Коммерциялық банктердің активті операциялары



<h1>Банктік ісі</h1>

<h1>Курстық жұмыс</h1>

<h1>30</h1>

<h1>2010</h1>

<h2> Коммерциялық банктердің активті операциялары </h2><h3>

ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

 

І КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ  4

1.1 Коммерциялық банктердің  активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні  4

1.2 Коммерциялық банктердің  активті операцияларының жіктелуі 7

 

ІІ ЕЛІМІЗДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ  ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР 19

2.1 Еліміздегі коммерциялық  банктердің несиелік операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы 19

2.2 Лизингтің операциялардың  дамуы көрсеткіштері 21

2.3 Бағалы қағаздармен  операцияларға анализ 23

2.4 Қазақстан Республикасындағы  коммерциялық банктердің есеп  айырысу операцияларының даму мәселелері  26

 

ҚОРЫТЫНДЫ 29

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30

</h3> 
<h4>КІРІСПЕ

 

Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың  тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада  экономиканы реттеуде және тұрақты  дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының бағыттарын, элементтерін және экономиканы  тиімді дамыту, инфляция деңгейін төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын  Ұлттық банктің өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен бірлесе отырып атқарады.

Коммерциялық банктер  сонымен қатар экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында   қаржы делдалы қызметін атқарады. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.  </h4>

Осы айтылған коммерциялық банктер  қызметі ішіндегі олардың активті  операцияларының орны ерекше. Активті  операциялар негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.

Осыған орай мен курстық  жұмысымның тақырыбын несие және банк жүйесінің негізгі буыны  және олардың қызметтерінің басым  орындаушыылқ бөлігін іске асыратын коммерциялық банктердің активті операцияларының  өзектілігіне байланысты «Коммерциялық банктердің активті операциялары» деп алдым.

Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым коомерциялық банктер нарықтық шаруашылықта қаржы делдалы ретінде тікелей экономика салаларымен қызмет етеді және коммерциялық банктердің активті операциялары барысында барлық шаруашылық механизмдер тиімді ұйымдастырылып, реттеліп және  дамып отырады.

Енді осы аталған  активті операциялардың маңызы мен  мәнін, олардың қызмет ету механизміне  және еліміздегі атқарылып жатқан активті  операциялардың бүгінгі таңдағы даму барысына толығымен тоқталып өтсек.

 

 

<h4>І КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ

 

1.1 Коммерциялық  банктердің активті операцияларының  экономикалық маңызы мен мәні

 

Коммерциялық банктер  нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.  Өз қызметінің үрдісінде,  олар ақша нарығында тауар болатын,  жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды.  Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.</h4>

Коммерциялық  банктер – нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруащылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады. Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Енді коммерциялық банктер туралы кеңірек танысу үшін олардың қызметтерін қарастрырайық:

Ақша  қаражатын шоғырландыру және тарту  қызметі – банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі.  Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалуы мүмкін.

Коммерциялық банктердің  атқаратын келесі қызметі - несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынылатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзіммен сай келмеуі. Коммерциялық банктер қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әр түрлі секторларына беріліп , өндірістің кеіеюін қамтамасыз етеді.

Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан банктің келесі қызметі шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізудің ролі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.

Коммерциялық банктердің ерекше қызметі құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немес азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі.

Коммерциялық банктер  акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарып және орналастыру эмиссиялық – құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады.

Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметін де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айрылғандардың мүлкін уақытша басқару; ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару және т.б. қызметтер көрсету болып табылады. Ал компанияларға көрсететін қызметтері : банктің облигациялар бойынша кепілші болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансферттерді тіркеу үшін өкіл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарады.

Экономикалық мағлұматтарды  өзіне жинақтауы банктердің клиенттеріне кеңес беру қызметіне мүмкіндік туғызады. Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу ; есеп-несиелік және кассалық қызметкөрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргізуге дейін нұсқау береді.

Осы аталған қызметтердің негізгі бөлігі, яғни несие беру қызметі, есеп айырысу – делдалдық  қызметтері, бағалы қағаздар шығару және оларды орналастыру қызметтері  коммерциялық банктердің активті операциялары негізінде жүргізіледі.

