Канаданың физико-географиялық сипаттамасы

Кіріспе

Канада –  Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тынық мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды. Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы аймақтарға, туристік мекендерге толы әлемнің сұлу бір мекені.

Жұмыстың  өзектілігі: БҰҰ бірнеше жылғы есептері бойынша Канада әлемдегі өмір сүру деңгейі бойынша алдыңғы қатардағы елдер тізіміне кіреді. Ол тізім бірнеше маңызды өлшемдер бойынша құрылады (өмір сүрудің жалпы деңгейі, экология, мәдениеті және өнері, білім беру, қылмыс деңгейі және т.б.) Ал Қазақстан болса Канададан әлде қайда төмен. Біздің географиялық орналасуымыз және халық санының аздығымен ұқсас екенімізді ескерсек, Канадалық тәжірибе біздің елімізге пайдасын тигізуі мүмкін.

Курсттық  жұмыстың мақсаты : Канаданың  әлеуметтік-экономикалық дамуының басты үрдістерін қарастыру және дамуына септігін тигізген басты байлықтарын анықтау.

Жұмыстың  міндеттері:

  1. Канада мемлекетіне физикалық-географиялық тұрғыдан сипаттама беру.
  2. Канаданың даму бағыттарын зерттей отыра, соны өз еліміздің даму жолында пайдалану.

Курстық жұмыста қолданылған әдістер: теориялық, картографиялық , математикалық, статистикалық.

Суреттер саны -3

Кестелерден тұрады -2

Курсттық жұмыстың беті - 24

 

І тарау. Канаданың  физико-географиялық сипаттамасы

1.1. Географиялық  орналасуы

 Канада –  Солтүстік Америка құрлығында орналасқан мемлекет.  Территориясының ауданы 9 984 670 шаршы км.. Оның ішінде құрлықтың жері

9 093 507 шаршы  км., сулы жері 891 163 шаршы км.. Канаданың  территориясының басым бөлігі  жазықтық болып келеді. Канада  жерінің аумағы бойынша (суларымен қосқанда) әлемде екінші орынды иеленеді, ал Солтүстік Америка материгінде ең үлкен ел болып табылады. Канада аталған материктің солтүстігін түгелімен алып жатыр деп айтуға болады, тек АҚШ-қа тиесілі Альясканы қоспасақ. Елдің солтүстігіндегі жерлердің көбі Арктикалық аймаққа кіреді. Ол жерлерде үнемі мұз жатады немесе екі жылдай уақыт бойы температура нөлден төмен болып сақталады. Канаданың тағы бер географиялық ерекшелігі – әлемдегі ең ұзын жағалау шекара Канадаға тиесілі. Жалпы ұзындығы 202 080 км.-ге тең жағалаулық шекарасы бар. Канаданың таулы аймақтары мен жазық жерлері геологикалық жағынан сезімтал келеді. Жер сілкінісі мен вулкандардың атқылауы қалыпты жағдай. Мигер тауларында және Эдзиза тауларында үлкен жанартаулар (вулкандар) орналасқан. 

1.2 Геологиялық құрылымы

Геологиялық құрылымы бойынша Канада үлкен 3 аймаққа бөлінеді:

1) Канадалық  қалқан, елдің шығыс және орталық  аймағын алып жатыр;

2) Тынық мұхиты  маңындағы жағалаудағы жас қатпарлы  таулары; 

3)  Орталық  Канадағы шығыс бөлігіндегі майысулар; 

Канадалық қалқан Канада аймағының жартысын алып жатыр, ол өз алдына криссталды шоқылы іргетас  ретінде сипатталынады.  Оның құрамындағы жыныстар төзімді, сондықтан да олар фанерозой кезінде тауқұраушы процесске ұшырамаған. Бұл аймақ Лабрадор түбегінен Виннипег көліне, Ла-Ронж көліне, Атабаска және Үлкен Аюлы көлінің батысына  дейін созылып жатыр. Ол таулы жыныстардың болуымен, кішкентай көлдердің көп болуымен және аршалы және қайыңды ормандардың таралуымен сипатталынады.  Геологтар анықтағандай бұл жерде ежелгі  кембрийге дейінгі  жыныстар бетке шығып жатыр (570 млн жыл.арт) . Бұл жыныстар  кембрийге дейінгі тектоникалық қозғалыстардың деформация іздерін сақтап отыр . Соның нәтижесінде Канадалық қалқан қатты болып қалыптасып қалған, сондықтан ол фанерозойдағы тау түзуші процесстерге ұшырамаған. Гранит пен гнейс көп кездеседі, сонымен бірге қалқанның аумағында қатты өзгерген – метаморфтанған – шөгінді және жаңартаулық жыныстар кездеседі.

