Коммерциялық банктер. 3
Кіріспе
Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс табылады. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктың кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекеттік несиелеуге беріледі.
Коммерциялық банктерде меншіктік капиталды қалыптастыру банк қызметінің алдындағы бірінші міндеті. Меншікті капитал бәрінен бұрын қаржылық ресурстардың көзі. Ол құрылтайшылар банк қызметінің бастапқы сатысында бірқатар бірінші кезекті шығындарды жүзеге асырған кезде қажет.
Сонымен бірге банктер мен ақша қаражаттарын тарту үшін шығарылатын комуналдық облигациялар әртүрлі мемлекеттік заңды тұлғаларға қарыздар бойынша талаптардың қамтамасыз етілуі болады. Бұл бағалы қағаздар қатаң өсім ақылы және әдетте оның 25 жылға дейінгі мерзімде шығарылады.
Коммерциялық банктер бағалы қағаздарды нарықта сата отырып, қайта сатып алу операциясын (репо) жасайды. Бұл банктердің өтімділігін реттеу үшін ақша нарығында қаражаттарды қысқа мерзімді жүмылдыру үшін өте икемді және ыңғайлы тәсілі.
Несиелік
ресурстар – ақшалай
Несиелік
ресурстар – банктік жүйенің
арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттар
жиынтығынан тұрады. Несиелік ресурстар
пассивтік операциялар
Банкаралық займдар – банктің ресурстық потенциалының тұрақтылығын қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі. Банкаралық несиелеу банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады және негізінен қысқа мерзімді сипатта болады.
Банкаралық
займдар ерекшелігі мынада: біріншіден,
банкаралық ресурстар банкаралық ақша
нарығынан тартылады, екіншіден, банкаралық
несиелерді тарту клирингтік орталықтағы
корреспондеттік шоттардың
Қазіргі
банктердегі несиелеу жүйесінің
басты ерекшелігі тек қана тартылған
және меншікті қаражаттарға ғана байланысты
емес сол сияқты клиенттерді несиелеуді
жүзеге асыратын коммерциялық банктер
үшін ұлттық банк бекіткен нормаларға
және пруденциялық нормативтерге байланысты
келеді.
1
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ
НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1
Несие: оның мәні,
мазмұны
Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады. Біріншіден, оның техникалық заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер тұрғысынан. Бұл екеуі бір – бірінен бөлінгісіз, бұлар өзара байланысты және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің эканомикалық мазмұны яғни өндірістік қатынастардың белгілі формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастардың өзі болып табылады.
Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық – заңдылық белгілері жағынан тауарлар айналысы процессін жүзеге асыратын мәміленің белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында техникалық немесе құқықтық категория ретінде танылады. Несиені құбылыстардың экономикалық мазмұны ретіндегі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында экономикалық ғылым категориясы ретінде қабылданады. Несие теориясы оны техникалық - заңдылық категория ретінде емес, қоғамдық – экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның формальді - заңдылық белгілері жағынан оқып білудің несиелік мәмілені тек меншіктің қозғалысы әдісінің ерекше түрі ретінде түсіну үшін маңызы бар. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік мәміленің ерекше техникалық - заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды. Осылайша, несие - өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық категория. Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи категория екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір дамуында пайда болады.
Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер сферасынан емес, тауар иелері, экономикалық қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға ретінде бір – біріне қарама – қарсы тұрған айырбас сферасынан іздеу қажет.
