Кепіл-бұлтартпау шарасы ретінде
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.......................
І КЕПІЛ – БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫ РЕТІНДЕ
1.1 Кепіл институтының
пайда болуы және қолданылуы...
1.2 Бұлтартпау шараларының қалыптасу
мен даму тарихы........................
1.3 Кепіл мен жеке кепілдік бұлтартпау
шарасы ретінде.......................
1.4 Қамауға алумен байланысты емес
бұлтартпау шарасы........................
ІІ БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫ
2.1 Бұлтартпау шараларын қолдану
үшін негіздер.................
2.2 Бұлтартпау шараларын
қолдану тәртібі...............
2.3 Кепіл және қамауға алу........
2.4 Бұлтартпау шарасын
тоқтату немесе өзгерту........
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасын жаңа саяси және экономикалық жүйенің қалыптасуына негізделген демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде танытты. Халықаралық-құқықтық актілердің басымдылығын қабылдап, заң жүзінде ҚР Конституциясы елдің ең қымбат қазынасы ретінде - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екенін бекітті.
Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген құқықтық мемелекекттің демократиялық ойлары мен қағидалары өз көрінісін және болашақ дамуын 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енген, жеке институттар, терминдер мен дефинициялар енгізген, қылмыстық іс жүргізудің алдыңғы концепциясын толығымен өзгерткен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінен тапты.
Жаңа заңнама қылмыстық іс жүргізудің көптеген теориялық және тәжірибелік мәселелерін шешті. Регрессивтік саясаттан бас тарту, қоғамның демократизацилануы мен гуманизациялануының кеңеюі, жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастардың пайда болуы көптеген құқықтық институттардың қайта қаралуын талап етеді. Әсіресе бұл қылмыстық іс жүргізушілік қатынастарға ие азаматтардың құқықтары мен мүдделерін толығымен қозғайтын нормаларға байланысты.
Зерттеу курстық жұмысының өзектілігі. Қылмыстық сот өндірісі қылмыстық процесске қатысушы кейбір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуден толығымен бас тарта алмайды. Оған қоса, Қазақстан Республикасы Конституциясының 39 бабына сәйкес, «адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана және тек заңмен шектелуi мүмкiн».[1, 12 б.]
Бұл орайда маңызды көңіл бөлуге қылмыстық іс жүргізудегі бұлтартпау шаралары ие. Бір жағынан, бұл шаралар қылмыстылықпен күрестегі қылмыстық ізге түсу органдарының қызметінің максималды эффективтілігін қамтамасыз етуі қажет. Екінші жағынан, қылмыстық сот өндірісіне қатысты тұлғалардың ҚР Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін тиімді жағдай жасау. Қазіргі уақытта іске айыпталушы ретінде қатыстырылып отырған тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше аз шектеу үшін тиімді бұлтартпау шараларын іздеу қажет.
Қазақстан Республикасындағы
құқықтық реформаның
Курстық жұмыстың мақсаты. Бұлтартпау шараларының бірі - кепілдің мақсатын, міндетін, талдау құралдарының теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, азаматтық құқықтағы мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу арқылы оның қызметінің теориялық және проблематикалық жақтарын ашу.
Курстық жұмыстың міндеті:
- кепіл институтының пайда болуын және қолданылуын қарастыру:
- бұлтартпау шараларының қалыптасу мен даму тарихын зерттеу;
- қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шараларына сипаттама
беру:
- жалпы бұлтартпау шараларын қарастыру, олардың ішінде: бұлтартпау
шараларын қолдану үшін негіздерді, оларды қолданудың тәртібін және тоқтату мен өзгерту негіздеріне тоқталу.
І КЕПІЛ – БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫ РЕТІНДЕ
1.1 Кепіл институтының пайда болуы және қолданылуы
Қазақстан Республикасындағы қылмыстық сот өндірісі әрбір адам Адамдар құқығының Жалпы декларациясымен мәлімденген барлық құқықтар мен бостандықтарға ие болуы қажет деген жағдайды қамтитын халықаралық құқық нормалары мен қағидаларынан шыға отырып, Қазақстан Республикасының Конституция, конституциялық заңдар, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі негізінде жүзеге асырылады.
