Коммерциялық банктерді тәукелдерді басқару әдістері
Мазмұны
Кіріспе.......................
І бөлім. Несиелендіру экономика салаларын қаржыландыру көзі ретінде.
1.1 Несиенің экономикалық мәні және ролі, қызметтері мен түрлері....................5
1.2 Несиелендіру
экономика салаларын қаржыландыру көзіретінде...................
1.3 Экономика
салаларын банктік
ІІ бөлім. «БТА Банк» АҚ-ның ұйымдық- экономикалық сипаттамасы
2.1 «БТА Банк» АҚ-ның
құрылу тарихы........................
2.2 «БТА Банк» АҚ-ның
ұйымдық сипаттамасы...................
2.3 «БТА Банк» АҚ-ның
экономикалық сипаттамсы....................
ІІІ бөлім.
«Kaspi Bank» АҚ – ның экономика салаларын
несиелендіру механизмі және оны жетілдіру
жолдары.
3.1 «Kaspi Bank» АҚ – ның экономика салаларына несие беру тәртібі.……… .31
3.2 «Kaspi Bank» АҚ – ның сауда саласын несиелендіру……………………......32
3.3 Өндіріс саласын
несиелендіру..................
3.4 Қазақстандағы
шағын және орта бизнес субъектілерін
несиелеу: кедергілері және дамуы мен
жетілдіру жолдары ..............................
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер тізімі........................ .............................. .........................42
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, нарықтық экономикаға жол ашты. Еркін экономика кезінде, алғашқы жылдары әлеуметтік – экономикалық нарықтық қатынастарда әр түрлі қиындықтарды, дағдарыс кезеңін бастан өткерді. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда – экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түскінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселерінің бірі, қаржы – қаражат саласындағы нарықтық кезеңге бейімді, тұрақты несие жүйесінің құрылуы болып табылады.
Қолда бар ақша – қаражатсыз кәсіпорындар аяқтан тұра алмайды. Сондықтан, қолма – қол ақшасыз дамып кетудің бір жолы — банктік несиелерді кеңейту . Олар арқылы шағын, орта, ірі инвестициялық жобаларға банктерден қысқа, орта және ұзақ мерзімді несиелердің қолайлы пайыздық қойылымдарымен қанағаттандыру керек.
Несие жүиесі – жалпы банктердің (ұлттық және комерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.
Несие жүиесі ұғымы банк жүиесіне қарағанда кеңірек , яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады .Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүиесінің құрылымы қалыптасады .
Экономиканың нақты секторындағы сырттан тараған қаражат — қазіргі Қазақстан қоғамының ең бастапқы тапсырмасының бірі болып табылады. Осыдан банктік жүйенің дамуы мен тиімді жүйелерінен экономика секторының барлық салаларының дамуына ықпал етеді.
Несиенің түрі — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен қарыз
алушылар арасындағы
Несие құрылымында мерзім
Экономика
нақты секторын несиелеудің
Банктік несиенің дамуы экономикалық өсімді қаржыландырудың негізгі факторы боып қатысады. Қазіргі уақытта елімізде әлемдік тұрғыда өндірісті несиелеуге оңтайлы жағдайлар жасалуда, бірақ олар қолдануда өте шектеулі. Бұл банктік жүйе мен несиелеудің дамуына кедергі келтіретін факторлармен байланысты. Сол факторлар экономиадағы құрылымдық қайта құруды тежей отырып, банктік сектордан шығатын несиелік және валюталық тәуекелділікті күшейтеді.
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Шаруашылық субьектілерді салалық спецификаны ескеріп банктік несиелерді ұйымдастыру». Сондықтан бұл курстық жұмыста несиенің мәні, әлеуметтік-экономикалық мазмұнын, несиелендірудің экономика саласындағы рөлі қарастырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – шаруашылық субьектілерді салааралық несиелендіру, сонымен қатар шаруашылқ субьектілерді несиелендіру жүйесін жетілдіру жолдарымен таныстыру .
