Кластерлік модельдер. 2
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................
1
Экономикалық жүйелердегі кластерлерді
құрудың теориялық және қаржылық негіздері.....................
1.1 Кластерлерді құрудың негіздері және теориялық мәселелері.................5
1.2
Қазақстан Республикасындағы кластерлік
құрылымның құрылуы және талдауы.......................
1.3
Кластерлік құрылымдарды құрумен қаржыландырудың
шетелдік тәжірибесі....................
2
Қазақстан республикасындағы кластерлік
құрылымдарды құрудың жағдайын талдауы.......................
2.1 Сүт кластерін құрудың қаржыландыру тенденцияларын талдау..........
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.3
Қазақстан Республикасындағы кластерлік
дамудың жағдайы мен проблемелары..................
3 Қазіргі замандағы сүт өндірісі кластерін құру мен жетілдіру жолдары
3.1
Қазақстандағы сүт өндірісі
3.2 Кластерлік тәсілмен нарықтағы тиімділікті арттырудың іргелі моделі
3.3
Сүт өндірісі саласындағы
ҚОРЫТЫНДЫ................
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
ҚОСЫМША..................
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта барлық елдерде кластерлік бастама индустриалдық, аймақтық, инновациялық саясаттың маңызды бөлігі. Бұл құбылыс экономикасы жоғары дамыған елдерде ғана емес, экономикасы өтпелі және дамушы елдерге де тән. Кластерлік бастама аймақ бойынша кластерлердің бәсекелестігін арттыру үшін ұйымдасқан талаптар. Ол процеске кластерге кіретін кәсіпорындар, үкімет және ғылыми аймақтар кіреді.
"Кластер" ұғымына көптеген анықтама беруге болады. Ең негізгі анықтаманы XX ғасырдағы стратегиялық жоспарлау саласындағы ең мықты эксперттердің бірі профессор Майкл Портер берген. Қазіргі уақытта кластерлік концепция индустриалды кластермен (Competitive advantages of the nations, 1990 және аймақтық кластерлермен (Competition, 1998) тығыз байланысты. Кәсіпорындардың бәсекелестігі және өндіріс салаларымен кластерлік одақ арасында тығыз байланыс бар.
Профессор Портердің тұжырымдары ең белгілі әрі мойындалған болып отыр. Мысалы, ерекше танылғаны "Портердің бес күші", "жинақталған құн тізбегі", "кластерлік теория". Аталғандар бәсекелестіктің өсудің жаңа фазасын жүзеге асыру мақсатында, ұлттық экономиканың мықты макроэкономикалық негізін құру үшін кластерлік саясат жүргізіп отырған дамушы және дамыған елдер негіз болып танылды.
Кластерлердің
дамуына себебін тигізетін
Портердің айтуы бойынша, кластерлер – бұл "…бір-бірімен байланысты кәсіпорындардың, компаниялардың географиялық топталуы, белгілі бір өнім типін жеткізумен айналысатын, ұйымдарға, компанияларға қызмет ететін, көршілес салаларда және олармен байланысты институттарда жұмыс істейтін, өндірістің нақты саласында одақтас,сондай-ақ бәсекелес ұйымдар".
Бір-біріне жақындығына қарамастан экономикалық қызмет обьектілерінің орналасу маңыздылығын көп жылдар бұрын географтар айтып өткен, бірақ аналитикалық және нормативті әдебиеттерде соңғы төрт онжылдық қана көрсетілген. Негізгі орынды жеке сектор қамтыса да, маңызды күштер масштабтар мен кластерлеудің салдары кеңінен таралуда. Шешім қабылдауға жауапты тұлғалар тәжірибеде қолдануға қолдануға тырысты, бұл қадамдардың нәтижесі әр-түрлі болды. Кластерлеу концепциясына байланысты мемлекеттік және ұлттық деңгейде көптеген шаралар қолдануда. Осы саясатты іске асыру жауапкершілігі дәстүрлі түрде әр-түрлі министрліктерге жүктелген: өндірісті қолдау, бәсекелестік саясат, ғылым және технология саласы, еңбек нарығы және білім саласы, әлеуметтік саясат.
