«Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының» қазіргі экономикалық жағдайы

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………..4

 

1 - бөлім. «Көпсалалы  мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының»  қазіргі экономикалық жағдайы…………………….........26

1.1. «Көпсалалы  мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының»  ұйымдық-экономикалық  жағдайы…………….26

1.2. Коммуналдық кәсіпорындарды  мемлекеттік қаржыландыру жүйесі.................................................................................................34

1.3. «Көпсалалы  мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнын» өндірістік ұйымдастыру ...........................................40

 

2 - бөлім. Қызмет көрсету жүйесін жетілдіру  жолдары ..............................45

2.1 Қызмет көрсету кәсіпорнының мемлекеттік қолдауды жетілдіру

2.2. Кәсіпорынның маркетингтік  стратегиясы ....................................54

 

 

Қорытынды  мен  ұсыныстар.................................................................63

 

Қолданылған әдебиеттер  тізімі..............................................................65

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

       Қызметтер мен коммерциялық істердің көп түрлілігі қызмет көрсету нарығынсыз, олардың нәтижелері материалдық-заттық нысанға айналмайды және жаңа тұтыну құнын жасамайды.

         Қызмет  көрсетуді іске асыру мен оларды  өндіру бір-бірінен ажырамайды. Қызмет көрсетуді өндірудің аяқталу кезі оларды тұтынушылардың пайдалану кезіне сай келеді.

       Жалпы қызмет көрсету нарығының өзіндік ерекшелігі болады.  Мысалға ол сақтауға, тасымалдауға,  колмен ұстап көруге келмейді. Сондықтан қызмет көрсету нарығын талдаудың негізгі мәні  оның басты ерекшелігінде.

         Қызметтердің мынадай түрлері көрсетіледі: жылжымайтын мүлікпен байланысты қызметтер; машиналар мен жабдықты жалдау және жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жалға беру бойынша қызметтер; зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы қызметтер; тұтынушыларға ұсынылатын өзге де қызметтер; кәріз, қалдықтарды тазалау және санитарлық өңдеу бойынша қызметтер және соған ұқсас қызметтер; демалысты, мәдени және спорт шараларын ұйымдастыру бойынша қызметтер; өзге де қызметтер; мемлекеттік басқару саласындағы қызметтер.                   

          Қазіргі жағдайда экономиканы сауықтандыруға қызмет көрсету нарығының қосқан үлесі көп. Дүние жүзіндегі барлық дамыған елдерде қызмет көрсету нарығының алатын орыны зор. Қызмет көрсету нарығы халық шаруашылығының барлық салаларында жұмыс істейді. Орта кәсіпорындар 163452,2 млн. теңге сомасына немесе 31,9%-ға қызмет көрсеткен (2006 жылмен салыстырғанда тұрақты бағамен 24,5% –ға өсуі бейнеленді). Осы көлемнің төрттен үш бөлігін (35,4 %–ы немесе 57792,1 млн. теңге) тұтынушыларға ұсынылатын қызметтер көрсететін кәсіпорындар орындаған, және де онда инжениринг саласындағы қызметтер көлемі басымырақ. Мемлекеттік басқару саласында 61120,3 млн. теңге сомасына немесе 37,4% –ға қызмет көрсетілген.

        Осыған ұқсас ірі кәсіпорындарда  да орын алған. Ірі кәсіпорындардың  үлесі 28,3 %–ды немесе 144769,1 млн.  теңгені ғана құрайды. Мұнда  сондай-ақ мемлекеттік басқару  саласындағы қызметтер және тұтынушыларға  ұсынылатын қызметтер (холдинг-компанияларды басқару бойынша қызметтер) басым болып отыр. 2006 жылмен салыстырғанда ірі кәсіпорындар көрсеткен қызметтер көлемі тұрақты бағада 33% –ға өсті.

