Инвестиялық есебі

 

Жоспар

Кіріспе 3

1-Бөлім. Қаржылық инвестицияныңэкономикалық мәні және оның маңызы  4

1.1 Инвестицияның экономикалық маңызы мен мәні және оның түрлері 4

1.2 Қазақстан республикасында инвестиция есебін ұйымдастырудың дамыту шаралары мен жолдары 8

2-Бөлім. Инвестициялардың есебі 11

2.1 Инвестициялардың аналитикалық және синтетикалық есебі 11

2.2. Есеп беруде инвестицияны ашу және түгендеу 17

3-Бөлім. Инвестиция аудиті жәнежүргізу тәртібі  22

3.1. Инвестициялау циклы шоттарының өзара байланысы аудиторлық тексеру бағыттары 23

3.2. Инвестициялау циклында сәйкестікке тексеру жүргізу 26

3.3 Ішкі бақылау жүйесіне тест жүргізу және талдамалық процедураларға тексеру жүргізу тәртібі. 27

3.4. Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының перспективалары мен болжамдары 31

Қорытынды 32

Қолданылған әдебиеттер тізімі 38

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Еліміздің инвестициялық  аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің  сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға  бағытталуы тиіс.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін  жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану  болып табылады.

Халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір  көзі – шетел инвестициясын пайдалану.

Әрине Қазақстанның халықаралық  байланыстары осы кезеңде де алдымен  жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД  елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық  капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс  елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қатынастар ұлғаяды.

Тақырыптың өзектілігі. Менің тақырыбымның өзектілігі инвестициялар пайда алу мақсатында және  жағымды әлеуметтік тиімділікке қол жеткізуі үшін кәсіпкерлік объектілер мен қызметтің басқа түрлеріне салынатын ақша қаражаттары мақсатты банк салымдары, акциялар мен басқа бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, құрал – жабдық, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілері несиелер, кез келген басқа мүлік пен мүліктік құқықтар, интеллектуалды құндылылықтар болып табылады.

Инвестиция – экономиканы  дамудың тұрақты және жоғарғы  қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін  басты фактор.

Қаржылық инвестициялар  инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі  бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылықтарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзалаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болады. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын оъектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады.

Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер  төмендеуі мүмкін. Инвестициялар  деп экономика салаларына капитал  түрінде салынып жұмсалатын  шығындарының  жиынтығын айтамыз.

Қазақстан Республикасының  шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану,  қазіргі заманғы менеджмент мен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін   көтеру,  өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып   табылады. Инвестиция аудитінде аудиттелетін саладағы өзара қарым-қатынастарды  реттейтін заңнамалық актілерді мұқият зерттеу қажет.

Курстық жұмысымның мақсаты  – инвестицияға нақты баға бере отырып, бухгалтерлік есебін жоғарғы  деңгейде ұйымдастыру; ішкі нарықты  зерттей отырып аудиторлық тексеру  жолдарын қарастыру, отандық тауар  өндірушілердің инвестиция тартуға  мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту болып  табылады.

Осы мақсаттарға сәйкес келесі міндеттер қойылды:

  • қаржылық инвестициялардың түрлерін қарастыру;
  • инвестициялардың есебін жүргізу;
  • инвестициялау циклының аудитін жүргізу. 

 

 

1-Бөлім. Қаржылық  инвестицияның экономикалық мәні және оның маңызы.

1.1.Инвестицияның  экономикалық маңызы мен мәні және оның түрлері.


Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының  кәсіпорындарына капитал түрінде  салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын  айтамыз. Инвестициялық қызметтің  мақсаты ― түпкі нәтижесінде  кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз  алу болып табылады.

Инвестицияның көзі болып  жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың  жинақталған  бөлігі саналады. Кәсіпкерлер кәсіпорындар оны өзінің табысының (таратылған) қаражатарының  есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды  жаңартуға арналған инвестиция  көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың  көп  түрлілігі инвестицияны жіктеудің  көптеген  критерийлерін алдын-ала айқындайды.

Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:

Инвестицияның экономикалық жіктелімі                                                Кесте -1

Р/с

Сипаттамасы бойынша

Құрамы

Жұмсау мерзімі

Қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, мерзімсіз

Тағайындалуы

Қаржылық, нақты

Шығу тегі

Бірінші,екінші

Болу формасы

Құжаттық,құжатсыз

Ұлттық тегі

Отандық,шетелдік

Қолдану түрі

Инвестициялық , инвестициялық емес

Иемдену қатары

Жеке, жалпы

Шығарылым формасы

Эмиссиондық, эмиссиондық емес

Меншік формасы

Мемлекеттік,корпоративтік

Айналыс сипаты

Нарықтық,нарықтық емес

Тәуекелділік деңгейі

Аз тәуекелділікпен, Мүмкіндігі  үлкен тәуекелділікпен

Қолма-қол табыс

Табыстық,табыссыз

Қаражатты жұмсау формасы

Борыштық – құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция,иелі үлестік – нарықты субъектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ мүліктегі үлес,жеке жобалар

Экономикалық мәні

Мүліктік,міндеттік


 

Инвестицияның көзі болып  жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн  немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Бағалы қағаздардың көп  түрлілігі инвестицияны жіктеудің  көптеген критерийлердің алдын ала  айқындайды.

Инвестиция өзінің алынған  мақсаты бойынша: қаржылық және нақты  болып бөлінеді.

Нақты инвестициялар –  бұл кәсіпорынның негізгі капиталын  және материалдық­өндірістік қорын  өсіруге салынатын салымдар.

Қаржылық инвестиция –  бұл субъектінің табыс алу  мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа  да олжалар. Сондай­ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын  мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның  бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді – ақшалай  және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай  қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық құнды қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ  сертификаттар және т.б. жатады. Осы  бағалы қағаздар бойынша табыс бір  мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан  төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге ( бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.

Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту  мақсатында шығарылады.

Бағалы қағаздар құқығы бойынша  кімге жататындығы туралы белгілерін куәләндыру үшін олар былайша бөлінеді:

  • бағалы қағазды ұсынушыға – құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолмен қолына береді.
  • атаулы бағалы қағаздар – белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
  • ордерлік бағалы қағаздар – ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп – индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық деп бөлуге болады.

Борыштық  бағалы қағаздар пайыздары төлеуді және негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, вексельдер жатады.

Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттерінің бардық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.

Ақша нарығы дегеніміз  – қысқа мерзімді бағалы қағаздардың  алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Бағалы қағаздардың атқаратын рөлі бойынша: негізгі, көмекші және негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шарт­ ты бағалы қағаздар болып бөлінеді.

Бағалы қағаздарды өздерінің  алдына қойған міндеті мен мақсатына  сәйкес басқа да белгілері бойынша  жіктелуі мүмкін.

Егер инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын  болса, онда ол инвестициялық портфель деп аталатын бағалы қағаздардың  жиынтығымен байланысты болады.

Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі  бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері  әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Инвестор инвестицтялық мақсатына тәуелді  белгілі бір типтерді қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип – өсім қоржыны, екінші тип – табыс қоржыны.

Портфелдің бірінші типінің  мақсаты өсімді көбіне дивиденттер  мен проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың маскималды өсіміне бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді, бірақ эмитент – кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін.

Портфелдердің екінші типі дивиденттер мен проценттерден  табыс алу болып табылады. Портфелдің бұл типі тәуекел кезінде алдын  ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге тең болады. Портфелдердің аталған типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады.

Инвестиция экономиканы  дамытудың тұрақты және жоғарғы  қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерді енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін  басты фактор.

        

Инвестициялардың мақсаты  – жаңа технологияларды, алдыңғы  қатарлы техниканы және ноу-хауды  енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы  қызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді  мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту;

         Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз үлестерін және құқықтарын қорғауына болады.

Шетелдік инвесторлар  заңға қайшы келмейтін кез  келген қызметпен, атап айтқанда: бірлескен  кәсіпорындарды құруға және олардың  шетелдік филиалдарын ашуға, мүліктік құқығын сатып алуға, қарыз, несие беруге т.б. қызметтермен шұғылдануына болады.

Шетелдік инвесторлар  өздерінің қызметінен алған табысын  өз қалаулары бойынша пайдалануға  құқылы, Қазақстан аймағында қайта  қаржыландыру үшін, тауарлар алуға  және басқа да мақсаттар үшін, яғни Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен  айналысуыына болады.

