Көркемөнер шығармашылығы

I.Кіріспе

Қазіргі мектептерде  тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл  бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді  игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде болашақ ұрпақты  тәрбиелеу ең басты міндеттердің бірі- мектеп оқушыларының іс-әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының дұрыс жолға қойылуы. Ол үшін оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп, олардың алдын-ала шығармашылықпен дамытуына жол  ашу. 

Тәрбие берудің  кез-келген  жүйесінің негізгі  мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады.

Негізінде қолөнер көне заманнан бері халық тұтынып келе жатқан лттық мүлікттер мен заттарға таяқша, сызықша салып оюлайтын қарапайым әшекелеуден бастап, қазіргі дәірдегі айналаны қоршаған табиғат құбылысын ағашқа, сүйек, керамика мен түсті металлға, жасау-жиһаздарға бейнелейтін сюжетті өрнектермен әшекелеуге дейінгі жоғары дамыған кезіне келіп жетті. Тарихи жазба ескерткіштер мен археологиялық деректерге карағанда, Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі бұдан екі жарым мың жыл бұрын, әрбір дәірде өзінің өшпес ізін қалдырып, талай тайпалардың творчествосы арқылы қалыптасып, мәдени мұраға айналған.

Республикамызыдың әр жерінде қазіргі кезде кездесетін күмбірлеген күмбез, төрт құлақ сағана ескерткіштер мен ғимараттар өздерінің  әсем нұсқалы өрнектері мен бояуларының ашықта айшықтылығымен бүкіл бір архитектуралық ансамбль ретінде айырықша сүйсіндіреді.

Қолөнердің  халық қажетін өтейтін тамаша үлгілері көп. Айталық, халқында өрнек  тоқу, алуан түрлі кілем, бау, баскүр, алаша, қоржын, аяққап тоқу мен текемет  басып, сырмақ сыру, түс киіз жасау сияқты өнері кең тараған. Ал сол халық өнері шығармаларын жинап, зерттеуде, оларды насихаттауда Қазақстан музей қызметкерлерінің, ғалымдарының, археологтарының да еңбегі аз емес. Солардың тырнақтап жинаған асыл бұйымдары қазір республикамыздың тарихи өлкетану және өнер зерттеу музейлерінде жинақталған. Осы музейлердің бәрінде де қазақ халқының тарихи, этнографиясы, ою-өрнектері жөнінде бағалы дүниелер бар. Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырды. Қолөнерінің қазіргі дәуірдегі дамуы күрделі де аса бай. Онымен бірге ол күнделікті тұрмысымызды, гүлденген өмірімізді жан-жақты бейнелеуде, халықты эстетикалық жағынан тәрбиелеуге қызмет етеді. Қазақстан топырағын мекендеп, тіршілік еткен сақтар мен массагаттардың барлық заттары әшекейленген, киімдерінің өзіне тән үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған төбесі шошақ бас киімі, ұзын шапаны мен көннен жасалған жұмсақ аяқ киімдері әшекейленген.

Көркемдік қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүниетану  талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны - жай бір жалпылама  ұғымды бейнелі суретке қарамай  көшіре салу әрекеті деп бағалауға  болмайды. Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі. Қазіргі кезде халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда мектептерде бейнелеу өнері пәніне аса көп көңіл бөлінуде. Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Мәселен, қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау,оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы,өнердегі,табиғаттағы әсемдік қабілетін қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған.

Менің жұмысымның негізгі мақсаты, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына өнер шығармалары арқылы өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін, өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту, оқушылардың ой-өрісін дамыту, эстетикалық тәрбие беру болып табылады.

Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін «Жаратылыс адамы» теориясын қалыптастырды.

Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін  қарастырғанда, оларды қашанда жалпы  азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап  бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру керек - ақ.

