Канализационная насосная установка

 

Мазмұны:

Кіріспе

  1. Кәріз сорғылау қондырғылары  туралы мәлімет
    1. SOLOLIFT+ кәріз сорғылау қондырғыcы

2.1 SOLOLIFT+ кәріз сорғылау қондырғыларының жалпы және техникалық мінездемесі

    1. SOLOLIFT+ кәріз сорғылау қондырғысының артықшылығы
    1. Техникалық  қауіпсіздік ережелері
    2. Өрт қауіпсіздігі
    3. Еңбекті қорғау
    4. Қоршаған ортаны қорғау

Қорытынды

       Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

 

 

 

Кіріспе

  Қазіргі   өркениет  пен  технологияның   дамыған   заманында    электр энергиясы    болмаса  ештеңе  өнбей,  адам  өмірі   қиындап  кетеді.  Электрификация барлық құрылыс атаулының атасы болып табылады. Халықтық шаруашылықтың бастапқы салалары да осы электрификацияның негізінде.

Қазақстанда қазіргі  кезде өндірісті дамытуда алғаш  тапсырмалардың бірі өндіріске түрлі  дамыған технологияларды, жоғары өнімділікті қондырғылар мен технологиялық бейімделу, сондай – ақ жұмысты ұйымдастыру мен басқаруда заманауи амалдарын енгізу болып табылады.

Жұмыс өнімділігінің, өнім сапасының жоғары деңгейде болуын ең алдымен жаңа қондырғы түрлерін енгізу қамтамасыз етеді. Жалпы мақсаттағы қондырғылар күрделене түсті, дәлділігі жоғарылады, қуаты, жылдамдық көрсеткіштері, функционалдылығы жоғарылады.

Өңдеудің жоғары өнімділікті әдісі технологияның  одан әрі күрделілігін талап етеді. Ауыстырмалы элементтері бар конструкциялы, топтық технологиялық процесстерде қолданылатын, реттеу құрылғылары және тозуды компенсациялауы бар конструкцияларды енгізу қолға алынып отыр.

Электр энергетикасының  дамуымен қатар  электр  қондырғылары да жаңа сатыға көтерілді. Еліміздің барлық өндірісінде, машина құрылысында, химия өндірісінде,  тау – кен өнеркәсібінде,  мұнай энергетикасында қондырғылар мен жабдықтардың пайдаланылуы олардың жылдан жылға дами түсуіне ықпал етіп отыр. Мен осы жұмысымда сорғылардың түрлерін айта отырып, олардың ішінде  кәріз сору қондырғыларына толығырақ тоқталғым келіп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Кәріз сорғылау қондырғылары туралы мәлімет

 

Заманауи кәріз қондырғылары кәріз жүйесінің қауіпсіз жұмысына кепілдік етеді. Олар экологияның қауіпсіздігін  қамтамасыз ете отырып, өте қиын жұмыстардың бірін атқарады. Тек қана тұрмыстағы емес, шаруашылықтағы лас ағын суларды сорғылау қызметін атқарады.

Кәріз жолындағы  лас, тозаңдар, батпақ, қатты бөлшектер (абразив болып табылмайтын) бөлшектер сорғы жұмысын қиындыққа апарып соқтырады.

Осы тәрізді  мәсілелерді болдыртпау үшін соңғы  үлгідегі сорғылар ағын жолының арнайы геометриясымен жабдықталған. Жұмыс  дөңгелектері үш каналды болып жасалып, үлкен ағын жолына ие болады.

Тіпті ірі қоқыстардың  болуына қарамастан сорғылардың  ағын жолының бітілелуіне апармайды.

Ішіндегі қозғалтқышқа су тимеуі үшін сорғы конструкциясында арнайы толықтырулармен жабдықталған. Әдетте, соңғы үлгідегі сорғылардың құрылысында майлы камералар болады.

