Көші қон саясаты
Жоспар
Кіріспе-----------------------
І Қазақстан Республикасының қазіргі көші-қон саясаты--------------------5
1.1. Көші-қон саясаты түсінігі мен маңызы
1.2. Қазақстанның көші-қон
ІІ қазіргі таңдағы
көші-қон жағдайы--------------
2.1.Көші-қон саясатын жетілдірудің мақсаты мен негізгі міндеттері----------12
2.2. Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының негізгі бағыттары--------14
2.3. Көші-қон саясатын
құқықтық қамтамасыз ету---------------------------
Қорытынды---------------------
Пайдаланылған
әдебиеттер--------------------
Кіріспе
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған бұл тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін басқарудың қолданыстағы бағыттарын жетілдіруді және оның сапалы жаңа бағыттарын дамытуды көздейді. Осы Тұжырымдамада көрініс тапқан көші-қон саясатының стратегиясы әлемдік шаруашылық байланыстарға Қазақстанның барынша кірігуі жағдайында елдің бәсекеге қабілеттілігі көбінесе адами әлеуеттің санымен және сапасымен анықталатынынан туындайды. Адамның жүріп-тұру еркіндігінің жалпы танылған құқықтарын негізге ала отырып, Тұжырымдама жалпы мемлекеттік мүдделерді іске асыру контексінде таяудағы орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналған көші-қон процестерінің негіздерін айқындайды.
Әлеуметтік мемлекетті
қалыптастыру жағдайында әлеуметтік саясатты
зерттеу қазіргі заман
Қазақстан Республикасының
мемлекеттілігінің негізгі
Қазіргі кезеңде Қазақстанның
мемлекеттік басқару
Тұжырымдама
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының
ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» стратегиясына негізделед
Тұжырымдама көші-қон процестерін реттеудің халықаралық тәжірибесіне сәйкес әзірленді.
І Қазақстан Республикасының қазіргі көші-қон саясаты
1.1. Көші-қон саясаты
Ағаш уықты, киіз туырлықты халық үшін көші-қон таңсық дүние емес. Бірақ ХХ ғасырдың соңындағы бұл көштің орны бөлек. Олай болатыны, бұл көші-қон әдеттегі тіршілік салты, өмір қалпына қарай жүретін дағдылы көш болып отырған жоқ. Бұл көш – дүниенің төрт тарабындағы қандас бауырларымыздың Қазақтың көк туының астына жиналу көші. Дербестігін жариялаған Қазақ елінің іргесін бекіту, болашағын баянды ету көші. Шет елдегі қазақтың саны бүгінгі таңда жалпы халқымыздың үштен бірін құрайды. Кейде білместікпен бәзбіреулер оларды ел басына қиын күн туғанда Отанын тастап кеткен деп айыптайды. Бұл шындыққа мүлде сәйкес келмейді. Егер тарихи әділдікке жүгінсек, олардың 80 пайызы өздерінің ата қонысында отыр. Бірақ ол жерлер патшалық Ресей мен КСРО кезіндегі шекара бөлісінен кейін Ресей, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан территориясы саналады. Сондықтан сырттағы қандастарымыздың бұл көші ұзақ уақытқа созылатын түрі бар.1990 жылдардың бас кезінде біз оны көш деп айта алмадық. Өйткені коммунистік биліктің салқын ызғары ол кезде әлі кете қоймаған болатын. Моңғолиядан еңбек шартымен Қазақстанға келген алғашқы лектің қатарында өзім де болдым. Ол еліміз жаңадан еңсесін көтеріп, іргесін бекітіп жатқан кез. Жас болғандықтан және сол тұстағы әлеуметтік жағдайға байланысты өз басым қоғамдық жұмысқа бірден араласа алмадым. Әйтсе де жақсылықтың ерте-кеші жоқ дегендей, ұлы көшке өз үлесімді қоссам деген арманыма өткен жылы қол жеткіздім. «Керуен» деп аталатын республикалық қоғамдық қор құрып, оны заңдастырдық. «Елге ел қосылса – құт» деген. Дүниенің төрт тарабындағы туысқан бауырларымыз ата жұртта бас қосып, шұрқырасып табысып жатса, құт емей немене?! Мұның барлығы да аталармызға арман болған Тәуелсіздіктің арқасы, Тәңірінің тартуы деп білеміз. Қазақ баласының ендігі басты мақсаты – Қазақ елінің болашағын баянды ету, тәуелсіздік тұғырын нығайту болуы тиіс. Осыған орай біз де оған өз «Керуенімізді» қосып отырмыз. Мақсатымыз – мал тауып, атақ шығару емес. Қазақтың бір кәдесіне жарасақ, барын бағамдап, жоғын түгендесек деген ниет. Дүние керуенінде қазақтың да өз үнін, төлтума қасиетін жарқыратып көрсетсек деген асқақ ой.