Коммерциялық банктердің несиелік операциялары
Жоспар:
І. Кіріспе:......................
ІІ. Негізгі
бөлім:
- Несиенің
мәні және қызметі, формалары мен түрлері
және заңдары ..............................
.............................. ............................. 6-бет
- Қазақстан
Республикасындағы несие
жүйесі........................ ..14-бет
- Заңды тұлғаның
несиелік қабілетін бағалау.............
...............16-бет
- Несиелік
қабілетті бағалауды жетілдіру
жолдары..................18-
бет
- Шетел тәжірибесі....................
.............................. .....................20-бет
ІІІ. Қорытынды:....................
ІV. Пайдаланылған
әдебиеттер:...................
Кіріспе
Қазіргі несиелеу жүйесі, қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістеріне негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде, экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Құнның қозғалысы — бұл несиенiң қозғалысының кiндiгiн сипаттайды. Несиелiк Қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал айналымын жатқызуға болады.
Несиелеу процесі, белгіленген мерзімде, сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс-әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан, банк ссудасының берілуі алдын-ала ықпал ететін факторлады оқып-үйрену арқылы, несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
Қарыз берушi — қарызды беретiн несиелiк қатынасының бір жағы. Қарыз берушi — бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.
Қарыз алушы — бұл несиенi алушы және оны қайтаруға міндеттi, несиелiк қатынастың екiнші жағы. Борышқор және қаоыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлі. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдерi кешігуi мүмкiн, бiрақ бұл жерде ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономи- калық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлга.
Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объекті де жатады. Беру объектiсi — бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құнды бiлдiреді
Қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл қарыз алушының, өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы: онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілеті болжанады. Өткен уақыттардағы, қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі, клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушының мерзімі, өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі – банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты ссудасымен байланысты қарапайым тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді.
Несие объективтi қажеттiлiктен
туындаған және ол қоғамдық өндіріс
процесiнде маңызды рөл
Оның көмегімен мемлекеттiң, халықтың,
ұйымдардың және кәсiпорындардың табыстары
мен бос (еркiн) ақшалай қаражаттары жинақталып,
уақытша пайдаланудың төлемiне аударылатын
несие капиталына айналады.
Несиенің мәні және қызметі
Несиенiң мәнiн анықтаған кезде бiрқатар әдiстемелiк принциптердi ұстану керек, несиелердiң барша түрi, формалардан тәуелсiз, оның мәнiн көрсетуi керек:
- несие мәмiлесi тұтасымен
- несиенiң мәнiн талдауда, несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенiң негiзiн қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйiт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты, несие де бір-бiрiмен өзара әрекетке түсетiн бiрнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелiк қатынастың барлық субьектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субьектілерге несие берушi мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бiрге қарастырған жағдайда ғана несиенiң мәнiн анықтауға болады.
Несие берушi — несиелiк мәмiленiң қарыз ұсынатын жағы. Мұны iске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгiлi бiр қоры болуы керек. Ол ақша өзiнiкi болуы немесе басқа бiреуден қарызға алған болуы да мумкiн.
Қазiргi уақытта қарызға ақша ұсынатын негiзгi несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақыша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарыз алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрiнде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиенi тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесiне тартылған ресурстарды қайтаруға мiндеттi. Бұл арада банк бiр жағдайда несие берушi болса, екiншi жағдайда— қарыз алушы болып көрiнедi.
Қарызға алушы — несиелiк қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндеттi жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар карызға ақша алушылар болып табылады. Қазiргi заман талабына сай қарызга алушылар — кәсiпорындар, кәсiпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мумкiн. Алайда, қарыз алушы карызға алынған қаражаттың меншiк иесi болып табылмайды, өндiрiс саласында, айналымда, оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынган ақшадан гөрi, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейiн оны iске асырып, пайдаланғаны үшiн өтемақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейдi.