 Көркемөнер  табиғат мәнімен шұғылданғанда  ол өз тұрғысынан емес «адамзат  мәні» тұрғысынан қарастырады,  яғни нақты «шынайы мәнін»  сипатын айқындайды. Бұл жаратылыс  құбылыстың өз болмысынан бүлінбей, жіктелмей, мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналы бейнесі. Нанымдылық – сурет сенімділігі дейтініміз осындай жауапкершіліктен туған. Көріністік үлгіден аңғарылатын нақтылық қасиет әдетте сыртқы сұлулық бедері сияқты көрінгенімен, шын суреткер талантты ішкі әлем «жан-сарайы» жалынында жарқыратып жеткізе білмек.Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Рухани өмір ағымында ол табиғаттың ең биік сатысынан қарайды. Өнер туындысында бейнелер жаратылыс негізі сезім арқылы қабылданатын төңірегін қоршаған байырғы кеңістік болмысы. Көрнекілік, сезінерлік нақтылық көркемдік игіліктің басты белгілері болып табылады.

 

2.1. Көркемөнер  шығармаларының қалыптасу ерекшеліктері.

Көркем шығарма — өнерді осы нақты әлемде көрсетеді. Олар шынайы көркем жаңа мәдениетте өзінің-өнердің біртуар шығармалары тарихымен қатар дами отырады.

Бұл әлемдегі заттардың  бәрі өзінің мәніне, мағынасына және баға-құнына тікелей адаммен байланысында ғана ие болады. Бұл дүниеде мүмкіншілігі бар бүкіл болмыс және барлық мән-мағына осы дүниедегі ең биік құндылық әрі жалпы құндылықтар тудырушы — адамның маңайында орналасқан.Эстетикалық әрекеттің түп-тамыры өнермен байланысты. Көркем шығармашылықтың мәні де адам әлемін тұспалдай, белгілі бір көркем бейнелер арқылы жеткізеді. Көркем туындылар дүниеге деген белгілі бір көзқарастардың, ұжымдық ой-пікірдің, азды-көпті ақпараттың рәмізі болып табылады. Ол — болашақтағы ұрпақтарға үндеу, белгілі бір мәдени-әлеуметтік құрылымның көрінісі.

Көркем туындылар  көркем бейнелер арқылы қоғамның қойнауында сырт көзге білінбестей өтіп жатқан өзгерістерге, шиеленістерге сезімталдық  танытып, көрнекілейді. Соның нәтижесінде  керкем шығармалар әлгі күрделі жағдайлардың ушықпай, ішінара бәсеңдеуіне жәрдемдесетін сауықтыру шарасына да айналады.

Шынайы туындылардың көркем бейнелері тек өз уақытында, яғни өзін қоршаған мәдени-әлеуметтік шындықта ғана өзектілігін танытпайды, ол өзінен кейінгі келер кезеңдердің  бәрінде де өміршең болады. Осы тұста орыс мәдениеттанушысы М.Бахтиннің "үлкен уақыт" терминін келтіре кеткен дұрыс сияқты. Шынайы керкем бейнелер "үлкен уақытта" өзінің алғашқы мән-мағынасының негізін өзгертпей барып өзгеріске ұшырайды.

"Үлкен уақытта"  көркем бейнелер өз бастауынан  ағып шығып, өз арнасын жоғалтпай, бірақ өзен іспеттес жаңа жерлерден, жаңа елдерден табылады. Үлы керкем бейнелер көп түрлі құбылыс, өйткені онда мәндік-мағыналық терең тұңғиық жатыр. Классикалық бейнелерден әр заман өзінің жаңа қыр-сырын тауып, жаңа түсінігін әкеледі. Мысалы, XIX ғасыр Гамлеттің көркем бейнесінен зиялылықты, өзін ой-сана таразысынан өткізген парасатты жанды көрсе, XX ғасыр оны сол заман рухына сай күрескер, жалынды жан деп танытады.

Көркемдік деңгейі  мен орындаушылық шеберлігі жоғары, репертуары әлемдік, отандық классикалық және халық композиторлары шығармаларынан түзілген ұжымдарға «Халық оркестрі» атағы беріледі. 1962 жылы 5 қазақ ұлт аспаптары оркестрі осындай жоғары атаққа ие болады. Солардаң бірі Ақтөбе облысы Байғанин аудандық халық аспаптары оркестрі Москвада Кремль театрында халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде бірнеше күн концерт береді.Музыкалық көркемөнер жанрларының ішіндегі бұқаралық-көпшілік хор жанры алпысыншы жылдары кең өpic алады. 1960 жылы мемлекеттік клуб жүйесінде 1602 хор үйірмесі жұмыс істейді. Ал 1965 жылы Солтүстік Қазақстан (173), Шығыс Қазақстан (163), Қостанай (202) облыстарында 538 хор ұжымы жұмыс жүргізеді.

