Коммерциялық банктердің несие тәуекелділіктерін басқару және реттеу
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік операциялар – қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің бірі болып саналады және банктік бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген олқылықтар банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman Brothers Barings, Enron, WorldCom, Tyco сияқты ірі банктер мен басқа да корпорациялардың құлдырауына әкелді. Банктер несие тәуекелділігінен сақтанудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның ішінде коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін төмендету мен алдын алудың бірден-бір жолы - қарыз алушы тұлғаның төлем және несие қабілеттілігін дұрыс анықтау. Несие қабілеттілік кешегінің ескірген немесе бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз операцияларының пайда болуымен туындады және несиелік қатынастар орындалған орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін іс деп санаймыз.
Банктер несиелік операцияларды жүзеге асыра отырып, мемлекеттің нарықтық жүйесіндегі қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілерді қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Коммерциялық банктердің несие қабілеттілігін анықтау кезінде айтарлықтай мән бермеген олқылықтары, ертеңгі күні, банктің қаржылық жағдайына, абыройы мен беделіне, серіктестері мен клиенттерінің мүдделеріне кері әсер етуі және нұқсан келтіруі мүмкін.
Бүгінгі күні Қазақстанның коммерциялық банктерінен алынатын таза кірістің шамамен 2/3 бөлігін несиелік операциялардан болатын кірістер құрайды. Несиелік операциялардың жүргізілуімен байланысты несие тәуекелділігі пайда болады. Тәуекелділік банктің қалыптасуының ажырамас бөлігі. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің бір түрі ретінде банктің үнемі назарда тұратын объектісі болып табылады. Несие тәуекелділігін банктік басқару менеджменттің дәстүрлі және классикалық қызметі. Несие тәуекелділігі көптеген эндогендік және экзогендік себептердің үлкен кешенін құрайды. Коммерциялық банктер дамыған бәсекелес несие нарығы бар ортада қызмет етуі және табысты өмір сүруі үшін, несие қабілеттілікті анықтау, бағалау, болжау және қолдану бойынша көп жылдық тарих пен ізденістерге сүйенуі тиіс. Отандық және шетелдік тәжірибеде, оның ішінде несиелік ұйымдардың банкротқа ұшырауының бірден бір себебі несиелік операциялардан туындайтын тәуекелдердің дер кезінде алдын алмау. Несиелік операциялар бойынша несиелік ұйымдардың ғасырға жуық тарихы болғанымен несиелік институттардағы қазіргі жағдай несие қабілеттілікті анықтау әдістерінің кемшіліктері бар және жеткіліксіз дамығандығын анықтады. Қазақстандағы кейбір екінші деңгейдегі банктерге несиелік операцияларға қатысты әр түрлі ықпал ету шараларын қолданудың өзі банктердің несиелік операцияларының дұрыс жолға қойылмағандығының көрінісі. Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілік арқылы банктің несиелік операцияларының сапасын жоғарылату мен коммерциялық банктің табыстылығын арттыру - өзекті мәселе. Ол бүгінгі күннің халықаралық талаптарға жауап беретін мықты әрі сенімді банктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Әр елдегі қарыз алушының несие қабілеттілігін кешенді талдау жүйесінің қалыптасуының ерекшелігі, әр елдің ақша-несие саясаты сияқты саясатымен біруақытта қалыптасып, өзгеріп, толықтырылып, дамуда.
Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген еңбектері «несие тәуекелділігі», «несие портфелі» және «несие қабілеттілік» түсініктеріне анықтамалар беріп, отандық экономиканың дамуына байланысты осы көрсеткіштердің есептелуі мен қолданылуы ұсынылады. Алайда бұл еңбектердің қатарында дағдарыс жағдайында немесе әлемдік дағдарыстың алдын алуда коммерциялық банктердің жүргізетін несиелік саясаты мен қарыз - несие операцияларын басқару және несие қабілеттілікті анықтау арқылы тәуекелді төмендету жолдары мардымсыз ұсынылған. Көптеген еңбектерде теория жақсы мазмұндалғанымен оқырманға тәжірибелік көзқарас пен есептеу жолдарының жетіспей жататындығы, банк клиенті бола алатын әр жеке немесе заңды тұлғалардың несиелеу операциясына қатысу кезінде қандай алғышарттарды біліп, қандай қадамдардан сақтануы қажеттілігі жөнінде экономикалық сауаттылығының нашарлығы бәрімізге белгілі. Осы аталған факторларды банктік несиелеуде ескермеу мүмкін емес, себебі несие тәуекелділігі тек банк немесе несиелеуші ұйым тарапынан болмайды.