Қылмыстық
сот өндірісін жүзеге асыру
барысында процессуалдық құқық
нормаларын бұзатын тұлғаларға
қатысты заңмен мәжбүрлеуді
Отандық процессуалдық ғылымда айыпталушының өзін дұрыс ұстауын және келуін материалдық тұрғыдан қаматамасыз ету жолымен бұлтартпау шараларының жүйесін өзгерту туралы бірнеше мәрте сұрақ көтерілді. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын енгізу туралы ұсыныстар айтылған.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында мүліктік кепілдік түріндегі бұлтартпау шарасын қайта жаңғырту мүмкіндігі де қарастырылды. Бұл шара айыпталушының міндеттемелерін үшінші тұлғаның өз мүлкін кепілдікке беру жолымен қамтамасыз етуіне кепілдік береді. [ 2, 5-12 б.]
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қабылдануымен және бұлтартпау шарасы ретінде кепілдің енгізілуімен отандық процессуалисттердің алдында берілген бұлтартпау шарасын қолдану бойынша ұсыныстарды жетілдірумен байланысты сұрақтар туды. Өкінішке орай, бұлтартпау шарасын таңдау бойынша қазіргі түсіндірулер мен түсініктемелер толығымен оның мәні мен маңызын аша алмайды.
Егеменді еліміздің
өткен тарыхында қазақ
Қазақ қоғамындағы
кепіл қатынастарының болғандығын
зерттеуші ғалымдардың
Кепіл институты Кеңес дәуірінде де азаматтық құқықта біршама қолданылған. 1922 жылғы РСФСР-дің Азаматтық Кодексінде кепіл институты біршама реттеліп, заттық құқық ретінде қаралды. Ал Қазақ ССР-інің 1964 жылғы Азаматтық Кодексінде кепіл міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тарауына енгізілді. Ол туралы Қазақ ССР-інің Азаматтық Кодексінде «залог бойынша кредитор (залог ұстаушы) залогпен қамтамасыз етілген міндеттемені борышқор орындамаған ретте аласысын залогтағы мүліктің құнынан басқа кредитордан артықшылығын пайдалана отырып өндіріп алуға праволы», - деп көрсетеді [3, 86 б]. Азаматтық Кодексте азаматтардың арасындағы азаматтық қатынастарды реттеуде кепіл салу тұрғын үйді сатып алу-сату шартын қамтамасыз ету үшін ғана рұқсат етілген. Осы Кодекстің 188 бабында кепіл талаптың өндірілетін кездегі мөлшерін, проценттерін, орындауды мерзімінен кешіктіргендіктен келтірілген шығынның есесін, тұрақсыздық төлемін (айыппұл, өсімді), сондай-ақ өндіріп алу жөніндегі шығындарды өтеуді қамтамасыз етілуі туралы айтылған. Жалпы Кеңес дәуірінде кепілге салынатын заттың түрі шектеліп, кепілзаттың негізгі түрі ломбардқа тапсырылды.
Тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша ломбардқа қабылдаған қымбат бағалы металдардан жасалған бұйымдарды мемлекеттік нарық бойынша мүлік құнының толық сомасы мөлшерінде сақтандыруға міндетті болғанымен, салынған мүлікті кепіл ұстаушыға пайдалануға құқық берілген жоқ. Тек кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені борышқор орындамаған ретте кредитордың талабы соттың, арбитраждың немесе аралық соттың шешімі бойынша кепілге салынған мүліктің құнынан өтелді. Ал салынған мүлікті сатқаннан өндіріп алынған сома кепіл ұстаушының талаптарын өтеуге жеткіліксіз болса, заңда немесе шартта басқаша көрсетілмеген күнде кепіл ұстаушы жетпейтін соманы борышқордың басқа мүлкінен өндіріп алуға құқылы болды, яғни кепіл ұстаушы қайткен күнде де өз мүддесін қорғауға құқылы екендігі біршама айқындала түсті. Оған дәлел Қазақ ССР-дің Азаматтық кодексінің 191 бабында «Ломбардқа мүлікті залогқа салу арқылы қамтамасыз етілген ссуда мерзімінде төленбесе ломбард бұл мүлікті жеңілдік ретінде берілетін бір ай мерзім өткеннен кейін нақты құны бойынша, бірақ қабылдап аларда белгіленген, мөлшерден кем болмайтын бағамен мемлекеттік немесе кооперативтік ұйымдарға сатады», - деп көрсетеді [4, 88 б]. Кеңес дәуірінде кепіл түрлері де және кепіл ұстаушының құқықтары да шектеулі болғандығын көреміз. Бұл кезеңді зерттеуші ғалымдардың пікірінше «в условиях социалистического общества вообще нет почвы для широкого применения залога», - деп көрсетеді.