Солтүстікте кристалды қалқанның жиегіндегі аймақта, тығыздығы әр түрлі болып келетін шөгінді тау жыныстары бір жаққа карай көлбей жатқандықтан ол жерлерде куэсталар (қыраттардың бір түрі) түзілген. Силур дәуірінің тау жыныстарынан түзілген куэста кемері мейлінше елеулі болады.

 

Сурет 1. Солтүстік  Американың тектоникалық картасы

 

Ол кемерді  Ниагара өзені кесіп өткен  жерде Ниагара сарқырамасы пайда болған.

Жас таулар. Тынықмұхит жағалауында көсілген жас таулар қатпарлы құрылымды болып келеді, олар жағалаулық сызықтарға параллельді созылып жатыр. Тынық мұхитының шығыс бөлігіндегі түбі Канадалық қалқанға ұқсаған, бірақ көлемі үлкен болған; соған байланысты жас қатпарлы таулар қатты массивті екі қалқандардың  сығылысуы нәтижесінде иілімде  жер қабатында пайда болған.

Юра кезеңі. 190 млн жыл бұрын юра кезеңінде Канаданың жағалаулық жоталар , олар  Тынық мұхитының шығыс жағалауындағы Селкерк тауының шығысында  құрлықтың үлкен массиві болған, кейін ол теңізбен шайылып кеткен; бұл құрлықты кейде Каскейдией деп атайды. Құрлық басқа ірі массиві –Лаврентий гранитті беткі қабаты – шығысында орналасқан, шамамен қазіргі Канадалық қалқан орнында. Каскейдией және Лаврентий аралығында таяз өзенді ішкі теңіз болды , олар біртіндеп юралық шөгінділермен толтырылды. Кейін осы аумақ тектоникалық көтерілімге ұшырады

Бор кезеңі.  135 млн жыл бұрын болған бор кезеңінде теңіздің ауданы үлкен болды және біртіндеп қалдықтармен толтырылып отырды, ол қазіргі орталық Канаданың прерий аймағында болған.

Альпілік қатпарлық. Канада аумағында оның тек қана ерте кезеңі ғана әсер етті, яғни үштік кезеңнін басы (65 млн жыл бұрын).  Осы уақытта қатпарлы таулар пайда болды, ол Алякадан АҚШ аумағына дейін көселіп жатыр. Батыс бөлігінде бор теңізінің түбі қабынды, ол шығысқа қарай қатпардың пайда болуына әсер етті. Құрылымдың қозғалмалы екенін мысалы Кроус-Нест тауында көруге болады, онда ежелгі палеозой жыныстары жас бор жыныстарының үстінде көлденен жатыр. Жағалаулық жоталар мен Селкерк тауларымен салыстырғанда Қатпарлы таулар жастау , онда гранитті батолиттер жоқ және пайдалы қазбалар аздау.

Майысулар. Төмен түсулер , Канаданың макроқұрылымының үшінші түрін құрайды , олар жас таулардың көтерілімімен қатар қалыптасты. Жер қыртысы қатты болғанына байланысты омырылымдар жасамайды, соған байланысты жас таулар майысулар белдеуін қалыптастырады. Мысалы, енді ойпат, Қатарлы таулардың батысынан Британдық Колумбия тауларына дейін созылып жатқан «Қатпарлы таулар науасы» деп аталып кеткен  ойпатты айтуға болады.

Ежелгі таулар. Канаданың оңтүстік – ығыс бөлігі , Атлант маңы аймағында алып жатқан аймақ. Ол Қасиетті Лаврентии өзенінің төменгі алабын алып жатыр, геологиялық құрылымы қиын. Осы аймақта девон кезеңінің басында тауқұраушы – акдты орогенез болып жатты (Акадия – Канаданың Атлант маңы шетінің ежелгі француз атауы).



Сурет 2. Солтүстік Американың пайдалы  қазбалары.

Нәтижесінде  Атлант маңында және Ньюфаундленте биік таулар пайда болды, бірақ кейін (300-400 млн жыл бұрын) таулар шөгіле бастады , аяғында бұл таулардан тек қана қырқалар ғана қалды, олар ежелгі таулардың негізі болып қалады. 

Орогенездің кейінгі  кезенінде Атлант маңында  бұзылған тау құрылымының 300 м дейін үйінді көтерілімдер болды.  Келесі аппалач уақытында , перм кезеңінде (280 млн жыл бұрын) бастау алған тауқұрылым жалғасын тапты, ол тау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Уақыт өткен соң оларда бұзыла бастады, кейін альпілік қатпарлық кезінде 1200 м –ге дейін көтерілді. Осылай Квебектегі Қасиетті Лаврентий өзенінен шығысындағы Шикшок және Нотр-Дам таулары пайда болды.