         Қызметтің негізгі түрі бойынша  көрсетілген қызметтер көлемінде  елеулі үлесті мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындар қалыптастырған көлем алады. Олар 252161 млн. теңгеге(49,3% –ға) қызмет көрсеткен, бұл негізінен, мемлекеттік басқару саласындағы қызметтер, демалыс пен ойын-сауықты, мәдени және спорт шараларын ұйымдастыру бойынша қызметтер есебінен жүзеге асырылған.

 

    

 

1- бөлім     «Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық  жол пайдалану  кәсіпорнының»  қазіргі экономикалық  жағдайы.

        1.1. Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық  жол пайдалану  

          кәсіпорнының  ұйымдық-экономикалық  жағдайы

Орал қаласы әкімдігінің Орал қаласының  тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары  бөлімінің Көп салалы мемлекеттік  коммуналдық жол пайдалану кәсіпорны (бұдан әрі –  Кәсіпорын) 2006 жылғы 29 маусымда қала әкімшілігінің № 826 –шы қаулысымен  шаруашылық басқару құқы негізінде Орал қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнын және Орал қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Спецавтобаза» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын біріктіру арқылы құрылды және олардың құқықтық мұрагері болып танылады.

          Кәсіпорын өз қызметін Қазақстан  Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актіліріне, облыс және қала әкімдерінің, әкімшіліктердің актіліріне, сондай-ақ  тіркелген  Жарғысына сәйкес жүргізеді.

           Кәсіпорын меншіктеушісі және  уәкіл органы болып Орал қаласы әкімдігі атынан мемлекет танылады.

          Кәсіпорынның мемлекеттік басқару  органы болып мемлекеттік мекеме  «Орал қаласының тұрғын үй  коммуналдық шаруашылық, жолаушы  көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі» танылады.

           Кәсіпорынның құрылтай құжаты болып бекітілген Жарғысы танылады.

   Кәсіпорынның толық атауы:  мемлекеттік тілде - Орал қаласы әкімдігінің Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Көп салалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорны, орыс тілінде - Многоотраслевое государственное коммунальное дорожно-эксплуатационное предприятие Отдела жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Уральска Акимата города Уральска.

Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Батыс  Қазақстан облысы, Орал қаласы, Автомобилистер көшесі, №1 үй.

Кәсіпорын заңды тұлға болып  табылады және заңды тұлға құқын  аумақтық әділет органдарында мемлекеттік  тіркелген  мезеттен иеленеді.

Кәсіпорынның дербес есебі, банкілерде шоттары,  бланкілері, гербті мөрі, мемлекеттік  және орыс тілдерінде атауы жазылған  мөртабаны  бар.

          Кәсіпорын басқа заңды тұлғаны  құра алмайды, және оған   құрылтайшы (қатысушы) бола алмайды. 

Кәсіпорын өз атынан Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастарға қосыла алады.

Уәкіл орган заңмен бекітілген тәртіпте келесі өкілеттікке ие:

1) Мемлекеттік басқару  органының ұсынуымен кәсіпорынның  қызметін және мақсатын анықтайды;

2) Кәсіпорын мүліктерін  басқарады;

3) Кәсіпорынның Жарғысын  бекітеді, Жарғыға өзгертулер мен  толықтырулар енгізеді;

4) заңмен белгіленген  басқа да міндеттерін жүзеге  асырады.

Кәсіпорынға басшылықты мемлекеттік мекеме «Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жүргізеді.

Мемлекеттік басқару  органы Заңмен тағайындалған тәртіпте келесі өкілеттілікті жүзеге асырады:

1) Кәсіпорын қызметінің  басым бағыттарын белгілеу;

2) Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жоспарын, соның ішінде жоспарлы  қаржылық көрсеткіштерін, олардың тапсыру мерзімін және тәртібін қарау  және бекіту;

3) Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық  қызметінің жоспарлы көрсеткіштерінің  орындалуын уәкілетті органға   белгіленген мерзімде тиісті есебін  тапсыруды  қадағалау және талдау;

4) Қазақстан Республикасы  Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша  жетекші тағайындау және оны  аттестациялау;

5) Кәсіпорын мүлкінің  сақталуын және белгіленген мақсаттарға   пайдалануын қадағалауды жүзеге  асыру;

          6) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік  кәсіпорын туралы» Заңымен және  Қазақстан Республикасының құқықтық  нормативтік актілерімен құзыретіне  белгіленген басқа да сұрақтарды  шешу. 