Кепіл институтының кеңінен қолданылуы қоғамдағы экономикалық өзгеріске, атап айтқанда нарықтық қатынасқа байланысты 80- жылдардың аяғы- 90 жылдардың басында кеңінен қолдану қажеттігі байқалды. Оған себеп, елде кәсіпкерліктің дамуы және оларға несие беру болды. Кепіл әрине өзінен өзі болмайды, ол несие берушінің талаптарының қанағаттандырылуын қамтамасыз ету үшін қажет болып есептеледі. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша несие берушіде екі талап болады: біреуі – қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша борышкерге талап , екіншісі – кепіл нысаны болып табылатын мүліктің кепіл берушісіне талап. Егер кепілге өткізілетін мүлікті сатқаннан түскен ақша толық қанағаттандыруға жетпесе, онда несие беруші, жалпы ереже бойынша, кепілге өткізілген мүліктің құны жаппаған бөлікті борышкердің орындауын, оның ішінде өндіртіп алуды борышкердің барлық мүлкіне аудару есебінен орындауын талап етуге құқылы болып табылады. Міне осыдан келіп, кепіл немесе кепілдік құқық деп несие берушінің міндеттеме бойынша өз талаптарын борышкердің немесе заттық кепіл болу үшін белгілі бір затының не өзге мүлкінің құндылығы есебінен қанағаттандырудағы айырықша құқығы танылады. Кепіл институтының қарқынды дамуы Қазақстн Республиксында кепіл қатынастарын тікелей немесе жанама реттейтін бір қатар заң актілерінің қабылдануына әкелді. Солардың алғашқыларының бірі 1991 жылдың 23 желтоқсанынында Қазақстан Республикасының «Кепіл туралы» Заңы [5, 127 б.] 1992 жыл 1 наурызда қолданысқа енген болатын. Бұл заңда кепіл ұғымына түсінік бере отырып, оның пайда болу негізі, кепілге салынатын мүлік, кепіл қатынасына байланысты субъектілердің құқықтары мен міндеттері т.б. жағы қарастырылған, яғни бұл заңның Кеңестік дәуірдегі Азаматтық Кодекстен өзгешелігі кепіл пәнін жүзеге асыруға біршама еркіндік беріп, жеке тарау ретінде қарастырады. Бірақ бұл заң 1995 жылы 1 наурызда Азаматтық Кодекстің (жалпы бөлімі) күшіне енуге байланысты өз күшін жойды. Ал, Азаматтық Кодекстің кепіл қатынастарына байланысты жалпы ережелерінде: кепіл ұғымы, кепілдің мәні, пайда болу негіздері, түрлері, кепіл арқылы қамтамасыз етілетін талаптар, кепілді тоқтату жағдайлары кеңінен қарастырылған. Кепіл қатынастарын реттеуді жетілдіре түскен нормативті актілердің бірі 1995 жылы 23 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» [6, 75 б.] заң күші бар жарлығын және оны 1995 жылы 23 желтоқсанда қабылдаған «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығы [7, 30-33 б.] және 1998 жылғы 30 маусымдағы «Жылжитын мүлік кепілін тіркеу туралы» заңы болып табылды. Кепілдің нысаны болып табылатын мүліктің түріне байланысты жерді пайдалану құқығы, кепілі, бағалы қағаздар кепілі, вексельдер кепілі, валюталық құндылықтар кепілін құқықтық реттеу ерекшеліктері туралы көптеген арнайы нормативті актілер қабылданып Қазақстан Республикасында кепілдік құқықтың рөлі артып отырғандығын көреміз.
