Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

 

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

 

Жоспар:

 

   Кіріспе.......................................................................1-4

 

  1)Кенесары басшылығымен болған көтерілістің алғышарттары мен басты себептері.....................5-7

  

  2)Көтерілістің барысы мен әскери қимылдары...7- 9

 

  3)Патша үкіметінің Кенесарыға қарсы күресі....9-11 Кенесарының әскери жеңісінің сыры неде?

 

  Қорытынды................................................................12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін алып, өз алдына әлем мемлекеттерін мойындатқан ел болды. Бірақ елдің өткеніне зер салсақ бұл тәуелсіздікке қол жеткізу оңай болмағанын білеміз, осы жолда қаншама батырларымыз, қоғам қайраткерлеріміз құрбан болды. Бостандыққа қол жеткізу үшін Сырым, Исатай, Махамбет, Кенесары секілді батырлар халықты бастап көтеріліске шықты, алайда олар әрдайым жеңіліске ұшырап, көтеріліс аяусыз басылып отырды. Осы көтерілістер туралы шындықтар1991 жылға дейін белгісіз болды. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары мен қайшылықтары отандық тарих ғылымында да теріс баяндалып келді. Тек ел ітгесі қаланғаннан кейін ғана отан тарихы зерделі зерттеліп, көптеген тарихи шындықтардың беті ашылып , халыққа жарияланды.

  Менің бұл тақырыпты жазғандағы мақсатым  Кенесары тұлғасын танып білу, оның басшылығымен болған өз тұрғымнан шағын зерттеп, өз пікірімді қалыптастырғым келеді.

  Ал енді бұл оқиғаның зертелуі мен Кенесарының жеке тұлғасының зерттелуі жайлы біраз ой толғасақ.

  1837-1847 жылдардағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы орыстың дворяндық-буржуазиялық тарихнамасында әртүрлі бағыттағы авторларды қоғамдық-саяси көзқарасына орай әртүрлі деңгейде қарастырылды.

  Мерзім жағынан алып қарағанда Кенесары көтерілісіне өз пікірін баспа бетінде ашық білдірген орыс әскерінің офицері, халқымыздың ұлы ғалымы Абылай тұқымының бір бұтағы Шоқан Уалиханов.

  1951 жылдың сәуір айының 10 санында «Правда»ьгазетінде жарияланған тарихымызды зерттеудің болашағына ауыр зардабын тигізген мақалаға орай қабылданған Қазақстан КП Орталық комитетінің арнайы қатарындағы осы көтерілісті даттаған «феодалдық-монархиялық, реакциялық» деген лайықсыз біржақты баға көтеріліске байланысты Шоқан еңбектеріндегі тұжырымға мейлінше жақын. Шоқан бұл көтерілісті шындықты бұрмалай қорытындылайды: «бүлікші сұлтан Кенесары  - феодалдық-монархиялық қозғалысқа бас болып, хандық билікті қалпына келтіруге тырысты, Орта Азия феодалдық мемлекеттеріне ұқсас қазақ хандығын құрғысы келді». Екінші бір еңбегінің түсіндірмесінде «осы кезеңде ескімен жаңащылдық бір-бірімен тіресуде еді, мұсылмандық шығыс және орыстық құбылыстар» деп қазақтың

                  1                                          

ұлы саяхатшысының Кенесарыны мадақтап кететін жерлері де бар. Шоқан Уәлихановтың берген, жалпы алғанда, бір жақты бағасының кейінгі орыс тарихшыларына сілтеме жасар мықты бір дерек болғанын да айта кету керек.

 XIX ғасырдың екінші жартысында жарық көрген еңбектердің ішінен Кенесары көтерілісін арнайы зерттеген М. Красовский мен И. Завалишинніңеңбектерін ерекше бөліп қараған жөн. Әсіресе М. Красовский көтерілісті патша үкіметінің жүргізіп отырған сыртқы саясатымен байланыстыра талдауы көңілге қонады. Біз жоғарыда сілтеме жасап отырған М. Красовскийдің зерттеуі жалпы. «Сібір  қырғыздарының обылысы» тарихына алғанмен 1822 жылғы патша уставының салдарынан басталған көтеріліске патша үкіметінің жаулап алу саясатын ақтау бағытында түсініктеме берген И. Завалишиннің кітабындағы сипаттама, империяның шеткері аймақтарды басып алып, жерін кеңейту саясатын дәріптеу тұрғысынан жазылған. Бұл екі еңбектің де отаршылдық саясатты насихаттауы жағынан бағыты бір, нысанасы да бір.

