Коммерциялык банктердін инвестициялык кызметі

Мазмұны:

 

Кіріспе…………………………………………..………………………..…...........3

 

I.Инвестициялық қызметтің экономикалық  маңыздылығы............................4

1.1.Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы........................................4

1.2.Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері..…................................7

 

II.ҚР коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі.................................11

2.1.Коммерциялық банктердің инвестициялық операциялары.........................11

2.2.ҚР-дағы инвестицияны басқару...............................................................16

 

III.Коммерциялық банктердің ивестициялық қызметін дамыту.......................20

3.1.Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың факторлары................................20

3.2. Инвестициялық қызметті жетілдіру жолдары.............................................23

 

Қорытынды…………………………………...…………….……................…....29

 

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………….....….……….....30

 

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

     Қазақстанда заңға сәйкес , инвестиция деп, кәсіпкерлік іс әрекет және басқада пайда әкелетін іс әрекет обьектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады.

    Инвестициялық қызметтің қатысушылары- жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы әңгіме коммерциялық банктердің инвестициялыққызметіне қатысты./1/

    Банктердің инвестициялық қызметі деп, банктердің салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағадарға ақша қаражаттарын салу.     Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы коммерциялық  банктердің инвестициялық қызметінің экономикадағы ролі, коммерциялық банктерді нарықтық экономиканың бір буыны ретінде қарастыру.

    Инвестициялық қаржының негізгі формаларына мыналар жатады:отандық және сыртқы экономикалық көздерден ұзақ мерзімді несие бағалы қағаздар имиссиясы тікелей және портфельді шетел инвестициялары, лизинг, франчайзинг, факторинг және фарфетинг. Сонымен жаңа мемлекеттік инвестициялық саясат қазіргі нарықтық төңірегіне экономика жағдайында шешуші рол атқаратын инвестициялық қаржыландырудың негізгі бюджеттен тыс көздердің мобилизациясын жасау қажет.

     Банктің  инвестициялық қызметі инвестициялық  саясат көмегімен жүзеге асырады.  Инвестициялық саясаттың негізгі  мазмұны қаражат жасау үшін  біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфельдің құрылымын оңтайландырудан тұрады.

     Банктердің  инвестициялық саясаты – банк  қызметінің тұрақты жұмыс жасауын,  нәтижелігін немесе пайдалығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамассыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығы .

    Курстық жұмыс  үш бөлімнен тұрады:

    Бірінші бөлімде «Инвестициялық қызметтің мәні, пайда болуы және принциптері» талдау туралы теориялық жағынан шолу жасалады.

    Екінші бөлімде «Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің инвестициялық қызметіне» талдау жасалады.

    Үшінші бөлімде «Инвестициялық қызметті жетілдіру жолдары» қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Инвестициялық  қызметтің экономикалық  маңыздылығы.

 

1.1 Ивестицияның  пайда болуы және даму тарихы

   Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.

    Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.

   Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді. /5/

    "Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:

    Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.

 Бұл - акцияны сатып  алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.

 Инвестиция дегеніміз  – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік  және басқа да қызмет түрлері,  объектілері, ақша қаражаттар  технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.

    Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

    Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.

   Енді қаржыны кімдер салады ? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.

   Инвестицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.

   Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.

   Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам.

   Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.

    Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.

     Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.

   Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады.

     Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:

1)шетелдік инвесторлардың  қызметімен байланысты әкімшілік  рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу  құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан  өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама  беру болып табылады.

2)елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер, инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация.

3)жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;

4)пайда әкетіліміне  үкімет кепілдіктерін немесе  оны қайта 

 капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.

  Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде    

   Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық "Мооdy′s Investors Service" рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.

   Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі уақыт ішінде Қазақстанның халықаралық ұйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ доллары көлеміне жеткен.

 

 

 

1.2.Инвестициялық  қызметтің мәні мен принциптері

Инвестиция дегеніміз  – бұл халық шаруашылғына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және қеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал – жабдықтардысатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы обьектілерді салуғ жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағазды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімдік банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады. Жеке мемлекеттік, шетелдік инвестициялар инвестицилық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс - әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқықтары қорғалады.

