Кластерлік жүйені дамытудың бағыттары

Жоспар 

1 Кластерлік  дамудың  теориялық аспектілері

    1. Кластер түсінігі және түрлері
    2. Аймақ экономикасында кластерді дамыту бәсекеге қабілеттілікті көтерудің факторы ретінде
 



  1. Қазақстан Республикасының аймақтардында кластерлердің рөлі  және олардың  дамуын талдау
    1. Қазақстанда кластерлік жүйенің қалыптасуы
    2. Шығыс Қазақстан облысындағы кластерлік әдістің негізгі формаларының дамуын талдау
  2. Кластерлік жүйені дамытудың бағыттары
    1. Кластерлік жүйенің әлемдік тәжірибедегі ролі
    2. Кластерлік жүйенің тиімділігі және дамыту бағыттары

 Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі уақытта барлық елдерде кластерлік бастама индустриалдық, аймақтық, инновациялық саясаттың маңызды  бөлігі. Бұл құбылыс экономикасы  жоғары дамыған елдерде ғана емес, экономикасы өтпелі және дамушы елдерге де тән.  Кластерлік бастама аймақ бойынша  кластерлердің бәсекелестігін арттыру үшін ұйымдасқан талаптар. Ол процеске кластерге кіретін кәсіпорындар, үкімет және ғылыми аймақтар кіреді.

"Кластер" ұғымына көптеген анықтама беруге болады. Ең негізгі анықтаманы XX ғасырдағы стратегиялық жоспарлау саласындағы ең мықты эксперттердің бірі профессор Майкл Портер берген.  Қазіргі уақытта кластерлік концепция индустриалды кластермен (Competitive advantages of the nations, 1990 және аймақтық кластерлермен (Competition, 1998) тығыз байланысты. Кәсіпорындардың бәсекелестігі және өндіріс салаларымен кластерлік одақ арасында тығыз байланыс бар.

Профессор Портердің  тұжырымдары ең белгілі әрі мойындалған  болып отыр. Мысалы, ерекше танылғаны "Портердің бес күші", "жинақталған құн тізбегі", "кластерлік теория". Аталғандар бәсекелестіктің өсудің жаңа фазасын жүзеге асыру мақсатында, ұлттық экономиканың мықты макроэкономикалық негізін құру үшін кластерлік саясат жүргізіп отырған дамушы және дамыған елдер негіз болып танылды.

Кластерлердің дамуына  себебін тигізетін басқа факторлар, уақыт өте келе экономикалық қызметтің  жаңа түрлерін, сондай-ақ аймақтан шалғайда орналасқан, кәсіпорындарға инвестиция тартуға мүмкіндік беретін, яғни институттардың, компаниялармен университеттердің бар болуы.

Портердің айтуы бойынша, кластерлер – бұл "…бір-бірімен байланысты кәсіпорындардың, компаниялардың географиялық  топталуы, белгілі бір өнім типін жеткізумен айналысатын, ұйымдарға, компанияларға қызмет ететін, көршілес салаларда және олармен байланысты институттарда жұмыс істейтін, өндірістің нақты саласында  одақтас,сондай-ақ бәсекелес ұйымдар".

Бір-біріне жақындығына  қарамастан экономикалық қызмет обьектілерінің орналасу маңыздылығын көп жылдар бұрын  географтар айтып өткен, бірақ аналитикалық және нормативті әдебиеттерде соңғы төрт онжылдық қана көрсетілген. Негізгі орынды жеке сектор қамтыса да, маңызды күштер масштабтар мен кластерлеудің салдары кеңінен таралуда. Шешім қабылдауға жауапты тұлғалар тәжірибеде қолдануға қолдануға тырысты, бұл қадамдардың нәтижесі әр-түрлі болды. Кластерлеу концепциясына байланысты мемлекеттік және ұлттық деңгейде көптеген шаралар қолдануда.  Осы саясатты іске асыру жауапкершілігі дәстүрлі түрде әр-түрлі министрліктерге жүктелген: өндірісті қолдау, бәсекелестік саясат, ғылым және технология саласы, еңбек нарығы және білім саласы, әлеуметтік саясат. 