Кәсіпорынның заңды тұлға ретіндегі  органы болып мемлекеттік басқару органына есепті жетекші табылады.

Кәсіпорынға мемлекет тапсырмасы мемлекеттік басқару органы арқылы жеткізіледі.

Мемлекет тапсырмасымен  қамтылмаған жұмыстар мен қызмет көрсетулерді Кәсіпорын дербес өткізеді.

Көрсетілетін жұмыстар мен қызметтердің бағасы Кәсіпорынның оларды көрсетуге кеткен шығынын өтеуі, қызметінің шығынсыздығын және жеке табысы есебінен өзін-өзі қаржыландыруын қамтамасыз етуі тиіс. 

          Мемлекет тапсырысын орындау  есебінен  Кәсіпорын көрсететін  жұмыстар мен қызметтердің бағасы осы Жарғының 40 пунктінде баяндалған талаптарды ескере отырып, мемлекеттік басқару органымен келісіліп белгіленеді.

Мемлекет тапсырысынан тыс көрсетілетін жұмыстар мен қызметтердің бағасын Кәсіпорын дербес белгілейді. 

Мемлекеттік басқару органы Кәсіпорын жетекшісімен арадағы қатынастарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған жеке еңбек шарт арқылы ресімдейді.

Кәсіпорын басшысы меншіктеушісінің, уәкіл органның және  мемлекеттік  басқару органының алдында Кәсіпорын  жұмысының жай-күйі  үшін жеке жауапты. 

Кәсіпорын басшысы дара басшылық қағидалары негізінде іс-қимыл  қабылдайды және Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік кәсіпорын туралы»  Заңы мен осы Жарғыда белгіленген  құзыреті шеңберінде кәсіпорынның қызметіне  қатысты барлық мәселелерді дербес шешеді.

Кәсіпорын басшысы сенімхатсыз  Кәсіпорын атынан іс-әрекет қабылдайды, барлық органдарда оның мүддесін қорғайды, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңына сәйкес Кәсіпорынның мүлкін басқарады, шарт жасасады, сенімхат береді, банкілік шот ашады және басқа да келісімдер жасасады, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарып, нұсқау береді.

Кәсіпорын басшысы өз құзыреті шеңберінде және қолданымдағы заңнамаға сәйкес Кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа  қабылдап, оларды босатады, оларға ынталандыру және жазалау шараларын қолданады.

Басшының орынбасарлары Кәсіпорын  жетекшісінің ұсынысы бойынша мемелекеттік басқару органымен қызметке тағайындалады  және босатылады.

          Басшының  орынбасарларының және жетекші  қызметкерлердің құзыреті Кәсіпорын басшысымен тағайындалады.

Басшының орынбасарлары өз құзыреттері  шеңберінде Кәсіпорын атынан іс-әрекет қабылдайды, мемлекеттік органдарда және басқа кәсіпорындарда оның мүддесін қорғайды, шаруашылық операциялар жасайды  және сенімхатсыз шарт жасасады, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлеріне сенімхат береді. 

         Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық  жол пайдалану кәсіпорнының  басқару құрылымын 1- суреттен көруге болады.

Кәсіпорынның Жарғылық қоры 507 163 353 (бес жүз жеті миллион жүз алпыс үш мың үш жүз елу үш)  теңге 88 (сексен сегіз)  тиынды құрайды.