Мұзды кезең(плейстоцен) Канада рельефінде жарық іздерін  қалдырды.  Үлкен мұзды жабындылар солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжыды, олар Миссури және Огайо аңғарларына дейін жетті. Олар еріген соң барлық жерде мұздықты қыртыстар қалып қойды- негізгі морена- кесекті материал. Бұл морена негізінен жергілікті жыныстардың бұзылымдарынан тұрады.

Кейінгі мұзды  жабындылар еру кезінде 10 мың жыл  бұрын, Канада рельефі өзіне тән  ерекшелерге ие болды.  Қасиетті Лаврентий маңында мұздар еріген кезде , онда теңіз пайда болды, ол әрі қарай Онтарио көлінің  қазаншұңқырына дейін жетті. Ірі  мұздықтардың еруі ірі өзендер жүйесінің бағыттарын өзгертуіне алып келді, мысалы Ред-Ривер, Нельсон, Қасиетті Лаврентий өз бағыттарын өзгертті.

1.3 Жер бедері

Канаданың ірі  аймақтарындағы геологиялық құрылым  халықтың өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Канадалық қалқан елдің 58% бөлігін алып жатыр, 24% майысулар тән, оғын жазықтар мен үстірттер тән, аймақтың 18% Таяу Батыстың биік тауларына тиесілі.

Қалқанның беті бөлігі. Ежелгі мұздықты жамылғы кристаллды қалқан бетінде борпылдақ шөгінділерді қалдырды. Аймақтың 10% көлдер мен борпылдақ жынысынан айырылған түпкі жыныстар алып жатыр. Үлкен аймақтың белгілі бір аумағында созылмалы жылғалар бар,олар қатынас үшін негізгі жолдар болып табылады.

Осындай жылғалардың  бірі Сорель қ (Қасиетті Лаврентий өз. Оң жақ жағалауындағы Монреальінен солтүстік-шығысқа қарай) Ришель арқылы Нь-Йоркке қарай Шамплейн көлі арқылы созылып жатыр.

Канаданың Солтүстік-Шығысы – гранитті қалқанның ірі көтерілімді  бөлігі, Лабрадор түбегін алып жатыр. Торнгат таулары 1500 м биіктікке  дейін жетіп жатыр. Осы жерде мұзды жамылғы оңтүстік аймақтарға қарағанда ұзағырақ болған.

Солтүстік Квебек. Квебек аймағының солтүстік бөлігінің  орталығында Аттиконак үстірті  бар, биіктігі кей  жерлерде 900 м. Үстірт солтүстігінде Гамильтон өзенімен шектесіп жатыр, батысында-Маникуаган өзенімен шекаралас. 

Атлант маңы аумағы. Канадалық  қалқанның батыс бөлігі тектоникалық каркас құрылымы бар. Биік жерлері 1330 м , мұнда Шикшок тауы мен Нотр-Дам таулары бар. Басқа ежелгі қатпарлы таулар Жаңа Шотландия және Нью-Брансуик аймағында орналасқан, олардың биіктігі 450 м аспайды.

Қасиетті Лаврентий өзені  алабы. Оңтүстік – шығыстағы геоморфологиялық тұрғыдан қызықты аймақ бұл  Қасиетті Лаврентий өзені алабы.  Ежелгі Аппалач тауларының қатпарлы құрылымдары қалқанның оңтүстік шекарасына дейін созылып жатыр. Бұл аймақта Канаданың басқа аймақтарына қарағанда жер сілкіністері жиі болып тұрады.

Квебек алқабы. Квебек аймағында жергілікті жерге қарағанда төмен түскен жер бөліктерін көруге болады. Квебек қаласындағы алқаптардың маңында опырылымдарды көруге болады.

Гудзон шығанағы ауданы. Гудзон шығанағынан батысқа қарай  Канада аумағының төменгі бөлігі орналасқан. Ертеде ол жаққа теңіз сулары еніп жатқан. Осындай ойыстар Фокс алабындада кездеседі.

Мұздықтар жамылғысы –  морена негізі- қалқанның толқынды бетінде тегіс болып жатпады. Төменгі ойыстарда жаңбырлы және мұздықты сулар жиналды.