Кластерлеу нақты салада қызметтес, тығыз байланыс орнатқан, ортақ бәсекелестікті арттыруға  бағытталған, бір географиялық аумақта  қызмет ететін тұлғалармен кәсіпорындардың концентрация процесі ретінде анықталады.

Тәжірибеде кластерлік қатынас жаңа басқару формаларын дамытып және кеңейтуге пайдалы  болды, тікелей араласудың орнына қосымша  формалар қолданылды. Берілген көзқарас кластерлер құрылуы нарығында қажеттіліктер үшін және қолданыстағы кластерлердің белсенділігін қалпына келтіру үшін ынталандырулар тудыратын желілер мен институттар жүйесін құруға негізделген.

Кластерлердің маңызы зор, өйткені кәсіпорындардың жалғыз жұмыс атқаруына қарағанда, өнімді және белсенді инновацияны қолдануына мүмкіндік береді.  Кластерге деген қызығушылық көптеген елдерде артып отыр, өйткені экономикалық жағдайды сипаттап қана қоймай, нақты мақсаттарға жетуге көмектеседі.

Қазірде әлемнің экономикалық картасында келесідей кластерлер бар: бір орында өзара байланысты өндірістермен институттар салаларының салмағы - белгілі бір қызмет саласында үлкен жетістіктерге жеткен, жеткізушілерден бастап университеттер мен мемлекеттік органдарға дейін. 

Мұндай типтегі ең танымал кластерлер Силикон жазығымен Голливудта бар, ал әлем бойынша кластерлер өте көп. Портердің айтуынша, кластерлер бәсекелестікке үш негізгі тәсілмен әсер етеді: біріншіден кәсіпорын орналасқан аумақта еңбек өнімділігін арттырады, екіншіден,  инновацияны енгізудің  жылдамдығымен бағытын анықтайды, үшіншіден, кластер аясында жаңа коммерциялық қызметтің пайда болуына ықпал етеді. 

 

 

 

Кіріспеге тақырыптың өзектілігі, мақсатың, міндеттерің, ғылыми жаңалығың, пәні мен объектісі, практикалық  мыңызын жазу керек. Ал, сенің жазғандарың 1.1.-ге теорияға сәйекс келеді.

 

Мысалы,

 

Тақырыптың өзектілігі.........................

 Жұмыстың мақсаты - ..............

Соған сәйкес, келесідей міндеттер  қойылды:

1.

2.

3.

............

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КЛАСТЕРЛІК  ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

       1.1 Кластер түсінігі және түрлері

Бәсекеге қабілеттіліктің  дамуымен құрылымы жөнінде көптеген теориялар бар. Бірақ, жетілген және дамыған фирмалардың тәжірибесі көрсеткеніндей экономикалық өсудің тиімді формасы кластерлік теория механизмі  болып табылады. Оның негізінде кластерлік түсінік дегеніміз – экономикалық қызмет түрлерінің байланысы мен тиімді шоғырлануы, яғни, бәсекелес фирманың өзара байланысты топтарының жиынтығы, ол батыстың интерпритациядағы “диамант бриллиант” алтын қосылуы ретінде мемлекеттің барлық экономикалық жүйесімен дүниежүзілік, ұлттық, салалық, нарықтарда бәсекелестік позициясын қамтамасыз етеді.

Ғылыммен техниканың көп саласында қолданылатын кластер  термині “cluster” – топ, жиналыс, шоғырлану деген ағылшын сөзінен  шыққан.

Негізінен кластер сөзі жаңа ұғым емес. Оның түп тамыры 1826 жылы жарыққа шыққан неміс экономисі И.Фон.Тюненнің “Изолированное государство в отношение к сельскому хозяйству и национальной экономики ” деген еңбегінде (1850 жылы 2-ші бөлімі шықты) орналастыру теориясымен байланысты көрсетілген. Көліктік алымдардың бар болуы өндірістің белгілі бір орталықтың шеңберінде жүргізілгенін көрсетеді. Бұл ұсынылған абстрактілі географиялық үлгінің мазмұны.