Кәсіпорын Жарғылық қордың 10 пайызы көлемінде резервтік қор  құрады, ол үшін резервтік қор белгілі  мөлшерге жеткенге дейін қарауында  қалған пайданың 5 пайызын осы мақсатқа жұмсап отырады.

Резервтік қордың қаражаты Кәсіпорынның қаржысы жеткіліксіз болған жағдайда шығынды, мемлекеттік несиелерді және олардың өтемақыларын өтеуге, бюджет алдындағы міндеттемелерді орындауға  ғана жұмсалады.

Кәсіпорын мүлкін негізгі қорлар, айналымдағы қаражаттар, сондай-ақ бағасы Кәсіпорынның дербес есебінде көрсетілген басқа құндылықтар құрайды.

  Кәсіпорынның мүлкі біртұтас болып танылады және салымдар, үлестер, жарналар бойынша бөлінбейді, соның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында да.

Кәсіпорын мүлкі мыналардың есебінен құрылады:

          меншіктеуші  берген мүліктен;

          жеке  қызметінің нәтижесінде тапқан  мүліктен (ақшалай табыстарды да  қосқанда);

заңмен тиым салынбаған басқа да табыс көздерінен.

Экономикалық қатынастар  қызмет көрсететін өндірістерде,  инвестициялық жұмыс жүргізу барысында ақша қатынастары арқылы  кәсіпорынның  өз қаражаттарын  жасақтау,  олардың табыстарының  және қарызға алынған қаражаттарынан қор жинау және  тұтынуға бөліп жұмсауымен  байланысты.  Кәсіпорынның  жұмысын  қаржыландыру және оның жасақталу көздері,  қандай да  болмасын кәсіпорынның  бастапқы  капиталы құрылтайшылардың  қаражаттары есебінен құрылады.  Ақша қаражаттарды белгілі бір бағытқа икемдеп, табысты көбейту мақсатында тиімді жұмсау қажет. 

Кесте - 1

         Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық   жол пайдалану кәсіпорнының  экономикалық  көрсеткіштері

мың теңге

Көрсеткіштер

2010жыл

2011 жыл

2012жыл

2012/2010%

1

Жарғылық қор 

126088

126088

254493,7

101,8%

2

Барлық табыс

245540,6

298510

636118

159,1%

3

Негізгі  қызметтен табыс

245318,2

297478

625921

155,1%

4

Негізгі қызметтен тыс  табыс

222,4

1032

10197

358,5%

5

Негізгі құралдар

94867,0

120747

165357

74,3%

6

Кәсіпорын бережақтары

17146,0

36516

32325

88,5%

7

Кәсіпорын алажақтары

58707,0

35592

96202

63,8%

8

Есеп-шот пен касса  қалдығы 

113,0

107

16657

 

9

Еңбек ақыдан бережақтары

7719,0

11710

9574

24,0 %

 

10

Айналымдағы құрал-тауарлардың  қоры

 

17785,0

 

19681

 

28049

 

57,7 %

11

шығындар

245537

298408

629939

156,6 %

12

Таза пайда, зиян.

3,6

102

6179

 

 

Жоғарыдағы кестеден 2012 жылдың экономикалық  көрсеткіштерінің  аса жоғары көлемге өскендігін байқауға болады. Бұл кәсіпорынға  мемлекеттен  қаражаттандыру көлемінің өскендігіне  байланысты қызмет көрсету  көлемі артып,  жаңа техникалармен  қамтылғандықтан  жұмыс  түрлері көбейді.   Яғни,  жылдан – жылға экономика  дамып келеді деуге болады.  Өзін-өзі қаржыландыру  мәселесіне де көңіл бөлініп,  негізгі  қызметтен  тыс табыстың көзі де  2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 358,5 % -ға өсіп отыр.  Таза пайда   көлемі  2012 жылы   6 млн. 179 мың теңгені құрап отыр.