Несие қабілеттілікті анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несие қабілеттілігі несие операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несие қабілеттілікті талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.
Зерттеудің мақсаты коммерциялық банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаумен байланысты қызметтердің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу және несие тәуекелділігін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер қарастырылып шешілді:
- қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау мен талдаудың теориялық әдістерін жетілдіру;
- банктердегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдауды әдістемелік қамтамасыз ету мен оны ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында қолданылып жүрген әдістемелік базаны зерттеу;
- дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың жағдайын қарастыру және танымал әдістемелік нұсқаулар негізінде несие тәуекелділігін талдауға байланысты ұсыныс әзірлеу;
- Қазақстанның банктік секторындағы несие тәуекелділігін төмендету әдісі ретінде несие портфелінің статистикалық, аналитикалық және коэффициенттік талдау жолдарын қарастыру;
- Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың неғұрлым ұтымды жолын ұсыну;
- несие тәуекелділік жүйесін басқаруда қолданылатын модельдерді талдау, оның ішінде «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» моделін қолданып, екінші деңгейдегі банктерге жүргізілген талдау жасау тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.
Курстық
жұмыстың құрылымы және көлемі. Курстық
жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады.
1 НЕСИЕНІҢ МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1
Банктік несиенің мәні, құрылымы және
элементтері
Несие-нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтарда пайдаланады.Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау-бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды. Несиенің мәнін ашу - бұл несиенің экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады. Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу обьектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субьектілері болып табылатын элементтерден тұрады.Несиелік мәміледе қатынас субьектілері қарыз беруші және қарыз алшы болып табылады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар ондірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді. /1, 76 б /
Кредитор-несиелік мәміленің
Қарыз алушы – несиелік
- ол қарызға қаражаттардың меншік иесі ретінде болады;
- қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да пайдаланады;
- қарыз алушы өз шаруашылығында шеңбер айналымын қарызға алынған қаражаттарды қайтарады;
- қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар, қарыз пайызын да төлейді;
- қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады; /1, 70 б /
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие: форма әруақытта қандай да бір обьектіге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді. Экономикалық әдебиеттерде, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық және т.б жатқызылады./1,90б/
Несиенің формасы-бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де несие формасы сол күйінде сақталады. /4, 45 б/
Банктік несие-бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез-келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез-келген бағытта қозғала алады. Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.
Банктік және коммерциялық
Жеке капиталды ұдайы өндіріс
тұрғысынан алғанда, бұл
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады.Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың басты мақсаты-пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.
Банктік несие өзінің маңызды
ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір
сандық және сапалық
Банктік несиенің шамасына
Кредитор ретінде банктердің
ролі біршама төмендегеніне
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде, бәрінен бұрын оның, субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.
Сатып
алу-сату процесінде тауарларды өткізу
сатушының олардың ақшалай
Бастапқыда кредитор және қарыз алушы қарапайым қатынастарда болды. Мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне байланысты артық өнімдері бар рулық қауымдастық мүшелері кредитор ретінде көріне алатын болды. Алғашқы өсімқорлар металл ақшадан бұрын пайда болған. Өсімқор - саудагер, көпес тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі уақыттағы банкир болудан бұрын, ол өте үлкен тарихи жолдан өтті. Кредитор ретінде храмдар, қоғамдағы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің едәуір байлықтарын жинақтайтын шаруашылық пен тұтыну мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше банкирлік үйлер болды.
Кредитор - несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарылымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.