Сонымен қатар, осы саладағы негізгі еңбектерінің бірі Ұлыбритания  өндіріс ауданында жүргізілген зерттеу негізінде А.Маршалдың “Принципы экономической науки” атты кітабы болып табылады.

Өзінің зерттеулерінде “өндіріс аймағы” және “локальды  өндіріс” үшін арнайы терминдер енгізбеген. Бірақта бейнелеуден көргеніміздей, терең фирмааралық еңбек бөлімі кластер мысалға келтірілген. Дәлірек айтқанда, кластердің прототипі болып жалпы мойындалған индустриалды аудан саналады.

Бұл кітаптың негізгі  жетістігі, А. Маршалға, кәсіпорындарды мамандандыруды арттыру мен біріктіру  кезінде жеткен синергиялық эффектіні көру бұйырды. Кластер – ішкі экономикада шикізат пен материалдарды жеткізушілермен, құрал-жабдықтар, төмен мамандандырылған жұмысшылардан тұратын топтармен байланыстан тиімділікке қол жеткізетін кәсіпорынның салалық немесе географиялық концентрациясы. Кәсіпорынның кластерына жоғары формада арнайы агенттер кіреді. Олар жойылған нарықтағы жұмыс үшін және біріккен қаржылар, біріккен бухгалтерлік қызмет, технологиялық процесті ортақ техникалық жарықтандыруды қолдану сияқты мамандандырылған сектор пайда болуы мүмкін.

Кластер ұғымына қатысты  ақпарат массивін зерттеу қиындығы – кластер ұғымына әртүрлі  мінездеме берілген, ал кейбір авторлар интегрирленген білімді қолданудың тар сферасын көрсететін анықтама береді. Мысалы, инновациялы кластер, алмаз кластері.

М.П. Войнаренконың пікірінше  кластер ұғымы экономикаға ядролық  физикадан келген. 1984 жылы радиоактивті ыдыраудың жаңа түрі ашылды, қозғалмаған  жағдайда тұрған атомдық ядро өздігінен  күрделі құрамды бөліктер шығарады.

Кластер түсінігін әртүрлі салалар арасындағы технологиялық байланыс проблемаларын зерттеумен айналысатын авторлар да қолданған. Өйткені соңғы өнімнің өндірісі үшін кластерге әртүрлі сала өндірушілері бірігеді.

Францияда технологиялық  өзара байланысқан секторларды бейнелеу үшін “фильеры” терминін енгізді. Оның мәні мынада, бір сектордың технологиялық қуаты басқасына тәуелді. “Фильеры” термині кластердің кең ұғымының нышаны болып табылады. Кластердің пайда болуы бір жағынан, ұсақ өндірушілер арасындағы тығыз технологиялық байланыс құрылу үшін алғышарт, екінші жағынан, бір-бірімен нақты елдің экономикалық секторында байланысқан шағын кәсіпорындарда кластердің құрылуымен ұлттық артықшылықтың жүзеге асу мүмкіндігі.

Фильерлер кластердің тар  интерпретациясын көрсетеді, өйткені  потенциалды артықшылықтарды жүзеге асыру үшін салалар мен секторлар арасындағы технологиялық байланысты жасап шығару қажеттігі - кластердің пайда болуының бір критериіне негізделген.

Кластерлік көзқарас швед теоретиктерінің жұмыстарында қолданылған. Олардың кластерлік механизмі ұлттық экономика құрылымына негізделген, яғни, ірі шведтік көпұлттық корпорациялардың өзара байланысын зерттеуге қолданылады. Мұнда кластерлер Е. Дахменнің “даму блоктары туралы” тезисінде орналасқан. Дахмен бойынша бәсекелестік жетістіктің даму негізі бір сектордың қабілеттілігі арасындағы байланыспен екіншісінде алға басуды қамтамасыз ету қабілеттілігінің бар болуы. Даму кезең бойынша жүзеге асуы керек немесе басқа саламен байланысты бір саланың айналасында.