Кәсіпорынның негізгі құралдарына  жататын, шаруашылық жүргізу құқымен  қарауына бекітілген мүлікті сатуға және басқа жолмен иесіздендіруге  құқы жоқ.

Заңнамамен  белгіленген  тәртіп бойынша коммуналдық меншіктен республикалық меншікке, бір мемлекеттік басқару органынан екіншіге                       өз мүлкін берген кезде  Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқын сақтайды.

Кәсіпорын уәкілетті  органның жазбаша келісімісіз  құқылы емес:

1) Кәсіпорын өзіне тиісті ғимаратты, имаратты, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды уақытша өтеусіз қолдануға, ұзақ мерзімді жалға (үш жылдан жоғары) беруге,  иесіздендіруге және басқа жолмен басқаруға;

2) бөлімшелер, өкілдік және еншілес  кәсіпорындар құруға, жеке кәсіпкерлермен бірге кәсіпорындар ашуға және олармен бірге өндірістер ашуға, оларға өзінің өндірістік және қаржы капиталын салуға;

3) үшінші тұлғалардың міндеттемелері  бойынша тапсырыс немесе кепілдік  беруге;

4)  қарыздар беруге.

Жарғының 33 пункітінде көрсетілген мүлік мәмілесінен түскен ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады, егер меншіктеушімен (уәкіл органмен) басқалай белгіленбеген болса.

Кәсіпорын негізгі құралдарға жатпайтын  шаруашылық  жүргізу  құқымен  қарауына бекітілген жылжымалы мүлікті  дербес пайдаланады,  егер заңнамамен басқалай қаралмаған болса.

Кәсіпорын өз қызметінен түскен жеке табысы есебінен өзін-өзі қаржыландырады.

Кәсіпорынға қаржы бөлу заңда қарастырылған  тәртіпте беріледі.

Кәсіпорынның таза табысын аудару нормативін жергілікті

мемлекеттік басқару органы жоспарлы жылдың 1 мамырына дейін жергілікті қаржы органдарымен келісіп белгілейді.

          Кәсіпорынның  таза табысының бөлігі Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгіленген  тәртіп бойынша мемлекеттік бюджетке  аударылады.

Кәсіпорын үшін мемлекет тапсырысын орындау міндетті болып табылады.

          Кәсіпорын  жұмыстар мен қызмет көрсетуші  ретінде шарттар жасасудан бас  тартуға құқығы жоқ, егер бұл  шарттарды жасау мемлекеттік  тапсырыста ескерілген болса.

Мемлекеттік реттеу Кәсіпорынның дербес көрсететін қызметтерінің бағаларының  монопольды көтерілуіне жол бермеу мақсатында монополияға қарсы заңдарда белгіленген тәртіпте жүргізіледі. 

Кәсіпорын әкімшілігі және еңбек ұжымы  арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ кәсіпорындағы жұмыс тәртібі ұжымдық шарт негізінде анықталады.

Кәсіпорын  міндеттемелері  бойынша  иелігіндегі барлық мүлкімен жауапты.

Кәсіпорын меншіктенушінің міндеттемелері бойынша жауапты емес.

 

 

 

1.2. Коммуналдық кәсіпорындарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесі

 

Қазіргі  Қазақстан  республикасының экономикалық  даму  жағдайында  коммуналдық  кәспорындарды мемлекеттік  қаржыландыру  жүйесі  жақсы дамыған.  Белгіленген жоспарлар бойынша әр салалы мемлекетік коммуналдық кәсіпорындарға  жыл басында мемлекеттік  қаржыландыру  жүйесі бойынша  әр-түрлі көлемде қаржы бөлінеді.

Орал қаласы бойынша  мемлекеттік қаржыландыруға жататын  коммуналдық кәсіпорындарға  мыналар  жатады: «Орал су арнасы»,  «Жайықжылукуат»,  «Аймақ газ»,  «Ритуал»,  «Жайық жарығы»,   «Горлифт»,  «Гордорстрой»,   «Шалқар табигаты»,   «КМК Жол пайдалану кәсіпорны».