  Әрине, XIX ғасырдың екінші жартысында жарық көрген еңбектер арасында 1870 жылы «Вестник Европа» журналының екі санында жарық көрген Н. Середанның құнды зерттеуі оқау тұр. Әртүрлі деректерді мол пайдалануы жағынан, қарастырылған мәселелерінің аумақтылығына біз кең пайдаланған еңбегінің ғылыми құндылығы зор. Кенесарыға берілген автордың бағасы мен көтерілістің сипатын айқындауда автор көзқарасында қайшылықторын алады.

Халықтық көтерілісті «бүлік», «қарақшылардың ісі» деп жазса, ханның өзін «құйын мен дауылға» салыстырады. Европа әскерлерінің тамаша қолбасшыларына теңейді.

  В. Поттонның, орыс әскерінің полковнигі, зерттеуші М. Венюковтың еңбектері тіпті басқа мәселелерге арналғанмен көтеріліс жөнінде қызықты мәліметтер бере алады, мысалы, көтерілісшілердің Екатеринская станциясын қоршауына байланысты жеке мәліметтер Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архивы мен В. Поттонның еңбегінде ғана толық берілген.

  1846 жылы Ұлы бен Орта шекаралық аймағында мал мен халықтың есебін жүргізген генерал Вишневскийдің экспедициясына қатысқан, өзі де 1831-1833 жылдардағы польша азаттық қозғалысына атсалысқан А. Янушкевичтің көтерілістің көсеміне іш тарта жазуын аңғару қиын емес сияқты. Ал осы мақаланы француз тілінен аударған Ф. Стеклованың Кенесары және ол басшылық еткен көтеріліс туралы мақаласы комунистік партияның дара идеологиясының өктемдігі тұрғысынан жазылған, әрі Янушкевичтің пікіріне қарама-қарсы. Поляк революционері қазақ ханын бірде Рим

2

империясымен соғысқан Нумидия патшасы Югуртамен, бірде XIX ғасырдың 80-жылдарындағы Алжир халқының азаттық күресінің басшысы Абд-әль-Кадермен салыстырады.

  XIX ғасырдың 50-ші жылдарында Верный қаласында болған ұлы саяхатшы П.Семенов Тянь-Шанский осы көтеріліс жөнінде жөнінде мәліметтер жинастырып, Кенесарыны б.э.д II ғасырда өмір сүрген Кіші Азиядағы кішкене ғана Понт патшалығының билеушісі, Рим құл иеленуші мемлекетінің жаулағыш саясатына қарсы тұрған Митридат VI Евпатормен теңейді де қазақ феодалдық мемлекетін уақытша болса да қалпына келтірген Кене ханды жоғары бағалайды.

  Өз кезінде бірқатар талас тудырған ханның ұлы Ахмет Кенесариннің «Сұлтандар Кенесары және Садық» деген еңбегі. Бұл кітапты терең, арнайы зерттеу деп қарастыру біржақтылық болар.

  1837 – 1847 жылдардағы көтерілісті зерттеуде елеулі оқиға 1947 жылы жарық көрген көрнекті тарихшы Е.Бекмахановтың атақты еңбегі. Бұл монографияны Орта Азия және Қазақстан өңіріндегі сол жылдардағы айрықша құнды еңбек болғандығын қазіргі кездегі тарих ғылымы да дәлелдеп отыр.

  Архив деректері және әр түрлі сипатағы құжаттар неізінде жазылған бұл еңбек ғылыми қауымды бір сілкіндіріп тастағаны мәлім. Алайда кітап баспадан шығып үлгермей жатып-ақ ғалымдардың бір бөлігі осы еңбекті табалап, ата жауын көргендей өрщелене қарсы шықты. Әрине, осы құнды кітаптың өзінде Кенесары көтерісінің барлық жақтарын толық сипаттай алмайтынын автор арнайы атап көрсетеді. «Монографиялар мен басқа жалпылама еңбектердің болмауы, - деп жазды ғалым, - бірқатар қиындықтар тудыратыны сөзсіз. Кейбір автордың зерттеген мәселелері толық шешілмегенін жоққа шығару қиын. Барлық тараулар бірдей дәрежеде сипатталмаған». Алайда кітапты сынаушылар еңбектің мазмұны емес, талантты ғалымның сағын сындыруға бағыт алды. Әсіресе осы кітапқа өршелене шабуыл жасаған авторлардың ішінен А. Ф. Якунин мен Х. Айдарова ерекше сыңаржақты бағыттарынан тайғысы келмеді.