Кластерлеу нақты салада қызметтес, тығыз байланыс орнатқан, ортақ бәсекелестікті арттыруға бағытталған, бір географиялық аумақта қызмет ететін тұлғалармен кәсіпорындардың концентрация процесі ретінде анықталады.
Тәжірибеде кластерлік қатынас жаңа басқару формаларын дамытып және кеңейтуге пайдалы болды, тікелей араласудың орнына қосымша формалар қолданылды. Берілген көзқарас кластерлер құрылуы нарығында қажеттіліктер үшін және қолданыстағы кластерлердің белсенділігін қалпына келтіру үшін ынталандырулар тудыратын желілер мен институттар жүйесін құруға негізделген.
Кластерлердің маңызы зор, өйткені кәсіпорындардың жалғыз жұмыс атқаруына қарағанда, өнімді және белсенді инновацияны қолдануына мүмкіндік береді. Кластерге деген қызығушылық көптеген елдерде артып отыр, өйткені экономикалық жағдайды сипаттап қана қоймай, нақты мақсаттарға жетуге көмектеседі.
Қазірде әлемнің экономикалық картасында келесідей кластерлер бар: бір орында өзара байланысты өндірістермен институттар салаларының салмағы - белгілі бір қызмет саласында үлкен жетістіктерге жеткен, жеткізушілерден бастап университеттер мен мемлекеттік органдарға дейін.
Мұндай
типтегі ең танымал кластерлер Силикон
жазығымен Голливудта бар, ал әлем бойынша
кластерлер өте көп. Портердің айтуынша,
кластерлер бәсекелестікке үш негізгі
тәсілмен әсер етеді: біріншіден кәсіпорын
орналасқан аумақта еңбек өнімділігін
арттырады, екіншіден, инновацияны
енгізудің жылдамдығымен бағытын анықтайды,
үшіншіден, кластер аясында жаңа коммерциялық
қызметтің пайда болуына ықпал етеді.
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЖҮЙЕЛЕРДЕГІ КЛАСТЕРЛЕРДІ ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Кластерлерді құрудың негіздері және
теориялық мәселелері
Бәсекеге қабілеттіліктің дамуымен құрылымы жөнінде көптеген теориялар бар. Бірақ, жетілген және дамыған фирмалардың тәжірибесі көрсеткеніндей экономикалық өсудің тиімді формасы кластерлік теория механизмі болып табылады. Оның негізінде кластерлік түсінік дегеніміз – экономикалық қызмет түрлерінің байланысы мен тиімді шоғырлануы, яғни, бәсекелес фирманың өзара байланысты топтарының жиынтығы, ол батыстың интерпритациядағы “диамант бриллиант” алтын қосылуы ретінде мемлекеттің барлық экономикалық жүйесімен дүниежүзілік, ұлттық, салалық, нарықтарда бәсекелестік позициясын қамтамасыз етеді.
Ғылыммен техниканың көп саласында қолданылатын кластер термині “cluster” – топ, жиналыс, шоғырлану деген ағылшын сөзінен шыққан.
Негізінен кластер сөзі жаңа ұғым емес. Оның түп тамыры 1826 жылы жарыққа шыққан неміс экономисі И.Фон.Тюненнің “Изолированное государство в отношение к сельскому хозяйству и национальной экономики ” деген еңбегінде (1850 жылы 2-ші бөлімі шықты) орналастыру теориясымен байланысты көрсетілген. Көліктік алымдардың бар болуы өндірістің белгілі бір орталықтың шеңберінде жүргізілгенін көрсетеді. Бұл ұсынылған абстрактілі географиялық үлгінің мазмұны.
Сонымен
қатар, осы саладағы негізгі еңбектерінің
бірі Ұлыбритания өндіріс ауданында
жүргізілген зерттеу негізінде
А.Маршалдың “Принципы
Өзінің зерттеулерінде “өндіріс аймағы” және “локальды өндіріс” үшін арнайы терминдер енгізбеген. Бірақта бейнелеуден көргеніміздей, терең фирмааралық еңбек бөлімі кластер мысалға келтірілген. Дәлірек айтқанда, кластердің прототипі болып жалпы мойындалған индустриалды аудан саналады.