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процессінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады. өндірістік қатынастар өз жиынтығында қоғамдық қатынастар, қоғам аталатындарды құрайды және сонымен қатар тарихи дамудың белгілі бір сатысында тұрған, өзіне ерекше сипаты бар қоғамды құрайды. Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген неселік қатынастар жекелеген тұлғалар мен кәсіпорындар, кәсіпорындар мен мемлекет, мемлекет пен тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтарының арасындағы тауарлар айналысы сферасында пайда болады. Айналыс сферасы немесе тауарлар айналысы өндірістік қатынастармен анықталады. Осылайша белгілі бір өндіріс белгілі бір тұтынуға, үлестіруге, айырбасқа және осы әр түрлі жағдайлардың бір – біріне белгілі бір қатынасына себепші болады. Өндіріс жағдайындағы айырбас құнның немесе меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы тәрізді әр түрлі тәсілдерімен жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп аталатын тауар айналысының бір формасы болған мәміле типі болып табылады. Тауар айналысының мұндай формасы өндірістің ерекше шарттарымен анықталады, осы себептен тауарлардың иеліктен шығаруылуы уақыт бойынша олардың бағасының өткізілуінен бөлініп қалады . Бұл шарттар мынаған байланысты: «тауарлардың бір типі өз өндірісіне көп уақытты, ал басқа түрі анағұрлым аз уақытты талап етеді. Әр түрлі тауарлардың өндірісі жылдың әр түрлі мерзімімен байланысты. Бір тауар өз нарығында пайда болса, басқасы алыс нарыққа сапар шегуі қажет. Сондықтан әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып алушыдан бұрын сатушы ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілелердің бір тұлғалардың арасында жиі қайталануы кезінде тауарларды сату шарттары олардың өндіріс шарттарымен реттеледі. Екінші жағынан , тауарлардын белгілі бір тарапын пайдалану, мысалы дейді, белгілі бір уақыт аралығына сатады. Бұл жағдайда сатып алушы тек мерзімі кеткеннен кейін ғана шын мағнада тауардын тұтыну құнын алады. Сондықтанда ол тауарды төлемі төлегеннен бұрын алады».
Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың бір формадан басқа формаға ауысуымен тұйықталмайды, қозғалыс олардың ұдайы өндірісінің процесі, капиталдардың шеңбер айналымы болып табылады.
Капиталдардың үнемі
Өндірістік капиталдардың жүйелі түрде бір формадан басқа формаға айналуы, сонымен қатар олардың үнемі шеңбер қозғалысы, капиталтардың шеңбер айналымы және айналымы барлық жерде бірдей емес; әрбір нақты жағдайда олар өндірістің тауар айналысының ерекшеліктерін қамтып көрсетеді. Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың шеңбер айналымы шегінде үздіксіздігімен ерекшелінеді. Олардың қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттардың құйылуы және кері қайтуы, ресурстарда және оларды жабатын көздерде қажеттілердің толқуы байқалады. Мұны функционалдық формаларының өзгерісіне қарай негізгі, содай – ақ айналым капиталдарының да қозғалысына байланысты байқауға болады.
Тауарларды жөнелту мерзімі, оларды өткізуден түсім алу мерзімімен әрқашан сәйкес келе бермейтіндігі белгілі. Бұл көбінесе тауар өндірісі орынын көп жағдайда алыс орналасуына сонымен бірге, тауарларды өткізу нарығынан бұл алшақтың едәуір болуы және уақытша бос ақшалай қаражаттарға деген қосымша қажеттілікті тудыруы мүмкін. Біріншеден, қоғам босатылған ресурстардың бекерге доғарылуын болдырмауға, екіншіден, ұдайы өндірістің үздіксіз жүзеге асуына мүделі болады. Өндіріс уақытымен айналыс уықыты арасындағы сәйкес келушілік құндық субстанциясы бар жиынтық ұлттық өнім қозғалысына қатысты . Босатылған жиынтық ұлттық өнім құнының барлық бөліктерінің - «С», «V» және «М» - өнімдері болуы мүмкін. Мысалы: жалпы экономика көлемінде өндірістік процесінде жұмсалған өндірістік құралдарын қалпына келтіру бірден жұмсалмайды: амортизациялық аударымдар жинақталады, бос ресурстар өз қозғалысында тоқтап қалған жғне өнімді пайдалануды талап ететін құндар түрінде тұрып қалады. Ұдайы өндірістің объективті процестеріне байланысты құн өндірісте толығымен қатыспайтын «V» - да да осындай көрініс байқалады, оның кейбір бөлігі уақытша пайдаланылмайды жғне ақшалай формада банктегі шоттарда тұрып қалады. Әрине, бұл қоғамдық өнім құнның уақытша босатылған бөлігі несиеге негізделіп жинақталады, қарыз ақша түрінде өз қозғалысын жалғастырады. Мұнан басқа «М» түрінде жаңадан жасалған құнның бөлігі де несие арқылы қайта бөлу сферасына тартылуы, несие қозғалысына құндық сипат беруі мүмкін. Тауар шаруашылығы жағдайында өндірістік капиталдардың (негізгі және айналым) шеңбер айналымы және айналымы несиенің объективті қажеттілігін толық түрде түсіндіре алмайтынын атап өту керек. Уақыт бойынша капиталдың шеңбер айналымының кеңістікте бір қалыпты еместігі тек қаражаттардың бір буынында босатылуы және басқа буында оларға қажеттіліктің бар болу фактын сипаттайды. Демек, тауар шаруашылығында капиталдың шеңбер айналымы және айналыиында несиелік қатынастардың пайда болу мүмкіндігі қаланған.