  Айта кететін бір жағдай — 1948 жылы осы кітапқа жарияланған алғашқы сыни мақалада тарихшы Е. Ділмұхамедов, зерттеудің бірқатар кемшіліктеріне көңіл аударып,  негізінде өте құнды кітап деп қорытындылады.

  1949  жылы орталық арнайы басылым «Вопросы истории» журналында да К. Шарипов мақаласында көтерілісті Е. Бекмахановтың жалпы алғанда салмақты зерттегенін баса көрсеткені үшін «сыншылардың» әлегіне түсті.

  Е. Бекмахановтың монографиясын талқылаудың ұлттық

3

интелегенцияны қуғынға ұшыратуда зардаптарының қаншалықты ауыр болғандығы жалпы оқырман қауымға белгілі. Алайда осы тартыстың барысы ғалымдардың бір бөлігінің партияның қолдауын пайдаланып бірқатар азматтардың тағдырын тәлкекке салғанын қалай ұмытуға болады? Тіпті Е. Бекмахановтың жолының тарылып, үлкен тосқпуыл қойылып, рухын жаншуға тырысқандықты айтпағанның өзінде, бірқатар белгілі зерттеушілер қиын заманның тұзағына түсіп қалмау үшін көзқарастарынан, идеялық сенімінен бастарын алып қашты.

 Тек 60-жылдарда көтеріліс мәселелерінде біржақты көзқарас терең орын алған жағдайда қырғыз зерттеушілері осы қозғалыстың белесті оқиғаларының маңызын, патша өкіметінің отаршыл саясатын айқындаудан бас тартпады. Бұған мысал Б. Жамгерчиновтың 1946, 1963 жылдары жарияланған зерттеулері. Ал 1984 жылы жарық көрген «Қырғыз ССР тарихының» бірінші томында көтеріліске қомақты да, байсалды баға берілді.

  Кенесары хан бастаған көтеріліс жөнінде қоғамдық пікір қайта оянып, жаңа, тың мәліметтер жариялана бастады. Алғашқы бұл мәселеге терең мән беріп, дөңгелек стол ұйымдастыруды қолына алған көрнекті жазушы Мұхтар Мағауин «Жұлдыз» журналында тарихшы, әдебиетшілерімізді жинап бас қосып алғаш рет Кенесары қозғалысыеа әділ баға беруді қолға алды.

  1991 жылы»Қазақстан комунисі» журналының үшінші санында жарияланған академик Р. Б. Сулейменов пен профессор Ж. Қасымбаевтың Кенесары қозғалысына арналған мақаласы да рахив деректері негізінде жазылған, қауымның осы мәселенің әлі де басы ашылмай жатқан мәселелеріне түрткі болды.

  1837-1847 жылдардағы Кенесары хан басқарған көтеріліске байланысты күрделі мәселерді көтеруде 1991 жылғы Ақмола қаласында академик М. Қозыбаевтың жалпы редакциясымен жарияланған ұлттық қозғалысқа арналған арнайы жинақ. Осы басылымның бір құндылығы қазақ жеріндегі XIX ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістердің заңдылығы, ерекшеліктері, әсіресе Кенесары қозғалысы кең географиялық өңірдегі оқиғалармен байланыстыра талқыландануы еді.

  Алайда әліде болса Кенесарының қайшылығы мол күрделі тарихи тұлғасын толық зерттелді деп айту қиын. Бірақ та халқымыздың азаттығы үшін жүргізілген бұл көтерілісің зерттелуі енді ғана қолға алынды деуге болады.

  Ал енді қанша жыл өтсе де соншама дау туғызып кей ақиқат беттері әлі күнге дейін толық мәресіне жетпеген, бұл көтерілістің барысына тоқталып өтейін.

 

 

    4

 

 Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

 

  1822 жылы патша үкіметі қазақ даласын түпкілікті отарлау туралы шешуші қадам жасады. «Сібір қазақтарыны туралы Жарғы» қабылданды. Орта жүз хандығы жойылып, казактар көптеп көшіп келе бастады. Сөйтіп Сібір казактығының саны 30 мыңға жетті.

  Барлық станциялар қазақтардың ең көрікті де шұрайлы жерлерінен орын алды.

