Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді жасау
Жоспар
Кіріспе
І-ТАРАУ.Қаржылық
есеп беруді жасау бойынша
түгендеу және
басқа да
дайындық жұмыстары
ІІ-ТАРАУ. Қаржылық есеп беруді жасау
2.1. Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру
2.2. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру
2.3. Инвестициялық
және қаржылық қызмет
ІІІ-ТАРАУ.Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді жасау
3.1.Негізгі және
заңды тұлғалардың консолидацияланған
есеп беруі
3.2. Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың
консолидацияланған қаржылық есеп беруі
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер
КІРІСПЕ
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық - шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпататтарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай – ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіріді.
Қаржылық
есеп беру басқарушы органдардың
жұмыс және субъектің ресурстарын,
міндеттемелерін және ақша қаражаттарының
болашақтағы ағындарын
Есеп беру мәліметтен кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.
Еспе беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған
есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы
мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының
әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап
береді.
І-ТАРАУ.
Қаржылық есеп беруді
жасау бойынша түгендеу
және басқа да дайындық
жұмыстары
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта сортталудың нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.
Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді, және ол есеп айырысуды дәлдеу (анықтау) үшін де қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу (немесе түгелдеу) деп атаймыз.
Түгендеу
(немесе түгелдеу)-бұл бухгалтерлік
есеп әдісінің басты элементтерінің
бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражаттарының,
аяқталмаған өндірістің, тауарлы-материалдық
құндылықтардың, материалдық емес активтердің,
негізгі құралдардың нақты
Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі мүмкін:
-
жоспарлы – алдын ала
- кезектен тыс – бұл кәсіпорын басшының тапсырмасы бойынша бақылаушы органдардың талабы бойынша материалды жауыпты тұлғаның ауысқан кезінде, табиғи апаттардан кейін жүргізіледі. Ол БЕС 24 “Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру” стандартына сай етіп жасалынады. Онда оның кезектілігі түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу комиссиясының құрамы және т.б. қағидалар қарастырылады.
Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілейді, оның ішінде түгендеу комиссиясынің құрамын, есепті жылдағы түгендеу санын, олардың күнін белгілейді.
Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жұмыс істеп тұратын комиссия болады және оның құрамын кәсіпорын басшысы белгілейді.
Түгендеу комиссиясының істейтін жұмыстары сақтау органдарындағы және өндірістегі мүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі барлық міндеттерді тексеру; кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгендеу нәтижелерін анықтауға және қайта сұрыптауға арналады; сондай-ақ шыққандарды табиғи кему нормаларының шегінде есептен шығаруға; тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдауды, сақтауды және бастауды, реттеуге, есепке алуды жақсарту және оларыдң сақталуын бақылау мәселелірі жөнінде, сондай-ақ пайдаланылмайтын мүлікті сату туралы ұсыныстар әзірлеуге; мүлікті сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізуге; екі түгендеу аралығындағы сақтау және қайта өңдеу орындарындағы тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеуге, іріктеп түгендеудің әдістемесі бойынша да бақылау жұмыстарын жүргізуге бағытталады.
Түгендеу комиссияларының мүмшелері кем шыққандары және талан-таражға түскендерді, бүркемелеу мақсатымен мүліктің нақты қалдығы туралы немесе артық шыққан тауарлар, материалдар және басқа да құндылықтар туралы жазбаға білі тұра дұрыс емес деректерді енгізбегені үшін ҚР заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.
Мүліктің нақты қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу комиссиясы кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін немесе материалдық құндылықтары мен ақшалай қаражаттарын есепке алады.
Түгендеу комиссиясының нәтижесі де тексеріледі, ол үшін ішінара бақылау жұмыстары жүргізіледі, сол бақылау барысында комиссяның мүшелері де қатыса алады және ол да актімен хатталады.
Екі түгендеу аралығындағы кезеңде құндылықтарды номенклатурасы бойынша үлкен кәсіпорындардың сақтау және қайта өңдеу жұмыстары іріктеу әдісімен тексеріледі.
Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тәзімдемесі жасалынады, сосын оның деректері бухгалтерлік есептері деректерімен салыстырып, олардың арасындағы айырмашылықтары (ауытқулары) көрсетіледі. Түгендеу нәтижелерін көрсету үшін ҚР-нің Мемлекеттік статистика комитеті бекіткен бірінші реттегі толтыратын есеп құжаттарының мынадай үлгілері қолданылады.
Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы жалға алған және күнделікті жалға бергендерді қоса есептегендегі негізгі қорлардың нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады.