Коммуналдық кәсіпорындардың  барлығы дерлік  мемлекеттік  болып саналғаннан  кейін  оларды  қаржыландыру жүйесі  Қазақстан  Республикасының  «Мемлекеттік  сатып  алу»  заңына сәйкес өткізіледі. 

Негізгі қаржы ағымдағы жылға  жоспарланған жергілікті  салық  соммаларынан құралады.  Коммуналдық  кәсіпорындарды  мемлекеттік қаржыландыру жүйесі қаржы департаментінің   белгіленген жоспарларға сәйкес  ақша  қаражатын алдын-ала қарастырылған  жұмыстармен  қызметтерге  және  олардың  орындалу  уақыттарына  байланысты  төрт  тоқсанға  бөлініп  жоспарланады.  Бұл  жоспарды  белгілеу   жергілікті  басқару  орындарының  және  тұрғын-үй  коммуналдық  шаруашылығы  бөлімінің  келісімі мен  тапсырыстарына  қарай  анықталады. 

Әр тоқсанның аяғында белгіленген  қаржыландыру жүйесінің  игерілгенін  қадағалап  отыру басқарушы  органдардың үлкен міндеті.  Бұл коммуналдық  кәсіпорындардың  мемлекеттік  тапсырысты  уақытылы және сапалы түрде  орындалуын қамтамасыз етуге себебін тигізеді. 

Қазіргі таңда нарыққа  байланысты  мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорындарға  мемлекеттік тапсырыстан  тыс  қызметтер мен жұмыстар атқаруына,  осылайша пайда көздерін  тауып  отыруына  мүмкіншілік туып отыр. Мемлекеттік  қаржыландыру  көздеріне  экономикалық  жағынан  тиімділік  әкеледі   деген  мақсат  көзделеді. 

Көпсалалы мемлекеттік  коммуналдық  жол пайдалану  кәсіпорнының  мемлекеттік  қаржыландыру  жағдайына  тоқталатын  болсақ  бұл кәсіпорын  Орал  қаласы  бойынша  мемлекеттік  коммуналдық  кәсіпорындардың ішіндегі мемлекеттен қаржылану көлемінен алғашқы орындарда  тұр деуге болады.  Яғни өзін-өзі қаржыландыру көлемі  атқарылатын қызметтеріне байланысты  тым  аз  көлемде  жүргізіледі.

Себебі,  басқа коммуналдық  ірі кәсіпорындармен салыстырғанда «Орал су арнасы»,  «Жайықжылукуат»,  «Аймақ газ»  бұл кәсіпорындар  жеке тұлғаларға,  мекемелер мен  кәсіпкерлерге  өз  қызметтерін  көрсету арқылы  да  қаржыланады,  яғни,  шаруашылық есебі  өзін өзі қаржыландыру жүйесімен  мемлекеттік қаржыландыру жүйесі  қоса  жүреді.  Бұл ірі коммуналдық  кәсіпорындарда  мемлекеттік қаржыландырудан, өзін-өзі қаржыландыру  көлемі  анагұрлым үлкен пайызын  құрайды.

Көпсалалы мемлекеттік  коммуналдық  жол пайдалану  кәсіпорнының  Спецавтобаза  бөлімшесі өзін-өзі қаржыландыру  жүйесімен қаржыланады. 1996 жылдан  бастап  қаланың  көң-қоқысын тазартып шығаратын  мекеме,    өз  қызметін  тұтынушыларына  2012 жылдың  желтоқсан айына дейін                100 % көрсеткішімен монопольды  түрде  жүргізді. 

2012 жылғы желтоқсан айынан бастап облыстық бағаларды реттеу басқармасының   шешімімен бұл қызмет  көрсету көрсеткіші  97 % - ға кемітілді,  бұган себеп болған  нарық жағдайында  бәсекелестікті нығайту және  қызмет  көрсетуге жоғары бағаларды  болдырмаудың  мақсатында  жасалған тәжірибе деп қарауға болады. 