  Олар 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы Жарғы» қабылдағаннан соң, қазақ даласына одан әрі ендеп, құрылыс жұмыстарын жүргізе бастады. Сөйтіп, 1824 жылы Көкшетау мен Қарқаралы станциялары, 1826 жылы Баянауыл, 1827 жылы Ақмола, Көкпекті, 1846 жылы Атбасар станцияларының іргесі қаланды. Жаңа аумақтарға қоныстану үшін бұрынғы әскери шептен казактар және Орынбор, Саратов, Харьков губернияларынан шаруалар көшіп келеді. Барлығы 4 мың адам. Ал, 1846 жылы әскер саны 30 мыңға дейін өскен.

  Қазақтардың дәстүрлі көшіп-қонатын жерлері тарылды, жері құнарлы аудандарға казактар қоныс аударып, қазақтардың жерлерін біртіндеп жаулап алды. Кейіннен атамандар қазақтарға жерді арендаға беріп, тиесілі төлемін алуға құқылы болды. Сонымен бірге қазақтар әскери жерінен мал айдап өтсе де, сол жерлерде мал қыстаса да, тұз дайындаса да ақы төлейтін болған. Осының бәрі казак атамандары мен жергілікті бастықтардың тарапынан қазақ еңбекшілерін бақылаусыз қанауға әкеліп соқты.

  Осындай тарихи кезеңде сұлтан, Кенесары Қасымов үш жүзді де толық қамти отырып, қазақ елінің Абылай хан тұсындағы территориялық тұтастығын, дербестігін қалпына келтіру мақсатын алдына қойды.

  Кенесары қарулы көтерілісін бастамас бұрын Ресей империясына әлденеше рет хат жазып, тиісті талаптар қойды. Ресей үкіметі «бөліп ал да, билей бер» саясатын ұстанды, қазақтың би болыстарын шенберу тәсілі арқылы бір-біріне айдап салып, қарсы қойды. Сондықтан да бұл қозғалысқа көптеген аға сұлтандар, би-болыстар толық тірек бола алмады.

  1838 жылы хат жазылғанда Кенесары туының астында мыңдаған сарбаз жиналған еді. Олардың арасында Үш жүздің де қазақтары болды. Кенесарыны белсенді қолдағандардың арасында Орта жүз бен Кіші жүздің белгілі рулары – Қыпшақ, Төртқара, Жағалбайлы,

5

Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Бағаналы, Тама, Табын, Арғын т.б.

Рулардың жігіттері аз еместі. Кей кездері оның сарбаздарының саны 20 мыңға жетті. Арасында Орта жүз өкілдері басым болған

қазақ сұлтандарының көп бөлігі көтеріліске қосылды.

Олардың көпшілігі мал өсірген, егін еккен, осыған орай жер таршылығынан зардап шеккен кедей және орта шаруалар. Кенесарының қол басқарған адамдары  халық ішінде аты кеңінен мәлім адамдар еді. Омск обылыстық басқармасына қарасты сот-мекемелері жинастырған мәліметтер бойынша тек Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы және Баянауыл округтерінде көтерілісшілерді 80-нен астам сұлтандар, билер, ағамандар қолдаған. Жасы 23-ке келген шағынан бастап азаттық қозғалысына белсенділікпен қатыса жүріп, ағалары мен әкесін азаға ұшыраттырған бекініс желілерінің апаттылығына көзі жеткен Кенесары Сырлария сағасы қазақтарын ығыстыра қыспаққа алған Қоқандықтың Күшбегімен келіссөз жүргізуден бес тартты. Сөйте тұра кейде өзін оқ дәрімен, қарумен жабдықтаған Бұхар әмірімен достық қатынаста болды.         Кенесары жасақтарында қазақтармен бірге қарақалпақ, түркімен, қырғыз, өзбек  халықтарының өкілдері де аз болған жоқ.

  Қазақтардың бұл көтерілісі бастапқы кезінен-ақ кең құлаш жайған қарқын алды. Бұл XVII ғ. Соңы мен XIX ғасырдағы азаттық жолындағы қозғалыстар тарихындағы Орта жүздің тайпалық бірлестігінен басқа қазақ руларына тараған, барлық негізгі аудандарды қамтыған бірден бір көтеріліс еді. Көтерілістің қозғаушы күші қазақ шаруалары болды.