«Керуен» қоры – әлеуметтік-қайырымдылық сипаттағы қызметтермен айналысатын қоғамдық ұйым. Оның қызметіне ерікті негізде Қазақстан Республикасының азаматтары, мекемелері, ұйымдары, кез-келген меншік нысанындағы кәсіпорындары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен шетелдік өзге де азаматтар қатыса алады.Жалпы, оралмандардың көшіп-қонуындағы қиындықты екі кезеңге бөлуге болады. Біріншісі – көшіп келуге дейінгі, ал екіншісі – көшіп келгеннен кейінгі қиындықтар. Сол себепті біздің басты мақсатымыз – алыс-жақын шет елдегі оралман бауырлардың көшіп-қонуына ықпал жасау. Олардың орналасуына көмектесу. Еліміздің жүргізіп отырған көші-қон саясаты мен бағдарламасын насихаттау, ұлықтау. Қор қызметінің басым бағыттарының қатарында: оралмандарға заңдық кеңес беру, жастарды оқуға дайындау, өнерлі жастарға қолдау көрсету, ұлттық құндылықтарды насихаттау, тарихи-мәдени мұраны жаңғырту мәселелері бар.Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңнамасын одан әрі жетілдіру, шетелдік жұмысшыларды шақырудың ұлттық мүддеге қайшы келмеуін және еліміздегі жұмыссыздықтың көбеюіне әсер етпеуін қамтамасыз ету;ішкі көші-қонның мәселелеріне арналған арнайы заң қабылдау және ішкі көші-қон толқынын реттеу мақсатында ауылдық жерлердің экономикалық, әлеуметтік мәселелерін шешу;шетелдік инвесторлармен кезінде жасалған келісім-шарттардың құпия мазмұнын жариялау жөнінде келіссөздер жүргізу. Болашақта үкімет пен шетелдік компаниялар арасында жасалатын кез-келген келісім-шарттарды міндетті түрде жария түрде жасау;Қазақстанға келген шетелдік инвесторлар өздерінің шикізат саласындағы жобаларын жүзеге асыру үшін міндетті түрде жергілікті мемлекеттік не болмаса жекеменшік компаниялармен бірлескен кәсіпорын ашуы керек. Бұндай кәсіпорындардағы қазақстандық компаниялардың үлесі 51 пайыздан кем болмауын қамтамасыз ету;экономикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті сақтау үшін отандық салалар мен кәсіпорындардың шетелдік компаниялар сатып алатын барлық меншіктік үлес мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі 49 пайыздан аспайтындай, ал әрбір шет елдік компанияның меншігіне бір өндіріс орнының 15 пайыздан артық үлес сатып алуына шек қоюды іске асыруы; экономиканы дамытатын аймақтық бағдарламаларды дайындау, оларды қомақты және мақсатты қаржыландыру;елімізде орын алып жатқан урбанизациялық процестерге мемлекеттік қолдау көрсету, қалаға келіп жатқан азаматтарды қоныстандыру және әлеуметтендіру үшін арнайы мемлекеттік бағдарламаны қабылдау;қазба байлықтарды, мұнай мен газды шетелге сатуды қатаң бақылауға алу арқылы ел қазынасын молайту, одан түскен табыспен жастардың тегін білім алуын, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешу;халықтың әл-ауқаты мен өсімін тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатындағы (зейнеткерлерге, студенттерге, көп балалы аналарға берілетін көмек, дүниеге келген әрбір балаға берілетін жәрдем ақы және т.