Манитоба. Виннипег көлі Манитоба аймағында қалқанның батыс бөлігінде орналасқан.  Бірнеше мың жыл бұрын Манитобаның оңтүстік бөлігі Агассис көлінің мұздығымен жабылған болатын. Мұздықтар еріген кезде көлдің ағысы солтүстікке қарай өзгерді. Осы аймақтың барлық өзендері – Виннипег, Виннипегосис және Манитобада солтүстікке қарай ағады.

Саскачеван. Канада қалқанының батыс бөлігінде ойық бар, ол жас  құрылымдар негізінде пайда болған.  Бұлардың барлығы геологтар арасында « Палеозой куэстасы» атты атпен танымал, ал оның бөлек аймақтары Райдинг, Дак және Поркьпайн тау сияқты аттармен танымал. Батысына қарай үстірт прерийі Саскачеван аймағының көп бөлігін алып жатыр. Бұл аймақты бор теңізінің көтерілген түбі жауып жатыр (140 млн жыл бұрын).

Солтүстік-Батыс аймақтары. Палеозой куэстасы Поркьюпайн тауынан  солтүстік-батысқа қарай Солтүстік  Мұзды мұхит жағалауына дейін  созылып жатыр. Канадалық қалқанның  солтүстік-батыс бөлігінде куэста рельефі ағыстарды қиындататын, соған байланысты арыс асты өзендердің пайда болуына әсер етті. Үлкен Невольничий көлінде ұзын тармақтардың солтүстікке қарай созылып,  пайда болуын осымен түсіндіруге болады.  Солтүстік-Батыс аймағының аумағында көптеген сызықты депресиялар кездеседі.

Британдық Колумбия. Британдық Колумбияда тауаралық ұзындығы 480 км қазаншұңқырда орналасқан, оның түбі шамамен 900 м ; ол оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр, ол 3000 м таулы жоталармен көмкерілген. Осы аймақтың биік шыңы – Уоддингтон тауы, ол Жағалаулық жоталарда 300 км-де (4012м) . Қатпарлы таулардың биік шыңы –Робсон тауы 3954 м жетеді. Оның шыңдары 3000м асады. Биік шыңдар Селкерк тауларында орналасқан, онда ірі мұздықты алөаптар Хоматико өзенінің және Клинаклини өзенінің аңғарларымен төмен түседі.

Қатпарлы тауларда бірнеше  асулар бар: Кикинг-Хорс (1627м), онда Канадалық  Тынық мұхиттық темір жол өтеді; Йеллоухед(1133м) және Кроуснест (1356м). Ең төменгі таулы өткелдер - Пис өзенінің аңғарынан өтеді, биіктігі 610 м. Британдық Колумбияның орталық бөлігі теңізге шығуға мүмкіншілігі бар. Бұл еңді асу,онда Скина өзені ағып өтеді.

Юкон аймағы. Принс-Руперт өзенінің екі жағынанда Жағалаулық жотаның биіктігі арта бастайды. Ең биік бөлігі оңтүстік-батыс жағына тән, онда Логан тауы 5959 м жетеді, ал Аляскамен шекаралас жерде 5489 м  биіктікке жетеді.

1.4 Климаты

Канаданың жері үлкен болғандықтан бірнеше климаттық белдеулер  бар. Мысалы, ең солтүстік аймағы Арктикалық белдеуде орналасса, одан төменгі жерлері Субарктикалық белдеуде орналасқан. Солтүстіктегі аралдарда үнемі қармен мұз жатады. Ол аймақта тундра бар. Ең суық аймақтар да осында. Ал Британдық Колумбия жерінде жаймашуақ жаз (25 - 30 °C), жауынды маусымдар болады. Бұдан бөлек, солтүстікке жақын орналасқан жерлерде алты ай бойы қар жата береді. Ең төменгі температура ретінде тіркелген көрсеткіш -63˚С (Юкон).

Орталық Канаданың солтүстігіндегі  жылдық амплитуда 35° С. Бұл аймақ  Гудзон шығанағы мен Үлкен Невольничий  көлдерінің аралығында шұғыл континентті климат орнығады.  Мемлекеттің басқа аймағында континентті климат таралған, жылдық температура амплитудасы 28° С. Теңіздік климат тек қана Британдық Колумбия жағалауында және Қасиетті Лаврентий өзенінің алабында кездеседі.