60-жылдары жастардың  жеңіл эстрадалық музыка жанрына  әуестенушілігі байқалады. Джаз  оркестрлері, эстрадалық және  аспапты ансамбльдер көп тарайды. Ауылдық жерлерде көркемөнердің драмалык, хор үйірмелері басымырақ дамыды. Өйткені, бұл үйірмелерге жетекшілер табу басқа жанр турлеріне қарағанда аса қиындық туғызбаған болатын. Керісінше, білікті мамандардың тапшылығынан кино-әуесқой, бейнелеу өнері үйірмелері жоқтың қасы болатын. Жалпы ауыл, село көркемөнерінде орындаушылық үйірмелері басымдылық сипатта болады.50-60 жылдардағы көркемөнер ұжымдарының репертуарында сол кезең өмірін суреттейтін шығармаларды пайдалану басым болды. 60-жылдардың екінші жартысында жергілікті авторлардың шығармалары да репертуарға қабылдана бастады. Әсіресе, олар көркем-үгіт бригадаларының репертуарынан кеңірек қолдау табады. Мұндайқадам құптарлық танытқанымен, мұндай шығармалар көбінесе көркемдік құны арзан, талғам деңгейі де төмен, пісіп жетпеген сүрең дүниелер болып келеді. Ал бұл өз кезегінде реперуар ауқымын тарылтып ұжымның шығармашылық мүмкіндігін тежеуге итермелейтін құбылыс болатын.  Көркемөнердің күрделі жанрлары — симфониялық оркестрлер, опера және балет студиялары, би студиялары, вокальды ансамбльдер, көркемсөз оқу бірді-екілі көрініс тапқанымен, жаппай сипатта дами алмады. Басты себеп - білікті кадрлардың тапшылығы, көркемөнердің материалдык-техникалық базасының жұтаңдығы, қатысушылардың көркемдік-эстетикалық интеллектуальды потенциалыныңжеткілікті дәрежеде болмауы, тағы басқа объективті жағдайларға байланысты еді.

Әйткенмен де, ауыл-село, қала еңбеккерлеріне мәдени-көркемдік  қызмет көрсетуде, олардың рухани дүниелерінің молығуына, көркемдік-эстетикалық таным деңгейінің өсіп, әсемдікке үйірсек болуына көркемөнерпаздар атқарған жұмыстар, мәдени-ағарту жұмыстары тарихының есте қалар сәттері болды. Көркемөнерпаздылықтың өркен жақына сол жылдардағы қазақ әдебиеті мен өнерінің жетістіктері де үлкен әсер етті. Қазақ музыка өнерінің майталмандары Бақытжан Байқадамов, Садық Кәрімбаев, Бекен Жамақаев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Нұрғиса Тілендиев т.б. шығармалары көркемөнер репертуарының тірегі болған еді. Соның нәтежесінде 2500 казак әндері мен күйлерін нотаға түcipiп, казак өнерінің ірге тасын қалаушылардың 6ipi болды. «қазақ халкыньщ 1000 әні» (Орынбор,1925ж., Мәскеу, 1963ж.) Және «қазақтың 500 әндері мен күйлері» (Алматы, 1931 ж.) Атты жинақ құрастырды. Кейін А.В.Затаевичтщ жазып алған халыктык мұралары бойынша. «Халык әндері (Алматы, 1971 ж.) деген атпен жарық А.В.Затаевичтың жинақтарындагы нотаға түсіру әндері,күйлері көбіне     қазақ және баска да лт композиторларының шығармаларына аркау болып  қалдырды. Сол кездеп жинап қалдырган әндері мен күйлері өнделіп сурыпталып бүгінгі күнгі халык игілігіне асып отыр. Қазақ халкының бай музыкалык мұрасын тағы басқа ғалымдар әлі де зерттеу жұмыстарын жалғастырып келеді. Музыкалык оку орындарында, мектептерде эпостык жырлармен байланысты. Эпос-эпикалык щйдыц тарихи модель қазақ халқының  дәстүрлі  эпикалык жанрлары - жыр, терме, толғay, желдірме. Мәдени - ағарту мекемелерінің (әсіресе        ауылдық  жерлерде) көркемөнерпаздылық шығармашылықты,    оның      халықтың бос уақытын ұйымдастырудағы  маңызын  күшейтудегі ролін жүйелі түрде арттырып отыру назарда болды. Осы мақсатта мәдениет үйлері мен сарайларының, клубтардың материалдық базасын едәуір нығайту, үйірмелерді маман жетекшілермен қамтамасыз ету іске асырылып отырды. Оқушыларға сапалы да саналы ұйымдастырылған мектен тыс шаралар мен мәдени және көпшілік шаралар игі әсер етеді.  