Бұл кітаптың негізгі жетістігі, А. Маршалға, кәсіпорындарды мамандандыруды арттыру мен біріктіру кезінде жеткен синергиялық эффектіні көру бұйырды. Кластер – ішкі экономикада шикізат пен материалдарды жеткізушілермен, құрал-жабдықтар, төменмамандандырылған жұмысшылардан тұратын топтармен байланыстан тиімділікке қол жеткізетін кәсіпорынның салалық немесе географиялық концентрациясы. Кәсіпорынның кластерына жоғары формада арнайы агенттер кіреді. Олар жойылған нарықтағы жұмыс үшін және біріккен қаржылар, біріккен бухгалтерлік қызмет, технологиялық процесті ортақ техникалық жарықтандыруды қолдану сияқты мамандандырылған сектор пайда болуы мүмкін.
Кластер
ұғымына қатысты ақпарат
М.П.
Войнаренконың пікірінше
Кластер
түсінігін әртүрлі салалар
Францияда технологиялық өзарабайланысқан секторларды бейнелеу үшін “фильеры” терминін енгізді. Оның мәні мынада, бір сектордың технологиялық қуаты басқасына тәуелді. “Фильеры” термині кластердің кең ұғымының нышаны болып табылады. Кластердің пайда болуы бір жағынан, ұсақ өндірушілер арасындағы тығыз технологиялық байланыс құрылу үшін алғышарт, екінші жағынан, бір-бірімен нақты елдің экономикалық секторында байланысқан шағын кәсіпорындарда кластердің құрылуымен ұлттық артықшылықтың жүзеге асу мүмкіндігі.
Фильерлер
кластердің тар интерпретациясын көрсетеді,
өйткені потенциалды
Кластерлік
көзқарас швед теоретиктерінің жұмыстарында
қолданылған. Олардың кластерлік механизмі
ұлттық экономика құрылымына негізделген,
яғни, ірі шведтік көпұлттық
Кластердің кейбір бейнелері аймақтық-өндірістік кешен, өндірістік және ғылыми-өндірістік ұйым ретінде қарастырылады. Кеңес өкіметі кезінде барлық халықшаруашылық кешеннің дамуына үлкен көңіл бөлінген, аймақтық-өндірістік кешеннің құрылуында аймақтық дамуға қызығушылық соңғы орында болды. Аймақтық – өндірістік кешеннің ядросын экономиканың шикізат саласынан құраған. Аймақтық – өндірістік кешен құрылуында және басқа да кешендерде маңызды ролге технологиялық процесс ие болды. Аймақтық – өндірістік кешен құрылу жүйесінде бәсекелестік механизмнің жоқ болуы мемлекеттік реттеу ролінің күштілігімен толықты. Біздің ойымызша, экономикалық аудандыру саласындағы отандық ғылымның жетістігі және аймақтық – өндірістік кешен құрылуы кластерлік механизмнің құрылуына біздің экономиканың шартына сай жүзеге асуына мүмкіндік берді.
Кластер ұғымы 1990 жыл М.Портердің “Конкурентные преимущество стран” кітабы шыққан соң кең таралды. Ол кітапта ұлттық, мемлекеттік, жергілікті бәсекеге қабілеттілік теориясы жазылған. Бұл теорияда бәсекеге қабілеттіліктің кластері маңызды рол атқарады.
10
елдегі 100 саланың бәсекеге
Көптеген
экономистер кластер
Кластердің әртүрлі анықтамасын қарастыра келе, келесідей қорытынды жасауға болады:
1) көптеген авторлардың трактовкаларының ішінде кластер ұғымына қатысты концептуалды бірлік, отандық зерттеушілер сүйенетін, негізгі теоретикалық база М.Портердің “кластер” концепциясы;
2) шетел авторларының анықтамаларындағыдай, отандық экономистер кластерге әртүрлі анықтама береді. Аумақтық локалдандыру (географиялық концентрация) өзарабайланыстың анықталған тәсілі (тігінен, көлденеңінен, тігінен және көлденеңінен).