 Камералардың  болуы, судың қосымша бөлшектерге  енуіне мүмкіндік бермейді, соның арқасында  подшипниктер мен электр қозғалтқыштарынан артық жылуды сорып алады. Мен өз курстық жұмысымда сорғының GRUNDFOS  компаниясының SOLOLIFT+ маркалы сорғылар сериясын таңдадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. SOLOLIFT+   қондырғысы

 

SOLOLIFT+ құрылғысы заманаиу революциялық  қосымшаларының арқасында бір жағынан кәсіби сенімді болса, екінші жағынан пайдалануға ыңғайлы. SOLOLIFT+ сериясының құрамына 5 модель кіреді.

Қондырғы тұрмыстағы, өндірістегі белігілі бір құрылыс себептеріне немесе бүгу диаметрі аз, кішкентай құбырлар болған жағдайда лас ағындарды  жинауға және кәріз жолына жіберуге арналған. Бұл қондырғы конструкциясының жаңалығының бірі ішіне кескіш механизм орнатылған, ол мықты қозғалтқышымен бірге лас ағын құрамындағы түйірлерді оңай ұсататады. Бұған дейін еш өндірушінің құрылғысында мұндай қосымша болмаған болатын. Белгілі бір жағдаймен құрылғының кескіш механизмінің жұмысы бұзылса, тұтынушы отверткамен  сорғы валын айналдыру арқылы жұмысын қалпына келтіре алады. Қондырғыны ашып, жөндеудің қажеті болмайды.

Қондырғының сорғылайтын  ағынының температурасы 500 – тан 900 - қа дейін болады, бұл қондырғыны тіпті ыдыс жуғыш және кір жуғыш машиналар кәрізі жүйесіне орнатуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, мықты корпусын, дыбыссыз жұмысы мен заманауи дизщайнын алға тартуға да болады.

SOLOLIFT+ сериясының модельдік түрлері:

  • SOLOLIFT+ WC-3 және WC-1;
  • SOLOLIFT+ D-2;
  • SOLOLIFT+ C-3;
  • SOLOLIFT+ CWC-3.

Sololift+ сорғы  қондырғыларының техникалық мінездемесі:

Мінездеме:

Sololift+ сорғы типі

Модель түрі:

WC-1

WC -3

CWC -3

C-3

D-2

Салмағы, кг

5,4

5,5

4,9

4,7

3,5

Максималды  берілісі,

м3/сағ, (л/мин)

5,7 (95)

5,7 (95)

4,5 (75)

3,9 (65)

3,6 (60)

Максималды тік ағыны, м.

8

8

6

6

5,5

Сорғыланатын  сұйықтықтың максималды температурасы, °С

40

40

40

70

40

Қосылу

/сөну деңгейі, мм

63/40

63/40

85/62

85/55

55/30

 

Тұтынатын қуаты, кВт

400

400

350

300

270

Номиналды тогы, А

1,8

1,8

1,6

1,5

1,35

 

Өлшемдері

Д*Ш*В, мм

430*189*279

430*189*279

451*138*291

451*138*291

295*162*144


   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Электр жетектерінің ерекшеліктері мен сорғы қозғалтқышының қуатын таңдау

 

Сорғылар жұмысы режимі жалғалмалы және тұрақты кернеумен  жұмыс жасайтын механизмдер болып  табылады.

Сорғы агрегаттартының  электрлік реттелуі болмаған жағдайда, әдетте сорғы агрегаттарында қысқаша тұйықталған асинхронды қозғалтқыштар қолданылады, қорек көзінен 380 Вт.

Қуаты 100 кВт-тан асатын сорғылардың жетегі үшін  6 және 10 кВ асинхронды және синхронды тікелей қосылатын қозғалтқыштар қолданылады, яғни жүйенің толық қуатына қосылуы үшін.

Кәріз сорғылары  жылдам жүрісті болып келеді, сондықтан  олардың жетек қозғалтқыштарының  жылдамдықтары үлкен болады (w150 – 300 рад/с) және сорғы валымен жалғасады.