Банктердің инвестициясы деп, ақша қаражаттарын банктердің өздерінің  бастамашылығымен табыс алу мақсатында, белгілі бір мерзіміне ақшалай  қаражаттар салу. Банктердің инвестициялық  қызметі деп, банктердің салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан бір қатар айырмашылығы бар. Біріншіден, қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен қолданылады, ал инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын, салыстырмалы ұзақ мерзімде ақша қаражаттарының ағымын қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Екіншіден, несиелеу кезінде бастамшылық қару алушыдан болған, ал инвестиция кезінде – несие берушіден (банктен) болады. Үшіншіден, несиелік мәміле нақты несие беруші мен қарыз алушы арасында жасалады, ал инсветициялау нарықта міндетті қызметті қарастырады.

Коммерциялық банктердің инвестициялық қыметінің мақсаты  – қаражаттадың сақталуын қамтамасыз ет, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету. Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді. Ұлттық экономиканың көптеген макро пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнсиандық теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.

   Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.

   Инвестиция көзі – жинақ. Мәселе мынада, жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субьектілер жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады. Алада бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдық жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда жинақшы мен инвестор сәйкес. Алайда , бір мезгілде кәсіпкер де, жұмыскер де бола алмайтын жалдамалы жұмысшының жинағының ролі едәуір, сондықтан жинқ пен инвестициялау процестерінің сәйкес келмеуі экономиканың тепе тендіктен ауытқуына әкелуі мүмкін.

    Инвестиция қандай факторлаға тәуелді? Олардың ең маңыздыларын атап өтейік. Біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабльділігіне тәуелді. Егер инвестордың пікірінше рентабельділік төмен болса, онда қаржылндыру жүзеге аспайды. Екіншіден (мұның өзі бірінші жағдаймен байлаысты) нвестор шешім қабылда кезінде күрделі қаржының альернативті мүмкіндіктерін есепке алады және мұндағы шешуші фактор процент ставкасының деңгейі болады. Инвестор ақшасын жаңа зауыт, фабрика құрылысына жұмсауы мүмкін, немесе ақша ресурстарын банкке орналастыруы да ықтимал. Егер процнет нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса, инвестиция жүзеге аспайды, керісінше, егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса кәсіпкерлер күрделі қаржыны іске қосады.

Сонымен, инвестиция процент ставкасының қызметі де, ал жинмқ – табыстың қызметі. Демек қазіргі кейнсиандық концепцияның мәні мынада болады: инвестиция мен жинақ қозғалысы, әр түрлі факторлармен анықталады.Жинақ пен инвестиция теңдігін талдау графигіне әлі ораламыз, бірақ басқаша жағдайда.Ал қазір инвестициялық процеске ықпал ететін жағдайларды анықтауды жалғастырайық.

Үшіншіден, инвестиция сол  елдегі немесе аймақтағы салық салудың  деңгейі мен ахуалына тәуелді. Салық  деңгейінің жоғары болуы инвестицияны ынталандырмайды, сонымен қатар салықтың қандай ставкасы жоғары немесе төмен деп үзілді – кесілді  айтуға да  болмайды.

Инвестициялардың, жинақ  пен табыстың өзара әеетін анықтаушы  маңызды макроэкономикалық пропорцияларды былайшы сипаттауға болады:

Y=C+I  яғни, ұлттық табыстың пайдаланылған бөлігін тұтыну (С) және жинақ (І)  шығындарының сомасына  тең. Мұнда тұтыну табыстың қызметін атқарады, яғни C=C(Y). Екінші жағынан, өндірілген ұлттық табысты былайша көрсетуге болады Y=C+S, мұндағы S – те (жинақ) табыс қызметін атқарады (тұтынуға бейімділік пен жинаққа бейімділік графигін еске түсіру керек), олай болса S=S(V) .

Сонымен егер C+I=C+S болса, онда I=S, инвестиция қызметі r:1=1(r), болады да, жинақ қызмет V:S=S(V) болады.

