Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік реттелуі

                                                    КІРІСПЕ

    Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде  90-жылдардың басында, қайта құрылудың  басталуымен айтыла басталды. Бұл  кезде былайша айтқанда «комсомолдық  кәсіпкерлік» басталды. Көптеген  белсенді жас адамдар, негізінен  комсомол жетекшілері жастардың  шығармашылық ғылыми-техникалық  орталықтары негізінде кооперативтер  құра бастады. Несиелеудің жеңілдік  жағдайлары жасалды. Мұның үстінде  өспелі инфляция жағдайына дәл  осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны  төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ  «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

    Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы заң» алғаш рет ресмилендірілді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары «Жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар» экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда негізгі меншік  мемлекеттікі болғанымен жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.

     Қазақстан Республикасы 1991 жылы  тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік  белсенділікті қолдауға байланысты  бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда  кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда  кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық  қызметінің еркіндігі туралы  заң» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау  және қорғау туралы заң» (1992) сияқты  заңдар түрткі болды. 1994 жылдың  басында-ақ жеке кәсіпорындар  саны 15,7 мыңды құрады және жалпы  жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға  жетті. 01.10.1998 жылы шағын кәсіпкерліктің  субъектілер саны 307 мыңды құрады. Оларда 1,2 миллион адам жұмыспен  қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің  негізгі үш саласының ішінен  бірінші орынға өндіріс те  емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер  арасындағы делдалдық та емес  сауда шықты.

      Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы  Президентінің 1997 жылғы 6-наурыздағы  №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды  белсендету және мемлекеттік  қолдауды күшейту шаралары туралы»  және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке  және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік  қызмет еркіндігіне деген құқығын  қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің  дамуына жаңа күш берді. Осы  жарлыққа орай Қазақстанда шағын  бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы  арнайы орган ретінде Сауда  және экономика

министрлігінің  құрамында шағын кәсіпкерлікті  қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастырылу ұйғарылды.

     Экономиканың тұрақты болуы және  оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың  басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті  жетілдіру болып 

табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы  қажет.

      1. Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;

      2. Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің болмағаны;

      3. Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты,  яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.

      Төртінші шарт жоғарыда аталған  шарттардан туындайды. Еркін кісіпкерлік  меншіктің әртүрлі формада, түрде,  типте болуын қалайды.

      Кәсіпкерлік - қызметтің ерекше бір түрі ғана емес, бұл тағы да белгілі стиль және тәртіптің типі. Жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын.

      Курстық жұмысымның тақырыбы  «Кәсіпкерлік қызметті мемлекетік  реттеу». Курстық жұмыс 3 бөлімнен  тұрады. Бірінші бөлімде кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің экономикалық негізі қарастырылған.

       Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің қазіргі жағдайы мен оны басқару негізіне тоқталдым.

       Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу шаралары мен мемлекеттік бағдарламаларға талдау жасалды.

      Курстық жұмыстың методолгиялық  негізі болып кәсіпкерлікті мемлекеттік  тұрғыдан қорғап және қолдау  шаралары табылады. 
 
 
 

1  КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІ 

                1.1 Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы мемлекеттің орны

          Қазақстан толық нарықтық қатынасқа, макроэкономикалық реттеуге өтуде тек қана бірінші қадам басты. Новелл сыйлығының лауреаты В.Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. «Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль – мемлекеттік реттеу». Швецияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша «реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтілік қажеттілік» - дейді. Қазір экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің уәкілдері нарықты реттеуге араласу керек емес, нарық өзі автоматты ретеледі деген пікірде.

         Осы проблема жөнінде жан-жақты дәлелді теориялар қорытынды берген атақты ағылшын ғалымы Дж М.Кейнс (1883-1946жж). Оның теориялық қорытындылары 1929-1939 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуда практикалық қолдау алды. Ол әлеуметтік-экономикалық процессті реттеуді мемлекеттік реттеудің керек екенін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Дж М.Кейнс теориясы бойынша: тұтастай сұраныста ынталандыру және барлық ресурстарды түгел қамту, жинақты және инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында ең алдымен фиксалдық және ақша-кредит саясатын тиімді іске асыру басты мақсат деген пікірге келген.

