Коммерциялық банктердің активтерін басқару



 

Мазмұны.

Кіріспе………………………………………………………………………..………3

1.бөлім. Коммерциялық банктердің активтерінің мәні және оның құрылымы………………………………………………………………………….

1.1 Қазақстан Республикасындағы  коммерциялық банктер активтерінің мәні  және құрылымы…………………………………………………………………...…5

1.2 Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты  мен сапасы және жіктелуі.......................................................................................................................11

 

2.Коммерциялық банктердің активті операциялары және активтерді басқару әдістері

2.1. Коммерциялық банктердің активті операциялары..........................................14

2.2.Коммерциялық банктердің активтерін басқару................................................23

Қорытынды…………………………………………………………………..……30

Пайдаланылған әдебтиеттер.................................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.

Қазақстандағы жалпы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай банктердің банкроттық жағдайының өсуін тудырған қаржы нарығының тұрақсыздануына әкелді. Қазақстанның қаржы нарығындағы соңғы жағдайлар әлемдік банктердің мамандарының қорытындыларының дұрыстығын растайды.

Банк активтері — пайда табу мақсатында банктік ресурстарды әp түрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары.

Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.

Коммерциялық банктің активтерін мынадай төрт топқа бөлу­ге болады:

      касса және оған теңесстін акшалай қаражаттар;

      несиелер;

      бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;

      банктің ғимараты мен жабдыктары ;             
  Активтердің сапасы олардың тиімділігіне, тәуекел активтердің

көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына,
активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.

            Бұл жұмыстың мақсаты коммерциялық банктердің қаржы жағдайын бағалау бойынша нақты әдістемелерді жасауда емес,мұндай талдауды жүргізу қажеттілігін анықтау. Коммерциялық банктер қаржы жағдайын бағалау құралдарды жетілдіру, Қазақстандағы кемшіліктерді анықтау болып табылады.                                                            Қазіргі уақытта камерциялық банктердің активтерін тиімді басқару мәселесі банк тажірибесінің маңызды проблемасы болып саналады.

           Коммерциялық банктердің активтерін тиімді басқару проблемасы-бұл банк теориясындағы қиын тақырып. Қазір әрбір банк активтерді басқару жөніндегі жұмысты өз бетінше жасайды. Бұл нарықтың әртүрлі сегметерімен байланысты,онда банк жалпыға бірдей методикасы жоқ активтерді басқарумен жұмыс істейді. Сондықтан да, банктік қызметтер нарығында банктің қызмет етуі мен жағдайының ерекшеліктерін есепке ала отырып,нарықтың әрбір қатысушысы бұл проблеманы жеке зертеуі қажет.

           Коммерциялық банктің активтерін тиімді басқару нарықтағы тенденция туралы нақты белгілі бір уақыт аралығында ақпаратты жинау,талдау және өңдеу ұйғаратын процесс.

           Банктің барлық активтері оның портфелінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Активтерді басқару банк портфелінің құрамын,оның көлемін және пайдалылығын талдауды ұйғарады. Бәсеке жағдайында банкте несие саясатын анықтайтын ақша қозғалысын бағалау мен болжаудың бар болуы қажет.

           Шет елдерде іс жүзінде кез-келген банктерде активтерді басқару жөніндегі комитет қызмет ететінін атап өту керек. Бұл комитет несиенің реттеуші қасиетін есепке алатын стратегиялық өңдеулерді жүзеге асырады. Шығындарды бақылауды, сондай-ақ салықтық жоспарлау және банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша тәуекелділік денгейін осы комитет атқарады.

