көптүрлігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын «жоба қолданбайды» революциясы шарттық сипатта болатынын атап өткен жөн. Шындығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.
Қағида бойынша, маркетингтік талдаудың мәні екі қарапайым сұрақтың жауабына байланысты:
1.Жобаны іске асыру нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
2.Бұдан біз инвестициялық жобаны ақтауға жеткілікті көлемде пайда көре аламыз ба?
Соңғы жылдардың статистикалық
мәліметтері бойынша, үшінші әлем
елдеріндегі фирмалардың
Маркетингтік талдаудың базалық сұрақтары мынандай:
1.Жоба қандай нарыққа
фокусталған? Халықаралық
2.Жоба халықаралық
нарық пен ішкі нарық
3.Егер жоба халықаралық
нарыққа бағытталған болса,
4.Егер жоба ішкі нарыққа фокусталған болса, онда оның мақсаттары мемлекеттің ішкі саясатыны жауап бере ме?
5.Егер жоба мемлекеттің саясатымен сәйкес келмейтін болса, онда оны ары қарай қарастыру керек пе?
Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:
1.жоба мақсаттарының
көзқарастарына неғұрлым сәйкес
келетін технологияларды
2.жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
3.жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.
Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады.
Инвестициялық жобаның қаржылық талдау бөлімінде көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тауарлар арналады. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:
1.Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау.
2.Инвестициялық жобаны
дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның
қаржылық жағдайына талдау
3.Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.
4.Инвестициялық жобаны
жүзеге асыру барысындағы
пайда мен ақша ағымдарын
5.Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.
Кәсіпорынның бұдан бұрынғы қызметі мен ағымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның
басқару тиімділігін, несие
қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететін
негізгі қаржылық коэффициенттерінің
интерпретациясы мен
Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару мен өткізудің өзіндік құн құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығындарының айнымалылар мен тұрақтыға бөлінуін қамтиды.
Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:
- жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;
- инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерін белгілеу;
- инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың құнын бағалау;
- жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау;
- жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы.
- Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта негізгі құрал болатыны сөзсіз.
Жобалық несиелеу – бұл халақаралық және отандық тәжірибеде қолданылатын несиелеудің жаңа нысаны болып табылады және оның дәстүрлі банктік несиелеудің мынандай артықшылықтарын атап айтуға болады:
- инвестициялаудың стратегиясын дайындау;
- инвестициялаудың белгілі-бір уақытша аясын белгілеу;
- инвестициялық приоритетті анықтау;
- баламалы нұсқаларды қарастыру;
- инвестицияның жүзеге асыру жоспарын дайындау;
- бір уақытта бірнеше көздер арқылы қаржыландыра алу.
Дұрыс қолданылған инвестициялық жоба жалпы ресурстар көздерін
ұтымды пайдалану есебінен экономикадағы ресурс тапшылығын азайта алады. Алайда, жобалық әдістің өзіне тән кемшіліктері де бар. Ең алдымен, бұл болжаудағы, есептеулердегі мүмкін болатын қателер,
сонымен қатар нарықтағы әр түрлі өзгерістер, инфляция құбылмалығы, заңдардың өзгеруі сияқты түрлі факторлар әсері жобалық әдістің тартымдылығына тежеу болады. Сонымен қатар, қарыз алушыға тән жобалық несиелеудің мынандай жағымсыз жақтары көрініс береді:
- тәуекелдің жоғарлығына байланысты несие бойынша пайыздың өсуі және комиссиондық ақының қымбатқа түсуі (жобаны бағала-ғаны үшін, жобалық бақылау жүргізгені үшін алнатын ақы);
- жобалық несиелеу алдындағы шығындар (техникалық-экономикалық негіздеме дайындау, пайдалы қазбаларды табу жұмыстары, қоршаған ортаға жобаның тигізетн зияндары, терең маркетингтік зерттеулер, т.б.);
- несие алуға деген өтініш пен оны несиелеу туралы шешім қабылдау кезеңдерініңұзақтығы;
- қарыз алушының қызметіне
банк тарапынан жүргізілетін
- бақылаудың қаталдығы (қаржылық, өндірістік, коммерциялық);
- кейбір жағдайдағы қарыз алушының өз тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі.
Соңғы уақыттарда республикамыздағы екінші деңгейдегі банктер экономика секторларын несиелеу барысында ұзақ мерзімді жобалармен тығыз жұмыс жасауда. Жобалар бойынша экономика секторларын несиелеуде бұл қазіргі несиелеу механизмінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттайды.
