Коммерциялық банктерің активтері
Кіріспе
Қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде банктердің активін басқарудың тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарынының болуын нақты дәлелдейді.
Көптеген банк қызметкерлері банктің активін кешенді басқару пайданы арттырып, тәуекелді азайтады деп пікір айтады. Бұл жерде күтілетін табыстар мен өтімділікті дұрыс бағалау қауіпі бар. Бұл жерде банк активі мен пассивін басқару тәуекел мен табыстардың ара қатынасын дұрыс түсіне білу қажет, себебі, банк тәуекелін бір бағытта қысқарту, банк қызметінің басқа бағыттары бойынша оның артуына жол береді. Банк қызметінде тәуекелдің жоғары деңгейде болуы, өз кезегінде тек қана табыссыздыққа ғана емес өтімсіздікке ұшырауға себеп болары сөзсіз. Ендеше, банктік сектордағы орын алған өтімділік дағдарысынан шығуға тиісті қолданылатын шаралардың кешігуі, ертеңгі банктік дағдарысқа жол беруі әбден мүмкін.
Коммерциялық банктің активін басқаруды қаржы менеджментінің құрамдас бөлігі ретінде ресейлік ғалымдардың: И.В. Ларионова, О.И. Лаврушин, В.М. Усоскин, К.Р. Тагирбеков, Г.Г. Коробова, М.А. Поморина, Ю.С. Масленченков, Н.Е. Егорова, И.Т. Балабанов, И.А. Бланк, Е.С. Стоянова, В.В. Ковалев, В.И. Колесников, О.М. Марков, Е.Ф. Жуков, Э.А. Уткин, Е.Б. Ширинская, О.В. Ефимова, В.В. Ковалев және т.б.еңбектерінде көрініс тапқан.
Коммерциялық банктің активін басқаруға бағытталған ғылыми жұмыстарға жасалған талдаудан, банктің өтімділігі мен табыстарын қамтамасыз етуде ең бастысы банк балансының құрылымын үйлесімді немесе теңгерімді басқаруға қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды. Өкінішке орай, коммерциялық банктің активі мен пассивін басқаруды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеулер белгілі ғалым-экономистердің еңбектерінде әр жақты көрініс тапқан. Сондықтан да, банктің активі және пассивін басқарудың теориялық және тұрғыдан жеткіліксіз мазмұны мен оның аз зерттелген әдістемелері, сондай-ақ оларды тиімді басқару тәжірибесіндегі орын алатын өзекті мәселелер бұл диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ҚР-ның екінші деңгейдегі банктерінің өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай банк активтерін теңгерімді басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
- банк ісіндегі қаржылық менеджмент ғылымына қатысты теориялардың дамуын зерделей отырып, қазіргі заманға сай банктің активін кешенді басқарудың мазмұнын анықтау және жасау;
- банктің активін кешенді басқару тетігінің және жүйесінің ұйымдастырушылық- ақпараттық негізін айқындау;
- банк құнын арттырудағы және банк тұрақтылығын қамтамасыз етудегі банкті басқару стратегияларының орны мен рөлін анықтау;
- банк активін кешенді басқарудың банк бәсекелестігін арттыруға тигізетін ықпалын зерттеу;
- банк капиталына қойылатын нормативтік талаптардың банктердің активтерін басқаруға тигізер ықпалын қарастыру;
- депозиттік қоржынды басқарудың банктің тұрақты пассивін қалыптастырудағы маңызын көрсету;
- депозиттік емес ресурстарын қалыптасу көздерін талдау мен бағалаудың, банктің өтімділігі мен тұрақтылығына тигізер әсерін айқындау;
- екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрылымы мен сапасын бағалай отырып, олардың қоржынындағы стандартты және жіктелетін активтердің шекті қатынасын айқындау;
- банктердің несиелік саясатының шегінде жасалған көрсеткіштер көмегімен отандық коммерциялық банктердің несиелік қоржындарының сапасын бағалау әдістемесін жасау;
- банктің оңтайлы инвестициялық қоржынын қалыптастырудың өтімділікті және табыстылықты қолдаудың қосымша резерві ретіндегі маңызын талдау және бағалау;
- банк активін басқарудағы несиелік тәуекелді басқару және бағалау әдістерін жүйелік тұрғыдан зерттеу;
Зерттеу пәніне ҚР екінші деңгейдегі банктердің активін басқару үдерісі жатады.