Несиелiк мәмiледе қарызға алушы несие
берушiге тәуелдi, оған несие берушi өз
талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы
мен несие берушi, несие қатынастарының
толық құқықты жақтары болып табылады.
Олар міндеттi турде қатысуы керек және
бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы
мумкiн. Несие берушi —қарызгер болуы мумкiн.
Несие берушi мен қарызға алушы өзара іс
әрекеттерiнде қарама-қайшылықтың бiрлiк
сипатын көрсетедi. Несиелiк мәмiленiң қатысушылары
ретiнде олар, оның қарама-қарсы жақтарында
тұрады. Олардың мүдделерi де бөлек, несие
берушi неғұрлым жоғары пайыздық несие
бергiсi келеді, қарыз алушыға мүмкiндiгiнше
арзан несие алып, қосымша қаржылар табу
муддесi болады.
Несиенiң экономикадағы орны мен рөлi, оның атқаратын қызметтерiмен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретiнде мынадай қызметтердi атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылыми-техникалық прогресстi жеделдету.
Несиенiң қайта бөлу қызметi, кез келген елдiң, ұлттың экономикасының толық жұмыс жасауына өз үлесiн қосып, несиенiң бұл қызметiнiң көмегiмен экономикалық жүйенiң бiр саласынан екiншi бiр саласына капитал ағымы бола алады.
Несиенiң айналыс шығындарын үнемдеу қызметiнің iс жүзіне асуы, несиенiң экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектiлерiндегi ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық, кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттiлiктi туындатады.
Ал келесі қызметi, яғни несиенiң айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазiргi несиелік шаруашылықтың мұндай орнын алмастыруға, толық мумкiндiк бар.
Капиталдық шоғырлану процесiнің қызметi,
экономиканың тұрақты дамуына жағдай
жасау үшiн маңызды болып табылады. Мұндай
мiндеттердi шешуде, несиенiң бұл қызметi
өндiрiстiң ауқымын ұлғайта отырып, пайда
алуға мумкiндiк бередi.
Несие формалары мен түрлері.
Несие формасы — бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының мәнi мен ұйымдастырылуын синтездейдi, несие қатынасының формасы мен мазмұны диалектикалық жағынан бiртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуi керек.
Таңдап алынған жiктеу өлшемiне қарай несиенiң мынадай ең маңызды формаларын бөлiп көрсетуге болады:
- қызмет ету саласына қарай — ұлттық және халықаралық несие;
- несие мәмілесінің объектiсiне қарай — ақшалай және тауарлық несие;
- несие қатынасының субъектiсiне қарай — банктiк, коммерциялық, халықаралық, тұтынушылық несиелер.
Несиенің
негізгі формалары.
Жоғарыда қарастырылган несие формаларының көптеген түрлерi болады. Несие түрлерi — бұл оның несиелердi жiктеу үшiн пайдаланатын, экономикалық-ұйымдастырушылық белгілерi бойынша ең детальданған сипаттамасы, ягни, несиенiң iс-тәжiрибедегі нақты қосымшасы.
Қазақстанда несие турлерi былайша жiктеледi:
а) несиелеу объектiнiң экономикалық белгiлерi бойынша:
— айналым қаражатын
— негiзi құрал-жабдықты
— ТМҚ аясында шұғыл
— өндiрiстiң маусымдық шығыны аясында берiлетiн несие;
— жол үстiндегi (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында берiлетін несие, аккредитивтер;
— төлем несиелерi.
ә) қамтамасыз етiлуi бойынша:
— жылжымалы және жылжымайтын мулікпен, ТМҚ-мен, кепілдiлiкпен, сақтандыру келiсiмшартымен толық қамтамасыз етiлген;
— iшiнара қамтамасыз етiлген;
— қамтамасыз етiлуi болмайтын
банкiлiк (сенiмдiлiк).
б) қайтарылу мерзiмi бойынша:
— қысқа мерзiмдi;
— орта мерзiмдi;
— ұзақ мерзiмдi.