Дарындылық  – белгілі бір әрекет саласында  ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары  деңгейі. Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс –  тәсілдері жоқ. Дарындылық жеке қабіліттілік шығармашылық мәселесіне  педагогтар, психологтар, әдіскерлермен көптеген еңбектері арналған. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты маңызды ой – пікірлер жинақталды. Бұл мәселенің түп тамыры ой – пікірғасырлар тереңінде жатыр.  Адамның психологиялық ерекшеліктері  жөніндегі идеялар, оның ішінде қаьіліттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу  дәуірі ғалымдардың және алдыңғы қатардаңы әр елдің озық ойлы  педагогтерінің  кездеседі.  Қабілетілік пен дарын мәселесі – Орта  Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе.   Мысалы,  Әбу Насыр Әл – Фараби « бақытқа жетту  трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар адам қабілеттілігіне білім беруді түрлі озық әдіс тәсілдер қолдану жолдарына көңіл бөледі. Абай           « жетінші қара сөзінде » баланың ақыл ойы, қабілетілігі туралы мынадай пікір айттады: «  жас  бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады.

1.Ішем, жесем, ұйықтасам. Бұлар – тәннің  құмары, бұлар болмаса,  тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, таппайды.

2.Білсем екен деп, не көрсе соған талпынып. Жалт – жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып қарып, тамағына,  бетіне басып қарап,  сырнай керней болса даусына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, « ол немене?»  , « бұл не?»  деп « ол неге үйтеді?» , « бұл неге бүйтеді?» деп , көз көрген үтір құлағы естігеннің барын сұрап тыныштық көрмейді. Мұның бары – жан құмары, білсем екен көрсем екен дегені.Тәрбие арқылы бала қоғам өзін ғасырлар бойы асыл мұрасын, дағды мәселесінде береді. Әсіресе, дарындылық қабілітті жоғары оқушылар мұны көбірек қажетсініп, үнемі ізденіп отырады. Туда дарындылар, қабілеттілігі    жоғары үнемі өз ойын шағармашылығында көрсеткісі келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Дарынды оқушылармен жұмыста оқушылардың қоғамдық ұйымдардың жұмысын жандандыру көп нәтеже береді мектепте өткен ірі сайттар біріншіліктер, зияткерлік, тәрбиелік шаралар, акциялар мектептен тыс  жұмыстар және т.б оқушының қабіліт қарымын артырады. Сонымен  мектеп оқушылардың дарындылығымен шығармашылығын артыру мақсатында құрылған бірнеше   қоғамдық үйірмелер бар: « АЙДАНАЙ – би  үйірмесі, ЖАС ДАРЫН -  хор үйірмесі, СЫРЛЫ ҚАЛАМ – суретшілер үйірмесі, ЖАС ӘНШІЛЕР  үйірмесі, ҚҰРМАНҒАЗЫ – домбырашылар бірлестігі». Мұндай үйірмелердің ұйымдастырған мектептен тыс шаралармен мектепте өткен тәрбиелік шаралар оқушы қабілітімен оқушы қабілітімен дарынын ұшдаудың негізгі алаңы. Қазақ халкының өзге халыктар сиякты өзіне тән ұлттық мәдениет, тарихи-этнографикалық ерекшеліктері бар. Ол ерекшелік ертеден калыптаскан аңыз әңгімелер, дастан хикаялар, т.