            Басқаша айтқанда, ресурстарды басқару жөніндегі комитет банктік активтердің портфелді басқаруын жүзеге асырады. Басқарудың портфельді әдісі - барлық қазіргі кездегі ақшалай және соның ішінде банктік теорияның негізі.          Портфелді талдаудың мақсаты шешім қабылданатын белгілі бір кезең ішінде табысты барынша жоғарлатудан тұрады.Сонымен бірге портфелді талдау кезінде тек шекті табыс қана емес,сондай-ақ тәуекелділік элементі,оны барынша төмендетуге талпынуы есептелінеді. Сонымен, портфель проблемасы алғашқы көзқарасқа қарағанда,біршама қиын болып көрінеді. Оның шешімі қарама-қарсылық тұтастығының жетістігімен байланысты, дәлірек айтсақ-бір жағынан,жоғары табысты қамтамасыз ету,екінші жағынан-төменгі тәуекелділікті,яғни өтімділікті қамтамасыз ету. Портфелді әдіс активтердің әртүрлі түрлері бойынша табыс мөлшерін есептеу немесе салыстыруды талап етеді.

1. Коммерциялық банктердің активтерінің мәні және оның құрылымы.

1.1 Қазақстан Республикасындағы  коммерциялық банктер активтерінің мәні  және құрылымы.

              Қазіргі  кездегі  банк – бұл ақша қаражаттар мен жинақтарды жұмылдыратын несие ұсынатын, кәсіпорындар, ұйымдар және жеке тұлғалар арасындағы есеп айырысуларды орындайтын, құнды қағаздар шығаратын және тағы басқа  қаржылық мекеме. Банктер өзінің қызметіне байлансты орталық, коммерциялық, арнайы, ұжымдық, ипотекалық және әмбебап болып бөлінеді. Меншік формасына қарай олар мемлекеттік, акционерлік жеке, ұжымдық, муниципалдық және халықаралық болып бөлінеді. Банк жүйесі – бұл осы немесе басқа елдегі әртүрлі банктер және банктік институттардың жиынтығы және мемлекеттің ақша – несие жүйесінің негізін көрсетеді.

              Банктердің және қаржылық емес фирмалардың әртүрлі айырмашылықтары бар. Коммерциялық банктер активінің көп бөлігі қаржылық талаптармен ұсынылған. Банктердің жер және ғимараттарға салымдарынан гөрі, қолма-қол ақшалай қаражаттары басымырақ. Өнеркәсіптік компанияның қаржылық талаптары кредиторлық қарыз және уақытша жинақталған артық қалдықтардың бөлігімен  шектеледі.

              Банктер мен өнеркәсіптік фирмалардың актив құрылымындағы айырмашылықтар олардың пайда табудағы коммерциялық қызметіндегі міндеттемелердің көрінеді. Өнеркәсіптік компания шикізаттар мен материалдардан жасалған тауарларды өткізе отырып пайданың көп бөлігін алады . Өткізуде дайын өнімдер қоймада сақталса, ал  өндірісте қазіргі мекемелердегі орнатылған қымбат жабдықтарды қолданып шикізат тауарларының қорын қолдауды талап етеді. Банк пайдасы, яғни келешектегі ақша төлемін куәлендіретін, вексель, облигация және басқа да қаршылық  құжаттарды  ұстаушы банктердің, несиелік және инвистициялық операциялардан түседі.                                                        

              Әлемдік тәжірибедегі банктік бақылау және реттеу органдары коммерциялық банктерден қолма-қол формадағы немесе талап етуге дейінгі формадағы қаражаттар бөлігін басқа банктердің шарттарында ұстауын талап етеді. Сонымен қатар , кассалық нақты ақшалар ақша майдалауға, салымдарды қайтаруға , әртүрлі операциялық шығындарды өтеуге  және ссудалар сұранысты қанағаттандыруға, персоналдарға жалақы, әртүрлі материалдар мен шикізаттарға төлем үшін қажет. ''Қолма-қол ақшалар және оған теңестірілген қаражаттар'' бабы резервті банктердегі шаттарына инкассалау барысындағы банкноталар және тиындар, сондай-ақ төлем құжаттарын жатқызамыз.