1.2
Коммерциялық банктердің
несиелік операциясына
сипаттама
Несиелеу жүйесі несиелік процесті ұйымдастыруды және несиелеу приницптеріне сай оны реттеуді анықтайтын элементтер жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Қазіргі несиелеу жүесінін құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
· несиелік қызметті реттеуге бағытталған заңдармен нормативтік-актілер
· несиелік саясат
· несиелік механизм
· несиелеу техникасы
Қазіргі несиелеу жүйесі банктін ресурсына негізделеді. Бүгінгі жағдайдын бұрынғы әрекет еткен жүйеден айырмашылығы - ол уақытта несиелі мекемелер өздері жоғарыдан берілген несиелік ресурстар мен ғана жұмыс жасаған болатын. Шынында да төменгі банктер мен жинақталатын ресурстар КСРО Мемлекеттік банкі басқармасында орталықтандырылған түрде жинақталып қайтадан сол орындарға несиелеу лимиті түрінде қайта беріліп отырыған. Сондай несиелеу шегінде, сол немесе басқа аумақтың клиенттерін несиелеген. Банк бөлімшелерінін ол уақыттарында қаражат жинақтау деген ешқандай да мүдделері болмаған және олардын активтері пассивтерінен тәуелсіз болған. Қазіргі несиелеу жүйесі басқа негізде құрылған, яғни берілетін несиелердін көлемі толығымен банкттердін тартылған қаражаттарын байланысты. Бұл берілетін несиелердін ауқымынын, сонымен қатар несиелік мекемеде қалыптасатын пайда мөлшерін көрсетеді.
Қазіргі несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудін тек кәсіпорыннын қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана маңызды емес. Сонымен қатар несиелік мекеменін рентабельдігін арттыру үшін де несиелеудін маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның: «арзанға сатып алып қымбатқа сату» принципі орын алады. Бұл әрине клиенттердің несиелері мен депозиттеріне сол сияқты банк аралық несиегеде тиісті.
Қазіргі несиелеу жүйесінін басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, ҚР ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты, басқада нормативтер, ол ішінде коммерциялық банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резевтер түрінде ең ірі несиелер көлеміне байланысты шектеу, банк балансынын өтімділігің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері де бар.
Қалыптасып отырған қазіргі несиелеу жүйесінің келесі маңызды ерекшелігі, бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі болып табылады. Бұрынғы несиелеу жүйесі объектіні несиелеуге ғана негізделгендігі бізге белгілі. Тауарлы – материалдық құндылықтар қоры және өндірістік шығындардың болуы несиені алуға кұқық берді де, ссуданың қайтарылу барысына терең талдау жасалмады, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына автаматты түрде кепіл болады.