           Кейнс теориясы практикалық тілге айналдырғанда: жұмыссыздық жойылса халықта табыс көбейеді, табыстың көбеюі сұранысты арттырады. Сұраныс ұсынысты, яғни өндірістің дамуын өрістетеді. Өндіріс инвестицияны көп талап етеді. Ұсыныс пен сұраныстың өрлеуі салықтың массасын өсіреді. Ал салық массасы бюджетке түседі, қорытындысында мемлекет бойынша өндірілген жалпы ұлттық өнім фиксалдық саясат арқылы оның 40-50% қайта бөлініп елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады.

         Жоғарыда айтылған ойлардан шығатын қорытынды: мемлекет экономиканы реттеуде батыл араласуы керек. Бұл қағиданың дұрыстығы бүкіл жетілген Батыс елдерінің, Жапония, Кореяның жетістіктерінен көрініс табады. Бұл елдердің тәжірибесінен алатын сабақ: экономикалық ресурстарды түгел және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік өндіргіш күштерін дамытып, өндірістік потенциалын арттыру, яғни елдің байлығын арттыру.

        Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік-экономикалық процесстерді бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты реттей алмайды. Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және тұрғындардың қорғансыз бұқара таптарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды. Нарықтық экономика көптеген әлеуметтік-экономикалық мәні бар актуалды мәселелерді шешпейді. Ол мәселелер тек қана мемлекеттік іс болады. Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек. Қазіргі созылып кеткен экономикалық дағдарыс өндірістің өрескел төмендегенін көрсетеді.

        Мемлекетке мынадай негізгі функциялар жүктеледі:

         1. Құқықтық негізді жасақтау. Мемлекет меншік құнын анықтайтын, кәсіпкерлік қызметті реттейтін өнімнің сапасын қамтамасыз ететін заңдар жасақтап қабылдайды. Мемлекет құқықтар негіздер көмегімен кәсіпкерлік  қызмет субъектілерінің қарым-қатынастарын реттейді.

         2. Елде қажетті құқықтық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет әрбір азаматтың, барлық қоғамның нарықтық экономикасы субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтмасыз етуі керек. Егер мемлекет бқл функцияны орындай алмаса, елде қылмыстық іс-әрекеттер орын алады.

        3. Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономиканы тұрақты дамыту. Ол үшін макроэкономикалық оптималды көрсеткіштерге жету керек және мемлекет қолда барлық рычагтар мен әдістемелерді фиксалдық, қаржы – кредит, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясат арқылы әске асыруы керек.

       Егер мемлекет экономиканы тұрақтандыруға көңіл аудармаса, ол кәсіпкерлік қызметке жағдай туғызбайды, әлеуметтік жағдай нашарлайды. Мысалы, егер мемлекет инфляциямен күрес жүргізбесе, инфляция елдің экономикасын берекетсіздендіреді, ұлттық тауарлар импорт тауарларымен бәсекелес бола алмайды, валютаны алып-сатушылық басталады және елден валютаның шығуы импорт тауарларының қымбаттауына және жалпы бағаның өсуіне әкеледі.

     4. Әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету. Мемлекет әлеуметтік саясатты белсенді түрде жүргізуге міндетті. Оның мәні мынада: барлық жұмыс істейтіндерге минималды еңбекақымен, кәрілік және мүгедектік зейнетақылармен, жұмыссыздарға жәрдемақымен қамтамасыз етуге кепілдік, тұрмыс жағдайы өте нашар жандарға көмек көрсету,т.б.

        Мемлекет бұл саясатты жүргізу нәтижесінде барлық азаматтарға минималды күнкөріс деңгейін қамтамасыз етеді, ол халық наразылығын бәсеңдетеді.