Канададағы жауын-шашын  мөлшері бойынша төрт аймақты бөлуге атауға болады. Батыстағы және солтүстік-шығыстағы  мұхиттың жылуына және суық сулармен шайылуына байланысты жауын-шашын аз түседі. Қасиетті Лаврентий өзенінің бойындағы ылғалдың көп болуы , осы жерде полярлы ауа массалары өтеді, олар Гудзон шығанағынан өтіп, Мексика шығанағынан және Флоридадан келетін жылы ауа массалары келеді. Осыған ұқсас көріністер тынықмұхит жағалауларында кездеседі, онда жауын-шашын көп жауады -1500-2000 мм/жылына, ал Ванкувердің кейбір аймақтарында -5000м асады.  Жағалаудан алыстаған сайын жауын-шашын мөлщері азаяды және Британдық Колумбия жазығына солтүстіктен оңтүстікке қарай  созылып жатқан жерлерде тіпті шөлді аймақ, шөлге төзімді өсімдіктері кездеседі.

Канада аумағында екі шөлді аймақ анық көрсетіледі. Оның бірі шеткі солтүстікте орналасқан, екіншісі- оңтүстік-батыстағы прерий. Қоңыржай аймақтарда  жылына 300-ден 380 мм жауын-шашын түседі  Ыстық елдерде осындай жауын-шашын мөлшері түсетін болса, егіншаруашылығымен айналасу мүмкін болмас еді,бірақ Канада да көптеген ауылшаруашылық мәдениет өсімдіктерін өсіріп шығарады. Осылай, ауыл шаруашылығы елдің шөлді аймағынан басқа аймақтарында жақсы дамыған.

Британдық Колумбия жағалауындағы  оңтүстік-батысында қыста сұйық  жауын-шашын жазға қарағанда көп  жауады, себебі қыста мұнда полярлы аууа массалары енеді.

Арктикадағы жаз. Канаданың  солтүстік аймақтарын игеру үшін полярлы жазғы күндердің маңызы зор. Солтүстік полярлы айналымындағы  жарық күндер ұзақтығы маусым айында (Үлкен Аюлы көл маңында) 24 сағаттан 21 сағатқа дейін созылады, ал қаңтарда 0 сағаттан 21 сағатқа дейін созылады.

Қар. Жалпы Канадада қар көп жаумайды. Ең көп қар ылғалды аймақтарға жауады, ал солтүстігінде жазықты аймақтарында жылына шамамен 1000мм қар жауады,ол суға айналдырған кезде 100мм тең.

1.5 Су қорлары

Канаданың өзендік  жүйесі қалың және суы мол . Елдің 2/3 өзендер алабы Солтүстік Мұзды  мұхит алабына тән. Өзендердің қоректенуі негізі қарлы-жаңбырлы.  Орталық және солтүстік аймақтардағы өзендер мен көлдер  5-тен 9 ай аралығында мұзбен жабылады. Тынықмұхит жағалауындағы таулы өзендер терең алқаптарда және шатқалдардың арасынан ағады. Олардың сулары таяз, бірақ гидроэнергия үшін пайдасы зор. Ниагара сарқырамасы Эри және Онтарио өзендерінің арасында орналасқан, оның суы гидроэнергиястанциясы үшін қолданылады.  Канадада 4 млн көл бар. Олардың ірілер Ұлы көлдер, Үлкен Невольничье, Үлкен Аюлы және т.б. Көлдер саны бойынша Канада бірінші орында тұр, ал гидроэнергия қоры бойынша (65 млн.кВт) бірінші орындардың қатарында.

1.6 Топырағы

Канаданың топырағы климаттық көрсеткіштерге, солтүстіктегі төменгі температураға, орталық аймақтардағы құрғақшылыққа және жағалаудағы ылғалдылыққа байланысты.

Сортаң. Канада аймағында сортаң топырақ тараған. Ол үшін ашық түсті элювиальді жиектер тән. Жауын-шашын көп жауатын аймақта (1500 мм астам), оның қуаттылығы 5-30 см көбейеді. Сортаң топырақ ылғалды климат көпке созылатын аймақта көп кездеседі. Осы кезде топырақтан өсімдікке қажетті еріткіш қосылыстары шайылып кетеді, сондықтан топырақ өнімділігі азаяды.

Сұрғылт топырақтар тундрада және қылқанжапырақты ормандар маңында таралған. Орман топырағының беттерінде өсімдік қалдықтары қатпарлығы болады, ал олардың астарында топырақ әрдайым ашық түсті сұрғылт болады. Профильдн төменге қарай – 30 см төменде – иллювиальді жиек анықталады, онда темірдің қосылыстары кездеседі.

Қара топырақ . Аудандарда, жазда жауын-шашын аз түсетін аймақтарда топырақтың ерекше түрі-қара топырақ кездеседі, әлемдегі өнімділігі жоғары топырақтардың бірі. Осы аймақтарда қылқанжапырақты ормандар ашық жазықты прерийлер пайда болады.

Қызғылт топырақ. Жылына 330-360 мм жауын-шашын түседі, ылғалдылықтың аз болуы гумустың көп болуына әкеледі және топырақтар қызғылт түске ие болады. Олар өнімділігі аз болғанымен, жер шаруашылығында қолданылады.

Оңтүстікке  қарай ылғалдылық аз түсуіне байланысты, онда температура жазда жоғары, қызғылт топырақ маңында сұрғылт түске айналады. Жиектің төменгі  бөліктерінде тұздың натрийі, карбонаттар және гипс жиналады; жауын кезінде бқл ерітінділер профиль бойынша төменге ағады, ал құрғақшылық кезінде грунтты сулармен бірге жоғары көтеріледі. Нағыз құмды шөлдер Канадада жоқ. Ал құрғақ аймақтар оңтүстік аймақта Саскачеван және Альберта, онда жауын-шашын мөлшері аз, өзендер кеуіп қалатын көлдер маңында аяқталады

1.7 Өсімдік және жануарлар әлемі

Канаданың өсімдігі, топырағы сияқты климатқа тәуелді. Өсімдік жамылғысына бай өлке тундра болып табылады, ол құрлықтың солтүстігінде орналасқан,онда қылқанжапырақты ормандар кездеседі. Оны тайга деп атайды.

Тундра . Бұл  белдеу солтүстік жағалауларды және Канада Арктикалық архипелагында , «шөлді жер» деп аталатын жерде орналасқан. Мысалы, Туктояктук аймағында Поляр орталығынан 400 км қашықтықта орналасқан жерде жазда топырақ жамылғысы толығымен шөптесін және бұтақты өсімдіктермен жамылып жатады. Жаз кезінде бөрібұршақты, дәстүргүл, тоққұдыс,дриада және өсімдіктерді шалғында көруге болады.

Тайга. Бұл термин қылқанжапырақты ормандарға тиесілі  жерлерге байланысты айтылады, бұндай жер Канаданың көп бөлігін алып жатыр.  Тайга зонасы барлық елде солтүстік-батыстан шығысқа қарай 1100 км ендікпен және ұзындығы 4000 км дейін созылып жатыр.  Осы белдеудің орталық бөлігінде қара арша көп кездеседі, осы аймақта аралас орман да кездеседі.

Тайгалық аумақтың солтүстік бөлігінде аласалы  аршалар кездеседі, онда ормандар өзендер бойымен солтсүтіктен өзендерарасында созылып жатыр. Тайганын солтүстіктегі шекарасын анықтаушы шілде температурасы болып табылады, себебі мұнда ағаштар өсу үшін температура 10°С болуы керек. Тайга белдеуінің оңтүстіктегі шекарасы Эдмонтон мен Виннипег және Квебек арасынан өтеді.

Канаданың ботаникалық  географиясында Виннипегтың алатын орны ерекше, оның солтүстігіне қарай  тайга өтеді; ал оңтүстік-шығысында ауа райы ылғалды, ол үйеңкі және еменнің өсуіне жақсы жағдай тудырады. Емендер көбіне құрғақ прерийде өседі. Арша болса елдің солтүстік аймақтарында өседі.

Прерий белдеуі  Канаданың оңтүстік-батыс аймақтарында кездседеі, онда ағаштар созылмалы құрғақ уақытта өсе бермейді. Бұл аймақ биік және төмен шөпті прерий болып бөлінеді. Биік шөпті өсімдіктер жылына 360 мм жауын-шашын жауатын жерде таралған және мұнда астық тұқымдастарда Agropyron (бидайық) и Bromus (арпабас) таралған .

Үкіметтің және экологиялық ұйымдардың жануарларды  сақтап қалу шараларын көптеп ұйымдастыруына қарамастан, ньюфаундленттік қасқыр, теңіз құндызы, лабрадорлық гага, жабайы күркетауық жойылып кету жолында. Сонымен қатар ормандарды көптеп шабу  табиғи ортаның жойылуына, көптеген флора мен фаунаның жойылуына алып келді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау. Канаданың  экономикалық географиялық жағдайына сипаттама

    1. Канаданың  экономикалық географиялық жағдайы

Канада он аймақтан және үш ауданнан тұрады.

Аймақ – Канадалық  конституция негізінде құрылған мемлекеттер және федеральдық билікке  қарамастан өз уәкілеттігі бойынша  билігі бар мемлекеттер.

Аудан – бұл әкімшілік  бірліктер, олар канадалық федеральді Парламент қарауында болады.

Қазіргі он аймақ: Альберта, Британдық Колумбия,  Квебек,  Манитоба, Жаңа Шотландия,  Нью-Брансуик, Ньюфаундленд және Лабрадор, Онтарио, Остров Принца Эдуарда , Саскачеван. 