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, осы жұмысты жазуда келесідей міндеттер қойылады:
- Несиенің ұғымын ашу және несиелендірудің экономика саласындағы ролімен таныстыру;
- «БТА Банк» АҚ банкінің ұйымдық –экономикалық сипаттамасымен таныстыру;
- Экономика салаларын несиелендіруді дамуы мен кедергілері.
І
– бөлім. Несиелендіру
экономика салаларын
қаржыландыру көзі ретінде.
1.1 Несиенің
экономикалық мәні және ролі,
қызметтері мен түрлері.
Несие - өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы элементі, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, ұлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар –ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы – алынған несиені өндірісітік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ – кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері арасындағы бірегей ұдайы өндіріс процеснің субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді.Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатыларын береді. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды; оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы – қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды ұқсастығы олардың бір атауымен – «несие» бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез –келген халық шаруашылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан – қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.
«Функция» («қызмет») деген сөз латынның «functio» - деген - «атқару» «жүзеге асыру» деген мағынаны білдіреді. Несиенің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады. Қызмет несиенің мәнімен өзара тығыз байланысты; қызметінің атқаруындағы қарым қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды. Қызметтің несие мәні сияқты объективті сипаты бар. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында несие барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет - қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс. Несие мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытудың да өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады, яғни қызмет несиелік қатынасқа бүтіндей қатысты. Несие қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытудың сипаттайды.
Несиенің ұдайы өндіріс
Айырбас фазасына бөлу (өндіріс нәтижелерін бөлу) қатынастарының сәтін айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан, несиелік қатынастарды да дәл осыған жатқызуға болады. Сондықтан несие бөлу категориясы бола отырып, айырбас белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке де ие. Мұның өзі несиенің қызметіне тән екендігін көрсетеді.
Несие туралы теорияда, оның атқаратын қызметінің саны мен мазмұны жайлы орныққан біркелкі көзқарас жоқ. Біреулер екі ( қайта бөлумен айналымның несиелік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған екеуінен бөтен бақылауды қосады), үшіншілер - төрт (және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыру бөліп көрсетеді) көзқарастарды атайды. Ал, жекелеген авторлар несиенің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттардың жинастыру т.б. деп түсіндіреді.
Несиенің бақылау қызметі:
Өндірістік қорлар айналымның
жанама түрлері бойынша
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді.Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрлымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі.Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де,несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Экономикалық әдебиетте,әдетте несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: комерциялық және банктік.
Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыларға усынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.
Ол
оның иесіне белгілі бір уақыт
өткеннен кейін, борышқордан вексельде
корсетілген ақшалай соманы талап
етуге құқық береді. Коммерциялық
несиенің шектелген денгейі бар.
Біріншеден,ол жұмыс істеп тұрған
капиталистердің резервтік
Екіншеден,
коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша
шектелген: оны өндіріс құралдарын
шығаратын салалар осы
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі – аясы тар мақсат емес, ол сатып алу- сату келісіміне қосақталып жүреді.
Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғарғы мерзімі 90 күнге белгіленеді.
Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие – қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорынның қарызға береді.
Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналымына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлауына қызмет етеді.
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу.
Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы, банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.
Несиенің тағы бірнеше формалары бар. Олар: тұтыну несиесі, ипотекалық несие, мемлекеттік, халықаралық несие.
Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие.
Ипотекалық
несие – жылжымайтын
Мемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы.
Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
Несиенің
түрлері бұл белгілі бір
Түрдің формадан айырмашылығы - диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсунуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады. Осыған байланысты несие түрлері төменгідей жіктеледі:
- Мерзімдері бойынша:
а) Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
ә) Орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
б) Ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары).
2. Несиелеу объектілері бойынша:
а) Негізгі қорларға берілетін несие;
ә) Айналым қорларына берілетін несие.
3. несиелеу әдістері бойынша:
а) Қалдық бойынша несиелеу;
ә) Айналым бойынша несиелеу.
Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарында айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері бар. Мысалы: Тұтыну несиенің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халық аралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:
- несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық несиелер;
- Экономикалық мазмұны бойынша: сыртқы сауда операцияларымен байланысты коммерциялық және қаржылық кез келген мақсат үшін пайдаланылады (қарызды өтеуге, бағалы қағаздарға инвестициялау);
- несие субъектілері бойынша: жеке, үкіметтік және халықаралық қаржылық ұйымдар беретін;
- Мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.
1.2 Несиелендіру
экономика салаларын қаржыландыру
көзі ретінде.
Шағын кәсіпкерлікпен
Шағын кәсіпкерлік
Қазақстан Республикасында «Казкоммерцбанк» АҚ-мы кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларға несие беру бағдарламасын жүргізеді. Сондай-ақ, тауар айналымын өсіру, айналым капиталын толықтыру, көрсетілген қызметтер көлемі немесе өндіріс көлемін ұлғайту, машина сатып алу, құрылғылар, шикізаттар мен материалдар, құрылыс және қозғалмайтын мүлікті жөндеуден өткізу сияқты кәсіпкерлік қызметтер субъектілерін несиелендіреді. Несиелендіру қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті кепілге алу барысында жүргізіледі. Несие мөлшері 500 АҚШ долларынан 30000 АҚШ долларына дейін 12 айға, ал пайыздық ставка мөлшерінде айына 2- 2.6 % мөлшерінде беріледі.
Халықтық Жинақ Банкі орта
және шағын бизнес
Ал БТА Банкін алатын болсақ, несиелендіру бағдарламасы құрылысқа және қозғалмайтын мүлікті жөндеуден өткізуге, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге, айналым капиталын толықтыруға, сауда келісімдерін жүргізуге, материал және шикізаттар сатып алуға, машинамен жабдықталуға жүргізіледі. Несиелендіру сомасы 30000 АҚШ долларынан 200000 АҚШ долларына дейін беріледі. Пайыздық ставкасы 1,33-2,16 % мөлшерінде. Мерзімі 4 айға дейін. Кепіл ретінде қозғалмайтын мүлік, құлылғылар, автотранспорт, жеке мүліктер, тауарлық запастар алынады. Сондай-ақ, жеке тұлғаларды микронесиелендіру бағдарламасын жүргізеді. Несие сомасы 500-30000 АҚШ долларына дейін. Мерзімі 2-13 айға дейін. Пайыздық мөлшерлемесі 1,75-2,33 % шетел валютасында, 2,33 - 2,75 % теңге мөлшерінде.
Сонымен қатар, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕБРР) ірі масштабты жобаларды тікелей қаржыландырады, орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарды қаржыландырады. Қаржыландыру негізінен несие түрінде жүргізіледі. Қазіргі кезде Еуропа Қайта Құру және Даму банкі Қазақстан Республикасындағы кіші бизнесті қолдауға атсалысып, шағын бизнесті несиелендіру бағдарламасын жүргізеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты шағын кәсіпорындарға қысқа және орта мерзімдік несиемен қамтамаыз ету. Несие жолағының көлемі 775 миллион АҚШ долларына шақ келеді. Сондай-ақ, бағдарламаның негізгі тапсырмаларының бірі болып, шағын кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге өз бизнестерін дамыту үшін тұрақты қаржыландыру көздерін ашу табылады. Бағдарлама айналым капиталын толықтыруға, шикізат сатып алуға, қосымша құрылғыларды сатып алуға шағын инвестициялар тарту, автотранспорт, өндірістік ғимараттар, ғимараттарды жөндеуден өткізу, қаржыландыру сияқты несиелендіру түрлерін жүргізеді. Бұл бағдарлама несиенің үш түрін жүргізеді:
1. micro (10000 АҚШ долларына дейін) 12 айға дейін теңгеде және шетел валютасында жүргізіледі;
2. Largt-micro (10000-нан 30000 АҚШ долларына дейін) 12 айға теңге бірлігінде, шетел және теңге бірлігінде 18 айға дейін жүргізіледі;
3. small (30000-нан 125000 АҚШ долларына дейін) теңге бірлігінде 12 айға, шетел және теңге бірлігінде 30 айға дейін жүргізіледі.