        5. Бәсекелестік қорғау. Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік – негізгі реттеу инструменті. Бәсекелестік  - барлық экономика сферасында прогрестің негізі, ол тауар өндірушілерді ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізіп, өнім сапасын арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ынталандырады /2/. 

                       

        1.2 Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметті реттеу жолдары

           

      Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бқөліге болады.

      1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленістерден көрініс алады.

      2.  Қолайлы жағдайлар. Бұл экономикаға, кәсіпкерлік қызметке қолайлы ықпал жасайтын адамдардың барлық іс сферасындағы жағымды құбылыстарды уақытында мемлекеттің қолдауы.

      Қолайсыз жағдайларды бағалау үшін мелекет оны  бағалайтын критерийлерін білуі керек. Мысалы, инфляция, жұмыссыздық салдарынан өндірістің төмендеуі.

       Жұмыссыздық – бұл нарықтық экономикаға тән элемент. 4-6% жұмыссыздық – бұл табиғи жұмыссыздық. Мемлекеттің араласуы табиғи деңгейдегі жұмыссыздықтан асқан жағдайда басталады, яғни циклдық жұмыссыздық өндірістің төмендеуімен байланысты.

        Инфляция – тауарға, ақылы қызметтерге жалпы баға деңгейінің өсуі. Бұл экономикалық құбылыс жұмыссыздыққа қарағанда әлде қайда қин процесс. Инфляция бүкіл дүниежүзілік мәселе, себебі таур мен қызметте баға ешқашан тұрақты болмайды. Сондықтан бағаның болымсыз өсуі өте қауіпті емес, ал бірақ инфляцияның жоғары деңгейі экономика үшін, қоғам үшін қауіпті.

         Инфляцияға қарсы мемлекетшаралары тек қана инфляцияның деңгейіне байланысты емес, сонымен бірге оның туындау себептерін анықтау керек. Осыған байланысты инфляцияның екі типі бар: сұраныс және ұсыныс инфляциясы.

 

      Бюджет жетіспеушілігі – бұл мемлекет шығындарының кірістен артық болуы. Бұл мәселенің ақталатын себептері бар. Мысалы, АҚШ экономикасында бюджеттің жетіспеушілігі дүниежүзіндегі елдерден әлдеқайда көп. Былай қарағанда ел қарызбен күн көріп отырған сияқты. Бұл үлкен мемлекеттік боын кешірімді болады, болашақ ұрпаққа пайдалы, егер қазіргі тұрмысты реттеуге жұмсалса болашақ ұрпаққа обал болады. Мемлекеттің экономикалық рөлін инфрақұрылымды құрғанда ғылымның дамуын, салық салу процесін қамтамасыз етуді, әлеуметтік қамтамасыз етуді өзінің «Саяси экономика негіздері» еңбегінде ағылшын экономисті Дж.Миль келтіреді /6/.

      Қазақстан Республикасының нарықтық экономика стадиясында мемлекеттік кәсіпкерліктің дамуы, мемлекеттік және аралас кәсіпкерлік түрлеріне бөлініп, жеке капиталдың жетілмеуіне байланысты кәсіпкерлік біз ойлағаннан да тез дамып таралуда.

       Мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі экономикалық тапсырмасы болып қоғамда экономикалық дамудың тұрақталынуы және осы бағытта қосымшалық қолдау жеке сектор мүддесі болып табылады. Мемлекеттік кәсіпкерліктің дамуы тәжірибе жүзінде былай көрсетіледі: үкімет мемлекеттік қорларды капитал салуда пайдаланады, бұл жерде жеке капитал белгілі бір себептермен салынбайды.

       Мемлекеттік экономикалық саясатта мемлекеттік кәсіпкерлікті құрал ретінде қолдануда, жеке сектордың бәсекелестігінің арқасында мемлекеттік кәсіпкерліктің рентабельділігін қамтамасыз етіп, қаржылық нәтижелерді қамтамасыз ету қажет.