Азаматтық құқық теориясында күрделі мәселенің бірі кепілдің құқықтық табиғатын айқындауда ғалымдардың пікірлері әлі де таласты. Зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны заттық құқыққа жатқызса, енді бірі міндеткерлікке жатқызады. Ал негізінде осы кепіл өзінде заттық құқық сияқты міндеткерлік құқықтық сипатты да қамтитындығын көреміз. Бұл кепілдің қосарлы табиғатын көрсетеді. Осыған байланысты кепіл болмысы кепіл берушінің басқа несие беруші алдында кепілге салынған мүліктің құнынан кепіл ұстаушының талаптарының басым қанағаттандырылуын қолдап, кепіл ұстаушының басым құқын шартты болуы тиіс. Несие берушінің мүдделерін кепілмен тиімді қамтамасыз етуге теріс ықпал жасайтын жағдайларға жол бермей заңнама деңгейінде кепіл нысанының ерекшелігін ескере отырып, құқықтар кепілін неғұрлым жетілдіру қажеттігі туындайды. Қазіргі күні кепілдің кең тараған түрі ипотекаға байланысты қарастыратын болсақ, ол жылжымайтын мүлік түрлері – жер учаскелері, өндіріс, тұрғын үй, пәтерлермен қатар жылжымалы айналыстағы тауарларға да беріледі. Ипотекалық несие үкіметтің бағдарламасына сәйкес халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін маңызы зор. Кепіл туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 299 – 327 баптары аралығында біршама айтылған.
1.2 Бұлтартпау шараларының қалыптасу мен даму тарихы
Қазақстанның бұлтартпау шарасының тарихы Ресейдің бұлтартпау шарасы тарихымен тығыз байланысты. Ресейдің бұлтартпау шарасы институты ұзақ тарихи жол кешті.
Мысалы, И.Фойницкий қылмыстық сот өндірісінің дамуын келесі кезендерге бөледі:
І кезең ІХ-ХІ ғасырлар, ІІ кезен, ХІ-ХІІ
ғасырлар, III кезең ХІІІ-ХIV ғасырлар, IV
кезең XVI- XVIII ғасырлар, V кезең XVIII- XIX ғасырлар,
VI кезең 1864-1917 жылдар.
Аталған кезеңдерді жақсы түсіну үшін, оларды ашып қарастыру қажет. I және II кезеңдер. IX-XII ғ. құқық қайнар көздеріңде бұлтартпау шарасы институты мүлдем болмаған.
Үшінші кезең XIII ғасыр басынан бастап бұлтартпау шараларының пайда болуын көруге болады. ХІП-ХІV ғ. бастап әрбір рулық қауым өзінің мүшесіне жауап берді. Соңцықтан да бұлтартпау шарасы ретінде алдымен қауымның кепілдігі қолданылды.
Төртінші кезең. Алайда осы уақытта, яғни ІІІ-І V кезеңдерде бұлтартпау шараларының белгілі бір жүйесі не оны қолданудың белгілі бір анықталған нұсқаулығы болмады. Осы кезеңде қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шараларының ішінен тек кепілдік орын алды.
Бесінші кезең. 1832 жылы заңдар жинағының күшіне енуімен байланысты мұнда бұлтартпау шарасын қылмыстық процестің институты ретінде айтуға болады. [8, 212 б. ]
Бұлтартпау шарасының жүйесі, яғни зандар жинағында көрініс тапқан, оған келесі шаралар кіреді: түрмеде ұстау және полиция қарауында болу, үйде қамауда ұстау, полицияның қадағалауы, қолда ұстауға беру.