б. Өткен гасырларда казак халкының аңыз әңгімелері. Мен фольклорлык ән-күйлерін, жыр-дастандарын зерттеп халкымыздың мәдениетіне шексіз  үлесін қосқан зерттеушілер бар екені мәлім. Алгашкы зертеушілер аллектров, А.Бимбоэс, С.Рыбаков, Г.Потанин, А.Эйхгорн, Ш.Уэлиханов, т.б. Болса, кешрек А.Затаевич, А.Жубанов, Б.Ерзакович, П.Аравин, тағы баскалар ілгері дамытты. Казакстанда музыка кайраткері ел арасындагы көпшілікке таралмай, нотаға басылмай жаткан қазақтың  халык әндері  мен жырларын, күйлерін  халық арасынан жинап зертеу саласында өнер зерттеушісі ғалым, фольклорист А.В.Затаевичт қоскан үлесі ұшан – теңіз. Ол өз өмірінің   бестен астам жылын казактың халық әндері мен жырларын халық арасынан жинау iciнe арнаған.Оқулыкта жыр, терменің бір қатар  үлгілерінің ноталық мәтіні бар. Сондай шыгармаларды алгаш тындап, келе – келе орындап игеру аркылы оқушылардың,танымдыкка дамытуға болады. Сондай – ақ «Елім-ай», бағдарламасы бойынша (авторлық топтың жетекшісі - п.ғ.д, профессор М. Балтабаев) қазақ халкының дәстүрлі көркемдік мәдениеті аркылы оқушылардың музыкалық – эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың маңызын ерекшелеп айкындай түскен. «Мұрагер» бағдарламасынығң авторы А.Райымбергенов халкының әдет- құрып, өнерін, тілін тереңірек үйренуге шакыра отырып балалар бойына отан сүйгіштік сезімін тәрбиелеуге ерекше кеңіл бөлген. Домбыра аспабын ауызша, нотасыз ойнауға, окушының түсінуге тиімді әдіс- тәсілдерді қолданады. Окытудың жеңілден бастап күрделіге көшу кағидасы бойынша өзінің ic-әрекетінде окушылардыц домбырада жеңіл жаттыгулар мен ән, куйлерді орындаудан, 6ipтe -6ipтe күрделі шыгармаларды меңгеруге көшуі елеулі жеттістікке әкеледі «Сыр ел! - жыр елі» (курастыргандар Ш.Кулманова, М.Оразалиева, Б.Сулейменова) бағдарламасының да айтарлықтай ұтымды тұстары бар. Авторлық ұжым түрлі шығармашылық тапсырмалар аркылы эпикалық жанрды, халық аңыздарын музыкалық репертуарга қосып окушылардың кызығушылығын, ынта-жігерін арттыруды көздеген. Оқу бағдарламасында сыныптан тыс оқылатын әдебиеттер тізімі, әр сыныпқа нақтылы сағаттар саны көрсетілген. Бұған қатып қалған нәрсе деп қарауға болмайды. Мұғалім өз қалауы бойынша ішінара оны өзгертіп, керекті деген шығармаларды өз қалауымен ұсына алады. Кітап тапшылығы, қағаз тапшылығы алға жібермей тұрған бұл заманда бағдарламадағы авторлардың табылуы да қиын болуы мүмкін. Сондықтан оның орнына басқа шығармаларды оқытудың қателігі жоқ. мысалы, 5 – сыныпта Ыбырайдың «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі оқуға, талдауға ұсынылады. Ол әңгімені оқып болған соң, оның «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Талаптың пайдасы», «Әкесі мен баласы» атты әр түрлі тақырыптарда жазылған  әңгімелерін сыныптан тыс оқу сабағында талқылауға болады.    Мектептен  тыс үйірме  жоспарлағанда мына мәселелерді негізге алудың да тиімділігі бар.