Зерттеу объектісіне ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің активті операцияларын басқару қызметтері жатады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің коммерциялық банктердің активін басқарудағы орын алатын мәселелері туралы және өтімділікті басқарудың банктің тұрақты дамуындағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.
Зерттеудің ақпараттық базасы. Зерттеудің ақпараттар базасы ретінде банк қызметіне реттеуге арналған ҚР-ның заңдары мен нормативтік актілері, ҚҰБ-нің Басқармасының қаулысымен бекітілген ережелері, нұсқаулықтар және өзге нормативтік құжаттары, ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, ҚР ҚҚА-нің нормативтік құжаттары мен есептік деректері, ҚР-ғы ЕДБ-дің есептік материалдары, ҚР статистикалық агенттіктің сандық мәліметтері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ банктің активін басқару жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды
- Екінші деңгейлі банктердің активтерін басқарудың теориялық негіздері
1.1.Екінші деңгейлі банктердегі басқарудың түсінігі мен экономикалық мәні
Несиелік
жүйенің төменгі буыны халық
шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммециялық
негізінде кең көлемді
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан « банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді. Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсалғанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және бақылау жүйелері өзгеруде.Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.
Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1.Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
- Мемлекеттік
- акционерлік
- жеке
- пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
- аралас (шетел капиталының қатысуымен).
2.Операцияларының түрлеріне қарай:
- әмбебап,
яғни экономиканың барлық
- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
- халықаралық;
- мемлкетаралық;
- ұлттық;
- аймақтық;
4. Салалық белгісіне қарай:
- өнеркәсіптік банктер;
- сауда банктері;
- ауыл шаруашылық банктері;
- құрылыс банктері;
- басқа.;
5.Филиалдар санына қарай:
- филиалсыз;
- көп филиалды.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар. Жай акция-оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар акция-оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді. Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатысушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді. Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсықдандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңес мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс. Банктің ұйымдастьрылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады – банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.
Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы немесе оның торабының даму дәрежесі тікелей ықпал етеді. Басқарманың негізгі қызметтері:
1. Банктің стратегиялық мақсатын анықтау және оның саясатын жасау. Ірі банкте мекеменің мақсаты мен міндеттері және оған жетудегі нақты іс-әрекеттер бағдарламасы, түрде дайындалған арнайы меморандумда көрсетіледі. Ол мынадай жағдайларды қамтиды:
- банк ресурстары бірінші кезекте қызмет көрсететін клиенттер категорияларына бағытталады;
- алдағы кезеңде дамуға мүмкіндік беретін операцияларды;
- банктің филиалдары мен өкілеттігін ашу туралы сұрақтар;
- маркетинг әдістері және жаңа банктік несие мен қызметтерді тұтынушыларға ұсыныс;
- өтімділікті қамтамасыз етудің озық әдістері;
- нарықта банктің бәсекелестік қстанымын нығайту шаралары;
- пайыз мөлшерлемелерін және банк қызметіне қойылатын тарифтерді белгілеу саясаты;
- банктің қызметкерлерінің мөлшері мен құрамы, олардың біліктілігін және тағы басқа арттыру бағдарламасы.
Ұсақ банктерде саясаттың мақсаты туралы жазбаша меморандум жасалмайды. Филиалсыз банктер үшін саясаттың принципін құру, филиалы бар ірі банктерге қарағанда оңай болып келеді, себебі соңғыларында клиенттер үшін жергілікті жағдайларды ескеру ерекшеліктері орын алады.
2. Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк-күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.
3. Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитеттер құрылады: әкімшілік, есеп-қарыздық, ревизиялық.
4. Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.
5. Банк қызметің мерзімді тексеру. Басқарма мүшелері банктің операцияларына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде басқарма, бөлім жетекшілерінің есептерін тыңдайды және банк ісін талқылайды.
Басқарма мүшелері өздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер туралы заңға бағынбағандары үшін жауапты.Сонымен, кеңес коммерциялық банктегі акционерлер жиналысының нұсқауына сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы болып табылады.
Кеңес тәжірибелік операцияларға жетекшілік жасау және жүзеге асыру үшін банкті басқаратын құрылым құрады. Операцияларды басқару ресурстары жинақтау қызметтеріне және оларды пайдалану тәсілдеріне бөлінуге негізделген.
Басқару органы пайда алу мақсатында басқару банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.
1.2. Екінші деңгейлі банктердің активтерін басқару әдістері
Қаржылық менеджменттің
Қазіргі кезде банк активтерін басқару
үш әдістемелік бағытқа
Осы үш әдістемелік бағытқа активтерді басқарудың үш теориясы сәйкес келеді: коммерциялық ссудалар, ауысымдылық және күтілетін табыс теориялары.
«Коммерциялық ссудалар» теориясының
негізінде банктердің өтімділігін
басқару туралы көзқарасты А.Смиттің
еңбегінде былай деп береді: «Банк
вексель үшін төлемді қарыз алушының
қарыз берушіге берген векселін есепке
алу кезінде төлейді, кейіннен вексельдегі
мерзімнің өтуіне қарай қарыз
алушы банкке пайдаланған сомасы
мен оған есептелетін пайызын
қайтаруға тиіс». Бұл көзқарас бүгінгі
күнгі банктердің тауарлар қорларын
немесе айналым қаражаттарын толықтыруға
беретін қысқа мерзімдік
Ауысымдылық теорияның мәні банк өзінің қысқа мерзімді ресурстары мен талап етілетін міндеттемелері есебінен ұзақ мерзімді активтік операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Мұндай активтік операциялар банкке коммерциялық вексельдерді немесе қазынашылық вексельдерді, облигацияларды және өзге де бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік жасайды. Қысқаша айтқанда аталған теория банктің активтік операцияларында жоғары сапалы бағалы қағаздардың болуын және сол бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет етуін талап етеді.
«Күтілетін табыстар» теориясына сәйкес банктің өтімділігін қарыз алушылардың болашақтағы табыстарынан түсетін несиені қайтару кестесіне негіздей отырып жоспарлауға болады. Сонымен қатар банктер әр түрлі өтелім мерзімі бар бағалы қағаздарды таңдап ала отырып, олардан түсетін табысты да болжай алады. Бұл теория қазіргі кездегі несиенің жекелеген түрлерінің, соның ішінде фирмаларға берілетін қысқа мерзімді несиелердің, тұтыну несиелерінің, жылжымайтын мүлікті кепілге алып берілетін несиелердің дамып отырғандығын мойындайды. Мұндай несиелердің ортақ қасиеті, олар банктің өтімділігін арттырады. Бұл теорияның да өзіндік кемшілігі бар, яғни банк өзінің активтерін мерзіміне өзгертетін болса, кейде оның пайыздық табыстары бойынша болжамы тура болмай шығып жатса, ондай жағдайда банк зиян шегуі мүмкін.
Жоғарыда аталған теориялардың негізінде активтерді жеке-жеке басқару әдістері пайда болып, оларды қазіргі отандық және шетелдік банктер тәжірибесінде қолдана бастады. Біздің ойымызша банк активтері кешенді басқарудың міндеті бұл банк балансын жеке-жеке бөліктерге бөліп емес, тұтастай үйлестіре басқару болуға тиіс. Банктің активтерін басқару банкке депозит және займдар түрінде тартылған ресурстарын әр түрлі маусымдық ауытқулардан қорғау және банктің түпкілікті мақсатына қол жеткізетін активтер қоржынын қалыптастыру құралы ретінде зор мүмкіндік береді. Банк активтерін кешенді басқару мәселелері кешенді түрде әлі күнге дейін терең зерттелмегені белгілі.