Банктердің
құрылуымен кредиторлардың
шоғырлануы жүреді. Банкирлер басқа барлық
кредиторлардың өкілі болады. Банктер
ұжымдық кредиторлар ретінде
бола отырып несиелеу үшін
шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын
ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар
эмиссия жасай алады. Кейбір жағдайларда
босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар
да қарызға беріледі. Коммерциялық несиелеу
кезінде кредитор сатылуға жататын
тауарларды қарыз алушыға береді.
Тауардың жіберілу факті, алайда, жүк жіберушіні кредитор етпейді.
Тауарды жөнелту мен сатудан түсетін түсімінің арасындағы уақыт бойынша үзіліс кредитордың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл үшін тауарды қоюшы эквиваленті төленуінің кейінге қалдырылуына рұқсат берілуі керек. Мына жағдайды ескерте кетейік: кредиторды сатып алу-сату тауарды жіберу мен оны төлеу арасындағы уақыт бойынша үзіліс факты тудырмайды, оны төлемнің кейінге қалдырылуын белгілейтін, төлемді тез арада емес белгілі бір уақыт өткеннен кейін шешетін қосымша келісім тудырады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты.
Қарыз алушы - несиелік қатынастьң, несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы - бір-біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш - міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша ресурстарға деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар өзі еңбектерімен күн көруші ұсақ шаруалар, қолөнершілер болған еді. Өсімқорлық несиенің бар болуының басқа формасы - ақсүйектердің көбінесе жер иелеріне ақшалай қарызды беруі. Банктердің кұрылуымен қарыз берушілердің шоғырлануы жүреді.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы ол несиелік мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ол қарызға берілетін қаражаттардың меншІк иесі болып табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес, бөтен біреудің ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден, қарыз алушы қарызға алынған каражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.
Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті түрде есеп айырысумен коса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс процесін өркендете түсу керек. Төртіншіде, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған кұнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар қарыз пайызын да төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады. Қарыз алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.
Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді, Несиелік қатынастар шеңберінде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін: кредитор карыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.
Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтардың бірлігі сипатында болады. Несиелік катынастың қатысушылары ретінде кредитор және қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында тұрады, Кредитор - қарызды беруші жақ, қарыз алушы - берілген қарызды алушы жақ; бүтіннің шеңберінде олардың әрқайсысының өздерінің ұдайы өндірістегі ерекше жағдайларына байланысты өз мүдделері болады. Кредитор анағұрлым жоғары қарыз пайызына мүдделі болса, қарыз алушы - анағұрлым арзан несиеге мүдделі.
Сондай-ак, несиелік қатынастар кұрылымының элементі, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға қарай кері қозғалаыні объекті болып табылады. Беру объектісіне қарызды құн жатады. Ол кұнның ерекше бөлігі ретінде болады.
Несиелік
қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша
тұтыну кұнына ие. Шынында,
ақшаға немесе тауарға
тән тұтыну құнынан басқа
құн кредитор мен қарыз
алушы арасында қозғалыс жасай отырып,
ұдайы өндіріс процесін жылдамдатудың
ерекше қасиетін алады.
Қарызға
берілген құнньң өте маңызды жағы
- оны авансылану сипаты. Несие, қағида
бойынша, құнның құрылуына мүмкіндік туғызып,
қарыз алушының иелігіне түсу керек. Осы
мағынада несие қарыз алушының шаруашылығында
қарызға алынған құнның жұмыс істеуі кезеңінде
оның жасалуы тиіс табыстарды болжап біледі.
Іс жүзінде қарыз алушы кредиторға несие
беру жөнінде өтініш жасағанда; сол
сәтте қолында еркін ақшалай қаражаттың
болмауынан ғана емес, сонымен қатар ол
табыс алуға мүдделі екендігі және сол
табысты алдағы төлемдер үшін пайдалану
мүмкіндігін ескереді. Сонымен бірге
қаражаттарды авансылаудың кез-келгені
несие болып табылмайды.
Несиенің мәні оның қозғалысының заңдылықтарымен тағы толығырақ ашылады. Төмендегідей түрде несиенің қозғалысын көрсетуге болады: несиені орналастыру (НО) қарыз алушылардың несиені алуы (НА) - несиені пайдалану (НП) - ресурстардың босауы (РБ) - уақытша алынған құнның қайтарылуы (ҚҚ) - несие формасында орналастырылған қаражаттарды кредитордың алуы (ҚА).