 Сорғы қуаты Рқозғ мына формуламен анықталады:


 

 

Мұндағы; р –  сорғыланатын лас ағынның тығыздығы, кг/м3

g – 9,81 бос қулаудың үдеуі, м/с2;

Q – сорғы  өнімділігі, м3/с;

Hc – статкалық  ағыс;

∆H – сорғы  қондырғысының құбыржелілердегі ағын күшінің (напор) жоғалуы;

η ном –сорғы КПД-сы (кәріз сорғылары үшін қысым шамасы 0,4 ·105 Па)

η п – беріліс КПД = 0,9 – 0,95

κз – қор коэффициенті (қозғалтқыш қуатына байланысты 1,1 – 1,3)

 

Мен өзім таңдаған сорғының қуатын осы формулағы салып  есептедім:

Рқозғ = 1,2 (4·9,81·7,4·5,5/0,4·10 ·0,9) 10-3 = 279,67 ≈ 280 Вт

Сорғылар үшін бұрыштық жылдамдықты дұрыс таңдау маңызды, себебі, сорғы өнімділігі Q, оның туындататын ағыны (напор) Н, моменті М мен қозғалтқыштың қуаты Р барлығы бұрыштық жылдамдыққа тәуелді.

Бір сорғыға  арналған Q1, H1, M1 және P1   мәндері Q2, H2, M2, P2 мәндерімен сәйкес келеді:


 

     Берілген кестеде 1-5 кәріз сорғысының Q – H мінездемесі берілген. Сорғының Q және H параметрлерін анықтау үшін сорғы (d және c қисықтары) жұмыс жасайтын тұтынушылардың мінездемесін білу керек. Сорғы мен тұтынушының мінездемелерінің түйісуі Q – H – тың мәнін береді, яғни жұмыс дөңгелектерінің әр түрлі жылдамдық кезіндегі механизмдерінің жұмыс режимін  анықтайды.

    Жүйеде толық ағын күші (напор) статикалық Нс және динамикалық Ндин ағындарынан құралады. Және мұндағы бір ағын жылдамдықтың квадратына және сорғы өнімділігі квадратына пропорционал, яғни:

 

 

          Жүйеде статикалық ағын күшінің (напор) болуы (С-қисығы) қозғалтқыш жылдамдығының w1 – wном - дан w3 – ке дейін аз ғана өзгерісі кезінде сорғы мінездемесі жүйе мінездемесімен қиылыспайды. Бұл сорғының су соруы тоқталады деген сөз. Бұл құбылыс көбінесе асинхронды жетекті сорғылардың орын алуы мүмкін, яғни желі кернеуінің төмендеуі қозғалтқыштың жылдамдығының азаюына, кейін сорғы жұмысының тоқтауына әкеледі.

       Ал егер жүйеде динамикалық ағын күші (напор) болса (d қисығы), онда Uж желі кернеуінің азаюы қозғалтқыштың тоқтауына апармайды, дегенмен сорғының өнімділігі азаюы мүмкін. Синхронды жетек кезінде кернеу азаюы қозғалтқыштың жылдамдығын азайтпайды, және жүйеге келетін  сұйықтық тоқтамайды, есесіне ол ротордың статордан қалу бұрышының θ ұлғаюына, синхронды қозғалтқыштың Мmax азаюына әкеледі. Кернеудің елеулі азаюының нәтижесінде қозғалтқыш синхронизмінен қалыс қалады да жұмысы тоқтайды.

Q – H мінездемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 SOLOLIFT+ кәріз сорғылау қондырғысының жалпы және техникалық мінездемесі

 

Sololift2 компактты,  монтаждан өткен, автоматты кәріз  сорғылау қондырғысы болып табылады. Кез – келген ғимаратта лас  ағындарды экскременттерсіз  сорғылау  үшін орнатыла алады. Қондырғы EN 12050-2 сертификатына сәйкес құрастырылған.

Қолдану аймағы:  Sololift+ қолжуғыш, душ, ағызу багынен бөлінген лас ағынды сорғылауға арналған. Қондырғыны фронтальды түрде жарға монтаждауға немесе раковина астындағы шкафқа орнатуға болады.  