Белгілі бір бұлтартпау шарасын таңдауда тағылған айыптың ауырлығы, дәлелдеменің күші және айыпталушының атағы, яғни айыпталушының қандай тапқа жататындығы ескерілді.
Осы кезеңнің негізгі бұлтартпау шараларының бірі - қамауда ұстау. Занда аталып өтсе де полициялық қадағалау қолданылмады. Үйде қамау бойынша айыпталушының үйінде полиция қызметкері немесе жандарм бо-луы керек, яғни бұл жиі қолданылды. Осы кезеңде қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шараларының ішінде бұрынғыша кепілдеме немесе айыпталушыны қолда ұстауға беру болды. Қолда ұстауға беру материалдық жауаптылықпен байланысты болмады, бірақ та кепіл берушілер, яғни «профессионалдар» пайда болды, олар өз кезегінде кепілдемемен күндерін көрді.
Қылмыстық процестегі маңызды өзгеріс 1860 жылғы сот реформасының пайда болуымен байланысты, мұнда сот тергеушілері институты енгізілді. Алтыншы кезең. Осы кезенді зерттей келе ең алдымен 1864 жылы қылмыстық сот өндірісінің Жарғысына тоқталу керек, онда сот билігін атқару билігінен бөліп қарастырған.
Бұлтартпау шарасының жүйесі 1864 жылы қылмыстық сот өндірісі Жарғысының қабылдауымен қатар қамауға алумен байланысты емес ықтияр хатын тартып алу және кепілдік деген 2 бұлтартпау шарасымен толықты-рылды. 1864 жылы қылмыстық сот өндірісі жарғысына сәйкес, бұлтартпау шарасының жүйесі төмендегідей:
ықтияр хатын алып қою немесе тұратын орнынан кетпеу және тергеуге келу туралы қолхатты міндеттеу, полицияның ерекше қадағалауына беру, кепілге алу, үйде қамауда ұстау.
1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ресей қылмыстық процесі түбірімен өзгерді. Кеңестік мемлекеттердің және кеңестік процестің тарихы басталды. [9, 75 б. ]
Енді 1917 жылы мен 2002 жылы аралығындағы кезенде қылмыстық процестің дамуының негізгі сатыларын қарастырсақ. Сонымен қатар осы кезендегі қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шаралары институтының дамуын зерттеп қарастырып көрейік.
Бірінші кезең 1917-1922 жылдараралығы: Кеңестік заңнамада бұлтартпау шарасының толық тізімі алғашқы рет 1919 жылы 30 қыркүйекте Республикалық революциялық әскери кеңестің №1595 бұйрығының 78-бабы «Әскери тергеушілер туралы» ережеде бекітілген: тергеушіге келу туралы және қызмет орнынан немесе тұратын жерінен кетпеу жөніндегі жазбаша міндеттеме, кепілдік ұсыну, бөлім бастығының қадағалауына беру.
1.3 Кепіл мен жеке кепілдік бұлтартпау шарасы ретінде
Кепіл мен жеке кепілдік бұлтартпау шарасын таңдау барысында қол-данылады. Кепіл қатаң бұлтартпау шарасы ретінде саналады, ол өз кезегінде қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасы болып табылған. Тұрмысы төмендер кепілді де, жеке кепілдікті де қалталары көтермейтін еді. Кепіл беруші ретінде айыпталушының өзі және басқа адам бола алды. Кепілдік және кепілдіктің сомасын әрбір іс бойынша тергеуші анықтайтын еді. Кепілдікке қарағанда кепіл ретінде ақшалай қаражаттар қабылданып қана қоймай, сонымен қатар қозғалатын мүліктер қолданылды. Кепілдің сомасы зардап шеккен адамның келтірілген залалынан төмен болмауы керек болды. [10, 156 б.]
Жеке кепілдік пен кепіл қылмыстық сот өндірісінде азаматтық-құқықтық шарттың бір түрі ретінде емес, жария мүліктік міндеттеме ретінде түседі. Кепілдік пен кепілді 2 мағынада, яғни тек бұлтартпау шарасы ретінде ғана емес, сонымен қатар жәбірленушіге келтірілген жазаны өтеу түрі ретінде қолданылады. Үйде қамауда ұстау аз қолданылды. Ол қатты ауруларға, бала емізетін аналарға және жоғары лауазымды тұлғаларға, түрмеде орынның жеткіліксіздігіне байланысты адамдарға қатысты қолданылды. Үйде қамауда ұстаудың тәртібі занда белгіленбеді.
Екінші кезең 1922-1924 жылдар аралығы: Жалпы одақтық сайлау комитеті үшінші сессиясында 1922 жылы 25 мамырда РСФСР ҚІЖК-сі қабылданды. Қамауда ұстау бұлтартпау шарасынан бөлек қарастырып оны ҚІЖК VIII тарауы анықтаудың ішіне қосты, өйткені қамауда ұстау міндеті анықтау органына тиісті болып табылады. 1922 жылы РСФСР ҚІЖК келесі бұлтартпау шаралары болған: ешқайда кетпеу жөнінде қолхат, жеке және мүліктік кепіл, кепілдік, үйде қамауда ұстау, қамауға алу.
Үшінші кезең 1924-1958 жылдар аралығы: 1924 жылы 16 қазан айындағы Жалпыодақтық сайлау комитеті ХІ-ші шақырылымы 2 сессиясының қаулысы бойынша РСФСР Қылмыстық іс жүргізу кодексінеөзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Ол бойынша анықтау органына қылмысты жасады деп сезіктенушімен сұрақ-жауаптан кейін кез келген бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы болды. Анықтау органдары бұлтартпау шарасын таңдағаны туралы тергеушіге хабарлауы қажет. Тергеуші кез келген уақытта анықтау органына бұлтартпау шарасын өзгертуге немесе жоюды ұсынуға құқылы. 1924 жылы 31 қазаңда СССР Ор-талық Комитетінің қаулысымен КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық сот өндірісінің негізі бекітілді.
Төртінші кезең 1958-1960 жылдар: бұлтартпау шарасының жүйесі 1958 жылы желтоқсан айында одақтас рөспубликалардың және КСРО қылмыстық сот өндірісінің негізі қабылдануымен үлкен өзгеріске кенелді. 1958 жылы қылмыстық сот өндірісінің негізі келесі бұлтартпау шараларын көздеді; ешқайда кетпеу туралы қолхат, жеке кепілдік немесе қоғамдық ұйымдардың кепілдігі, қамауға алу.
1958 жылы қылмыстық сот өндірісі негізінің 33-бабы бұлтартпау шарасы болып, басқа одақтық республикалардың заңнамасымен көзделген бұлтарт-пау шаралары бола алады.
Бесінші кезең 1960-2002 жылдар: 1960 жылы ҚазССР ҚІЖК 89-бабына сәйкес келесі бұлтартпау шарасының тізімін ұсынады: ешқайда кетпеу туралы қолхат, жеке кепілдік немесе қоғамдық бірлестіктердің кепілдігі, қамауға алу, кепілдік, әскери қызметкерлер үшін әскери бөлімнің командованиясының қарауына беру, кәмелетке толмағаңдарды қадағалауға беру. [11, 44-46 б.]
Жалпы кепіл мен жеке кепілдіктің айырмашылығы мынада: кепілде бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдану туралы қылмыстық іс жүргізуші органның шешімі шыққаннан соң, кепіл берушімен анықталған мүліктік кепілдік сомасы ұсынылады, сәйкесінше кепіл беруші бұл заттарды өз қолданысынан шығарады, ал айыпталушы қылмыстық процессті жүргізуші органның шақыруы бойынша келмесе,онда ол мемлекет кірісіне айналады, ал жеке кепілдікте айыпталушының өзін дұрыс ұстамаған жағдайда,тек белгілі ақшалай айып салынады. Яғни, жеке кепілдікті қолдану туралы шешім шыққаннан соң, кепілдік берушілерге ешқандай шектеу қойылмайды.
Жеке кепілдік келесі белгілермен сипатталады: 1) Жеке кепілдікті қолдану туралы шешім ҚР ҚІЖК нормаларына сәйкес қылмыстық істі қарау және тергеу барысында қылмыстық іс жүргізуші органмен қабылданады; 2) сезіктінің, айыпталушының, сотталушының қылмыстық процессті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін және өзін дұрыс ұстауын қамтамасыз ететін әрекеттерін реттейді; 3) берілген құқықтық қатынастарының қатысушысы болып қылмыстық процессті жүргізуші орган мен айыпталушыдан басқа жеке тұлғалар - құқықтар мен міндеттер кешеніне ие кепілдік берушілер болады; 4) қылмыстық процессті жүргізуші органға кепілдік берушімен берілетін кепілі мүліктік міндеттемеге ие; 5) кепілдік заты тек айыпталушының берілген міндеттерін бұзғандығы туралы фактінің жағдайында ұсынылады. [12, 310 б.]
Сезіктіге, айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретінде жеке кепілдікті қолдануда оның өзін дұрыс ұстаудың басты кепілі болып кепілдік берушінің жеке қасиеттері табылады. БуряковА.Д.-ның пікірі бойынша, кепілдік беруші болып, «кәмелетке толған, сонымен қатар, сезікті немесе айыпталушының өзін дұрыс ұстамаған жағдайда заңмен көзделген жауаптылығын өтеуге қабілетті адам» құқылы.
1.4 Қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасы
Қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасына тоқталсақ, яғни бұл осы зерттеудің пәні болып табылады, Л.Трунованың көзқарасына қосыла отырып, 1960 жылы қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шараларын 3 топқа бөлуге болады:
1. Фактілі түрде азаматтық
2. Психологиялық жағынан әсер ететін бұлтартпау шаралары. Аталған шара айыпталушыға материалдық жігер береді, мысалға оған мүліктік кепіл жатады.
3. Моральдық тұрғыдан әрекет ететін бұлтартпау шаралары: мүліктік емес жеке кепілдеме, коғамдық кепілдік, кәмелетке толмағандарды ата-анасының, қорғаншы мен қамқоршысының қарамағына беру. [13, 81-82 б.]
Бірінші топтың бұлтартпау шаралары азаматтың жеке бостандығына тікелей әсер етеді, әсіресе қызмет орны орналасқан қаласын, облысын, мемлекет аумағын тастап кетуге тыйым салады, яғни оның құқықтарын бұзады.
Мүліктік бұлтартпау шаралары айыпталушыға материалдық стимул ретіңде әсер етеді. Айыпталушы бағалы заттардан, ақшадан бас тарта алмайды немесе айыпталушыға кепіл берген немесе кепілдік болған адамдарға қолайсыз жағдай келтіре алмайды.
Үшінші топтың бұлтартпау шараларын қолданудағы қауіп моральдық тұрғыдан, яғни айыпталушы құқыққа қайшы әрекет жасамай, өзін тиісінше ұстауы және өз әрекетіне жауап бере алуы керек. Қоғамдық кепілдіктер немесе ата-анасының қадағалауы айыпталушыға қатысты сенімге негізделген.
Айыпталушы айына кемінде екі рет тұрғылықты орны бойынша милиция органына келіп белгі жасап кетуге міндетті. Айыпталушы оның мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыру барысында милиция органына шақырылуы мүмкін. Сонымен қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шаралары ешқайда кетпеу туралы қолхат немесе тиісінше мінез-құлыққа қарағанда қатаң, бірақ үйге қамауға қарағанда қатаң емес.
Алтыншы кезең 2001-2003 жылдар: 1960 жылы РСФСР ҚІЖК-сі 42 жыл қолданыста болды. Көптеген өзгерістер, жаңа заңдардың қабылдануы, оның ішінде қылмыстық қарым-қатынастарды реттейтін заңдар өз кезегінде жаңа қылмыстық іс жүргізу заңынын, қабылдануын талап етті.
Бұлтартпау шарасы - анықтау органымен, тергеушілермен, тергеу бөлімінің бастығымен, прокурормен, судьямен қабылданатын айыпталушыға немесе сезіктенушіге белгілі бір психологиялық әсер ететін немесе оның жеке бостандығын анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жалтарту мүмкіндігін айыпталушыдан немесе сезіктенушіден айыру мақсатында қылмыстық әрекетпен айналысуға немесе іс бойынша ақиқатты орнатуға кедергі келтіретін, сонымен қатар үкімнің орындалуын қамтамасыз етуді шектейтін қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шарасы болып табылады.
Ата Заңымыздың 16-бабына сәйкес, әркімнің өзінің жеке басы ныңбостандығын қорғауға құқығы бар, азаматты тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға болады, сондай-ақ қамаудағы адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Прокурордың санкциясынсыз жетпіс екі сағаттан артық мерзімге кудіктіні тұтқында ұстауға болмайды. Осы қағидаға сәйкес жеке адамның бас бостандығы епілдігіерекше қорғауға алынған. [14, 51-55 б.]
Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қоғамдық жұмы-старғатарту, түзеу жұмыстары немесе айыппұл салу қамаумен ауыстырылған жағдайдаолкеміндебірай мерзімгета-ғайындапуы мүмкін (46-бап 2-бөлігі).
Қамау туралы үкім шығару он алты жасқа
толмаған жасөспірімдерге, сон-дай-ақжүкті
әйелдер мен кәмелеткетол-
Қылмыстық заң бойынша көпе-көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе тұтқында ұстау қылмыс болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 346-бабында екі бірдей қылмыс: көрінеу заңсыз ұстау және көрінеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау үшін жауаптылық белгіленген. Бұл әрекеттердің қоғамға қауіптілігі сонда — Конституцияда көзделген әркімнің жеке басының бостандығын (16-баптың 1-тармағы) өрес-кел аяққа басады. Азаматты ұстау, камауға алу немесе қамаудаұстау тек қана заңға негізделіп жүзеге асырылуы тиіс.
Қылмыстың субъектісі — адамды ұстауға, қамауға алуға, тұтқыңда ұста-уға құзыреті бар адамдар. Олар—прокурор, тергеуші, анықтама жүргізуші адам, сондай-ақбосатылуғажататын адамды одан әрі тұтқыннан босатпаған тұтқын орнының бастығы. ҚК-тің 346-бабының 3-тармағында заңсыз ұстау, қамауға алу немесе түтқында ұстап, ауыр зардаптарға (қамалған адамның ауыр науқасқа душар болуы, өлуі неме-се өзін-езі өлтіруі, т.с.с.) әкеліп соққа-ны үшінжауаптылық белгіленген. [15, 28 б.]
Қылмыстық іс жүргізу заңының тараптарына сәйкес (150-бап) қамауғаапу және үйде қамап ұстау бұлтартпау ша-ралары заң бойынша екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріңдегі жаза кдпданылатын қасақана қылмыс жасағаңдарға немесе заң бой-ынша үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріңдегі жаза белгіленген абайсызда қылмыс жасаған сезіктіге, айыптапушыға қолданылады.
Бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген қылмысты жасағандарға сол сияқты он төрттен он сегіз жас аралығында онша ауыр емес қылмыс, ал он төрттен он алтыға дейінгі аралығында орташа ауырлықтағы қылмыстытуңғыш рет жасаған адамдарға заң бойынша айтылған бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.
ІІ БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫ
2.1 Бұлтартпау шараларын қолдану үшін негіздер

- Керамзит
- Керамзитобетонные панели
- Керамзит способы производства
- Керамика
- Керамика в эпоху нанотехнологии
- Керамика как вид художественного творчества и особенности работы с глиной в учреждениях дополнительного образования
- Керамикалық еден плиткалары
- Кемірушілер отряды
- Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- Кен орынның геологиялық құрлымының сипаттамасы
- Кен өнімдері
- Кенсианская модель макроэкономического равновесия
- Кеңселік жиһазды жасау цехын құру
- Кең тараған компьютерлік вирустар және олардан қорғану тәсілдері