Түгендеу
қағазы өндірісті ұйымдастыру
Түгендеу
кезінде және басқа да тексерістердің
көмегімен анықталған мүліктің нақты
қолда бары мен бухгалтерлік есептегі
деректердің арсындағы
Еспе берер алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бухгалтерия цехтардан, қоймалардан, есеп беретін адамдардан т.б. құжаттардың толық түскенін (немесе түспегінін) тексеруді; ай ішіндегі немесе жыл ішіндегі барлық шығындарды өндіріс шығындарына қосуды; негізгі құралдарды амортизациясын, демалысқа төленетін резервін және басқа мақсаттарға арналған резервті, материалдық емес активтердің тозуын толық есептеуді; алдағы кезеңдердегі шығындарды есептен шығаруды; құндылықтардың барлық шоттары мен топтарында есептік баға бойынша нақты өзіндік құнын, орташа КДШ процентін не ауытқушылықтарын (+,-) есептеп шығаруды; жұмсалған материалдардың нақты өзіндік құнын анықтап, оны өндірістік және басқа шоттарға көшіріп жазуды тексеруі қажет.
ІІ-ТАРАУ. Қаржылық есеп беруді жасау
Жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру түсіндірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.
Қаржылық
есеп берудің мақсаты
Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалы:
- инвестор – жасаған инвестицияның тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз үлесін сақтаудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз үлесін сақтаудың сқажеттілігі анықтау үшін; кәсіпорынның келешектегі күтілетін дивидендтерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- кредитор – алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін (мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- жабдықтаушылар – кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- сатып алушы – кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
- қызметкерлер – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер – тұрақты түрде дивиденд алып тұруын көздейді;
- Мемлекеттік органдар – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;
- Жұртшылық – жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға (алуға) мүдделі болып келеді.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.
Кәсіпорынның
қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың
әртүрлі мүдде бойынша
Бұл
ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне
ортақ әрі сай келетін ақпарат болып саналады.
Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі
ақпараттарға мүдделі болып келеді.
| Есеп берудің мәліметтері | Пайдалылығы |
| Экономикалық ресурстары (активтер құрылымы) | Кәсіпорынның табыс алу қабілетін бағалау және болашақта болатын ақша қаражаты |
| Қаржылық құрылымы (кәсіпорынның қарызы мен меншік капиталаның ара қатынасы) | Қарыз қаражатының келешекке қажеттілігін бағалау және болшақта алынатын пайда мен ақша қаражатын мүдделі тараптардың арасына тарату; кәсіпорынның сырттан инвестицияны тартудың потенциалдық икемділігін бағалау. |
| Өтемділік
пен төлем қабілетінің |
Өз мендеттемесіне жауап беретін кәсіпорынның ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыздарын төлеу қабілеттілігін бағалау |
| Рентабельділік пен іскерлік белсенділігінің коэффициенті | Кәсіпорынның
ресурстарды пайдалану |
| Қаржылық жағдайының өзгеруі | Қаржылық, инвестициялық, оперативтік қызметінің нәтижесінде, кәсіпорынның алған ақша ағынын бағалау; кәсіпорынның келектегі ақша қаражатына қажеттілігін болжау |
Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ол оны сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші субъект пайдаланылады.
Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында (жазбасында) баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру тиіс.
Қаржылық
есеп беру өткен кезеңдердің
2.1. Қаржылық-шаруашылық
қызметі туралы есеп беру
Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды. Қаржылық-шаруашылық қызметінің есеп беруі келесі көрсеткіштерден тұрады:
- өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер және басқа міндетті төлемдер мен салықтан шегертілген түрінде көрсетіледі, қайтарылған тауар құнын, бағадан және сатудан жасалған жеңілдіктерді қоспағанда;
- өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікелей шығындар кіреді;
- жалпы табыс-өнімді, жұмысты, қызметі сатқаннан түскен табыстан өнімнің нақты өзіндік құнын алып тастағаннан соң шығатын қаржылық нәтижесі;
- кезең шығыстары-өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнына енбейтін шығыстар; жалпы және әкімшілік шығыс, сату бойынша шығысы, пайыздарды төлеу бойынша шығыстары;
- негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) – жалпы табыс пен кезең шығыстарының айырмасы;
- негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян) – кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты емес операциядан алынған табысы (негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан, субсидин т.б.).
- салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы-негізгі және негізгі емес қызметтерін біріктіргеннен алынған табыс;
- табыс салығы бойынша шығыс – 11 БЕС салынған, соның ережесіне сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша шығысы;
- салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы (зияны) – салық салынғанға дейінгі табыстан табыс салығы бойынша шығысын шегергеннен соң алынған табысы (зияны);
- төтенше жағдайдан алынған табысы (зияны) – есептік кезеңде орын алған төтенше жағдайдың сальдоланған нәтижесі;
| ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ
ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ
1 қаңтар 2002 ж (мың теңге) | |||
| Көрсеткіштер атауы | Сызық жолының № | Табысы | Шығысы |
| Сатылған өнімнен (қызметтен, жұмыстан) түскен түсім | 01 | 3948098 | * |
| Сатылған өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құны | 02 | * | 1845829 |
| Жалпы табыс (01-02) | 03 | 102269 | |
| Кезең шығыстары-Барлығы: | 04 | * | 77486 |
| Оның ішінде: Жалпы және әкімшілік шығыстары (82) | 05 | * | 50480 |
| Сату бойынша шығыстары (81) | 06 | * | 16556 |
| Пайыз бойынша шығыстары (83) | 07 | * | 10450 |
| Негізгі қызметтен түскен табыстары (зияндары) (03-04) | 08 | 24783 | |
| Негізгі емес қызметтен түскен табыстары (зияндары) (70-84) | 09 | 1730 | 4053 |
| Салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметінен түскен табысы (08+09) | 10 | 22460 | |
| Заңды тұлғадан ұсталынған табыс салығы (85) | 11 | * | 7097 |
| Кейінге қалдырылған салықтар | * | 844 | |
| Салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен түскен табысы (10-11) | 12 | 14519 | |
| Төтенше жағдайдан алынған табысы (зияны) (86) | 13 | ||
| Таза табысы (зияны) (12+13) | 14 | 14519 | |
- таза табыс (зиян) – есептік кезеңде кәсіпорынның алған қаржылық нәтижесі.
Сонымен,
қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері:
70-“Негізгі қызметтен түскен табысы”,
72-“Негізгі емес қызметтен түскен табысы”,
80-“Сатылған тауарлардың (жұмыстардың,
қызметтердің) өзіндік құны”, 81-“Тауарларды
(жұмыстарды, қызметтерді) сату барысында
жұмсалған шығындары”, 82-“Жалпы және
әкімшілік шығындары”, 84-“Негізгі емес
қызмет бойынша шыққан шығындары”, 85-“Табыс
салығы бойынша шыққан шығындары”, 71-“Сатылған
тауарлардың қайтарылуы және сатуға байланысты
шегерімдер, сондай-ақ баға шегерімдері”,
86-“Төтенше жағдайдан және тоқтатылған
операциядан келген табыстары (зияндары)”,
87-“Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан
түскен табысы (зияны)” шоттарының деректерінің
негізінде шығарылады. Басқаша айтқанда,
есеп беруге қажетті барлық деректерін
бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс
тапқан мәліметтерден тікелей алынады.
2.2.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
беру.
Есеп
беру 4 БЕС талаптары бойынша
№4 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес субъекттер жасаған “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп” заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл олардың есепті кезең ішіндегі операциондық (кіріс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық және қаржы қызметтеріне жатпайтын өзге де қызметі), инвестициялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке капиталы мен әлем қаражаттарының мөлшері және құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарлармен қамтамасыз етті. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвистициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдалануы мүмкін, бүл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға активтер мен міндеттемелерге, ақша операцияларының өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап түзетулер енгізіледі.
Операциондық қызметтегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.
Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, КДШ (көлік-дайындау шығыстарының) төлемін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиісілі төлемдерін шегереді.
Операциондық қызметтен тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылармен және мердігерлердің қарызын төленгеннен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және т.б. шығыстарынан тұрады.
Жанама
әдістер – бұл әдістер таза
табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы
активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз
операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен
салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық
қызметтердің нәтижесі болып табылатын
табыстар мен шығыстарға түзету (корректир)
жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері
мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі
туралы есеп беру мәліметерін негізге
алады. Бұл әдіс қаржылық-шаруашылық қызметінің
нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына
түзету енгізуді көздемейді. Тек қана
таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру
арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне
түзетулер енгізеді.
Таза табысты (зиянды) түзету
| Таза табысты түзететін операциялар | Түзетуді жүргізудің тәртібі |
| Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы | Есептелген амортизациясы сомасы таза табыс сомасына қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын әкелмейді |
| Ағымдағы активтердің сомасының өзгерістері: дебиторлық қарыздар, қорлар, (запастар), болашақ кезеңнің шығыстары, басқа да ағымдағы активтер т.б. | Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары азаяды, ал егер де керісінше болса, онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан түскен табысы да көрсетеді. |
| Ағымдағы міндеттемелердің сомасын өзгерістегі (қысқа мерзімді банкі несиелерін қоспағанда), кредиторлық қарыздар, салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер. | Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, ақша ағымының сомасы да өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды, онда олардан алынған шығысы да көрсетеді. |

- Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау
- Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау
- Консолидация российского банковского капитала
- Консолидация российского банковского капитала
- Консолидация финансовой отчетности по МСФО
- Консолидированная бухгалтерская отчетность
- Консолидированная бухгалтерская отчетность
- Консервирование томатов
- Консервированная кукуруза
- Консервированный горошек
- Консервы мясные
- Консервы овощные
- Консервы, субпродукты
- Конситуционно-правовые основы права обвиняемого на защиту