2010 жылдан бері  өз қызметін бастаған  «Шалқар табиғаты» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бүгінгі таңда  3%  көлемімен  Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық  жол пайдалану  кәсіпорнының  Спецавтобаза бөлімшесінің  бәсекелесіне айналып отыр.  Бұл  Спецавтобаза бөлімшесінің қызмет көрсету сапасымен  көлемін  барлық  жағдайда  бірқалыпты  жоғары   деңгейде  ұстап отыруға себебін тигізеді.

Көрсетілген  қызметке белгіленетін баға  саясаты да  кәсіпорынның  тұтынушыларына  үлкен  әсерін тигізеді.  Сондықтан  жоғары  бағаға  сәйкес  тұтынушыларға  сапалы қызмет  көрсету  қазіргі таңда  Спецавтобаза бөлімшесінің  ең бастыда,  нақты мақсаты болып отыр.

Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық  жол пайдалану кәсіпорнының  басқа коммуналдық  кәсіпорындардан  айырмашылығы  тек  өзін-өзі қаржыландыру емес, басқа да атқаратын қызметі  мен жұмыстары  жалпылама  болып келеді,  яғни  кәсіпорынның  қызметі болып келесі  мақсаттар мен міндеттерді орындау болып табылады:

1) қаланың жол-көпір  шаруашылығын санитарлық нормаларға  және автокөлік  пен  жаяу  жүргіншілердің  толассыз  және  апатсыз  қозғалысының талаптарына  сай ұстау, қоқысты, қар мен  мұзды көлік жолынан, көшелер  мен қала аумағынан шығару, қоғамдық көлік аялдамаларын, көпірлерді, жол өтпелерін, аландарды және жерасты өткелдерін тазалау және көк тайғақпен күресу;

2) арық жүйесін, суаққы  құбырларын (еріген және тасқын  суларға арналған) және басқа  да инженерлік жол құрылымдарын  дұрыс ұстау; 

3) су тасқынына қарсы шараларды жүргізу, еріген және жаңбыр суларын тартып шығару жұмыстарын орындау;    

4)  қаланың көкжелек  аясын күту және ұстау жұмыстарын  орындау;

5) сыртқы жайландыру  объектілерін сатып алу және  орнату (қоқыс салғыш, автокөлік  павильондары, орындықтар);

            6) халыққа ақылы қызмет түрлерін көрсету (автокөлік қызметтерін, көкалдандыру жұмыстарын орындау, қоқыс салғыштарды, кедергі қоршауларды орнату);

          7) шаруашылық  қызметтерін   коммуналдық   шаруашылық   аясында   жүргізу;

8)  орталықтандырылған  санитарлық  тазалау;

9)  тұрмыстық  қатты   қалдықтарды  полигонға  шығару;

10)  лас  сұйықтықтарды   шығару;

11)  қоғамдық   және  жеке  әжетханаларды  тазалау;

12)  тұрмыстық  қатты   қалдықтарды   пайдаға  асыру;

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлерін көрсете алады.

          Кәсіпорын, тізбегі заң актілерімен  анықталған жекеленген қызмет  түрлерімен лицензия негізінде  айналыса алады.

Жоғарыда көрсетілген  қызметтерге  байланысты  мемлекеттен  соңғы үш жылдық мерзімінде төмендегідей  соммада  қаржы бөлінген. 