Осы
бағдарлама бойынша, сондай-ақ
«Алматы Сауда-Қаржы банкі», «Тұран
Әлем банкі» АҚ, «Центркредит
банкі», «Казкоммерцбанкі», «
Қазіргі
таңда, шағын бизнесті жүргізуде несиенің
орны маңызды болып табылады. Президентіміздің
биылғы Жолдауына байланысты шағын кәсіпкерліктің
дамуы экономикалық және әлеуметтік жағдайға
өз әсерін тигізеді. Сондықтан, кәсіпкерлікті
дамытуға байланысты әртүрлі несиелендіру
көздері қарастырылып жатыр.
1.3 Экономика салаларын
банктік несиелендіру мәселелерінің ғалымдардың
еңбектерінде қарастырылуы.
Көптеген ғалымдар өркенияты базарлы экономиканың материалдық және әлеуметтік базасында ұсақ, сондай-ақ, орташа бизнес тиімді қызмет көрсетеді деп санайды. Олар жеке меншікке негізделген шаруа қожалығы ғана ауыл экономикасын өркендетеді десе, басқалары ірі шаруашылықтардың басымдылығын алға тартады, үшіншілері осы және басқа да меншік пошымдарын мойындайды. Бірақ шаруашылықты басқарудың кез-келген пошымы, орнықты экономикалық орта қалыптасқанда ғана табысты жұмыс істей алады, яғни меншіктің барлық пошымы үшін бірдей базар шарттарын орнықтырып, нағыз бәсекелестікке жол ашудың маңызы зор. Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы олып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Шағын кәсіпкерлік мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын жұмсалмайды.
Қазақстан Республикасындағы
Кәсіпкерлік әлемдік қоғамдық дамудағы барлық кезеңдеге қатысты болып табылады. Ортағасырлық араб ойшылы Ибн-Хальдун (1332-1406 жж) кәсіпкерлікті меншікпен, еңбекпен, адамның қабілеттілігімен сәйкестендіре отырып зерттеген. Батыс Европада кәсіпкерлікті оқып білу физиократтар иелігінде болған. Ф.Кенэ «Экономикалық кестеде» басты орынды жер иелері - кәсіпкерлеріне берген, яғни «егер де кім жерді жалға алса, ол ауыл шаруашылығын жоғары өндірістік дәрежеде көрсетеді»,-дейді. Кәсіпкерлік түсінігінің дамуы одан кейін физиократтар түсінігінде А.Тюргоның еңбегінде көрсетілді. Оның схемасында қоғамның өндірістік тобының міндеттілігі қарапайым жұмысшыларға еңбекақы төлейтін, аванс беретін капиталистерге немесе кәсіпкерлерге түсті. Ж.Б.Сэй «Саяси экономия трактатында» кәсіпкерді «қандай да бір өнімді өзінің меншігіне және өзінің есебіне әкелуге іс-әрекет жасайтын тұлға» ретінде сипаттады. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлікті тәуекел факторына, ал кәсіпкерді өзіне пайда келтіру үшін тәуекелге баратын адам деп көрсетті. Кәсіпкерлікті дамытудағы қажетті шарттардың бірі деп ол өндіріс факторларын қозғалысқа келтіретін (табиғат, еңбек, капитыл) адамның білімі деп есептеді.

- Коммерциялық банктерің активтері
- Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде
- Коммерциялық банктер қызметіне талдау
- Коммерциялық банктер қызметіне талдау
- Коммерциялық банктер қызметіне талдау
- Коммерциялық банктер қызметіне талдау
- Коммерциялық банктер қызметіне талдау
- Коммерциялық банктердің несиелік операциялары
- Коммерциялық банктердің несие саясатының теориялық негіздері
- Коммерциялық банктердің несие тәуекелділіктерін басқару және реттеу
- Коммерциялық банктердің пассивті операцияларын талдау
- Коммерциялық банктердің рейтингін бағалау
- Коммерциялық банктердің рөлі, қызметтері
- Коммерциялық банктерді рейтінгін бақылау