б.) әлеуметтік қолдаудың деңгейін көтеру; баспанасынан айрылған, банктерге қарызға батқан үлескерлер мен борышкерлердің мәселесін шешуге бағытталған мемлекеттік іс-шараларды дереу қолға алу;сыбайластықпен, заңсыз жекешелендірумен талан-таражға түскен ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді халыққа қайтару;Қазақстан жерінің жартысынан көбі өмір сүруге қолайсыз шөл және шөлейт жерлер екенін ескеріп, онда тұрып жатқан тұрғындарды қалаларға немесе шұрайлы жерлерге көшіру бағдарламаларын жасау керек.Ол үшін:ұлттық тарихты, зердені, рух пен мәдениетті терең насихаттайтын әр деңгейдегі, сан алуан технологиядағы жаңа буын оқулықтарын дайындау;жоғары оқу орындарында оқытылатын гуманитарлық және техникалық мамандықтарға арналған мемлекеттік тілдегі оқу құралдары мен оқулықтардың сапасын арттыру;арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы жасөспірімдер үшін қазақ және басқа тілдерде ұлттық ауыз әдебиетінің үздік үлгілерін, бай эпикалық мұрасын кеңінен насихаттайтын кітаптар, мультфильмдер, дискілер шығару;90-жылдардағы жабайы жекешелендіру кезінде жабылып қалған балабақшалар мен мәдени ошақтары желісін қайтарту және демографиялық үдерістерге сай қайта жаңғырту;білім беру жүйесі жас азаматтардың қазақ тарихы мен мәдениетіне, мемлекеттік тіліне деген құрметін арттыруға, Қазақстан Республикасына, оның мемлекеттік рәміздеріне, құндылықтарына деген сүйіспеншілік сезімдер мен отансүйгіштік қасиеттерді өсіруге бағыттау;балабақшадан жоғары оқу орнына дейінгі мемлекеттік тілді үйретудің үздіксіз жүйелері мен бағдарламаларын дайындап, оларды батыл түрде енгізу;балабақшаларда, мектептерде және жоғары оқу орындарында тарихты бұрмалау, жеке басқа табыну, елдiң дамуын бiржақты дәрiптеу сияқты ұрпақ тәрбиесiнiң негiздемелерiне қайшы, бiлiм стандартына сай емес «Өзін-өзі тану» сияқты жастарды рухани аздыруға алып келетін пәндердi оқытуға тыйым салу Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестері әлеуметтік-экономикалық, саяси, этникалық, экологиялық және басқа да факторлардың ықпалымен дамыды. Қазақстан дамуының әрбір кезеңінде көші-қонның өзіндік ерекшеліктері мен сипаттамалары болды және болып отыр.
Қазіргі уақытта республикадағы көші-қон жағдайы мыналармен сипатталады:
Еңбек көші-қоны көлемінің өсуі. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайын белгілейтін Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы шегінде 40,9 мың адам немесе экономикалық белсенді халыққа шаққанда 0,51% адам тартылды. Қазақстанның өсіп отырған экономикалық тартымдылығына байланысты Қазақстанда жұмыс істеуді қалайтын еңбек көшіп қонушыларының саны ұлғайып отыр;
заңсыз көші-қон ауқымының ұлғаюы. Қазақстан Республикасының геосаяси орны, ТМД елдерімен шекаралардың ашықтығы, бірыңғай келісілген саясаттың болмауы және заңнамалық базаның жетілдірілмеуі, қолайлы экономикалық ахуал, әлеуметтік-саяси тұрақтылық, либералдық халықаралық көші-қон саясаты заңсыз көші-қонға ықпал ететін негізгі факторлар болып табылады. 2006 жылы заңдастыру кезеңінде республика аумағында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырып жүрген 164,5 мың шетел азаматы анықталды;
босқындардың болуы. Босқындардың мәртебесі туралы 1951 жылғы БҰҰ конвенциясына және 1967 жылғы оған хаттамаға қосылу, көршілес бірқатар мемлекеттердегі тұрақсыз әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай Қазақстан Республикасына босқындардың келуіне негіз болды. 2006 жылы еліміздегі босқындардың саны 582 адамды құрады;
қарқынды ішкі көші-қон. Мұны құрайтындар ауылдық елді мекендерден тіршілік деңгейі неғұрлым жоғары әрі инфрақұрылымы дамыған өңірлерге, экологиялық қолайсыз өңірлерден жайлы экологиялық ортасы бар өңірлерге халықтың көші-қоны болып табылады.