Кластердің кейбір бейнелері  аймақтық-өндірістік кешен, өндірістік және ғылыми-өндірістік ұйым ретінде қарастырылады. Кеңес өкіметі кезінде барлық халықшаруашылық кешеннің дамуына үлкен көңіл бөлінген, аймақтық-өндірістік кешеннің құрылуында  аймақтық дамуға қызығушылық соңғы орында болды. Аймақтық – өндірістік кешеннің ядросын экономиканың шикізат саласынан құраған. Аймақтық – өндірістік кешен құрылуында және басқа да кешендерде маңызды ролге технологиялық процесс ие болды. Аймақтық – өндірістік кешен құрылу жүйесінде бәсекелестік механизмнің жоқ болуы мемлекеттік реттеу ролінің күштілігімен толықты. Біздің ойымызша, экономикалық аудандыру саласындағы отандық ғылымның жетістігі және аймақтық – өндірістік кешен құрылуы кластерлік механизмнің құрылуына біздің экономиканың шартына сай жүзеге асуына мүмкіндік берді.

Кластер ұғымы 1990 жыл  М.Портердің “Конкурентные преимущество стран” кітабы шыққан соң кең таралды. Ол кітапта ұлттық, мемлекеттік, жергілікті бәсекеге қабілеттілік теориясы жазылған. Бұл теорияда бәсекеге қабілеттіліктің кластері маңызды рол атқарады.

10 елдегі 100 саланың бәсекеге  қабілеттілігін талдай келе М.  Портер бәсекеге қабілетті компаниялар  елде жүйесіз шашылмаған, бір  немесе бірнеше аймақта концентрация  тенденциясы бар деген қорытындыға  келді. Бұл құбылысты келесідей  түсіндіреміз: нарықта бәсеке қабілеттілікке қол жеткізген бір немесе бірнеше фирмалар өзінің жағымды әсерін айналасына таратуда: жеткізушілерге, тұтынушшыларға және бәсекелестерге. Айналасындағы жетістіктер өз кезегінде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жетілдіруге көмектеседі. Өзара байланысты пайдалы одақтастықтың нәтижесінде, салалары тығыз байланысқан, бәсекелестіктің өсуіне бірге ықпал еткен фирмалардың кластері құрылады.

Көптеген экономистер  кластер анықтамаларын талдай келе, жай кластерлерді қарастырады. Олар кластерлерді дифференциалдауға негіз бола алатын: өндіріс кластері, аймақтық кластер, инновациялық кластер және т.б

Кластердің әртүрлі  анықтамасын қарастыра келе, келесідей  қорытынды жасауға болады:

1) көптеген авторлардың  трактовкаларының ішінде кластер ұғымына қатысты концептуалды бірлік, отандық зерттеушілер сүйенетін, негізгі теоретикалық база М.Портердің “кластер” концепциясы;

2) шетел авторларының  анықтамаларындағыдай, отандық экономистер  кластерге әртүрлі анықтама береді. Аумақтық локалдандыру (географиялық концентрация) өзарабайланыстың анықталған тәсілі (тігінен, көлденеңінен, тігінен және көлденеңінен).

3) көптеген экономистер  бұл ұғымға анықтама берерде  әртүрлі ұғымдар қолданады, олардың  ғылыми қызығушылығына және шешілетін  мәселелерге толық жауап беретін аспектілерге көп көңіл бөлінеді.

Осыған сәйкес кластерлерде екі орталық кезеңді бөліп  көрсетуге болады. Біріншіден, кластерлердегі фирмалар әртүрлі әдістермен байланысқан. Байланыстар көлденең (сату және сатып  алу тізбектері) және тігінен (қосымша өнім және қызметтер, технология немесе институттардың арнайы шығындарды қолдануы ) болып келеді. Бұл байланыстардың көпшілігі өзіне фирмалар үшін пайда әкелетін әлеуметтік қатынас немесе желілерді тартады.

Екіншіден, кластерлер –  өзекті салаға бағытталған, бір-бірімен байланысты географиялық жақын топтар. Кәсіпорындардың біріккен орны, құнды жасайтын, бірге қызмет ететін фирмалар арасындағы желілердің нәтижесі болып табылатын  артықшылықтардың көбеюімен құрылуына әсерін тигізеді, өзекті сала айналасындағы интеграция барлық одақ үшін қажетті тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өндірістің географиялық локалдануы, кластердің құрылуының негізі ретінде бар болып қарастырылуы керек. Осының барлығы М.Портердің жоғарыда көрсетілген анықтамаларының дұрыс екенін көрсетеді.