в) өтелу тәртiбi бойынша:
— бөлiп-бөліп төлеу (мерзiмін ұзарту);
— бір жолғы өтеу;
— кезең сайын (бір қалыпты
емес) өтеу.
г) тәуекелдi деңгейi бойынша:
— субстандартты;
— стандартты;
— күмәндi;
— сенiмдi;
— сенiмсiз;
— ұзартпалы.
ғ) пайыздық мөлшерлемесi бойынша:
— қалыпты пайыздық
— жоғары пайыздық мөлшерлемесi;
— төмен пайыздықмөлшерлемесi;
— пайызсыз.
д) салалық бағыты бойынша:
— сауда-саттық несиесi;
— өнеркәсiп несиесi;
— ауылшаруашылық несиесi;
—құрылыс несиесі.
ж) ашылатын шот турлерi бойынша:
— жай ссудалық шот бойынша несие;
— арнайы ссуда шоты бойынша несие;
— контокорренттiк шот бойынша несие;
— овердрафт бойынша несие;
— несие желiсi бойынша несие.
Несиенiң айрықша түрiне жылдам сатылатын мулiкпен немесе құқықпен қамтамасыз етiлген, қысқа мерзім ссуда мөлшерi бойынша тiркелетiн ломбардтық несие жатады.
Ломбардтық несиенi негiзгi әр алуан турлерiне кұнды қағаз кепiлдiгiмен, тауар кепiлiдiгiмен, талап кепiлдiгiмен берiлетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша шектеусiз пайдалана алады.
Жаңартпалы несие (ағл. Revolve- айналыста болу, кезең сайын ауыстырып отыру) - ссуда капиталының ұлттық және әлемдiк нарықтарында жаңғыртпалы несие. Ол белгiленген берешек лимитi шегiнде және өтеу мерзiмi шегінде, несие келiсiмiне қатысушы елдер арасында қосымша келiсімсiз автоматты түрде берiледi.
Несие желiсi қарыз алушының алдындағы
несие ұйымының оған несие келiсiмшартының
белгiленген әрекет ету кезеңi iшінде
белгілі бір мақсатқа және келісілген
мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан
рәсімделген міндеттемесі. Несие желісінің
ашылуы, несие беруші мен қарыз алушының
ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын
білдіреді.
Несие заңдары.
Несие заңдарын бiлу және соның негiзiнде тиiмдi несие механизмiн ретке келтiру өндiрiс қорларының айналыстары мен айналымдарының бiркелкi еместiгiне байланысты бос тұрған қаржыларды орынды пайдалануға мумкiндiк бередi.
Несие заңдарына ең алдымен Несие заңының пайда болуы жатады. Ол несие қатынастарының пайда болуы мен қарыз беру қорының құрылу қатынастарын бiлдiредi.
Несиенiң пайда болу заңының экономикадағы тауар-ақша қатынастарының жұмыс iстеуi жағдайында ғана әрекеттiк күшi бар. Нақты несие қатынастары шаруашылық байланыстары баламалық және тепе-теңдiк қатынастарға негiзделген экономика салаларында ғана туындайды.
Егер шаруашылық субъектiсiнiң өзi атқарып отырған жұмысының нәтижесi үшiн нақты материалдық жауапкершiлiгi болмаса, несиелiк қатынастардың дұрыс жұмыс iстеуiнiң, несиенiң қайтарылып келетiндiгiнiң кепiлдiгi болмайды. Несиенiң пайда болу Заңының бұзылуы экономикадғы қарама-қайшылыққа және инфляцияға әкеп соқтырады.
Несие заңдарының басқа да экономикалық заңдар сияқты жалпыламалық, объективтiк, қажеттiлiк, өте маңыздылық, нақтылық сипаты бар.