3)
көптеген экономистер бұл
Осыған сәйкес кластерлерде екі орталық кезеңді бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, кластерлердегі фирмалар әртүрлі әдістермен байланысқан. Байланыстар көлденең (сату және сатып алу тізбектері) және тігінен (қосымша өнім және қызметтер, технология немесе институттардың арнайы шығындарды қолдануы ) болып келеді. Бұл байланыстардың көпшілігі өзіне фирмалар үшін пайда әкелетін әлеуметтік қатынас немесе желілерді тартады.
Екіншіден, кластерлер – өзекті салаға бағытталған, бір-бірімен байланысты географиялық жақын топтар. Кәсіпорындардың біріккен орны, құнды жасайтын, бірге қызмет ететін фирмалар арасындағы желілердің нәтижесі болып табылатын артықшылықтардың көбеюімен құрылуына әсерін тигізеді, өзекті сала айналасындағы интеграция барлық одақ үшін қажетті тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өндірістің географиялық локалдануы, кластердің құрылуының негізі ретінде бар болып қарастырылуы керек. Осының барлығы М.Портердің жоғарыда көрсетілген анықтамаларының дұрыс екенін көрсетеді.
Финляндияның экономика институтының ғалымдары кластерлерді кемелділік деңгейі бойынша жіктейді және күшті, тұрақты, потенциалды, латентты кластерлерді бөліп көрсетеді. Мықты кластерлер үшін өндірістік циклдің негізгі этаптары жоғары бәсекелестікпен қатысушылар арасындағы белсенді байланысты көрсететін кластердің тиімді құрылымы қажет. Тұрақты кластерлер тұрақты дамиды, кластер ішінде белсенді өзараәрекетке ие болады. Агломерациядан мәнді артықшылықтарды алу үшін өндірістің потенциалының критикалық массасы жеткіліксіз. Потенциалды кластерлер дамудың мәнді ресурстарына ие, сондай-ақ құрылымы үзінділенген болып келген. Латентті кластерлерде бірнеше құрылымды буындар және әлсіз коммутивті өзарақатынастар бар.
Кластер
ұғымын түсіндіруде әр-түрлі
- кеңістікті – экономикалық (аймақтық-салалық концентрация мазмұнында кластер ішкі технологиялық және басқа да өзарабайланыстармен шарттасқан болып қарастырылады). Бұл көзқарасты қолдаушылардың бірі М.Портер;
- құрылымды (кластердің анықтамасы оның құрылымынан және қатысушылардың өзарабайланысынан туады);
-
желілік (кластер желі түрінде
немесе желінің әртүрлілігі
- институтционалды (қатысушылардың іс-әрекетіне, институттардың орнымен роліне көп орын беріледі);
- функционалды (кластер анықтамасы тік және көлденең байланыстардың талдауына сүйенеді);
-
интеграциялы (кластердің негізін
қатысушылар арасындағы
-
стратегиялық (кластер стратегияны,
өндірістік саясатты жүзеге
Кеңістікті – экономикалық көзқарас жалпыланған болып саналады. Бұл көзқарастың айналасында кластер трактовкасы екі кезеңде орналасқан – бұл қатысушылар арасындағы байланыспен өндіріс концентрациясы. Бұл көзқарас екі бағыт бойынша дифференциялануы мүмкін:
1) негізінде өндіріс күштерінің орналасуы, жергілікті ресурстардың тиімді қолдануы, экономикалық агломерация жатқан экономика-географиялық көзқарас;
2) аймақтық өндіріспен мамандануы негізінде құрылған көзқарас;
Кластердің әсерлерін және масштаб әсеріе зерттеуге ерекше мән беріледі. Кеңістікті – экономикалық көзқарастарды кластерді экономикалық білім ретінде қарастырғанда қолданады.
Құрылымды көзқарас кластердің қызмет атқарып отырған жақтарына, олардың өзара байланысына басымдық беретін отандық зерттеушілерге тән.