      Экономикалық мемлекеттік кәсіпкерліктің  өзгеру процесі кезінде мемлекеттік  кәсіпорында коммерциализация механизмін  дұрыстау қажет. Мемлекеттің иесіндегі басқа да салаларға қатысуыншектеу, жеке капиталдың қаржылық потенциалын көтеру мақсатында даму қажет.

      Жеке капиталды жиналуына орай  жеке меншіктің акционерлік формасында  болуы және еркін бәсекелес  масштабын да бәсекелестік кәсіпкерлік  біртіндеп азая бастайды.

      Мемлекеттік бекітулерге орай  мемлекеттік кәсіпкерлік нарық  жағдайына көшеді. Мемлекеттік кәсіпкерлік  пен акционерлік қоғамда мемлекеттік  корпорациялар, қаржылық-өндірістік  топтар, холдингтер басшылық жасайды. 

      Экономикалық көтерілу периоды  кезінде мемлекеттік және жеке  сектор белгілі бір арақашықтықты  сақтау қажет. Дағдарыс және  депрессия кезінде олардың байланысы  күшейе түсті.

       Инфляция кезінде экономикаға мемлекеттік әсер етудің жанама әдістерінің әсері төмендейді. Мемлекет өндіріске араласып мемлекеттік кәсіпкерлік басқа да салаларды қамтиды. Олар коммуналдық шаруашылық инфрақұрылым және кәсіпкерліктің басқа да салалары бойынша өңдеу кәсіпорындары болып табылады /7/.

         Мемлекеттік кәсіпкерліктің дамуына байланысты барлық елдерде мемлекеттік органдардың мамандары мен басшыларына кәсіпкерлік жұмыстарымен айналысуға тыйым салады.

         Мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіші жеке кәсіпкерден максималды түсім алып және бір уақытта әлеуметтік мақсаттарды қамтамасыз ету. Осыған байланысты мемлекеттік кәсіпкерліктің мемлекет арасында контрактылы қатынастар қолданылады. Мемлекетке контрактылы жүйе біріншіден өз функцияларын жеке меншік немесе кәсіпкерлік ретінде таратылуына, екіншіден әлеуметтік-экономикалық процесті реттеуде басты рөлді атқаруына мүмкіндік береді.

        Британ экономисті С.Литтлчайлд қазіргі кездегі электро-энергетикалық реттелуін басқарушы былай дейді: мемлекет мүлкіне айналудың негізгі мақсаты тиімділікті көтеруде емес, табысты ұтымды бөлуде дейді. Ал американ экономисті Л.Де Алесси мемлекеттік кәсіпкерлікті саяси дейді. Себебі: ол саяси көзқарастар мен мақсаттар үшін пайдаланылады деп айтуда, бұл табыс пен байлықты бөлуге арналған /3/.

          Мемлекеттік корпорация басқа да стратегиялардың алдында болу үшін американ зерттеушісі француздың мемлекттік секторы Х.Фейгенбаум былай деген: «шынайы» нарықтық күйзеліске ұшырауын түзеу үшін немесе жетістікке жетуге саяси сайлау кезінде әртүрлі пайданы бөлуді бағалауға болады деген.

          Мемлекеттерге сүйенсек мемлекеттік және жеке кәсіпкерліктің тиімділігін салыстырғанда дамыған елдерде бәсекелестік айырмашылық маңызды түрде байқалмайды. Бұл былай түсіндірілуде: үлкен ішкі мәжбүрлікпен және кіші көлемді қоғамдық міндеттермен.

         Байырғы демократиялық мемлекеттік жағдайында Англия және Францияны негізге алып, белгілі экономист Ж.Ж.Лаффан былай дейді: жеке мемлекеттің эмперикалық шыңының белгілі бір формасы жоқ, әсіресе ұзақ мерзімді шешімдердің, инвестицияның сапасын ескерсек дейді. Эмперикалық куәлік мүлде жоқ, егер болған жағдайда бір ізді бағыт бермейді, кейбір мемлекеттік фирмалар жақсы немесе жаман болады дейді.