 Соңғы жылда басылымнан шыккан жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналган «Музыка» окулығ(ында (А.,2011ж.авторы М.Оразалиева) әpбip ұлттардың дәстурін (орыс, татар, ұйгыр, кәріс, неміс, қытай, түрік, т.с.с.), бауырлас, туыстас халык өнерінің дамуы туралы көп мәлімет берген. Әлбетте халықтар достығы мен музыка өнерінің достығы бepiк. Алдыңғы тараудагы такырыптың басында нотасымен «Дос болайық» деген (музыкасы Нустбаевтш, cөзі Х.Талгаров) әні келтірілген. Бұл ән қазақ музыкасының достықты жыр ететін мазмұны терең музыкалык шығарма болғандықтан оқушыларға көп әсер ететіні сөзсіз. Әp бip халыктың дәстүрлерін сипаттай келе казак халкының халык музыкасына баса аударылган. Оқытушылар өздерінің кәсіби шеберлерінің аркасында оқушылар санасына қазақтың халық музыкасын ciңіріп халықтық ұлтты дәстүрді жалғастырады. Жас ұрпакты окыту мен тәрбиелеуде  халкының тарихын, мәдениетің, дәстүрдағдысын білуге ұмтылтуымыз керек. Сондықтан бұл бағытта айтылатын да, жазылатын да жаңа багдарламалар мен толымды пiкip ұсыныстардың болатыны абзал. Kaзіргі еліміздің барлык білім  беру жүйесінде ұлттык мәдениет пен тарихымызды тереңдетіп окытуда тың такырып, жаңа идеялар, соны ізденістерді кажет етеді.  Бұл - уақыт талабы.

Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын.Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.

Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған.Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.   

Айтыстың көркемдік ерекшелігі.Өлшеусіз талант әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері – өзінің көркемдік жағынан күні бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан болсын, көркемдік, сұлулық жағынан болсын қазақ поэзиясының төрінен орын алады.Үздік теңеу, эпитет, жалпы троп пен фигураның бұл айтыстан небір шұрайлылары табылады.

2.2. Мектептен  тыс барысында балалардың  бос  уақытын  ұйымдастырылуы

Үйірме жұмыстары -   мектептен тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын – жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби – шығармашылық үйірмелерінің жас ақын – жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби – шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері  соңғы  кездерде тәжірибеге  көптеп енгізілуде.

Үйірмелердің  тағы бір түрі – мәнерлеп оқу, драма  үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады.  Драма үйірмесіне мектеп оқушыоары ішінен өнерге бейімі бар балалар өз еркімен тартылады. Үйірмеде кемінде он бес мүше болады. Оқу жылы басында үйірме жетекшісі мектептің оқу – тәрбие жоспарын негізге ала отырып, жұмыс жоспарын құрады. Үйірменің мақсаты – жекелеген оқушының сан қырлы  көркем дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын жоспарлау көбіне жетекшінің жеке басының біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. Әрбір жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді. Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді

Көркемөнерпаздық

Мектебімізде  бірнеше қоғамдық негіздегі үйірмелер  жұмыс атқарады олар: «айнадай» , би, жас дарын, қор, сырлы қалам –  суретшілері, жас әншілер – тобы, құрманғазы – домбырашылар тобы қызмет атқарады. Бұған қосымша оқушыларға драмалық театрлық өнер, қолөнер, сәндік дизайнерлік өнер түрлеріде кеңінен насихатталуда .

1.«Айнадай би» үйірмеде 97 оқушы бар. Жетекшісі Д. Казыйева мақсаты – оқушыларға би өнері насихаттау, үйрету. Үйірме оқушылардың жас ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлінеді – 1 – 4 сыныптары кіші топ 5 – 7 сыныптар орта топ, 8 – 11 сыныптар жоғарғы топ оқушылар жеке жұптық топтық , би түрлерімен машықтандырылады. Үйірме мектепте би өнерін насихаттау мақсатында жалпы би түрлерінде үйретеді. Мысалы, ұлттық биіміз Қара жорға биін Наурыз мерекесінде (2011 жылы ) 700 оқушы орындады. Үйірме мектеп абыройын ақсақтатуда көптеген еңбек сіңірді.Аталған үйірме республикалық «күз мереке» атты оқушылар шығармашылығы  сайысында бір орынға йе болды. Үйірме бірнеше рет аудындық , облыстық би додаларынан бас жүлде 1 ші орындарға йе болған

2.«Жас дарын » қор үйірмесі

      Үйірмеде 27 оқушылар бар. Жетекшсі Ажұманғалин. Үйірме оқушыларға әнді қорда орындауды үйретті. Қор құрамында негізінен 3 – 6 – сынып ұлдары.үйірме құрамында «жас қыран , айбын , жұлдыз,» атты топтар бар. Үйірме оқушылары мектепшілік, аудандық мәдени шаруалрға қатысты.