Несие заңдарының өзiнiң қозғалыс заңдары іспеттес көрiнiсi бар. Жоғарыда анықтағанымыздан, несиелік қатынастар тартылған құндылықтар несие берушiден қарыз алушыға өтiп, қайта қайтқанда пайда болады, яғни несие тұрақты түрде қозғалыс үстiнде болады. Егер ол бiр буында тоқтап тұрып қалса, өзiнiң мәмiн жоғалтып, несие болудан қалады, Сондықтан несиенiң қозғалысы объективтi, қажеттi, маңызды, жалпыламалы, нақты дуние. Яғни, несиенiң қоғалысы оның аса маңызды сипаты, өмiр сүруiнiң заңы.
Несие заңына тән Заң - оның қайта айналып құйылу заңы. Несиенi басқа экономикалық құндылық категорияларынан бөлектеп тұратын белгiсi мен ерекшелiгi — қайта айналып кұйылушылығы. Егер тарылған құндылық бастапқы субъект несие берушiге қайта айналып келмейтiн болса, онда өзiнiң мәнiн жоғалтып, жеке экономикалық категория ретiндегi несие боп аталудан қалады.
Тарылған құндылық өзi шыққан пунктке қайта оралып келу ушін белгiлi бiр жумыс iстейдi, яғни ұдайы өндiрiс процесiне қатынасады, пайызын өсiру ушiн уақытша пайдалануға берiлген бастапқы мөлшерiн қайта қайтаруға (қаржыларды босатады) өзiндiк мүмкiндiктер жасайды. Бұл процесте: объективтiлiк, қажетттілiк, жалпыламалық және т.б. экономикалық талаптардың барлық белгiлерi бар. Осы аталған Заңмен тікелей байланысты несие заңы — тарылған құндылық заңы. Тарылған құндылық несие берушiден оны алуға дейiнгi жолда өзiнiң тұтынушылық ерекшеліктерін (өндiрiс құралдарына қарағанда), сондай-ақ құндылығын жоғалтпайды да, өзінің айналымдарына бастапқы тепе-теңдік түрiн сақтап, жаңа айналымға түсуге дайын екендiгiмен бастапқы пункке (несие берушіге) қайта оралады. Және бұл ретте өзiнiц бастапөы сапасын, әрi жоғары мумкiндiктерiн жоғалтпайды.
Несиенiң қарастырылған заңдары мен олардың
ерекшелiктерiн танып бiлудiң тәжiрибелiк
маңызы бар. Олардың бұзылуы: ақша айналысын
тұрақсыздандыру, экономикадағы ақша
массасының ұлғаюы сияқты аса күрделi
экономикалық қиындықтарға ұшыратады.
Ұлттық валютаның сатып алушылық құндылығын
кемiтедi, инфляцияға келіп соқтырады және
т.б.
Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі.
Несие жүйесi — жалпы банктердiң (ұлттық және коммерциялық) және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiк емес мекемелердiң жиытығы.
Несие жүйесi ұғымы банк жүйесiне қарағанда кеңiрек, яғни мұнда өзге де несиелiк мекемелер қамтылады. Әр елдiң өзiндiк ерекшелiгiне қарай несие немесе банк жүйесiнiң құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелiк жүйе екi буыннан тұрады: бiрiншiсi — банктiк жүйе, ал екiншiсi — парабанктiк жүйе (банктiк емес мекемелер). Қазақстан Республикасының несиелiк жүйесiнiң құрылымы мынадай сызбамен берiлген.
Келтірілген
сызбаға енген несие
| |
Иерархия деңгейі | Мекеме аты | Бөлімшелер аттары | Мекеменің қызметі | |
|
Банк жүйесі |
І |
Ұлттық банк |
Орталық аппарат.
Ұлттық банктің басқармасы |
1.Ақша айналысын
және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды
ұйымдастыру.