2006 жылғы статистикалық деректер республика ішінде халықтың мейлінше көп көшіп кетуі мына облыстарға келетінін көрсетеді: Жамбыл облысы, онда көші-қон сальдосы - минус 7682 адам, Шығыс Қазақстан (- 6635 адам), Солтүстік Қазақстан (- 4786), Қызылорда (- 4272 адам).
Халықтың көшіп келетін негізгі өңірлері Алматы (21959 адам), Астана (17938 адам) қалалары және Маңғыстау облысы (382 адам) болып табылады.
Аудандық ауыл шаруашылығы, аудандық жер қатынастар бөлімдерінің, аудандық аумақтық басқармасының, аудандық жер ресурстары жөніндегі комитетінің және қоршаған ортаны қорғау қызметтерін үйлестіру, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, аудандық білім және спорт, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, «Қазпошта» бөлімшесінің, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жұмыстарына және денсаулық сақтау мәселелеріне басшылық жасау. Сайлау және референдум өткізу жұмыстарына басшылық жасау. Көші-қон, бұқаралық ақпарат құралдары, радио торабы, баспасөзге жазылу мәселелерімен шұғылдану. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі, қорғаншылық, қамқоршылық, ономастикалық комиссиялардың және жастар саясаты, туризм жұмыстарына басшылық жасау. Дін және қоғамдық ұйымдар мен партиялар жұмыстарын үйлестіру.ауылдық өңірлерден қалаға көші-қон облысаралық аумақтық орналастырудың басым нысаны болып қала береді, мұның өзі урбанизация процесінің күшеюін көрсетеді.
1.2. Көші-қон саясатының негізгі принциптері
Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты мынадай принциптерге негізделеді:
Қазақстан Республикасының Конституциясында, басқа да нормативтік актілерде, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда бекітілген адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
нәсілі, тілі, діні, жынысы, этникалық және әлеуметтік шығу тегі, көзқарасы, саяси сенімі сияқты белгілері, мүліктік жағдайы немесе кез келген басқа да себептер бойынша кемсітушілікке жол бермеу;
көшіп-қонушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы;
тұлға мен мемлекет мүдделерін ұштастыру, барлық билік тармақтарының, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың күш-жігерін біріктіру;
көші-қон процестерін басқару және реттеу саласындағы халықаралық танылған стандарттарды сақтау контексінде әлеуметтік, экономикалық, саяси тұрақтылықты, этникааралық және конфессияаралық тұрақтылық пен төзімділікті қамтамасыз ету және сақтау бөлігінде ұлттық мүдделердің басымдығы;
ең алдымен шетелде тұратын отандастарымыздың қайтып оралуын ынталандыруға бағдарланған саясаттың жүйелі де дәйекті жүргізілуін көздейтін елдің ұлттық бірдейлілігін сақтау және дамыту;
басым салаларда жұмыс істеу үшін шетелден біліктілігі жоғары кадрларды тартуды ынталандыруға және білікті өз кадрларымызды даярлауға негізделген Қазақстанның бәсекелестік артықшылығын дамыту;
білімін, кәсібін, инвестициялық және қаржылық әлеуетін ескере отырып, көшіп келушілерді таңдау тәсіліне негізделген сұрыптау;
Қазақстанға көшіп келушілердің елде болуының ашықтығы мен заңдастырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың елде болуын құқықтық қамтамасыз етудің түрлі шараларын ұйымдастыру жөніндегі техникалық, ұйымдық, экономикалық шараларды қамтитын үздіксіз мониторингтің жүргізілуін көздейтін айқындық және заңдылық;
баспана беру туралы өтініш сұраған адамдарға немесе босқындарға қатысты мәжбүрлеп қайтаруды (nonrefonlment) болдырмау принципін сақтау.