  1838 жылдың көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскерлеріне қарсы алдын ала жасалған жоспар бойынша дәйекті күрес жүргізді. Олармен шайқаста Ақмола қаласын қиратты. Ақмола округінде патша әкімдерімен ауыз жаласып жүрген Қоңырқұлжа сұлтанның ауылын шапты. 1840 жылы күзде көтерілісшілер Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, орыс әкімшілігін қолдайтын бай шонжарларға қарсы күрес жүргізді. Бұл тұста Кенесарының аты қазақ даласына кеңінен тарап, оның беделі бүкіл қазақ даласында дүрілдеп тұрды. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары Үш жүзден адам жинап, әкесі Қасым ханның өлгеніне бір жыл толуына байланысты ас берді. Осы астан кейін Үш жүзден жиналған жамағат Кенесарыны ақ киізге салып, бүкіл қазақ халқының ханы етіп сайлады. Қазақ хандығы қалпына келтірілді. 1841 жылдың тамызында көтерілісшілер қоқандықтардың едәуір орналастырылған Созақ, Жаңақорған,

6

Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауға алды. Қоқандықтардың

бірнеше бекіністеріне басып кіру көтерілісшілерді жігерлендіре түсті. Көтерілістің негізгі ошақтарынан шалғайда көшіп қонып жүген төртқаралықтар мен шектілердің өздері Кенесарыны бүкіл

қазақтық хан деп мойындайтындықтары туралы хабарлады.

  Кенесары хан болып сайланғаннан кейін билеу тәртібі өзгеріп, алым-салық реформасын іске асырды. Егіншілікті дамытуға көрші елдермен сауда-саттық байланысын орнатуға көңіл бөлінді. Керуеншілерді тонау тоқтатылып, олардан салық алынатын болды.

  Кенесары Ресеймен тату көршілік қатынас орнатуға ұмтылды. Орта жүзге билігін жүгізген Сібір губернаторы Горчаков. Орынбор губернаторы Перовский Кенесарымен қарым-қатынаста екеуі екі түрлі көзқараста болып, Кенесарының Ресей өкіметімен мәмілеге келуіне кедергі жасады. Әсіресе, өр көкірек Горчаков Кенесарыны менсінбей, оның орыс әкімшілігіне деген өшпенділігін қоздырып отырды.

  1841-1842 жылдарда Кенесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Созақты, Сауранды алып, Қоқан хандығының елірме әуселесін басты. Қоқандықтар келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Осыдан кейін  барып соғысты тоқтанқан Кенесары Торғай маңындағы Ордасына қайтып оралды.

  1843 жылы Орынбор генерал-губернаторы Перовский кетіп, оның орнына Обручев келді. Кенесары мен Перовский бір-біріне сыйластықпен қарайтын. Сондықтан онымен көп мәселер әділдікпен шешілетін. Енді Орынбор әкімшілігіне орыс патшасының Кенесарыға қаны қас тағы бір ұлығының келуі оның Горчаковпен бірігіп, Кенесарыны қуғындауына кең мүмкіндік жасады. Сөйтіп, Горчаков пен Обручев Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісін тұншықтыруға, Кенесарының көзін жоюға 1843 жылы 23 маусымда Николай бірінші патшадан рұқсат алды. Соғыс шығынын өтеу үшін 14 мың сом, Кенесарының басын кесіп аәкелген адамға сыйға бару үшін түтін салығы есебінен үш мың сом қаржы бөлінді. Әскерлер жауынгерлік әзірлікке келтірілді.

  Кенесарыға қарсы орыс әскерлерінің жорығы 27 маусымда басталды. Ырғыз өзенінің бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен Кенесары өзінің патша өкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтып шайқасты болдырмады. Бұл тұста екі жақ та әскери дайындығын мұқияттап жатты. Тамыз айында Кенесарыға қарсы Жантөрин, Айшуақов Баймұхамбет, полковник Генс және Визянов бастаған бес мың әскер жіберілді. Омбы, Петропавл,

7

Қарқаралыдағы әскер күштері де Кенесарыға қарсы жорыққа аттанды. 1 және 7-қыркүйекте Кенесары жасақтары мен патша әскерлерінің арасында күшті шайқастар болды. Көп адам шығынға ұшырады. Бірақ екі жақ та жеңіске жете алмай, маңдай шебінен

кері шегінді. Кенесары жасақтары енді ашық соғысқа бармай,

байтақ даланың әр тұсынан көрініп, тұтқиылдан тиісіп, жау әскерін мазалап, берекетін кетіре берді. Тынымсыз жорықтан шаршаған, үнемі қауіп-қатердің өтінде жүрген патша әскерлері түні сақын, жауын-шашынды күз түсе ешбір нәтиже шығара алмай бұрынғы тұрақтарына оралуға мәжбүр болды.