         Бағаның жалпы өсуіне байланысты мемлекет, мемлекеттік кәсіпкерлер өнімнің бағасын салыстырмалы түрде төменгі деңгейге дейін ұстауға тырысады. Бұл мемлекеттік кәсіпорынның қаржылық жағдайын төмендетеді. Бірақ саясатта нақты баға, инфляция қарқынын төмендетеді. Мемлекеттік кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуіне орай мемлекет мерзімді бағаны өсіруге міндетті болады. Бағалар жүйесі арқылы жеке сектор мемлекет арқасында субсидерлікте қалады. Нақты бағалар арқылы табысты бөлу жеке кәсіпкерлікке екі жақты әсер етеді. Бір жағынан, ол – жеке кәсіпкерлік сұранысын жоғарылатады, екінші жағынан, тек қана мемлекеттік кәсіпорындарда қамтамасыз ету шығындар мемлекет тарапынан жеңілдік, несие, субсидия арқылы қаржыландырылады /4/.

        Мемлекеттік кәсіпкерлік халықаралық бірлестіктерде қатысады. Қазақстан Республикасының «Азаматтық Кодексіне» сәйкес мемлекеттік кәсіпкерлік - меншік түріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі.

       Мемлекеттік экономикаға әсер ету мемлекеттік кәсіпкерліктің басты құралы болып табылады. Мемлекеттің экономикалық қызметтердегі сұрағы өндіріске байланысты, оған жататын кәсіпорынның Қазақстан экономикасындағы актуалды мәселесі болып табылады. Әсіресе, ол қазіргі кездегі экономикалық дағдарыс кезінде байқалады.

        Мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі экономикалық тапсырмасы болып қоғамда экономикалық дамудың тұрақталынуы және осы бағытта қосымшалық қолдау жеке сектор мүддесі болып табылады. Мемлекеттік кәсіпкерлік экономикалық кеңістікте жеке кәсіпкерлікті реттеу қызметін атқаруда. Мемлекеттік кәсіпкерліктің дамуы тәжірибе жүзінде былай көрсетіледі: үкімет мемлекеттік қорларды капитал салуда пайдаланады /5/.

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ 
 

2.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы

 

      Қазақстанда жекешелендіру және реструкцизация мемлекеттік меншік бағдарламасына сәйкес 2008-2010 жылдары жеке меншік функциялары мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:

       - шаруашылық жолдастық органдарын басқаруға қатысу (акционерлік қоғам), мемлекеттік бөлікке (госпакет) көптеген дауыстар беріледі;

        - жүйелік тіркеуді құру, мемлекеттік жеке меншіктің моноторингі және жекешелендіру;

        - мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың сенімді басқармасы арқылы жеке меншікке өтуі;

        - отандық мамандандырылған фирма басқаруды құру;

        - мемлекеттік жеке кәсіпкерлікті өзіне тарту. Аралас кәсіпкерлік мемлекетпен бірігіп жұмыс жасайды. Осындай жағдаймен Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпкерлік негізінен орташа және үлкен кәсіпорынмен функцияланады.

       Қазіргі кезде халық шаруашылығында экспорт мынадай функцияларды көрсетеді:

       - қажетті валюталық түсімдерді қамтамасыз етеді;

        - кәсіпкерлік қызметтің халықаралық бәсекеге араласуы;

        - отандық нарықтық экономикада сапаның жоғарылауы.

       Басқаруға берілген кәсіпорындар шешімін таппаған көптеген кедергілер мен мәселелерге кездеседі. Өндірістің көлемінің үлкеюі, аймақтардағы әлеуметтік кедергілердің болуы, айлықты күнделікті төлеуі, қаржылық тәртіпті қадағалау, республика экономикасына шетел капиталдарының ағымы (1 млрд.доллар) маркетинг пен басқаруды үйрену болып табылады.