Финляндияның экономика  институтының ғалымдары кластерлерді кемелділік деңгейі бойынша жіктейді және күшті, тұрақты, потенциалды, латентты кластерлерді бөліп көрсетеді. Мықты  кластерлер үшін өндірістік циклдің  негізгі этаптары жоғары бәсекелестікпен  қатысушылар арасындағы белсенді байланысты көрсететін кластердің тиімді құрылымы қажет. Тұрақты кластерлер тұрақты дамиды, кластер ішінде белсенді өзараәрекетке ие болады. Агломерациядан мәнді артықшылықтарды алу үшін өндірістің потенциалының критикалық массасы жеткіліксіз. Потенциалды кластерлер дамудың мәнді ресурстарына ие, сондай-ақ құрылымы үзінділенген болып келген. Латентті кластерлерде бірнеше құрылымды буындар және әлсіз коммутивті өзара қатынастар бар.

Кластер ұғымын түсіндіруде  әр-түрлі көзқарастар бар. Бұл:

- кеңістікті – экономикалық (аймақтық-салалық концентрация  мазмұнында кластер ішкі технологиялық  және басқа да өзарабайланыстармен  шарттасқан болып қарастырылады). Бұл көзқарасты қолдаушылардың  бірі М.Портер;

- құрылымды (кластердің  анықтамасы оның құрылымынан және қатысушылардың өзарабайланысынан туады);

- желілік (кластер  желі түрінде немесе желінің  әртүрлілігі ретінде түсіндіріледі);

- институтционалды (қатысушылардың  іс-әрекетіне, институттардың орнымен  роліне көп орын беріледі);

- функционалды (кластер анықтамасы тік және көлденең байланыстардың талдауына сүйенеді);

- интеграциялы (кластердің  негізін қатысушылар арасындағы  байланыс құрайды, интеграциялы  байланыстар маңызды орын алады);

- стратегиялық (кластер  стратегияны, өндірістік саясатты жүзеге асырудың, аймақтың, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің құралы ретінде қарастырылады).

Кеңістікті – экономикалық көзқарас жалпыланған болып саналады. Бұл көзқарастың айналасында  кластер трактовкасы екі кезеңде  орналасқан – бұл қатысушылар  арасындағы байланыспен өндіріс концентрациясы. Бұл көзқарас екі бағыт бойынша дифференциялануы мүмкін:

1) негізінде өндіріс  күштерінің орналасуы, жергілікті  ресурстардың тиімді қолдануы, экономикалық  агломерация жатқан экономика-географиялық  көзқарас;

2) аймақтық өндіріспен мамандануы негізінде құрылған көзқарас;

Кластердің әсерлерін  және масштаб әсеріе зерттеуге ерекше мән беріледі. Кеңістікті – экономикалық көзқарастарды кластерді экономикалық білім ретінде қарастырғанда  қолданады.

Құрылымды көзқарас кластердің қызмет атқарып отырған жақтарына, олардың өзара байланысына басымдық беретін отандық зерттеушілерге тән.

Желілік көзқарас айналасындағы  кластер трактовкасы даулы болып  табылады. Осы көзқарасты жақтаушылар  кластерді бір немесе бірнеше  иерархиялық кластерге сегменттелген желілердің әртүрлілігі ретінде қарастырады.

Кластер теориясы және желілер  теориясы –процестерді жақсы түсіндіруге  және бір-бірімен өзара байланысқан  әртүрлі бағыттар. Кластерлер теориясы өзара қатынас пен бәсекелестік желілер теориясын байланыстырады. Кластер – географиялық аймақ айналасында бақыланатын, фирма және ұйымдардың жақын орналасуы белгілі-бір жалпылаудың формасын қамтамасыз ететін және өзара қатынастың жиілігімен күшін арттыратын желілер формасы.