ІІ қазіргі таңдағы көші-қон жағдайы
2.1.Көші-қон саясатын жетілдірудің мақсаты мен негізгі
міндеттері
Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының мақсаты - еліміздің ұлттық бірдейлігі мен қауіпсіздігін сақтау және дамыту шеңберінде заңсыз көші-қонды қысқарту мен сұрыптаушылық көші-қонды қалыптастыру жолымен көші-қон процестерінің келеңсіз салдарын азайту болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік билік органдарының алдында орта және ұзақ мерзімді перспективада мынадай міндеттер тұр:
көші-қон процестерінің келеңсіз салдарының алдын алу, болдырмау және азайту;
көшіп-қонушылардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау;
жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тартудың тәртібін оңайлату және тартылатын шетелдік жұмыс күшінің сапалы құрамын реттеу жолымен жоғары инновациялық әлеуеті бар шетелдік мамандардың ағынын ынталандыру;
шетелде тұратын этникалық қазақтардың қайтып оралуын ынталандыру;
көшіп келушілердің тез арада бейімделуі мен етене араласуына жәрдемдесу және көмек көрсету;
отандық жұмыс күші тарапынан бәсекелестік жоқ салаларға шетелдік жұмыс күшін тарту;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес көшіп-қонушыларды қоныстандыруды оңтайландыру және ынталандыру;
заңсыз көші-қон мен адам саудасының жолын кесу, сондай-ақ шекара посттарына және өзге де пункттерге көшіп келушілердің елдің аумағында заңсыз болуының мониторингін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу;
мигрантофобияның туындауының алдын алу мен оны жою жөніндегі ақпараттық-насихат жұмыстарын дамыту, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын тарту;
көші-қон процестерін реттейтін халықаралық шарттарға қосылу, көшіп-қонушыларға қатысты ақпарат алмасу;
көші-қон мәселелерін шешу бөлігінде шет мемлекеттердің көші-қон қызметтерімен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл;
оралмандардың, босқындардың, еңбек мигранттарының проблемаларын шешу саласында екіжақты және көпжақты халықаралық шарттар жасасуға бастамашылық жасау;
көші-қон саласында ТМД елдерінің ұлттық заңнамасын үйлестіру және жүйелендіру.
2.2. Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының негізгі бағыттары
1. Эмиграция саласындағы көші-қон саясаты: Ел халқының табиғи көбеюі мен өздігінен қозғалысының проблемалары елде ерекше эмиграциялық саясат жүргізу қажеттігін тудырады.
Эмиграциялық саясат:
елдің әрбір азаматына халықаралық танылған құқықты - тысқары жерлерге кетуі мен тұрғылықты жерін еркін таңдауы құқығын одан әрі де сақтауға бағытталған. Сонымен қатар ықтимал қолайсыз моралдық, экономикалық, саяси және өзге де проблемалардың алдын алу мақсатында көшіп-қонушыларға олардың болашақтағы тұратын жерлері туралы мейлінше толық ақпарат ұсынылатын болады;
республикада туылғандарға және оның шегінен тыс көшіп кеткендердің бәріне этникалық қатыстылығына қарамастан жаһандану жағдайында Қазақстанның ұлттық бірдейлігін сақтау және дамыту мақсатында азаматтық алудың жеңілдетілген құқығын беруге;
шетелде тұратын отандастарымыздың тарихи отанына оралу құқығын іске асыруларына жәрдемдесуге бағытталған.