Сондықтан біздің ойымызша, коммерциялық
банктің активтерін кешенді басқару
бұл банктің стратегиясына
Банктік тәжірибеде банктің активі және пассивін басқару бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады. Ең бастысы «қаражаттардың ортақ қоры» әдісі арқылы басқару. Бұл әдістің негізіне барлық ресурстарды біріктіру идеясы жатыр. Сосын жинақ қаражаттар сай келетін активтердің (ссудалар, үкіметтің бағалы қағаздары, қассалық қолма-қолдылық және т.б.) кейбір түрлерінің арасында бөлінеді. Аталған әдіс отандық банктер тәжірибесінде осы күнге дейін қолданылып келген әдіске жатады. Бұл әдістің кемшілігі мұнда активтердің санттары бойынша қаражаттарды бөлу үшін нақты критерийлер жоқ және бұл әдіс «өтімділік – табыстылық» дилеммасын шеше алмайды.
Келесісі «конверсиондық әдіс» бұл бос ақша қаражаттарын тарту көздерінің көп түрлілігіне негізделеді. Әрбір қаражат көзі жеке қарастырылады және оларды мерзіміне қарай активтермен сәйкестендіру қажет. «Конверсиондық әдісті» біздің ойымызша, «қор қаражаттарын теңгерімді басқару әдсі» деп атауға болады. Себебі аталған әдіске сәйкес әр түрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын «табыстылық-өтімділіктің» орталары анықталады. «Қорды басқарудың теңгерімділік» әдісінің алдыңғы «қаражаттардың ортақ қоры» әдісінен артықшылығы, өтімділігі жоғары активтердің үлесін дәлірек анықтауға және қосымша ресурстарды мүмкіндігінше жоғары өтімді активтерге салуға мүмкіндік береді.
Бұл әдістің басты артықшылығы, сондай-ақ банк табыстылығына қол жеткізу болып табылады. Активті және пассивті операциялар арасындағы теңгерімділікті ұстау теориясында банктің өтімділігі жүз пайызды қамтамасыз етілер еді деген көзқарас бар.
2. Екінші деңгейлі банктердің активтерін басқаруды бағалау мен талдау
2.1. Екінші деңгейлі банктердің активтерін басқаруын талдау мен бағалау
Әдістемелік
тұрғыдан алғанда банк активтерін кешенді
басқаруды базалық және күрделі
деп екіге бөлуге болады. Банк активтер
мен пассивтерін базалық
Коммерциялық
банктің активін басқару
Қазақстанның банктік секторының 2000-2007жж аралығындағы экономикадағы рөлін талдаудан соңғы жылдардағы коммерциялық банктердің экономиканың өсуін қамтамасыз етуге тигізген ықпалын көреміз (1-кесте).