  1841-1845 жылдар қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеуі ең жоғарғы шегіне жеткен кез болды. Оған Сыр бойының, оңтүстік қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын 20  мың адамға жеткізді. Жасақтардың жауынгерлік дайындығын жетілдіруге, оларды дұрыстап қаруландыруға көңіл бөлінді. Зеңбірек, мылтық, оқ-жасау, оларды сатып алу, азық-түлік дайындау жұмысы молға қойылды. Патша әкімшілігі әскерлеріне тыңшы жіберу, барлау жұмысы ұйымдастырылды.

  1844 жылдың жазында Кенесары жасақтарын құрту, халық қозғалысын басу үшін Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерлерінің үш үлкен шоғыры шықты. Олардың алдында Кенесары жасақтарын қоршап шешуші соққы беру міндеті қойылды. Осы міндетті ойдағыдай іске асыру үшін олар Сібірден Кенесарымен шайқас жүріп жатқан жерлерге бет алған генерал Жемчужниковтың әскерімен күшейтілді. Кенесары бұл күштердің басын біріктіруге, сөйтіп өзінің жасақтарын қоршап алуына мүмкіндік бермей, оларды бір-бірлеп құрту тактикасын қолдануды жөн көрді. Сібір шоғырының алдынан шыққан оның шағын тобы Ұлытауға қарай қаша соғыс салып, Кенесары күші  Ұлытауға бет алыпты деген лақап таратып, жау күшін осы жаққа тартты. Негізгі күшпен Константиновск бекінісін шауып, Жантөрин шоғырын қоршап, ондағы 44 сұлтанды өлтірген Кенесары мен оның батырлары 1844 жылы 14 тамызда Екатеринск бекінісін тіке шабуылмен басып алды. Бұл оқиға патша әкімшілігін састырды. Дуниковский, Жантөрин, Жемчужников әскерлеріне көмекке полковник Ковалевскийдің отряды жіберілді. Жоғарыдағы айтылған шайқастардан кейін Кенесары жасақтары Мұғаджар тауларына барып бекінген еді.

  Кенесарының 1844 жылғы шайқастардағы табысы оның даңқын барлық жерге жайды. Бұқар әмірі мен Хиуа хандығы онымен тығыз байланыс жасауға ұмтылып, оған сыйлықтар жолдап жатты.

8

Кенесары патша өкіметінен бітім сұрап, дулы мәселелердің бәрін

келіссөз арқылы шешейік деді. Патша әкімдері оған аса көп оған аса көп сене қойған жоқ. Дегенмен келіссөз жөніндегі ұсынысты қабыл алып, Кенесарының кепілдікке алып кеткен туыстарын, әйелін тұтқыннан босатты. Тек бір қызы қайта оралған жоқ, одан туған

баланың ұрпағы Ұлы Отан соғысы жылдарында дивизия командирі болған генерал, Кеңес одағының батыры Моисеевский деген кісі болып шықты.

  Кенесарымен келіссөз жүргізу үшін патша өкіметі Долгов бастаған бір топ адамды жіберді. Олар Кенесарымен патша әкімшілігіне сөзсіз, ешбір шарт қоймай бағынатын болса, оған кешірім жасалады деп мәлімдеді. Кенесары бұл мәселені ойланып көремін деп елшілерді екі ай бойы ұстап, ақыр елшілер бітім болмайтынына көз жеткізіп, «кетеміз» дегеннен кейін Кенесары Орынбор  генерал-губернаторына хат жазып беріп, елшілерді аттандырып жіберді. Ол хатында патша өкіметі өзінің қазақ жеріндегі бекініс-қамалдарын бұзып, қазақ халқына істеп отырған зорлық-зомбылығын тоқтатқанда ғана Ресейге бодан болуға дайын екенін мәлімдеді.

  1845 жылы Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударып, Жетісуғакеліп тоқтады. Ақши, Күрті, Жиренайғыр деп аталатын жерлерді мекен етіп, осы арада ол Ұлы жүздің халқын біріктіруді, қырғыздармен одақ құрып Қоқан хандығына шабуыл жасауды, сөйтіп оның қол астындағы қазақтарды босатуды көздеді. Кенесары Қытайен мәмілеге келіп, онымен келіссөз жүргізу үшін Құлжаға елші жіберді.