2. Иммиграция саласындағы көші-қон саясаты. Нысаналы ел бола отырып, оның ұлттық бірдейлігін сақтау мен дамыту, сондай-ақ ел экономикасын жаңғыртуды жеделдетуде көші-қон факторының рөлін күшейту мақсатында иммиграция саласындағы көші-қон саясатын іске асыру стратегиясы:
мамандарды іріктеу критерийлеріне негізделген көшіп-қонушыларды тарту тетіктерін әзірлеуді;
өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық даму мүдделерін, өңірлік еңбек нарықтарын негізге ала отырып, көшіп келушілерді тиімді қоныстандыру тетіктерін әзірлеуді;
көшіп келушілерді заңдастыру, бейімдеу және қазақстандық қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралардың жүйелерін әзірлеуді;
шет мемлекеттердің практикалық тәжірибесін пайдалануды қамтиды, мұның өзі белгілі бір дәрежеде көшіп келушілерді етене араластыру контексінде мемлекеттің саясатын күшейтіп, жақсартуға мүмкіндік береді.
3. Еңбек көші-қонын реттеу
Еңбек көші-қонын реттеу жөніндегі көші-қон саясаты мемлекет стратегиялық басымдық деп айқындаған салаларда (нанотехнология, биотехнология, ақпараттық жүйелер, көлік пен коммуникация және қызметтің басқа да индустриалдық-инновациялық салалары) жұмыс істеу үшін шетелден біліктілігі жоғары кадрларды тартуды көздейді. Келісімшарт негізінде жұмыс істеу үшін елдің даму мүддесі мен мақсаты үшін қатер төндірместен көптеген қазақстандық мамандардың шетелге шығуы көзделеді. Сонымен қатар халықаралық еңбек нарығына кіру жағдайында республикада қайталама еңбек нарығына және жұмыспен қамту саласына біліктілігі жоқ еңбек көшіп-қонушылары тартылатын болады.
Аталған бағытты іске асырудың негізгі мақсаты еңбек көшіп-қонушыларының көмегімен Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарын күшейту, атап айтқанда:
ғылымның, экономиканың жоғары технологиялық және инновациялық секторларының зияткерлік еңбек ресурстарына ұзақ мерзімдік сандық және сапалық қажеттіліктерін бағалау және оларға жүйелік мониторинг жүргізу;
өңірлік еңбек нарықтарының мүмкіндіктерін ескере отырып, халықтың көші-қон ұтқырлығын арттыру тетіктерін жетілдіру;
жергілікті кадрларды даярлауды және жұмысқа орналастыруды жүзеге асыратын шетелдік қатысушылары бар кәсіпорындар үшін экономикалық ынталандыру шараларын жасау;
Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін заңды және тіркеу жүргізіп әкетудің тетіктерін жетілдіру болып табылады.
4. Ішкі көші-қонды реттеу
Ауылдық аудандардан қалаға көшіп-қону облысаралық аумақтық орналасудың басым нысаны болып табылады, мұның өзі урбанизация процесі күшеюінің дәлелі.
Перспективасы жоқ өңірлерден перспективалы өңірлерге халықтың көші-қоны байқалып отыр.
Ішкі көші-қон саясаты, ең алдымен:
жұмыс күшінің аумақтық ұтқырлығын арттыру үшін экономикалық жағдай жасауға (тұрғын үй нарығы мен еңбек нарығының тең дамуын қамтамасыз етуге);
өңірлік еңбек нарықтарының теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін экономикалық белсенді халықты аумақтық қайта бөлуді ынталандыру тетігін әзірлеуге;
өңірлердің экологиялық жағдайының, атап айтқанда таза ауыз судың болуының, қоршаған ортаның ластануының, сондай-ақ оның әлеуметтік және экономикалық күйзелуінің мониторингіне;
ішкі көшіп-қонушыларды тең де теңгерімді орналастыруға бағытталған шараларға негізделеді.