              Банктің міндетті резервтері. Әлемдік тәжиірибедегі коммерциялық банктер талап етуге дейінгі салымдардың белгілі бір үлесін, мерзімді және жинақ салымдарын қалдық формасында резервті банк шотында, не сейфтегі кассалық қолма – қол ақша түрінде ұстауға тиіс. Талап етуге дейінгі салымдар – бұл корреспонденттік банктегі ағымдық ностро қаражаттары және инкассаға басқа да төлем құжаттарының есебімен талап етуге дейінгі салымдары. Міндетті резервтердің саласы банк класының, салым түріне және көлеміне байланысты. Мұндағы басқарушылар кеңесі барлық банк класстарына әртүрлі нормалар бекіте алады. Ол резервтерді реттеу мақсатында қала категориясын өзгерте алады. Ол резервті қалаларда орналасқан банктерге міндетті резервтер нормасын шектеуге мүмкіндік береді. Резервті қорлардың артықшылығы немесе жетіспеушілігі талап етілген резервтер көлемінен екі процент аспаса, келесі есеп беру кезіне ауыстырылуы мүмкін.

          Сейфтегі қолма қол ақшалар.Банк активтерінің бұл категориясына банк сейфтерінде сақталатын банкноталар және тиындар жатады. Қолма - қол ақшалар міндетті резервтердің құрамды бөлігі болып табылады. Банк басшылығы олардың көлемін қауіпсіздік үшін азайтуға тырысады. Кассалық қолма -  қолдықты қорғау және сақтандыру шығындары едәуір көп, ал қолма – қол ақшалар табыс әкелмейді.

          Әр банктің кассалық қолма – қолдықты тұтынуы бірдей емес, өйткені кейбір банктер қолма – қол ақшаларды есеп айырысу үшін жиі пайдаланады, ал кейбірі чектерді пайдаланады. Көп банктер қолма – қол ақшаға сұранысты мерзімдік ауытқуға кезігеді. Банктердегі қолма – қол ақшалар егін жинау, мерекелер кезінде уақытша өсуі тиіс. Қолма – қол ақшаның қорына банктың орналасқан жері әсер етеді. Резервті банктерден алыс орналасқан банктердің қолма – қолдық кассасы, қолма – қол ақша көзіне жақын орналасқан банктерге қарағанда жоғары деңгейде болуы тиіс. Өйткені, салымшы ақшасын талап еткенде ақшасы кешке қарай болады деу ыңғайсыз. Сондықтан, провинциялық банктерде қалалық банктермен салыстырғанда салымшылар мен   қолма – қол ақшасы басым.

              Банктер ұсынатын қызметтер шығындарының өсуі көптеген банктердің корреспонденттік қатынастан комерциялық негізге ауыстырады. Бұл өз кезегінде корреспонденттік банктер қолданатын ерекше қызметтерге төлемдер бекітуді талап етіп, қызметтерді ұсыну шығындарын корреспонденттік шоттағы қалдықты табысталған табыстар толық өтеуі тиіс.

          Құнды қағаздарға инвестиция. Әлемдік коммерциялық банктер өтімділікті жоғарылатуға, табысты ұлғайтуға, сонымен қатар жергілікті билік органдарының салымдарына міндеттемелерді қамту үшін құнды қағаздарды сатып алады.

          Банк өтімділігін қамту үшін басқа да құнды қағаздарға салады: коммерциялық қағаздар нарығында айналатын, банктік акцепттер, делдалдық ссудалар және тауарлы – несие корпорациясының сертификаттары.

          Банктік ссудалар. Табыс алудағы коммерциялық банктердің негізгі қызметінің түрі болып әртүрлі несиелік операцияларды араластыра ссудаларды ұсыну табылады. Банк басшылығы табыс алудағы басты міндетті клиенттердің несиедегі қажеттілігін қанағаттандыру деп санайды. Нақты несиелік мәміленің өтімділік дәрежесін екінші кезекке қояды. Банк басшылығы “несие портфелінің” ішіндегі қаражаттарды бөлу сұрақтарын шешуі тиіс, яғни уақытын созып сатып алуды несиелендіру, ссуда - өндірістік компанияларды, жылжымайтын мүлікті және тағы басқа ссудалар түрінің арасындағы, Мұндай бөлудің негізі салыстырмалы несие табыстылығы, сонымен қатар заңмен бекітілген шектеулермен әртүрлі несиеге сұраныс болып табылады.