Желілер теориясы кластер  қалай жұмыс атқаратынын және шығарылымды болып келе жатқанын түсінуге көмектеседі. Кластер теориясы өз тарапынан желілер арасында қоғамдық капиталмен, қоғамдық белсенділікпен бәсекелестік арасында, экономикалық өсумен тығыз байланыс орнату мүмкіндігі ретінде қарастырылады.

Кластердің құрылу процестері ішкі орта факторларының ықпалымен  жылдамдатылады, баяулатылады және бейтараптандырылады. Бұл процеске бизнес-қоғамдар, кәсіпорын  ассоциациялары, салалар мен басқа  да институтционалды білімдер, сондай-ақ үкімет жүргізетін саясат өз ықпалын тигізеді.

Кластер шаруашылықтың, экономикалық қатынас пен байланыстың  жаңа формасы болып табылады. Олар өз кезегінде келесі бағыттарда көрініс  табатын белгілі - бір әлеуметтік-экономикалық әсер алуға мүмкіндік береді. Біріншіден, экономика секторларының және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігімен өнімділігі артады. Екіншіден, инновациялық және кадрлық потенциалының артуы. Кластерге қатысушылардың біріккен күші мамандарды даярлау жүйесін құруға себебін тигізеді. Кәсіби білім және мамандарды даярлау және қайтадаярлау, квалификацияны арттыру жүйелері – маңызды бәсекелестік артықшылықтар.

Тексте кестеге  сноска керек!

Кесте 1.

Кластердің дамуымен құрылуына әсер ететін факторлар

 

Кластердің дамуына ықпал ететін факторлар 

Кластердің дамуына кедергі жасайтын факторлар

1 Аймақ териториясына жеткізушілердің  концентрациясы

1  Жеткізу жүйесінің тиімділігінің  төмендігі және жеткізушілердің  сапасының төмендігі

2  Инженерлік және ғылыми  жоғары маманданған персоналдардың  және оны дайындауға базаның бар болуы

2  Өндіріс қажеттіліктеріне  ғылыми-зерттеу жобаларының адекватсыздығы

3  Ғылыми-техникалық және эксперименталды  базаның бар болуы

3  Жоғары және орта кәсіби  мекемелердің арасындағы байланыс  әлсіздігі

4  Жоғары кәсіби білім жүйесінің  сапасы және дамуы

4  Салалық және кәсіби ассоциациялардың  төмен тиімділігі

5  Өндірістік кооперациялардың  дәстүрлері

5  Отандық кәсіпорындардың бәсекелестік  тәжірибесінің әлсіздігі 


 

Үшіншіден, нәтижелерді  енгізумен зерттеулер жүргізу тәжірибелі өндірісті құру міндеттерін бірлесе отырып шешкен дұрыс. Төртіншіден, бұл жеткізу жүйесінің дамуы. Кәсіпорын үшін жеткізушілер – технологиялық тізбектегі маңызды бөлік, өнімнің бағасы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігімен тікелей байланысты. Кластердің дамуы – шикізат жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға септігін тигізеді. Бесіншіден, бұл аймақтың экономикалық дамуы, аймақ жұмысбастылықпен қамтамасыз етіледі, еңбекақы деңгейінің артуы және құрылымының жағымды жаққа өзгеруі.

Қорытындылай айтсақ, кластер ірі бизнесті дамытуға заманауи жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Жаңа технологиямен жаңа өнім алуға  қадамдар жасалады.  

Үшіншіден, нәтижелерді  енгізумен зерттеулер жүргізу тәжірибелі өндірісті құру міндеттерін бірлесе отырып шешкен дұрыс. Төртіншіден, бұл жеткізу жүйесінің дамуы. Кәсіпорын үшін жеткізушілер – технологиялық тізбектегі маңызды бөлік, өнімнің бағасы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігімен тікелей байланысты. Кластердің дамуы – шикізат жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға септігін тигізеді. Бесіншіден, бұл аймақтың экономикалық дамуы, аймақ жұмысбастылықпен қамтамасыз етіледі, еңбекақы деңгейінің артуы және құрылымының жағымды жаққа өзгеруі.

Қорытындылай айтсақ, кластер ірі бизнесті дамытуға заманауи жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Жаңа технологиямен жаңа өнім алуға қадамдар жасалады.