I(r)=S(V) ңдігі экономикада жиынтық  ұраныс пен жиынтық ұсыныс арасындағы тепе – теңдік үін белгілі бір пропорцияларды сақтаудың маңыздылығын көрсетеді. Мәселенің күрделілігі мынада, жинақ пен  инвестиция, бұрын атап өткендей, әр түрлі факторлаға тәуелді: «жинақтың табыстан», «пассивті» тәуелділік тенденциясы байқалады, ал үнемі өзгеріп отыратын инвестиция динамикалы өсудің дербес (автономиялық)  факторларына тәуелді./20/

Енді жинақ пен инвестицияның  тепе – теңдігі жағдайындағы ұлттық табыс деңгейін анықтайық. Графикалық талдауды қолдана отырып, кейнсиандық концепцияның  I=S түсіндіруінің классиктер теориясынан айырмашылығынан қарастырайық. Ілгері айтар болсақ, инвеитицияны мүдделендіру ісінде мемлекет өте маңызды рөл атқарады.

Екіншіден, классикалық модель рынокпен біте қайнасқан икемді баға тетігін  қолдайды. Кейнс бұл пікірге сенімсіздікпен қарады, оның ойынша кәсіпкерлер өз өнімдеріне сұраныстың төмендеуіне байлаысты бағаны төмендетпейді. Олар өндірісті қысқартады, жұмысшыларды жұмыстан шығарады, нәтижесінде әлеуметтік – экономикалық   қайшылықтар шиеленісіп, жұмыссыздық барлық жерде етек алады да, рыноктык механизмнің «көрінбейтін қолы» тұлақты түрде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ете алмайды.

Үшіншіден, жинақ классиктердің  теориясы көрсеткендей, процент деңгейі  ғана  емес, табыстың да қызметі.

Сонымен қоғам көлеміндегі өзара байланысты тауарлар мен қызмет көрсету рыноктарының тепе – теңдігі, яғни жиынтық сұраныс пен ұсыныстың өзара теңдігі жинақ пен инвестицияның тепе – теңдігін сақтауды талап етеді. Инвестицияның процент қызметін, ал жинақтың табыс қызметін атқаруы тепе – теңдік мәселесін сақтауды  өте қиындатады.

Макроэкономикалық тепе теңдік мәселесін ұғыну үшін қисық қисығын жүргізудің маңызы зор, себебі ол ақша рынгында орын алатын заңдылықтарды ескеру үшін қажет.

Ойткені нақты рыноктағы яғни тауарлар мен қызмет көрсету рыногындағы тепе теңдікті көрсетеді. Алайда мәселені толық түсіну үшін ақша рыногының тепе теңдік шарттарын білу қажет.

Осы кезге дейін біз ұлттық табыс  деңгейін жинқ пен инвестиция тендігі  негізінде талдау арқылы анықтап  келдік. Алайда, табыс деңгейінің тепе тендігінің анықтаудың басқа да әдістері бар, мысалы, тұтыну мен инвестиция әдісі арқылы.Ұлттық табыс деңгейін анықтау әдісінің графиакалық түрін былай көрсетуге болады. Ілгеріде тап кеткендей, ұлттық табыс екі бағытқа пайдаланылады: тұтынуға және инвестицияға, яғни V=C+I. Жиынтық шығындаға жеке тұтыну және өндірістік тұтыну шығындары жатады. Экономика тоқырау жағдайында болса, тұтынуға бейімділік жоғары болмайды және ұлттық табыс деңгейін шығыс пен кіріс тепе – теңдігіне сай нүктесінде орналасады. Алайда жеке тұтыну шығындарына инвестицияны қосатын болсақ, СС қисығы тіке жоғары көтеріледі де,С+І сызығының орнын басады.

Инвестицияның ұлғаюы ұлттық табыстың осуі мен белгілі бір тиімділік  арқылы жұмыспен толық қамтуды іс жүзіне асыруға ықпал етеді. Белгілі бір тиімділік деп отырғанымыз- мультипликатор әсері деп аталады.

Инвестициялық саясат – экономиканың салаларына және сферасына салынған капиталды пайдалануына бағытталуын  сипаттйтын шешімдер мен халық шаруашылығындағы әдістердің жиынтығын білдіреді. Инвестициялық саясаттың негізгі мақсаттары нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде ресурстарды өңдеу капитал салымы арасында қатынастардың оптимизациясы, ҒТП жеделдететін халықтың жағдайын жақсаруын қамтамасыз ететін салаларға капитал салымын қайта тарату, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы.