          Активтерді басқару. Банк қаражаттарын әртүрлі актив түрлеріне орналастыру реттеуші заңдар мен актілерге, жоғары өтімділік деңгейін қолдау қажеттілігіне және жоғары табыс алу қажеттілігіне байланысты болады. “Өтімділік - пайдалылық” диллемасын шешуде активтерді басқарудың 3 келісіміне келуге болады. Олар активтерді басқару барысынан мүмкін баламаларды бағалаудағы сандық талдау қандай дәрежеге дейін қолданылатындығынан жасалады. Осы әдістердің ешқайсысын ойдағыдай деп санауға болмайды, өйткені әрқайсысының қасиеттері мен кемшіліктері бар. Әр әдісте коммерциялық банктің нақты мәселесін шешуде қолданылатын элементтері бар. Оның жай түрі болып бірінші әдіс, яғни жалпы қаражат қоры табылады. Бұл әдісті көптеген банктер қаражаты артылған кезеңде кеңінен қолданады. Екінші әдіс активтерді бөлуде біріншідегі кейбір кемшіліктерді өткерумен байланысты болады.Үшінші әдіс басқару мен талдауды ғылыми әдістерді қолданумен байланысты, әдетте ЭЕМ-ді қолдану арқылы.

          Банкпен қандай әдіс таңдалмаса да әртүрлі активті қаражаттарын орналастыруда банк басшылығы әр категория ішіндегі несиелер мен инвестиция түрлерінің арасындағы  және  активті  операциялар арасындағы тәуекелділік пен пайдалылық қатынасы туралы ұмытпайды. Максималды пайда алу мақсатына жетудің ұтымды құралы болып активті операциялардан шекті табыспен қаражат тартудан шекті шығындарды мұқият салыстыру табылады.

Жалпы қаражат қоры әдісі. Коммерциялық банк басқарушысы жауапты қаражатты орналастыру талап етуге дейінгі салымдар, жинақ, мерзімді салымдарды, сонымен қатар банктің меншік капиталын қоса есептегендегі әртүрлі көздерінен түседі. Қарастырылған әдіс негізінде барлық ресурстарды біріктіру жатыр. Одан кейін жиынтық қаражаттар ыңғайлы саналатын, активтердің түрлері арасында бөлінеді. Жалпы қаражат қоры  моделіндегі активті операцияларды жүзеге асыруда қандай қаражат көзінен түскендігі банк мақсатына жету кезеңінде ескерілмейді.

          Бұл әдіс банк басшылығынан өтімділік және пайдалылық  принциптерін тең сақтауды талап етеді. Сондықтан бұл принциптерге толық сәйкес келетін, активті операция қаражаты түрлеріне  орналасады. Қаражаттарды орналастыру белгілі бір басымдықтарға сәйкес орындалады, олар өтімділік пен пайдалылықтың сәйкестенуі мәселелерін шешуге басшыға жедел көмектесу. Жер учаскесін, ғимараттарды және басқа да  жылжымайтын мүлікті инвестрлеу сұрақтары әдетте бөлек қарастырылады.

Банк ішіндегі банктер.Активтерді бөлу моделі тартылған қор көзінен банкке қажетті өтімді мөлшерін бекітеді. Бұл әдіспен міндетті резервтердің нормаларымен сәйкес қаржы көздерін  шектемеуге болады. Мысалы, талап етуге дейінгі салымдар жинақ және мерзімдік салымдармен салыстырғанда міндетті резервтердің жоғары норманы талап етеді. Берілген модель әртүрлі көздерден банкпен тартылған қаражаттарды тартуда қолданатын, банктің  ішінде бірнеше ''табысты орталықтар'' (немесе ''өтімділік орталықтары'') құруды пайымдайды. Бұл құрлымдық бөлімшелер басқада орталықтардың қаражатын орналастыруға қарамастан, бұл орталықтардың әр қаражатын орналастыратындықтан, ''банк ішіндегі банк'' деп атайды. Басқа сөзбен айтқанда, банктің ішінде бір бірінен ерекшеленген талап етуге дейінгі салымдар банкі, жинақ салымдарының банкі, мерзімді салымдар банкі және негізгі капитал банкі бар. Әр түрлі орталықтарға қаражаттардың өтімділігін және пайдалылығын бекітіп, банк басшылығын олардың әр орталыққа орналасу тәртібін анықтайды. Талап етуге дейінгі салымдар міндетті резервтерімен ең жоғарғы өтеуді талап етіп, жоғарғы жылдамдықпен айналады, кейде жылына 30 – 50 айналмға жетеді. Сәйкесінше, талап етуге дейінгі салымдар орталығына қаражаттың көп бөлігі бірінші кезекті резервтерге жұмсайды. Талап етуге дейінгі салымдар орталығындағы қаражаттар басқа құнды қағаздар және негізгі қорларға ораласпайды. Жинақ салымдары және мерзімді салымдар орталықтарының өтімділік талаптары бірнеше төменірек, сондықтан берілген қаражаттардың басым бөлігі ссудалар және инвестицияларға орналасады. Негізгі капитал өтімді активтермен өтеуді аса талап етпейді және ғимараттар мен жерге салымдар үшін қолданылады.