Жаңа
несиелеу жүйесі дәстүрлі және
өзіндік ерекше принциптерге негізделеді,
оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз
ету қағидалары, сол сияқты
несиенің ақылық сипаты да
ескеріледі. Сонымен қатар, олардың
бір қатарының мазмұны түбірімен
өзгерген. Бұдан бірнеше жылдар
бұрын жақсы және жаман жұмыс жасайтын
кәсіпорындар категориялары өмір
сүріп, несиелеуде дифференцирленген
режим қолданылған. Кәсіпорынды
бағалау негізінде олардың жоспарлы
көрсеткіштерін орындау дәрежелері
жатқызылды. Бүгінгі таңда қалыптасқан
жүйе несиенің уақытында қайтармау
тәуекелін төмендететін клиенттің
несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ
коммерциялық банк қарыз алушыны
төлем қабілетінсіз деп жариялай
отырып, оны қайта ұйымдастыру және
тарату туралы сұрақты қоюға
құқылы.
Несиелік саясат банктың несиелік қызметтерінің міндеттерін оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай - ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат, несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады. Несиелік саясат - бұл банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.
Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысыннан қарастыруға болады.
Тар мағынасында, несиелік саясат бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысында банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Барлық банктер үшін бірдей несиелік саясат болмайды. Әрбір банк, елдегі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайды ескере отырып өзінің меншікті несиелік асясатын анықтайды. Несиелік саясатты жасау барысында банктер олардың қызметтеріне тікелей әсер ететін көптеген факторларды талдайды. Ол ардың ішінде макроэкономикалық, яғни нақты бір банктің жұмысына ықпал ететін факторлар болады. Несиелік саясат банктің қызметтерінің міндеттері мен маңыздылығын, бұлардың іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай - несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртіптерін анықтайды. Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелік процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндетемелерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің бір ережелерін тәжірбиеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ержелері несиелік процессті жүргізудің негізін құрайды. Несиелік саясат банк қызметкерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға кісіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, техникалық қайта қаруландыруға, ғылыми техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.
Несиелік саясат жүйелі түрде қайта өңделіп, банк жүйесіндегі және банк ішіндегі өзгерістерді ескере отырып толықтырылады. Сондықтан да, несиелік саясат пен соған сай стандарттар мен нұсқаулықтардың мазмұны нарық конъюктурасындағы өзгере отырып түзеледі.
Несиелік саясатты іске асыру формалары.
Іс
жүзінде несиелік саясатты іске
асыру тәсілдері мен әдістерін
белгілі бір формада, яғни соған
сай келетін төмендегідей
үш құжат түрінде көруге
болады:
1. Несиелік саясат;
2. Несиелеу стандарты;
3. Несиелеу нұсқаулықтары.
Сондай – ақ аталған үш құжатты ерекше бір құжатта – «несиелік саясат бойынша жетекшілік ету» - біріктіруге болады. Онда несиелік саясат несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарламары анықталады. Несиелеу стандарты бұл банкте несиелік қызметі жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелік нұсқаулық - несиелеу процедурасын іске асырудың алгоритмін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді. Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтін нақты бір бағыттарына жатады.
Несиелеу шарты – несилеудің басты элементтеріне яғни несиелеу субъектілері мен объектілеріне және несиенің қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптарды білдіреді. Несиелеу шарты, біріншіден, несиелік мәміле жасайтын екі жақтың мүдделерін ескереді. Банктер шаруашылық қажеттілігін мүдделеріне сай клиенттің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады. Несиелеу шарты, сондай – ақ несие беруші банктердің мүдделері қорғалуын көздейді. Несиелеу шарты, екіншіден несиелеу принциптерінің сақталуын талап етеді. Егер клиент аталған принциптердің біреуін бұзатын болса, онда несиелеу мғмілесі жасалмайды. Несиелеу шарты, үшіншіден, банктің коммерциялық мүддесі сақталатын негізде жүзеге асырылады. Несиелеу ақылы түрде жүргізіледі. Оның ақысы көбінесе несиелік тәуекелге, Орталық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейіне нарықтағы несиеге деген сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына байланысты анықталады. Несиелеудің төртінші шарты банк пен қарыз алушы арасындағы жасалатын несиелік келісімді қамтиды. Несиелеу несиелік мәмілеге қатынасатын тараптардың міндеттерімен құқықтарын экономикалық жауапкершілігін көздейтін келісім негізінде іске асады. Соңғы бір несиелеу шарты екі жақтың өз ара қарым- қатынастарының жоспарлануын қамтиды. Банктегі жоспарлау объектісіне берілетін несиенің соммасы, оның қайтарылатын мөлшері несиелік операцияларға байланысты табыстар мен шығыстар жатады. Несиелік процесс қарыз алушыны алынған несиені уақытылы жғне толық қайтаруын, сондай-ақ ссудалық пайызды төлеуді алдын ала қарауда өндірістік жғне қаржылық мүмкіндігін соған сай реттеп отыруға міндеттейді.