Еліміздегі банктік жүйе екі деңгейлі екенін білеміз, яғни соның екінші деңгейіндегі коммерциялық  банктер халық шаруашылығы мен Ұлттық  банк  арасындағы негізгі  қаржы делдалы болып табылады . Қазіргі  кезде коммерциялық  банктер өз  клиенттеріне  200-ге  жуық  әр  алуан  операциялар  мен  қызметтер  көрсете  алады. Мұндай  кең  көлемді  операциялар коммерциялық  банктерге өз  клиенттерін  сақтай  отырып  қолайсыз  жағдайдың  өзінде де  пайдалы  жұмыс жасауға  септігін  тигізедігіне байланысты .

Банк  қызметін – банк пен  клиент  мүддесі  үшін   белгілі  бір  іс  әрекеттрді  орындауын сипаттауға  болады. Қазіргі  кезде негізгі  дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар  тарту мен қарыздар  беру  жатады. Банктер өз пайдаларының  көп бөлігінің  осы  операциялар  бойынша  пайыздық  операциялардан  алады .

Коммерциялық  банктер  желісі  ақша  нарығының қалыптасуына  ықпал етеді, ал  заңды және  тұлғалардың мемлекетке  уақытша бос ақша  қаражаттарының  болуы және  экономика мен халықтың  қысқа мерзімдік  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  пайдалану  ақша  нарығының  экономикалық  негізі  болып табылады.

Коммерциялық  банктер  негізінен өз  клиенттерінің  шаруашылық  қызметтеріне  қызмет  көрсетумен байланысты  несиелік  есеп  айырысу  және  қаржылық  операциялардың  барлық  түрімен  айналысады. Бұл операциялар коммерциялық банктердің активті операцияларының мәнін ашады.

«Қазақстан Республиксындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңға сәйкес коммерциялық банктер мынадай операцияларды орындай алады: 

  1. клиенттер мен банк корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет жүргізу;
  2. қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
  3. инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
  4. заңда көрсетілген тәртіппен бағалы қағаздарды шығару;
  5. төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
  6. банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді  көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
  7. коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру;
  8. клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау, орналастыру және бағалы қағаздарды басқару)
  9. лизингтік операцияларды жүзеге асыру және тағы басқа опреациялар.

Активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.

Коммерциялық банктердің активті операцияларының негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

<h4>1.2 Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі

 

Активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін  қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде  бар ресурстарды орналастыруды  жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі  банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.

Қазақстан Республикасының активтік банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:</h4>

    • Несиелік операциялар;
    • Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
    • Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
    • Кассалық операциялар
    • Делдалдық-комиссиондық операциялар.

Банктің активтік операцияларының  маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік  ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.

Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылығы бар. Несие – банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастардың бір жағы. Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші  субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және халық жатады.

Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастардың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құн.

Несие түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін нсеиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атйды.  

Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді. Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – пайыз түрінде табыс алу.

Несиелер берілу шартына қарай келесі түрлерге бөлінеді:

      • Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
      • Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрған үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
      • Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
      • Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі;
      • Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие;
      • Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі;
      • Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие;
      • Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие;
      • Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттеге берілетін несие;
      • Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Мысалы, бұл несие ауыл шаруашылығында жиі кездеседі.

Жалпы қорытындылай келе,  банктер несие беру барысында несиелік саясатты іске асырады. Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жұйесін жасау шарттары.

Банктің инвестициялық операциялары – несиелік опеарциялардан кейінгі орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырдың мақсаттарына банкке табыс әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру.

Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

      • Мемлекеттік бағылы қағаздар;
      • Корпоративтік бағалы қағаздар.

Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған  активтерінің басым бөлігін мемлекеттік  бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер  бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.

Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін  өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да  орналастыруы дамы пкеле жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:

    1. Акциялар;
    2. Облигациялар;
    3. Депозиттік және жинақ сертификаттары;
    4. Ипотекалық куәліктер;
    5. Депозитарлық қолхаттар.

Осылардың ішінде бүгінгі таңда  инвестициялық операциялардың негізгі  бөлігі акция мен облигация негізінде  дамып отырғаны белгілі.

Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке  табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.

Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске және сауда саттыққа арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Лизингтің несиеден айырмашылығы келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің банктік меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтеуін сипаттайды.

Қаржы лизинг – уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығарумен немесеөзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері келесідей.

Лизингтің қарапайым несиеден келесідей артықшылықтары бар:

  • Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады;
  • Лизинг 100%-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
  • Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады;
  • Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігіне болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.

Лизинг операцияларының кемшіліктеріне келесілер жатады:

  • Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан ештеңе ұтпайды;
  • Ұйымдастырудың күрделілігі;
  • Лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет.