              Осы әдістің басты артықшылығы ссудалармен инвестициядағы қосымша қаражат салымдарын және өтімді активтерүлесінтөмендету болып табылады, бұл пайда нормасының ұлғаюына әкеледі. Активтерді бөлу әдісін жақтаушылар жинақ және мерзімді салымдар және негізгі капиталға қарсы келетін өтімді активтердің артығын шеттетумен пайда нормасын жоғарлату. Бірақта бұл әдістің де тиімділігін төмендететін кемшіліктері бар. Бір клиенттер чектің көмегімен ақша алып жатқанда, керісінше, басқалары банкке ақша салып жатады, олар жыл ішінде бар болғанда 10% - ке ауытқуы мүмкін. Банк қызмет еткенінше, оның клиенттері алдындағы депозиттер бойынша қарызы минимумға тіреледі. Тәжірибе көрсеткендей, талап етуге дейінгі салымдарға салынған қаражат бөлігі ешқашан алынбай жоғары табысы ұзақ мерзімді құнды қағаздарға инвитрленуі мүмкін.

              Бұл әдістің басқада кемшіліктері олардан пайдаланудан қаражат көзіне тәуелсіздігінен болады. Іс жүзінде ол бұлай емес. Мысалы, банкирлер – тәжірибегерлер фирмалардан көп салымдар тартуға ұмтылады, сондағы бұл фирмалар ,осы банктегі ашылған чектін шоттан алады. Жаңа салымшыларды тарту біруақыттабанк міндеттемелерін, яғни жаңа салымшылар жағынан несиеге өтініштерді қанағаттандыруды білдіреді .Бұл дегеніміз жаңа салымдардың бөлігі бұл салымдар иесін несиелендіруге бағытталуы тиіс.

              Басқа кемшіліктер жалпы қаражат қоры әдісі және активтерді бөлу әдісінде де кездеседі. Екі әдісте салымдарды алу мүмкіндігі және міндетті өтімділік резервтерінде кідіріс жасайды, себебі, клиенттерге несиеге өтінішін қанағаттандыру қажеттілігіне аз назар аударады. Бәрімізге мәлімдей, іс белсенділігі артқан сайын салымдармен несиелерде өседі. Егер банкке бекітілген міндетті нормалар резрвтердің басқа кезек түссе, салымды алуды өтеуге кішкене қосымша өтімді қаражат қажет, әсіресе банк экономисті банктің іс белсенділігі және салымдар ағыны кете бастауын толық айтқан жағдайда. Бұл жағдайда өтімді қаражаттар несиеге сұранысты өтеуді талап етіп, салымдардан гөрі несиеге сұраныс жоғары қарқынымен өседі.

              Кейбір банктерде несиеге сұраныс өсе бастағанда, салымдар көлемі төмендейтіндігін, ескеру керек. Сонымен қатар,  жүргізіліп жатқан ақша-несие саясатының әсерінен несиеге сұраныс көлемі салымынан асуы мүмкін, ал іс белсенділігі төмендеген кезеңде барлық банктердегі депозиттердің қарқыны өседі. Бұл екі әдісте тағы бір кемшілік бар, олар өтімділіктің шеткі деңгейін емес орташаға жүгінеді. Кассалық қолма-қолдықтың және үкіметтік құнды қағаздық орташа қатынасын салымдардың  жалпы сомасына банк жүйесінің өтімділігін бағалау үшін жеткілікті, жалпы ол банк басшылығына келесі аптаға кассалық қолма- қолдықтың  қандай болуы тиістігін, салымдарды алуды жабу мен несиеге өтініштерді қалай болатындығын айтпайды. Тек банк клиенттерінің шотын талдау және жергілікті нарықтағы қаржылық шарттарды және шаруашылық білімді жақсы білу банкке берілген мезетке қолма-қол ақшаларға тұтынушылықты анықтайды.

1.2 Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты  мен сапасы және жіктелуі.

Банк активтері — пайда табу максатында банктік ресурстарды әp түрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары.

Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.

Коммерциялық банктің активтерін мынадай төрт топқа бөлу­ге болады:

      касса және оған теңесстін ақшалай қаражаттар;

      несиелер;

      бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;

      банктің ғимараты мен жабдыктары ;             
             Активтердің сапасы олардың тиімділігіне, тәуекел активтердің
көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына,
активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.

Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және тиімділік дәрежесіне карай жіктейді. Өтімділігіне қарай банк активтері мынадай топтарға бөлінеді:

      жоғары өтімді активтер;

      өтімді активтер;

      ұзақ мерзімді өтімді активтер;

Жоғары өтімді активтерге мыналар жатады:

      Кассадағы қолма-қол ақшалар:             

      Орталық банктегі корршоттағы қаражаттар;

      Мемлекеттің қарыздық міндеттемелері;

      ЭЫДҰ-на (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) мүше елдер, яғни бейрезидентердің банктеріндегі тұрақты валютада салынған корршоттағы қаражаттар;

      Ішкі валюталық облигациялық заемдарға салынған қаражаттар.

                  Банктің бұл қаражаттары банктің айналымынан қажет уақытында алуға мүмкіндік беретін активтерге жатады.

                 Банктің өтімді қаражаттарының құрылымына жоғарыда
аталғандарынан басқалары, яғни қайтару мерзімі 30 күнді құрай-
тын, шетел валютасында бергсн барлық несиелер, алдағы 30 күн
ішінде аталған банкке келіп түсуге тиісті басқа да төлемдер
жатады.             

                 Ұзақ мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген несиелердің бәрі, сондай-ақ 50 (кепілхат және кепілдікпенҚ) 1 жылдан жоғары уақытқа берілген несиелер.Өкіметтің кепілхатымен, бағалы қағаздарды және бағалы металдарды кепілге алып берілген несиелерді шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер.

                 Активтердің тиімді құрылымын жасай отырып, банктер өтімділікке қойылатын талаптарды орындауға тиіс, демек, олардың жоғары өтімді, өтімді жәнс ұзақ мерзімді өтімді активтері міндеттемелердің мерзімдеріне, сомаларына және типтеріне сәйкес келуі керек.

Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі:

1-топ. Алғашқы резервтер — бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең өтімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:

      Касса:             

      Opталық банктегі корршоттағы және өзге де шоттардағы ақшалай қаражаттар;

      Инкассациялау процесіндсгі чектер және өзге де төлем құжаттары;

      Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттағы қаражаттар.

           Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің негізгі көзі болып табылады.

2-топ. Екінші реттегі резервтер — бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыру болады. Оларға мыналар жатады:

      Вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар;

      Талап етілетін несиелер (онкольдық);

      Бірінші класты қарыз алушыға берілетін несиелер.

Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты — алғашқы резервтерді толықтыру кезі ретінде қызмет ету болып табылады.

3-топ. Банктік активтердің маңызды бөлігі — банктік
несиелік портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және
ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банктің пайдасының басты
көзін құрайды.             

4-топқа Инвестициялык портфель жатады. Инвестициялық портфельді қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу.

2. Коммерциялық банктердің активті операциялары және активтерді басқару әдістері.