1-кесте - Қазақстан банк секторының экономикадағы рөлі
Көрсеткіштер |
2003ж. |
2003ж. |
2004ж. |
2005ж. |
2006ж. |
2007ж. |
2008ж. |
|
ЖІӨ, млрд теңге |
3 250,6 |
3 747,2 |
4 612,0 |
5 870,0 |
7 453,0 |
10 139,5 |
13 315,2 |
Активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, % |
25,1 |
30,6 |
36,3 |
45,8 |
60,6 |
87,5 |
87,7 |
Несиелік қоржынның ЖІӨ-ге қатынасы, % |
15,9 |
19,1 |
23,6 |
30,9 |
41,1 |
59,1 |
66,6 |
Меншікті капиталдың ЖІӨ-ге қатынасы, % |
3,8 |
4,3 |
5,1 |
5,9 |
7,9 |
11,5 |
13,4 |
Депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы, % |
15,0 |
18,6 |
21,1 |
27,4 |
33,9 |
46,5 |
48,2 |
Ескертпе 1 2007ж ЖІӨ бойынша ҚР 2 ҚҰБ-нің және ҚҚА-нің
есептік материалдары | |||||||
2002 жылдан
бастап, экономикалық өсудің жыл
сайын орта есеппен 10% тұрақты
өсуге ие болуына банктердің
активтерінің өсу ықпал
Жасыратыны жоқ біздің отандық банктеріміздің капиталы өте төменгі жағдайда. 2008 жылдың 1 қаңтар айына капиталдың мөлшері 1 781,8 млрд. теңгені немесе 14,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Мұны салыстырмалы түрде қарасақ, АҚШ-ғы банктердің капиталының ЖІӨ-ге қатысты шамасынан 10 есе кіші немесе шығыс Еуропа елдерінен 35 есе кіші, Германиядан 25 есе кіші. Егерде әлемдегі үш ірі банктің жиынтық капиталы 145 млрд. АҚШ долларын құраса, онда оның мөлшері біздің отандық банктеріміздің капиталынан 10 есе үлкен болып келеді.
ЕДБ-дің меншікті капиталы мен активтердің соңғы 2000-2007 жж қатынасын төмендегі 2-суреттен көруге болады.
1-сурет - ЕДБ-дің меншікті капиталы мен активтер серпіні, млрд теңге
1-суреттен көріп отырғанымыздай, екінші деңгейдегі банктердің активтері 2000 жылы 527,9 млрд теңгені құраса, ал бұл көрсеткіш 2007 жылдың аяғына дейін 22 есеге артып, 11 683,4 млрд теңгені құраған.
ЕДБ-дің капиталдары 2000 жылы 97,6 млрд теңгені құраса, 2007 жылдың аяғында салыстырғанда 18 есе өсіп, 1 78,8 млрд теңгені құрап отыр.
Сонымен қатар, Қазақстандық банк жүйесіне қатысты халықтың сенімінің артуын соңғы жылдардағы банктердегі депозиттердің көлемінің артуынан байқауға болады. Соңғы 8 жыл ішінде банктердің депозиттері 12 есе артып, нәтижесінде 2007 жылы 3480,7 млрд теңгені құрады. Ал депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы 2000 жылы 11,3 % және 2006 жылы 39,1%ға дейін өскен. Депозиттердің активтерге қатынасын келесі беттегі 3-суретпен беруге болады.
2-сурет - ЕДБ-дің депозиттер мен активтерінің серпіні, млрд теңге
Көптеген Қазақстандық банктердің қаржылық нәтижелері соңғы жылдары тұрақтылыққа қол жеткізді. Банктің рентабельдік көрсеткіштері бойынша біздің банктеріміз Орталық Еуропа елдерінің банктерінің осындай көрсеткіштерімен тең түсуде (2- кесте.)
2-кесте - ЕДБ-дің табыстары мен рентабельдігі
мерзімнің соңына
2000ж. |
2001ж. |
2002ж. |
2003ж. |
2004ж. |
2005ж. |
2006ж. |
2007ж. | |
Таза пайда, млрд теңге |
7,1 |
7,4 |
20,6 |
30,1 |
34,9 |
53,1 |
127,5 |
266 |
ROA, % |
1,3 |
0,9 |
1,8 |
1,8 |
1,2 |
1,8 |
1,4 |
2,3 |
ROE, % |
7,3 |
6,1 |
12,8 |
13,5 |
9,2 |
14,1 |
14,6 |
18,6 |
Ескертпе – ҚҰБ-нің № 7 (92) 2002 жылғы шілдедегі және №5 (150) 2007 жылғы мамырдағы статистикалық бюллетенінен және ҚҚА-нің 2007 жылғы есептік материалдарынан алынған сандық мәліметтер негізінде автор есептеген. | ||||||||
Кестеден көріп отырғанымыздай 20006 жылы таза пайданың көлемі 7,1 млрд теңгені құраса, 2007 жылдың соңына оның мөлшері 266 млрд теңгеге дейін жеткен. Таза табыс көлемі 2000-2007 жж аралығында 37 есе өскен. Оған ЕДБ-дің активтерінің, соның ішінде банктің клиенттерге берген несиелерінің өсуі себеп болып отыр.