  1845 жылы қазан-қараша айларында Кенесары жасақтары Қоқан хандығына жорыққа аттанды. Қорған, Жаңа Желек, Созақ бекіністерін алып, Ақмешітті қорщауға алды. Жорықты жалғастыруға осы жақта жұқпалы індеттің күшеюі бөгет болды. Ол кері оралып Жетісу жеріндеөзінің келешегіне байланысты жоспарларын ойластырды.

  Бұл тұста патша әкімшілігі Кенесарының төңірегіне тор құрып үлгерген еді. Ол қырғыз манаптарының және патшаға адал болып жүрген қазақтың бай шонжарларының басын қосып, Кенесарыға еңсесін көтертпейтіндей ең соңғы соққы беруге дайындалды. 1844 жылы жазғы айлардың бірінде мың қаралы жасағымен қырғызға бет алған Кенесары Кекілік сеңгірі деген жерде үш жақтан қоршалған қайырымсыз қатал қамауға түсті. Оны қамаған қырғыз манаптарының жасағы, генерал Вишневскийдің ақ қалпақ киіп, пулеметтен оқ жаудырып, зеңбірегінен от шашып келе жатқан офицер солдаттары, Қоқан хандығының мыңнан астам сарбаздары

9

еді. Кенесары қолы өз күшінен он есе басым жаумен үш күн бойы соғсты. Жасақтағы жігіттер арыстанша алысып, соңғы демі біткенше қарсыласты. Талай боздақтар осы шайқаста жан тәсілім етті. Үлкен ерлікпен жау шебін бұзып өткн Наурызбай тобы болды. Бірақ аз ғана адаммен Кенесарының жау қолына түскенін естіген ол ағасын қимай жау әскеріне өз еркімен келіп берілді. Патша

әкімдерінің кеңесімен қырғыз манаптары екеуінің де басын шапты. Сөйтіп бәрі де бітті.

   Кенесары бастаған ұлт-қозғалыс патшаның отарлау саясатына жүргізілген ең ұзақ соғыс еді. Оның жеңілу себебі, біріншіден, дамудың феодалдық сатысында тұрған қазақ халқының бытыраңқылығы болды. Байтақ даланы жайлаған қазақ халқы Үш жүзге және Бөкей ордасына бөлінді. Осы елдің басын қосу оңай болмады. Екіншіден, ұлт-азаттық қоғалысын қазақтың бай шонжарлары, ауқаттылары қолдаған жоқ, қайта оны басуға патша әскерлеріне көмек көрсетті. Үшіншіден, көтерісшілердің жетілдірілген қару-жарағы болмады. Төртіншіден, ұлт-қозғалысын басуға, Қазақстанның отар ел ретінде қала беруіне көршілес Қоқан, Хиуа, Бұқар хандықтары да, қырғыз манаптары да мүдделі болды.

  «Сібір қырғыздарыныңокругының» құрылуы, казак-орыстардың Солтүстік-Шығыс, Орталық және Батыс аудандарға жапа-тармағай қоныс аударуы бекіністер мен қалалардың салынуына жол ашты. Осының салдарынан, әсіресе, Сарыарқадағы қазақ руларының көшіп-қонатын иеліктері тарылды. Кіші жүзбен, Орта жүзде Кенесарыны ашық шайқаста талқандай алмаған патша үкіметі біртіндеп қазақ ауылдарының мал шаруашылығына ыңғайлы өңірлерін басып алумен азаттық қозғалысқа дәйекті қатысқан рулардың арасында алауыздық тудырып бақты. Жаңа бекіністердің салынуы, олардағы тұрақты гарнизондардың күшеюі округтардың төңірегінде әсіресе Сібірден жөңкіліп келген шаруалардың қоныстануы азаттық соғыстың азабын күшейтті.

  Айта кететін бір жай орыс үкіметінің бекіністері негізінде құр далалы өңірде салынбай, Жайықтың, Есілдің, Ертістің және басқа да ғасырлар бойы қазақ руларының байырғы иеліктерін қамтыды. Ой жүгіртетін мәселе — осы бекіністер мен отарлау ошақтары — бекіністер өкіметтің қазынасына түсетін сауда керуендерінен баж салығын жинастыруды қадағалайтын. Осындай күрделі ахуал ұлт-азаттық күрестің де барысында суық желін тигізбей қоймады.