Үш  аудан: Нунавут, Солтүстік-Шығыс және Юкон.

Сурет 3. Канада мемлекетінің әкімшілік –аумақтық  бөлінісі.

Тұрғындардың 48%-ағылшын канадалықтан, 29%-ы француз канадалықтар, 23%-ы басқа да еуропа халықтары, 3%-ы үндістер мен эскимостар. Қала халқы 77,9% (2006). Ресми тілдері – ағылшын және француз тілдері. Тұрғындары христиан дінінің католик және протестант тармағын ұстанады. Канада парламенті – монархия. Британ достастығына кіретін федерация болғандықтан Ұлыбритания королі (королевасы) формальді түрде  мемлекет басшысы болып табылады (1952 жылдан – Елизавета ІІ). Ол Канада премьер-министрінің ұсынысымен 5 жыл сайын генерал-губернатор тағайындайды. Жоғары заң шығарушы орган – екі палатадан (Сенат пен Қауымдар палатасы) тұратын парламент. Сенат мүшелерін премьер-министрдің ұсынысымен генерал-губернатор  тағайындайды. Үкіметті премьер-министр басқарады . Оған өте кең құқықтар берілген. Ол –Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы. Астанасы – Оттава қаласы, ақшасы – Канада доллары.

Канада –  нарықтық қатынастар жоғары дәрежеде дамыған, индустриалды-аграрлы ел. Ұлттық табыс мөлшері жылына 583,9 мрлд АҚШ  доллары, жеке адамға шаққанда 21860 доллар. Елдің табиғат байлықтары мол: мұнай, табиғи газ, көмір, мыс (әлемде 3-орында), никель (2-орын), қорғасын (5-орын), цинк (әлемде 1-орында), темір, алтын, уран, т.б. Экспортының 81%-ы АҚШ-қа шығарылады және негізінен автомобильдер, құрал-саймандар, ағаш өнімдері, қағаз, шикі мұнай, табиғи газ, аллюминий, мұнай мен тас көмір өнімдері, бидай өнімдерінен тұрады. Импорттың  76,3% АҚШ-тан әкелінеді және негізінен автомобильдер, жолаушылар вагондары, компьютерлер, телекоммуникация құралдары, азық-түлік өнімдерінен тұрады. Халқының 73,1%-ы тұтыну салаларында, 22,8%-ы - өнеркәсіп, 4,1%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Жерінің 4,9%-ы ауыл шаруашылығына пайдаланылады, астық өнімдері өсіріледі және мал шаруашылығы жақсы дамыған. Негізгі  сауда серіктестіктері: АҚШ, Батыс Еуропа Елдері, Жапония, Қытай, Мексика, Оңтүстік корея елдері мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық  байланыс 1992 жылы 10 мәуірден  бастап орнатылды. 1996 жылы 25 қыркүйекте 2 жақты салықтан босату жөнінде конвенцияға қол қойылды. 1998 жылғы сәуірде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Вашингтонда Канада примьер-министрі Ж.Кретьенмен кездесті. Қазақстанда 30-ға жуық компаниялар жұмыс істейді. Оның ішінде ірілері «Харрикейн Кумкойль», «СНС – Левалин Интернэшил» мұнай-газ салаларында, «КАМЕКО», «Уран Эрц» уран экспорты жөнінде, «Вестерн комбайн», СП «Аквест» ауыл шаруашылығында тағы да сол сияқты. Сонымен қатар ғылым мен мамандар алмасу салаларында да көптеген келісімдер бар.

Қара металлургия  Гамильтон (49%),, Су-Сент-Мари (18%), Уэлленд  және Сидни қаласы (8%); полиметаллдарды Трейле, Валлифилде, Бельдюн-Пуэне;  мыс және никель Садбери, Норанде, Монреале, Порт-Колборне, Томпсоне, Форт-Саскачеване қалаларында дамыған.

Мұнай өндеу  зауыттары сапалы мұнайды шығаратын  зауыттардың бірі. Негізгі зауыттар тұтыну орталықтарында (Монреаль және  Ванкувер) немесе көлік тораптарында қиылысатын (Сарния және Эдмонтон) қалаларда орналасқан.