3.«Сырлы қалам»

Қал қалам шеберлері  үйірмесіне 100 оқушы тартылған.  Үйірме жетекшісі: Т. Баешов. Қатынасшулардың  көптілігімен және жеке дарындармен мақтана алады.

4.« Жас әншілер»  қоғамдық үйірмесі.

Үйірме жетекшісі  – З. Жиенбет. Үйірмеге  ән айту бейім  және қабілетті оқушылардан 38  оқушы  тартылған. 2011 жылы Шымкент қаласын  өткен « күз мереке » оқушыларерекше талатымен шығармашылығы сайысында ән салу өнері бойынша Баянқұлова  Алтынай 3 орынға ие болды.

5.«Құрманғазы» домбырашылар бірлестігі.

Үйірме  жетекшілері  – Ө. Әділов. Үйірме құрамында 13 оқушы  бар. Оқушылар – мектешілік, ауылдық,аудындық шаралардың турақты қатынасшулары. Оқушылар  мектепшілік күй сайыстарының ұйымдастырушылары  және күй өнері жандарына серік нағыз талант иелеріне екеніне сөз жоқ.

6.« Сәндік – дизайнерлік » өнерге баулу

Шығармашылық  бірлестікке 17 оқушы бар. Жетекшісі  – Ы. Сахиев.  Бұл бірлестікке  нағыз тапқыр және шығарлашыл оқушылар мүше десе болады.

Оқушылар әсіресе  киім үлгілерін өз қиялдармен әрлейді. Көптеген  мектепшілік , ауылдық, аудандық шараларға қатынаса отырып шағармашылықтарын  паш етуде.

Баланың жас  ерекшелігіне қарай қабілеті, белгілі  бір іс әрекетке жас кезінен болады. Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс әрекет пен айналысуға бет бұрысы, ойянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі. Демек, бала кезде ерекше көзге түсетін бейімділік келешектегі қабілеттіліктің көрсеткіші бола алады.

Дарындылық – қабілеттілердің жиындығы, қызметтің бірнеше түрінен көрнекті нәтежеге жеткен, қоғамға пайдалы ісімен  көзге түскен жеке адам.

Жекелеген шығаршыл оқушылардың даралық қабілетті  артты. Оқушылар іздесі артып, өз бетінше  жұмысқа қабілетті өсті. Түрлі  бейімділігіне қарай  көшбасшылар  анықталды. Теория мен практика нақты іске асып тәжірбиеден өтті.

Би өнері

Қазақ халқының би мәдениеті ежелден-ақ белгілі  болған. Би – ұлттық өнердің басқа  да түрі сияқты халық тұрмысына берік  еніп, олардың әдет-ғұрып ерекшелігі мен іс-әрекетін бейнелейтін өнерге айналды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететін халық биі “Өрмек би”, аңшылар өмірін бейнелейтін “Қоян би”, әзіл-сықақ пен күлкіге құрылған “Аю биі”, “Насыбайшы”, “Ортеке”, “Қаражорға”, “Тепеңкөк” билері – ежелгі би мәдениетінің куәсі. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгіштігін жан-жақты аша түседі. Музыкалық фольклорда сахнада өлең айту, би билеу, билеп жүріп ән айту, т.б. сақталған. Халық арасында еңбек жылын қорытындылауға байланысты мереке өткізу, салтанат құру кең етек алды. Той-думандарда өнерпаздар би арқылы өнер жарысына түсіп, көрермендерге өздерінің бишілік шеберлігін көрсететін болған. Қазақтарда өзбек, тәжік және басқа мұсылман дінін ұстаған шығыс халықтарында сирек ұшырасатын қыз бен жігіттің қосылып билейтін жұп билері (“Қоян-бүркіт”) кездеседі. Бишілік өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, әр тайпаның өз өнер шеберлері болды. Олар сарайда және көпшілік алдында өнер көрсететін сайқымазақ-қуақы ретінде танылды. Қазақтың халық билерінің канондық түрі болған жоқ. Би өнері импровизациялық тұрғыда орындалды. Би сайыстарында эмоциялық жарқын сипат хореогр. көріністермен ұштастырылды. Бұл ерекшеліктер “Ұтыс” және “Сылқыма” билерінен көрінеді. Ат үстінде билеу өнерінің де өзіндік ерекшеліктері болды. Ерттеулі аттың үстінде тұрып билеу, атты өзінің ырғақ сазына бағындыратын нағыз кәсіби бишінің ғана қолынан келетін;

Қазақ биі.