        Салық аспектіде экспорт потенциалы мынадай жағдайлармен таратылады. Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде қазіргі уақытта негізгі қайнар өндірістің потенциалын жоюда. Өндірісте қаржы ресурсы мен капитал саудың жетіспеуі инвестициялық кризистің факторы болып табылады. Үкімет бұл проблеманы мемлекеттік жеке кәсіпорындарды шетел фирмаларының басқаруына беріп шешімін тапқандай болуда.

        Шетел инвесторлары үшін алдыңғы қатарлы бағыттар мұнай-газ кешенінде, түсті және қара металлургия салаларында болып отыр /11/.

         Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы бойынша 2009 жылдың 5- ақпанында  типтік контрактілер бекітілген мемлекеттік пакет акцияны сенімді басқару және акционерлік қоғамды реструктуризациялау жүйесі қалыптасты. Сенімді басқару экономикалық қатынастар мен жеке капитал арасында жүреді.

         Экономиканың трансформациялық кризисі кезінде анықтаушы рөлді мемлекеттік кәсіпкерлік атқаруы тиіс:

         - Қазақстанда мемлекет кәсіпкер және акционер ретінде өндірісте мемлекеттік капиталды басқаруға қатысуы керек. Ондағы мақсаты кәсіпорынның максималды табыс алып оны әлеуметтік-экономикалық қызметтермен мемлекеттің экономикасының қауіпсіздік проблемаларын шешуге қолдану;

        -  мемлекет, мемлекеттік билік органы ретінде нарықтың коньюктуралы шартын өзгертіп және өндірістік кәсіпорындардың өнімдерін әлемдік бағамен заңды түрде шетелдерде сұранысты қажет ететін тауарлардың барлық түріне экспорттық контрактылы бағаларды реттеу қатысады.

         Қазақстан Республикасының интеграция талаптары әлемдік экономикада мемлекеттік кәсіпкерліктің дамытуын машина жасау саласы мен ақпарттық- технологияға бағыттауы қажет. Бәсекелес кәсіпорындардың құрылымы отандық тұтынушыларды және басқа да достастық мемлекеттің электротехникалық өнімдерін, ақпаратты өнім жүйесін, кіші бизнесті дамытуға арналған технологияны, ауыршаруашылық машина жасауды қамтамaсыз етуі керек.

         Маркетингтік зерттеулер әрбір кәсіпорында олардың технологиялық типіне қарамай-ақ дамуы керек, нарықтық динамикасымен ақпараттарды талдап, жүйелік құрылымды іске асырып, өзгерістерді болжап, тұтынушылардың қажетті циклі мен кәсіпорынның өніміне сұранысты анықтауы керек.

          Әлемдік нарықта бәсекелестік ұстанымдармен мемлекеттік кәсіпкерліктің экономикалық өсу деңгейін қамтамасыз ету үшін ғылымның, өндірістің интеграциясы және халықаралық бәрлестіктерді дамыту қажет /15/. 
 

         2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті басқару  

         Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселесі – өзекті міселелердің бірі болып табылады. Өйткені нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамудың кепілі. Сондықтан кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

         Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануына еркі бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторлардың жұмыс істеп қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.

         Жалпы өркениетті елдің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуына және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.

        Кәсіпкерліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтымақтастық құруы келешекке зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми-техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта коносалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп,белсенді роль атқарады. Кәсіпкерер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейім тұрады. Бұл жағдайда ортақ біртұтас кәсіпорын құрамында жекелеген кәсіпкер өз мүлкіне жеке меншігін сақтайды. Дегенмен серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал-жабдық және басқа да мүлкін толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке кәсіпкерліктің бұл мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш, маңызды фактор болып есептелінеді. Сонымен қатар ұжымдық бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуы, ортақ меншіктің құрылуы, осы бірігудің барлық мүлкіне жауап беретін заңды тұлға жасаумен байланысты.

Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік реттелуі