Желілік көзқарас айналасындағы кластер трактовкасы даулы болып табылады. Осы көзқарасты жақтаушылар кластерді бір немесе бірнеше иерархиялық кластерге сегменттелген желілердің әртүрлілігі ретінде қарастырады.
Кластер теориясы және желілер теориясы –процестерді жақсы түсіндіруге және бір-бірімен өзара байланысқан әртүрлі бағыттар. Кластерлер теориясы өзара қатынас пен бәсекелестік желілер теориясын байланыстырады. Кластер – географиялық аймақ айналасында бақыланатын, фирма және ұйымдардың жақын орналасуы белгілі-бір жалпылаудың формасын қамтамасыз ететін және өзара қатынастың жиілігімен күшін арттыратын желілер формасы.
Желілер теориясы кластер қалай жұмыс атқаратынын және шығарылымды болып келе жатқанын түсінуге көмектеседі. Кластер теориясы өз тарапынан желілер арасында қоғамдық капиталмен, қоғамдық белсенділікпен бәсекелестік арасында, экономикалық өсумен тығыз байланыс орнату мүмкіндігі ретінде қарастырылады.
Кластердің құрылу процестері ішкі орта факторларының ықпалымен жылдамдатылады, баяулатылады және бейтараптандырылады. Бұл процеске бизнес-қоғамдар, кәсіпорын ассоциациялары, салалар мен басқа да институтционалды білімдер, сондай-ақ үкімет жүргізетін саясат өз ықпалын тигізеді.
Кластер
шаруашылықтың, экономикалық қатынас
пен байланыстың жаңа формасы
болып табылады. Олар өз кезегінде
келесі бағыттарда көрініс табатын белгілі
- бір әлеуметтік-экономикалық әсер алуға
мүмкіндік береді. Біріншіден, экономика
секторларының және кәсіпорынның бәсекеге
қабілеттілігімен өнімділігі артады.
Екіншіден, инновациялық және кадрлық
потенциалының артуы. Кластерге қатысушылардың
біріккен күші мамандарды даярлау жүйесін
құруға себебін тигізеді. Кәсіби білім
және мамандарды даярлау және қайтадаярлау,
квалификацияны арттыру жүйелері – маңызды
бәсекелестік артықшылықтар.
Кесте 1.
Кластердің
дамуымен құрылуына әсер ететін факторлар
| Кластердің дамуына ықпал ететін факторлар | Кластердің дамуына кедергі жасайтын факторлар |
| 1 Аймақ териториясына жеткізушілердің концентрациясы | 1 Жеткізу
жүйесінің тиімділігінің |
| 2 Инженерлік және ғылыми жоғары маманданған персоналдардың және оны дайындауға базаның бар болуы | 2 Өндіріс
қажеттіліктеріне ғылыми- |
| 3 Ғылыми-техникалық және эксперименталды базаның бар болуы | 3 Жоғары және орта кәсіби мекемелердің арасындағы байланыс әлсіздігі |
| 4 Жоғары кәсіби білім жүйесінің сапасы және дамуы | 4 Салалық және кәсіби ассоциациялардың төмен тиімділігі |
| 5 Өндірістік кооперациялардың дәстүрлері | 5 Отандық
кәсіпорындардың бәсекелестік |
Үшіншіден,
нәтижелерді енгізумен
Қорытындылай айтсақ, кластер ірі бизнесті дамытуға заманауи жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Жаңа технологиямен жаңа өнім алуға қадамдар жасалады.
Үшіншіден, нәтижелерді енгізумен зерттеулер жүргізу тәжірибелі өндірісті құру міндеттерін бірлесе отырып шешкен дұрыс. Төртіншіден, бұл жеткізу жүйесінің дамуы. Кәсіпорын үшін жеткізушілер – технологиялық тізбектегі маңызды бөлік, өнімнің бағасы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігімен тікелей байланысты. Кластердің дамуы – шикізат жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға септігін тигізеді. Бесіншіден, бұл аймақтың экономикалық дамуы, аймақ жұмысбастылықпен қамтамасыз етіледі, еңбекақы деңгейінің артуы және құрылымының жағымды жаққа өзгеруі.