  1844 жылы Орта және Ұлы жүздің аралығында Көкпекті округі ашылды. Алтайға іргелес осы округтік приказдың ұйымастырылуы басқа да демографиялық, экономикалық факторларды

10

есептемегенде, Ресейдің билігін әліде мойындамаған өңірде орыс-

казак қоныстарын көбейтумен енді көтеріліске шығыс аймақтан да қысым жасауға жол ашты. Ертіс шебіне қоныстандырылған казак әскерлері Қалба таулары мен Зайсан өңірін орыс билігінде ұстап тұруда басты тірек болуы ескерілді. «Шекаралық Ертіс әскери шебін нығайтуда ойластырылған басты мақсат даладағы мазасыз көршілерден(көтерілісші қазақтар) мемлекеттік шекараны қорғау

өлкеге отаршылдық элементтерді кіргізу...- деп жазған еді Б.Герасимов.

  Кенесары көтерілісіне қарсы патша өкіметінің күресінің басты жолы, жазалаушы әскерлердің жорықтары. Қазақ қауымындағы үкіметтің іріткі қимылдары да астық сатудағы шаралары да казак әскерлерінің шабуылдарымен теңесе алмайтыны түсінікті.

  Бірақ та Кенесары қозғалысы ұлан ғайыр үш жүздің барлығын қамтыған , ең ұзаққа созылған көтеріліс болды. Сонда менің  ойыма, «Кенесарының әскери жеңісінің сыры неде?» - деген сұрақ келді. Осы сұрағымның жауабын Бекмахановтың еңбектерінен таптым.

Әскери жеңісінің сыры мынада екен.

  Қозғалыстың шарықтаған шағында ол әскери жағдайды бақылап, үстем ете білген. Әскери қимыл-өнерін меңгерген. Қазан көтерілісіне дейінгі авторлардың бәрі Кенесарыға дарынды ұйымдастырушы және қолбасшы ретінде аса зор баға берді. Кенесарының мықтылығы оның айлакерлігі мен аты әскерді шебер басқара білгендігінде. Ол тыңшылық пен барлау жұмысын жақсы жолға қоя білді. Әскери айла, әдістемелерді қолданды:жалған, дерексіз сөз тарату, қарсыласын бағыттан жаңылдыру. Міне, осылайша дала соғысының тактикасын тамаша қлдануы, көтерілісшілердің ерлігі, ең бастысы оларды дұрыс басқара білуі Кенесарыға патша үкіметінің озбарлығымен, шектен шыққан жауыздығымен аты шыққан отарлаушы әскерлердің ішіндегі ең күштісі казактармен тең жағдайда соғысуына жағдай туғызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11

 

 

 

Қорытынды

 

  Қазақ халқының феодалдық хан мемлекеттілігін қалпына келтіру мақсатындағы XIX ғ.аса ірі халық-азаттық көтерілісі бұл жолы да жеңіліспен аяқталды, ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының есінде өшпес із қалдырды. Кенесарының күресі, оның халық мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, нәзік саясатшы ретіндегі сирек кездесетін қасиетті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық арасында қадірлеушілік тапты.

  Үкімет шараларына қарамастан, көтерілістін ұлан байтақ қазақ жерінде толастамағанының көп себептерінің ең бастысы азаттық күрестің халықтық сипаты болса, тағы да баса айтылатын бір мәселе — азаттық үшін арыстандай арпалысқан Кенесарының дипломатиялық, саясатшылдық қасиеті. Әрине, әсіресе басты айқындайтын қорытынды хан тұқымының тікелей өкілі Кенесарының қолбасшылық өнері, ержүректілігі, ел ісіне аяғына дейін берілгендігі.

  Кенесарының да 10 жылдық арпалысы қазақ даласының шалқыған жерін, таулы тасын, құм-шөлейтті өңірін ата-бабалардан қалған иелігін отаршылдардың қол сұғуынан, Романовтар әулетінің қанды шенгелінен аман сақтау еді. Әр өңірдің ой шұқырының, көз жеткізбейтін дала мен көгілдір өлкесінің халқымыздың өмірі үшін сондай қымбат екенін барлығы да түсіне бере ме? Кене ханның айбарлы да үздіксіз күресі мен азапты өлімінің қыр-сырын, қазір де бағалап түсіне білдік пе? Кешегі мен бүгінгінің арасындағы тығыз байланысты терең сезінсек, елдің болашағына да байсалды мән бергеніміз болмас па еді? Кенесарының аянышты тағдырын көз алдымызға елестеткенде Асан Қайғының төмендегі шумақтары еріксіз еске түседі: