Кондоминиум
Жоспар
Кіріспе……………………………………………………………
1. Кондоминиум
1.1.Кондоминиум түсінігі мен белгілері.....................
1.2 Кондоминиумнің құрылуы және тоқтатылуы……………………………..15
1.3 Кондоминиум объектісін басқару………………………………………….16
2.1.Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiн (қатысушыларына)
2.2.Кондоминиум қатысушыларына жер учаскелерiн беру..........................
2.3.«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес кондоминиум объектісін басқару нысаны оған қатысушылардың келісімімен белгіленеді...................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................
Кiрiспе
Кондоминиум (лат. Con(cym)- бірге, қоса және dominium-иелену, ортақбасып иелену) халықаралық құқықта Ұлыбритания, АҚШ-та кондоминиум сөзі тұрғын үй жер төлемдерін ортақ иелену легенді білдіреді. Кондоминиумның ұғымы: ол тұрғын үйлерді, екі ғимараттың және одан да көп жеке ғимараттың ерекше жеке меншік нысан формасы. Ғимаратты меншік иесінің әрқайсысы өзінің қарауы бойынша басқарып, пайдалана алады. Кондоминиум объектісін тіркеу кондоминиум қатысушысының не меншік иеленушілердің немесе кондоминиум басқармасы мүшелерінің уәкілетті өкілінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Кондоминиум объектісін тіркеу кезінде ортақ мүлік құрамы мен әрбір үй-жайдың құқық иелерінің ортақ мүліктегі үлесінің мөлшері айқындалады. Осылай тіркелгенге дейін, ортақ меншіктегі үлесі бар мәміле өзіндік (дара) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) мүлікпен мәмілелерді жасау кезінде жасалған деп саналатын жағдайларды қоспағанда, ортақ мүлікпен жасалатын мәмілелер заңдық күшке ие болмайды.
Қазіргі күні Курчатов қаласының әділет органдарында 11 үйдің нысанына кондоминиум тіркелген. Қазіргі уақытта кондоминиум нысандарын тіркеу үшін жергілікті бюджеттен 1,5 млн. теңге қаражат бөлінді. 2011 жылғы нысандарда кондоминиум ұстау бойынша қызметтің құны 20,58 теңгені құрайды. Курчатов қаласында эксплуатация қызметі бойынша және нысандар кондоминиумына инженерлік жүйесіне қызмет көрсетумен «Балапан» МКК, «Ертіс-Астана ҚК» ЖШС айналысады. Кондоминиум қатысушы ғимараттың барлық меншік иесі – ортақ мүлікті басқаруға тең құқығы бар.
1. Кондоминиум
1.1.Кондоминиум түсінігі мен белгілері
Кондоминиумның ұғымы: ол тұрғын үйлерді, екі ғимараттың және одан да көп жеке ғимараттың ерекше жеке меншік нысан формасы. Ғимаратты меншік иесінің әрқайсысы өзінің қарауы бойынша басқарып, пайдалана алады. Кондоминиум объектісін тіркеу кондоминиум қатысушысының не меншік иеленушілердің немесе кондоминиум басқармасы мүшелерінің уәкілетті өкілінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Кондоминиум объектісін тіркеу кезінде ортақ мүлік құрамы мен әрбір үй-жайдың құқық иелерінің ортақ мүліктегі үлесінің мөлшері айқындалады. Осылай тіркелгенге дейін, ортақ меншіктегі үлесі бар мәміле өзіндік (дара) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) мүлікпен мәмілелерді жасау кезінде жасалған деп саналатын жағдайларды қоспағанда, ортақ мүлікпен жасалатын мәмілелер заңдық күшке ие болмайды.
Қазіргі күні Курчатов қаласының әділет органдарында 11 үйдің нысанына кондоминиум тіркелген. Қазіргі уақытта кондоминиум нысандарын тіркеу үшін жергілікті бюджеттен 1,5 млн. теңге қаражат бөлінді. 2011 жылғы нысандарда кондоминиум ұстау бойынша қызметтің құны 20,58 теңгені құрайды. Курчатов қаласында эксплуатация қызметі бойынша және нысандар кондоминиумына инженерлік жүйесіне қызмет көрсетумен «Балапан» МКК, «Ертіс-Астана ҚК» ЖШС айналысады. Кондоминиум қатысушы ғимараттың барлық меншік иесі – ортақ мүлікті басқаруға тең құқығы бар.
Кондоминиум нысандары тіркелгеннен кейін бір ай мерзімінен кешіктірмей ғимараттың меншік иесі кондоминиум нысананың басқару түрі туралы мәселені шешуі тиіс. Жағдай бойынша шешкенге дейін бір тұтас кешенмен кондоминиум нысандарымен байланысты, сондай-ақ, тұрғын үйдің коммуналдық қызметіне орталықтандырумен қамтамасыз етуге меншік иесі бірлесіп жауап береді.
Ғимарат меншігін кооперативіне тіркеу үшін тіркеу органына ұсынылатын құжаттар:
1) өтініш;
2) нысандар ғимаратының кондоминиум ұйымдастырушы жиналыстың меншік иесінің хаттамасы;
3) Ғимарат (пәтер) меншік иесінің кооперативтік жарлығы;
4) кондоминиум нысандарын тіркеу туралы мемлекеттік акт.
Бірыңғай инженерлік жүйеде және коммуналдық қамтамасыз ету, бірыңғай көп қабатты үйде коммуналды тұрғын кешенінде бір ғана кондоминиум нысаныңда бірлесіп басқару формасы қолданыла алады.
Жеке меншік үйдің тұрғындары тұрғын үй эксплуатациялық және коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдармен жеке келісім шартқа отыруға құқылы. Көп қабатты үйді немесе маңайындағы бірнеше үйлерде жеке меншік ғимараттардың кооперативті құрауы мүмкін. Жеке меншік пәтер кооперативті ғимараттардың жеке меншік кооперативімен заң ережесі бойынша тең құқылы.
Кондоминум барлық ғимараттардың және тұрғылықты үйдің жалпы мүлігі бірғана жеке меншікке (мемлекетке, заңды тұлғаға, жеке тұлғаға), немесе жер мемлекеттікке (сатылғанда) пайдалануға алынғанда немесе төтенше жағдайда тұрғын үйдің көп бөлігі (бұзылған) зиян келген жағдайда тоқтатылады.
Көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтерге, үйдің бір бөлігіне меншік құқығы әр уакытта барлық меншік иелері мүдделерінің өз әрекеттесуімен байланысты. Осыны ескере отырып тұрғын үй заңнамасымен меншіктің ерекше нысаны ретінде анықталған кондоминиум режимі енгізілген. Кондоминиум қатынастарын бекіту тұрғын үйлер жөніндегі меншіктік қатынастардың өзгеруінің салдары болып табылады, соның нәтижесінде тұргын үйлермен, олардың меншік иелерімен тығыз байланысты барлык мүлікті күтіп ұстау жөніндегі ауыртпалықты көтеруді реттеу қажеттілігі пайда болды.
Бұрын бүл функцияны мемлекеттік коммуналдық - пайдалану органы атқарған. Ол тұрғындардан сол бір немесе өзге ережелерді сактауды талап етуге құзіретті болды, бұл орайда ол подъездердің, баспалдақтардың, лифтілердің. шатырлардың, төбелердің. подвалдардың және т.б. жай-күйі үшін негізгі заңды жауапкершілікте болды, осының бәрін кешенді түрде тұрғын үй қорын басқарумен, пайдаланумен, оның сақталуын қамтамасыз етумен байланысты қатынастар ретінде белгілеуге болады. Қазіргі уакытта, мемлекет тұрғын үй қорын басқару бойынша функциялардың аз ғана бөлігін өзіне қалдыра отырып, тұрғын үй қорын басқару, сондай-ақ оны пайдалану, оның сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі тікелей функцияларды пәтер иелерінің өздеріне берді.
Сондықтан кондоминиумды үлестік меншік сиякты, меншік катынастарының күрделендірілген нысаны ғана сияқты қарастыруға болмайды. Үлестік меншіктіктін кәдімгі қатынастарында бірінші кезекке үлестік меншік иелерінің құкықтарын бөлу міндеті шығады, ал олардың мүлікті күтіп - ұстау ауыртпалығын жүзеге асыруға қатысуын қамтамасыз ету тек көмекші міндет ретінде ғана көрінеді.
Кондоминиумда тұрғын үй-жайлардың барлық меншік иелері үшін ортақ маңызға ие болатын мүлікті басқару міндеті басымды болып табылады.
Кондоминиумның заттық кұкығы азаматтық-құқықтық әдебиетте жан-жақты қарастырылғандықтан, біз бұл жерде оған токталмаймыз.
Үй-жайлардың меншік иелері ортақ мүлік пен үйді күтіп ұстауға қажетті барлық шығындарға қатысуға міндетті екенін, олардың бөлек (жеке дара) меншігіндегі ортақ мүлік пен үй-жайларды сактау мен қауіпсіз пайдалану үшін жауапты болатынын ғана атап өтеміз.
Кондоминиум объектісін тіркегеннен кейінгі бір айдан кешіктірмейтін мерзімде үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару нысаны туралы мәселені шешуге тиіс. Мұндай шешімге дейін кондоминиум объектісімен біртұтас кешен ретінде байланысты міндеттемелер бойынша, сондай-ақ тұрғын үйді коммуналдық қызметтермен ортақтандырыла қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер бойынша меншік иелері ортақ жауапты болады.
Біртұтас инженерлік және коммуналдық камтамасыз ету жүйесі бар және біртұтас тұрғын үй коммуналдық кешенді құрайтын көп пәтерлі тұрғын үйде (немесе оның бір бөлігінде) кондоминимум объектісін бірлесіп басқарудың бір нысаны ғана қолданылуы мүмкін.
Кондоминиум объектісін баскару нысаны оған қатысушылардың келісімімен анықталады. Ондай нысандарға мыналар жатады:
1) егер барлық меншік иелерінің саны төрт адамнан аспаса, олардың тікелей бірлесіп баскаруы;
2) үй-жай (пәтерлер) иелерінің кооперативі;
3) кондоминиум объектісін үшінші (сырт) жеке (тұрғын үйді басқарушы) немесе заңды (тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету орны ) тұлғалардың басқаруы;
4) Қазакстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де нысандар.
Кондоминиум объектісін басқару жөнінде шарт бойынша тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету орнына не тұргын үй баскарушысына берілетін құқықтар көлемі шартпен анықталады.
Үй-жайлар иелері тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдармен осындай қызмет көрсету туралы жеке шарттар жасасуға құқылы.
Үй-жайлар (пәтерлер) иелері көпшілігінің шешімі бойынша кондоминиум объектісін басқару нысаны өзгертіле алады.
Баска үйлермен бірге үй-жайлар иелерінің бір кооперативі басқаратын тұрғын үй-жайдың иелері көпшілік болып қабылданған шешім бойынша осы кооперативтің құрамынан шығып, өзінің жеке кооперативін кұруга ие кондоминиум объектісін басқарудың өзге нысанын қолдануға құқылы.
Кондоминиум кейбір жағдайларда мемлекеттік түрғын үйді басқару үшін де қолданылады. Мемлекеттік меншік нысанына жататын тұрғын үйлер мен үй жайларда, мемлекет жергілікті атқарушы орган немесе мемлекеттік кәсіпорын тұрғысынан меншік иелерінің бірі ретінде кондоминиум мүшесі және кондоминиум объектісін бірлесіп басқару үшін меншік иелерінен құрылған бірлестіктің мүшесі болып табылады.
1.2 Кондоминиумнің құрылуы және тоқтатылуы
Көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтерге, үйдің бір бөлігіне меншік құқығы әр уақытта барлық меншік иелері мүдделерінің өз әрекеттесуімен байланысты. Осыны ескере отырып тұрғын үй заңнамасымен меншіктің ерекше нысаны ретінде анықталған кондоминиум режимі енгізілген. Кондоминиум қатынастарын бекіту тұрғын үйлер жөніндегі меншіктік қатынастардың өзгеруінің салдары болып табылады. Соның нәтижесінде тұрғын үйлермен, олардың меншік иелерімен тығыз байланысты барлық мүлікті күтіп ұстау жөніндегі ауыртпалықты көтеруді реттеу қажеттілігі пайда болады. [1]
Бұрын бұл функцияны мемлекеттік коммуналдық пайдалану органы атқарған. Ол тұрғындардан сол бір немесе өзге ережелерді сақтауды талап етуге құзіретті болды, бұл орайда ол подъездердің баспалдақтарын, лифттердің, шатырлардың, төбелердің, подвалдардың және тағы да басқа жай - күйі үшін негізгі заңды жауапкершілікте болады. Осының бәрін кешенді түрде тұрғын үй қорын басқарумен, пайдаланумен, оның сақталуын қамтамасыз етумен байланысты қатынастар ретінде белгілеуге болады. Қазіргі уақытта, мемлекет тұрғын үй қорын басқару бойынша функциялардың аз ғана бөлігін өзіне қалдыра отырып, тұрғын үй қорын басқару, сондай- ақ оны пайдалану, оның сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі тікелей функцияларды пәтер иелерінің өздеріне берді.
Сондықтан кондоминиумды үлестік меншік сияқты меншік қатынастарының күрделендірілген нысаны ғана сияқты қарастыруға болмайды. Үлестік меншіктің кәдімгі қатынастарында бірінші кезекке үлестік меншік иелерінің құқықтарын бөлу міндеті шығады, ол олардың мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығын жүзеге асыруға қатысуын қамтамасыз ету тек көмекші міндет ретінде ғана көрінеді.
Үй - жайлардың барлық меншік иелері - кондоминиумға қатысушылар ортақ мүлікті басқаруда тең құқыққа ие болады. Үй - жай иесінің ортақ мүлікті сондай-ақ жер учаскесін басқа меншік иелерімен қатар пайдалануға құқығы бар.
Аталған құқықты шектеу үй - жайлар иелерінің келісімімен немесе кондоминиум объектісін басқару органының шешімімен белгіленуі мүмкін. Үй - жай иелерінің басқа жерде тұруы, сондай-ақ үй - жайды пайдалану құқығын басқа адамдарға беруі үй - жайды меншіктенуші құқықтарының шектелуіне әкеліп соқпайды және меншік иесін оған заңдармен, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі меншік иелерінің келісімімен немесе меншік иелері бірлестігінің Жарғысымен жүктелетін міндеттерден босатпайды. Үй - жайлардың иелері ортақ мүліктің өздеріне бекітіліп берілген пайдалануы шектеулі бөлігін үй - жайлар иелерінің келісімінде немесе кондоминиум объектісін басқару органының шешімінде белгіленген ережелермен пайдалануға құқылы. Сонымен қатар үй - жай иесінің пайдаланылуы шектеулі қандай да болса ортақ мүлікті өз атынан иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
Үй - жай иелері Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндеттерін атқарады. Үй - жайлардың иелері ортақ мүлік пен үйді ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға міндетті ортақ мүліктің және бөлек (өзіндік) меншіктегі үй - жайлардың сақталуы мен қауіпсіз пайдалануына жауапты болады. Ортақ мүлікті ұстауға жұмсалатын шығыстардың мөлшері егер меншік иелерінің келісімінде өзгеше көзделмесе, үй - жай иесінің ортақ мүліктегі үлесіне мөлшерлі белгіленеді.
Үй - жайды жалдаушының (жалға алушының), сондай-ақ оны меншік иесі емес басқа да адамдардың дауыс беруге құқығы жоқ және кондоминиум объектісін басқаруға өзге де түрде қатыса алмайды. Бірақ барлық тұрғындар мен кондоминиум объектісінің үй - жайларын жалдаушыларға (жалға алушыларға) ортақ ереже сақтауға міндетті. Кондоминиумдағы үй - жайдың орнында жоқ меншік иесі ортақ мүлікті ұстау жөніндегі міндеттерді орындамаған жағдайда мұндай міндеттерді жалға алынған тұрғын үйде тұратын адамдар немесе тұрғын емес үй - жайларды жалға алушылар орындауға тиіс.
Егер үй - жайдың меншік иесі ортақ мүліктің кез-келген бөлігіне немесе кез-келген басқа үй - жайға залал келтірсе, ол залалды өз есебінен жоюға немесе оны жою жөніндегі шығындарды өтеуге міндетті. Егер үй жайда тұрушылар не үй*жайға мүліктің кез келегн пайдаланушы адамдар тікелей залал келтірц\йшілер болса, олар осындай міндетті меншік иесімен бірлесіп көтереді.
Меншік иесінің үй-жайды ортақ мүлікке қаіп төндіретін немесе оны нашарлататын жұмыстар жүргізумен байланысты өзгертуіне, соның ішінде қайта жоспарлауына және қайта жабдықталуына тыйым салынады.
1.3 Кондоминиум объектісін басқару
Кондоминиум объектісін тіркелгеннен кейін бір айдан кешіктірмей үй - жай иелері кондоминиум объектісін басқару нысаны туралы мәселені шешуге тиіс. Осындай шешім қабылданғанға дейін біртұтас кешен ретінде кондоминиумге, сондай-ақ тұрғын үйді коммуналдық қызметтермен бір орталықтан қамтамасыз етуге байланысты міндеттемелер бойынша меншік иелері бірдей жауап береді.
Біртұтас инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жүйесі бар және біртұтас тұрғын үй - коммуналдық кешенді құрайтын көп пәтерлі тұрғын үйде (немесе оның бір бөлігінде) кондоминиум объектісін бірлесіп басқарудың бір нысаны ғана қлоданылуы мүмкін.
Кондоминиум боъектісін басқару нысаны оған қатысушылардың келісімімен белгіленеді. Ондай нысандар:
1. егер барлық меншік иелерінің саны төрт адамнан аспаса, олардың тікелей бірлесіп басқаруы;
2. үй - жай (пәтерлер) иелерінің кооперативі;
3. кондоминиум объектісін үшінші (сырт) жеке (тұрғын үйді басқарушы) немесе заңды (тұрғын үй - пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету орны) тұлғалардың басқаруы;
4. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де нысандар болуы мүмкін.
Кондоминиум объектісін басқару жөнінде шарт бойынша тұрғын үй - пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету орнына немесе тұрғын үй басқарушысына берілетін құқықтар көлемі шартпен белгіленеді. Үй - жайлар иелері тұрғын үй - пайдалану және коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдармен осындай қызмет көрсету туралы жеке шарттар жасауға құқылы[2].
Меншік иелерінің арасында кондоминиум объектісін басқару нысаны туралы келісімге қол жетпеген ретте меншік иелерінің кез-келген, ол кондоминиум (объектісі) тұрғын үй - жайларды жекешелендіру нәтижесінде құрылған үйлерде жекешелендіруді жүзеге асырушы мемлекеттік орган да меншік иелерінің алдына үй - жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативін құру туралы мәселе қоюға құқылы.
Үй - жайлар (пәтерлер) иелері көпшілігінің шешімі бойынша кондоминиум объектісін басқару нысанының өзгертілуі мүмкін. Басқа үйлермен бірге үй - жайлар иелерінің бір кооперативі басқаратын тұрғын үй - жайдың иелері көпшілік болып қабылданған шешім бойынша осы кооперативтің құрамынан шығып, өзінің мжеке кооперативін құруға немесе кондоминиум объектісін басқарудың өзге нысанын қолдануға құқылы.
Көп пәтерлі тұрғын үйді немесе қатар орналасқан үйлер тобын басқару үшін үй - жайлар иелерінің кооперативтері, ал қоса салынған тұрғын емес үй - жайлары жоқ үйлер үшін - пәтерлер иелерінің кооперативтері құрылуы мүмкін. пәтерлер иелері кооперативінің құқықтық жағдайы үй - жайлар иелері кооперативінің құқықтық жағдайымен бірдей.
Үй - жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативі кондоминиумның екі немесе одан да көп қатысушыларынан тұруы мүмкін. Кәмелетке толмаған азаматтардың мүдделерін заң актілерінде белгіленген тәртіппен олардың ата - ананлары, қорғаншылары немесе қамқоршылары білдіреді.
Құрылтай жиналысының өткізілгендігі туралы кооператив құрудың бастамашылары әрбір үй - жайдың иелеріне жиналыс өткізілетін болып белгіленген күннен кемінде он күн бұрын хабарлауға тиіс. Егер кооперативтің құрылтай жиналысына кондоминиумға қатысушы үй - жай иелерінің немесе олардың сенім білдірген адамдарының кемінде жартысы қатысса, ол өткізілген болып танылады. Егер жиналысқа үй - жай иелерініңнемесе олардың сенім білдірген адамдарының жартысынан азы қатысса, жиналыс өткізілмеген болып танылады. Жиналыстың қайта шақырылғандығы туралы әрбір меншік иесіне шақыру белгіленген күннен кемінде бес күн бұрын хабарланады. Қайта өткізілген жиналыс оған қатысушылардың санына қарамастан өткізілген болып танылады.
Жиналысты жүргізу үшін төраға мен хатшы сайланады. Әрбір үй - жай иесінің құрылтай жиналысында бір дауыс болады. Бірнеше үй - жай иесінің мөлшері дауыс саны болады. Құрылтай жиналысының шешімі жиналысқа қатысушылардың немесе олардың сенім білдірген адамдарының білікті үштен екі дауысымен қабылданады.
Құрылтай жиналысында мынадай мәселелер жөнінде шешімдер қабылдайды:
1. үй - жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативін құру;
2. кооператив Жарғысын бекіту;
3. кооператив басқармасының төрағасын, басқарма мен тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау;
Сонымен қатар құрылтай жиналысы кондоминиум объектісіне қатысты басқа да мәселелерді қарауға құқылы.
Үй - жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативі оның белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткен кезінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
Үй - жай иелернің кооперативтерін тіркеу үшін тіркеуші органға:
1. өтініш;
2. кондоминиум объектісіндегі үй - жайлар иелерінің құрылтай жиналысының хаттамасы;
3. үй - жайлар (пәтерлер) иелері кооперативінің Жарғысы;
4. кондоминиумды тіркеу туралы мемлекеттік акт табыс етіледі.
Жергілікті атқарушы органдар үй - жайлар иелерінің кооперативін құруға жан-жақты көмек пен жәрдем көрсетуге тиіс.
Үй - жайлар (пәтерлер) иелері кооперативінің жоғарғы органы кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады. Кооператив мүшелері жиналысқа сенім білдірген адамдар арқылы қатысуға құқылы. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы жылына кемінде бір рет өткізіледі. Кезектен тыс жиналыс басқармасының шешімі бойынша немесе тексеру комиссиясының талап етуі бойынша немесе кооператив мүшелерінің кемінде жиырма процентінің талап етуі бойынша шақырылады. Алдағы жалпы жиналыс туралы кооператив мүшелерін кемінде он күн бұрын құлақтандырылуға тиіс. [3]
Үй - жай иелерінің кооперативі мынадай жағдайларда тоқтатылуы мүмкін:
1. жер учаскесі мемлекеттік қажеттер үшін алынған (сатып алынған) ретте;
2. кондоминиум объектісін басқарудың басқа нысанына көшу туралы үй - жайлар иелерінің қабылдаған шешімі бойынша;
3. өрт, жер сілкінісі немесе зөге де зілзалалар салдарынан үйдің елу проценттен астамы зақымдалған (қираған) жағдайда тұрғын жайдың зақымдалған (қираған) бөлігін қалпына келтірмеу жөнінде үй –жайлар иелерінің қабылдаған шешімі бойынша;
1. кондоминиумды тоқтатқан ретте тоқтатылуы мүмкін.
Кооперативті тоқтатқан ретте оның борыштарды өтегеннен кейін қалған мүлкі, егер меншік иелерінің арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, кооператив мүшелерінің арасында олардың ортақ мүліктегі үлестеріне мөлшерлі бөлінеді.
Кооперативтің тоқтатылуы оның құрылуы сияқты тіркеледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй пайдаланумен байланысты қарым - қатынастар меншік құқығы бойынша мемлекетке тиесілі және жергілікті атқарушы органдардың (мемлекеттік коммуналды тұрғын үй қоры) немесе мемлекеттік кәсіпорынның (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры) басқаруындағы тұрғын үй азаматтарға берілген жағдайларда пайда болады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді беру, жалдау және пайдалану тәртібін реттейтін заңнама уақытша құрылым мен маусымдық тұрғын жайларда, бау - бақшалық пен аңшылық үйлерде, туристік базаларда, мотелдерде, кемпингтерде, қонақ үйлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, пансионаттарда, интернаттарда тұруға таралмайды.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй, сондай-ақ, тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға беріледі. Оларға берілетін тұрғын үй қызметтік тұрғын үйге теңестіріледі. [1]
Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалуға жататын топтарына мыналар кіреді:
1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай- ақ оларға теңестірілген адамдар;
2. І және ІІ топтағы мүгедектер (өздері қылмыс жасаудың салдарынан мүгедек болған тұлғаларды қоспағанда);
3. Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп жатқан отбасылар;
4. Белгіленген заңдық тәртпте бекітілген аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлеріне шалдыққан тұлғалар;
5. Жасына қарай зейнетке шыққан тұлғалар;
6. Кәмелетке толғанға шейін ата-аналарынан айрылған жиырма жасқа толмаған жетім балалар. Осы тұлғалар әскерге шақырылғанда бұл жас әскери қызметті өтеу мерзіміне дейін ұзартылады;
7. Репатрианттар;
8. Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айрылған адамдар;
9. Көп балалы отбасылар;
10. Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметн орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
11. Толық емес отбасылар.
Азаматтар мына жағдайларда тұрғын үйге мұқтаж деп танылады, егер:
1. олар Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығы бойынша тұрғын үйге ие болмаса;
2. олар тиісті елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан, сондай-ақ меншіктің мемлекеттік емес нысанына негізделген заңды тұлғаларға тиесілі үйлерде, соның ішінде, тұрғын үй (тұрғын үй - құрылыс) кооперативтерінің үйлерінде тұрақты түрде пайдаланатын тұрғын үйге ие болмаса;
3. отбасы тұрып жатқан тұрғын үй нормативті санитарлық және техникалық талаптарға сай келмесе;
4. аралас, оқшауланбаған тұрғын үй жайларда екі немесе одан да көп отбасылар тұрып жатса;
5. отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлеріне (белгіленген заңдық тәртіп бойынша бекітілген аурулар тізімі бойынша) шалдыққан аурулар болса, және сол аурулармен бір тұрғын үйде (пәтерде) тұру мүмкін болмайтын болса.
Азамат (ері немесе зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тиісті елді мекенде бір ғана тұрғын үйді иеленуге құқылы, бұған ерлі-зайыптылардың әрқайсысы осындай тұрғын үйді некеге тұрғанға дейін иеленген жағдайлары жатпайды.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуі мүмкін азаматтарды есепке алу тұрғылықты жері бойынша жергілікті органдарда жүзеге асырылады. Есепке әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар немесе тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары, әскери қызметшілер мен сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда отырған тұлғалар алынады.
Есепке алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Азаматтардан қандай да бір қосымша құжаттарды беруді талап етуге тыйым салынады.
Азаматтардың өздерін және өздерінің жанұя мүшелерін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаж ретінде есепке қою туралы арыздарды тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органда бір ай ішінде қаралады. Есепке алу немесе одан бас тарту туралы шешімді бір айлық мерзім өткенге шейін жергілікті атқарушы орган арызданушыларға жазбаша түрде хабарлауға тиіс. Қабылданған шешім бойынша тұрғын үй құқықтары бұзылған азаматтар оларды қорғау бойынша заңнамамен көзделген іс-шараларды қолдана алады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілетін тұлғалар ретінде азаматтарды есепке қоймау туралы шешім қабылдаудың негіздерін нақты көрсету үшін заңнамада мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшін есепке алудан бас тарту негіздері көзделген. Сырт көзге қарағанда аталған тізім түпкілікті көрінгенмен, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 73-бабының нормаларының мағынасы бойынша, тұлғаны тұрғын үй есебінен шығару негіздері ретінде сонда көзделген негіздер азаматтарды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуі мүмкін тұлғалар ретінде есепке алудан бас тартудың да негіздері болуға тиіс. Сол сияқты, есепке алудан бас тарту негіздері, егер бұл негіздер оны есепке алғаннан кейін анықталса, тұлғаны мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығарудың негіздері болып табылады.

- Кондоминиум - как форма собственности
- Кондуктометрия
- Кондуктометрия
- Кондуктор для сверления отверстия Æ10Н7
- Коневодство
- Коневодство
- Коневодство на Луганщине
- Кондитерські вироби
- Кондиционирование зрительного зала на 600 мест
- Кондиционирование и холодоснабжение
- Кондиционирование клуба на 400 мест
- Кондиционирование общественного здания
- Кондиционирование ткацкого цеха
- Кондиционирование школы