Банк активтері н кешенді басқарудың үлгісін 3-суреттен көруге болады
3-сурет - Банктің активтері мен пассивтерін кешенді басқарудың үлгісі
Банктік активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады. Банк активтерінің сапасына баға беруде және жалпы жағдайда несие банк ісінің негізіне алынуда. Әлемдегі банктердің банкротқа ұшырауы банктердің активтерінің сапасының төмендігінен туындап отыр. Көптеген банкирлер және реттеуші ұйымдардың пайымдауынша активтерді басқару банктің активтерінің сапасының басты көрсеткішін сипаттайды. ЕДБ-дің активтерінің сапасының сипаты 4-суретте берілген.
4-сурет - ЕДБ активтері мен шартты міндеттемелерінің құрылымы
Көріп отырғанымыздай банктердің активтері мен шартты міндеттемелерінің сапасына жасалған талдаудан, стандартты активтер мен шартты міндеттемелердің үлесінің 2004 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 74,6%-дан 57,5%-ға дейін төмендегенін көруге болады. Ал күмәнді активтер мен шартты міндеттемелердің үлесі болса керісінше 2004 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 24,2%-дан 41,5%-ға дейін өскен. Күмәнді активтердің ішінде, 1-санаттағы күмәнді активтер мен шартты міндеттемелердің үлесі 2004 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 17,8%-дан 31,8%-ға дейін өскен. Үмітсіз активтер мен шартты міндеттемелердің үлесі керісінше төмендеп отыр, немесе 2004 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 1,2%-дан 1,0%-ға дейін төмендеген.
Банк активтерінің сапасы несиелік қоржынның сапасына байланысты. Қаншалықты несиелік қоржында жіктелген (күмәнді және үмітсіз) несиелердің үлесі жоғары болса, соғұрлым банк активтерінің рейтингі төмен болып келеді. Сондықтан да несиелік қоржынды басқару бұл өз кезегінде активтерді басқарудан туындайтын маңызды шаралардың біріне жатады. Банк несиелерінің өсу серпіні өз кезегінде банк жүйесіндегі тәуекел деңгейін арттырып, несиелік қоржынның сапасын төмендетуге ықпал етуде (5-сурет)
5-сурет - ЕДБ-дің несиелік қоржынының сапасы, %
Несиелік қоржынның сапасы 2000 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда біршама нашарлағандығы байқалады, оны несиелік қоржында күмәнді несиелердің өсуінен байқауға болады, айталық 2000 жылы стандартты несиелер - 55,2%, күмәнді – 39,0%, үмітсіз 5,8% құраған болса, ал 2007 жылыдың аяғына стандартты несиелер – 39,8%, күмәнді – 58,7%, үмітсіз 1,5% құрап отыр.
Біріншіден,
несиелік қоржынның сапасының

- Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде
- Коммерциялық банктер қызметіне талдау
- Коммерциялық банктер қызметіне талдау
- Коммерциялық банктер қызметіне талдау
- Коммерциялық банктер қызметіне талдау
- Коммерциялық банктер қызметіне талдау
- Коммерциялық банктер маңызы мен қызметі
- Коммерциялық банктердің несие саясатының теориялық негіздері
- Коммерциялық банктердің несие тәуекелділіктерін басқару және реттеу
- Коммерциялық банктердің пассивті операцияларын талдау
- Коммерциялық банктердің рейтингін бағалау
- Коммерциялық банктердің рөлі, қызметтері
- Коммерциялық банктерді рейтінгін бақылау
- Коммерциялық банктерді тәукелдерді басқару әдістері