Қондырғының әдеттегі қолдану себептеріне жатады:

  • Кәріз құрылысынан төмен орналасқан жертөледе;
  • Немесе кәріз құбыры құрылыс орталығынан алыс орналсақан кезде, ғимаратқа қайта жөндеу жасау мен заманға сай құрылыс кездерінде, немесе лас су бөлінуі өз күшімен жүрмеген кезде

 

 

 

Мінездемесі:

  • Екі қосымша бүйір келтіруші келтеқұбыр (потрубка) Ø32 және Ø40. Бір майысқақ жалғағыш шланг ажырғылармен комплектке деген кіреді.
  • Екі бүйір келтіруші қайта бапталу клапанды келтеқұбыры бар, олар сұйықтықтың қайта артқа ағуынан қорғайды. 
  • Сорғы түйіндерін жалғау үшін автоматты құбырлы муфта
  • Бір түйінге жалғанған сорғы мен электр қозғалтқыш резервуарда төрт винтпен бекітіледі.  Резервуардың ішкі құбыржелісіне жалғанатын келтеқұбыр автоматты түрде резервуар ішіндегі құбырлы муфтаға жалғанады.
  • 1,2 м кабель және штекер.
  • Сорғылаушы құбыржелілерінің Ø32 и Ø40 диаметрлі майысқақ шлангасы
  • Еденге монтаждауға арналған тіреулер, винттар мен дюбельдер
  • Бүгу үшін (нагнетания) Ø22 және Ø32 диаметрлі қайта баптау клапаны мен ауыстырғыштар
  • Ағызу шлангі ажырғымен (хомут) және шүмекпен.

Техникалық  мінездемесі

Салмағы

4,3 кг

Резервуар сыйымдылығы

2,0 л

Майысқақ ағын келтеқұбыры

Ø22/32

Мүмкін болатын  кіру өлшемдері

2 x Ø36/40/50 бүйірінен

Іске қосу және тоқтату деңгейі

Қосу деңгейі : 58 мм еден деңгейінен Сөндіру деңгейі: 35 мм еден деңгейінен

Сорғыламалы сұйықтықтың pH мөлшері

4 - тен 10 – ға дейін

Сұйықтықтың максималды температурасы 

50 °C 

Максималды ағу күші

5,5 м

Максималды шығын

119 л/м

Қоршаған орта температурасы

от +5 °C до +35 °C

Жұмыс жасау режимі

S3-50 % - 1 мин. 
(30 сек. қосу.; 30 сек. сөнд.)

Қоректену кернеуі

1 x 220-240 В - 10 %/+ 6 %, 50 Гц

Пайдалану қуаты, P1

Макс. 280 Вт

Номиналды ток

1,3 A

Қуат коэффициенті (cos )

0,90/0,95

Айналу жиілігі

2800 мин-1

Қорғау классы

IP44

Оқшаулау классы

F

Байланыс кабельі

1,2 м, 0,75 мм2 (H05VV-F-3G)

Қосылуы

220-240 В/ 50 Гц

Максималды  өнімділігі

7,4 м3/час

Шуыл деңгейі

- дБ

Электрлік қуаты

280 Вт


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 SOLOLIFT+ кәріз сорғылау қондырғысының артықшылықтары

Мүмкіндіктері мен артықшылықтары:

  • Мықтылығы мен эксплуатациялық сенімділігі
  • Лас ағын сумен байланыс жасайтын берік электрқозғалтқышы, картері және валы даттанбайтын болаттан жасалған. 
  • Жеңіл монтаж бен орын ауыстыру
  • Орнатылу аумағына байланысты жеңіл өзгертулер орнатылуы мүмкін.

 

Күтім мен техникалық қызмет көрсетілуі:

    • Ауыстырмалы, компактты «насос - қозғалтқыш» кез-келген техникалық қызмет процедураларын оңай, тез әрі таза орындауға мүмкіндік береді.
    • Техникалық қызмет процедураларын жасау үшін басты және қосалқы желілерді ажырату немесе демонтаждаудың қажеті жоқ.

 

   Жабдықтың конструкциясы мен комплектациясы:

Sololift+ D-2 лас су ағындарына қарыс тұра алатын композитті материалды резервуардан жасалады, оның бақылау крышкалары болады.

Қондырғының жұмыс  жасауы – 10 жыл.

Тік және көлденең құбыржелінің иілуінің максималды ұзындығы

Инновациялық  технологиялармен жасалған қондырғы европалық  және халықаралық стандарттарға  сәйкес сертификатталған. Бұл оның жұмысының сапалылығына кепіл болады.