Ұлттық театр  өнерінің белгілері халықтың ежелден  келе жатқан әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына (беташар, бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауығы (алтыбақан, кімді қалайсың, қыз ойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) мен халық қуақыларының өнеріне, ақындар айтысы мен шешендік өнерге саяды. Қазақ театр өнерінің тууына Орал, Орынбор, Омбыда орыстың кәсіби театрларының ашылуы ықпал жасады; Драматургия, Қазақ театры.

Қолөнер

Қолөнер -   оқушыларды қоршаған ортаға қалыптастырып  өнердің әртүрлі өзіндің құндылығын әлем әсемділігін рухани бай эстетикалық  дамыған азамат етіп қалыптастырады. Өнер – адамның бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі.  Қолөнер – оқушылардың өнер саласы бойынша іздену, шығармашылық ойлау қабіліттін дамытады. Өнер – оқушылардың ұлтық дүние танымының ой өрісін дамыта отырып өнердің әр түріне баулыйды. Өнерге деген табандылық арқылы ұлттық дәстүрді игереді. Қолөнерді меңгерген бала өнерді қадірлеп, оның мазмұнымен мәнін тусінетін азамат болып тәрбиеленеді.

Сабақтың мақсаты:

Шеберліктің сырын  ұғындыру. Оқушыларды икемділікке ұкыптылыққа, әдептілікке тәрбиелей отырып, қолөнерге  деген сезімін, қызығушылығын ойяту. Ұйымдылыққа жұмыс жасау барысында бір – біріне көмектесе отырып жұмысты тияұты аяқтай білуге баулу.

Сабақтың міндетті :

Оқушылардың қол  өнерге деген қызығушылығын артыру. Шеберлігін, іскерлігін қабілеттін ой өрісін дамыту. Ұлттық тәрбиеге, салт – дәстүрімізді сүюге тәрбиелеу.

Хор үйірмесі

Хор ән айту оқушылардың  өнеріне деген қызығышылық арттыру, орындау ерекшелігін, шығармашылық қабілетерін дамыту.

Хор айту ең маңызды  мәселе әр партияның өз дауыс жүйесін  дұрыс айтуы, басқа

Партияларды  айтушыларды , сүйемдеушілерді тыңдай білу. Оқушы үйірмеде ән бақылап отырады. Хор үйірмесінде музыка өнері жанырларымен таныстырып, әнді орындауда шеберін орындау технологияларын үйрету.

Мақсаты:  Окушылардын хорда ән салу барысынла музыкалык; эстетикалык тәрбие беру. Сонымен 6ipre есту, тыыдау, ән айту, сезіну , жеткізе 6ілуi дағдырларын қалыптасыру.

Міндеті : Оқушылардьң музыкаға деген қызығушылығын арттыру, ынтасын дамыту. ән айту өнеріне баулау. Хорда ән айту барысында шығармашылық ізденіске бағыттау.

Мазмұны: Музыка - адам жанының айнасы. Адамзат мәдениетінің байлығы,  ғажайып дуние.

Күтілетін  нәтиже:  Өнерге деген қызығушылығы мол, алдына қойылған мақсаттарына жете алатын. Музыканы түсіне біліп, ән айту кабілеттерін арттыру.

Мектептеп үйipмe жұмыстары

2012-2013 оку жылында мектебімізде 17 керкем үйірме және 9 спорт үйірмеci жүргізіледі.

Атап айтқанда:

«Сахна шеберлігі»

Бейсетаева  Б

«Колөнер»

Садиева Р

«Музей әлемі

Алпысбаева  Э

«Хор»

Жолдасова А.

«Мәнерлеп оқу

Исаева Л

«Мұражай ici»

Алпысбаева  Э.

«Би Хореография»

Назарова Ш

    «Музыка әлемі

Куантаева Г.

«Сиқырлы бояулар»

Рахымжанова Г

«Дебат клубы»

Артықбаев Р.

«Шебер қолдар»

Едшбаева Б

«Өлкетану»

Нысанова Г.

«Жас суретшілер»

Майлыбекова К

Көркемөнер шығармашылығы