    1. Қазақстан Республикасында инвестиция есебін ұйымдастырудың дамыту шаралар мен жолдары.

        Мемлекеттің экономикалық дамуының позитивті процесі инвестиция тартусыз мүмкін емес. Негізгі капиталға инвестициялар әрбір елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективасын анықтайды, әсіресе өтпелі экономикасы бар елдер, оның ішіне енетін Қазақстан үшін.

Қазақстан экономикасының дамуы өндірістерді құру және қолданыстағы өндірістік инфрақұрылымның  модернизациясы.Бұл елге мол инвестициялардың тартылуымен қатар олардың ұтымды пайдалануды талап етеді. Шетел  инвестицияларының ағымы және олардың  тиімділігі қолайлы инвестициялық  климатқа байланысты. Инвестициялық  климатты модельдеу шетел инвесторларын  тарту мен қолданудың мемлекеттік  саясатын дайындаудың маңызды буыны  болып табылады, өйткені ол, біріншіден, шетел инвесторына әсер етуші факторлардың жүйесін береді; екіншіден, елдегі жағдайды терең бағалауға мүмкіндік береді; үшіншіден, шетелдік серіктестердің іс-әрекетінің мотивтерін түсінуге мүмкіндік береді.

Аймақта қолайлы инвестициялық  климат жасау – бұл әртүрлі  толық кешенді шаралар алу, осы  кезең үшін аймақтағы инвестициялық  климатты бағалаудың салыстырмалы талдауының негізі болып табылатын көрсеткіштер жүйесі.

  1. Аймақ нарығы потенциалының сипаттамасы;
  2. Табиғи және еңбек ресурстарымен қамтылуы;
  3. Экономикалық рефомалардың күйі мен алға жылжуы;
  4. Инвестициялық қызмет үшін заңдық базаның болуы;
  5. Мемлекеттік органдарда басқару шешімдерінің қабылдануының тәртіпке келтірілуі;
  6. Нарықтық инфрақұрылым мен валюта нарығының дамуы
  7. Банктік жүйенің тұрақтылығы;
  8. Саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.

Экономиканың басымды салаларын  дамытуға шетел инвестициясын тартуда  негізгі факторлар болып төмендегілер есептеледі:

  • минералдық ресурстарға бай жер қойнауларын барлау мен ашу мүмкіндігін;
  • өнімді экспорттаудан ақшалай түсімнің үлкен үлесінің болатындығы;
  • амортизацияның жоғары қарқыны;
  • осы сферадағы ынтымақтастықтың екі жақты тиімділігі;
  • республика заңнамаларында инвесторлар үшін қолайлы жағдайдың болуы.

Еліміздегі ең ірі потенциалды  инвесторлар ретінде республика тұрғындары бола алады. Қазіргі кезде Казақстан Республикасының үкіметі басты назарды инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды.

Қазақстан Республикасының  үкіметі мемлекет саясатының минералды-шикізат  ресурстарының корларын ұлғайту мақсатында ізденіс жұмыстарына инвестиция тартуда қосымша ынталандырушыларды жасақтауға негізделгенін көрсетеді. Оған Казақстан Республиканың үкіметі жасаған республиканың минералды-шикізат кешенінің даму бағдарламасы маңызды орын алуы тиіс. «Инвестициялар туралы» заң 2003 жылы 8 қантар №373-11 шыққан, кейіннен 2011 жылы 4 мамыр №48, және 2012 жылы 31 қаңтар №125 өзгертулер енгізілген.

Екінші жағынан бүгінгі  күні жоғары косымша құны бар және өңдеуші салаларды жақсартуға барынша  күш салу қажет. Осы мақсаттарды  үкімет «Инвестициялар туралы» заң  жобасын дайындады. Заң жобасының  басты мақсаты экономикада отандық  және шетел инвесторларының құқықтары  мен мүмкіңдіктерін теңестіру болып, Қазақстан Республикада жасалған инвестицияларға  қатысты мемлекеттік кепілдіктерді  болашақта ұлттық экономиканы реформалау кезіңде инвесторлар мүдделерінде қайшылық туғызбайтын деңгейде үйлестіру  болды. Бұл тұрғыда заң жобасының 6 бабы кайшылықты туғызды. Мұндай шетел  инвесторларына берілген кепілдік конститутционалды  экономикалық іс-әрекет субъектілерінің  тең құқықтығы дәрежесіне күмән  келтіретіні сөзсіз.