Неге екі рет  жазылған.??????????????????№

    1. Аймақ экономикасында кластерді дамыту бәсекеге қабілеттілікті көтерудің факторы ретінде

Саланың эволюциялық  процесі кластерлердің пайда  болуын немесе ұлғайғанын көрсетеді. Сонымен  кейбір секторларға серпін беріледі, сөйтіп сала шегінен шығып экономиканың дамуының күшті қуатына айналады. Кластерлердің пайда болуы фирмалардың  көптеген типіне байланысты. Италияда көптеген бәсекеге қабілетті салалардың алға тартушы күші ақтық өнімге қойылатын талапқа байланысты. Ақтық өнімді щығаратын сала бәсекеге қабілетті сүйемелдеуші саланы туындатады. Жоғарыда айтылғандай, Жапонияда көптеген бәсекеге қабілетті өндіріс іргелес салалардан өсіп шықты.

Кластерлердің пайда болуы жеке салаларда прогресті  жылдамдатады. Кластердің ішіндегі өзара  байланыс инновацияны күшейтетін тіпті  ұлттық экономиканың көптеген секторларында  да осындай жағдай кездеседі. Бұл қазіргі кезде Жапонияда электрониканы тұтынудағы көршілес салаларда анық байқалып отыр.

Экономикадағы үнемі дамып отырған өндірісте  кейбір кластерлердің азайғаны байқалады. Бәсекеге қабілеттік әртүрлі детерминаттарға  сүйенгендіктен ұлттық позицияны сақтау әртүрлі кластерлерде біркелді болмайды. Технологиясы күрделі емес, өнімі нашар жіктеліп топтасқан салалар өздерінің бәселестік басымдығынан айрылады. Құндылық тізбегіндегі өнімділігі аз қызмет түрі шет елге ауысады.

Саланың пісіп-жетілуіне  байланысты инновациялық процесс баяулайды немесе бүтіндей тоқтайды. Осындай жағдайда фактор шығыны шешуші рөл атқарады. Егер де жағымсыз жағдайлар өздерінің ықпалын таңдаса, өндірісті жетілдіруге серпін береді. Ел жоғары дамыған сегментте (салада позициясын жоғалтқанмен) дұрыс жүргізілген бәсеке негізінде өзінің позициясын сақтап қалады.

Мобильді технология әлемдік нарықта шешуші рөлді  факторлық шығын атқарады деген  пікір туғызады. Алайда технологияның  мобильділігі имитациялы лагты қысқартқанымен, басқа елдерден технология алатын фирмалар тұтас бір ұрпаққа артта қалып қояды. Фирманы күшейтетін фактор технологияға ену емес, технологияны дамыту болып табылады. Импортталған технологияны орналастыру және жетілдіру көптеген жағдайда ұлттық “ромбыға” тәуелді. Жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілеттілік фирманың білім мен технологияны жасап, оны пайдалануына байланысты. Ақпарат технологиясын дамыту, жаңа материалдарын өндіру, биоинжерия жаңалықтарының толқынына қажетті жағдайларды жасайды. Тіпті дәстүрлі немесе бір қарағанда қарапайым салалардағы “кемелдену” қорқынышының жалған болуы мүмкін.

Италия осы  жағдайда жиі пайдалана алды, дәстүрлі салаларда (жиһаз, аяқ киім және киім) фирмалар өздерінің бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Швеция “көзге түсетін” салалар  негізінде жақсы дамып келеді. Олардың қатарына жататындар тұрмыстық электр приборлары, жүк машиналары, кен қазу құралдары.

Бәсекеге қабілетті  салалардың кластерлерінде бәсекеге қабілетті  салалар ұлттық экономикада біркелкі бөлінбейді. “Ромбаның”  жүйелік  табиғаты ұлттық бәсекеге қабілетті салалардың кластерлерін жасайды. Гүлденіп отырған сала әдетте вертикалды (сатып алушы жабдықтаушы) немесе горизантальды (жалпы клиенттер, технология, делдалдар және т.б) өзара қарым-қатынастарымен байланысты болады.