Sololift2 қондырғысы CE белгіленуіне ие және келесі сертификаттары бар:

  • VDE;
  • EMV;
  • T V/LGA;
  • РСТ АЯ56.

 

 

 

 

Габаритті өлшемдері

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Техникалық  қауіпсіздік ережелері

    Техникалық  қауіпсіздік – адам өміріне  зиян әсер ететін факторлар,  яғни ережелер бұзылғаннан кейін  жазатайым зақымдану туғызатын факторларды алдын алатын ұжымдық және техникалық іс шаралар жүйесі.  ПУЭ-ге сәйкес жұмыскерлермен бөтен адамдар қорғанысы кереуті оқшаулама болуы, қажет қашықтықты сақтау, ток өткізгіш бөліктерді оқшаулау, блокировка аппараттарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

   Электртехникалық  персоналдық жұмысы электр тогымен  соғылуы қаупімен байланысты. Сондықтан  да электротехникалық персоналдың  барлық атқарушылары денсаулығы  бойынша белгілі бір талаптарға  сәйкес болулары қажет. Сол  үшін жұмысқа тұрарда міндетті медициналық қараудан өтеді. Сосын периодты түрде медициналық қараулардан өтеді. Жұмысқа тұрарда олар техникалық қауіпсіздіктен жалпы инструктаж өтеді, онда техникалық қауіпсіздік ережелерін, орындалатын жұмыстың жергілікті нұсқауламалардан оқиды.

        Техникалық қауіпсіздік инструкция мәні барлық разрядтағы жұмысшылар мен олардың басқарушыларына міндетті.

        Электр қондырғыларын эксплуатациялау  жұмысына электромонтерлерді 18 жасқа  толмаған адамдар кіргізілмейді.  Өз бетінше жұмыс істеуге рұқсат берілгенге дейін өту керек:

  • жұмыс орында бірінші инструктаж
  • керекті теориялық дайындық
  • басқарушы мен тәжірибелі жұмыскер бақылауы мен өндірістік оқуды өтуі тиіс

        Электротехникалық персоналға білімін  квалификациялық комиссиядан өткеннен  кейін І, ІІ, ІІІ, ІV, V  техникалық қауіпсіздік бойынша квалификациялық топ беріледі.

        Мектеп ұйымдары ІІІ топты  жұмыскерлермен қызмет көрсетілулері  болады. Қайта қосуларды 2 адам  біреуі ІІІ топ екіншісі ІV  топты жұмыскер.                      

 

 

 

 

 

 

 

    1.  Өрт қауіпсіздігі

         Электр қондырғының эксплуатациялануы  дұрыс болмауы өрт себепкері  болады. Сондықтан да электр қондырғыларды  өрт және жарылу қауіпсіздігін  қамтамасыз ету электр тогымен  соғудан  қорғанысты қамтамасыз  етуден кем емес.

         Өндірісте өрт – жарылыс қауіпсіздігі өрт пен жарылысты алдын алуға мүмкіндік береді. Ал оның пайда болуы жағдайында адамды қорғау және материалдық бағалықтарды сақтап қалуды қамтамасыз етеді.

        Электр қондырғыларда жанғыш  болып изоляциялық майлар, изоляциялық  резина, пластмасса, лак, қағаз және полиэтилен кабель оқшауламасы, генератор салқындатуда қолданатын сутегі.

        Өрттің негізгі себептері электр  жүйесіндегі қысқа тұйықталу  және машина мен аппараттардағы  қысқа тұйықталу электр дугасы  мен ұшқындалу электр қабылдағыш маңында қалған тез тұтанғыш заттардың тұтануы.

        Өрт пен жарылысты алдын алу  үшін орындалу керек шаралар:

  1. Тұтанатын орнына қиын немесе тұтанбайтын материалдарды пайдалану
  2. Мүмкін болатын тұтану көздерін алдын алу
  3. Құрылым констуркциясы белгілі бір от төзімділігі бөлу
  4. Өрт сөндіру құралдарын пайдалану өрт сигнализация қондырғылары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Еңбекті қорғау

       Еңбекті  қорғау заңды актілер және  әлеуметтік – экономикалық техникалық, гигиеналық және ұжымдастыру  шаралар жүйесі. Қауіпсіздік пен денсаулықты сақтау және адамның жұмыс істеу қабілетін арттырады. Оқу дисциплинасы ретінде техникалық факультетте еңбекті қорғау өзіне өндірістік санатория еңбек заңдылығы. Қоғамдық – экономикалық шаралар кіреді.