2.1. Коммерциялық банктердің активті операциялары.

          Банк ісінің халықаралық тәжірибесіне сәйкес коммерцилық банктердің активтері негізгі және айналымды болып бөлінеді.  Банктердің негізгі активтеріне жер учаскілерін, ғимараттар, құрлыстар, автотұрақтар,  техникалық жабдықтар, көлік құралдары және басқа да материалдық  объектілер жатады.            Айналымды активтерге қолма-қол ақша қаражаттары, әр түрлі банк шоттарындағы қаражаттар заемщиктердің ақшалай міндеттемелері, құнды қағаздар,шетел валюталары және басқа да құндылықтар жатады.

          Банктер ақшалай операцияларды жүргізетін басты делдал болып табылады.  Мұны қалыптастыруға банктың барлық ресурстары және тартылған бөлігі пайдаланылады.  Айналымдылықты қолдану жылдамдығының қарай ағымдық активтер төрт топқа бөлінеді. Бірінші -  ұлттық және  шетел валютасындағы ақшалай қаражаттар. Екінші – құнды қағаздар (облигация және акциялар). Үшінші – заемщиктердің қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелер. Төртінші – заемщиктердің орта мерзімді және ұзақ мерзімді ақшалай міндеттемелері.

          Келтірілген активтердің  топтарын қарастырайық. Бірінші топтағы ақшалай қаражатарға абсолютті өтімділікті активтер жатады. Жалпы тауар эквиваленті банк қызметінде қолданылады. Бұл қаражаттарды клиенттердің қысқа мерзімді міндеттемелеріне  орналастырып, төлем  қаражаты ретінде жұмылдыруға болады. Соңғы жағдайда ақшалар ерекше орын алады, өйткені банктердің  банкроттығын тоқтатудың соңғы инструменті  болып табылады.

          Банктің төлем қабілеттілігі бұзылған жағдайда оның басшылығы “төлемсіздік” жағдайынан шығудың және тез ақша қаражатын жұмылдырудың  барлық шараларын қабылдайды. Сондықтан бұл қаражаттар коммерциялық  банктердің біріншілік  резервтеріне жатады. 

          Банктердің ақшалай қаражаттарының  негізгі қозғалыс  арнасы кассада,  коррес понденттік шоттарда, валюталық  шоттарды,  ¦лттық банктің  міндетті резервтік шотарында болады.  Қажет болған жағдайда олар басқа банктердің  несиелерінен түседі.   Ақшаның абсолютті  өтімділігімен  активтеріндегі үлкен рөліне қарамастан олар өздігінен  банктерге табыс әкелмейді.  Активтердің  екінші тобы құнды немесе банктік  инвестициядан  тұрады. “Инвестиция’ термині  нарықтық экономиканың  капиталды салымын  сипаттайды.  Бұл халықшаруашылығындағы капиталды салымының  негізгі массасы фирма, концерн  және басқа да шаруашылық  құрылымының акциясы және облигациясын  сату – сатып алу  жолымен жүзеге асады. Мұнда республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатымен салыстырғанда капиталды салымдардың бұл көздерінің балама табиғатынан тұрады.

          “Жетілік” елдеріндегі капитал салымдарының негізгі бөлігі құнды қағазда сатылатын және сатып алынатын қор нарығының көмегімен жүзеге асырылады. Біздің елдің нарықтық экономикаға өтуі құнды қағаздар нарығын құру және ішкі шаруашылық резервтерді жұмылдыруды талап етті. Қор нарығының қалыптасуы өндіріс құралдарына меншік кластарының пайда болуы және меншік формаларының дамуы мен байланысты болды. Нарықтық экономиканың басты ерекшелігі халықшаруашылығының мемлекеттік, акционерлік, жеке және арлас меншік формасында жүргізілуі. Нәтижесінде қор нарығының басты субъектілері болып пирамидалық қаржы институттары табылады. Бұл институттардың капиталы максималды пайда алуға ұлттық қор нарығындағы акцияларды шығарып, олардың бағасын ұстауға салынған. Батыс елдеріндегі қор нарығының жоғары ұйымдастырылуынан тек капитал салымдарын ұстау ғана емс, сонымен қатар банк активтерінің өтімділігін ұстау инструменті болып табылады.