Экономиканың құрылымын реформалауы  Қазақстанның болашағы мен келешек  мүмкіндіктерін есепке ала отырып, этап бойынша мемлекеттік инвестициялық  саясат негізінде жүзеге асырылды.

Жинақтаудың жеткіліксіз деңгейі, капиталдың мобильді нарықтың болмауы, инвестициялық саясаттың және оны  жүзеге асыру этаптылығынанң мінезін анықтайтын қаржы несиелік ресурстардың шектеулі болуы.

Бірінші этаптың мақсаты өнімділік  жинақтаудың көздерін кеңейту үшін жағдай жасау мен макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу болып табылады.

Екінші этаптың мақсаты экономикалық өсімнің бастамасы үшін артықшылықтарды  құру болып табылады.

Мемлекеттік инвестициялық саясат ең алдымен шарушылықтың дамуына  қолдау болатын және экспорттық патенциялы мен негізгі өнімділікті  Бағытталған құрылымдық саясаттың маңызды бағыттарын жүзеге асыруға бағдарланған.

Қазақстандағы және оның аймақтарындағы экономикалық жағдайы инвестициялық  процесстерді өзіндік оптивизациялау үшін нақты аршықтылықтары жоқ.

Инвестициялық белсенділікті ынталандыру  механизмі салықтық, бюджеттік, қаржы  – несиелік реттеудің, қаржылық қаражатты  ұлғайтуға жәрдемдесіп, ал ол экономиканы  қаржыландыру үшін қажет инструменттердің жиынтығы кіру керек. Нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайында бұл механизм иерархиялық деңгейін қызығушылығына келісу керек және шарушылық субьектілердің меншіктің түрлі формаларын бірнеше блокты кіргізу керек:

орталықтандырылған капитал салымдарын пайдаланудың тиімділігі және рационалдық  таратуға мүмкіндік беру ұйымдастырушылық шаралад мен экономикалық тетіктер.

      Экономиканы қаржыландыру мақсатында тұрғндарды жинақтауға үлесін қосқан инструменттер ткедей және займдық шетелдік инвестицияларды тарту бойынша шаралар.

Басқарудың жалпы принциптерінің басқа және басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы басқарудың мақсаттары мен мінеттері, әдістер жүйесі, экономикалық орындаушылық және ұйыдастырушылық механизмдер, заңды рәсімделген ережелер мен орындау шарттары жатады. Басқару функциясын негізгі және қамтамасыз ету болып екіге бөлуге болады. Басқарудың негізгі функцияларының – үйлестірілген, реттелген және бақыланған жатады.қамтамасыз ететін функциялар – ақпараттық, экспеттік және нормативті.

 

 

2. ҚР коммерциялық  банктердің инвестициялық қызметі.

 

2.1. Коммерциялық банктердің инвестициялық операциялары

    Банк қызметіндегі  инвестициялаудың өзіндік ережелері  бар. Кең мағынада, банктік инвестиция  – пайда табуында банктің ресурстарын  орналастыруға бағытталған активтік  операциялардың жиынтығы.

     Ал тар мағынада, банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.

     Сонымен  қатар, банктік инвестициялау  деп негізгі капиталға жұмсаған  қаражаттарды да түсінуге болады.

     Сонымен  қатар, банктік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсаған қаражаттарды да түсінуге болады.

     Банктің  инвестициялық қызметі инвестициялық  саясат көмегімен жүзеге асырады.  Инвестициялық саясаттың негізгі  мазмұны қаражат жасау үшін  біршама тиімді бағалы қағаздың  түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфельдің құрылымын оңтайландырудан тұрады.

     Банктердің  инвестициялық саясаты – банк  қызметінің тұрақты жұмыс жасауын,  нәтижелігін немесе пайдалығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамассыз  ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығы .

     Банктің  инвестициялық саясатының басты  бағыттары мынадай бөлімдерді  қамтиды:

      * инвестициялық  саясаттың басты мақсаты; 

      * баланс  активі мен пассивіндегі инвестициялық операциялардың шегін (үлесін) анықтау;

      * инвестициялық  операциялардың сапасы үшін жетекшілер  мен атқарушылардың жауаптылығын;

      * инвестициялардың  құрамы мен құрылымы;

      * бағалы  қағаздардың  сапасының  деңгейінің  және  өтеу  мерзімінің  тиімділігі;

      * инвестициялар  портфелінің  диверсифиакциялануына   қойылатын  негізгі  талаптар;

      * потрфельдің   құрамына  түзетулер  енгізу  механизмі;

      * сақтау  тәртібі  және  сақтандыру  механизмі;

      * пайдалар  мен  зияндардың  есебі;

      *компьютерлік  қамсызданлыру бағдарламалары.