       Еңбекті қорғауды басқару еңбекті басқару, міндетті адамдарды орнатып, біртұтас жүйені құрулары керек. Администрацияға жұмыскерлерге еңбекті қорғау бойынша инструктаж жүргізуі жүктелген. Өндірістік санатория, өртке қарсы шаралар және еңбек қорғау басқа ережелерін айту жүктелген.

Еңбекті қорғау энергетикалық бағдарламаны, энергия үнемдейтін, аз калдықты және қалдықсыз прогресті технологиялардьі енгізу бағыттарымен тығыз байланыста іске асыру өндірістік процестің өнімділігін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді. Өндірістің өнімділігін арттыру сайып келгенде шикізатты, энергияның барлық түрлерін тұтыну нормасын, қол еңбегі жұмсалатын процестерді нақты түрде кемітуге, жалпы қоғамдық өндірістік шығындарды азайтуға, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсу қаркынын жеделдетуге саяды. Әрине, өндірістік процестердің өнімділігін арттыру электрлендіруге, химияландыруға және автоматтандыруға негізделеді, өйткені, өндірісті шоғырландырудың ұлғаюы агрегаттар мен жабдықтардың жекеленген қуаттарын арттыруға, жоғары кернеуді, температураны, қысымды және т. б. қолдануға сүйенеді. Мұның өзі өндіріс уақытын қысқартуға, өнім сапасын жақсартуға, өнімнің бір өлшеміне келетін материалдық шығын нормасын азайтуға, шикізатты кешенді пайдалануға және т. б. мүмкіндік береді. Сөйтіп өнімділікті арт-тыру табиғи қорларды үнемдеу, әсіресе, энергия қорларын үнемдеу мәселесіне сүйенеді.

Халық шаруашылығын электрлендіру процесінің тиімділігін  арттыру, еліміздің өндіргіш күштерін дамытуға және экономиканы интенсивтік  даму арнасына көшуге ерекше ықпал  жасайтын энергетиканың – дамуын қамтамасыз ету — энергетика салаларыңда еңбек ететін еңбеккерлердің игілікті ісі болуға тиіс.

        Еңбекті қорғауды басқару міндетті  адамдарды орнатып, біртұтас жүйені  құрулары керек.

       Администрацияға жұмыскерлерге  еңбекті қорғау бойынша инстуктаж жүргізілуі жүктелген, өндірістік санитария, өртке қарсы шаралар және еңбекті қорғау басқа ережелерін айту жүктелген.

       Администрация,  сондай-ақ барлық  жұмыс  орындарын керекті   техникамен қондырғылармен және  онда еңбекті қорғау бойынша  сәйкес жұмыс талаптары болуы керек.

    1. Қоршаған ортаны қорғау

        Қоршаған ортаны ластауға адам  өмірінің тұрмысы жатады. Ол кері  әсерді адамның өзіне және  оған қажет пайдалы қорлар  мен организмдерге әсер етеді. 

       Өндірістің дамуы және жаңа  күшті әсер ететін технологияларды еңбек өнімін арттыру үшін пайдалану химиялық және биологиялық әдістерді пайдаланумен байланысты. Бұл өз бетімен барлық қоқыстардың шығынын арттырды. Бұлар қосылып қоршаған ортаны ластауға әкеледі.

       Технологиялық процестер шум  мен вибрация көздері болып табылады. Механикалық қоқыстар – қа  тты бөлшектер мен заттар.

        Химиялық қоқыстар – газ тәріздес, сұйық және қатты химиялық  қосындылар атмосфера мен теопосфераға  түседі.

        Биологиялық  қоқыстар – организмдердің барлық  түрлері адам қатысымен пайда болады немесе оған зиян келтіріп ластайды.

        Энергияның зиян көріністері:  жылулық, механикалық  (вибрация, шум, т.б.) жарықтық және т.б.