Инвестициялық хал-ахуалды  нашарлатпау мақсатында заң жобасына бұрын қойылған келісім – шарттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін өтпелі қағидалар енгізілді. «Шетел инвестициялары туралы» занның 6 бабынан біртіңдеп  бас тартуын, мемлекет әлемдік тәжірбиеде орын алған осындай саяси және реттемелі тәуекелділіктен сақтандыру жүйесін құруды ұсынуда. Саяси және реттемелі тәуекелділіктерді сақтандырудың  құқықтық негіздері мен әрекет етуші механизмін жасау арқылы, Қазақстан мүмкін болатындау таластарды шешілуін өркениетті әдістерін жасауға бір қадам жасады.

Тәртіпке сәйкес, жеңілдіктер  мен преференциялар беру жағдайына:

  1. инвестициялық    жобаның    экономиканың басты секторларына қатысты болуы;
  2. инвестициялық,жобаны,жүзеге,асыруында қазақстаңдық  заң   тұлғасының  негізгі   қорларына тікелей инвестицияларды жүзеге асыру.

Инвестиялық жобаның тиімді жүзеге асырылуы үшін инвестиция бойынша  Қазақстан Республика агентігін  келесідей жеңілдіктермен преференциялар беруі мүмкін:

  • натуралды мемлекеттік гранттар;
  • келісім-шарт жасасудан 5 жыл мерзімге жер мен мүлік салығынан босату;
  • салық алына бастайтын табыс алу кезінен 5 жылға табыс салығынан босату;
  • инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қажетті құрам-жабдық, шикізат, материалдар импортты кезінде кедендік баға салықтарынан толықтай немесе бір бөлігінен босату.

Салықтық жеңілдіктер  беру мерзімі негізгі қорға инвестиция көлемі мен экономиканың басты секторларына жатқызылуына байланысты беріледі. Ал кедендік баға салықтарынан босату оның Қазақстан Республикасында өндірілмеген немесе көлемі инвестациялық жобаны жүзеге асыру жағдайына сәйкес келмеу жағдайында беріледі.

Мемлекеттік натуралды гранттарға:

1) негізгі қорлар –  жер учаскелері, ғимараттар, өндіріс құрал-жабдықтары,   машиналар,   есептеуіш техника және басқалары.

2) бейматериалды активтер-ғимаратты,  жермен пайдалану құқығы мен  басқадай құқықтар.

3) өндірістік қорлар, аяқталмаған   құрылыс, салықтар, дайын өнім.

Реформалардың жүзеге асырылуы ғаламдық, жүйеаралық институтционалды-экономикалық өзгерістер қажеттілігінің дәлелі.

Жыл сайын тартылатын тікелей  шетел инвестициялар көлемі бойынша  Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші  орында болып, шетел инвестицияларының  көлемі әр түрлі жылдарды 1 млрд. АҚШ  доллары мөлшерінде болды.

Қазіргі Казақстан экономикасы  дамуында жаңа сапалық дәрежедегі кезеңге  келді. Экономикадағы тұрақтандыру процесі аяқталып, тұрақты өсу  деңгейіне жетті. Осы жағдай инвестициялық  саясатта өзгерістерді тудырды.

Қазақстан Республикада инвестициялық  іс-әрекетті реттеуге бағытталған заңдардағы өзгерістер мен толықтырулар, оны  белсенді жүргізілуі ықпал етеді.

Инвестициялық преференциялардың  түрлері бойынша шаруашылық жүргізуші  субъект акцияға ие болу жолымен  немесе үлестік қатысудан табыс  алу арқылы басқа субъектілерге  қаржылық жұмсалымды тудыра алады.

 

 

2-Бөлім. Инвестициялардың есебі

2.1.Инвестициялардың аналитикалық және синтетикалық есебі

Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексінің (ҚР АК) 94-бабына сәйкес, басқа заңды тұлғаны қалыптастырған жарғылық капиталдың бір бөлігіне иелік етуші заңды тұлға еншілес немесе жасалған келісімшартқа сәйкес негізгі серіктестік еншілес серіктестік қабылдаған шешімді анықтай алады. Негізгі серіктестік еншілес серіктестікке толық (100%) немесе толығырақ (90%) бақылау жүргізе алады.