          Активтердің үшінші тобына клиенттердің қысқа мерзімді ссудалары бойынша қарызы мен вексельдері жатады. Мұндай ссудалар әр түрлі шаруашылық салалардың кәсіпорындарына ұсынатын, бизнес – несиелерден тұрады.

          Коммерциялық және вексельдік несиелендіруді қалпына келтіру қазіргі қазақстан шаруашылығында ерекше орын алады. Бұл нарықтық эеономиканың бастапқы кезеңімен және “сату сатып алу” келісімі бойынша серіктестік байланыстар бекітуде кәсіпорындардың өзара сенімдігі жоқтығымен түсіндіріледі. Нәтижесінде тауарлы – материалдың құндылықтарды тиеу айырбас мәмілесі негізінде жүргізіледі. Мұндай мәселелер ақша қаражаттарын қолданусыз натуралды тауар айырбасын сипаттайтын, тауар – ақша қатынастарының төмен деңгейін білдіреді. Бұл жағдайдағы тауарлы несиелендіруді енгізу өзара шаруашылық сенімді құруға мүмкіндік береді.Коммерциялық вексельдер мен құнды қағаздардың бухгалтерлік шоттағы есебі кәсіпорын меншігіндегі құнды қағаздардың әртүрлілігі ретінде вексельдер туралы ұсынысты туғызды. Шын мәнәнде мұндай вексельдер сатып алынған тауарлы материалдық құндылықтарды төлеуге айналымға шығарылғандықтан, несиелік ақшаның классикалық түрі болып табылады. Мұнысымен олар, мемлекеттің өндірістік емес шығындарын және бюджет тапшылығын өтеуге шығарылатын, орталық банктің банкноталарынан ерекшеленіп тұрады.

          Активтердің екінші тобына вексельдерден басқа, тез өтетін тауарларға ұсынатын, қысқа мерзімді ссудалар жатады. Индустриалды елдердің ақша – несие жүйесінің тәжірибесі ұлттық коммерциялық банктердің қысқамерзімді ссудаларының көп бөлігі ссуда мен өнеркәсіпке орналасқанын куәлендіреді. Осы салалардың кәсіпорындары проценттік ақшаларды төлеумен алынған несиені қайтару және аса тиімді пайдалануға қабілетті. Осымен қатар, коммерциялық банктер бір – біне банкаралық несиелер ұсынады. Бұл несиелер банктердің төлемқабілеттігін көтеріп, ресурстарды қалыптастыруда мәні зор. Заемщиктердің қысқа мерзімді міндеттемелері банктің екіншілік резервтеріне жатады.

          Банк активтерінің төртінші тобына банктердің ұзақ мерзімді және орта мерзімді ссудалары жатады. Жылдам айналатын активтерден бұл ссудалардың айырмашылығы негізгі қорлардың айналуы бірнеше жылдарға созылумен байланысты.

          Саяси және экономикалық тұрақсыздықтан, сонымен қатар инфляцияға байланысты Қазақстанның коммерциялық банктері “ұзақ” несиелер ұсынуды тоқтатты, бұл капитал салымдары және негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне үлкен залалын тигізеді. Банк маркетингі туралы оқуымызға сәйкес активтерді басқару аса пайдалы қызмет саласындағы қаражатты орналастырумен байланысты. Осыған орай банктердің нарқта ссудалық капитал және қажетті табыс алудың тұрақтылығын қамтамасыз ететін, тиімді активтер құрылымының маңызы зор. Қазақстан банктеріне тауар өндіретін шаруашылық салаларының несиелендіру ресурстарын орналастыруда бизнес несиелер маңызды арна болып табылады. Мұндай несиелерді орналастыру экономиканың дағдарыс жағдайынан шығу қажеттілігі  және ауыл шаруашылық және өндірістік өнімнің көлемінің құлдырауымен түсіндіріледі.

Коммерциялық банктердің активтерін басқару