Тұтастай алғанда, халықтың ішкі көші-қон мәселелерін шешу Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын және Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
5. Заңсыз көші-қонды реттеу
Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының маңызды құраушысы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонға қарсы күрес болып табылады. Бұл бағытта елдің шекарасы жаңадан техникалық және ұйымдық нығайтылатын әрі қайтадан жабдықталатын, техникалық рәсімдеу және виза беру жүйесі жетілдірілетін болады. Транспаренттілік пен заңдылық принциптерін сақтау мақсатында көшіп-қонушылардың елге заңды түрде жіберілуі және адал ниетпен болуы бөлігінде оларға тұрақты негізде мониторинг жүзеге асырылады. Елде болудың қандай да бір талаптарын бұзған жағдайда заңсыз көшіп-қонушыға оны ұстаудың, қайтарудың және/немесе депортациялаудың, не олардың елге келуін заңдастырудың ұлттық және халықаралық танылған ережелері қолданылатын болады.
3. Көші-қон саясатын құқықтық қамтамасыз ету
Тұжырымдаманы іске асыру этникалық және еңбек көші-қоны мәселелері бойынша:
бейімдеу қызметін көрсете отырып, оралмандарды бейімдеу және кіріктірудің аймақтық орталықтарын құруға;
білімі мен біліктілік деңгейін, кәсіптік тәжірибесінің болуын қоса алғанда, көшіп келу квотасына оралмандарды енгізудің нақты критерийлерін белгілеуге;
шетелдік жұмыс күшін квоталауды және экономикалық мақсаттылық тестін сақтауға;
іріктеу әдісін қолдана отырып, икемді визалық тетігін жасауға;
жоғары білікті көшіп-қонушыларды тартудың рәсімін жеңілдетуге;
заңсыз көшіп-қонушыларды жұмысқа тартқаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған қолданыстағы заңнамалық базаны жетілдіруді талап етеді.
Көші-қон мәселелері бойынша шекаралас мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және халықаралық форумдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл республикадағы көші-қон ағынын басқарудың маңызды құралы болып табылады. Барлық деңгейдегі тиімді ынтымақтастық үшін ШЫҰ пен АӨСШК қатысушы мемлекеттер арасында халықаралық шарттар жасасудың мүмкіндігін қарастыру қажет.
2.3. Көші-қон саясатын құқықтық қамтамасыз ету
2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы Үкіметтің №1126 қаулысы бойынша 2008 жылы желтоқсанның 2-сінде бекітілген еді. Біз желтоқсанның 5-інде Алматыда «Қазақстанның оралмандарға қатысты көші-қон саясаты: негізгі арналары мен көкейкесті мәселелері» деп аталатын дөңгелек үстел мәжілісін өткіздік. Рас, көші-қонға қатысты қордаланған мәселе көп. Бір жүйеге түскенше түрлі кемшіліктердің орын алатыны белгілі. Сондықтан да ел мен жер өзіміздікі болған соң орындымызды қуаттап, олқымыздың орнын бірге толтыру баршамыздың ортақ міндетіміз болуы керек.Бұған дейін ішкі-сыртқы көші-қонға байланысты мемлекеттік нақты бағдарлама болмаған еді. Елбасының тікелей тапсырмасымен жасалған «Нұрлы көш» бағдарламасын өз басым өте керек кезінде қабылданды деп ойлаймын. Мақсат-міндеттері де өте айқын. Оған оралмандарды шоғырландырып қондыру мен ішкі көші-қон мәселелері де кіргізіліп отыр. Біз қазір жылдан-жылға алға ұмтылып келе жатқан жас мемлекетпіз. Барлық салада өсу бар. Оны орнықтыру үшін білікті мамандар қажет. Сол себепті оралмандары көшіріп әкелердің алдында алдын-ала іріктеу жұмысын жүргізу керек. Алдымен қай өңірге қандай маман қажет екенін анықтап, соның ерекшелігіне сәйкес алдын-ала сараптама жүргізіп, оралмандарды көшіретін кезде олардың қайда баратынын және онда қандай жұмыспен қамтамасыз етілетінін айту керек. Мәселен, шахтада істейтін адамды Алматыға әкелудің қандай пайдасы бар. Бұл қайта ішкі көші-қон саясатында шиеленіс тудыруы мүмкін. Қазір онсыз да әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты ішкі көші-қон саясатында жергілікті азаматтардан ғана емес, елге келіп-ап бір өңірден екінші өңірге көшіп жатқан оралмандар да өте көп. Өйткені оларды көшіріп әкелген кезде кәсібі мен мамандығына жеткілікті көңіл бөлінген жоқ. Сол себепті мамандығына сай жұмыс таппағандықтан, түкпір-түкпірдегі ағайын-туысын іздеп, қоныс аударуға мәжбүр болуда. Бұл жәйт бағдарламада дәл осылай анықтап айтылмаған. Сондықтан бұл туралы дөңгелек үстел мәжілісінде осы мәселелерді талқылап, құзырлы органдарға өзіміздің ұсыныс тілектерімізді бердік.