Жоба – бұл белгілі-бір бастапқы мәліметтері бар және нәтиженің болуын талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді білдіреді. Жобалардың келесідей түрлері болады: тұрғын үй немесе құрылыс объектісін салу, инвестициялау портфелін қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларын, кәсіпорынды қайта құру, жаңа техника және технологиялар жасау, кинофильмдер шығару,
аймақты дамыту және т.б.
Жобаны бағалауда
және оның тиімділігін есептеуде
жобалық талдаудың негізгі
1. инвестициялық шешім қабылдау;
2. инвестициялау;
3. жаңадан құрылған объектілерді пайдалануға беру.
Әр кезең шеңберінде көптеген сатыларды көрсетуге болады. Бірақ кезеңдердің нақты сатыларға бөлінуі мүмкін емес. Біріншіден, инвестициялық жоба жүзеге асырып жатқан әр елдің экономикасының өзіне тән ерекшеліктері болады. Екіншіден, инвестициялық жобаға қатысушылардың шеңбері кең (демеушілер, жобалық компаниялар, мердігерлер, қарыз берушілер және инвесторлар, т.б.) және әрбір қатысушының жобалық циклға деген көзқарасы әр түрлі болады. Мысалы, инвестициялау алдындағы кезең мынандай сатылардан тұрады:
- инвестициялауға қажетті қаржы ресурстарын жинақтау;
- жобаны алдын-ала дайындау, яғни, оның сметалық құжаттарын даярлау;
- жобаны жасауды аяқтау және оның техникалық және қаржылық тиімділігін бағалау;
- жоба бойынша нақты шешімдер қабылдау.
Инвестициялау кезеңі 3 сатыдан тұрады:
- келісім-шарт жасау және теңдер жұмыстарын ұйымдастыру;
- құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу;
- құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау.
Ал, ең соңғы инвестициялық объектілерді пайдалануға беру кезеңін
қысқаша түрде былай сатылауға болады:
- монтаждау;
- жөндеу;
- өндіріс;
- жобаны аяқтау және оны пайдалануға беру.
Әрбір кезеңнің сатыланып бөлінуінен-ақ әр кезеңде жүргізілетін іс-әрекеттер рет-ретімен жүзеге асырылатыны көрініп тұр.Белгілі-бір кезеңнің, тіпті бір сатының жүргізілмеуі инвестициялық жобаны дайындау мен жүргізу процесін бұзады.
Несие беруші мен қарыз алушының жобалық циклға қатынасы әр түрлі:
1. Жобалы цикл қарыз алушы үшін едәуір ұзақ уақыт шеңберінде іске асады, яғни, ол жоба идеясының пайда болуынан бастап, оның аяқталуына дейінгі мерзімді қамтыса, ал несие беруші үшін жобалық цикл қарыз алушыдан өтініш келіп түскен уақыттан бастап, қарыз алушының несие және несиелік шарт бойынша барлық міндеттемелерін өтеген уақытқа дейінгі мерзімді қамтиды, яғни, банк үшін жобалық цикл мерзімі қысқалау.
2. Қарыз алушы мен несие беруші жобалық циклдың жекелеген сатылары шеңберінде өздеріне маңызды түрлі кезеңдерді белгілейді. Жобаның мейлінше үйлесімді іске асуы несие беруші мен қарыз алушының жобалық циклдағы бір-бірінің кезеңдерін толық білуіне байланысты. Банкке қарыз алушының жобалық циклін толық білу мынандай мәліметтер алу үшін қажет:
- жобаны іске асырудағы барлық шығындар мен түскен табыстарды білу үшін;
- жобаны іске асыруда пайда болатын тәуекелдерді анықтау үшін;
- жобаны іске асыруда өз бақылау кестесін құру үшін[5].
Айта кететін жайт, жобалық циклдың үш сатыға бөлінуі барлық жобаларға тән. Кейбір банктерде бұдан басқа да қосымша сатылар
болуы мүмкін. Мысалы, ХҚДБ мамандарының сараптауы бойынша жобалық цикл мына кезеңдерден тұрады:

- Инвестициялық жобалар
- Инвестициялық жобалар
- Инвестициялық жобаларды қаржыландыру
- Инвестициялық жобалардың мәні және маңызы
- Инвестициялық жобалардың мәні және маңызы
- Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны
- Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және тиімділігін бағалау әдістері
- Инвестициялық жоба
- Инвестициялық жоба
- Инвестициялық жоба
- Инвестициялық жоба, құрылымы
- Инвестициялық жоба, құрылымы мен өмірлік циклі
- Инвестициялық жобалар
- Инвестициялық жобалар