Бақылау – бұл оның қызметінен пайда алу мақсатында серіктестіктің қаржылық және басқа саясатын анықтау  құқығы. 

Заңды тұлға басқа кәсіпорындардың  пакет акциясын, қатысу үлесін алу  арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мүмкін. Салынған қаржылық салымдардың  деңгейіне байланысты олар: не бақылаушы, не қаржылық немесе субъектінің басқа  да саясатына едәуір әсер ететін болып  белгіленеді.

Егер де инвестордың қатысу үлесі 50% және одан да көп болса немесе 50% және одан да көп дауыс беру құқы бар акциясы болса, онда ол қаржыландырылатын объекеті бойынша оның бақылауында болатын және еншілес серіктестігі болып табылады.

Егер де инвестордың қатысу үлесі 20%-дан астам болса, бірақ  оның дауыс беруге құқы бар акциясы 50%-дан аспаса, онда ол қаржыландырылатын  объекті бойынша оның едәуір әсер етуінде болатын және тәуелді  серіктестік болып табылады.

Егер де инвестордың қатысу үлесі 20% акциясынан аспаса, онда ол бірлесіп бақыланатын заңды тұлға болып  табылады.

Инвестицияның есебі 2-бөлім  «Ұзақ мерзімді активтер» шоттарында жүргізіледі, оның құрамына:

  • 2200 «Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар»
  • 2300 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялар»
  • 2320 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың амортизациясы және құнсыздануы»

Тәуелді серіктестік инвесторлардың едәуір ықпал еткінде болады және ол еншілес шаруашылық серіктестігі де, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғасы  да бола алмайды. Субъектінің қызметіне  инвестор едәуір ықпал етеді, оның тек 20%-дан астам ғана дауыс беруші акциясы болса да. Тәуелді серіктестіктер өз инвестициясын жүзеге асыру үшін мына екі әдістің бірін пайдаланады:

    • үлестік қатысу әдісі;
    • құн әдісі.

Үлестік қатысу әдісі –  инвестицияларды иеленген мезетте  сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек  тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза активтеріндегі өзгерістерде инверсордың  үлесі мойындалуына байланысты олардың  құнының өсуін (кемуін) есепке алу  әдісі. Тәуелді шаруашылық серіктестігінің  таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығысқа) жатқызылады.

Тәуелді шаруашылық серіктестігінің  жинақталған таза табысының жалпы  сомасынан тиісті дивиденттер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.

Егер де инвестордың салған инвестициясының баланстық құны тәуелді  шаруашылық серіктестіктеріндегі алған зиянына тең немесе артық болса, онда бұндай зияндар келешекте есепке алынбайды. Инвестиция нольдік құны бойынша көрініс табады.


Тәуелді шаруашылық серіктестігінің  активтерінің қайта бағалануына  байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі  инвестициялардың баланстық құнын  көтереді (кемітеді) және ол меншік капиталының  бөлімшесінде көрсетіледі.

Инвестор өзінің тәуелді  шаруашылық серіктестігінің таза табысында  үлестік қатысын қайта жаңғырту үшін таза табыс пен таза шығындар тең болуы керек.

Егер де тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтері қайта  бағаласа, онда олардың баланстық  құны да өзгереді. Баланстық құнның өсуі меншік капиталындағы төленбеген қосымша капиталда көрініс табады, ал егер де ол азайса, онда сол төленбеген қосымша капиталды азайтады

 

Заңды тұлғалардың қатысумен  орындалатын шоттар кореспонденциясы.

                                                                                                                      Кесте-4.

Шаруашылық операцияларының  мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

Заңды тұлғалардан оларда қалыптасқан (немесе олардан алынған) баға бойынша акциялары сатып  алынды.

2210

3310

Негізгі құралдар объектілерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік  қатысу сомасы артып, инвестицияның  құны өскен.

2210

5320

Алдыңғы қайта бағалау  сомасы негізінде инвестиция құнының  азаюы.

5320

2210

Артық жасалған соманың негізінде  инвестиция құнының азаюы.

7540

2210

“Востокмедь” АҚ өзінің негізгі құралдарын қайта бағалаудың нәтижесінде, “Қазақмыс” АҚ-ның қатысу үлестік құны, яғни инвестициясының  құны өскен

2210

5320

Инвестиялық есебі