Несиені орналастыру (НО) - оның қозғалысындағы маңызды кезең. Кредитор өзінің ресурстары анағұрлым тиімді (рационалды) формада орналастырылғанына сенімді болуы керек. Банктер кредитор ретінде аяқтаушы кезеңнің талаптарына сәйкес несие береді - қарыздың кайтарылуы, демек оның тиімді пайдаланылуы. Қарыз алушының несиені алып (НА) қарызға берілген құнның белгілі бір уақытқа ұсынғанын білдіреді. Несиені пайдалану процесінде (НП) беру объектісі ретінде оның тұтыну құны өткізіледі. Ресурстардың босауы (РБ) қарыз алушының шаруашылық процесінде құнның шеңбер айналымы актінің аяқталуымен сипатталады. Сондықтан несие қозғалысының бұл кезеңі оның шеңбер айналымының келесі жаңа фазасына өтуі үшін материалдық алғышарт болып табылады.
Сонымен, банктік несие-бұл
1.2
Несиенің қызметтері және экономика дамуындағы
рөлі
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылардың назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғары ресімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан-түрлі практикалық және теориялық саудалардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым-қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш күштерін қайта қайта бөлүдің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономистерге несиенің арғы негізін, қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Оның үстіне, әр түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы, әр түрлі түсіндіріледі. Мысалы, кейбір экономистер, несие өнімсіз шығынды көбейтіп өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтіреді, нарықтық экономикаға тән қарама- қайшылықтарды шиеленістіре түседі, сондықтан экономикалық дағдарысты жоймайды, керісінше, оны тереңдетеді, оған тікелей себепші болады деген пікір айтады. Басқалары, керісінше, несие экономиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді дейді. Осындай қарама-қарсы пікірлер орын алған жағдайда істің жәйін түсіну үшін алдымен несиенің қажеттілігі қайдан шығады деген сауалға жауап беруіміз керек.
Несиенің түбірін тауарлы өндірістің пайда болған кезінен іздеу керек, тікелей айтқанда, тауар айырбастау, оның бір қолдан екінші қолға ауысуы, несиелік қатынастың дәл шыққан жері деуге болады.
Қоғам дамуының кейінгі кезендерінде, несиелік қатнастың пайда болып және өркендетілуінің, нақты нақты экономикалық негізін, капиталдың айналымы мен ауыспалы айналымы құрайды.
Өддіріс құрал-жабдықтары, құндық тұлғасында дәл бір уақытта ақшалық, өндіргіш күштері және тауарлық нысанында бола алады. Өндіріс пен айналым процесінде, олар бір нысаннан екінші нысанға ауысып отырады, яғни үзбей ауыспалы айналымда жүреді. Осы ауыспалы айналым үш сатыдан тұрады.
Айналымның бірінші сатысында құнның ақшалай нысаны өндіргіш күші нысанына ауысады, яғни ақшаға өндіріс құрал жабдықтары сатылып алынады.
Екінші сатыда адамның, өндіріс құрал-жабдықтарды пайдаланып істеген әрекеттерінің нәтижесінде дайын өнім пайда болады. Енді өндіргіш күштің нысанындағы құн тауарлық нысанға ауысады. Осы сатыда өндіргіш құралдарының құнына, адам еңбегінің құны, яғни жаңадан пайда болған құн қосылады.

- Коммерциялық банктердің пассивті операцияларын талдау
- Коммерциялық банктердің рейтингін бағалау
- Коммерциялық банктердің рөлі, қызметтері
- Коммерциялық банктерді рейтінгін бақылау
- Коммерциялық банктерді тәукелдерді басқару әдістері
- Коммерциялық банктерің активтері
- Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде
- Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
- Коммерциялық банктердің лзингтік операциялары және оларды жетілдіру бағыттары
- Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары және оларды дамыту бағыттары
- Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы
- Коммерциялық банктердің несиелік операциялары
- Коммерциялық банктердің несиелік операциялары
- Коммерциялық банктердің несие саясатының теориялық негіздері