          Банктердің  инвестициялық  қызметі   жаңа  бағалы  қағаздарға  қаражат  орналастыруға  кепілдік  беру  (андеррайтинг ), сондай-ақ  клиенттерге   қандай  бағалы  қағаз  түрін  , қай уақытта  шығаруға  және  ұсынысты  қалай  жасауға  болатыны  жайлы  кеңес  беруді  сипаттайды.

        Бағалы  қағаздар  бизнесіндегі  андеррайтинг – бұл  бағалы  қағаздарды  сатудан  ешқандай  да  төменгі  ақшалай  қаржаттың   келіп  түспейтіндігі  туралы  эмитентке  кепілдік беруді  білдіреді.  Мұндай  жағдайда  эмитент қор  құндылықтарын  орналастыру  жоспарын  құрады./21/

        Банктердің  инвестициялық  операциясы  бағалы  қағаздар  жасалатын   операцияларды  сипаттайды.  Банктің   инвестициялық  операция  жүргізетін  бағалы  қағаздары  екі топқа  бөлінеді: қор ( акция, обликация) және  коммерциялық  бағалы  қағаздар  ( коммерциялық  вексель, чек қоймалық , кепілдік  куәліктер ).

        Қор  бағалы  қағаздарының  өзін  екі  негізгі   топқа   бөледі:

        1. Мемлекеттің  бағалы  қағаздары:

        2. Мемлекеттік  емес ( корпоративтік ) бағалы  қағаздар.  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттің  бағалы  қағаздарын  өзіндік  сипатына  қарай кестемен  беруге  болады.(1-Қосымша)

         Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына  қарай үш  түрге  бөлінеді:

      - Дисконттық , мұндай бағалы  қағаздар  алғашқы   нарықта инвесторларға жеңілдікпен  ( номиналдық құнымен төменгі  бағамен )  сатылып, номиналдық  құны бойынша  өтіледі.

Мысалы, 91 күнге шығарылған , номиналдық  құны 100 теңге  тұратын  дисконттық  бағалы  қағазды 75 теңгеге сатып  алсаңыз, онда  одан  мынадай табыс  аласыз:

      

                                              100 – 75 = 25 теңге  немесе 

                                       25  теңге : 75 теңге ( бастапқы салынған инвестиция) х 100%=33,3%                            

                                              

           Сонымен  қатар,  егер  91  күнге салсаңыз,  онда  бір   күндік  табыс: 33,3 % : 91 күн = 0,3659  құрайды. Демек, бір жылдық  табыс: 0,3659  % х 364 күн = 133,19  % тең.

  •         - Купондық, яғни номиналдық  құнына  пайызбен  бейнеленген табыс әкелетін  бағалы  қағаздар . Купон мерзіміне қарай жылына  2 не 4  ретке дейін төленеді.
  •        -  Аралас, яғни  купон және дисконт  түрінде  қатар табыс  әкелетін  бағалы  қағаз.  Бұл  жағдайда  инвестор – банктің  табысы  екі  көзден : дисконт  түріндегі  табыстар  құралады.
  •           Бүгінгі таңда ҚР – дағы  екінші  деңгейдегі  банктердің  инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің  басым бөлігі  мемлекеттің бағалы  қағаздарға  жұмсалып  отырғаны  жасырын емес.  Себебі , мұндай бағалы  қағаздарға  салған  активтер:  біріншіден, өтімді,  яғни  банк  ондағы  қаражатты тез арада кқолма – қол ақшаға  айналдыра  алады ,  екіншіден,  олардан  алатын  табыс  төмен  болғанымен  тәуекел  төмен   немесе  жоқ  десе  де  болады.  Сонымен  қатар  активтерінің  бір  бөлігін  өтімді  коропоративтік  бағалы  қағаздарға  да  орналыстыруда.  Корпоративтік  бағалы  қағаздарға  мыналар  жатады:
Коммерциялык банктердін инвестициялык кызметі