2.Үкіметке несие-есеп айырысу қызметін көрсету. 3.Алтын-валюта резервін басқару. 4.Ақша-несиелік реттеу. | |
| ІІ |
1.Екінші деңгейлі
банктер 2.Мамандан-ған банктер |
Орталық аппарат
Филиалдары. Өкілдік. Еншілес банкі. Бөлімшелері |
Клиенттерге несие-есеп
айырысу қызметін кешенді түрде
көрсету. Банк көрсететін қызметтің жекелеген түріне ғана маманданған | ||
| Парабанк жүйесі |
ІІІ |
Банктік емес мекемелер | Орталық аппарат
Филиалдары. Өкілдік. |
Манманданған несие-есеп айырысу және қаржылық қызмет көрсету | |
| IV |
Пошта-жинақ мекемелер | Орталық аппарат
(АҚ Қазпошта) Бөлімшелері |
Халыққа несие-есеп айырысу қызметін көрсету, ұсақ салымдарды тарту. |
Банктердiң саны жылдан
жылға азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың
саны 200-ден асты, сөйтiп банк жүйесiн реформалау
нәтижесiнде олардың саны 35-ке дейiн (06.2003
ж.) қысқарды. Жалпы банктер қатарында
мемлекеттiк банктер (мемлекеттiң 100% қатысуымен
құрылған) саны — 2. Қазақстанның банктiк
секторында шетел капиталының қатысуы
кеңейе түсуде, олардың саны — 16, яғни
жалпы банктер санының жартысына жуығын
алады. Ал банктiк емес мекемелер санының
керiсiнше, өсiп келе жатқандығын байқаймыз.
Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау
Әлемдік және отандық банктік тәжірибеде, қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерилерін бөліп қарайды:
- Қарыз алушының мінездемесі;
- Қаражатты қарызға алу қабілеті;
- Ағымдағы қызметі барысында, қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкінділігі);
- Қарыз алушының капиталы;
- Несиенің қамтамасыз етілуі;
- Бақылау (қарыз алушы қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына ссуда сипатының дәл келуі).
Қарыз алушының мінездемесі деп – оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несие мақсатының, банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды тұлға ретінде беделі, оның сол кездегі ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестіктерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі, олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты
қарызға алу қабілеті – қарыз
алушының несиеге өтініш беріге, несиелік
келісім-шартқа қол қоюға немесе
келіссөздер жүргізуге
Қарыз
алушының несиелік қабілетінің ең негізгі
критерилерінің бірі – оның қарызды
өтеу үшін, ағымдағы қызметінің жүргізілуі
барысында қаражыт табу қабілеті
болып табылады.
Қарыз алушының капиталы – оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерийі болып саналады. Оны бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы зор:
- Оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапынан, жарғылық қордың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы коэффициенті негізінде талданады;
- Несиеленетін операцияларға меншікті капиталдың жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншік капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторлады қадағалап отыруға мүмкіндік туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі – қарыз алушының активтерінің құны және несиелік келісім-шартта көрсетілетін қарызды өтеуде, екінші қосымша көздерінің болуы. Мұндағы қосымша көздер – қарыз алушыға, қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепіл-хат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражатының жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.
Несиелік
операциялар жасалатын
Соңғы критерий – бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескертеді: Қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдағы күтілетін өзгерістер, қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және ссуда туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты ссудалардың сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?
Банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерилері, несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:
- Іскерлік тәуекелді бағалау;
- Менеджментті бағалау;
- Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
- Ақша тасқынын бағалау;
- Қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;
- Қарыз алушының жұмысын қадағалап отыру.

- Коммерциялық банктердің несие саясатының теориялық негіздері
- Коммерциялық банктердің несие тәуекелділіктерін басқару және реттеу
- Коммерциялық банктердің пассивті операцияларын талдау
- Коммерциялық банктердің рейтингін бағалау
- Коммерциялық банктердің рөлі, қызметтері
- Коммерциялық банктерді рейтінгін бақылау
- Коммерциялық банктерді тәукелдерді басқару әдістері
- Коммерциялық банктердің қызметтері және операциялары
- Коммерциялық банктердің қызметтері мен мақсаттары,олардың баланстары мен операцияларының негізгі түрлері
- Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
- Коммерциялық банктердің лзингтік операциялары және оларды жетілдіру бағыттары
- Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары және оларды дамыту бағыттары
- Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы
- Коммерциялық банктердің несиелік операциялары