Қорытындылай
айтсақ, кластер ірі бизнесті дамытуға
заманауи жүйелерді құруға мүмкіндік
береді. Жаңа технологиямен жаңа өнім
алуға қадамдар жасалады.
1.2
Қазақстан Республикасындағы кластерлік
құрылымның құрылуы және талдауы
1991 жыл Егемендік алғанға дейін экономикадағы Қазақстанның орны тек астық өсірумен, метал шығарумен және пайдалы қазбаларды табумен ғана шектелді. Қазақстан экономиканы басқарудың әкімшілік басқарушылық үлгісі кезінде бәсекелестіктен қорғалған өз тауарлары үшін, сапаға байланыссыз өткізім нарығына және ресурстарына ғана сүйенетін. Кеңес өкіметінен кейін бұл орталық жоспарлау жүйесі құлады, бұл өз кезегінде еңбек өндірісінің құлауына әкеп соқты. Соның нәтижесінде нарықтық экономикада өндірістік көп салалары бәсекеге қабілетсіз болды. Егемендіктің басқы 5 жылында экономикалық құлдырау жылына 10%, ЖҰӨ-дегі өндірістің үлесі 1992 жылы 31%-ға түсті, 1996 жылы 21,2% болды. 1996 жылдан бастап экономикалық дамудың жаңа кезеңі басталды. Мұнайға баға өскеннен бастап экономикалық өсім жылына 9-10% құрады.
Соңғы жылдары мұнай саудасынан түскен түсім артуда, бұл өз кезегінде экономикалық және әлеуметтік жағдайдың артуына көп септігін тигізеді. Мұнайға баға өсуіне байланысты қысқамерзімді өсу экономикадағы жалған бәсекеқабілеттілікті тудырады. Үкімет мұнайдың бағасының өсуіне байланысты туындайтын қатерді біледі. Сол себептен бәсекеқабілеттілікті арттыру үшін жоспар ойлап щығарды. Экономикалық саясаттың артықшылығы болып экономиканың бәсекеқабілеттілігін арттыру болып табылады. Осы мақсатпен 2003 жылы 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялды – инновациялық стратегия қабылданды. Бұл стратегияның мақсаттарының ішіне еңбек өнімділігін 3 есе арттыру, кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы климат, жоғары технологиялы өндіріс салаларын дамыту жатады.
Экономиканы диверсификациялау, еңбек өнімділігін арттыру үшін Қазақстандық кластерлік бастама туындады.
Қазақстандық кластерлік бастаманың мақсаты (жобаны жүзеге асыру 2004 жылы маусым айында басталды) - жоспарды игеру экономиканың маңызды салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолданылады. Жоспарды игеру процесі келесідей жоба бойынша кластерлерге бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін талпыныс береді. Өйткені бұл процесске БАҚ бар болуымен байланысты басқа да қызығушы тараптар қатысады, жылдам нәтижелерді алуға бағытталған шаралар қолданылады. Ол өз кезегінде кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін артқанын көрсетеді. JAA (J.E. Austin Associates Inc.) Қазақстанға кең тәжірибеде дәлелдемеге негізделген динамикалық әдісті қолданып, мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бұл
жобаның мақсаты –
- тұрақты экономикалық өсу және одан болған кірістерді тең бөлу;
- экономикалық диверсификацияның өсуі;
- ішкі инвестицияның өсуі;
-
табылмайтын өндіріс

- Кластерная политика
- Кластерное развитие
- Кластерный анализ
- Кластерный анализ
- Кластерный анализ данных
- Кластерный анализ. Расстояние между объектами. Расстояние между кластерами
- Кластерный анализ с применением самоорганизующихся карт Кохонена
- Классы случаев существования интеграла Стилтьеса
- Классы, формы и элементы управления в C#
- Классы экономико-математических моделей и методы их прикладного значения в экономике и управлении
- Кластеризация, как метод анализа данных в социально - экономических и политических исследованиях
- Кластерлердің қажеттілігі, даму тенденциясы
- Кластерлік жүйені дамытудың бағыттары
- Кластерлік модельдер