Кесте - 2

         Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық   жол пайдалану кәсіпорнын мемлекеттік қаржыландыру

мың теңге

 

Қызметтердің  атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

 

1

Жалпы қала және көпір  тазалау мен жинау жұмыстарына

 

245 674,2

 

303 804,0

 

485 906,0

2

Көгалдандыру жұмыстарына

9 000,0

11 999,9

20 809,7

 

3

Еріген қар және жаңбыр суларын шығаруға

 

5 499,7

 

6 990,6

 

6 283,0

4

Қоғамдық  әжетханаларды  тазалауға

3 300,0

4 362,1

4 596,7

5

Жасыл ел бағдарламасына

-

2 000,0

2 761,2

 

Барлығы

263 473,9

329 156,6

520 356,6


 

Жоғарыдағы  кестеден  кәсіпорынды  мемлекеттік қаржыландыру жылдан жылға жоғары қарқынмен өсіп келе жатырғанын көреміз,  бірақ бүған қарап мемлекеттік қаржыландыру  жүйесі  оп-оңай  деңгейде өсе береді екен деген пікірден аулақ болу керек.  Себебі  әр-жыл сайын климаттық жағдайларда бір біріне сәйкес келе бермейді.  Мысалы,  мемлекетік қаржыландырудың осу қарқынын  кәсіпорындағы мамандар былай  сипаттайды:  2011 жылдың  қаржыландыру көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 24,9 %  - ға  өскен.  Бұған себеп болып отырған жағдай  тауарларға, жанар-жағар майға және тағы да басқа құрал жабдықтарға баға нарығының  күрт  өскені  және  төменгі  еңбек ақы  мөлшерінің  30% -ға көтерілгендігі  деп есептейді.  Ал,  2012 жылдың  қаржыландыру  жүйесі                  58 % - ға көтерілген себебі  осы жылдың  1- тоқсанында  жауған  аса көлемді қар мөлшеріне байланыстырады.  Яғни,  қала тұрғындарын  көктем маусымында су тасқынынан және еріген қардың  суынан бұзылатын  асфальт және  жай жолдардың  бұзылмауының  алдын алатын  жұмыстардың  өте көлемді және сапалы  жүргізілуі  болып саналады.   

Сонымен қатар соңғы  жылдары  жасыл ел бағдарламасына  көп көңіл бөлініп жүр. Бұл салада  коммуналдық кәсіпорын  жасыл ел бағдарламасына қатынасатын  студенттерді  техникамен  және құрал-саймандармен  қамтамасыз  етеді.  

Коммуналдық  кәсіпорындарды  атқарылған жұмыстары мен қызметтерінен  басқа  да  мемлекеттік  қаржыландыру  түрлері бар.  Мысалы  негізгі құралдармен  (техникамен  және  әр-түрлі құрал саймандармен)  қамтамасыз  ету.  Бұл  салаға  соңғы  жылдары  аумақты  қарыздар жұмсалуда.  Себебі,  берілген тапсырыстарды сапалы және уақытылы орындалуын талап ету үшін  жаңа  техникалармен қамтамасыз  ету басты мәселе болып табылады. 

Көпсалалы мемлекеттік  коммуналдық  жол пайдалану  кәсіпорнына  2012 жылы арнайы техникалармен қамтамасыз  етуге 96 млн. теңге жұмсалып  кәсіпорынның  жарғылық  қоры  осы соммаға  өсті.

Біздің облысымызда коммуналдық  қызметтерге   жеке кәсіпкерлердің  аса қызығушылықпен қарамайтындығы  бүгінгі нарықтық  қатынастарда  таң қалдыратын  жайға ұқсайды.  Қазақстанның  басқа облыстарымен салыстырғанда  біздің  облысымызда  коммуналдық  кәсіпорындардың  көпшілігінің   меншік  иелері  болып  мемлекет  саналады.  Бірақ бұл жайттың артықшылық  жақтары көп сияқты,  бұған себеп кәсіпорынға басшылық  ететін  адамдардың  мемлекеттік қызметкерлер  болуы олардың өз  қызметтеріне   үлкен  жауаптылықпен  қарауы.  Яғни мемлекеттік меншік иелігіне  ие болып алған жеке кәсіпкерлерден  аса көп  жауапкершілік  күту  тиімсіз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. 

«Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының» қазіргі экономикалық жағдайы