Қазіргі таңда елімізге мемлекеттік квота бойынша және өз күшімен көшіп келген оралмандардың нақты саны айқындалған ба?
- Құзырлы органдар тарапынан да, қоғамдық бірлестіктер тарапынан да бұл жұмыс әлі қолға алынды деп айта алмаймын. Сол себепті бұл жұмысты біз өз жоспарымызға енгізіп отырмыз. Жалпы, соңғы 17 жылдың ішінде ата жұртқа қоныс аударған қандастармыздың саны туралы қазір әртүрлі дерек айтылып жүр. Біреулер 60 мыңнан астам отбасы десе, екінші біреулер оны 600 мың дейді. Бұл көші-қон саясатындағы жүйесіздіктен туындап отыр. Өйткені келген оралман квотаға кезекке тұрып, ақшасын алған соң оны қалай жұмсады, баспана тапты ма, қайда жұмыс жасайды, әлеуметтік жағдайы қалай деген сауалға ешкім жауап бере алмайды. Құзырлы органдар квота бергеніне риза, оралман алғанына риза. Осы жолы ол белгілі бір дәрежеде жүйеге түсті деп есептейміз. Өйткені «Нұрлы көш» бағдарламасы Елбасы тапсырмасы бойынша бекітіліп отыр. Онда осы кезге дейін ішкі көші-қонда кездескен барлық мәселе жинақталып, сұрыптаудан өткізіліп, Еуропа елдерінің ұтымды деген жақсы үлгілері ескерілді. Үкіметтің №1126 қаулысында орталық және жергілікті атқарушы органдар бағдарламаны іске асырудың барысы туралы жылына екі рет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мәлімет беруі тиіс. Бұл ақпараттар бойынша министрлік жыл сайын қаңтардың 30-ына дейін Үкіметке есеп береді. Оның орындалуын бақылау Премьер-Министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеевке жүктеліп отыр.
– «Нұрлы көш» бағдарламасын жүзеге асыруға қоғамдық ұйымдар да тартыла ма?
- Біздің елде оралмандарға
байланысты құрылған көптеген
бірлестіктер, қорлар бар. Алайда
олардың құзырлы органдармен
арадағы қарым-қатынасы әлі
– Бағдарламадан
тыс көшіп келетіндердің
- Көшіп келген ағайындарға
жер телімдерін беру жағы

- Кп по градостроительству Реконструкциия сложившейся застройки микрорайона
- КП по деталям
- Кправление финансовой устойчивостью
- КП Регулирование давления в рабочем пространстве дуговой сталеплавильной печи ДСП-25Н5
- Краеведение
- Краеведение, как средство воспитания ценностного отношения к родине
- Краеведение Туркменистана
- Көп арналы байланыс
- «Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының» қазіргі экономикалық жағдайы
- Көптеген жылдар
- Көпшілікке қызмет көрсету жүйесі
- Көркем аудармадағы лексико-грамматикалық ерекшеліктер
- Көркемөнер шығармашылығы
- Көтерме және сауда орталығы