Канада елінде ауыл шаруашылығы үлкен рөль атқарадаы. Негізгі өнім түрлері азық – түлік  өнімдері. Барлық ел бойынша өндірістің 13% осы өнім бөлігі.  Канадалық ауыл шаруашылығы мехнизмі жоғары дамыған, өндірістік шоғырлануы, өтімділігі және мамандануы және елдің тұтунушылық сұранысын толыққанды өтей алады.  Негізгі сала- етті-сүтті малдарды өсіру. Канаданың кейбір аудандарында нағыз «ет фабрикасы» аумақтары пайда болды.  Канаданың негізгі ауылшаруашылық аумақтары ретінде дала аумақтары болып табылады (бидай шаруашылығы, мал шаруашылығының жайылымдары)  және Орталық аудандары. Тұқымды картоп өсіру- Эдуарлд принц араланың мамандануы.

Негізгі өндірістік аумақтары:

Оңтүстік-Шығыстағы  Онтарио аумағының мамандануы: қара және түсті металлургия , көліқұрастыру, полиграфия және жеңіл өнеркәсіп . Басты өндірістік орталықтары: Торонто, Оттава, Гамильтон, Уинсор, Садбери.

Оңтүстік-Батыс  Квебек аумағының мамандануы: көлік құрастыру, түсті металлургия, мұнай өндеу, химиялық, целлюлозді – қағазды, жеңіл өнеркәсіптер. Басты өндірістік  орталықтары: Монреаль, Квебек, Труа-Ривьер.

Оңтүстік –  Батыс Британдық Колумбия  аумағының  мамандануы: көлікқұрастыру, мұнай өндеу, орман шаруашылығы. Басты өндірістік орталықтары: Ванкувер, Виктория.

Канада халқының әл-ауқаты жағдайы жағынан әлемдегі еңалдыңғы қатарлы елдердің бірі. Канада әлемнің дамыған ”Үлкен сегіздік”  елдерінің қатарына кіреді, ”Экономикалық  әріптестік және даму халықаралық ұйымы”-ның мүшесі болып табылады. АҚШ-қа қарағанда Канаданың экономикалық ‘күші’ аздап төмендеу. Есесіне, көптеген Батыс Еуропа елдерініңкінен жоғары. Канады әлемдік сауда айналымы жағынан алғашқы ондыққа кіреді. Елдің басты импорттайтын тауарлары АҚШ, Ұлы Британия және Жапония елдеріне тасымалданады. 2008 жылғы Канаданың импорттаған тауарларынан түскен ақшасы $442.9 млрд. Болады.оның ішінде $280.8 млрд. АҚШ-тан, $11.7 млрд. Жапониядан және $11.3 млрд. Қаржы Ұлы Британиядан түскен. 2009 жылғы казан айындағы деректерге сай, елдегі орташ жұмыссыздық көрсеткіші 8,6% болған. 2008 жылы Канаданың мемлекеттік қарызы Үлкен сегіздік елдерінің арасындағы ең төмен көрсеткішті көрсеткен. Канаданың экономикалық секторын үлкен жетістікке жеткізіп отырған тау-кен өндірісі, мұнай-газ саласы, ауылшаруашық шаласы және қызмет көрсету салалары болып саналады. Жұмысшылардың ¾ бөлігі осы қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылған. Бидай мен астық тұқымдас дақылдарды үнемі шет елдерге сатып отырады. Елдің солтүстік аймақтарында ауалшаруашылығы климаттық жағдайларға байланысты дамымаған. Мырыш пен уран, сондай-ақ, алтын, никель сынды бағалы металлдар Канадада көптеп өндіріледі. Алмаз өндіруден әлемде екінші орын алады. Оңтүстік Онтарио мен Квебек провинцияларында автокөлік жасау мен әуе және ғарыштық техникалар индустриясы дамыған.

2.2. Туристтік  қорлары

Канаданың туристтік  пайдадан әлемдегі үлесі 2,5% құрайды. Канаданы рекреациялық-географиялық орнына байланысты Ресеймен ұқсатуға болады.

Кесте 1.  АТА (Атлан-Тынық мұхит ауданы) елдері арасындағы елдердің туристтік пайдасының тізімі (2010гж.) [1,2] (қайнар көзі: Transport and Tourism Division Country Tables )

Ел

Келу

Пайда

Ел

Келу

Пайда

 

млн. адам.

орын

млрд. долл.

орын

 

млн. адам.

орын

млрд. долл

орын

АҚШ

41,9

1

66,5

1

Малайзия

13,3

6

6,8

7

Қытай

36,8

2

20,4

2

Таиланд

10,9

7

7,9

6

Канада

20,1

3

9,7

4

Сингапур

7,0

8

4,9

9

Мексика

19,7

4

8,9

5

Макао

6,6

9

н/д

н/д

Гонконг

16,6

5

10,1

3

Корея Респ.

5,3

10

5,3

8

         

Индонезия

5,0

12

4,3

10

Канаданың физико-географиялық сипаттамасы