Енді жалпы лизингтік операциялардың типтік сипатын анықтайтын келесі схеманы көру арқылы лизингтік бизнестің іске асуын анықтайық. Оны келесі суретен көре аламыз:

 

4

 

 

Сурет-1 – Лизинг қатынастарының типтік схемасы

 

 

Мұндағы сандармен берілген байланыстардың мәндері келесідей:

  1. лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы лизинг келісім шарты;
  2. лизинг компаниясы мен жеткізуші кәсіпорын арасындағы сатып алу-сату келісім шарты;
  3. лизинг беруші банктердің арасындағы несиелік қорытынды;
  4. жабдықтаушы кәсіпорынның құрал-жабдықтарды лизингтік компанияға өткізуі;
  5. лизинг беруші фирмалардың жеткізуші кәсіпорындарға алған құрал-жабдықтарының құнын төлеуі;
  6. лизинг беруші мен сақтандыру компаниясының арасындағы келісімдерді сақтандыру щаралары;
  7. лизинг алушының лизинг берушіге  тұрақты төлеп отыратын төлемдері;
  8. лизинг берушіге банктік несиелерді қолданғаны үшін пайыздық қойылымдар;
  9. лизинг берушілердің мемлекеттік жергілікті бюджетке төлеп отыратын төлемдері және лизингтік компанияны қолдаааау мақсатындағы мемлекеттік жеңілдіктер мен көмектер.

Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі – факторинг.  Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болын сипаттайды. Факторинг – клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90%-ға дейін төлеу шартымен сатып алады. Факторингтің мақсаты кез-келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіруін шешуге бағытталады.

«Фактор» сөзі ағылшын тілінен «factor», аударғанда «маклер, делдал» деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда бұл – делдалдық операция. Факторинг – жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Келісімшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттері өздерінің қарызын өтегеніне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктік кепілдеменің арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктік кепілдеме бойынша банк өзінің есебінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.

Факторинг операциясы бүгінгі таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап, нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.

 

Факторинг операциясына үш тарап қатысады:

  1. Факторингтік компания (банктік факторинг бөлімі) - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
  2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші)  фактоинг компаниясымен келісім шарт жасасушы өнеркәсіптік мекеме.
  3. Кәсіпорын (қарыз алушы) – тауарды сатып алушы фирма.

Фактоинг мәмілесін ұйымдастыруды келесі суреттен көре аламыз.

 


     Өнімді төлеу Құжаттарды төлеу


 


 

Төлем  құжаттарын  Төлем  қабілетін

                               сатып алу        талдау

 

      Жабдықтаушы           Тауарды жабдықтау                Сатып алушы


 

 

Сурет-3– Факторинг  ұйымдастыру сызбасы

 

 

 Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж. Халықаралық факторинг туралы конвенция бекітілген. Халықаралық факторинг туралы  кез-келген келісімшарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:

  • Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
  • Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының  шоттарын бухалтерлік жағынан өңдеу;
  • Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
  • Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау. 

Факторингтік операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуға тиіс. Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:

  • Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;
  • Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойыша;
  • Банктің несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;
  • Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімдерінің міндеттемелері бойынша.

Факторинг пен форфейтинг операциялары өзара  ұқсас болып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы – форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді. Сондай-ақ экспортердің форфейтингтік қызметі орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелеумен байланысты болса, ал факторингке несие беру мерзімі небары 6 айды құрайды.

Форфейтинг  – бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.

Форфейтинг мәмілесіде үш қатысушы болады:

  1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді кезеңге несиеге беруші;
  2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
  3. Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.

Форфейтинг мәселесі 4-ші суретте көрсетілген.


 1


 2


 3


5 6

 6 7


 

 

 

Сурет-4 – Форфейтинг мәмілесінің техникасы

 

Мұндағы, 1 – мәмілеге қатысушылар арсында келісімшарт жасалады; 2 – тауарын несиеге береді; 3 – аудармалы вексельді (5-7 жылға) жазып береді; 4 – аудармалы вексельді қайта сатады; 5 – аудармалы вексельді есепке алады; 6 – мерзімі жеткенде төлеуге ұсынылады; 7 – вексель бойынша міндеттемесін өтейді.

Форфейтинг механизмін мынадай екі мәміле түрінде пайдаланады:

  1. Қаржы мәмілесінде – орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арада іске асыру мақсатында.
  2. Экспорттық мәміле бойынша – шетелдік сатып алушыға несиеге тауар бергені үшін экспортерға қолма-қол ақшамен түсім түсуге ықпал ету мақсатында.

Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда – 7 жыл.

Коммерциялық банктердің активті операциялары