Бұған жақсы  мысал Дания. Осы елде әлемдік рынокта бәсекеге қабілетті салалар өзара тығыз байланысты. Бұған қоса Данияда бәсекеге қабілетті салалардың кластері бар. Олар үй жиһаздарны жасайтын және медицина салалары. Денсаулық сақтау кластерлері ауыл шаруашылық кластерлерімен технология және шикізатқа қойылатын талап арқылы байланысқан.

Швецияның целлюлоза  және қағаз өндірісінде ғана емес, ағаш өңдеу құралдары, бақылау-өлшеу  аспаптары, конвейерлі жүйелер, қағаз  кептіру құралдары, сондай-ақ целлюлоза  мен қағаз өндіретін құралдар өндірісінен бәсекеге қабілеттігі бар. Швецияда әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті химия өнеркәсібі болмағанмен, целлюлоза-қағаз өнеркәсібіне арналған химиялық заттар өндірісінен дүниежүзілік деңгейге жетті. Италияда ірі кластерлер тұрмыстық тауарлар, тамақ, сәндік киімдер мен аяқ киім өндіруді біріктіреді. Герменияда мына төмендегідей салалардың кластерлері бар: химия өндірісі; металлургия; көлік және қағаз басу. Осы айтылғандардың бәрі де өнім шығару арқылы табысқа жеткен. Мысалы, Израильде негізгі кластерлер ауыл шаруашылығында (тыңайтқыш, су жүйесі т.б) және қорғаныс саласында жинақталған.

Қорыта айтқанда, (тарау басталмай жатып неге қорытынды жазасыз???????) жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі бар елдердің бәрінде, барлық жерінде кластерлер кең орын алған. Бұл жағдай барлық жоғары деңгейде дамыған ұлттық экономиканың негізгі белгісіне айналған.

Кластерлердің пайда болуы ұлттық басымдық детерминанттарына  тікелей байланысты, олардың жүйелілік  сипатының көрінісі болып табылады.

Бәсекеге қабілеті бір салада өзара күшейту қатынасы арқылы басқасына көмектеседі. Бұндай сала тауарлардың сатып алушылары мен қызмет көрсететіндерге талап қойғыш болып келеді. Елде олардың болуы жабдықтаушы саланың бәсекеге қабілеттілігінің өсуінің маңызды факторы болады.

Бәсекеге қабілетті жабдықтаушылар, сондай-ақ елде тұтынушы салалардың дамуына мүмкіндік береді. Олар технологиямен қамтамасыз етеді, жалпылама өндіріс факторларын дамытады, жаңа өндірушілерді туындатады. Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бір сала жөнінде де осыны айтуға болады.

Кластер қалыптасқанда  барлық өндіріс бірін-бірі сүйемелдейді және пайда барлық бағыттағы байланыстар  бойынша таратылады. Бір саладағы белсенді бәсеке басқа салалардың кластеріне таратылады. Басқа салалардан келген кластер жаңа өндірушілердің дамуын жылдамдатады. Бұлар жаңа стратегияны және біліктілікті ендіруге қажетті қаржылармен қамтамасыз етеді. Сөйтіп ақпаратпен еркін алмасу мен жаңалықтың тезірек тарауы жүзеге асады. Кластерлердің ішкі өзара байланысы күтпеген жерден бәсекеге жаңа жол жасауға көмектесіп, жаңа мүмкіншіліктерді туындатады. Адам ресурстары және идеялар жаңа комбинация құрайды. Силикон алқабы осыған айқын мысал бола алады.

Кластер ішкі проблемалардағы  тұйықтықты, салғырттықты, икемсіздікті және бақталастар арасындағы келісімді  жеңуге арналған құрал болып табылады. Кластердің болуы ақпарат алмасуын және жаңа әдістерді, жаңа өндірушілерді туындатады. Белгілі бір ұғымда кластер аутсайдерлерді дүниеге әкеледі. Олар бәсеке күресіндегі тартысқа жаңалық қосады, сөйтіп ұлттық сала өзінің артықшылығын сақтап қалуға мүмкіндік алады. 

Кластерлік жүйені дамытудың бағыттары