        Өндірістік ағынды суларға өндірісте  пайдаланылған тазартуды қажет  ететін суларды айтады. Соңғыларына суда ерімейтін эмульсиялар, тамшылар және суспензия түрінде болады. Қатты заттар қоспалар олардың көлемі бірнеше мм бола алады.

       Өндірістік ағыс сулары шартты  түрде таза (қайтымды) және лас  болып бөлінеді.

        Қоршаған ортаны қорғау шаралары пассивті және активті болып бөлінеді. Пассивтіге ластану көзіне тікелей әсер етпейтін шараларды атайды. Мұндай шараларға ең көп тарағаны ластау көзіне тиімді жерде орналастыру болып табылады.

        Активтіге қоршаған тазалау үшін  жаңа технологиялырпды пайдаланып, ластауды азайту болып табылады. Бұл шаралар арқасында ортаны қорғау көбірек жемістірек болады.

Қоршаған ортаны ластауға адам өмірінің тұрмысы жатады,ол кері әсерді адамның өзіне және оған қажет пайдалы қорлар мен организмдерге  әсер етеді.

     Өндірістің  дамуы  және жаңа күшті әсер  ететін технологияларды еңбек  өнімін арттыру үшін пайдалану  химиялық және биологиялық әдістерді  пайдаланумен байланысты. Бұл өз  бетімен барлық қоқыстардың шығынын  арттырады. Бұлар қосылып қоршаған  ортаны ластауға әкеледі.

     Технологияны  процестер мен вибрация көзі  болып табылады.

    Механикалық  қоқыстар-қатты бөлшектер мен  заттар.

   Химиялық  қоқыстар- газ тәріздес, сұйық және  қатты химиялық қосындылар атмосфера  мен топыраққа түседі.

    Биологиялық  қоқыстар – организмдердің барлық түрлері, адам қатысымен пайда болады және оған зиян келтіріп ластайды.

     Энергияның  зиян көріністері: жылулық, механикалық(вибрация, шум т.б) жарықтық және т.б.

     Өндірістік  ағынды суларға өндірісте пайдаланылған  тазартуды қажет ететін суларды айтады. Соңғыларына суда ерімейтін эмульсиялар тамшылар және суспензия түрінде болады, қатты заттар қоспалар олардың көлемі бірнеше мм бола алады.

          Өндірістік ағыс сулары шартты  түрде таза(қайтымды) және лас  болып бөлінеді.

            Өндірістік қатты қоқыстар улы  және улы емес болып бөлінеді. Негізгі машина құрау мен металл  өңдеудегі қоқыс улы зиян емес (металл жаңқа, күл, ағаш жаңқалары,  резина, қоқыс және т.б) улы  зиян қоқыс мысалына гальваникалық   цех шамдары мен улау учаскелерін алуға болады.

             Қоршаған ортаны қорғау шаралары  пассивті және активті болып  бөлінеді. Пассивтіге ластану көзіне  тікелей әсер етпейтін шараларды  айтады. Мұндай шараларға  ең  көп тарағаны ластау көзін  тиімді  жерде орналастыру   болып табылады.

Қорыта айтқанда, энергетика объектілерінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайту —  бүгінгі күндері бүкіл дүние  жүзі халықтарын ойландырып отырған  аса маңызды мәселелер қатарына жатады. Бұл мәселелерді бүгінгі  ұрпақ тек ез мәселесі ретінде ғана емес, сонымен бірге келешек ұрпақтар алдындағы  міндет есебінде түсініп, оның нәтижелі шешімін табу бағытында әлі де болса қыруар іс атқаруға тиіс. Адамзат өз әрекетімен қоршаған ортаға зиянды әсер етпесе, аяулы табиғат адамзатты өз шапағына бөлеп, оның сәулетті болашағына мол жағдай тудыратын болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

         Берілген   курстық  жобада  қазіргі  заманғы  жоғары  технологиялық   қондырғылардың  пайдаланылуы қарастырылған. Техникалық құралдардың дами түсуі барлық салаларды әрі қарай дамыта түсуге ықпал етті. Бүгінде эксплуатация мен электр қондырғыларын пайдалану одан әрі білімділікті талап етіп отыр.

Канализационная насосная установка