Сонымен, несиелеу шарттарын төмендегідей түрде жеке қарастыруға болады:
· несиелеудің басты элементтеріне қойылатын талаптардың сақталуы;
· несиелік мәміле жасаушы екі жақтың мүдделерінің сәйкес келуі;
· несие беруші банк пен қарыз алушының өз міндеттемелерінің болуы;
· несиелеу принциптерінің сақталуы;
· кепілдің іске асырылу мүмкіндігі және кепілдеменің болуы;
· банктің коммерциялық мүделерінің қамтамасыз етілуі;
· нес
Несиелік механизмнің экономикалық мазмұны. Қазіргі несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді. Нарықты экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізгі және құрылымы бойынша объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді. Несиелік механизм сипатының объективтігін айта отырып, екі элементті: несиені және несиелік механизмді бір-бірінен бөліп қарау дұрыс емес. Соңғысы несиенің бейнелейтін қатынастарынан алыс жатпайды, яғни олардың нақты бір қабатын құрайды. Несиелік механизм несиелеуді экономикалық- ұйымдастыру қатынастарын белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді. Мұндағы буын ретінде несиелік объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтің қызметінің өзара іс әрекеті түсіндіріледі. Демек, несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік іс-тәжірибиені сипаттайтын процесске жақын немесе оның үстінде қалыптасады. Осы тұрғыдан, кейбір мамандар несие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан оқып біле отырып, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмұнын, оның қызметтерін талдаудан несиелеу механизіміне өтеді. Сондай-ақ қазіргі несиелік миханизмнің басқа да экономикалық механизмдер сияқты, мынадай құрылымдық элементтері болады:
· несиенің түрлері;
· несиелеу объектілері;
· несиелеу субъектілері;
· несиелеу принциптері;
· несиелеу
тәуекелді басқару:
Несиенің түрі - бұл несиелік қатынастар құрылымының олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол қалпында сақталады. Іс жүзінде несиенің екі формасы болады: товар және ақша. Ал, несиенің жекелеген түрлеріне келсек, олар несиенің осы екі формасының қолданылуы барысында қалыптасады.
Несиелеу субъектілері мен объектілері. Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәміліге қатысушы тарапынан оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың бірі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер, банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал, қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез – келген заңды жғне жеке тұлғалар жатады. Несиелеу объектісі – бұл несиенің пайдалану заты яғни несинің іске асырылу аясы деп түсіеуге болады. Қазақстанның банктік тғжірбиесінде қысқа мерзімді несиелеу объектісіне «экономиканы қысқа мерзімді несиелеу» ережесіне сәйкес, банк несиесі есебінен құралатын өндірісті айналым қорлары мен айналыс қорларының бір бөлігі жатады. Несиелеу объектісі материалдық құндылықтар өндіріс және айналыс шығындары түрінде сол сияқты егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикі зат қорларын, негізгі жғне көмекші материалдарды, жанар май, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер тағы да басқа материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты.

- Коммерциялық банктер
- Коммерциялық банктердегі депозит нарығының қалыптасуы мен құрылымы
- Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру
- Коммерциялық банктердің активтерін басқару
- Коммерциялық банктердің активті операциялары
- Коммерциялық банктердің активті операциялары диплом жұмысы
- Коммерциялық банктердің активті операцияларының маңызы мен мәні
- Коммерциялык банктер
- Коммерциялык банктердін инвестициялык кызметі
- Коммерциялык банктер операциялары
- Коммерциялық банк
- Коммерциялық банк
- Коммерциялық банк қызметтері
- Коммерциялық банктер